ҚАЗАҚСТАН РНСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІП САЛАЛАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
1 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ӨНЕРКӘСІПТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 5
1.1 Өнеркәсіп түсінігі және оның түрлері 5
1.2 Өнеркәсіп салалары және олардың ерекшеліктері 7
1.3 Қазақстан экономикасындағы өнеркәсіптің рөлі 9
2 ҚАЗАҚСТАН РНСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІП САЛАЛАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ 11
ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
2.1 ҚР-ның өнеркәсіп салаларының қазіргі жағдайы 11
2.2 Тау – кен металлургия өнеркәсібі ағымдағы жағдайын талдау 14
2.3 Қазақстандағы машина жасау өнеркәсібін талдау 16
3 ҚР-ДА БЕЛСЕНДІ ӨНЕРКӘСІПТІК САЯСАТТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚАЖЕТТІЛІГІ21
3.1 Қазақстанның өнеркәсіптік саясаты негізгі міндеттері мен 21
мақсаттары
3.2 ҚР өнеркәсіпті қолдаудың таңдамалы және жалпы іс-шаралары. 23
ҚОРЫТЫНДЫ 25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 27
Кіріспе
Материалдық өндіріс – оның материалдық-заттық нысанындағы өнімнің
қайта пайда болуы немесе жасалуымен байланысты қызмет түрі. Материалдық
өндіріс кезінде жаңа құн жасалады ( өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында,
құрылыста) немесе бұрын шығарылған өнімнің (саудада, көлікте) құны өседі.
Материалдық өндірістің құрамы он төрт саладан тұрады: өнеркәсіп, ауыл
шаруашылығы, орман шаруашылығы, жүк көлігі, өндіріске қызмет ететін
байланыс, құрылыс, сауда және қоғамдық тамақтандыру, материалдық-техникалық
қызмет және өткізу, жыл-жымайтын мүлік пен операциялар, маркетинг (рыноктың
қызмет етуін қамтамасыз ету бойынша жалпы коммерциялық қызмет), геология,
жер қойнауын бақылау, дайындау, ақпараттық қызмет ету. Ірі салалардың
құрамында салалық бөлімдерге бөлінеді. Осындай өнеркәсіп екі ондаған
салалық бөлімдерді ұстайды: электроэнер-гетиканы, машина құрылысын, жеңіл,
тамақ химиясы, мұнай хи-миясы және т.б.
Материалдық өндіріс, сондай-ақ мына салааралық кешендерден тұрады:
жанармай-энергетикалық кешені, агроөнеркәсіп кешені, мемлекеттік машина
құрастыру кешені, машина құрастыру, әскери-өнеркәсіптік кешен, химия-орман,
көлік және т.б.
ЖІӨ -дегі өнеркәсіптің үлесі 20 пайызға жуық. Өнеркәсіп саласында 40
пайыздан артық ЖҰӨ шығарылады. Қазақстанда барлық ЖІӨ-нің үштен бір
бөлігін, республиканың еңбекке жарамды тұрғынының әрбір төртіншісі жұмыс
істейтін өнеркәсіп өнімдері құрайды. Соңғы уақытта тоқырау-туралау
дәрменсіздік салдарын жеңіп, тұрақты өсу сатысына шыққан, кәсіпорындардың
саны тұрақты өсуде.
Республика өнеркәсібі дамуының жалпы жағдайын сипаттай-мыз.
Қазақстанда 2000-жылдан бастап, экономиканың тұрақты өсуі байқалады: ЖІӨ
және өнеркәсіп өнімдерін шығару көбеюде, инфляция жеткілікті төмен деңгейде
сақталуда, негізгі капиталға инвестиция өсуде.[1. 26-б.]
Жаңа индустриалдық саясаттың бағдарламасы мен тұжырымдамасын әзірлеу
үшін индустрияның даму серпініне әсер ететін, көптеген факторлар мен
қағидаларды қарастыру қажет: ресурстық қамтамасыз етілу, ғаламдық
коммуникация, іскерлік бағалау, бәсекелестік қабілеттің, жағдайы, жаңа
технологиялар, экологиялық тәуелділіктер, басқару әдістері, қоғамдық
тұтынушылық, инвестициялық климат, әлеуметтік-экономикалық стратификациялау
(жіктеу), ұлттық экономикалық менталитет.
Минералдық-шикізаттық кешеннен жоғары технологиялы өнеркәсіптік
өндіріске табыстарды салу жолымен өндірісті әртараптандыруға және экспортқа
жетуге бағытты өзгерту, яғни жаңа мақсаттар қою қажет.
