Экономиканы мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибелері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3


І. Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялары ... ... ... ... ... ... ...4

1.1 Экономиканы мемлекеттік реттеу және оның қажеттілігі ... ... ... ... ... .4
1.2 Экономиканы мемлекеттік реттеу методологиясы ... ... ... ... ... ... ... ..6

ІІ. Экономиканы мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибелері ... ... ...10

2.1 Экономиканы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру ерекшеліктері . Еуропа, Азия аймақтарындағы елдерде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
2.2 Шетелдердегі мемлекеттік реттеудің жоспарлау тәжірибесі ... ... ... ...11

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ---------------------------- ----------------------------------- ------
----------------3

І. Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялары------------------------- --4

1.1 Экономиканы мемлекеттік реттеу және оның қажеттілігі--------------------
-4
1.2 Экономиканы мемлекеттік реттеу методологиясы---------------------- ------
--6

ІІ. Экономиканы мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибелері-----------10

2.1 Экономиканы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру ерекшеліктері – Еуропа,
Азия аймақтарындағы елдерде---------------------------- -------------------
10
2. Шетелдердегі мемлекеттік реттеудің жоспарлау тәжірибесі---------------
11

ҚОРЫТЫНДЫ-------------------------- ----------------------------------- ------
--------13

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР------------------------- ---------------------15

КІРІСПЕ
Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі механизмі болжау мен
жоспарлау болып табылады, яғни олардың экономиканы басқаруда рөлі
жоғары. 90 – жылдардың басында мамандар Экономиканы жорспарлаудың
керегі жоқ, оның дамуын нарықтың өзі – ақ реттейді - деген қате пікір
айтты. Енді одан 5 – 6 жыл өткеннен кейін халық шаруашылығы саларының
даму барысын стратегиялық жағынан да болжау – жоспарлау керек екендігін
өмір дәлелдеп берді. 1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаев Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігін құрды.
ҚР Министрлер Кабинеті Президиумының 1993 жылғы 28 желтоқсандағы отырыс
хаттамасында 1994 жылға арналған жоспар жобалары мен 1996-2000 жылдарға
арналған республиканың әлеуметтік – экономикалық дамуының қажеттілігі атап
өтілді. Онда олардың шешілу барысын реттеу көбінесе қаржы – бюджеттік, ақша
– несие, салық баға, лицензиялық – кедендік, нарықтық және т.б. кеңінен
қолдану арқылы анықталады.
Экономиканы реттеу жөніндегі маңызды жалпы мемлекеттік шаралардың бірі
- өндіргіш күштерді орналастыру мәселесін де қамтитын құрылымдық –
инвестициялық саясатты жүзеге асыру болыып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылдың 13 қазанында қол
қойылған Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының жүйесін
жетілдіру және қызметтерін анықтау туралы Жарлығына сәйкес жоғарында
аталған функцияны қайта құрылған экономика және сауда министрлігі
атқарады.
Экономиканы мемлекеттік реттеуге қаржы жүйесінің барлық сферала-
ры мен буындары қатысады, оның үстіне қаржы жүйесінің әр буыны ықпалының
өзгешеліктері болады, айталық, ұлттық экономика арақатынастарының (ұдайы
өндірістік, салалық, аймақтық және т.т.) сан алуан түрлері реттеледі.
І. Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялары
1.1 Экономиканы мемлекеттік реттеу және оның қажеттілігі
Мемлекеттік реттеу қажеттілігінің объективті негіздерін қарастыруға
кіріспестен бұрын, ең алдымен осы түсініктің өзіне ғылыми анықтама беру
қажет. Себебі білімнің кез келген саласы "оның тәжірибемен дәлелденген
бастапқы аксиомалары жасалып, құрастырылғаннан кейін ғана ғылым саласына
айналады". Экономиканы мемлекеттік реттеу әлеуметтік-шаруашылық
процестеріне олардың тиімді теңгермешілігі мен макроэкономикалық
тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттің әкімшілік-экономикалық
және ұйымдық-құқықтық негізде араласуын білдіреді.
Мемлекеттік реттеудің объективті қажеттілігін анықтайтын факторлардың
мәнісін қарастыруға кіріспестен бұрын оларды, былайша айтқанда, ұғымдық
түрде анықтап алу керек. Ең алдымен мәселе "таза қоғамдық тауарлар", яғни
нарықтық қатынастар механизмдерінің қабылдамайтын тауарлар жөнінде болмақ.
Адамзат тарихы мемлекеттердің пайда болуы мен даму барысы, сондай-ақ,
олардың арақатынасы бейбіт іс-әрекеттермен қатар, күштеу жолымен де
анықталатындығын айқын көрсетіп отыр. Соңғы жағдай, яғни күштеу іс-
әрекеттері объективті түрде белгілі бір материалдық-техникалық және
интеллектуалдық қорларды сіздің қорғаныс кабілетін қажетті деңгейде
қамтамасыз ету үшін бөлуіне мемлекетті мәжбүр етті.
Мемлекеттік реттеу қажеттілігін айқындауға мүмкіндік беретін келесі
маңызды түсінік - тауарларды өндірушілер мен оларды тұтынушылардың нарықтық
өзара қатынастарының күшеюі мен тығыздылығының "сыртқы әсерлері болып
табылады. Мәселен, бұл қарым-қатынастар аумағында тауарлар (қызметтер)
өндіруге кететін шығындар құрамында табиғатты қорғау шаралары мен соған
арналған қорларды тиімді пайдалануға кететін шығындарды ескеруді
ынталандыру механизмі жоқ. Осыдан келіп, өз қызметін тек қана сұранысты
қанағаттандыруға және пайда табуға бағыттайтын кәсіпкердің ой-өрісінен
қоршаған табиғи ортаның ластануын болдырмау және табиғи шикізаты (әсіресе
оның қайта өндірілмейтін түрлерін) тиімді пайдалану мәселелері толықтай
шет қалатындығы әбден түсінікті.
Мемлекет тарапынан экономикалық процестерді реттеу кез келген қоғамдық
жүйенің, соның ішінде қаржыны басқарудың ажырағысыз элементі болып
табылады.
Экономиканы реттеу әдетте екі нысанда — өзін-өзі реттеу мен мемлекеттік
реттеу нысанында жүргізіледі:
- Біріншісі қоғамдық өндірістің түрлі буындарында қаржы базасын
қалыптастырудың шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздері жасап,
пайдаланатын әдістерімен сипатталады.
- Екінші нысан қоғамдық өндірістің даму процесіне мемлекеттің сан
алуан экономикалық тетіктері, соның ішінде қаржы тұтқалары арқылы
араласуын бейнелейді.
Экономиканы мемлекеттік реттеуге қаржы жүйесінің барлық сферала-
ры мен буындары қатысады, оның үстіне қаржы жүйесінің әр буыны ықпалының
өзгешеліктері болады, айталық, ұлттық экономика арақатынастарының (ұдайы
өндірістік, салалық, аймақтық және т.т.) сан алуан түрлері реттеледі.
Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу — бұл макроэко-номикалық тепе-
теңдікке және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның
үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржы ресурстарын шебер
пайдаланудың күнделікті процесін қамтамасыз ету үшін шаруашылық жүргізуші
субъектіге мемлекеттің қаржылық ықпал жасауының нысандары мен әдістерін
мақсатты және дәйекті қолдауы процесі. Мұндай реттеудің қажеттігі мемлекет
тарапынан қоғамдық өндірісін барысын қоғамға керек бағытта түзетіп отыруды
талап ететін өндірістің сипатымен анықталады.

1.2 Экономиканы мемлекеттік реттеу методологиясы
Мына бастапқы негіздемелер мемлекеттік қаржылық реттеуді жүзеге
асырудың алғышарттары болып табылады:
1. Қоғам дамуының объективті экономикалык, заңдарының іс-әрекетін
есепке алу.
2. Қоғамның барлық мүшелерінің түпкілікті мүдделерін білдіретін қоғам
дамуының гылыми негізделген стратегиялық бағдарламасын әзірлеу. Бағдарлама
мемлекет пен оның төменгі құрылымдарының нормативтік актілерін қамтамасыз
ететін тұтас, ұзақ мерзімді бағыт ретінде анықталады; онда болмаған
жағдайларға байланысты тактикалық сипаттағы түзету жасалуы мүмкін.
3. Көзқарастарды білдіретін демократиялық жүйенің болуы және халықтың
барлық жіктерінің, әлеуметтік, ұлттық топтарының мүдделерін еркін
білдірудің мүмкіндіктеріне арналған олардың демократиялық институттарының
болуы.
4. Шаруашылық қызметте қылықтың нормасы мен ережесінен шегіністі айқын
және жедел сезінетін елде жақсы жолға қойылған заңнамалық жүйенің болуы.
Қаржылық реттеудің көмегімен мемлекет халықтың төлем қабілеттілігінің
сұранымына, қорланудың қарқынына, тауарлар мен қызметтерді өткізуге, елдер
арасындағы тауарлар мен капиталдардың қозғалысына, макроэкономиканың
салалық және аумақтық құрылымына ықпал етеді.
Сонымен бірге қаржы тұтқаларының көмегімен мынадай негізгі мәселелер
шешіледі:
- материалдық өндіріс сферасында жұмылдырылатын қаржы ре-сурстарының
жалпы деңгейін реттеу;
- өндірістік сферадағы монополиялық қызметті экономикалық шектеу;
- кәсіпорындардың, ұйымдардың сыртқы экономикалық қызметін реттеу,
олардың құқықтық және келісімшарт тәртібін қамтамасыз ету;
- кәсіпорындарда, ұйымдарда, фирмаларда өндірісті дамытуды материалдық
жағынан ынталандырып отыру;
- кәсіпорындардың, ұйымдардың, фирмалардың ақшалай ресурстарын бөлудің
ішкі өндірістік арақатысын реттеу;
- ел, аймақ, сала, кәсіпорын, ұйым, фирма көлемінде инвестициялық және
инновациялық процестерді реттеп отыру. Сөйтіп, өндірісті қаржылық реттеу
мен ынталандырып отырудың негізінде жалпы алғанда елдің экономикалық
дамуының тенденциясына қаржы тұтқаларының көмегімен ықпал жасалады.
Нәтижелілікке, яғни мемлекеттік қаржылық ретеудің нақтылы қорытындысына
оны жүзеге асырудың белгілі бір шарттары сақталған кезде қол жетеді. Мұндай
шарттарға мыналар жатады:
а) экономиканы құрылымдық жағынан қайта құру;
ә) басқарудың барлық деңгейлерінде және меншіктің барлық нысандарында
шаруашылық процестер мен құрылымдарды монополиялау;
б) нарықтық бастамаға, коммерциялық қызметтің, заңдағы ес-кертпелерден
басқа қызметтің бірдей барлық түрлеріне еркіндік беретін барлық шаруашылық
жүргізуші субъектілер меншігінің бүкіл нысандарының шынайы теңдігін жасау
негізінде бәсекені, кәсіпкерлікті дамыту;
в) жоғарыда айтылған шарттардан туындайтын мемлекет шеңберінде де,
халықаралық кооперация мен еңбек бөлінісінің артықшылығынан шығатын
ынтымақтастықты дамыту жөніндегі экономикалық одаққа бірігетін бірнеше
елдердің бірыңғай интеграциялық кеңістігі шегінде де салалар, өндірістер,
аумақтар арасында өндірістің өзгермелі факторларының (әр түрлі нысандағы
капиталдардың, жұмыс күшінің, технологиялардың, ақпараттың, меншік
құқықтарының және т.т.) еркін кедергісіз ауысу мүмкіндігі.
Әдетте реттеу процесі объективті және субъективті факторлардың,
экономиканың жұмыс істеу шарттарының сан алуандығымен, әр түрлі
категорияларды, олардың элементтерін пайдаланумен сипатталады. Сондықтан
осы негіздемелер бойынша мемлекеттік реттеудің жүйесін межелеудің типтерге,
түрлерге, нысандарға және әдістерге сыныптаудың маңызы зор.
Реттеудің екі типі бар: ол экономикалық (оның қаржылық, бағалық,
кредиттік, валюталық, еңбекке ақы төлеу бөліктерімен) және әкімшілік
реттеу.
Қаржылық реттеудің түрлері салықтық, бюджеттік, мемлекеттік-кредиттік,
кедендік-тарифтік, валюталық-қаржылық, шаруашылық ішіндегі (фирма ішіндегі,
кәсіпорын, ұйым, корпорация шегіндегі және т.т.) реттеуді қамтиды. Қаржылық
реттеудің осы түрлеріне сәйкес оның мынадай нысандарын атауға болады:
мысалы, бюджетке — қаржыландыру, (субвенциялар, субсидиялар, трансферттер),
салықта — тура және жанама салық салу, валюта-қаржыда — сыртқы
инвестициялау, сыртқы қарыздар, сыртқы борыш. Бұлар — қаржылық реттеудің
негізгі нысандары.
Ортақ нысан жоспарлау (болжау) болып табылады.
Нарықтық экономика кезінде экономикалық, соның ішінде қаржылық нысандар
мен әдістер арқылы жанама реттеме іс-әрекет етеді. Дүниежүзілік практика
мынадай реттеуіштерді (әдістерді) жасады: салық салуда — салықтардың
мөлшерлемелері, салық салу жөніндегі жеңілдіктер мен санкциялар,
табыстарды, мүлікті, активтерді мағлұмдамалау, аванс төлемі және басқалары;
бюджеттен қаржыландыру кезінде — шығыстарды нормалау, қаражаттардың
пайыздық аударымдары, бюджет тапшылығын қаржыландырудың әдістері, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орталық банктің ақша – несие саясаты
Стратегиялық жоспарлаудың түсінігі мен мәні
Жекеменшік экономикалық категория ретінде
Азық-түлік қауіпсіздігі
Экономиканы мемлекеттік реттеудің мәні мен мазмұнын сипаттау арқылы тиімді мемлекеттік реттеу механизмдерін ұсыну
Қазақстанда инвестициялық іс-әрекеттерді мемлекеттік реттеудің құқықтық және экономикалық аспектілері
Ақша - несие саясатының құралдары
Инновация экономикалық дамудың негізі ретінде
Жоспарлау функциясының әдістері және түрлері
Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқаруының мәні мен мазмұны
Пәндер