Стратегиялық жоспарлаудың түсінігі мен мәні


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе3

І. Стратегиялық жоспарлаудың түсінігі мен мәні4

II. Стратегиялық жоспар 2020-ны іске асыру мақсаттары8

ІІІ. Стратегиялық даму жоспары 2020 жылға дейінгі17

бағыттар және экономиканы әртараптандыру мен шетелдік тәжірибелер. 17

3. 1 Стратегиялық даму жоспары 2020 жылға дейінгі17

бағыттар және экономиканы әртараптандыру17

3. 2 Экономиканы әртараптандырудың шетелдік тәжірибелері. 24

Қорытынды27

Кіріспе

Қазақстан Республикасында ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлар 10-15 жылдар аралығына жасалынады. Бұл жоспарда халық шаруашылығының ұзақ мерзімді мақсаттары, міндеттері және ұлттық экономиканың бірінші кезекті дамуы қажетті бағыттары, олардың іске асу кезеңдері және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының жалпы бағыты белгіленеді. Қазақстан Республикасында алғашқы стратегиялық жоспар Президентіміздің 1997 жылғы «Қазақстан 2030: Гүлдену, қауіпсіздік және барлық қазақстандықтардың тұрмыс жағдайларын жақсарту» үндеуіне сай 1998-2000 жылдар аралығына сай жасалынды.

«Қазақстан-2030» стратегиясында жеті ұзақ мерзімді басымдық айқындалған: ұлттық қауіпсіздік; ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның топтасуы; шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу; Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты; энергетика ресурстары; инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс; кәсіби мемлекет. Осы басымдықтар елді одан әрі дамыту жөніндегі нақты іс-қимылдар әзірлеудің негізіне айналды.

Стратегиялық жоспар-2010-ды іске асырылудың аяқталу мерзіміне қарай және Стратегиялық жоспар-2020-ны әзірлеу кезеңінде дамудың сыртқы жағдайлары елеулі өзгерістерге ұшырады. Қазақстан соңғы жетпіс жыл ішіндегі ең ауыр жаһандық дағдарысқа қарсы тұруға беттеді. Экономикалық айналымның әсер етуі, бірінші кезекте, ағымдағы әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстың ықпалы ұлттық экономиканың әлемдік немесе өңірлік дағдарыстардың келеңсіз салдарларына төтеп беруін арттыруға бағытталған шараларды жүзеге асыру қажеттілігін анықтайды. Елдің дағдарыстан кейінгі дамуы үшін жағдайлар жасайтын бірінші кезектегі шаралар іскерлік және инвестициялық ахуалды жақсартуға, елдің қаржы жүйесін нығайтуға және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға шоғырландырылады. Экономиканың сапалы өсуі елдің үдемелі индустриялық-инновациялық дамуына ықпал ететін физикалық инфрақұрылымды жаңғыртуға, адами ресурстарды дамытуға және институционалдық базаны нығайтуға негізделеді. Әлеуметтік қорғалу, ішкі тұрақтылық және үйлестірілген сыртқы саясат мәселелері таяудағы онжылдықта елдің даму басымдықтарының қатарында сақталатын болады.

Әртараптандырылған экономиканың негізінде ел азаматтарының әл-ауқатын арттыру Стратегиялық жоспар-2020-ны іске асырудың басты жетістігі болады. Стратегиялық жоспар-2010-ды іске асыру кезеңінде көптеген басым салалар бойынша айтарлықтай прогреске қол жеткеніне қарамастан, реформалаудың күн тәртібінің көптеген тармақтары аяқталмай қалып отыр. Бәсекеге қабілетті әрі әртараптандырылған экономиканы дамыту бағдарламаларын іске асыру одан әрі жалғастыруды талап етеді. Білім беру жене денсаулық сақтау қызметтерін көрсету сапасы елі де жақсартуды талап етеді. Стратегиялық жоспар- 2010-ды іске асыру кезеңінде басталған мемлекеттік сектордағы реформалар әлі де аяқталмай қалып отыр. Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігінің ажыратылуы, мемлекеттік қызметтегі ынталандырулар жүйесін дамыту, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын және оларға әкімшілік етудің тиімділігін арттыру - осы мәселелердің бәрі Стратегиялық жоспар-2020-ны іске асыру кезеңінде одан әрі шешуді талап етті.