Тұжырым үш факторға негізделген:
1. Бәсекелестікке қабілеттілік.
2. Адам факторы.
3. Минералдық-шикізаттық кешен (МШК). Индустриалдық саясат деп
бәсекелестікке қабілетті кәсіпкерлікті және тиімді ұлттық өнеркәсіпті
қалыптастыру үшін мемлекет қолайлы жағдай тудыратын және қолдау көрсететін
кешенді шаралар түсініледі. Мемлекеттік өнеркәсіптік саясат оның құрылымын
қайта құру мен жұмыс істеуге қабілетті тұрғындардың көбірек толық жұмыспен
қамтамасыз етілуі мүмкіндігі негізіндегі экономикалық өсуге көмектесуді
қосқанда, өнеркәсіптің қалыпты жұмыс істеуіне бағытталған.
Өнеркәсіп – Қазақстан шаруашылығының басты саласы. Экономикадағы
барлық алға басушылық соған байланысты. Оның дамуы жаңа қалалар мен жолдар
салуды ілестіре жүреді. Ол ауыл шаруашылығының, құрылыстың, қызмет көрсету
саласының даму деңгейіне де үлкен әсер етеді. Сонымен бірге оның қоршаған
ортаға да әсері зор.
Өнеркәсіптің құрылымы. Өнеркәсіптің құрылымы күрделі. Ол көптеген
кәсіпорындардан тұрады. Өндіретін өнімнің, пайдаланатын шикізаттың немесе
технологияның ұқсастығына байланысты кәсіпорындар салаларға бірігеді.
Барлық салалар 3 топқа бөлінеді. Олар бөлшек салаларға бөлінеді.
Мысалы, отын өнеркәсібі мұнай, мұнай өңдеу, көмір және газ салаларын
біріктіреді. Ал жеңіл өнеркәсіптің құрамына тоқыма, тігін, тері өңдеу, аяқ
киім және т.б. салалар кіреді.[2. 52-б.]
1 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ӨНЕРКӘСІПТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Өнеркәсіп түсінігі және оның түрлері
Өнеркәсіп – ұлттық экономиканың шикізат, отын, энергия өндірумен, ағаш
өнімдерін дайындаумен, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық шикізатын өндіріс
құрал-жабдығы мен тұтыну заттарына өңдеумен (қайта өңдеумен) айналыстағы
кәсіпорындарды (зауыттарды, фабрикаларды, кеніштерді, шахталарды, электр
стансаларын, т.б.) біріктіретін аса маңызды саласы. Екі үлкен топтан –
өндіруші өнеркәсіптен – мұнай, газ, көмір, шымтезек, тақтатас, тұз, қара
және түсті металл кентастарын, металлургия үшін кентасқа жатпайтын құрылыс
материалдарын өндіру, ағаш дайындау, энергетикалық шикізат алу, т.б.;
өңдеуші өнеркәсіптен – қара және түсті металдар, қақтама, машина мен
жабдықтар, химиялық өнімдер, цемент және басқа да құрылыс материалдарын,
ағаш өңдеу, жеңіл өнеркісіп пен тамақ өнеркәсібі өнімдерін өндіру,
өнеркәсіп бұйымдарын жөндеу, т.б. құралады. Сондай-ақ ол өндіріс құрал-
жабдығын өндіретін өнеркәсіп (“А” тобы) пен тұтыну заттарын өндіретін
өнеркәсіп (“Б” тобы) салаларына бөлінеді. Өнімнің бір түрлері түгелдей “А”
тобына жатады (станоктар, өнеркәсіптік тракторлар, жабдықтар, қара және
түсті металл кентастары, минералдық тыңайтқыштар, т.б.), ал кейбір түрлері
түгелімен “Б” тобына (тоқаш өнімдекрі, тағамдық балық өнімдері, жиһаз,
тоңазытқыш, телевизор, т.б.) жатады. Көмір, электр энергиясы, кездеме, ет,
ұн және өндірістік мақсатта пайдаланатын басқа да өнім түрлері олардың
нақты тұтынылуына қарай екі топтын арасында бөлініске түседі. “А” тобының
өнімдері еңбек құралдары мен еңбек заттарына бөлінеді.
Өнеркәсіп – қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың басым бөлігі жасалатын
материалдық өндіріс саласы. Халық шаруашылығы мен халықтың жоғары сапалы
өнімге деген қажеттілігінің қанағаттандырылу деңгейі, техникамен қайта
жарақтандырылуы, халық шаруашылығының барлық салалары өндірісінің қарқынды
дамытылуы, мемлекеттің қорғаныс қабілеті өнеркәсіптің дамуында қол
жеткізілген табыстарға байланысты.
Кеңес дәуірге дейінгі Қазақстанда өнеркәсіп негізінен өте қарапайым
еңбек құралдарын пайдаланатын ұсақ кәсіпшіліктер, шеберханалар мен цехтар
түрінде дамыды. 1913 жылы небәрі 118 мың т мұнай, 0,1 млн. т көмір
өндірілді. Кеңестік дәуірде өнеркәсіпті дамыту үдерісі жедел қарқын алды.
Алғашқы бесжылдықта (1928-1932 ж.ж.) өнеркәсіпке 90 млн. сом күрделі қаржы
бөлінді. Бұл осының алдындағы тоғыз жылда бөлген қаржыдан 2,5 есе көп еді.
Көмір өндіру, түсті металлургия, металл өңдеу, тамақ өнеркәсібі салалары
шұғыл дамыды. 2-бесжылдықта (1932-1937 ж.ж.) өнеркәсіп өнімі жыл сайын
19,5%-ға өсті. Мұндай қарқын 3-бесжылдықтың алғашқы үш жылы бойына
сақталды. 1933-1940 ж.ж. республикада Шымкент қорғасын зауыты, Балқаш мыс
қорыту, Ақтөбе химия комбинаттары сияқты ірі өнеркәсіп орындары қатарға
қосылып, Қарағандыда көмір шахталары кешені, мұнай құбырлары, электр
станциялары, жеңіл және тамақ өнеркәсіп орындары салынды. Бұл кезеңде
өнеркәсіпті дамытуға 446 млн. сом күрделі қаржы жұмсалды. Бұл 1920-1932
ж.ж. аралығында бөлінген қаржыдан 3,4 есе көп еді. Нәтижесінде халық
шаруашылығының негізгі салалары өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында елеулі
құрлымдық өзгерістер болды. Өнеркәсіп өнімінің көлемі ауыл шаруашылығы
өнімінен асып түсті. [3. 65-б.]
2-дүниежүзілік соғыс жылдары Қазақстан өнеркәсіпті дамытуда маңызды
үш міндетті шешті, олар: КСРО-ның батысынан көшірілген фабрикалар мен
зауыттарды қабылдап алып, орналастыру және іске қосу; өнеркәсіпті одан әрі
дамытып, жаңа объектілер салу; майданның қажетін ескере отырып, кәсіпорын
номнклатурасын қайта қарау. Соғыстан кейінгі 4-бесжылдықта (1946-1950 ж.ж.)
республика өнеркәсібі беймәлім жағдайға бейімделіп қайта құрылды. Өнеркәсіп
өнімін қарқынды дамытудың іргетасы қаланып, оның көлемі 70%-ға өсті. 5-
бесжылдықта (1951-1955 ж.ж.) өнеркәсіп өнімі 82%-ға артып, халық
шаруашылығы үшін зор маңызы бар темір кентасын, болат, көмір, электр
энергиясын, машина мен механизмдер, өнеркісіп және азық-түлік тауарларын
өндіру қарқынды жүргізілді.
6-шы (1956-1960 ж.ж.) және 7-ші (1960-1965 ж.ж.) бесжылдықтарда
өндірістің құрлымдық бағытын түбегейлі түрде өзгертетін жаңа қуаттар іске
қосылды. Қарағанды металлургия зауыты мен Сакалов-Сарыбай кен орындарына
байланысты қара металлургия өнеркәсібінің негізі қаланып, одан әрі дами
түсті; түсті металлургияда ірі-ірі кәсіпорындар қатарға қосылып, көмір
өнеркәсібінде жаңа технологиямен жабдықталған мыңнан астам жаңа шахталар
қоймалар іске қосылды; химия өнеркәсібі Ақтөбе хром қорытындылары зауыты,
Қарағанды каучук зауыты, Қаратау химия комбинаты сияқты ірі кәсіпорындармен
толықты; Маңғыстау мұнайлы аймағын игеру ісі қолға алынды; Қазақстанның
шығысында, солтүстігі мен оңтүстігінде жаңа зауыттар салынып, шығарылатын
өнеркәсіп түрлері көбейді; жеңіл және тамақ өнеркәсібін өркендетуде елеулі
үлестер қосылды. Сондай-ақ Павлодар, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында
аумақтық өндірістік кешендер қайта салына бастады.
Павлодар – Екібастұз, Қаратау – Жамбыл, Маңғыстау өндірістік аумақтық
кешендерінің маңызы артты. 400-ге жуық ірі өнеркәсіп орындары іске қосылды.
