Тұлға қаңқасының даму эволюциясы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Мазмұны
1. Тұлға қаңқасының даму эволюциясы
2. Омыртқа жотасы және оның жеке түрлері
3. Көкірек клеткасы
4. Қол-аяқ қаңқасы
5. Бос орналасқан қол қаңқасы
6. Білек сүйектері
7. Қол басы сүйектері
8. Аяқ қаңқасы
9. Бос орналасқан аяқ қаңқасы

КІРІСПЕ

Адам еңбек әрекеті процесінде қол, аяқ, саусақ және т.б. осы сияқты
өзінің табиғи құралдарын іс қимылға қосады.
Кез келген сүйектің түзілуі мезенхима текті жас дәнекер тканьді
клеткалар – осьтеобластар есебінен жүреді, оларда басты тірек рөлін
атқаратын клеткааралық сүйек заты жасап шығарады. Сүйек жүйесі негізінен
механикалық, көбінесе биологиялық маңызы бар қызымет атқарады. Сүйектердің
пішіні мен жан – күйіне ішкі мүшелер де әсер еғтеді, олар үшін сүйектер
орын, шұңқыр, ойық т.б. түзеді.

ТҰЛҒА ҚАҢҚАСЫ

Барлық омыртқалыларда тұлғаның тірек-қимыл аппаратынын элементтері
chorda dorsalis жәненерв түтікшесі жандарында ор-наласатын дорсальды
мезодерманың бірінші сегменттерінен (сомиттерінен) дамиды. Сомиттің
мидиовентральды, бөлігінен пайда болатын мезенхима (склеротом) хорда
айналасында қаңқа түзілуге кетеді, ал бірінші сегменттің ортаңғы бөлігі
бүлшықеттер түзеді (сомиттің дорсолатеральды белігінен дерматом түзіледі).
Шеміршек, ал кейін, сүйек қаңқасы түзілгенде бүлшықеттер (мио-томдар)
қаңқаның қатты бөліктерінен тірек алады, олар осының салдарынан бұлшықет
сегменттерімен кезектесе ауыса отырып, метамерлі орналасады. Әркайсысы ең
жақын екі көрші склеротомдардың жартыларынан пайда болып, омыртқалылар деп
ата-латын ұзына бойғы сегменттер қатарынан құралатын омыртқа жотасы —
дененің осьтік қаңқасы осындай принцип бойынша құралған. Төменгі формаларда
немесе адам ұрығының дамуының бас кезінде байқалатындай, өзінің қарапайым
түрінде омыртқа шеміршекті түзілістерден - хорданың дорсальды және
вентральды жақтарында метамерлі орналасатын дене мен невральды доғадан
тұрады.
Одан арғы эволюция барысында омыртқалардың жеке элементтері өсіп
келіп, бүл екі түрлі нәтижеге әкеледі: біріншіден, омыртқанын барлық
бөліктерінің қосылып кетуіне және екіншіден, хорданы ығыстырып, оньг
омырткалылардыц денелерімен ауыстыруға әкеледі. Денелер хорданы айнала
қоршай өсіп, оңы кысады, соңын нәтижесінде ол омыртқалар үшін
байланыстырушы маңызын жоғалтып, омыртқалар (интервертебральды) омыртқалық
дискілер центрінде қоймалжыц ядро (nucleus pufposus) түрінде сақталып,
негізінен жоғалады. Жоғарғы (невральды) доғалар жұлынды жан-жағынан қамтып,
тақ қырлы және жүп буындиқ (2 жүп) және көлденең өсінділер түзе отырып,
қосылып кетеді. Төменгі (вентральды) доғалар қабырғалар түзеді, олар
дененіқ жалпы қуысын қамти отырып, бұлшықет сегменттері арасындағы
аралықтарда (миосептерде) орналасады. Омыртқа шеміршек кезецін өтіп,
сүйектенеді, тек омыртқа денелері арасында ғана оларды байланыстыратын
омыртқааралық шеміршек қалады.
Омыртқа жотасының эволюциясы құрылықтағы тіршілік қалпына ауысуға және
дененіқ жер бетіне қол-аяқтары арқылы қоз-ғалуына байланысты оның
бөлімдерінің дифференциялануы жог лымен жүрді: Суда тіршілік' ететін
жануарларда (балықтарда) дене жәйе құйрық бөлімдері ғана ажыратылады.
Балықтарда мойын жоқ, барлық омыртқаларда қабырға болады; қозғалмай-тын бас
тікелей денеге ауысып, бүл дененің алдыңғы бөлігіне суда қозғалуға қолайлы
орнықты өткізгіш пішін береді. Қүрылыққа ауысумен (қосмекенділерден бастап)
бас қозғалу қабілетіне ие болып, осыған байланысты оған жақын жатқан
қабырғалар жоғалып, омыртқалардың көлденең өсінділерінің қабырға бөлігі
түрінде.сақталады. Басқа жақын жатқан омыртқалар мойын омыртқаларына айнала
өзгеріп, омыртқаныц мойын бөлімі түзіледі. Құ-рылықтағы жануарларда
қозғалмалы мойынның пайда болу фактісі қайтадан суда тіршілік етуге көшкен
сүтқоректілерде (мысалы, киттерде) мойын омыртқалары бітісіп кетіп, мойын
жоғалады деуге болады, ал бас қайтадан өзінің қозғалғыштығын жоғалтады.
Дамыған қабырғалардың сақталуы омыртқа жотасының қа-бырға бблімінің
(кекірек бөлімі деп дталған) бөлінуіне әсерін тңгізді.өйткені қабырғалар
тек осы бөлімде ғана сақталып қалып, ал басқа бөлімдерде олар омыртқалардың
келденең өсінділеріне қосылып кеткен рудименттік (қалдық) түзілістерге
айналды. Көкірек бөлімінің жеке бөлінуіне төссүйектің дамуын тудырған өк-
пенін,, сондай-ақ қол-аяқтардың дамуы әсерін тигізді, соның нәти-жесінде
омыртқаньщ көкірек бөлімі көкірек клеткасының түзілуі-не катысты.
Төртаяқтылардьщ артқы аяқтарының дамуына байланысты артқы аяқ белдеуі
осьтік қаңқамен, екг'немесе одан да кебірек омыртқалармен қосылып, олар
бітісе өсіп бір сегІзкөзгё айналды. Бұл омыртқаны нығайтып, онық бел және
сегізкөз бөлімдерінің бөлінуіне әкеледі. Сегізкөздің бітісіп-өсуі негізінен
денесі түтасынан арткы аяқтарына сүйенетін жануарларда бай-қалады.
Керісінше, омыртқа жотасының қүйрық бөлімі қүйрык-тын, редукциясына
(жоғалуына) барланысты' кішкентай рудиментен қалдыққа айналады. Аталған
процестер адам омыртқасының бөлімдерге бөлінуін және жеке омыртқалар
құрылысының түрліше болуын тудырды.
Сүтқоректілер қатарыңда омыртқалар саны тым өзгермелі ке-леді, бұл
эволюцияның жалпы бағытын — қарапайымдардан курделі жануарларға және адамға
қарай олардың санының азаю ыңғайын көрсетеді. Олардың шығу тегінің
ортақтылығын көрсететін, сүтқоректілердің барлық дерлік қатарында мойын
омырт-қа саны мойынның үзынды-қысқалығына қарамастан (мысалы, тышқан мен
жирафта) 7 болса, ал көкірек бөлімінде омырт-қа мөлшері сақталған қабырға
санына сәйкес 9 бен 24 арасында өзгеріп отырады. Адамда көкірек омыртқасы
12; бірақ олар 11— 13 болуы да мүмкін. Жануарларда бел омыртқа саны тым
қатты өзгеріп отырады (2—9), ал адамда сегізкөзбен бітісіп өсэдіне карай
олар 4—6, көбіне 5 болып келеді. Адамда ауыспалы омыртқа-лар аумағында
болатын қүбылыстардың ерекше гірактикалык маңызы бар: дорсолюмбальды
(тһXII), люмбодорсальды (Li), люмбосакральды (Lv) және сакролюмбальды (Si)
омыртқалар-дыц арасындағы.
XIII (бел) қабырға бар болса, бірінші бел омыртқа XIII көкірек
омыртқаға айналып, ал бел омыртқа тек төртеу больш қалады. Егер XII көкірек
омыртқасында қабырға болмаса, онда ол бел омыртқаға үқсайды (люмбализация);
бүл жағдайда көкірек омырт-қалары он бір, ал бел омыртқа алтау болады. Егер
сегізкөзбен бітісіп-өспейтін болса, 1 сегізкөз омыртқасы да осындай лим-
бализацияланады; егер V бел омыртқа 1 сегізкөз омыртқасымен бітісіп-өсіп,
оған үқсайтын болса (сакрализация), онда бел омыртқа 4, сегізкөз омыртқасы
6 болады.
Сөйтіп, адамда сегізкөзге дейінгі омыртқа саны 24-ке тең, бірақ ол 25-
ке дейін көбейіп,23-ке дейін азая алады. Сегізкөзге дейінгі омыртқалардың
бүл саны эволюция барысында олардың са-нының прогрессивті азаюын айқын
керсетеді және маймылдарда антропоидтарды қоса, 28—25-тен адамда 24-ке
дейін өзгеріп отырады. ,ол сияқты сегізкөз де өзара бітісіп-өскен
омыртқалардың түрлі мөлшерінен қүралады, соның өзіңде маймылдан адамға
қарай аяқ белдеуі буындасатын сегізкез омыртқаларының саны-ның
көбейетіндігі байқалады (2-ден 5-ке дейін).
Адамда тік жүруге байланысты сегізкөз барынша дамыған және әдетте ол 5
омыртқадан немесе тіпті 6 омыртқадан (сакрализация кезінде) тұрады.
Омыртқаның құйымшақ бөлімі қүйрықтың ұзындығына қарай қатты өзгеріп
отырады. Адамда құйымшақ омыртқаларының (кұ-йымшақ) саны 4-ке тең, бірақ 5-
тен 1-ге дейін өзгеріп, басқа жан-уарлармен салыстырғанда ед аз мөлшерге
жетеді. Осының нәтң-жесінде адамда омыртқалардың жалпы саны 30—35, көбіне
33 болады. Қабырғалар омыртқаның бүкіл өн бойына (жыландарда). орналасады,
алайда олар кебіне көкірек бөлімінде дамиды, ал, басқа.бөлімдерде
қабырғалар омыртқалармен қосылып, рудимент-тік түрде қалады.
Сүтқоректілердің көбінде қабырғалар омыртқаға екі жерден буындасады:
омыртқалардың денесіне және көлденең өсінділерге. Қабырғалардың вентральды
үштары тек құрылықта тіршілік ет-тін омыртқалыларда оған жанасатын алдыңғы
аяқ белдеуінің дамуына байланысты пайда болатын төссүйекке бекиді,
сондықтан аяқтарын жоғалтқан жануарларда, мысалы, жылаадарда, төссүйек
болмайды. Қүрылықта тіршілік ететін күрделі омыртқалылардың тессүйегі
қабырғалардың вентральды үштарынан дамиды, олар үрықтық даму бойынша
(адамда екінші айда) өзара жұп көкірек пластинкаларына айналып бітеді де,
орта сызығы бойы-мен тақ сүйекке косылады.
Адам денесінің қацқасы дененің тік қалыпта болуына байланысты
өзгерІстерге үшырап, соның нәтижесінде ол терт аяқтап жүретін басқа
сүтқоректілердің қаңқасынан. өзгеше келеді. Төрт аяқтап жүретіндерде
.омыртқаның мойын бөлімінен басқасы барлык төрт аяғына сүйенетін жайпақ
доға пішінді келеді. Адамда баска статикалык жағдайларға байланысты омыртқа
жоғарғы жағында басты ұстайтын және төменгі жағында аяқтарын тірек ететін
иілген вертикаль жота пішінді. Дененің тік қалпы көкірек клеткасының
конфигурациясына да эсер етеді.
Сөйтіп, адам денёсі қаңкасының тік жүруге және қолдың еңбек мүшесі
ретінде дамуына байланысты мынадай тән белгілері бар:
1) алға қарай шығыңқы сүйірленген (promontorium) сегізкөз бөлімінде
иілісі бар тік орналасқан омыртқа жотасы;
2) омыртқа денелерінің жоғарыдан төмен қарай біртіндеп артуы, олар
аяқтармен қосылатын жерде аяқ белдеуі арқылы 5 омыртқадан тұратын бірегей
сүйекке — сегізкөзге айналып бітісіп кетеді;
3) көлденеңінен көлемді алдыңғы-артқы жағынан тарлау келетін көкірек
клеткасыньщ кең және жалпақ болуы.

ОМЫРТҚА ЖОТАСЫ

Омыртқа жотасы, позвоночный столб, columna vertebralis, құрылысы
метамерлі және біріне бірі жалғасып, қысқа кеуекті сүйектерге жататын жеке-
жеке сүйекті сегменттерден — омыртқалар-ан, vertebrae, тұрады. Омыртқа
жотасы дененің тірегі болып та-былатын осьтік қаңқа ролін атқарады,. өзінің
өзегіндегі жүлынды қорғайды және дене мен бассүйектің қимыл-қозғалысына
қатысады: Омыртқа жотасының қалпы мен пішіні адамның тік жүруіне байланысты
болады.
Омыртқа жотасының, үш қызметіне сәйкес әрбір омыртқада, vertebra (грекше
— spondylos), мыналар болады:
1) алдыңғы жағынан орналасқан және қысқа бағанша-дене, corpus vertebrae,
түрінде қалыңдаған тірек бөлімі;
2) денеге арт жағынан екі аяқшамен, pediculi arcus vertebrae бекіп,
омыртқа тесігін, foramen vertebrale, тұйықтайтын доға, arcus vertebrae;
омыртқа тесіктерінің жиынтығынан омыртқа жотасында омыртқа өзегі (каналы),
canalis vertebralis, түзіледі, ол онда орналасқан жүлынды сыртқы
зақымданулардан қорғайды. Демек, омыртқа доғасы негізінен қорғаныш қызметін
атқарады;
3) доғадарда омыртқалардың қозғалысы үшін қажет тетіктер — өсІнділер
болады. Доғадан орта сызық бойымен кейін карай сүйір өсінді, procesus
spinosus; әр жағынан бүйірлері бойымен — көлденең өсінді, processus
transversus, жоғары және төмен қарай — жұп-жұп буын өсінділері, processus
articulares superiores et inferiores, шығады. Соқғылар арт жағынан жұп
ойынды-ларды, incusurae vertebrates superiores et inferiores, шектейді,
олардан бір омыртқаны екінші омыртқаға жалғастырғанда нерв-тер мен жұлын
тамырлары үшін омыртқааралық тесік, foramina intervertebralia, пайда
болады. Буын өсінділері омыртқаара-лық буындар түзуге қатысып, оларда
омыртқалар қозғалыс жасайды, ал көлденец және сүйір өсінділер Ъмыртқаларды
козғалысқа келтіретін жалғамалар мен бүлшықеттердің бекуі үшін қажет.
Омыртқа жотасының, түрлі бөлімдерінде омыртқалардыц жекелеген бөліктерінің
шамасы мен пішіндері әр түрлі, осыған карай: мойын омыртқалары (7), көкірек
омыртқалары (12), бел омыртқалары (5), сегізкөз омыртқалары (5) және
құйымшақ омыртқалары (1—5) деп айырады. Мойын омыртқаларында
омыртқаның тірек бөлігі (денесі) шамалы дамыған (1 мойын омыртқасының тіпті
денесі болмайды да), ал дененің төменгі жа-ғына қарай омыртқалардың
денелері біртіндеп үлкейіп, бел омырт-ңаларда барынша үлкен келеді; бүкіл
бас, дене және қолдардың және дененің осы бөліктерінің қаңқасын аяқ белдеуі
сүйектерімен, ал солар арқылы аяқтармен Жалғастыратын сегізкөз омырт-қалары
бірегей сегізкөзге айналып бітісіп-өседі (күш-бірігуде). Керісінше,
адамда жоғалып кеткен қүйрықтың қалдығы болып табылатын-құйымшақ
омыртқалары кішкентай сүйекті түзілістер тәрізді, оларда дене болар-болмас
та, ал доға болмайды. Омыртқа дцғасы қорғаныш белігі ретінде жүлынның
жуандаған жерлерінде (төменгі мойын, жоғарғы көкірек және жоғарғы бел
омыртқа-лары) кеңдеу омыртқа тесігін түзеді. Жүлынның 2 бел омыртқа
деңгейінде аяқталуына байланысты төменгі бел және сегізкөз омыртқаларының
омыртқа тесігі біртіндеп- тарылып, қүйымшақта тіпті болмайды. Бүлшықеттер
меи жалғамалар бекитін көлденең және сүйір өсінділер күшті бүлшықеттер
бекитін жерлерде көбі-рек өсқен (бел және көкірек бөлімдері), ал құйымшақта
құйыр-шық бұлшықеттерінің кұрып кетуіне байланысты бүл өсінділер кішірейіп,
қосылып, қүйымшақта кішкентай қырқа түзеді. Сегіз-көз омыртқаларының'
қосылып — бітісуінің нәтижесінде сёгізкөз-де омыртқа жотасының қозғалмалы
бөлімдерінде, әсіресе, бел белімінде, жақсы дамыған буын өсінділері
жоғалады. Сөйтіп, омыртка жотасының құрылысы түсіну үшін омыртқалар мен
олар-дьщ- жеке бөліктері бойынша кеп функциялық жүктеме түсетін бөлімдерде
күштірек дамығанын ескеру керек. Керісінше, функ-циялық жүктеме азайғак
жерлерде омыртка жотасының, тиісті бөліктерінің редукңиялануы байқалады,
мысалы, қүйымшақ адамда рудименттік түаіліске айналған.
Омыртқалардың жеке түрлері. 1.Мойын омыртқалары, шейные позвонки,
vertebrae cervicales (4-сурет). Мойын омыртқала-рына түсетін аздау (омыртқа
жотасының темен, жатқан бөлімде-рімен салыстырғанда) жүктемеге сәйкес
олардың денелері де кішілеу келеді. Көлденең өсінділер көлденең өсінді
тесіктерінің, foramina processus transversalіа болуымен сипатталады, олар
көл-денең өсінділердің қабырға қалдығымен (рудиментімен), processus
costarius, бітісіп-өсуінен пайда болады. Осы тесіктер жиынтығы-нан пайда
болатын өзек (канал) оларда өтетін омыртқа артерия-сы мен венасын қорғайды.
Көлденёң өсінділердің уштарында аталған бітісіп-өсу екі төмпешік —
tubercula anterius et posteriоrs түрінде білінеді. VI омыртқаның алдыңғы
төмпешігі күшті дамы-ған және tuberculum caroticum — ұйқы төмпешігі. деп
аталады (оған қанағуды тоқтату үшін ұйқылық артерияны қысып басуға болады).
VI және VII омыртқалардан басқаларында сүйір өсінді-лер ұштарында еқіге
бөлінген. VII омыртқада сүйір өсінді үлкен келеді, сондықтан VII мойын
омырткасы vertebra prominens (шығынқы) деп аталады,чхны тірі адамнан оңай
сипап білуге болады да, бүны диагноз қою мақсатында омыртқаларды санау үшін
пай-даланады

I және II мойын омыртқаларының ерекше пішіні бар, ол бассүйекпен
қозғалмалы болып буындасуға байланысты. I омыртқада — атлантта, atlas,
дененің үлкен бөлігі даму барысында П омырткаға ауысып, соған жабысып өсіп,
тіс, dens, түзеді. Осының салдарынан атланттың денесінен тек алдыңғы доға
қалады, бірақ алдыңғы жағынан тіспен толтырылатын омыртқа тесігі кеңейеді.
Атланттың алдыңғы (arcus anterior) және артқы (arcus posterior) доғалары
өзара бүйір массаларымен, massae laterales, қосылған. Олардың әрқайсысының
жоғарғы және төменгі беттері көршілес сүйектермен буындасуға керек:
жоғарғы, ойыс бет, fovea articularis superior, қарақұстың сәйкесті
буынбүртігімен буындасу үшін, төменгі, жалпайған бет, fovea articularis
inferior II мойын омырт-қасының буын бетімен буындасу үшін қажет.
Алдыңғы және артқы доғалардың сыртқы беттеріндегі төмпе-шіктер, tubercula
anterius et posterius,

II мойын омыртқа — axis (axis латынша — бсь, демек, осьтік), басқа
омыртқалардың барлығынан атланттың денесіне ұқсас гомологиялы тістәрізді
өсінді, немесе тістің, dens болуымен аса ерекшеленеді.
I көкірек омыртқасы бұл ережеге бағынбайды, оның жоғарғы жиегіндё I
қабырға үшін толық буын шұқыршағы, ал төменгі жиегінде II қабырға үшін
жартылай шүқыршақ бар. Одан кейін X омыртқада) X қабырға үшін тек бір ғана
жоғарғы жартышұқыршақ, ал XI және XII омыртқаларда сәйкесті қабырғалармен
буын-дасу үшін бір-бірден толық шұқыршақ болады. Сонымен, аталған
омыртқаларды (I, X, XI және XII) бір-бірінен оңай ажыратуға болады. Көкірек
омыртқаларының денелері оларға түсетін көптеу жүктемеге сәйкес мойын
омыртқалары денелерінен үлкендеу ке-леді. Буын өсінділері фронтальды
түрады. Қөлденең өсінділер жан-жақка және артқа қарай бағытталған. Олардың
алдыңғы жағында кішкентай буын беті, fovea costalis processus transversus —
қабырғалардың төмпешіктерімен буындасатын жер болады. Соңғы екі омыртқаның
(XI және XII) көлденең өсінділерінде бүл буынның беттері болмайды. Көкірек
омыртқаларыньщ сүйір өсін-ділері ұзын және темен қарай қатты көлбейген,
соның са,лдарынан негізінен омыртқа жотасының көкірек белімініц орта
бөлігінде біріне бірі черепица тәрізді, жабысып тұрады.

3.Бел омыртқалары, поясничные позвонки, VERTEBRAE LUMBALES омыртқа
жотасының жоғарыда жатқан бөлімдеріие карағанда көбірек түсетін жүктемеге
сәйкесті денелерінің үлкендігімен өзгешеленеді. Сүйір өсінділер тура артқа
қарай бағыттал-ған, буын өсінділері сагитальды орналасқан. Көлденең өсінді
өзінің кеп белігінде нағыз көл^іенең өсіндімен барынша қосылып-бі-тісіп
кеткен жэне бір бөлігі оның табаны артында кішкене өсінді түрінде
сақталған, қосымша дёп дүрыс аталмайтын (accessorius — косымша, косылатын)
рудименттік қабырға болып табылады
5. Құйымшақ омыртқалары, копчиковые позвонки, vertebrae coccygea, құрып
кеткен құйрықтың қалдығы ретінде рудиментті және орта. жаста бір сүйекке,
құйымшаққа, os coccydis, айналып, қосылып кетеді
Омыртқа сандарыныд варианттарьі: Дені сау адамдардың рент-генограммаларында
омыртқалар санының варианттары жиі байка-лады (люмбализация 1 сегізкөз
омыртқасының басқалармен біті-сіп-өсуі және онын, бел омыртқаға ұқсауы,
содан 4 сегізкөз және 6 бел омыртқа пайда болады) —4% және сакрализациянын.
түрлі формалары (ішінара, толық, біржақты, екіжақты): әйелдерде— 7%,
еркектерде—15%, ал сакрализацияға бейім болу—50%. Сакрализация дегеніміз—V
бел омыртқаныц I сегізкөз омыртқасы-мен қосылып-бітісуі, бүдан келіп 4 бел
және 6 сегізкөз омыртқасы пайда болады.

КӨКІРЕК КЛЕТКАСЫ
Қабырғалар, арт жағынқң арқа омьіртқаларымен, ал алдыңғы жағынан тақ
сүйек — төстікпен косылып, көкірек клеткасын, corn-pages thoracis, түзеді.

Төстік. Пішіні жағынан канжарға үқсайтын төстік, грудина, sternum үш
бөліктен түрады: жоғарьг- бөлігі — сабы, manubrium sterni, ортаңғы бөлігі —
денесі, corpus sterni, және төменгі бөлігі-семсертәрізді өсінді, processus
xiphoideus. Саптың жоғарғы жие-гінде қамытты ойық, incisura jugularis,
орналасады, оның бүйірлерінде әр жағында біреуден бұғана ойығы, incisura
clavicularis, болады, онда бүғананың төстік үшымен буындасады. Саптың
темени жиегі дененің жоғарғы жиегі өзара алға қарай шығыңқы төстік бұрышы,
ajrigulus costales, деп аталатынды түзеді. Төстік денесінің жиегінде
қабырғалық ойықтар, incisurae costales,'жата-ды, олар II қабырғадан бастап
шеміршекпен буындасады 9(-сурет).
Семсер^әрізді өсінді түрі жағынан күшті өзгеріп отырады, те-сігі болуы,
ёкіге тармақталуы, бор жағына қарай майысуы мүмкін және т. б. Төстіктің
қүрылысы өте бай қаңтамыр торы бар жүмсақ кеуек заттың молдығымен
ерекшеленеді, бүл төсішілік қа-н қүюға мүмкіндік жасайды. Тестікте жілік
майының -мол болуы, сәуле ауруын емдеу кезінде ауыстырып салу үшін, оны осы
жерден алуға мүмкіндік береді.
Қабырғалар. Әр жақта 12-ден қабырға болады. Олардыц бар-лығының артқы
ұштары көкірек омыртқаларының денелерімен қосылады. Жоғарғы 7 қабырға
алдыңғы ұштарымен тікелей төс-тікпен косылады. Бүлар-нағыз, шын қабырғалар,
costae verae. Өздерінің шеміршектері арқылы төстікке емес, алдыңғы қабырға-
ның шеміршегіне қосылатын келесі үш қабырға (VIII, IX және X) жалған
қабырғалар, costae spuriae деп аталады. XI және XII қа-бырғалардың алдыңғы
үштары бос жатады, бұлар толқушы қа-бырға^ар, costae fluctuantes.

Қабырғалар, ребра, costae, енсіз, иілген пластинкалар болып табылады,
олардың артқы, үзындау бөлігі үзын кеуекті сүйектерге жататын сүйектен, os
costales, ал алдыңғы, кысқалау бөлігі ше-міршектен, cartilago costalis,
түрады. Әрбір сүйекті қабырғада артқы және алдыңғы үштарын, ал олардың
арасында қабырға денесін, corpus costae, ажыратады. Артқы ұшында қырқамен
бөлін-ген буын беті бар қалыңдау қабырға басы, caput costae, болады, сол
арқылы қабырға омыртқалардың денелерімен буындасады. I, IX, және XII
қабырғаларда буын беті қырқамен бөлінбейді. Қа-бырға басынан кейін тарылған
бөлік -— қабырға мойнына, collum costae, жатады, оның жоғарғы .жиегімен
бірінші және соңғы қа-бырғада болмайтын бойлық қырқа, crista colli costae,
өтеді. Мой-ынһың қабырға денесіне айналатын жерінде, сәйкесті омыртқанын,
келденец өсіндісінің буын бетімен буындасу үшін, буын беті бар қабырға
төмпешігі, tuberculum costae, орналасқан. XI және XII қабырғаларда төмпешік
болмайды, өйткені бұл қабырғалар соң-ғы көкірек омыртқаларының көлденең
есіңділерімен буындаспай-ды. Қабырға темпешігінен латеральды қабырға иілімі
күрт өзге-реДі де, бұл жерде қабырға денесінде арт жағынан қабырға бүры
шы, angulus costae, орналасады. I қаырғада angulus costae, төм-пешікпен
сәйкес келеді де, ал басқа кабырғаларда төмпешік пен кабырғалық бұрыш
аралығы XI қабырғаға дейін көбейеді, ал XII қабырғада бұрыш жоғалады.
Ортаңғы қабырғалардың ішкі бетін-де төменгі жиегі бойында жүлге, sulcus
costae жатады, онымен қабырғааралық тамырлар өтеді.
I кабырғаның жоғарғы бетінде практикалық тұрғыдан маңызды төмпешік,
tuberculum m. scaleni anterioris, байқалады, ол алдың-ғы сатылы бұлшықеттің
бекитін жері, m. scalenus anterior, қызме-тін атқарады. Дереу осы
төмпешіктің арт жағынан кішкентай жүл-гені sulcus a. subclaviae, көруге
болады, оған I қабырға арқылы иіліп келіп бүғанаасты артериясы орналасады.
Төмпешіктің алдында бүғанаасты венасы үшін басқа, жайпақтау жүлге, sulcus
v. subclaviae жайғасқан

Ересек адамдарда алдыңғы рентгенограммаларда барлық 12 жұп қабырға айқын
қөрінеді, бүл кезде қабырғалардың алдыңғы беліктері езара қиылысып,
артқыларына қабаттасады. Бүл қабат-тасуларды түсіну үшін қабырғалардың
артқы бөліктері омыртқа жотасымен байланысқандығын және қиғаш-төмен қарай
және латеральды орналасқанын ескеру керек. Алдьщғы бөліктері темен қарай
қисайған, бірақ қері бағытта — медиальды. Сүйек тканінің шеміршек тканіне
айналуы нәтижесінде қабырғалардың алдыңғы үштарының келеңкелері үзілетін
сияқты керінеді. Рентгенограмма-
ларда қабырғалардың денесіне қабаттасатын бастары мен мойын-дары және
оларға сәйкес келетін омыртқалардың келденең есінді-лері байқалады.
Көлденең есінділердіқ жанында, сондай-ақ қабыр-ғалардың темпешіктері мён
олардың буынДасулары керініп тұра-ды.
Қабырғалардың даму варианттарынан қосымша қабырғалар-дың (VII мойын
қабырғасы және I бел қабырғасы) практикалық маңызы күшті, қабырғалардың XII
жүбы рудиТяенттік түзілІс ре-тінде басқа қабырғаларға қарағанда күштірек
езгереді. XII қа-бырғалардын екі формасын ажыратады: қылыш тәрізді, үзын қа-
бырға темен қарай қисайған және үш қырлы кішкене қанжар тәрізді, оның
кішкене қысқа қабырғасы горизонтальды орналасқан. XII қабырға болмауы
мүмкін.

Қол-аяқ қаңқасы
Омыртқалылардың көбінің орын ауыстыра қозғалуы (локомоция), бірінші
кезекте денесін жер,бетінен жоғары көтеріп жүретін, құрылықта тіршілік
ететін формаларда барынша дамыған қол-аяқтарға байланысты.
Приматтардың ішінде тек адам ғана денесінің вертикаль осіне жалғаса
орналасқан, енді төменгіге айналған артқы аяқтарына ғана сүйеніп тік
қалыпта жүреді.
Адамда тік жүруіне байланысты жоғарғыға айналған алдыңғы қолдары,
локомоторлық қызметін жоғалтады. Адамды жануарлар дүниесінен бөліп шығарған
еңбек әрекетінің арқасында, олар еңбек процесі кезінде қажетті әр алуан,
әрі нәзік қозғалыстар орындауға бейімделген ұстайтын мүшеге айналды.
Алдыңғы қол-аяқтар маймылдарда да ұстау қызметін атқарғанмен, тек адамда
ғана қол еңбек мүшесіне айналды. Осыған орай қол сүйектері аяқ сүйектеріне
қарағанда жұқалау да, жеңілдеу және оның үстіне, олар өзара өте қозғалмалы
буындасулармен байланысады. Әсіресе, пронация мен супинация жақсы дамыған.
Буындасулардың қозғалмалылығынан басқа, жоғарғы қолдардың қозғалыстарының
еркін болуы едәуір дәрежеде қолды шетке қарай ығыстыратын бұғанаға да
байланысты. Жоғарғы қол-аяқ қаңқасындағы адамға тән ерекшелік — бұл дененің
тік қалпынан пайда болатын иықтың бұралуы (torsio); адамның көкірек
клеткасы төрт аяқты жануарлардікі сияқты бүйір жақтарынан емес, алдынан
артына қарай қысыңқы болғандықтан, адамның жауырыны буын шұқыршағы
латеральды жаққа қарай (төрт аяқты жануарларда шұқыршақтар төмен қараған)
көкірек клеткасының артқы, бетіне жанасып жатады. Осыған байланысты
жауырынмен буындасатын тоқпақ жіліктің басының буын беті осы сүйектің
дистальды эпифизіне 90° бұрыш жасай ішке қарай бұрылады,әсіресе қолдың басы
еңбек әрекетіне жақсы бейімделеді. Қоспа (білезік) сүйектері азаяды,
керісінше, саусақтар ұзарып, өте қозғалғыш келеді. Бас бармақ бір жағына
ығысып, V саусақты қоса барлық саусақтарға қарама-қарсы (оппозиция) келе
алады. Маймылдар мұны жасай алмайды, олардың кейбіреулері бас бармағын III
саусаққа ғана жеткізе алады. Оның үстіне олардың бас бармағы қысқа. Осындай
қүрылысының арқасында адамның қолының басы адам тәрізді маймылдардікі
сияқты, нәрсені ұстап қана қоймай, оны қаусыра алады, ал бұның жұмыс
кезінде қолдың ұстау қызметі үшін үлкен маңызы бар. Адамның жоғарғы қол-
аяғы құрылысының бұл ерекшеліктері еңбек процесі кезінде қолдың жетілуі
нәтижесінде пайда болды. Сондықтан, Энгельс айтқандай, қол — еңбек
мүшесі және сонымен бірге оның өнімі (нәтижесі).

Адамның төменгі қол-аяқтары дененің кеңістікте орын ауыстыра қозғалуы
үшін ғана қызмет етеді, әрі сонымен бірге бүкіл дене салмағы түсетін
тіреніш болып табылады, сондықтаң төменгі қол-аяқ сүйектері қалыңдау,
ауырлау және жоғарғы қол-аяққа қарағанда олардың араларының қозғалғыштығы
едәуір төмен.
Табан дененің соңғы тірегі ретінде, маймылдарда болатын, ұстайтын аяқ
қызметің жоғалтқан, сондықтан тіреу кезінде ешқандай роль атқармайтын
башпайлар тым қысқарған. Үлкен башпай басқалармен қатар орналасқан және
қолдікі сияқты аса қозғалғыш емес, бірақ басқа башпайлармен салыстырғанда
оның күшті дамығандығы және табанның тибиализациялануы байқалады. Табан
серіппе тәрізді жүрген, жүгірген кездегі соққы мен шайқалыстарды
жұмсартатын күмбез пішінге ие болды.

Бұғана
Бұғана, ключица, clavicula қолды дене қаңқасымен бекітетін бірден
бір сүйек болып табылады. Оның функциональдық маңызы зор: ол иық буынын
көкірек клеткасынан тиісті қашықтыққа ығыстырады, сөйтіп қолдың барынша
еркін қозғалуын қамтамасыз етеді. Түрлі адам тұқымдастардың (гоминидтердің)
бұғаналарын салыстырғанда, оның біртіндеп үлкейіп, қазіргі адамда күшейіп
бара жатқан еңбек әрекетіне байланысты барынша дамығанын байқауға болады.
Ол денедегі дәнекер ткань (оның ортаңғы бөлі-гі), қалған бөлігі (ұштары)
шеміршек негізінде сүйектенеді, бұл кезде дербес сүйектену нүктесі тек бір
ғана (төстік) эпифизде (моноэпифизарлық) қаланады. Бұғана әрі
перихондральды, әрі эндохондральды түрде сүйектенеді.
Бұғана жіктелу бойынша аралас сүйектерге жатады және дене мен екі —
медиальды және латеральды ұшқа бөлінеді, қалыңдаған медиальды немесе төстік
ұшында, exstremitas sternalis, төстікпен буындасуға арналған ершік тәрізді
буын беті болады. Латеральды, немесе акромиальды, ұшында, exstremitas
acromialis, жазық буын беті — жауырын акромионымен буындасатын жер
орналасады. Оның төменгі бетінде төмпешік, luberculum conoideum
(жалғамалардың бекіген іздері) жатады. Бұғананың денесі төстікке жақын,
медиальды бөлігі алға қарай дөңес, ал латеральды бөлігі артқа қарай дөңес
болатындай етіп иілген.
Сүйектену. Бұғана сүйектену нүктесін басқа барлық сүйектерден
ерте—құрсақта дамудың алтыншы аптасында алады. 16—18 жаста оның төстік
ұшында (эпифизде), 20—25 жаста қосылып-бітісіп кететін сүйек. ядросы пайда
болады. Сондықтан 16 мен 25 жас аралығындағы адамдардың иық белдеуінің
рентгенограммаларында бұғананың төстік ұшында қосылып-бітісіп, жалпақ
дискіге айналатын көптеген сүйектену аралшықтарын байқауға болады. Ересек
адамның алдыңғы рентгенограммасында S тәрізді бұғана анық көрінеді.
Бұғананың төменгі бетінде, жауырынның processus coracoideus үстінде
tuberculum conoideum жиі байқалады, ол бұғананың осы аумағында сүйек
қабығының қабынуына ұқсауы мүмкін.
Жауырын
Жауырын, лопатка, scapula II—VII қабырғалар аралығында көкірек
клеткасының артқы бетіне жанасып жатқан жалпақ үшбұрышты сүйек. Сүйек
пішініне қарай оның үш жиегіне ажыратады: омыртқаға қараған медиальды
жиегі, magro mediale, латеральды жиегі, magro lateralis, және жауырын
ойығы, incisura scapulae, орналасқан жоғарғы жиек, magro superior. Аталған
жиектер бір-бірімен үш бұрыш астында қосылады, олардың біреуі төмен қарай
бағытталған (төменгі бұрыш, angulus inferior, (ал қалған екеуі) жоғарғы,
angulus lateralis), жауырынның жоғарғы жиегінің ұштарында жатады.
Латеральды бұрыш едәуір қалыңдаған, және шамалы батыңқы, латеральды тұратын
буын ойысымен, cavitas glenoidalis, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ОРГАНИКАЛЫҚ ДҮНИЕ ДАМУЫНЫҢ ЖАЛПЫ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
Адам эволюциясына әсер ететін факторлар
ЭКОЖҮЙЕНІҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
Құстардың шығу тегі
Шеміршекті балықтардың шығу тегі мен эволюциясы
Балықтардың қаңқасы
Тұлға мен қол –аяқ сүйектерінің жеке, жастық және жыныстық ерекшеліктері
Дөңгелек ауыздылардың ішкі және сыртқы құрылысы
Қазақстандағы сүтқоректілер класы
Хордалылар типіне жалпы сипаттама туралы
Пәндер