І. Стратегиялық жоспарлаудың түсінігі мен мәні

Көпшілік қауымға белгілі «Стратегия» термині, гректердің «Strategos» сөзінен туындаған, өз тілімізге аударғанда «генерал өнері» немесе «адамдарды басқару өнері» деген түсініктерді беріп, болашақта мақсатты бағытталған және шешуші іс-қимыл тобын, жиынтығын көрсетеді немесе «Стратегия» іске асырылуы мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін бөлшекті, жан-жақты және кешенді жоспар. Көне Қытайда біздің дәуірімізге дейінгі 480 жылдары «Стратегия өнері» атты кітап жазылған, бұдан біз стратегия ұғымы адам, қоғам өмірінде өте ерте кезден қолданылып келе жатқандығын көреміз.

Стратегиялық жоспарлаудың мәні айқындалған, шекті қор көлемі бойынша дамудың магистральді бағытын, қазіргі экономиканың қолайлы тұстарын дұрыс пайдалану және жағымсыз жақтарының әсерін бейтараптандыру арқылы болашаққа нақты қойылған мақсатқа қол жеткізетін іс-әрекеттерді анықтайды. Қандай деңгейдегі экономика болмасын басты мақсат, міндет бұл іс-қимыл тобы, жиынтығының нақты жағдайға байланысты ғылыми негізделініп, тұжырымдалынып және цифрлар тілімен немесе сапалық, сандық көрсеткіштермен сипатталынуы. Бұл міндеттерді шешу, іске асыру кез-келген мемлекеттің (жоспарлауды экономиканы дамытудағы басты құралдардың бірі деп есептейтін) төл істерінің бірі.

Стратегия дегеніміз ұйымның міндетті ісін орындауды және мақсатына жетуді қамтамасыз ететін жан-жақты жоспар жиынтығы болып саналады. Стратегиялар негізделінген болулары үшін ғылыми негізделу, жүйелі талдау, болжамдау және оптимизация әдістерін қолдану қажет. Солар қатарында стратегияны ұйымдастыру (көлденең және тік) және проблемалар бойынша үйлестіру қажет.

Стратегиялық жоспарлау дегеніміз басшы қабылдаған әрекеттер мен шешімдер жиынтығы, сол арқылы ұйымның өз мақсатына жетуі үшін басшы арнайы стратегияны іздестіреді. Стратегиялық жоспарлау басқару шешімін қабылдауға қажетті құрал болып саналады. Оның басты міндеті - ұйымдағы жаңадан еңгізілгендерді жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ету. Жалпы стратегияны бағдарлама, дамудың негізгі бағыты деп анықтаса болады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде стратегиялық жоспарлау шаруашылықты мемлекеттік реттеудің негізгі құралы болып табылады. Оның көмегімен қажетті экономикалық пропорциялар керекті деңгейде ұстап тұрылады және қоғам шаруашылығы жүйесінің барлық бөлімдері қызметінің үйлестіріліп мақсатқа бағытталулары қамтамасыз етіледі.

Қазіргі замаңғы түсінікте және мемлекеттік басқару, реттеу істерінде және кәсіпорындар, ұжымдар деңгейіндегі қолданылуда «Стратегия» бөлшектеніп нақтыланған, жанжақты және кешенді, іске асырылуы мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін жоспар болып саналады. Стратегиялық жоспарлар негізінен сандық емес сапалық жоспарлау. Оның индикативтік жоспарлардан айырмашылығы мақсаттылығында, мазмұнында. Стратегиялық жоспар мәні - белгісіз болашақ және ішкі, сыртқы тұрақты өзгерістер жағдайында, ұтымды мүмкіндіктерді пайдалана жағымсыз құбылыстарын жеңе отырып нақты қойылған мақсатқа жетудің магистралды (басты) даму жолын, қызметтерін және іс-қимылдарын жасау. Осы түсінікте бұл жоспарлау үкімет басқару, атқару органдарының экономиканы реттеу, оның макроэкономикалық, микроэкономикалық тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі басты құралдарының бірі десек қателеспейміз.

Стратегиялық жоспарлау процесінде басқарушылық қызметтің 4 түрі көрініс алады:

1) ресурстарды бөлу, олар үнемі шектеулі;

2) ресурстарды пайдалануды бағалау;

3) сыртқы ортаға бейімделу;

4) кәсіпорын қызметтері мен құрылымдық бөлімшелерін үйлестіру.

Стратегиялық жоспарлау тек макродеңгейдегі басты реттеу құралдары болып қоймай, сонымен бірге аймақтар, яғни облыстар деңгейінде де басты басқару, реттеу құралы болып саналады. Себебі облыстар экономикасы жалпы ұлттық экономиканың ажырамас бөлігі. Он жылдық уақыт аралығына жасалынатын аймақтық стратегиялық жоспарлар болашақ әлеуметтік-экономикалық міндеттерді ұтымды шешуге бағытталады. Бірде бір экономикалық субьектаның құқықтық шеңберіне енбей, экономикалық реттегіштер мен тікелей және жанама ықпалды ұштастыра отырып, барлық субьекталардың іс-қызметтерін ортақ мүддеге бағыштап, белгіленген уақыт аралығындағы мақсаттарға жетуді қамтамасыз етуге бағытталған. Облыстар шеңберіндегі мұндай стратегиялық жоспарлар бір-бірімен тығыз байланысқан төмендегідей бөлімдерден тұрады:

  • Облыстың, қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайының бағалануы;
  • Жоспар кезеңіндегі облыстың миссиясы мен басты даму мақсаты;
  • Экономикалық дамуы;
  • Әлеуметтік дамуы;
  • Күтілетін нәтиже;

Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың бағалануы, облыстағы әлеуметтік-экономикалық дамуды сандық, сапалық жағынан талдап, бағалап, оның жалпы мемлекет экономикасындағы рөлі мен үлесін сипаттауы қажет. Осындай талдау, бағалау негізінде облыстың әлеуметтік-экономикалық даму миссиясы мен басты мақсаты анықталынады. Ал миссия мен басты мақсат мемлекеттің стратегиялық даму жолындағы облыс рөлінен анықталынып, тұжырымдалынады.

Стратегиялық жоспарды әзірлеу екі кезеңнен тұрады:

1) стратегиялық талдау;

2) стратегиялық жоспарлау.

Стратегиялық талдау - ішкі және сыртқы ортадағы процестер мен үрдістерді мынадай мақсаттарда анықтауға негіз бола алатын елдегі жағдайды талдау:

- елдің дамуына әсер ететін ықтимал қауіптер мен мүмкіндіктер шеңберін анықтау;

- проблемаларды анықтау және проблемаларға себеп-салдарлық талдау жүргізу;

- елді дамытудың мүмкін сценарийлерін талдау.

Стратегиялық жоспарлау - елдің серпінді бәсекелестік ортада тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының мақсаттары мен негізгі бағыттарын анықтау, ел болашағын жоспарлауға қатысты мүдделі тараптардың мүдделерін анықтау және келістіру, нысаналы индикаторлар мен ел дамуының жалпы ұлттық шешуші көрсеткіштерін әзірлеу.

Стратегиялық жоспарлау - оған жету жолында шешім қабылдау мен оны ұйымдастыру үшін мақсаттарды таңдау процесі. Ол бүкіл басқару шешімдері үшін оның негізін қамтамасыз етеді. Стратегиялық жоспарлау - көптеген мемлекеттер, ірі және орта компаниялар соңғы кездері кеңінен қолданып жүрген арнаулы білім (қызмет) саласы. Ол басқаруда ертеден қолданылып келеді, бірақ жиі және кең көлемде қолданылуы екінші дүниежүзілік соғыс кезінен басталды және тек әскери ғана емес, сонымен қатар азаматтық қызмет пен бизнес сферасында да кеңінен қолданылғандықтан қазіргі кезде жеке ғылым саласы ретінде қалыптасты. Стратегиялық жоспар, ұзақ уақыт бойы тұтас болып қана қоймай, сонымен бірге тұрақты өзгеріп отыратын іскерлік, әлеуметтік ортаның әсерімен қажет болған жағдайда, оларға түзетулер енгізуге болатындай жеткілікті түрде икемді болуы тиіс. Стратегиялық жоспар жасау болашаққа мұқият, жүйелі дайындықты білдіреді. Стратегиялық жоспарлау - бұл бірінші кезекте жоғары буын жетекшілерінің міндеті. Орта буын және төменгі буын жетекшілері тиісті ақпараттар беру арқылы және кері байланысты қамтамасыз ете отырып, осы жұмысқа қатысады. [1]

Стратегиялық жоспарлаудың негізгі кезеңдеріне келесілер жатады:

1) фирма бағдарламасын (миссиясын) өңдеу;

2) фирма мақсаттарын анықтау;

3) фирманың ішкі ортасын талдау және бағалау;

4) фирманың сыртқы ортасын талдау және бағалау;

5) кәсіпорын дамуының стратегиялық альтернативаларын талдау.

Тұжырымдалған стратегияларды іске асырудағы негізгі талап, ол оның қаржы, тағы басқа мемлекеттік реттеу құралдарымен қамтамасыз етілуі. Сол себепті әрбір стратегияның қаржылық көзі белгіленіп, сол арқылы ол тұжырымдалынуы керек. Ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлар ағымдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың талдауына, даму тенденцияларының эксперттік бағалануына, болжамдық есептеулерге негізделіне отырып төмендегідей жағдайларды анықтауға міндетті:

  • Болашақ даму мақсаттар мен міндеттер жүйесін;
  • Халық шаруашылығының маңызды басым бағыттары мен олардың іске асырылу кезеңдерін;
  • Экономика өсуінің мүмкін қарқынын және негізгі макроэкономикалық пропорцияларды;
  • Экономикадағы құрылымдық өзгерістерді;
  • Ресурстық күштерді және олардың тиімділігін, пайдалану бағыттарын;
  • Сыртқы және ішкі экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын;
  • Шаруашылық жүйесіндегі негізгі институционалдық өзгерістерді;

Ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлар бір-бірімен тығыз байланысқан төмендегідей 4 үлкен бөлімдерден тұрады:

1) әлеуметтік-экономикалық жағдайдың талдауы;

2) әлеуметтік-экономикалық даму концепциясы;

3) негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер;

4) ұлттық бағдарламалар.

Елдің табыстылығы, түптеп келгенде, дұрыс әзірленген стратегиялық жоспарға, сондай-ақ оның іске асырылуына байланысты болады. Кез келген елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық жоспарлауна келесі негізгі элементтер еңеді:

- қоғамның әлеуметтік мәселелерін жоспарлау (әлеуметтік саясат, халықтың тұрмыс деңгейі, халықтың туылуы, жұмыс күші және жұмысбастылық) ;

- қоғам және табиғаттың қатынасын жоспарлау (табиғатты пайдалану мәселелері, экологиялық саясат, табиғий ортаның мониторингі) ;

- ғылыми-техникалық прогрессті және заманауй технологияларды жоспарлау;

- ұлттық экономиканың құрылымын, пропорцияларын және қарқындарын жоспарлау (қоғамның экономикалық потенциалы, экономика дамуының құрылымы мен тенденциялары, экономикалық өсу т. б. ) . Стратегиялар негізделінген болулары үшін ғылыми негізделу, жүйелі талдау, болжамдау және оптимизация әдістерін қолдану қажет. Солар қатарында стратегияны ұйымдастыру (көлденең және тік) және проблемалар бойынша үйлестіру қажет. Бугінгі күндегі экономика - бүл, басқару субъектісінің лидерлігін, өндірілген өнім және қызмет бәсекелестігін қамтамасыз ететін, білім, жаңа ақпараттық технологиялар, саналы процесстер экономикасы. Бундай экономикада негізгі басқару объектілері болып жабдықтар немесе өндірілетін өнім емес, жұмыскерлер және процесстер есептелінеді, негізгі предмет болып өнім өндіру әдісі емес, персоналды және процесстерді басқару әдістері есептелінеді.

Стратегиялық жоспарлау басқару шешімін қабылдауға қажетті құрал болып саналады. Оның басты міндеті - ұйымдағы жаңадан енгізілгендерді жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ету. Стратегиялық жоспарлау басқару қызметінің төрт түрін қамтиды: ресурстарды бөлу, сыртқы ортаға бейімделу, ішкі үйлестіру және ұйымдық стратегиялық болжамдау.

Стратегиялық жоспарлаудың өзіндік белгілері.

1. Стратегияны көпшілік жағдайда жоғарғы басшылар тұжырымдайды, және жасайды, алайда оны жүзеге асыруға басқарудың барлық деңгейіндегілердің қатысуы көзделеді.

2. Стратегиялық жоспар жеке бір ұйымға ғана емес, бүкіл корпорацияның болашағы үшін жасалады.

3. Стратегиялық жоспар көлемді зерттеулермен және нақты деректкрмен негізделуі тиіс. Қазіргі әлемдегі бизнесмен тиімді бәсекелесу үшін, фирма сапа, рынок, бәсеке және басқадай факторлар туралы толып жатқан ақпаратты ұдайы жинауы, әрі талдауы тиіс.

4. Стратегиялық жоспар фирманың айқындылығын, дербестілігін білдіреді, мұның өзі олардың белгілі бір жұмыскерлерді тартуына ықпал етеді.

5. Стртегиялық жоспарды жасағада, ұзақ уақыт бойы тұтастығын сақтаумен қоса, қажет болған жағдайда жетілдіруді және қайта бағыттауды жүзеге асыратындай икемді болуы тиіс.

II. Стратегиялық жоспар 2020-ны іске асыру мақсаттары

Қазіргі замаңғы түсінікте және мемлекеттік басқару, реттеу істерінде және кәсіпорындар, ұжымдар деңгейіндегі қолданылуда «Стратегия» бөлшектеніп нақтыланған, жанжақты және кешенді, іске асырылуы мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін жоспар болып саналады. Стратегияда көзделген мақсат - ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату.

Агроөнеркәсіптік кешен және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу . Жер ресурстарына бай Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту жағынан ұзақ мерзімді салыстырмалы басымдығы бар. Ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыру және ауылшаруашылық қайта өңдеудегі қосылған құнды ұлғайту жөніндегі жұмыс жалғасады. Ауыл шаруашылығы саласындағы стратегиялық мақсаттар

2015 жылға қарай: 2015 жылға қарай
экспорттың жалпы көлемінде аграрлық саланың экспорттық әлеуеті 8%-ға дейін ұлғаядыагроөнеркәсіптік кешендегі еңбек өнімділігі кемінде 2 есеге ұлғаядыетті қайта өңдеу 27%-ға дейін, сүт - 40%-ға дейін, жеміс және көкөніс - 12%-ға дейін ұлғаяды:

экспорттың жалпы көлемінде аграрлық саланың экспорттық әлеуеті 8%-ға дейін ұлғаяды

агроөнеркәсіптік кешендегі еңбек өнімділігі кемінде 2 есеге ұлғаяды

етті қайта өңдеу 27%-ға дейін, сүт - 40%-ға дейін, жеміс және көкөніс - 12%-ға дейін ұлғаяды

Ауыл шаруашылығында суды тиімді пайдаланудың артуымен қатар, өсімдік шаруашылығының жаһандық жылынуының ықтимал салдарларына бейімделу шаралары іске асырылады. Ауылдық жерлерде ел халқының шамамен 50 %-ы тұратындығын ескере отырып аграрлық саланы дамыту ауылда тұратын халықтың өмір сапасын арттырудың шешуші факторы болып табылады.

1 сурет -Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылмы

Қазақстан Республикасында ЖІӨ-нің ағымдағы бағасы 1995 жылы 992, 5 млрд. теңге мөлшерінде бағаланды немесе бір тұрғынға 60, 2 мың теңгеден тиді. Өзінің экономикасының ауқымы бойынша Қазақстанның ЖІӨ 1990-шы жылы 53-ші орынды алды және ол Греция, Норвегия, Венгрия, Сирия, Марокконың ЖІӨ-мен пара- пар келді. ЖІӨ-ді өндіруде Қазақстан жан басына шаққанда 1990-шы жылы Польша, Аргентина, Колумбия, Тайланд деңгейінде болды, ал АҚШ деңгейімен салыстырғанда -18, 7%, бұрынғы Одақпен салыстырғанда-69, 3% деңгейіді құрады.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек Қазақстанда Жалпы ішкі өнімі биылғы 2011 жылғы көрсеткіштері:

2 сурет - Жалпы Ішкі Өнім көрсеткіштері

Экономикалық түрлері бойынша Жалпы Ішкі Өнім

Ағымдағы жаһандық дағдарыс әлемдік экономикада өзара байланыстың жоғары дәрежеде болуының да өз кемшілігі бар екенін көрсетті. Дамыған елдердегі қаржы және экономикалық проблемалардың әлемдегі ахуалға әсер етуінің нәтижелері еркін нарықтың ашықтығы мен құндылықтарының артықшылықтары мен кемшіліктері туралы дау туғызып отыр. Жекелеген елдердің әлемдік сауданың дамуын шектейтін және өңірлендіру үдерістеріне ықпал ететін протекционистік экономикалық саясаттың түрлі нысандарына ұмтылыстарының күшейіп отырғандығымен есептеспеуге болмайды.

2011 жылы сыртқы сауда айналымы 126 млрд. 156 млн. АҚШ жолларын құрап, өсім 40, 2 пайызға жетті. «Оның ішінде экспорт 88 млрд. 117 млн. долларды (48 пайызға өсті), ал импорт 38 млрд. 38 млн. долларды (25 пайызға өсті) құрады. тұтыну баға индексі қаңтарда 2011 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 0, 3 пайызға артты. Соның ішінде азық-түлік тауарлары бағалары - 0, 5 пайызға, азық-түлік емес тауарлар - 0, 3 пайызға, сондай-ақ ақылы қызметтер 0, 1 пайызға артты.

3 сурет Сыртқы сауда айналымы Жекелеген елдер бойынша экспорт

Импорт

(

КБК деректері бойынша)

Жекелеген елдердің әлемдік сауданың дамуын шектейтін және өңірлендіру үдерістеріне ықпал ететін протекционистік экономикалық саясаттың түрлі нысандарына ұмтылыстарының күшейіп отырғандығымен есептеспеуге болмайды. 2012 жылы базалық сценарий үшін мұнай бағасының болжамдық деңгейі барреліне 80 долларды құрайды. Ал, 2013-2016 жылдарда бұл көрсеткіш 70 доллар деңгейінде болады. Жалпы бұл әлемдік экономикадағы болуы ықтимал қауіптермен сәйкес келеді. Сондай-ақ, болжам бойынша 2012 жылы атаулы жалпы ішкі өнім 28, 9 трлн. теңгені құрайды.

Қазақстанды индустрияландыру мынадай қағидаттарға негізделеді:

1) мемлекеттік және жеке меншік секторлардың рөлдерін нақты анықтау;

2) компаниялар мен мемлекеттік органдардың қызметінің ашықтығын барынша

арттыру;

3) тауарлар сапасы және жұмыстар мен қызмет көрсетулердің өнімділігі өсуінің, олардың құнын төмендетудің жетекші факторы ретінде бәсекелестікті қамтамасыз ету.

Елдің экономикалық мүдделерін қорғау мен жылжытудың сенімді жүйесін қалыптастыру, отандық тауарлар мен қызмет көрсетулер үшін сыртқы рыноктарға қолжетімділік жасау және жосықсыз бәсекелестікті жою мақсатында тиімді сауда саясаты жүргізіледі.

Өзара сауданы дамыту, отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттігін арттыру мен инвестициялардың өсуіне жәрдемдесу мақсатында Қазақстан ТМД-дағы ықпалдасу үдерістерінің белсенді қатысушысы болады. 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген Ресеймен және Беларусьпен Кеден одағының қалыптасуы мен дамуы серпінді жоба болады. Үш елдің ықпалдасуының келесі кезеңі 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру болады. ТМД-дағы өңірлік экономикалық бірлестіктерді қолдай отырып, республика Бүкіләлемдік сауда ұйымына елдің экономикалық даму басымдықтарына жауап беретін шарттарда кіру үдерістерін жеделдетеді.

Құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарының өндірісі

Экономиканың өсуімен құрылыс қызметтері мен құрылыс материалдарына деген сұраныс артады. Құрылыс материалдарының 50 %-ы елге импортталатынын ескерсек, құрылыс индустриясының және құрылыс материалдары өндірісінің дамуына зор мүмкіндіктер бар.

Құрылыс саласындағы стратегиялық мақсаттар

2015 жылға қарай: 2015 жылға қарай
құрылыс материалдарының 80 %-ы ел ішінде шығарылады, құрылыс және құрылыс материалдарының жалпы өндірісінің 20%-ы экспортталады: құрылыс материалдарының 80 %-ы ел ішінде шығарылады, құрылыс және құрылыс материалдарының жалпы өндірісінің 20%-ы экспортталады

4 сурет- Құрылыс саласы

Құрылыс жұмыстарының жеке түрлері

Қазақстанда құрылысы аяқталмай қалған 44 үлескерлік нысан 2013 жылға дейін салынып бітеді. Биыл 10 айдың ішінде 14 тұрғын үй пайдалануға беріліп, 3 848 үлескердің баспана мәселесі шешілген. Жалпы 2007 жылдың 4-тоқсанынан - дағдарыс басталған тұстан бүгінгі уақытқа дейін, 62 мыңнан астам үлескері бар тұралап қалған 450 тұрғын үй кешенінің 410-ы, яғни 58 мыңға тарта үлескердің баспанасы салынып бітті. «Осылайша, 2011 жылдың қараша айындағы жағдай бойынша, 44 үлескерлік нысанды аяқтау қажет. Оның ішінде, әкімдіктердің мәліметтеріне қарағанда, 20 нысанды 2011 жылдың соңына дейін, қалған 24 нысанды 2012 жылы салып бітіру көзделуде.

Көлік және телекоммуникациялар

Көлікті дамытудың негізгі бағыттары көлік инфрақұрылымының төрт негізгі құраушыларының: темір жол, автомобиль, әуе және су тиімділігін арттыру және интеграциялау болып табылады. Елдің транзиттік әлеуеті кеден және шекара рәсімдерін реформалаумен үйлестікте көлік инфрақұрылымына нысаналы инвестициялар арқылы арттырылатын болады. Елдің ішкіконтиненталдық орналасуы және теңізге шығудың жоқтығы қазақстандық тауарларды сыртқы өткізу нарықтарға жеткізуде, импорттық өнімдерді әкелуде, Ресей және Қытаймен сауда байланыстарын дамытуда, сондай-ақ Түркіменстан және Иран арқылы Парсы шығанағының порттарына қолжетімдігінде көліктің рөлін күшейтуде.

Темір жол көлігі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың жүйесі
Қазақстан Республикасы өнеркәсібін жоспарлаудың дамуы
Жоспарлау түсінігі, мақсаты және міндеті.
Қаржылық басқару
Бизнес жоспарлаудың түсінігі және мазмұны
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні жөнінде
Стратегиялық жоспарлаудың ғылыми-теориялық негіздері
Менеджмент жүйесін жоспарлаудың мәні мен қажеттілігі
Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Cалық менеджменті»
Менеджменттің мақсаттары мен міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz