Delphi программалау ортасы туралы жалпы түсінік



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1 Delphi программалау ортасы туралы жалпы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1. Бағдарламалау тілдеріне
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ...
2. Delphi программалау
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..
3. Delphi интерфейсінің
элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ...
4. Delphi ортасының компоненттер
палитрасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2 Бағдарлама туралы жалпы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...
2.1 Есептің жалпы
қойылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ..
2.2 Бағдарлама
алгоритмі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ..
2.3 Модульдер, процедуралар, функциялар
кестесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... .
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ
Әлемнің оқу орындары жаңа технологиялармен және ақпараттық
жүйелермен тығыз байланысқан. Олардың әр қайсысы қажет ақпаратты сақтау
және өңдеу үшін компьютерлерді қолданады. Осы жолды таңдау мақсаты -
заманның талабына сай болу. Яғни әр бір орындалған жұмыс өзінің мазмұнының
маңыздылығымен ғана талапқа сай болып қана қоймай, әр түрлі анимациялық
көркемдеулермен көрсетілгені оған деген қызығушылықтың артуын қамтамасыз
етеді.
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы Дельфи бағдарламалау ортасында тест
құрастыру яғни, информатиктер үшін пән бойынша 20 сұрақтық тест
құрастырылған.
Курстық жұмыс – бұл бағдарламалық – әдістемелік жиын. Бұл
бағдарламаның бір маңызды жері, ол оқушылардың пәнге деген қызығушылығын
арттырып, оқытушының сабақты түсіндіруге аз уақыт жұмсау үшін арналып
жасалған.
Бұл курстық жобада 50 минут ішінде 20 сұраққа жауап беру керек,
тесттың соңында бағдарлама сізге қанша балл алғаныңызды, бағаңызды және
пайыздық көрсеткішті шығарады.
Бұл жасалған бағдарламаны тек қана оқушы емес, оқытушы өз сабағында
қолдана алады.
Бұл тест бағдарламасын қолдану облысы өте кең: электронды
оқыту жүйесі дистанциялық оқыту үшін, өздігімен ізденіс барысында, жалпы
білімге деген талпынысы бар оқушыларға өте тиімді. Қазіргі заман талабына
сай мүмкіндігі көп дербес компьютерлерді өңдей отырып, программалық оқыту
құралдарын, қандай да бір облыс бойынша дағдыларды қалыптастыру, білім,
бақылау жұмыстарын бағалауға мүмкіндік береді. Осы арқылы компьютерлік
технологияның дамуының тереңдетілуі білім сапасын жоғарлата отырып,
оқытушының жұмысын жеңілдете түседі. Бұл курстық жұмыста ақпараттық
қоғамның өзекті бағыттарының бірі – білім барысында электронды оқыту
құралын қолдану қарастырылады.
Курстық жұмыс Delphi 7 бағдарламасы көмегімен тест бағдарламасын
құрастыру және өңдеу жүзеге асырылады. Өңделген бағдарлама жұмыс барысында
оқытушыға көмекші ретінде қолданылады және мәліметтерді сақтау, теориялық
және практикалық материалдарды жеткізу процессін жеңілдетеді.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты электронды оқу тест бағдарламаасын
құрастыра отырып оқушылардың арнайы пәндер бойынша ізденістерін арттыру
болып табылады.

Delphi программалау ортасы туралы жалпы түсінік
1. Бағдарламалау тілдеріне шолу
Программалау тілінің көмегімен дайын программа емес, оның бұрын
әзірленген алгоритмді суреттейтін мәтіні ғана жасалады. Жұмыс істейтін
программаға қол жеткізу үшін бұл мәтінді автоматты түрде машина кодына
ауыстыру керек (бұл үшін компилятор - программасы пайдаланылады), содан соң
оны бастапқы мәтіннен бөлек пайдалану қажет немесе программа мәтінінде
көрсетілген тіл командасын бірден орындау керек (мұнымен интерпретатор -
программасы айналысады).
Процессорлардың әр тұрпаты әр түрлі теру командасына ие. Егер
программалау тілі процессорлардың нақты тұрпатына бағдарланып, оның
ерекшеліктерін ескеретін болса, онда ол деңгейі төмен программалау тілі деп
аталады. Бұл жағдайда деңгейі төменнің мағынасы нашар деген ұғымды
білдірмейді. Бұл арада - тіл операторының машина кодына жақындығы және
процессордың нақты командасына бағдарланғаны жөнінде сөз болып отыр. Ең
төменгі деңгейдегі тілге Ассемблер тілі жатады. Ол машина кодының әрбір
командасын сан түрінде емес, мнемоника деп аталатын символдық шартты
белгілердің көмегімен жай ғана көрсетеді.
Delphi ортасы – программисттің жоғары тиімді жұмысын қамтамасыз ететін
күрделі механизм. Ол визуалды түрде бір уақытта ашылған экрандағы
терезелермен жүзеге асады. Терезелер бірін бірі толығымен немесе бөлшектеп
жаба отырып экран бойынша ауыса алады. Бұл Word мәтіндік процессор немесе
Excel кестелік процессор ортасының қатысты қатандығына үйренген
қолданушыға кейбір әсерін тигізеді. Delphi – мен біраз жұмыс істеген соң
бұл әсер қайтып кетеді және сендердің құрып отырған программаларының
функционалды не басқа да қасиеттерін өзгерту үшін қажет терезені тез іздеп
табуды үйренесіздер.
Адамдар тіліне қарағанда ЭЕМ тілі екі мағыналылық пен
анықталмағандыққа жол бермейді. ЭЕМ-нің әрбір тілінің синтаксис деп
аталатын қатаң анықталған грамматикасы болады. Егер программа қосымшасы
(оператор) тіл синтаксисіне сәйкес болмаса, оның мағынасы да болмайды.
Екінші жағынан синтаксистің дұрыс оператор бір мағыналы трактовкаға ие
болады.
ЭЕМ-де программалау – бұл жай операторлардың тізбектеліп орындалуы.
Операторлардың есепті шығару үшін сүйенетін ЭЕМ командалары бар. Есепті
шығару үшін программаның қолданатын әдісі алгоритм деп аталады; программист
программаны құрмас бұрын алгоритм таңдауы керек. Алгоритм жай математикалық
теңдеу немесе күрделі процедура болады. Алгоритмді программа түрінде
көрсету программисттің тапсырмасы болып табылады.
Әр программисттің программаны жазу кезінде әр түрлі көзқарасы болады.
Кейбіреуі программа операторларының аз болуын немесе аз уақыт ішінде
орындалуын көздейді.
Көрсетілген критерийлерді қанағаттандыратын программалау ең жақсысы
болып саналады. ЭЕМ үшін программалау – машинаға бағытталған процедура
емес.
ЭЕМ адамдарға қызмет көрсету үшін болғандықтан, ЭЕМ-де программалау
анықтама бойынша адамға бағытталған тәртіп.

2. Delphi программалау жүйесі
Программисттің басты мақсаты оның программасын оқитын және
қолданатын адамдардың талаптарын қанағаттандыруға тырысу болып табылады.
Дельфи түсінікті программаларды жазудағы ең күшті құралдарға ие. Оның
жүйелік құрылымы программалау тәртібіне шектеу қояды және сонымен қатар
арнайы қолданыстарды қанағаттандыратын жаңа мүмкіндіктерді енгізу есебінен
тілді кеңейтуге мүмкіндік береді. Қысқаша қайтқанда, Delphi тілі
программисттің жақсы программаларды жазу тапсырмасын жеңілдетеді.
Курыстық жоба Delphi 7-де талданып отыр. Delphi қолданушысы үшін
Delphi – күшті өнім екендігін мойындау ғана маңызды емес, сонымен қатар
қосымша программалардың тез өңделуі – RAD.
RAD термині қосымшаларды тез өңдеу деген мағынаны білдіреді. (Rapid
Application Development). Ол программалау жүйесінің жаңа ұрпағы үшін
маңызды. Қазіргі RAD программисттер көрсетілген және түсінікті саймандарды
қолданады. Терезені көрсететін және генерациялайтын программаның код
бөлігімен ажырату өте қиын, терезені тышқанды баса отырып шығарған жеңіл.
Компоненттер палитрасы – бұл Delphi-дің негізгі байлығы. Ол басты
терезенің оң жақ бөлігінде орналасқан және қажет компонетті тез табумен
қамтамасыз ететін закладкасы бар. Компонент дегеніміз белгілі бір
қасиеттерден тұратын және программисттің әрекетімен форма терезесінде
орналасатын функционалды элемент. Компоненттер көмегімен программа каркасы
құрылады, қарсы жағдайда – оның экрандағы көрнекті сыртқы өзгерістері:
терезелер, батырмалар, таңдау тізімі және т.б. Батырмалар понелі секілді
компоненттер палитрасы күйлене алады. Ол үшін Proporties (қасиеттер)
опцияларын таңдау мен компоненттер палитрасындағы кез келген пиктограммасын
тышқанның оң жақ батырмасын сырт еткізгеннен кейін экранда пайда болатын
терезе, арнайы редактор қолданылады.
Форма терезесі болашақ программаның Windows-терезе жобасын ұсынады.
Басында терезе бос болады. Анығырақ ол Windows үшін стандартты интерфейстік
элементтерден – жүйелік менюін шақыру батырмалары, минимизациялар,
терезенің жабылуы мен минимизациялары, загаловка жалағы мен рамканы
сызбалайтындардан тұрады; барлық жұмыс ауданы формадағы орналасқан
компоненттерді реттеу үшін қызмет ететін координатты тор нүктелерімен
толықтырылған.
Delphi бағдарламалауортасының ішкі құрылымы басқа бағдарламалау
тілінен артықшылығы бар. Мысалы: Borland Pascal for Windows 7.0, Borland
C++ 4.0, Word for Windows, Program Manager – барлығы MDI қосымшалары болып
табылады және Delphi қосымшаларынан басқа түрлері бойынша ерекшеленеді.
MDI (Multiple Document Interface) – үлкен терезедегі бірнешетерезелердің
бірігуі болып табылады.
Delphi ортасы Single Document Interface (SDI) қосымшаларынан тұрады
және бірнеше жеке терезелерден тұрады.

Бағдарламалау ортасындағы негізгі құрамды бөліктер

Төменде Delphi ортасының негізгі бөліктері келтірілген:
1) форма дизайнері (Form Designer);
2 )бастапқы мәтінді редакторлау терезесі (Editor Window);
3) компоненттер палитрасы (Component Palette);
4) объектілер инспекторы (Object Inspector);
5) анықтамалықтар (On-line help).
Сонымен қатар Delphi тілінің тағы дақосымша құралдары бар. Оларды
құрал-саймандар деп атайды.
Delphi тілінде бағдарламалаушылар уақыттың үлкен шығынын. Жұмыс жасау
үшін осы екі терезенің атқаратын қызметін біліп алу керек. Форма дизайнері
төмендегі суретте көрсетілген, редакторлау терезесі 2 суретте келтірілген.
Форма дизайнері Delphi тілінде қарапайым әрі түсінікті. Форма
дизайнері бастапқыда бос болады. Оған мүмкін болатын компоненттермен және
объектімен бағдарламалаушы толтырады.
Дизайнер формасымен жұмыс жасап болған соң, жұмыстың көп уақыты
редакторлау терезесіне кетеді.
Компоненттер палитрасы Форма дизайнеріне объектілерді орнату
үшін қолданылады.
Форма дизайнерінің келесі жағында Объектілер инспекторын көруге
болады. Кез-келген объектінің формасын өзгерту үшін осы терезе арқылы
өзгертуге болады.
Объектілер инспекторының терезесі екіге бөлінеді: Біріншісі –
қасиеттер тізімі; екіншісі – оқиғалар тізімі.
Сурет 1 - Объектілер инспекторы формаға орналастырылған
объектінің қасиетін анықтайтын терезе
Оқиғалар терезесі Редакторлау терезесімен байланысқан болады.
Delphi ортасындағы тағы басты бөлік анықтамалық болып табылады (on-
line help). Осы құралға мүмкіндікті ашу үшін Help жүйелі пунктін таңдау
жеткілікті және Contents. Экранда Анықтамалық пайда болады. Ол 5 суретте
келтірілген.
Әр оператор Application (қосымша) объектінің белгілі бір әдісін
шақыру жұмысын атқарады. Object Pascal-да объект деп арнайы даярланған
берілгендер мен оларды өңдеуге қолданылатын ішкі бағдарламалардың
жиынтығынан тұратын және біртұтас болып саналатын бағдарламаның үзіндісін
айтады.
Анықтамалық контекстті-тәуелділікті болады.

2 Қосымша элементтер. Қосымша элементтер бөлімінде негізгі назар үш құрал-
сайман туралы болады. Оларды бағдарламалау ортасы үшін қосымша ретінде
қабылдауға болады:

Меню (Menu System);
Тез мүмкіндік алатын батырма панелі (SpeedBar);
Суреттердің редакторы (Image Editor).
Delphi ортасында осы менюдің көмегімен тез және иілгіш интерфейс
жасауға болады. Сондықтан ыстық пернелердің көмегімен жұмысты тездетуге
болады. Соған қосы қосымша элементтің ыңғайлылығы ұзын фразаларды қысқарта
отырып, иконкалар мен пиктограммалардың көмегімен жұмыс жасауға болады.
SpeedBar Компоненттер палитрасының сол жағында орналасқан. SpeedBar
менюдің көмегімен жасайтын көпшілік әрекеттерді орындауға мүмкіндік береді.
Кез-келген иконкаға мауысты апарып ұстап тұрар болсақ, онда түсініктеме
менюі пайда болады.

Сурет 2 - SpeedBar Компоненттер палитрасының сол жағында орналасқан.
Суреттер редакторы Windows ішіндегі Paintbrush сияқты жұмыс
жасайды. Осы меню жолына мүмкіндікті Tools Image Editor менюін таңдай
ала отырып жасауға болады.

Сурет 3 - Суреттер радакторы. Батырмаларды құру үшін қолданылатын
редактор
Енді Delphi тілінде күнделікті бағдарлама құруда кездесетін
элементтерге көшейік.

3 Инстурментальды құрал

Жоғарыда айтылған құралдарға қоса Delphi тілімен бірге жүретін
негізгі бес құрал бар. Олар:
Кірістірілген тексеруші;
Ішкі тексеруші (Жеке қойылады);
Командалық жолды компиляторлаушы;
WinSight;
WinSpector.
Осы құрал-саймандар бағдарламалауда техникалық орны бар болып
саналады.
Тексеруші қадам бойынша құрылған қосымшаның қаншалықты тиімді
жұмыс жасайтындығын анықтайды.
Кірістірілген тексеруші жоғарыда келтірілген бөлімдермен бірдей
жұмыс жасайды. Ол Редакторлар терезесінде іске асады. Ішкі тексеруші де
кірістірілген тексерушінің атқаратын қызметін атқарады. Ішкі тексеруші
кірістірілген тексерушіге қарағанда күрделі және тез жұмыс жасайды.
Енді компиляторға келейік. Ішкі компилятор DCC.EXE деп аталады
қосымшаны тексерудің алдына іске асыратын болсақ сонысымен пайдалы.
WinSight және WinSpector Windows ортасында бағдарлама құрушылар
үшін өте қызықты орта болып табылады. Бірақ бұл құралдар тығыз техникалық
мақсатта қолданылады.
Осы екі құралдың ішінде Windows хабарламаларын шығару кезінде
жүйені тексеріп отыру үшін қолданылады. Десек те Delphi ортасы барлық ішкі
орындалатын үрдістер мен бағдарлама мәтіндерін тығып қоюға тырысады.
Windows ортасындағы барлық негізгі және орның ішіндегі оқиғалар хабарлама
формасына ие болып табылады. Delphi бағдарламалау ортасы да Windows – тың
барлық хабарламасын алуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде тәжірибелі
бағдарламалаушы үшін WinSight қажетті болып саналады.
WinSpector машинаның жағдайын мәтіндік файл ретінде сақтайды.
Осы файлдың көмегімен біз бағдарламада қандай бөліктің дұрыс жүрмей
жатқандығын тексереміз. Осы құрал-сайманның көмегімен жүйенің кейбір жұмыс
жасай алмай қалған жағдайда қандай операциядан қате кеткендігін тексеру
үшін қолданылады.

4 Стандартты компоненттер

Компонент палитрасының құрамындағы объектілермен танысу керек.
Компоненттер палитрасында 14 объектіден тұрады. Олардың
қолданылу ретін өзгертуге болады.

Сурет 4 - Палитра бетәнде орналасқан компонеттер
Delphi тілінің стандартты компоненттері кейбір түсініктерімен
келтірілген. Олардың қалай басқарылатындығын лабораториялық сабақтан көруге
болады.
TMainMenu бағдарламаға негізгі менюді орнату үшін қолданылады.
TMainMenu менюін формаға орналастыру арқылы ол тек иконка сияқты
болып көрінеді. Осындай типті иконкаларды көрінбейтін иконкалар деп атайды.
Олар бағдарламаны орындау кезінде көрінбейді. Менюді құру үшін қадамнан
тұрады: (1) TmainMenu объектісін формаға орнату, (2) Объектілер
инспекторына Items қасиеті арқылы меню дизайнерін шақыру, (3) Меню
дизайнеріндегі меню пункттерін анықтау.
TPopupMenu ашылатын менюді шақыру үшін қолданылады. Осы меню типі
мауыстың оң жақ батырмасын басқанда пайда болады.
TLabel экранда мәтінді шығару үшін қолданылады.
TEdit – стандартты басқарушы Windows элементі арқылы мәтінді
енгізу.
TMemo - Tedit форманың келесі бір түрі. Ол үлкен мәтіндермен жұмыс
жасау үшін қолданылады. TMemo сөздерді тасымалдай алады. Сөздердің
фрагменттерін сақтап оларды редакторлай алады.
TButton бағдарламаны орындау кезінде қандай болмасын батырманы басу
үшін қолданылады.
procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject);
begin
MessageDlg('Are you there?',mtConfirmation,mbYesNoCance l,0);
end;
TCheckBox мәтін жолын кішкентай терезеде қасынан көрсету.
Терезеде белгіні қоюға болады.
TRadioButton бірнеше опциялар ішінен тек біреуін таңдау үшін ғана
қолданылады.
TListBox жылжытылатын тізімді көрсету үшін қолданылады.
TComboBox ListBox қызметін атқарады ақпаратты кіші әріппен
шығарады.
TScrollbar – жылжыту жолағы. Обектілер үшін аутоматты түрде пайда
болады.
TGroupBox Windows көрсету үшін визуальды мақсат үшін қолданылады.

TPanel – басқару элемент. Декоратитвті мақсат үшін қолданылады.
3. Delphi интерфейсінің элементтері

Delphi ортасында жұмысты бастамай тұрып, алдымен өз файлдарымызды
сақтайтын жұмыс бумасын-каталогын жасап, ортаны қажетті түрде икемдеп алу
қажет.
Бағдарламалардың жобасын құру барысында көптеген формалар мен
модульдер қолданылуы мүмкін. Сондықтан, осы мәліметтерді табақшадағы
файлдар түрінде бөлек бумада сақталады. Delphi ортасының кейбір стандартты
іс-әрекеттерін өзгертіп, сол ортаны өз қажеттілігімізге икемдейік.
Мысалы, бағдарламаға енгізілген соңғы өзгерістерді файлда автоматты
түрде сақтайтын тәртіпті орнатуға болады.
Интерфейстің құрамына 4 терезе кіреді:
1 Негізгі терезе (Project 1);
2 Объектілер бақылаушысының терезесі (Object Inspector);
3 Формалар құрастырушысының терезесі (Form1);
4 Бағдарлама кодының терезесі (Unit1.pas).
DELPHI-дің IDE ортасы көптерезелік жүйе деп саналады және икемделуіне
байланысты көрінісі жүктелгеннен кейін келесі түрде болуы мүмкін (1.1.1-
сурет).

Сурет 1-Delphi ортасының көрінісі
Негізгі терезеден басқа терезелерді жылжытуға, экраннан алып тастауға
және олардың өлшемін өзгертуге болады. Delphi бір құжаттық орта, яғни бір
мезгілде тек қана қосымшамен жұмыс атқаруға болады. Бағдарлама жобасының
атауы негізгі терезенің жоғарғы қатарында көрсетіледі.
Терезелерді кішірейту, үлкейту, жабу әрекеттері осы
әрекеттердің Windows ортасында орындалуымен бірдей болып келеді.
Форманың терезесінен Unit кодына және одан кері өту F12 пернесі
арқылы орындалады.
Негізгі терезеден басқа терезелерді жылжытуға, экраннан алып
тастауға және олардың өлшемін өзгертуге болады. Delphi бір құжаттық орта,
яғни бір мезгілде тек қана қосымшамен жұмыс атқаруға болады. Бағдарлама
жобасының атауы негізгі терезенің жоғарғы қатарында көрсетіледі.
Терезелерді кішірейту, үлкейту, жабу әрекеттері осы
әрекеттердің Windows ортасында орындалуымен бірдей болып келеді.
Форманың терезесінен Unit кодына және одан кері өту F12 пернесі
арқылы орындалады.
Кейде DELPHI жүктелгенде, Unit терезесі төмендегідей
(1.1.2-сурет) шығуы мүмкін. Сол жақтағы терезе Browser терезесі деп аталады
және бұл терезе арқылы бағдарламаның құрылымымен танысуға болады. DELPHI
ортасынан шығу үшін негізгі терезені жабу керек.

Сурет 2 - Browser терезесінің көрінісі
Негізгі терезе бағдарламаның жобасын құрудағы жұмыстарды басқарады
және DELPHI ортасы іске қосылып тұрғанда міндетті түрде экранның жоғарғы
қатарында орналасады (1.1.3-сурет).

Сурет 3 - Негізгі терезенің көрінісі
Бұл терезеде DELPHI-дің негізгі меню жүйесі, пиктограмммалық
командалық батырмалары мен компоненттер жинағы (палитрасы) орналасады.
Негізгі меню жүйесінің опциялар тақырыптарының құрамына ішкі меню
кіреді.
Негізгі меню жүйесінің элементтері сол жағында таңба қойылған
арнайы тақташаларда орналасады. Негізгі менюден басқа элементтерді
тақташадағы таңба арқылы негізгі терезеден тыс экранның кез келген
жеріне жылжытуға немесе мүлдем алып тастауға болады.
Тақташадағы батырмалар құрамын өзгерту үшін алдымен
тақташаны оң жақ тышқан батырмасымен сырт еткізіп, шыққан терезедегі
тақташалар тізімін және олардың статусын өзгертуге болады (1.1.4-сурет).

Сурет 4 -Тақташалар құрамын икемдеудегі терезелер
Бағдарламалаудағы айтарлықтай уақыт Lego конструкторының
детальдарымен атқарылатын жұмыс сияқты компоненттер жинағынан қажетті
компонентті таңдап, форманың терезесінде орналастыруға болады. Сөйтіп,
форма терезесінде қажетті компоненттер бірінен соң бірі орналастырылады.
Бұл ерекшелік – визуалды (көзбен шолу) бағдарламалаудың негізі.
Бағдарламалаушы әр мезгілде құрылатын бағдарламаның терезесін бақылап
отырып, қажетті өзгерістерді кез келген мезетте енгізу мүмкіндігімен
қамтылады.

4. Delphi ортасының компоненттер палитрасы

Standard тобы
Объектілер репозитариясын ашу (FileNew);
Бұрыннан құрылған файлды ашу (FileOpen File);
Файлды дискіде сақтау (File Save as ...), (Ctrl+S);
Дискіге жазып барлық файлдарды сақтау (FileSave all );
Бұрыннан құрылған бағдарламаның жобасын ашу (FileOpen),
(Ctrl+F11);
Жобаға жаңа файлды қосу (ProjectAdd to Project), (Shift+F11);
Жобадағы файлды жою (ProjectRemove from Project).
View (қарап шығу) тобы
Екпінді жобаның құрамындағы модульдер тізімінен қажетті модульді
таңдау (VeiwUnits), (Shift+F12);
Екпінді жобаның құрамындағы формалардың тізімінен керекті форманы
таңдау (ViewForm), (Ctrl+F12);
Форманың терезесінен бағдарлама кодының терезесіне және одан кері
өту (ViewToggle from Unit), (F12);
Жаңа форманы құру (ViewNew Form).
Debug (түзету) тобы
Бағдарламаны компиляциялау және орындау;
Түзету енгізіп жатқан бағдарламаның жұмысын уақытша тоқтату
(RunProgram Pause);
Қадамдық тексеру ішкі бағдарламалардың жұмысын бақылау тәртібінде
орындайды.
Қадамдық тексеру ішкі бағдарламалардың жұмысын бақыламайтын
тәртібінде орындайды (F7).
Custome (баптау) тобы
Delphi ортасының құрамындағы аңықтама жүйесін іске қосу
(HelpContents).
Desktops (икемдеу) тобы
Delphi ортасының екпінді күйін сақтау;
Түзету тәртібіне сәйкестелген терезелерді орнату.
Компоненттер жинағы
Компоненттер жинағы – Delphi – дің негізгі ерекшелігі. Ол негізгі терезенің
оң жағында орналасып, қажетті компонентті тез табуға арналған белгішелерден
тұрады.

1 сурет. Компоненттер жинағының терезесі
Компонент деп белгілі – бір қасиеттері бар және форма терезесінде кез
келген объектіні орналастыру мүмкіндігін туғызатын функционалды элементті
атайды. Delphi ортасының компоненттері 19 топқа бөлінген, ол топтарды
парақтар деп атайды. Компоненттер көмегімен бағдарламаның негізгі қаңқасы
құрылады (терезелер, батырмалар, таңдау тізімдері және т.с.с).
Форма құрастырушысының немесе форманың терезесі болашақ бағдарламаның
Windows ортасындағы жобасы. Алдымен бұл терезе бос болады, дәл айтсақ
Windows стандартты интерфейстік элементтерінен, яғни жүйелікмәзірді шақыру,
терезені үлкейтукішірейту, жабу батырмаларынан, тақырып қатарынан және
қоршалған шегінен тұрады. Бұл терезенің жұмыс аумағы координаттық тордың
нүктелерімен реттеліп тұрады.
Delphi ортасының компоненттері 19 топқа бөлінген, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XXI ғасыр елімізде қоғамдық информатикаландыру
Delphi-дің графикалық мүмкіндіктерін қолдана отырып қозғалатын бағдарлама құру
Delphi программалау ортасы және мәліметтер қоры
Delphi - жаңа программаны өңдеуге арналған инструменттер жиынтығының интегралданған ортасы
Delphi ортасының графикалық мүмкіндіктерін көрсететін программа және теориялық материал дайындау
Delphi ортасы – программа жазудағы ең бір қуатты жүйелердің бірі
Delphi бағдарламасында құрастырылған интерфейс
Мәліметтер қоры. Delphi ортасы
Delphi - де «Мозаика» ойын бағдарламасын жазу әдістері
Бала-бақша МҚБЖ-н құру
Пәндер