Қазақстанда туризмдi проблемалары және дамытудың перспективасы мен алғышарттары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кiрiспе

Негiзгi бөлiм

  1. Қазақстан Республикасының туристiк саясаты және қазіргі жағдайы
  2. Қазақстанда туризмдi проблемалары және дамытудың

перспективасы мен алғышарттары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер


Кiрiспе

Туризм - экономиканы тез арада жандандыратын құрал. Қазiргi кезде Қазақстанның мемлекет басшылары туристiк нарықта көптеген миллиардтық айналымы бар алып механизмдi көрiп отыр.

Туризм әлемдiк экономикада басты рөлдiң бiрiн атқарады. Дүниежүзiлiк Туристiк Ұйымның (ДТҰ) деректерi бойынша ол әлемдегi жалпы ұлттық өнiмнiң оннан бiр бөлiгiн, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдiк өндiрiстiң әрбiр 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етедi.

Туризмнiң қазiргi индустриясы табысы жоғары және серпiндi дамып келе жатқан қызмет көрсетулердiң халықаралық сауда сегменттерiнiң бiрi болып табылады. 1999 жылы халықаралық туризмнiң үлесi экспортқа шығарылатын дүние жүзiлiк табыстың 8 пайызын, қызмет көрсету секторы экспорттың 37 пайызын құрады. Туризмнен түскен табыс мұнай, мұнай өнiмдерi және автомобиль экспортының табысынан кейiн тұрақты үшiншi орында келедi. Бұл жағдайда шикiзатты сату елiмiзiдiң ресурстық байлығын азайтады, ал туристiк индустрия сол ресурстармен жұмыс iстей бередi. Осыған қарап, туризмдi дамыту шикiзатты сатуға қарағанда пайдалы ма деген сұрақ туындайды. Оның жауабы белгiлi: шикiзатты сату - экономикалық тығырыққа алып келедi, ал туризмдi дамыту - ұзақмерзiмдi, экономикалық пайдалы перспектива.

Дүниежүзілік Туристік Ұйым (ДТҰ) болашаққа арналған болжамдарына сүйенсек әлемдегi саяхат жасайтын адамдар саны 1999 жылы 613 млн. -нан 2020 жылы 1, 6 млрд-қа дейiн өседi. Әлемдiк туризмнен түсетiн пайда 1999 жылы 443 млрд. -тан 2020 жылы 2 трлн-ға дейiн өспек.

Туризм, экономиканың басқа секторларына қарағанда, мультипликаторлық әсермен жақсы қамтылған. Ол экономиканың 32 саласына тура немесе жанама әсер етедi (бұл турфирмалар, көлiктiң барлық түрлерi, орналастыру орындары, тамақтану жүйесi, демалыс орындары, санаторилер, ұлттық шеберлiк және т. б. )

Әлемдiк туристiк индустрияның дамуы жаңа туристiк-рекреациялық ресурстардың пайда болуына алып келедi, ал бұл Қазақстанға дүниежүзiлiк туристiк нарықта өз орнын табуға мүмкiндiк бередi. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Үкiметiмен туризм индустриясын дамытудың ұзақмерзiмдi жоспары жасалынған.

Туризм - экономиканың дамуының ұтылмайтын әдiсi: шикiзат сатуға қарағанда туризмнен елiмiздiң жер қоймасы азаймады, елге валюта ағымы көбейедi, жаңа жұмыс орындары пайда болады. ДТҰ мәлiметтерi бойынша туризм саласындағы айналым қазiргi уақытта шамамен 440 млрд. АҚШ долларын құрайды, ал Тайланд, Испания немесе Греция сияқты елдерде туризм экономиканың негiзгi бөлігі болып табылады.
Қазақстан Республикасының туристiк саясаты және

қазіргі жағдайы

Туристiк инфрақұрылым - кез-келген жағдайда ақша жасайтын механизм. Әлем валюталарымен не болмаса да, турист өз демалысы үшiн әрқашан ақшалық эквиваленттi төлеп отырады. Мысалы, Швеция Үкiметi Санк-Петербург арқылы Стокгольмге туристердi тарту үшiн 1, 7 млрд. АҚШ долларын Ресейдiң солтүстiк-батысындағы туристiк инфрақұрылымды дамытуға жiбердi.

Нелiктен Қазақстанның туристiк саласын дамыту мақсатымен инвестициялар жiбермес: қонақүйлер салу үшiн, Балқаш, Алакөлдерде кемпингтер салу үшiн, жоғары сапалы гидтер дайындау үшiн, экологияны жаңдандыру немесе сақтау үшiн?!

Небары 30 жыл бұрын Антальяның жағалауы қазiргi Балқаш, Алакөл ландшафтарынан асып түспейтiн. Сол кездерде Түркия Үкiметi сол жерлердi курорттық аймақ құру туралы шешiм қабылдады, банктер бұл саланы қаржыландырып, көп ұзамай бұл жерлерге туристер ағымы ағылды.

Көптеген елдерде туризм басты салалардың үштiгiне кiредi, туризм арқылы әлеуметтiк-экономикалық маңызды салалар тез арада дамиды, мысалы:

  • жергiлiктi пайданың үлкеюi;
  • жаңа орындардың пайда болуы;
  • турөнiмнiң өндiрiсiне байланысты барлық салаларды дамытады;
  • туристiк центрлерде әлеуметтiк және өндiрiстiк инфрақұрылымын дамытады;
  • жергiлiктi халықтың өмiр деңгейiн жоғарылатады;
  • валюталық түсiмдердi жоғарылатады.

Осы жағдайларды ескере отырып, Қазақстан өз тәуелсiздiгiн алғалы берi халқымыздың тарихи, мәдени мұрасын жандандыру және туристiк қызметтi реттеу мақсатымен бiрнеше шаралар жасады.

1992 жылдың 3 шiлдесiнде туристiк қызметтi реттейтiн ең алғаш «Туризм туралы» Заңы жарық көрдi.

1997 жылы Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Түркi тiлдес мемлекеттер басшыларының Ташкент декларациясын iске асыру туралы, Ұлы Жiбек жолының Қазақстан Республикасындағы туристiк инфрақұрылымын дамыту жөнiндегi ЮНЕСКО және Дүниежүзiлiк Туристiк Ұйымның (ДТҰ) жобасы туралы» қаулысы шықты.

1998 жылы - «Жiбек жолы тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркi тiлдес мемлекеттердiң мәдени мұрасын сақтау мен сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау» Жарлығы қабылданды.

2000 жылдың 26 казанында әлемдiк туристiк нарықта елiмiздiң туристiк потенциалын дұрыс жандандыру және Қазақстан Республикасында халықаралық туризмдi дамыту мақсатымен Қазақстанның туристiк беделiн қалыптастыру жөнiндегi 2000-2003 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары бекiтiлдi. /Қосымша /

2000 жылдың 29 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Туристiк саланы дамытудағы алғышарттар» Жарғысы туризм аясындағы кiшi кәсiпкерлiктi мемлекет тарапынан қолдау үшiн қабылданды.

2001 жылдың 14 қыркүйегiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Туристiк қызметтi лицензиялау ережесi» бекiтiлдi.

2001 жылдың 6 наурызында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Қазақстан Республикасында туризмдi дамытудың Тұжырымдамасы» қабылданды.

2001 жылдың 13 маусымында «Қазақстан Республикасында туристiк қызмет туралы» Заңы жарық көрдi.

Туризмдi дамыту саясатының мақсаттары мен қағидалары.

Туризм дамытудың мақсаттары:

  • сапасы, халықаралық туристiк рынок жағдайында өндiруге, сатуға және бәсекелестiкке төтеп беретiн өнiм өндiруге және сатуға қабiлеттi, рентабельдi туризм индустриясын құру жолымен туризмдi экономиканың табысы жоғары салаға айналдыру;
  • республиканың туристiк әлеуетiн арттыру;
  • тарихи-мәдени және табиғи-рекреациялық ресурстарды сақтау және ұтымды пайдалану;
  • халықтың барлық жiктерiнiң туристiк ресурстарға қол жеткiзуiн қамтамасыз ету, туристiк қызмет көрсетуге деген сұранысты барынша қанағаттандыру;
  • тұрғындардың жұмыспен қамтылуын ынталандыру;
  • мемлекеттiк және жеке құрылымдардың туризм саласындағы өзара бiрлескен iс-қимылының тиiмдiлiгiн арттыру;
  • шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту болып табылады.

Республикада саланы дамыту мынадай қағидалар негiзiнде жүзеге асырылады:

  • әрбiр адамның демалу және бос уақытын өткiзуге деген құқығын iске асыруы;
  • халықтар мен мемлекеттер арасындағы өзара түсiнiстiк пен ынтымақтастықтың iзгiлiк сипатын, бейбiтшiлiк пен сыйластық, нәсiлiне, жынысына, тiлi мен дiнiне қарамастан, адам құқықтары мен негiзгi бостандықтарын сақтау;
  • әдiлеттiк пен егемендiк, саяси, экономикалық және әлеуметтiк жүйесiне қарамастан, мемлекеттердiң iшкi iсiне қол сұқпау;
  • қоршаған ортаға және мәдени игiлiктерге ұқыпты қарау;
  • әлеуметтiк тепе-теңдiк пен даму, жеке адам мен қоғамның игiлiгiн арттыру;
  • туризмдi тұрақты дамыту.

Алға қойылған мақсаттарды iске асыру үшiн мынадай мiндеттердi шешу қажет:

  • туризм саласындағы мемлекеттiк саясатты жандандыру;
  • туристiк қызметтi реттеу жүйесiн жетiлдiру;
  • туризм индустриясының құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негiздерiн одан әрi дамыту;
  • туристiк рынокты демпингке қарсы және мемлекеттiк қолдаудың басқа да шараларын қабылдау арқылы қорғау;
  • туристердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
  • тартымды туристiк объект ретiнде Қазақстанның беделiн қалыптастыру;
  • ақпараттық қамтамасыз ету жүйесiн жетiлдiру;
  • туризм саласындағы ғылыми зерттеулердi тереңдету;
  • туризм саласындағы қызмет көрсетудiң статистикалық есебiнiң әдiснамасын халықаралық стандарттарға сәйкестердiру;
  • туристiк объектiлердi қайта жаңғырту мен салу үшiн отандық және шетелдiк инвестицияларды тарту жолымен туризм инфрақұрылымын дамытуды ынталандыру;
  • туристiк қызметтi стандарттау, сертификаттау мен лицензиялау негiзiнде туристерге қызмет көрсетудiң сапасын арттыру;
  • туризм саласындағыкадрлар даярлау мен бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiн дамыту;
  • туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
  • қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi шараларды қамтамасыз ету, терi әлеуметтiк әсерлердi бәсеңдету және мәдени мұраны сақтау;
  • туризм саласындағы келеңсiз үрдiстерден арылу.

Сонымен қорытындылай келе басқа өркениетті елдердегідей халықаралық туризімді дамытудың тәжірибесін саралай әрі ескере келе сол тәжірибені еліміздің туризм саласында іс жүзінде жүзеге асыруға бел буып, ат салысқанымыз абзал.
2 Қазақстанда туризмдi проблемалары және дамытудың перспективасы мен алғышарттары

Қазақстандағы туризмнiң тарихи алғышарттары б. э. д. үшiншi мыңжылдықта қалыптаса бастаған Ұлы Жiбек жолының қалыптасуы мен дамуы болып табылады.

Қазақстан тәуелсiздiк алғанға дейiн туризм басқа да экономика салалары сияқты орталықтан қатаң регламенттелдi. Туристiк қызметтегi КСРО -ның негiзгi аймақтары Кавказ, Қырым, Балтық өңiрi, Ресейдiң, Орта Азияның тарихи орталықтары болды. Сонымен, бiрге, Қазақстанның бiрқатар сәулет, археологиялық, мәдени ескерткiштерi мен табиғи көрнектi жерлерiнiң тарихи мәнiне iс жүзiнде жарнама жасалмады және сұраныс болмады. Кеңестiк кезеңде Қазақстандағы туризм идеологиялық қызметтi атқарған мәдени-ағарту жұмысы жүйесi элементтерiнiң бiрi болып саналады және оның басым рөлiне қарамастан, қалдық қағидасы бойынша қаржыландырылды және елеулi экономикалық маңызға ие болмады.

Қазақстанда туризм өндiрiсiнiң дамымай қалуының бiр себебi экономика саласы ретiнде онымен мемлекеттiк деңгейде тiкелей айналыспады. Туризмдi аумақтық ұйымдастыру және мемлекеттiк емес туристiк құрылымдарды кешендi болжауға, ұзақ мерзiмдi жоспарлауға назар аударылмады. Туризм табысының үлкен бөлiгi жергiлiктi бюджетке түсетiндiгiне қарамастан, жергiлiктi басқару органдарының тарапынан туристiк қызметтi басымдық деп танымауы саланы дамытуды тежеушi фактор болып табылады.

Қазақстан тәуелсiздiк алғаннан кейiн туристiк қызметтi реттеу мен халықтың тарихи және мәдени мұрасын қайта өркендету үшiн негiз қаланады.

Бүгiнгi күнi бiздiң мемлекетiмiзде туризмдi дамыту «Туризм туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 3 шiлдедегi № 1508-XII Заңымен, Қазақстан республикасы Президентiнiң «Түркi тiлдес мемлекеттер басшыларының Ташкент декларациясын iске асыру туралы, Ұлы Жiбек жолының Қазақстан Республикасындағы туристiк инфрақұрылымын дамыту жөнiндегi ЮНЕСКО және Дүниежүзiлiк Туристiк Ұйымның (ДТҰ) жобасы туралы» 1997 жылғы 30 сәуiрдегi № 3476 және «Жiбек жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркi тiлдес мемлекеттердiң мәдени мұрасын сақтау мен сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау» Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағдарламасы туралы 1998 жылғы 27 ақпандағы № 3859 Жарғылықтармен қамтамасыз етiледi.

Осы құжаттарды қабылдау туризмнiң қазақстандық нарығын дамытуға оң әсер еттi.

Туризм саласындағы халықаралық қатынастарды дамытуға жасалған қадамдардың бiрi - Қазақстанның 1993 жылы толығымен Дүниежүзiлiк Туристiк Ұйымға (ДТҰ) толық мүше болып қабылдануы, туризм саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық келiсiмдер жасауы болды. Бiрқатар келiсiмдердiң шет мемлекеттердiң Қазақстанды туристiк әлеуетi мол перспективалы серiктес ретiнде тану бастамасымен болғандығын атап өту керек.

Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгiнiң 2001 жылғы деректерi бойынша елде 479 туристiк ұйым болды, оның iшiнде 6 мемлекеттiк кәсiпорын, 405 жеке меншiк нысанында және 14 шетелдiк туристiк агенттiк жұмыс iстейдi. Бұл мағлұматтарды 1 - ші кестеде көруге болады*

1 ші-кесте

Қазақстан Республикасында қызмет атқаратын туристік фирмалар мен агенттіктер

Облыстар: Облыстар
1997: 1997
1998: 1998
1999: 1999
2000: 2000
2001: 2001
Облыстар: Қазақстан республикасы
1997: 350
1998: 403
1999: 425
2000: 690
2001: 770
Облыстар: Ақмола обл.
1997: 14
1998: 4
1999: 12
2000: 17
2001: 17
Облыстар: Ақтөбе обл.
1997: 11
1998: 12
1999: 13
2000: 17
2001: 13
Облыстар: Алматы обл.
1997: 11
1998: 28
1999: 22
2000: 30
2001: 35
Облыстар: Атырау обл.
1997: 4
1998: 3
1999: 5
2000: 9
2001: 13
Облыстар: Шығ. Қаз-н обл.
1997: 17
1998: 16
1999: 28
2000: 42
2001: 33
Облыстар: Жамбыл обл.
1997: 5
1998: 9
1999: 13
2000: 22
2001: 23
Облыстар: Батыс Қаз-н обл.
1997: 6
1998: 6
1999: 5
2000: 6
2001: 9
Облыстар: Қарағанды обл.
1997: 39
1998: 31
1999: 29
2000: 56
2001: 41
Облыстар: Қостанай обл.
1997: 8
1998: 7
1999: 12
2000: 13
2001: 12
Облыстар: Қызылорда обл.
1997: 1
1998: 1
1999: 1
2000: 9
2001: 10
Облыстар: Маңғыстау обл.
1997: 12
1998: 10
1999: 9
2000: 12
2001: 7
Облыстар: Павлодар обл.
1997: 27
1998: 21
1999: 19
2000: 20
2001: 15
Облыстар: Солт. Қаз-н обл.
1997: 15
1998: 12
1999: 3
2000: 4
2001: 5
Облыстар: Оңт. Қаз-н обл.
1997: 14
1998: 18
1999: 16
2000: 29
2001: 18
Облыстар: Астана қаласы
1997:
1998: 18
1999: 25
2000: 48
2001: 40
Облыстар: Алматы қаласы
1997: 166
1998: 206
1999: 213
2000: 356
2001: 479

* Туризм в Р. К. Стат сборник / Агентство Р. К. по статистике - Алматы, 2002. - 104с

Қазақстандық кәсiпорындар 80 елдiң туристiк фирмаларымен шарттық қатынастар орнатқан. 4 алматылық және 13 облыстық турфирма 8 мемлекетке чартерлiк әуе рейстерiн жүзеге асырады.

Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстiк Қазақстан облыстарындағы, сондай-ақ, Алматы және Астана қалаларындағы туристiк фирмалар желiсi неғұрлым дамыған болып табылады. Осы облыстардың және қалалардың туристiк ұйымдары жыл сайын туристердiң және экскурсанттардың 88 пайызына дейiн қызмет көрсетедi.

Тұтастай алғанда, 2001 жылы барлық меншiк нысандарындағы кәсiпорындар 57, 3 млн. теңге, жеке меншiктегiлерi 2298, 5 млн. теңге, шетелдiк фирмалар 54, 7 млн. теңге сомасында өнiм сатты, жұмыстар орындады, қызметтер көрсеттi.

Республика бюджетiнен түсетiн жалпы түсiмдердегi туристiк қызметтен түскен салық пен алымдардың үлесi 2000 жылы 0, 1 %-ды құрады. 2001 жылы 2000 жылмен салыстырғанда елдегi ЖIӨ - нiң туризмдегi үлес салмағы өсу үрдiсi байқалады, ол 1, 1% - ды құрады.

Туристiк ұйымдармен 2001 жылы барлығы 228, 3 мың туристке қызмет көрсетiлдi, Қазақстанның туристiк фирмаларының қызметiн 55, 9 мың шетелдiк азамат пайдаланды, бұл 2000 жылмен салыстырғанда 20, 9 мыңға немесе 60 %-ға көп. 2001 жылы қызмет көрсетiлген туристердiң жалпы көлемiнен шетелге туристердi жiберу 45%-ды құрады, iшкi туризм 30 %, шетелдiк туристердi қабылдау 24%, экскурсиялық қызметтi көрсету 3% құрады.

Қазақстандық туристердiң неғұрлым көп баратын жерлерi: Ресей, Қытай, Германия, Корея Республикасы, Польша, Түркия, БАЭ. Бiздiң елiмiзге Ресейдiң, Қытайдың, Германияның, Корея Республикасының, Пәкістанның, Польшаның, Түркияның азаматтары жиiрек келедi.

Туристiк қызметке жасалған таңдау көптеген турфирмалардың сыртқа шығу туризмiмен айналысатындығын көрсеттi, яғни Қазақстандық азаматтардың сыртқа шығуы мен шетел азаматтардың республика аймағына кіруі. Ал бұл, бiрiншi кезекте, Қазақстаннан капиталдың жылыстауына әкеп соғады. Тек қана 2001 жылы 57, 1 миллион АҚШ доллары республикадан тыс шетке шығарылған. Республика азаматтарының шет елге тауарлар сатып алу, кейiннен оны сату мақсатында баратын жолсапарлары, бұрынғысынша бұқаралық сипат алып отыр, алшоп-туризм Қазақстандағы туристiк қызмет көрсету рыногының жай-күйiн анық көрсетедi. Ол экономикалық дағдарыс кезеңiнде туристiк қызметке сұранысты жандандырып, көбiнесе туристiк фирмалардың тиiстi тәжiрибесiнiң және бiлiктi мамандарының жетiспеушiлiгiне байланысты туристер мен «чартер ұстаушылар» арасындағы делдалдық қызмет атқаруына елеулi көмек көрсеттi. Қазақстанның тұтыну рыногының төрттен бiрiн «қапшықтау» бизнесi тауарлармен толтырады және, тұтастай алғанда, бiр мезгiлде тауар өткiзу мен сату жүйесiндегi 150 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етедi. Қазақстанның iшкi сауда айналымындағы жыл сайындығы «қапшықтау» саудасының көлемi шамамен 2 млрд. АҚШ долларын құрайды.
2 кесте

Туризм аясындағы жеке формалардағы кәсіпорындармен ұйымдардың инвестициялау бағыттары бойынша негізгі капиталға инвестициялар

(нақтылы бағаларда, мың тенге)

:
Негізгі капиталға инвести-циялар: Негізгі капиталға инвести-циялар
Оның ішінде кәсіпорындардың жеке формалары бойынша: Оның ішінде кәсіпорындардың жеке формалары бойынша
: Мемлекет-тік
Негізгі капиталға инвести-циялар: Жеке
Оның ішінде кәсіпорындардың жеке формалары бойынша: Оның ішінде
Басқа мемлекет-тер, олардың заңды тұлғалары
: Шетелдік қатысуы бар біріккен кәсіпорын-дар
: Барлығы
Негізгі капиталға инвести-циялар: 957309724
Оның ішінде кәсіпорындардың жеке формалары бойынша: 137283393
525532522
270776289
294493809
: Қонақ үйлер мен ресторандарға қызметтерді ұсыну, оның ішінде:
Негізгі капиталға инвести-циялар: 6384997
Оның ішінде кәсіпорындардың жеке формалары бойынша: 2825936
2561500
537472
997561
: Ресторандары бар қонақ үйлерге қызметтерді ұсыну
Негізгі капиталға инвести-циялар: 3572985
Оның ішінде кәсіпорындардың жеке формалары бойынша: 2782364
699551
238658
91070
: Ресторансыз қонақ үйлерге қызметтерді ұсыну
Негізгі капиталға инвести-циялар: 753246
Оның ішінде кәсіпорындардың жеке формалары бойынша: 35634
187628
4636
529984
: Тау туристік базалармен жасөспірім туристік лагерлерге қызметтерді ұсыну
Негізгі капиталға инвести-циялар: 7828
Оның ішінде кәсіпорындардың жеке формалары бойынша: -
7828
-
-
: Басқада тұрғылықты жерлерге қызметтерді ұсыну
Негізгі капиталға инвести-циялар: 22641
Оның ішінде кәсіпорындардың жеке формалары бойынша: -
2025
-
20616
: Ресторандар тарапынан қызметтердің ұсынылуы
Негізгі капиталға инвести-циялар: 1092216
Оның ішінде кәсіпорындардың жеке формалары бойынша: -
777941
212839
314275
: Барлар тарапынан қызметтердің ұсынылуы
Негізгі капиталға инвести-циялар: 4300999
Оның ішінде кәсіпорындардың жеке формалары бойынша: -
419805
81339
11194
: Кәсіпорындармен мекемелер қарамағындағы асханалар тарапынан қызметтердің ұсынылуы
Негізгі капиталға инвести-циялар: 483211
Оның ішінде кәсіпорындардың жеке формалары бойынша: 7938
444851
-
30422
: Дайын тағамды жеткізу
Негізгі капиталға инвести-циялар: 21871
Оның ішінде кәсіпорындардың жеке формалары бойынша: -
21871
-
-
: Санаториялық курорттық мекемелердің қызметтері
Негізгі капиталға инвести-циялар: 208907
Оның ішінде кәсіпорындардың жеке формалары бойынша: 172726
36181
3012
-
: Мәдениетпен спорт, демалу мен көңіл көтерулерді ұйымдастыру бойынша іс әрекеттер
Негізгі капиталға инвести-циялар: 15612741
Оның ішінде кәсіпорындардың жеке формалары бойынша: 9610941
5113475
417803
888325

Туризм в Р. К. Стат сборник / Агентство Р. К. по статистике - Алматы, 2002. - 104с

Сонымен бiр мезгiлде, шоп-туризм, ең алдымен, елiмiздiң бюджетiне керi әсер етедi. Туристiк бизнестiң секторларының бiрi ретiнде шоп-туризмнiң өсуi туристiк қызмет көрсетудiң деңгейiн көтеруге елеулi әсер ете қойған жоқ.

Бүкiл өркетниеттi дүние негiзгi туристер ағынын өздерiне тартуға ұмтылуда, себебi туризм мемлекет бюджетiнiң кiрiс бөлiгiн толықтырудың маңызды көздерiнiң бiрi болып табылады. Сондықтан, Қазақстанға шетелдiк туристер ағынын көбейту қажет. Осы мақсатта туристiк ұйымдардың қызметiн, мұның өзi бiрiншi кезекте, көлiк құралдарының, орналастыру құралы, кадрлық қамтамасыз етудiң жай-күйiне байланысты, келушi туризмдi дамытуға қайта бағдарлау қажет.

Көлiк. Бүгiнгi таңда Қазақстанның халықаралық авиажелiлерiнiң Германияға, Үндiстанға, Бiрiккен Араб Әмiрлiктерiне, Түркияға, Италияға, Корея Республикасына, Венгрияға, Израильге, Қытайға, Тайландқа ұшуды жүзеге асыруға мүмкiндiгi бар. Iшкi және халықаралық рыноктарда жұмыс iстейтiн «Эйр Қазақстан» ұлттық тасымалдаушысы және басқа авиакомпаниялар авия тасымалдарын жүзеге асырады. Туристердiң көпшiлiгi сервис және қызмет көрсету сенiмдiлiгi жағынан отандық тасымалдаушыларға қарағанда авиа рейстерiн жүргiзетiн шетелдiк тасымалдаушылардың қызметiн пайдаланғанды жөн көредi, мұның өзi отандық тасымалдаушылар жасайтын авиа рейстер жолаушылар ағынын азайтатыны сөзсiз. Оның үстiне, авиабилеттер құнының қымбаттығы Қазақстанның туристiк өнiмнiң құнын өсiредi және тиiсiнше оның халықаралық нарықтағы бәсекелесу қабiлетiн төмендетедi.

Автомобиль көлiгi шекаралас мемлекеттерге шоп-туризмдi ұйымдастыру және экскурсиялық бағыттарды ұйымдастыру үшiн пайдаланылады. Алайда, оны дамыту, тұтасымен алғанда, жолдарының жай-күйiне және туристiк көлiк құралдарына тиiстi техникалық қызмет көрсетiлуiне де байланысты болады. Республиканың автобус паркi қараусыз қалған, сонымен бiрге қазiргi заманғы жайлы автобустар жоқтың қасы, бұл туристерге қызмет көрсетудi жоғары деңгейде ұстауға мүмкiндiк бермейдi.

Негiзгi темiр жол тасымалдаушысы «Қазақстан темiр жолы» республикалық мемлекеттiк кәсiпорны 14 бағыт бойынша жолаушылар тасымалдайды. Қазақстанның темiр жолдарымен транзитпен Қырғызстанның, Өзбекстанның, Ресейдiң, Тәжiкстанның және Түркiменстанның жолаушылар пойыздары өтедi.

Келешекте экологиялық жағынан таза қоғамдық туристiк көлiктi дамытуға назар аудару қажет.

Орналастыру құралы. Туристiк бизнестi шектеушi елеулi факторлардың бiрi туризм индустрия материалдық базасының мүмкiндiктерiнiң төмендігi болып табылды. Қазiргi уақытта, Республиканың қонақ үйлерiнде, турбазаларында, кемпингтерiнде және басқа орналастыру объектiлерiндегi сыйымдылық жүктеменiң 35%-ын құрайды. Сондай-ақ, елдегi қонақ үйлердiң саны 1999 жылмен салыстырғанда, 40%, ал бiр жолғы кереует-орынға сыйымдылық тиiсiншi 30%-ға төмендедi.

Соңғы бес жылда 605 қонақ үй жабылды, 2001 жылы республикада 205 қонақ үй жұмыс iстедi, нөмiр қоры небәрi 15%-ға ғана толтырылды.

Облыс орталықтарында шетелдiк келушiлерге сапасыз туристiк өнiм берудiң басты себебi тиiстi сыныптағы қонақ үйлердiң болмауы, ал қолдағы бар қонақ үй базасы 80 пайызға ескiрген, қонақ үйлердiң бiр бөлiгiнiң жай-күйi мүлде нашар және банкроттық жағдайда тұр, себебi олар 60-шы жылдары салынған.

Талдау көрсеткенiндей, туристiк сыныптағы қонақ үйлердiң (2-3 жұлдызды немесе шағын және орташа мейманханалар) рентабельдiлiгi неғұрлым жоғары.

Кадрлармен қамтамасыз ету. Туризм дамуындағы түйiндi мәселенiң бiрi туристiк кадрлар даярлау болып табылады. Қазiргi уақытта, Қазақстандағы мемлекеттiк, жеке және ресейлiк филиалдарды қосқанда, туризм менеджерлерiн даярлайтын 28 жоғары оқу орны бар. Қазақстанда мұндай кадрлар даярлаудың негiзi 1992 жылда қалағандығына қарамастан, туристiк саланы мамандармен қамтамасыз ету әлi күнге дейiн қанағаттандырғысыз жағдайда қалып отыр. Көптеген жоғары оқу орындары мұның басты себебi Қазақстандағы туристiк әлеует туралы оқытушылар құрамының бiлiм және туристiк саладағы жұмыс тәжiрибесi, деңгейiнiң жеткiлiксiздiгi болып отыр. Соның нәтижесiнде, мамандарды даярлау отандық туристiк-рекреациялық ресурстарды ұстау, туристердi қабылдау үшiн оларды пайдалану технологиялары мен ықтимал клиенттер арасында туристiк қызмет көрсетулердi атаулыжарнамалаудың әдiстемесi жеткiлiктi түрде ескерусiз жүргiзiлуде. Сондықтан, жоғары оқу орындары түлектерiнiң едәуiр бөлiгiнiң туроператорлық қызметтi толық атқаруға шамасы жетпейдi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туризм бағдарламасындағы туристік жерлер
Қазақстан Республикасында халықаралық туризмді дамыту мәселелері
Қостанай облысының туризмі
Туристік ресурстарды дамыту
Қостанай облысындағы ішкі туризм
Экологиялық туризмнің түрлеріне тоқталдық
Қазақстан Республикасындағы туризм дамуының негізгі тенденциялары
Қазақстандағы туризм жағдайы мен даму перспективасы
Қазақстандағы экологиялық туризмнің дамуы
Кологиялық туризмнің Қазақстандағы дамуының алғышарттары мен перспективалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz