Теңіз мұнай-газ ғимараттарының (ТМГҒ) жалпы конструктивті белгілері мен ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
3 1 Теңіз мұнай-газ ғимараттарының (ТМГҒ) жалпы конструктивті
белгілері мен ерекшеліктері
4
1.1 Теңіз мұнай-газ ғимараттарының түрлері 4
1.2 ТМГҒ-ның жалпы конструктивтік белгілері 4
1.3 ТМГҒ формасының жалпы сипаттамасы 5 2
Теңіз бұрғылау қондырғылары 6
2.1 Өздігінен көтерілетін бұрғылау қондырғысы (ӨҚБҚ) 6
2.2 Тіректі тізбектер түрлері
7 2.3 ӨКБҚ-ның технологиялық жабдығы 8
2.4 ӨКБҚ-ны жаңа нүктеге апару 9 3
Бұрғылау кемелер (БК)
10 3.1 Бұрғылау кемелері тағайындалуы және конструкция
ерекшеліктері
10 3.2 Өздігінен жүретін бұрғылау кемелері
12 3.3 БК–ның технологиялық жабдығы
13 4 Теңіз стационарлы
платформалар (ТСП) 14
4.1 Гравитациялық және тағы басқа платформалар түрлері
15
4.2 Қатты ТСП – лар
20 4.3 Гравитациялық теңіз станциялы
платформалар (ГТСП) 21 4.4 Серпімді мұнаралар
23
5 Жартылай батпалы платформалар
27
5.1 Эстакадалар
27 5.2 Таязсулы негіздер
29
5.3 Ірі блокты негіздер
29 Қолданылған әдебиеттер
30

Кіріспе

Теңіздегі мұнай-газ ғимараттары (ТМГҒ) деп мұнай және газды шығару,
тасымалдау, сақтау, өңдеу процесстері өтетін теңіз акваториясында-ғы
ғимарттарды атайды. Теңіздегі ғимараттардан басқа оларға су жағалауына
жақын орналасқан, теңіз мұнай-газ комплексіне кіретін ғимараттар жатады.
Нағыз теңіз ғимараттарын біз әрқашанда немесе уақытша су акваториясында
орналасқан ғимараттарды атаймыз.
Мұндай ғимараттарға мыналар жатады:
1. Стационарлы және жүзбелі ғимараттар немесе платформалар және
бұрғылау кемелері. Олар барлау және пайдалану ұңғымаларын бұрғылау үшін
қажет қондырғылар комплексін орналастыру және мұнай өнімдерін ал-ғаш
өңдеуден өткізу үшін арналған;
Алғашқы өңдеу шығарылған мұнайды механикалық қоспалардан (мы-салы,
құм) тазарту болып саналады. Бұрғылау кемелерінде және платформада
технологиялық операцияларға қажетті қондырғылар мен мате-риалдарға және
қызметкерлерге арналған бөлімшелер орналасқан;
2. Танкерлерге жүктелінетін өнімдерді жинайтын және ұзақ сақтайтын
суасты құбырлар мұнай мен газды платформалардан ғимараттарға тасымал-дау
үшін қажет;
3. Теңіз акваториясында немесе платформаларда және теңіз жағалауын-да
орналасатын мұнай-газ қоймалары;
4. Мұнай айдау кемелерін және газоводтарды арқалайтын объектілер;
5. Танкерлер мен көмекші кемелерді айлақтайтын жағалық айлақ қа-
бырғалары мен эстакадалары және қоршалайтын ғимараттар;
6. ТМГҒ-ын салға, жүкті түсіру-тиеу жұмыстарына, танкерлер мен көмекші
кемелердің шторм кезінде тұрағына арналған порттар;
7. Мұнай мен газдың алғаш өңдеуіне, алынатын өнімнің бөлінуіне ар-
налған суасты мұнай-газ ғимараттары.
Шартты теңіздік ғимараттар деп теңіз мұнай-газ кенорындарынан айда-
латын мұнай мен газбен өтетін технологиялық операцияларды орындау үшін суға
жақын орналасатын ғимараттарды атайды. Оларға жатады:
- мұнайды жинау және сақтау ғимараттары (резервуарды паркілер, со-рап
станциялары, жерүсті құбырлары және т.б);
- мұнайды алғаш өңдеуден өткізу ғимараттары (сусыздандыру, механи-
калық қоспалардан тазарту);
- теңіз кен орындарынан құбыр желісі арқылы айдалатын газды өңдеу
ғимараттары;
- газды компримирлеуге арналған ғимараттар (компрессорлық станция-
лар);
- сұйытылған газды сақтау қоймалары;
- мұнай айдау танкерлері мен газоводтарды қабылдау терминалдары.
Әрі қарай ТМГҒ-ның басты шарттарын, белгілерін, формаларын,
конструктивті және пайдалану ерекшеліктерін келтіреміз.
1 Теңіз мұнай-газ ғимараттарының (ТМГҒ) жалпы конструктивті белгілері
мен ерекшеліктері

1.1 Теңіз мұнай-газ ғимараттарының түрлері

Теңіз түбіне тірелген ТМГҒ-ы. Мұндай ғимараттарда тіреу қондырғы-лары
болу керек. Олар топырақ қабатына бүкіл ғимараттың және оған салын-ған
қондырғыларының салмағын беріп ұстайды. Осыдан басқа, тіреу қондыр-ғылары
қорашаған ортаның әсер ететін факторлардың (су, толқын, мұз қысымы, т.б)
салмағын топырақ негіздеріне береді. ТМГҒ-ның жоғарғы бө-лігі теңіз
деңгейінен жоғарырақ орналасады, себебі толқындар, мұз және су ағындары өз
күшімен жоғарғы бөлікті қиратуы мүмкін. ТМГҒ-н пайдалану кезіндегі барлық
күштер тіреу қондырғыларымен ұсталынады.
Теңіз түбіне тірелмеген ТМГҒ-ы. Мұндай ғимараттар жүзбелі деп
аталынады. Бұл ғимараттар керекті жүктілілігімен, жүзбелілігімен, орнықты-
лығымен және басқа да теңіз кемелерінің қасиеттерімен ерекшелінеді.

1.2 ТМГҒ-ның жалпы конструктивтік белгілері

Конструктивті белгілері бойынша ТМГҒ-ы мынадай болады:
1. Сызықты ғимараттар. Сызықты деп көлденең өлшемдері ұзындығы-нан он
немесе жүз есе кіші болатын конструкцияларды атайды. Мұндай ғи-мараттарға
суасты құбырларды, ұзын сызықты айлақтарды және тірелетін қа-бырғаларды
жатқызуға болады.
2. Нүктелі немесе монотіректі ғимараттар. Мұндай ғимараттар теңіз тү-
біндегі бір нүктеге тұрғызылады. Бұл конструкцияларға монотірек негізді
бұрғылау қондырғылары, мұнайды үлкен танкерлерге құюға арналған нүкте-лі
айлақ қондырғылары және керекті орнында жүзу қондырғыларын ұстата-тын
әртүрлі зәкір қондырғылары жатады.
3. Көптіректі ғимараттар деп бұрғылау жұмыстары кезінде немесе әрқа-
шан (бұрғылаудан бастап, пайдалану кезіне дейін) бірнеше тірекке тірелген
конструкцияларды атайды. Тәжірибе негізінен он немесе одан да көп тірекке
тірелген плафтормалар белгілі. Көбінесе үш-төрт тіректі конструкциялар қо-
йылады. Көптіректі конструкциялар стационарлы және жартылай стационар-лы
болуы мүмкін. Соңғылары буксирдің көмегімен жүзуі мүмкін.
4. Массивті ғимараттар. Олар басқаша гравитационды және көлемді деп
аталады. Массивті ғимараттарға бетоннан, металдан, тастан және топырақтан
тұратын үлкен массивті конструкциялар жатады. Массивтің ішіне өңдірілген
мұнай уақытша сақтау қоймалары, технологиялық қондырғылардың сақтау
орындары салынады.
5. Жүзбелі ғимараттар деп теңіз түбіне тірелмеу мүмкіндігі бар мұнай-
газ кен орындарын атайды. Бұл ғимараттар буксирдің көмегінсіз үлкен қа-
шықтықтарға жүзе алады. Оларға бұрғылау қондырғылары, теңіз түбінен то-
пырақты жинау қондырғылары және геофизикалық зерттеулерді өткізетін
қондырғылар орнатылған арнайы кемелер жатады.
6. Жерасты ғимараттары деп теңіз түбіне орнатылған және автономды
түрде мұнай өнімдерін өңдеу операцияларын орындайтын ғимараттар түрін
атайды.

1.3 ТМГҒ формасының жалпы сипаттамасы

Сурет 1. Теңіз мұнай-газ ғимараттарының формалары

Теңіз мұнай-газ ғимараттарының жиыны блок 1 ТМГҒ-на кіреді. Соның
ішінде нышандар қатары бойынша бір түрге жататын, құрамында көптеген әр
түрлі сол ТМГҒ-ның формалары бар ТМГҒ-ның тобы. Солардың ішінде екі ерекше
түрі бар, атап айтқанда, блок 2-порттар және 3-суасты құбырлары. Порттар
ерекше өзгешелігі бойынша өз құрамына көп әр түрлі әдейі ТМГҒ-ның
формасында құрылған объектілер, сонымен бірге мұнай-газ мәселелері-не
қатысы жоқ қызмет үшін құрылған жұмыс формасын да енгізу мүмкін. Мұнай-газ
жұмыстарында қызмет ететін порттар шартты түрде ТМГҒ-на кі-реді деп айтуға
болады, бірақ та оларды ТМГҒ-ы жиынынан алып тастауға болмайды, себебі олар
тек қана теңіздік ТМГҒ-н жасауда, қызмет етуде және т.б. істерде үлкен
рөлін атқарады. Суасты құбырлары (блок 3)-бұл тек қана теңіздік мұнай газ
ғимараттары, бірақ олар ТМГҒ-дың жеке бір түрі болуы мүмкін.
Одан әрі қарай блок 1-ге стационарлы (блок 4) және жүзбелі (блок 5)
ТМГҒ-ы кіреді. Осы атаулары әр блок құрамына кіретін құрылғылардың өзі-нің
негізгі шарттарына сай келуін анықтайды. Барлық стационарлы ТМГҒ-н біз 6, 7
және 8, 9 блоктарында көрсетеміз. Блок 6-бұл ешқашан мұз қатпай-тын немесе
қататын мұз қалыңдығы өте жұқа және горзонтальды мұз әсеріне әлсіз қарсылық
көрсететін теңіз беттерінде құрылатын платформалар.
Блок 7 құрамына Солтүстік Мұзды мұхитында пайда болатын мұз қысымын
шыдай алатын плафтормалар кіреді.
Блок 8 құрамына өзге құрылыстармен қоршалатын аралдар деп ата-латын
ТМГҒ-ы кіреді. Осы құрылыстар мұзға тұрақты және мұзға тұрақсыз ТМГҒ-ы
формасында салынуы мүмкін. Барлығы есептелген шарттарда анықталады.
Блок 5-ке көшер алдында, бұл блокқа кіретін барлық ТМГҒ түрлері
жүзгіштік қасиетіне ие болуы керек екендігін ескертуіміз қажет. Осы оларға
су бетінде болуды, теңіз акваториясында жылжуды, тұрған қалпын тігінен
өзгертуді қамтамасыз етеді. 10, 11, 12 және 13 блоктарында негізгі ТМГҒ
түрлері көрсетілген.
ТМГҒ-жиынында негізгі орынды түгелдей су түбінде орналасатын жә-не
технологиялық операцияларды суасты қалпында суасты ТМГҒ-ы (блок 14) алады.

2 Теңіз бұрғылау қондырғылары

2.1 Өздігінен көтерілетін бұрғылау қондырғысы(ӨҚБҚ)

Жүзбелі бұрғылау құрылғыларды ұңғы үстінде орнату тәсілі бойынша екі
негізгі кластарға бөледі:
1. Бұрғылау кезінде теңіз түбіне тірелетін (жүзбелі БҚ өздігінен кө-
терілетін (ӨКБҚ) және батпалы түрлері);
2. Бұрғылау және меңгеру кезінде жүзбелі күйде болатын (жарты-лай
батпалы бұрғылау қондырғылары (ЖББҚ) және бұрғылау кемелері (БК))

Өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғылары теңіз мұнай газ
кен орындарында барлау кезінде тереңдігі 30-120 м акваторияларда қолда-
нылады (сур.2).

Сурет 2. ӨКБҚ-ның жалпы сұлбасы

Бұл қондырғылар қондырғының корпусы болып келетін жүзбелі пан-тоннан,
3 немесе одан көп сырғымалы тіректі тізбектерден тұрады. Тұлғада
техникалық, энергетикалық және қосымша жабдықтар, технологиялық мате-
риалдар қоры, отын, қолданылатын және технологиялық су, құбырлар, аспап-
тар, қызмет орындары мен тұрғын үйлер, қоймалар, тік ұшақ алаңы орналаса-
ды.
Бұрғылау нүктесіне тасымалдау кезінде тіректері жоғары көтеріліп, бе-
кітілген күйде қозғайды. Бұрғылау нүктесінде тізбектерді көтергіш құрал-
дармен төмен түсіреді және тұлғада орнатылған қондырғы, инструменттер,
құбырлар, материалдар корпуспен бірге тіректі тізбектер бойымен (корпус
түбіне толқын соққылары тимейтін) биіктікке көтеру құралдарымен көтеріле-
ді.
Оны (биіктікті) астрономиялық және шторымды су ағымдарын ескере отырып
есептейді:

Һ50 – берілген су ауданындағы 50-жылдық шторымның экстремалды
биіктігі.
ӨЖБҚ бірнеше түрлері және конструкциясы болады. Оларды корпус
конструкциясы, тіректі тізбектердің саны мен конструкциясы және көтергіш
құралдарының түрлері бойынша ажыратады.

2.2 Тіректі тізбектер түрлері

Тіректі тізбектердің санын анықтауға келесі факторлар қатары: теңіз
тереңдігі, гидрометриялық жағдайлар, тіректі тізбектерді грунтқа қазықтап
орнату тәсілімен оларды грунттан алу (көтеру), теңіз түбі, корпустың жалпы
салмағы, дайындалу салмағы, дайындалу технологиясы әсер етеді.
Үлкен тереңдіктерде әрбір тірекке толқын жүктемесінің әсері өседі.
Үлкен ұзын тізбектерді иілуге қаттылығын сақтау мақсатында оның көлбеу
қимасын өсіруге тура келеді. Сондықтан, 60 м тереңдікте 3 тіректерді қолда-
нылады. Цилиндрлі тіректері бар қондырғыларды 45м дейін және 45-75м
диапазонында цилиндрді және фермендік тіректермен қолданады, ал 75м тен
жоғары тереңдікте тек ғана фермендік тіректі қондырғыларды қолданыла-
ды.



Сурет 3. Фермендік тіректі ӨКБҚ

Ферменді тіректердің конструкциясын тікбұрышты, квадрат және үшбұрышты
қылып жобалайды.Ең жақсы конструкция-үшбұрышты қималы тірек. Өйткені толқын
әсерлеріне ұшырайтын элеметтер саны аз.
Тіректердің аяқ жағы башмактармен (табандармен) бітеді немесе олар-ды
жалғайтын тіректі плитамен бекітеді.
Сонымен қатар көтеріп-түсіретін құрылғылар болады, олар тіректерді
0,46-1,37 ммин жылдамдықпен түсіріп, көтереді.

2.3 ӨКБҚ - ның технологиялық жабдығы

Теңіз акваторияларында бұрғылау жұмыстарын жүргізу тәжрибесі жүз-белі
бұрғылау қондырғыларына қойылатын бірқатар талаптарды анықтады:
- ұңғыны құру кезінде бұрғылау қондырғыларының жоғарғы өнімділі-гі;
- бұрғыланып аяқталған ұңғыдан ӨКБҚ-сын жаңа нүктеге жылдам орнын
ауыстыру;
- өте үлкен емес, жақын арақашықтыққа жүзілуін қамтамасыз ету;
- осы жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- автономдылығы, яғни дұрыс бұрғылауға жеткілікті материалдар қо-
рымен және қызмет көрсету персоналын қажетті тағамдармен, тұру
жағдай-ларымен қамтамасыз ету.
Технологиялық жабдықтар кешені мыналардан тұрады:
- ұңғыларды бұрғылауға арналған бұрғылау қондырғысы;
- бұрғылау ерітіндісін беруге, дайындауға, регенерациялауға, сақтауға
және оның бұрғыланған жыныстан тазартуға арналған жабдық;
- ұнтақ тәрізді материалдарды сақтау жабдығы;
- ұңғыны бекіту кезінде цемент ерітіндісін дайындау және айдау жаб-
дығы;
- ұңғыда электрометрлік және каротажды жұмыстарды жүргізу жаб-дығы;
- су асты саға жабдығы;
- ұңғыны игеруге арналған жабдық;
- қосымша қондырғылар (көтергіш крандар, кіші механизация қон-
дырғылары т.б);
- теңіз ластануынан сақтау жабдығы;
- ұңғыны құру кезінде технологиялық процесті бақылау және басқару
жүйелері.
ӨКБҚ-ның энергетикалық жабдығы дизель генераторлардан, жалпы бі-ріккен
энергетикалық жүйеден тұрады. Олардың қуаты жалпы ӨКБҚ-ң пара-метрлерінен,
бұрғылау тереңдігінен, теңіз тереңдігінен, жұмыс режимінің тә-уелділігінен
анықталады. Құрлыққа қарағанда электр жетектердің және
электрқозғалтқыштарының қуаты жоғарыны таңдайды.

2.4 ӨКБҚ-ны жаңа нүктеге апару

ӨКБҚ-ны жаңа нүктеге апару өте жауапкершілікті операцияның бірі. Көп
ӨКБҚ өздігінен жүрмейді. Олардың буксировкасы үшін арнайы буксир-леу
кемелері қолданылады.
Буксирлеудің 2 түрі болады: қысқа жерге апару және ұзақ жерге апару.
Қысқа жерге апару 12 сағатқа дейін созылады және аса ауа райының кепіл-
дігін қажет етпейді.
Ал ұзақ жерге апару 12 сағат көп уақытты алады және тек ғана ауа райы
жақсы кезде орындайды (жел, толқынның болмауысыз). Эксперементті
зерттеулермен қабылданған, бүксирлеу кедергісі-жалпы судың 80% кедергі-сі,
ал 20% толқын кедергісі құрайды.
Буксирлеу алдында апару жобасын буксирлеу жыламдығын өңдейді, содан
кейін барлық қауіпсіздік шараларын жүргізеді (барлық ашық жабдық-тар
бекітіледі, т.б).
Өздігінен көтерілетін деп аталатыны теңіз бетінде платформаны көтеру
және түсіру оның өзінде орналасқан домкраттар және шоғырдың тросты
жабдықтарымен жүргізілетіні.
ӨКБҚ үлкен тереңдіктерде тиімді қолдануға негізгі кедедергілер
келесілер:
1. Теңіз бетінде үлкен негіздерді тасымалдау, монтаж және демонтаж-дың
қиындығы мен қымбаттылығы;
2. Тіректердің ұзындығы ұзарту кезінде олардың беріктігінің, тұрақты-
лығының төмендеуі;
3. Негіздерді теңіз грунт түбінен алу қиындығы.
Буксирлеудің алдында орын ауыстыру жобасын өңдейді, онда қашықтықта,
жүзу ауданына, метеоболэжамның сенімділігі және ұзақмерзімділігіне
байланысты буксирлеу жылдамдығы, буксирлердің саны мен қуаты, олардың
орналасу сұлбасы және басқада қауіпсіз орын ауыстыру шаралары белгіленеді.
Қондырғының беріктігіне және мықтылығына есеп жүргізіледі. Көбінесе,
тіректі аяқтарды ұзындығына үлкен көңіл аударады. Буксирлеу тросының үзілу
күшін келесі формуласымен анықталады:
,

мұнда Sn -ӨКБҚ-ның батырылған бөлігінің кедергі ауданы, м2;
υб – бурсирлеу жылдамдығы.
Өзі жүрмейтін ӨКБҚ үшін бурсирлеу тросының ұзындығы келесідей
анықталады:
.

Nс – якорлық қамтамасыз етудің таңдау сипаттамасы.
.
мұнда Δ23 – суды алу көлемі, м3.
А – кострукциясы жобасының қосынды ауданы, м2;
К1 – тұлға пішіні ескеретін коэффициент (пантондары тікбұрышты пі-
шінді ЖБҚ үшін К1=1,5, пантондары катамаранды түрде болатын ЖБҚ үшін
К1=1,75)
К2- толқынның әсерін ескеретін коэффициент;
К3- якорлық тұрықтың желді жағдайын ескеретін коэффициент.
К2 және К3 коэфиценттері жұмыс істейтін ЖБҚ үшін:
ашық теңізде 1,2-2,1
жабық теңізде1,1-1,8
ӨКБҚ тіреуіш тізбектердің санына әсер ететін факторлар:
- теңіз тереңдігі;
- метерологиялық жағдайлар;
- теңіз табанына тізбектердің тірелу әсері;
- теңіз табанынан тізбектерді шығарып алу әдісі;
- теңіз табаны;
- көтерілетін корпустың (тұлға) жалпы салмағы.
Цилиндрлі тіреуіші бар қондырғыларды 45м тереңдікте қолданады.
ӨКБҚ мына талаптарға сәйкес жұмыс істейді:
- ұңғының құрылысы кезінде бұрғылау қондырғылардың жоғарғы жұ-мыс
өнімділігі;
- бұрғыланған орнынан жаңа орынға жылдам көшу;
- теңізде аса үлкен ара-қашықтыққа жүзгіштігі;
- автономдылығы немесе мол қормен қамтамасыз ету.

3 Бұрғылау кемелер (БК)

3.1 Бұрғылау кемелері тағайындалуы және конструкция ерекше-
ліктері.

Жаға базаларынан бұрғылау жұмыс аудандарының алыстауы, сонымен қатар
үлкен емес автономдылығы ЖББҚ-ның қолдану тиімділігін төменде-теді.
Сондықтан, алыстаған аудандарда іздеу және барлау бұрғылау жұмыс-тары үшін
бұрғылау кемелерін (БК) қолданады(сур.4). Конструкция ерек-шелігі-оның
палубасында жабдықталған бұрғылау мұнарасының орналасуы, ал судно ішінде
және палубада-теңіз акваториясында мұнай газ скважи-наларын бұрғылауды
қамтамасыз ететін бұрғылау және басқа технологиялық қондырғылау мен жүйелер
кешенімен қамтылуы.
Тәжірибеде көбінесе біртұлғалы және көптұлғалы өздігінен жүретін және
өздігінен жүрмейтін кемелер қолданады.



Сурет 4. Якорленген бұрғылау кемесі

50 жылдың ортасында 70-жылдың аяғына дейін тек ғана якорлі бекіту
жүйесі бар кемелер қолданылады. Якорлі жүйемен тұрақтандыру кемелері 300 м
дейінгі теңіз тереңдігімен шектелген.
Теңіз кен орныдарын игеру жаңа перспективалар (жетістіктер) 1970ж.
динамикалық позициялау (қалыпта ұстау) жүйесінің құрылуы арасында ашылды.
Барлау акваторияларында осының арқасында тереңдік бойынша бірқатар
рекордтарды жасау мүмкіндігі болды.
Шетелдерде диаметриялық тұрақтандыру жүйелері бар келесі кемелер-ді
айтуға болады: Пеликан (350 м дейін), Седко-445 (1070м дейін және 3000
м.д. кейінгілері) Гломар Челенджер (6000 м дейін), Седко - 471 (8235 м
дейін).
Бұрғылау кемелерімен бұрғылайтын қондырғыларды 3 топқа бөлуге болады:
1) алқа;
2) сағаны жабу блогы;
3) түп-беткі баланыс.
Алқа деп ұңғы сағасының жанындағы барлық ұстау құралдарын және
отырғызылатын құбырлар алқасын түсінеміз.
Сағаны жабу блогы бірлік жүйе түбінде болады, оған саға жабдықтары
және сыртқы құбырлар, саңылаусыздандыру құралдары (мұнай атқылап, кенет
фонтандаған кезде) бақылау құралдары жатады.
Түп-үстіңгі байланыс үлкен рольді атқарады, әсіресе терңдік өскен са-
йын. Оған бағыттауыш құбыр (яғни суастындағы стояк), бұрғылау ерітіндісін
айдауға арналған сыртқы құбырлар, ұңғы сағасын бақылау үшін арналған 2
құбыр, дистанциялы басқару механизмдері жатады.
Негізінде бұрғылау мұнарасын кеменің ортаңғы бөлігінде орнатып,
скважинаны кемеде орнатылған шахта арқылы бұрғылайды. Шахта тіктөртбұрыш
және төртбұрыш қималы болады.
Кейбір кемелерде скважина бұрғылауын аяқтаған кезде бұрғылау мұнараны
арнайы құрылғылар арқылы көлденең жатқызады. Ол ауысу кезінде кеменің
ауырлық центрін төмендетеді.
Кемелерде пайдаланудың негізгі режимінің 85-90% барлық уақытын
скважинаны бұрғылау болып табылады. Сондықтан тұлға пішіні, түрлі және
негізгі өлшемдері талаптарға сай анықталуы тиіс. Кеменің енгізгі өлшемдерін
таңдау, скважинаның бу тереңдігі мен кеме автономділігінен анықталатын
қажетті жүккөтергіштіктен тәуелді.
Қазіргі бұрғылау кемелерінің дедвейт 5000-7000 т дейін, оның ішінде:
сұйық жанармай, сұйық бұрғылау ерітіндісі, химиялық реагенттер, цемент,
тұрмыстық және техникалық су, бұрғылау және отырғызылатын құбырлар, т.б.
қондырғылар, материалдар кіреді.
Мысалы, Валентин Шашин кемесінің дедвейті 6990т, Пеликан 6000т,
Сайпем ІІ 5800т.

Сурет 5. "Катамаран" бұрғылау кемесі.

3.2 Өздігінен жүретін бұрғылау кемелері

Өздігінен жүретін бұрғылау кемелері бір тұлғалы және екітұлғалы
(катамарандар) болады (сур.5). Өндірістік ұйымдарда көбінесе біртұлғалыны
қолданылады. Бұл олардың дайындалуына аз шығынмен шартталған, өйткені олар
балық аулайтын кемелердің дайын жобалау базасында құрылады.
Біртұлғалы кемелер түрлері Диорит, Диабаз, Чароит, Кимберлит
якорлі тұрақтандыру жүйесімен жабдықталған және инженер-лі-геологиялық
ізденіс жұмыстарын 15-тен 100м дейін тереңдікте орындай-ды.
Олардың бірқатар кемшіліетері бар: скважинадағы тұрақтандыру жүйесінің
сенімсіздігі, бұрғылау ауданының аз өлшемділігі, отыратын орынның шектелуі,
түпке (забой) остік жүктеменің береалмау мүмкінсіздігі және скважиналы
геотехникалық зерттеулер кешенін жүргізу мүмкінсіздігі.
30-300м тереңдікке арналған кемелер Бавенит және Бакерит (фин-
дық), олар якорлі жүйемен 80м дейін және 80м жоғары диаметриялық тұрақ-
тандыру жүйесімен қамтылған.
Ридинг энд Бэтэс американдық фирма тоғыз балкалы фермалармен
қосылған екі баржадан тұратын Катамаран бұрғылау кемесін құрды (сур.5).
Кеменің ұзындығы 79,25 м, ені 38,1м. Теңіздің кез келген терең-дігінде және
тереңдігі 6000 м-ге дейін ұңғыны бұрғылауға болады. Кемеде келесілер
орнатылған: биіктігі 43,25 м, жүккөтергіштік күші 4500 кН бұр-ғылау
мұнарасы; ротор; екі дизелден жетегі бар екібарабанды шоғыр; цементтеу
агрегаты; топырақты ерітінділер үшін резервуарлар; қуаты 350 кВт сегіз
якорлы шоғыр; 110 адамға арналған жататын бөлмелері бар.
Қазіргі уақытта Россида 300м аса тереңдікке арналған кемелер жоқ.
Жетістікті болып табылатын кемелердің бірі-катамарандар. Олардың
бірқатар жетістіктері бар: жоғарғы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер асты құбырлары
Эвакуациялық жолдар мен шығулар
“ҒИМАРАТТАРДЫ ЖӘНЕ ИМАРАТТАРДЫ ТЕКСЕРІП, СЫНАУ” ПӘНІНЕН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Жылу есептегішін есептеу
Европаның жер бедері мен пайдалы қазбалары
Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын өндіруге және экспорттауға салынатын салықтардың экономикалық мәні
Газразрядты жарық көздері
«Жасыл» құрылыс дамуының болашағы
Автономны энергияны үнемдеуші экоүй жобасы
Мұнай өткізгіш құбырлар
Пәндер