Олардың арасында Екібастұз 1-ші МАЭС пен “Восточный” қимасы және Қарағанды
кен-металлургия комбинатындаға қаңылтыр цехы, Шымкент мұнай өңдеу зауыты
сияқты өндіріс алыптары бар.
12-бесжылдық (1986-1990 ж.ж.) кезеңінде Екібастұзда бүкілодақтық
энергетикалық орталық қалыптасты, оңтүстікте фосфор өндірісі өркендеді,
батыста еліміздің мұнай базасын жасау, мұнайдың, газдың, полиметалл және
темір кентастарының жаңа кен орындарын игеру қолға алынды. Минералдық
тыңайтқыштар, түсті және қара металдар өндіруде республиканың одақтағы
маңызы арта түсті. [4. 31-б.]
1. 2 Өнеркәсіп салалары және олардың ерекшеліктері
Ауыр өнеркәсіп — халық шаруашылығының ұлттық экономиканың дамуына
шешуші ықпал ететін маңызды саласы. Ауыр өнеркәсіп өндіруші және өңдеуші
кәсіпорындардан құралады. Қазақстандағы өндіруші ауыр өнеркәсіп
кәсіпорындарына кен-химия шикізатын, түсті және қара металл, мұнай, газ,
көмір, биметалл кендерін, құрылыс материалдарын өндіретін құрылымдар
жатады. Өңдеуші өнеркәсіпке қара және түсті металдар, прокат, химиялық және
мұнай-химиялық өнімдерін, машиналар мен құрал-жабдықтар, ағаш және
целлюлоза-қағаз өнімдерін, цемент т.б. құрылыс материалдарын шығаратын
кәсіпорындар енеді.
Қазақстанда ауыр өнеркәсіп тің дамуына жер асты байлықтары кең
мүмкіндіктер берді. Елімізде қазба байлықтарының зерттелген қоры мол. Олар:
көмір мен мұнай, мыс пен қорғасын, темір мен хром, никель мен вольфрам,
алюминий мен мырыш, алтын мен күміс, ванадий мен вольфрам және уран кен
қорлары. Қазақстанның Жезқазған, Ақтоғай, Қоңырат мыс кендері, Соколов-
Сарыбай, Әйет, Лисаковка, Атасу, Дөң, Қашар қара металл кендерінің мәні
зор. Мұнай, газ, көмір қорлары (Батыс Қазақстан, Екібастұз, Қарағанды және
т.б.) айтарлықтай. Республиканың су энергетик. реурстары шамамен жылына 27
млрд. кВт. сағатқа бағаланады. Химия өнеркәсібінің шикізаты да мол (Қаратау
фосфориттері). Вольфрам, хром, молибден, кадмий және уранның үлкен қорлары
бар. Қазақстан — дүние жүзілік ауыр өнеркәсіп бөлінісінде өзіндік орны мен
зор мүмкіндіктері бар мемлекет. Еліміздің ауыр өнеркәсібінің іргесі
негіздері 20 ғасырдың басында қаланды. Ол кезеңде қарапайым еңбек
құралдарымен жарақтанған ұсақ кәсіпорындар, шеберханалар мен цехтар басым
болды. Мұнай, көмір өнеркәсібі мен түсті металлургия ошақтарының негізі де
мол кезде қаланды. 1913 жылы барлығы 118 мың тонна мұнай, 100 мың тонна
көмір және біраз түсті металдар өндірілді. Азамат соғысының салдарынан 1920
жылы ауыр өнеркәсіп өнімдерінің мөлш. 5 есе төмендеп, мұнай өндіру деңгейі
30 мың т. көлемінде ғана болды. Осы жылдарда өнеркәсіп өнімінің үлесі 10
проценттен аспайтын еді. Қазақстанның ауыр өнеркәсібі индустрияландыру
жылдарында, Ұлы Отан соғысы кезеңінде (1941 - 1945) жаңа өндіріс ошақтарын
салу Ресей және Украина республикаларынан көшірілген кәсіпорындар есебінен
сан-салалы сипатқа ие болды. 1938 жылы өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 1913
жылғы деңгейден 4 есе, 1928 ж-ғы дәрежеден 14 есе асып түсті. Еліміздегі
ауыр өнеркәсіп соғыстан кейінгі кезеңдерде айрықша қарқынмен дами бастады.
Оның басты себебі 1960 - 1970 жылы республика өнеркәсібіне жұмсалған
күрделі қаржы өткен 40 жыл (1920—60) ішіндегі жиынтық қаржыдан 2, 3 есе
жоғары болды. Осы жылдарда жан басына шаққанда өнім шығару жөнінен көптеген
дамыған елдерден басым түсті және көмір, болат, электр энергиясы, машина,
химия өнімдерін өндіру жедел қарқынмен дамыды. Ауыр өнеркәсіптің қара
металлургия, трактор жасау, алюминиий және кабель өндірісі, арматура,
прибор жасау, насос-компрессор, химия, машина жасау, кен-химия өндірісі,
синтетик. каучук, синтетик. қарамай және пластик. массалар, құрастырмалы
темір-бетон және қабырға блоктары өндірісі, асбест өндірісі кәсіпорындары
пайда болды (кестені қ.). Ауыр өнеркәсіптің респ. өнеркәсіп өндірісіндегі
үлесі 1997 жылы 76,3 %-ке жетті.
1991 жылға дейін Қазақстанның ауыр өнеркәсібі КСРО-ның бірыңғай химия
шаруа кешені ретінде дамыды. Мұндай тәуелділіктің бірнеше зардаптары болды.
Біріншіден, әрі қарай өңдеу үшін жартылай өнім сыртқа тасылды. Екіншіден,
түпкі өнім шығаратын кәсіпорындар үлесі төменгі деңгейде қалды. Үшіншіден,
түсті және қара металлургия, басқа ауыр өнеркәсіп салалары түпкі өнімге
бейімделмей, шикізат бағытын ұстанды. Төртіншіден, экологиялық жағынан
таза, озық технол-ларды өндіріске енгізу ісіне жете назар
аударылмағандықтан әлемдік технологиялық дамудан кенжелеп қалдық.
Бесіншіден, Қазақстан ауыр өнеркәсіп өнімдері тек КСРО рыногына бейімделді.
Қазақстанда өндірілген мұнайдың 70%-і, темір рудасының 55%-ті, көмірдің 28%-
ті, қара металдың 46%-ті, синтетик. каучуктің 86%-і, негізгі химия
өнімдерінің 54 %-ті сол рынокқа шығарылды.
1991 - 1996 жылдары еліміз экономикасының нарықтық қатынастарға
көшуіне, бұрынғы қалыптасқан экономикалық байланыстардың үзілуіне
байланысты отандық ауыр өнеркәсіп елеулі қиындықтарды басынан өткізді.
Бастапқы жылдардағы еңбекақының өсуі, айналым қаражаттарының жетіспеуі,
ақшаның құнсыздануы, қаржыландыру тәртібінің өзгеруі, қажетті ресурстарға
бағаның шексіз өсуі ауыр өнеркәсіп кәсіпорындарын дағдартып тастады.
Қазақстан үкіметі шұғыл түрде кәсіпорындарды мемлекет иелігінен алу,
жекешелендіру, шетелдік кәсіпкерлер мен инвесторлар қаржылары көмегімен
оларды қайта жарақтандыру бағытында экономикалық жобалар тізбегін жасап
ұсынды. 5000 жұмысшысы бар өнеркәсіп орындарының саны 129 болып, олар жеке
жобалар арқылы жекешелендіруге көшірілді. 1995 - 1996 жылдары түсті және
қара металлургия, тау-кен және химия өнеркәсібінің 50-ге тарта белді
кәсіпорындары шетелдік басқаруға берілді. Олардың арасында “Айведон
интернешнл ЛТД” (Соколов-Сарыбай кен байыту өнеркәсіптік бірлестігі),
“Japan chrom corporatіon” (Хром өндірісі кәсіпорындары), “Самсунг”
(Жезқазғанцветмет),“Испат-Қармет” (Қарағанды меаллургия комбинаты) т.б.
компаниялар бар. [5.]
1994 - 96 жылдары Қазақстанға 6 млрд. доллар шамасында шетел капиталы
тартылды, оның 60%-і түсті металлургияға, ал қалғаны мұнай, газ өнеркәсібін
дамытуға және басқа салаларға жұмсалды. Басқаруға берілген кәсіпорындардың
қарыздары мен берешектері жабылып, өндіріс орындарына қан жүгірді, экон.
көрсеткіштері жоғарылады. Қазақстан үкіметінің ауыр өнеркәсіп саласында
ұстанған саясаты негізінде шектеулі құрылымдық өзгерістер енгізіліп, ұлттық
шаруашылықтың отын-энергетика, металлургия, мұнай және газ, машина жасау,
химия және мұнай химиясы өнеркәсіптері дамытылып елдің экономикалық
қауіпсіздігі қамтамасыз етілмек. Бұл туралы ел Президентінің Қазақстан
халқына 1997 жылғы жолдауында: “Өндірістің инерциялық және ауыр құрылымын
құлашты бір сермеп түзетуге болмайды. Дүниежүзілік тәжірибеде жалпы ұлттық
өнімде ауыл шаруашылығының, өндіруші өнеркәсіптің үлесін ұдайы кеміту және
керісінше, өңдеуші өндірістің, ең алдымен ғылымды қажет ететін, қосылған
құны жоғары өндірістерді, сондай-ақ қызмет көрсету саласының үлесін
ұлғайтуға саятын белгілі бір дәйектіліктің қажеттігін көрсетіп отыр”
делінген. [6.]
1.3 Қазақстан экономикасындағы өнеркәсіптің рөлі
Қазақстанда нарықтық экономиканың қалыптасуы барысында өнеркәсіптің
түрлі салаларындағы кәсіпорындардың техникасы мен технологиясы,
ұйымдастырылу деңгейі төмен екендігі байқалды. 20 ғасырдың 90-жылдары
басталған экономикалық реформа нәтижесінде өнеркәсіп орындары мемлекет
иелігінен алынып, жекешелендіріле бастады. 2003 жылғы мәліметке қарағанда,
Қазақстан Республикасындағы барлық меншік нысандары бойынша кәсіпорындардың
саны және олардың үлесі айтарлықтай өзгерді. Мемлекеттік меншіктегі
кәсіпорындар саны 1184 (9,3%), жеке меншікте 11217 (88,3%), ал басқа
мемлекеттердің (олардың заңды тұлғалары мен азаматтарының) меншігінде 306
(2,4%) кәсіпорын болды. Бірақ меншік нысандары бойынша өндірілген өнімнің
(көрсетілген қызметтің) жалпы көлеміндегі өнеркәсіптік өндірістің құрылымы
тиісінше 1,3; 82,1 және 16,5% болды. Жаңа жағдайда өнеркәсіп орындары ірі,
орта, шағын кәсіпорын және өнеркәсіптік қызметті жүзеге асыратын
бейөнеркәсіптік кәсіпорын түрлеріне жіктелді. Сондай-ақ нарықтық
экономиканың дамуы барысында ірі-ірі корпоративтік құрылымдар да
қалыптасты. Олардың тұрпаттары алуан түрлі: ұлттық және мемлекеттік
компаниялар (“Қазақойл”, “Қазтрансойл”, “Қазатомөнеркәсіп”, т.б.),
мемлекеттік және жеке жобалармен жекешелендірілген акционерлік компаниялар
(“Испат-Қармет”, “Қазақмыс” корпорациясы”, “Қазақстаналюминий”, “Өскемен
титан-магний комбинаты”, “Маңғыстаумұнайгаз”, “Ақтөбемұнайгаз”, “Қазхром”
ҰАҚ”, т.б.), нарықтың дамуы барысында пайда болған жеке компаниялар
(“Қазкоммерцбанк”, “ҚазақстанКаспийшельф”, “Тұран Әлембанк”, т.б.),
ұлтаралық компаниялардың Қазақстандағы бөлімшелері (“Теңіз Шевройл”,
“OKІOK”, “PeтроҚазақстан”, “Алматы темекі фабрикасы”, “Қазхром” “ҰаҚ”,
т.б.) мен өкілдіктері (“АВВ LTD” – электротехикалық жабдықтар өндіретін
компания, “PGS Onshore” – мұнай барлау, геофизикалық қызмет компаниясы,
т.б.). Трансұлттық корпорациялар республиканың өнеркәсіпіне миллиардтаған
қаржы салып, қыруар пайда табуда. Әйтсе де Қазақстан экономикасының
корпоративтік секторында әлемдік деңгейдегі корпорациялар жоқ дерлік.
Қазақстан өнеркәсіпінің әлемдік нарыққа шығу мүмкіндігі зор екеніне
қарамастан инвестиция тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында мүлдем жоқ болатын.
Сондықтан жеке жобамен жекешелендірілген кәсіпорындар мен трансұлттық
корпорациялар басымдық алды. Республика экономикасында жүргізілген реформа
барысында бұрын қалыптасқан өнеркәсіп салалары дамыды. Негізгі капиталға
пайдаланылған инвестиция кен өндіру өнеркәсіпіне жұмсалды. Атап айтқанда,
осы сала құрылымындағы инвестицияның үлесі 2000 – 2003 жылдары орта есеппен
76,3%-ды құрады. Бұл кезеңде өңдеу өнеркәсіпі саласында инвестиция
тапшылығы айқын байқалды: оның үлесі орта есеппен 18%-дан аспады. [8.]
Республика өнеркәсіп інің тиімділігі әлемдік стандартқа сай емес.
Айталық, Қазақстанда 1 доллар ЖІӨ шығару үшін 2,8 кВт-сағ қуат жұмсалса,
дамыған елдерде бұл көрсеткіш 0,2 – 1,2 кВт-сағ шамасында. Мұның басты
себебі: көптеген кәсіпорындар шикізатты бастапқы өңдеумен ғана айналысады,
ал шикізатты ақырғы өнімге дейін өңдейтін кәсіпорындар аз. Сондай-ақ
әлемдік деңгейдегі озық технологиялар да жоқтың қасы. Сонымен қатар
өнеркәсіптің біраз салаларында негізгі құрал-жабдықтар ескірген (50%-дан
астам). Қазақстанда өнеркәсіп өнімінің ЖІӨ-дегі үлесі 2004 жылы 30%-дан
асты, яғни ақшаға шаққандағы көлемі 3000 млрд. теңгеден астам болды, ал
өнеркәсіптің негізгі қызметкерлерінің орташа айлық жалақысы 30 мың теңге
шамасында. Негізгі қызметтен алынған табыс 402,2 млрд. теңгені құрады және
өнеркәсіптің пайдалылық деңгейі 23%-ға жетті. 21 ғасырдың басынан Қазақстан
өнеркәсіпін әртараптандыру үдерісі жүргізіле бастады. Нәтижесінде
ақпараттық технология, биотехнология, ядролық технология, автомобиль
құрастыру сияқты өндірістің жаңа бағыттары пайда болып, әлемдік
бәселестікке төтеп беретін өнім түрлерін кластерлеу ісі жолға қойылды.
Қазақстан өнеркәсіпін 2015 жылға дейін жаңа индустриялық инновациялар даму
өрісіне шығару, сөйтіп, өнеркәсіп салаларын әртараптандыру жолымен
келешекте оның шикізаттық бағыттағы даму үрдісінен сервистік-технологиялық
экономика үлгісіне көшу көзделіп отыр.
2 ҚАЗАҚСТАН РНСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІП САЛАЛАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ
ОНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
2.1 ҚР-ның өнеркәсіп салаларының қазіргі жағдайы
Еліміздің өнеркәсіп өндірісі 2010 жылдың 11 айының қорытындысы
бойынша, 2009 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 10,5 пайызға, өңдеу
өнеркәсібі 18,8 пайызға өсті. Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің өсімі 7,5
пайызды құрады. Өндірістің осындай жоғары қарқынмен өсуіне ішкі және сыртқы
рыноктардың конъюнктурасының жақсаруы бірінші себеп болса, ел Үкіметінің
әлемдік дағдарысқа қарсы жасаған іс-қимыл бағдарламасының тиімділігі мен
Индустрияландыру картасына кіретін жаңа өндіріс нысандарын іске қосу
үрдісінің ерекше игі ықпал еткендігі және ақиқат. Мәселен, қаңтар-қазан
айларындағы еліміздің сыртқы сауда айналымы 2009 жылдың сәйкес мерзімімен
салыстырғанда, 43,1 пайызға артса, тауар экспорттау көлемі 52,6 пайызға
көбейді. [9. 233-б.]
Қазақстанның экономикасы дағдарыс кезеңінен кейін дағдарыстан кейінгі
даму кезеңіне өтті. Бұл кезең өсімді қалпына келтіру, экономиканың сапалы
және үйлесімді өсімінің кезеңі болмақ.
ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің деректері бойынша қаңтар-мамыр
айларында тау-кен өнеркәсібі және кеніш зерттеу өндірісінде көлемі 4 123,8
млрд.теңгені құрайтын. ФКИ 2010 жылдың қаңтар-мамыр айларымен салыстырғанда
2011 жылы 104,0% құрады. Дайын метал өнімдері, машина мен жабдық өнімдерін
қоспағанда 41,2 млрд. теңге (ФКИ – 127,9%) құрады.
Қазақстандық экономиканың дамуының ағымдағы жағдайын, сондайақ, халықаралық
сарапшылардың әлемдік экономиканың дамуына қатысты болжамдарын ескере
отырып, Қазақстан экономикасының өсімді қалпына келтіру кезеңі 2012 жылға
қарай аяқталуы керек. Бағалаулар бойынша, 2012 жылға қарай ЖІӨ кісі басына
2008 жылғы деңгейге жетеді, яғни өткен жылдардағы ең жоғары деңгейге тең
болады. Әлемдік экономика жанданған сайын және Қазақстанның экспорттық
өніміне сыртқы сұраныс өскен сайын резервтік қуаттарды іске қосу есебінен
өнеркәсіптік өндірістің өсімі қалпына келе бастайды. Осылайша, металлургия
саласында және таукен өнеркәсібінің ілеспелі салаларында белсенділік арта
түседі.
2011 жылдың қаңтармамыр аралығында Қазақстан Республикасының
әлеуметтікэкономикалық дамуында оң көрсеткішті динамика байқалды. 2011 ж.
қаңтармамыр айларындағы өнеркәсіптік өндірістің көлемі қолданыстағы бағамен
6363,1 млрд. теңгені құрады. Бұл 2010 ж. қаңтармамыр аралығымен
салыстырғанда 5,8% артық. Тау-кен өнеркәсібінде және кен шығару
салаларындағы өндіріс 4% өскен, өңдеу өнеркәсібінде – 8,7%.
Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығы жеке меншік мекемесі таулы-
металлургиялық өнеркәсіптің, машина жасаудың, химия өнеркәсібінің,
фармацевтика өнеркәсібінің, құрылыс материалдары өндірісінің, ағаш өңдеу
және жиһаз өнеркәсібінің, целлюлоза-қағаз өнеркәсібінің, жеңіл өнеркәсіптің
өндірісінің негізінде есептеген негізгі қысқамерзімді индикаторы 2010
жылдың қаңтар-мамыр айларымен салыстырғанда 2011 жылдың қаңтар-мамыр
айларында 111,9% өскен.
1 Сурет. Сарапталушы салалардың өткен жылдың сәйкесінше кезеңі бойынша ФКИ
, % өлшеммен
2010-2014 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық дамудың
мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі инвестициялық жобалардың ел
экономикасының әлеуетін көтеруге мейлінше қуатты қарқын беретіндігі даусыз.
Оны бесжылдықтың алғашқы жылындағы нәтижелер де көрсетті. Атап айтар
болсақ, 2010 жылдың алғашқы жартыжылдығында елімізде жалпы құны 381 млрд.
теңге болатын 72 жаңа инвестициялық ірі жоба іске қосылып, 12 мың жаңа
жұмыс орны ашылды. Ал екінші жартыжылдықта, тура ел Тәуелсіздігі мерекесі
қарсаңында Мемлекет басшысының өзі сәттілік тілеп, бір мезетте жалпы құны
450 миллиард теңгеден асатын 80 ірі индустриялық нысанның тұсауын кесті. 12
мың жаңа жұмыс орны ашылды. Сөйтіп, индустрияландыру бес жылдығының алғашқы
жылының өзінде елімізде жалпы құны 800 миллиард теңге болатын 152 ірі
индустриялық-инновациялық жобалар іске қосылды. Бір жылдың ішінде 152 ірі
индустриялық нысанының іске қосылуы бұрын-соңды ешқандай мемлекеттің
тарихында болып көрмеген. Бұл Қазақстанның шын мәнінде индустриялық өрлеу
дәуіріне қадам басқанының айшықты көрінісі.
Осы іске қосылған ірі нысандар қатарында Ақмола облысындағы жылына 60
миллион керамикалық кірпіш шығаратын зауытты, Ақтөбе облысындағы Син-ойл
ЖШС-ның мұнай өнімдерін өңдейтін кешенін, Шығыс Қазақстан облысындағы
Өскемен титан-магний комбинаты АҚ-тың титан құймаларын және балқымаларын
шығаратын зауытын, Жамбыл облысындағы Жаңатас металлургиялық комбинаты
ЖШС-ның болат қорыту өндірісін, Қостанай облысындағы макарон өнімдерін
шығаратын өндірісті, Қызылорда облысындағы асфальт-бетон зауытын, Солтүстік
Қазақстан облысындағы Леонов шаруа қожалығының 320 бас сауын сиырға
арналған сүт кешенін және басқаларды атап айтуға болады. [10. 91-б.]
Елімізде соңғы жылдары мұнай, газ және тау-кен өнімдерін өндіру
қарқыны барған сайын артып келеді. 2010 жылдың 11 айында республикамыздың
мұнай өндіру компаниялары 72 488 мың тонна мұнай және газ конденсатын
өндірсе, жыл аяғында осы көрсеткіш 80 миллион тоннаға жеткізілді. Еліміздің
мұнай өңдеу зауыттары 12 416,7 мың тонна шикі мұнай өңдеп, 2 633,4 мың
тонна бензин, 3 759,3 мың тонна дизель отынын, 3 436,9 мың тонна мазут,
441,3 мың тонна ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz