Тұрмыстық мердігерлік шарты



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Тұрмыстық мердігерлік шарты

Жоспар:

Кіріспе

1. Тұрмыстық мердiгерлiк шартының ұғымы
2. Тұрмыстық мердiгерлiк шартының мазмұны
3. Орындалған жұмыстан кемшліктер табудың зардабы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Шарт – ең көне құқықтық құрылымдардың бірі. Одан бұрын қалыптақан
міндеттемелік құқық тарихында әрекеттер ғана болды.
Адамдардың арасындағы қарым қатынастың әртүрлі нысандарының дамуы
тараптардың келісілген еркі негізінде заңшығарушы ұсынған немесе құқықтық
моделді өздерінің жасауына қажеттілік туындады. Мұндай модел ретінде
шарттар болды.
Көп жылдар бойын әрекеттер мен шартар міндеттеменің пайда болуының
жалғыз негізі ретінде мемлекетпен танылды.
Біздің мемлекетте бүгінгі күнге дейін қатысушылары ретінде мемлекет,
кооперативтер, қоғамдық ұйымдар болған шарттырадың басым көпшілігі жоспарлы
актілерді орындау үшін жасалды. Мұндай шарттарды контрагенттердің еркі
мемлекеттік органдардан туындайтын тапсырмалардың тікелей немесе қосымша
әсерінен туындады. Осы арқылы шарт өзінің бастапқы құрастырушы белгісін
жоғалтты.
Қазіргі кездегі барлық азаматтық құқыққа тән шарттардың рөлінің арту
тенденциясы соңғы жылдары Қазақстанда экономиканың дамуымен анықырақ
байқалады. Бұл тенденция ең алдымен елдің экономикалық жүйесін түбірімен
қайта құрумен байланысты. Аталмыш қайта құруда ең маңыздысы жеке меншікті
тану, шаруашылық салада мемлекеттік реттеу рөлінің азайуы контрагенттерді
тандау еркіндігін бекіту және жаңа азаматтық құқықтың басқада негіздерін
іске асыру еді.
Жаңа АК шарт еркіндігі қағидатын бекітіп қана қоймай, сонымен қатар
оны жүзеге асыру үшін қажетті алғы шарттар жасады. АК тарапынан шарттың
маңызының өсуін тану оның ерекше бөлімінде көрініс тапты деп айтуға болады.
Өйткені ерекше бөлімнің басым көпшілігі шарттарға арналған.
Мердігерлік шартынан туындайтын құқықтық қатынастар жұмыс орындау
бойынша міндеттемелерге жатады. Солардың көмегімен, белгілі бір тұлғаның
жұмысының нәтижесі тиісті ақшалай құндылыққа айырбасталады.
Экономикалық тұрғыдан мердігерлік бұл қызмет, оның нәтижесі заттай
мінезде болып келеді ( белгілі мүлік пайда болады). Одан басқа, орындалатын
жұмыстардың өзге де (зат емес) нәтижелері болуы мүмкін бірақ бұл
мердігерлік қатынастарының мәнісін жоққа шығармайды, себебі оларда қол
жететін нәтижемен қатар белгілі қызметтің өзі де (оның барысы) маңызды
болып келеді. Осы қызметті негізінен (жалпылама) оңды ( пайдалы) қызмет деп
мінездеуге болады, сондықтан мердігерлік шарттарында тараптардың өзге
қатынастарымен бірге жүзеге асырылатын қызмет те реттеледі [3, 321].
Жұмыс атқаратын тұлғаның қызметі жалпы түрде реттеледі, өйткені ол
тұлға мердігерлік шарттың жағдайларына сәйкес жұмыстың толық орындалуына
жауапты болады. Осымен қатар, құқықтық реттеу, егер ол заттық сипатта
болса, тұлғаның қызметінің нәтижесінде оны беру бойынша міндетті де
қамтиды. Сондықтан мердігерлік шарты бұрын қарастырылған шарттардан
көрсетілген қызметті реттеу бойынша ережелерімен елеулі ерекшеленсе де,
жасалған мүліктің өзі және оны беру сұрақтары туралы айтсақ, онда онда
мердігерлік шартының тараптардың құқықтары мен міндеттері бойынша сатып алу
сату шартымен ортақтығы болып келетінін тануымыз мүмкін. Азаматтық құқықтық
әдебиеттерде еңбек және мердігерлік қатынастардың жақындығы жөнінде
айтылады. Бірақ негізінен мердігерлік қатынастарды сатып алу сату және
еңбек қатынастарынан айыруға болады. Айырмашылықтары олардың әрқайсыларының
қатысушыларының құқықтары және міндеттері жүзеге асырылатын шарттардың
мазмұнынан айқын көрінеді.
Мердігерлікке арналған нормалар, көбінесе Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексінде (616-683-б) ұстанылып келеді [2, 450]. Одан басқа
Қазақстан Республикасында халыққа тұрмыстық қызмет ету, Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік комитетінің 22.09.1996ж. №97-қаулысымен
бекітілген, құнды және антимонопольды саясат туралы тәртіптерінде
қолданылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін Ерекше бөлімін
қабылданғаннан кейін құрылыс аясында мердігерлік қатынастарда бұрын
қолданған, Қазақстан Республикасының Құрылыс министрлігінің 3 наурыз,
1994. №5-5- өкімімен бкітілген, Қазақстан Республикасының күрделі құрылыста
мердігерлік шарттарының уақытша тәртіптері, Қазақстан Республикасының
Құрылыс министрлігінің 30.06.1994ж. №7-5-Қаулысымен бекітілген, бас
мердігерлердің ұйымдарының қосалқы мердігерлік қатынастарымен өзара
қатынастарының ережелері күшін жойды.
Азаматтық заңнамада мердігерлік қатынастардың түрлерінің ең маңызды
және ерекше белгілері барлары реттелген. Мердігерлік шартының түрлі
сипаттамасына мыналар кіреді: 1) тұрмыстық мердігерлік; 2) құрылыс
мердігерлігі; 3) жобалау немесе іздестіру жұмыстарына мердігерлік; 4)
ғылыми- зерттеу, тәжірибелік- конструкторлық және технологиялық жұмыстарға
мердігерлік. Оларға Азаматтық кодекстегі мердігерлік қатынастарды реттеуге
арналған тарауында жеке параграфтар арналған.Мердігерлік шартының жекелеген
түрлеріне егер Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің бұл түрлер
туралы ережелерінде өзгеше белгіленбесе мердігерлік туралы жалпы ережелер
де (нормалар) қолданылады.
Жұмыстың өзектіілігі - азаматтық құқықтағы тұрмыстық мердігерлік
шарттың мазмұнын, орындаған жұмыстан кемшіліктер табудың зардабы туралы
жалпы ережелерін анықтау болып табылады.
Жұмыстың мақсаты –жоспар бойынша құрылған сұрақтарды талдау арқылы,
онда қорытынды шығарып, тақырыптың пәні мен мәнін ашу. Сонымен қатар
тұрмыстық мердігерлік шартынан туындайтын жағдайлардың барлығын заң
негізінде талдау жасау арқылы, олардың ерекшеліктерін, ұқсастықтарына жете
мән берілуі қажеттілігін ескеру.

1. Тұрмыстық мердiгерлiк шартының ұғымы

Мердігерлік шартынан туындайтын құқықтық қатынастар жұмыс орындау
бойынша міндеттемелерге жатады. Солардың көмегімен, белгілі бір тұлғаның
жұмысының нәтижесі тиісті ақшалай құндылыққа айырбасталады.
Экономикалық тұрғыдан мердігерлік бұл қызмет, оның нәтижесі заттай
мінезде болып келеді ( белгілі мүлік пайда болады). Одан басқа, орындалатын
жұмыстардың өзге де (зат емес) нәтижелері болуы мүмкін бірақ бұл
мердігерлік қатынастарының мәнісін жоққа шығармайды, себебі оларда қол
жететін нәтижемен қатар белгілі қызметтің өзі де (оның барысы) маңызды
болып келеді. Осы қызметті негізінен (жалпылама) оңды ( пайдалы) қызмет деп
мінездеуге болады, сондықтан мердігерлік шарттарында тараптардың өзге
қатынастарымен бірге жүзеге асырылатын қызмет те реттеледі [3, 321].
Азаматтық заңнамада мердігерлік қатынастардың түрлерінің ең маңызды
және ерекше белгілері барлары реттелген. Мердігерлік шартының түрлі
сипаттамасына мыналар кіреді: 1) тұрмыстық мердігерлік; 2) құрылыс
мердігерлігі; 3) жобалау немесе іздестіру жұмыстарына мердігерлік; 4)
ғылыми- зерттеу, тәжірибелік- конструкторлық және технологиялық жұмыстарға
мердігерлік. Оларға Азаматтық кодекстегі мердігерлік қатынастарды реттеуге
арналған тарауында жеке параграфтар арналған. Мердігерлік шартының
жекелеген түрлеріне егер Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің бұл
түрлер туралы ережелерінде өзгеше белгіленбесе мердігерлік туралы жалпы
ережелер де (нормалар) қолданылады.
Тұрмыстық мердiгерлiк шарты азаматтық заңнамада мердiгерлiк
қатынастардың түрлерiнiң ең маңызды және ерекше реттелген белгiлерiнің
бірі, жіне мердiгерлiк шартының түрлi сипаттамасына кiредi. Мердiгерлiк
шартының жекелеген түрлерiне егер Қазақстан Республикасының Азаматтық
кодексiнiң бұл түрі туралы ережелерiнде өзгеше белгiленбесе мердiгерлiк
туралы жалпы ережелер де (нормалар) қолданылады.
Бұл шарт мердiгердiң тұрғындарға қызмет көрсету аясындағы қатынастарды
реттейдi. Ол арқылы азаматтар бөлшектеп сатып алу-сату шарттарды жасасып
иелене алмайтын заттарға иелене алады, сол сияқты тұрмыстық мердiгерлiк
шарты бойынша олардың нәтижесi зат болып келмейтiн жұмыстар орындалады.
Мысалы: косметика салондарының шаштараздар, моншалар, шеберханалар және
т.б. қызмет көрсетуi осы сипатта болады. Тұрмыстық мердiгерлiк қатынасында
бөлшектеп сатып алу-сату шартына секiлдi бiр тарабы болып тұтынушы
қатысады.
Тұрмыстық мердiгерлiк Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң
640-650 баптарымен реттеледi [2]. Сонымен бiрге Қазақ КСР “Тұтынушылардың
құқығын қорғау туралы” заңы қолданылады. Тұрмыстық мердiгерлiк
қатынастарының белгiлi бөлiгi 1996 жылғы 20 қыркүйектегi №97 баға және
антимонополиялық саясаты бойынша, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
комитетiнiң Қаулысымен бекiтiлген тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету
Ережесiмен реттеледi. Тұрмыстық мердiгерлiк шарты ерекшелiгiнiң үлкен
бөлiгi оның тұтынушылардың қажеттiлiктерiн қанағаттандыруда болатын арнайы
мақсатының салдарынан болып келедi. Бөлшектеп сатып алу сатуда сатып алушы
қалай қорғалса, тұрмыстық мердiгерлiк қатынастарында тұтынушы сол шекте
қорғалады. Тұтынушылардың құқықтық жағдайын анықтайтын бiрқатар нормалар
Азаматтық Кодекстiң өзiнде де бар.
Тұрмыстық мердiгерлiк шарты бойынша, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге
асырушы мердiгер тапсырысшының тапсырмасы бойынша, тапсырысшының тұрмыстық
немесе басқа да жеке қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға арналған белгiлi-бiр
жұмысты орындауға мiндеттенедi, ал тапсырысшы жұмыстың нәтижесiн қабылдап
алуға және оған ақы төлеуге мiндеттенедi.
Тұрмыстық мердiгерлiк шарты жария шарттарға жатады. Сонымен бiрге бұл
шарт консенсуалды, өзара және қайтарымды болады.
Тұрмыстық мердiгерлiк шартының нысаны. Жалпы ереже бойынша егер заң
актiлерiнде немесе шартта, оның iшiнде формулярлар ережелерiнде немесе
тапсырысшы қосатын өзге де стандартты нысандарда басқаша көзделмесе,
тұрмыстық мердiгерлiк шарты мердiгердiң тапсырысшыға түбiртек немесе
шарттың жасалғандығын растайтын өзге құжат берген кезден бастап тиiстi
нысанда жасалған болып есептеледi [3, 232].
Жұмысты орындауға берiлген тапсырыста (шартқа немесе бекiтiлген
нысандағы құжатта) мыналар көрсетiлуi тиiс: орындаушының заңды мекен-жайы;
тапсырысшының тегi және аты, оның мекен-жайы және телефоны; тапсырыс
қабылданған мерзiм, тапсырысты орындаудың басталу және аяқталу мерзiмi,
аванс сомасы (толық сомасы), тапсырысты қабылдаған және өткiзген
тұлғалардың қолы, қызмет көрсету (жұмыс) түрлерi, орындаушы мен тұтынушының
материалдарының (заттарының) толық тiзiмi, бағасы және саны (қанша
материалдар жұмыс орындау үшiн қажет екенi көрсетiледi), жөндеуге берiлген
заттың зауыттық нөмiрi және өзге де реквизиттер. Түбiртектегi бұндай толық
ақпарат болуына талаптар тұрмыстық мердiгерлiк шарты жазбаша нысанда
жасалатынын бiлдiредi. Алайда тапсырысшыда аталған құжаттардың болмауы оны
шарттың жасалу фактiсiн немесе оның ережелерiн растауда куәгерлiк
айғақтарға сiлтеме жасау құқығынан айырмайды.
Жоғарыда аталғанның барлығын тұрмыстық мердiгерлiк шартының мiндеттi
талабы (елеулi жағдайлары) деп қарастыру керек емес. Онда, жалпы мәндегi
нормаларға сәйкес жасалатын мердiгерлiк шартында да сияқты елеулi
жағдайларға нысана (орындалатын жұмыс туралы) және жұмысты орындау
мерзiмдерi туралы жағдайлар жатады.
Тұрмыстық мердiгерлiк шарттары ауызша нысанда да жасалуы мүмкiн. Және
жетон, талон, кассалық түбiртек және тағы басқаларды берумен расталуы
мүмкiн. Барлық жағдайда да затты дайындауға тапсырыс, тұтынушының немесе
мердiгердiң эскизi бойынша немесе үлгiлерi бойынша қабылданады. Оның
қолымен (қол қоюымен) расталатын тұтынушының қалауы бойынша және осы туралы
бiр уақытылы мердiгермен келiсу нәтижесiнде үлгiлерден және (немесе) жұмыс
орындау (зат жасау) технологияларынан ауытқу болуы мүмкiн [4, 752]. Бұндай
ауытқулар тұтынушының өмiрi мен денсаулығына, қауiпсiздiгiне және оның
мүлкiне, қоршаған ортаға зиян келмеуi тиiс.
Тапсырыс рәсiмделген құжат немесе шарттың талабы тұтынушының құқығын
шектейтiн болса, ол Қазақ ҚСР-ң “Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы”
Заңына сәйкес жарамсыз деп есептеледi. Тұрмыстық мердiгерлiк шартында
жұмыстың бағасы тараптардың келiсiмiмен белгiленедi, бiрақ ол мердiгер
жариялаған прейскурантта көрсетiлгеннен жоғары болмауы керек.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 644-бабына сәйкес
мердiгер тұрмыстық мердiгерлiк шарт жасалғанға дейiн тапсырысшыға
ұсынылатын жұмыстар, олардың түрлерi мен ерекшелiктерi туралы, жұмыстың
бағасы мен оған төленетiн ақы туралы, қажеттi және сенiмдi ақпарат беруге,
сондай-ақ тапсырысшының сұрауы бойынша шартқа және орындалатын жұмысқа
қатысты басқа да мәлiметтердi хабарлап отыруға мiндеттi [2]. Егер жұмыстың
сипаты бойынша мұның маңызы болса, тапсы-рысшыға мердiгер оны орындайтын
нақты тұлғаны көрсетуге тиiс.
Жоғарыда аталған мiндеттердi орындау үшiн жұмысты орындайтын
кәсiпорынның қызметi туралы маңдайшасы, заңды мекен жайы мен атауы, жұмыс
iстеу режимi көрсетiлген маңдайшасы керек. Жеке кәсiпкер өзiнiң тiркелген
органы туралы ақпаратты, көрсетiлетiн қызметтiң мiндеттi талаптарының
стандарты туралы ақпаратты және жұмысы сертификатталғаны туралы ақпаратты
ұсынуға мiндеттi.
Орындалуға жататын жұмыс туралы ақпарат оның түрлерi, ерекшелiктерi,
бағасы және төлеу нысаны туралы) кәсiпорынның тұрақты мекен-жайынан тыс,
мысалы уақытша мекен жайда, жылжымалы пунктiлерде, орынға барып жұмыс
iстейтiн бригадалармен қызмет көрсету жүргiзген кезде де ұсынылуға тиiс.
Тапсырысты қабылдау жүргзiлетiн кәсiпорынның бөлмесiнде тұтынушыға
керектi ақпарат көзге көрiнетiн жерде орналасуға тиiс. Оның тiзiмi
Қазақстан Республикасының тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету Ережесiнiң 5-
пунктiнде берiлген [3, 234]. Жекелеп алғанда онда жұмыс түрiн орындауға
лицензия, тұты-нушыға ұсынылатын мердiгердiң және өзге бұйымдардың
(фурнитураның) үлгiлерi, типтiк шарттардың түбiртектердiң, жетондардың,
қолхаттардың, талондар және мердiгер тапсырысты қабылдағанын және тұтынушы
жұмыс үшiн төлегенiн растайтын өзге де құжаттардың үлгiлерi көрсетiлуi
тиiс.
Тапсырысшының тұтынушы ретiндегi құқықтары оған оның құқықтары, шарт
жағдайлары, орындалатын жұмыстардың сипаттамалары туралы толық ақпарат
берумен қатар мердiгерге шартқа қосымша ақылы жұмыстарды немесе қызметтердi
қосуына тиым салу арқылы да қамтамасыз етiледi. Бiр жұмысты орындау өзге
жұмыстар орындалуының мiндеттiлiгiне әкелмеуi керек.
Тапсырысшы өзiне жұмыс нәтижелерiн өткiзгенге дейiн кез келген уақытта
шарттан бас тартуға құқығы бар. Бас тартуы алдында ол орындалған жұмыс үшiн
мердiгерге белгiленген бағаның бiр бөлiгiн төлеуi керек. Бұл мiндет
мердiгер жұмысты тапсырысшыдан ол шартты бұзатыны туралы хабарлама алғанға
дейiн орындалса ғана болып келедi. Тапсырысшы мердiгердiң мәлiмдеме жасау
сәтiне дейiн орын алған өзге де шығындарын өтеуге мiндеттi. Ал негiзiнен
тапсырысшының әрқашан шартты бiр жақты бұзуға құқығы бар және одан айыратын
тұрмыстық мердiгерлiк шартының жағдайлары жарамсыз болып келедi.
Мердiгердiң негiзгi мiндетi шарт талаптарына және мiндеттi талап
етiлген стандарттарға сай жұмысты орындау. Кейбiр жағдайларда жұмыс
мердiгердiң материалдарымен орындалады. Мұндай жағдайда ол материалдар
сапасының стандарттар мен шарт талаптарына сәйкестiгiн қамтамасыз етуге
мiндеттi.
Мердiгер жұмысты шартта қарастырылған мерзiмде бiтiруге тиiс.
Тапсырысты орындау мерзiмi азаматтық құқықтағы мерзiмдердi есептеудiң жалпы
ережелерiне сәйкес жүргiзiледi. Мерзiм жұмыстың орындалып бiту уақытымен
және жұмысты орындауға кiрiсу уақытымен анықталынады. Егер тұрмыстық
мердiгерлiк шартында жұмысты бөлiп-бөлiп орындау қарастырылса, онда шартта
әр орындалатын бөлiктiң мерзiмдерi көрсетiлуi тиiс. Жедел қызмет көрсету
нысанындағы жұмысты орындау шартқа сәйкес жүргiзiлуi мүмкiн.
Егер тұрмыстық мердiгерлiк шарты бойынша жұмыс тапсырысшының
материалынан орындалатын болса, түбiртекте немесе шарт жасасу кезiнде
мердiгер тапсырысшыға беретiн өзге де құжатта материалдың дәл атауы көлемi
(саны), сипаты және тараптардың келiсiмi бойынша белгiленетiн бағасы
көрсетiлуге тиiс [5, 708]. Түбiртектегi немесе сол сияқты өзге де құжаттағы
материалды бағалауға тапсырысшы жазбаша дәлелдемелер ұсыну арқылы кейiн
сотта дау айтуы мүмкiн. Мердiгер тапсырысшының берген материалдарының дұрыс
пайдаланылуы мен сақталуына жауап бередi. Мердiгер тапсырысшы берген
материалдардың жарамсыз және сапасыз екендiгiн ескертуi тиiс. Сонымен бiрге
орындалатын жұмыс нәтижелерiнiң жарамдылығына, берiктiгiне қауiп туғызатын
мән-жайларды тапсырысшыға ескертуге тиiс.
Тапсырысшы берген материалды мердiгер бiршама немесе толығынан
жоғалтып алса, (бүлдiрiп алса) онда ол сол материалды түрi мен сапасы
сондай болып келетiн өзге материалмен ауыстыруы тиiс. Сонымен бiрге
тұтынушы шеккен шығындар да өтелуге тиiс болады. Материалдың жекелеп
бұзылуы мердiгер оған материалдардың бүлiнуiне әкелуi мүмкiн материалдардың
айрықша қасиеттерi жағдайында мердiгер тұтынушының еркi бойынша ұзатпай
шартты жаңартып және қысқа мерзiмде сондай материалдан затты дайындауға
мiндеттi.
Тапсырысшыға мердiгер материалдардың олардың бүлiнуiне әкелуi мүмкiн
айырықша қасиеттерi туралы ескертсе, онда мердiгер материалдың бiршама
немесе толық бүлiнуiне (жойылуына) байланысты жауапкершiлiктен босатылады
(яғни тапсырысшы өз нұсқауын бердi деген сөз және осы нұсқауды орындау зиян
себебi болды). Ал мердiгердiң материалдық айрықша қасиеттерi туралы
бiлмегенi оны жауапкершiлiктен босатпайды.
Мердiгер, егер төтенше және бой бермейтiн (дүлей) күш жағдайлары орын
алса, осының себебiнен материалдардың бүлiнуi, жұмыстың тиiсiнше
орындалмағаны үшiн жауапкершiлiктi көтермейдi.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде тапсырысшы –
тұтынушының мүддесiн қосымша қорғауды қамтамасыз ететiн нормаларды да
қарастырады [2]. Мердiгер тапсырысшыға дайындалған (қайта өңделген) немесе
орындалған жұмыстың өзге нәтижесiн тапсырған кезде тапсырысшыға соларды
тиiмдi және қауiпсiз пайдалану үшiн қажеттi талаптарды хабарлауға мiндеттi.
Орындалған жұмыс нәтижесiн пайдалану талаптарын сақтамаудың тапсырысшының
өзi немесе өзге тұлғалар үшiн қолайсыз салдары да көрсетiлуi керек.
Жұмысты орындағаннан кейiн немесе тапсырыстан бас тартылған жағдайда,
мердiгер тұтынушыға жұмсалғаннан қалған материалдарды, сонымен бiрге
ауыстырылған бөлшектердi (жарамсыз бөлшектердi) қайтаруға мiндеттi, сол
сияқты олар үшiн тапсырысшы төлеген материалдардың жұмсалуы туралы есеп бе-
руге мiндеттi.
Тапсырысшы орындалған жұмыстың нәтижесiн қабылдауға және орындалған
жұмысқа ақы төлеуге мiндеттi. Тұрмыстық мердiгерлiк шарты бойынша
тапсырысшы жұмыс нәтижесiн толық көлемде қабылдағаннан кейiн ақы төлейдi.
Тараптардың ке-лiсiмi бойынша ақы толығынан шарт жасасу кезiнде немесе
аванс беру арқылы төленуi мүмкiн.
Тұрмыстық қызмет көрсетудiң ережелерiнде жұмыстың кейбір түрлеріне
алдын ала ақы төлеу немесе аванс беру қарастырылған. Жекелеп алғанда
тұтынушының қатысуымен орындалатын жұмыстарға шартын тұрмыстық мердiгерлiк
шартын жасау сәтiнде жұмыстың ақысы толығымен төленедi.
Жиһаздарды жөндеу және дайындау, құрылыстарды салу, жөндеу, аяқ
киiмдердi, тiгiн және тоқыма бұйымдарды iрi жөндеу, жаңарту мердiгерлiк
шарттары бойынша, тапсырысшы шартта көрсетiлген мөлшерде аванс төлеуi
мүмкiн.
Егер тұрмыстық мердiгерлiк шарты бойынша, жұмыс мердiгердiң
материалынан орындалатын болса, шартты жасау кезiнде тапсырысшы материал
үшiн толық немесе iшiнара тапсырысшы мердiгер орындаған жұмыстың нәтижесiн
алған кезде түпкiлiктi есеп айырыса отырып, шартта көрсетiлген бөлiгi үшiн
ақы төлейдi [2]. Мердiгердiң материалына өзге тәртiпте есептесу тараптардың
келiсiмiмен қарастырылуы мүмкiн. Шартқа сәйкес материалды мердiгер
кредитке, оның iшiнде тапсырысшының материалға ақыны бөлiп-бөлiп төлеуi
талабымен беруi мүмкiн. Мердiгер берген материал бағасының шарт жасалғаннан
кейiн өзгеруi қайта есептеуге әкеп соқтырмайды.
Тапсырысшы орындалған жұмыс нәтижесiн алуға келмеген немесе тапсырысшы
оларды қабылдаудан жалтарған жағдайда, мердiгер тапсырысшыға жазбаша түрде
ескерте отырып, сол ескерткен күннен бастап 2 ай өткен соң мердiгерлiк
нысанасын қисынды бағаға сатады. Одан түскен соманы мердiгер өзiне тиесiлi
барлық төлемдi шегерiп, қалғанын тапсырысшының атына нотариустың депозитiне
салуға құқылы. Мердiгер өзiнiң таңдауы бойынша мердiгерлiк нысанасын
сатудың орнына, оны ұстап қалу немесе тапсырысшыдан келтiрiлген залалды
өндiрiп алу құқығын пайдалана алады.
Тапсырысшы жауапкершiлiгiнiң көрсетiлген жағдайы жалпылама оның жиi
орын алмайтын жауапкершiлiгiнiң (көбiнесе тұрмыстық мердiгерлiк шартында да
мердiгердiң жауапкершiлiгi кездеседi) бiр бөлек жағдайы болып келедi. Тағы
да бiр жағдайды атап көрсетейiк. Егер тапсырысшы, мердiгер материалдың
жарамсыздығын, сапасыздығын уақытылы ескертiп немесе жұмыс нәтижесiнiң
берiктiгiне әсер ететiн жағдайларды жоюды талап етсе, тапсырысшы ешқандай
шара қолданбаса, онда оған жауапкершiлiк жүктеледi. Бұл жағдайда
мердiгердiң шартты бұзуға және өзiне келген шығындарды өндiрiп алуына
құқығы бар.

2. Тұрмыстық мердiгерлiк шартының мазмұны

Мердігер шартта келісілген жұмысты өзінің тәуекелімен орындауға
міндетті. Яғни мердігердің мойнында ол кәсіби субъект болған соң, оның
жұмысты орындамағандығына байланысты қолайсыз салдар болып келеді.
Мердігердің осы міндетінің мазмұны тапсырысшының бұрын алған заңсыз мінез
құлығы ескеріліп тиісті дәрежеде өзгертілуі мүмкін. Оған жұмысты
орындамағаны үшін немесе дұрыс орындамағаны үшін мердігерді
жауапкершіліктен босататын жағдайлар да әсер етеді.
Мердігер жұмысты өз материалдарымен, күштерімен және құралдарымен
орындауға міндетті. Егер материал онымен берілсе, ол тапсырысшының алдында
материалдардың сатушысы болып табылады және олардың тиісті сапасы үшін
жауапты болады. Жұмыстың өзі тапсырысшының тапсырмасы бойынша орындалады
және оған сәйкс болуы керек, яғни ол да сапалы орындалуы керек. Мердігерлік
шарт бойынша орындалатын жұмыс заттарды сериялық жасауға жатқызылмайды,
сондықтан оның тиісті орындауының негізгі белгісі ретінде тапсырысшының
нұсқаулары болып табылады. Мердігер мемлекеттік стандарттардың аясында
жасау технолгиясының тәртіптерін сақтауға және нормативті техникалық
құжаттарда көзделген талаптарды сақтауға міндетті. Осындай талаптар бірінші
кезекте кәсіпкер ретінде жұмыс жасайтын мердігерлерге қолданылады
(Қазақстан Рспубликасының Азаматтық кодексінің 632-б. 2-тармақ), бірақ
кәсіпкер емес мердігердің де жұмыс орындау кезінде міндетті қойылған
талаптарынан шегінуіне құқығы жоқ, егер міндетті талаптарды орындамаса оның
қызметіне тиым салынуы тиіс [2]. Бұл жаңа заттарды жасау мен байланысты
емес жұмыстарға да қатысты.
Егер жұмыстың сапасына қойылатын талаптар шартта белгіленбесе немесе
толық болмай шықса, онда басшылыққа ұқсас жұмыстарға қойылатын талаптар
негіз ретінде алынады. Мердігер белгіленген міндетті талаптармен
салыстырғанда, сапаға қойылатын неғұрлым жоғары талаптарға сай келетін
жұмысты орындау міндетін шарт бойынша өзіне алуы мүмкін.
Мердігер пайдаланып жатқан жабдықтардың тиісті күйінде (түзеу) болуын
қамтамасыз етуге міндетті. Ол өз жұмысты ұйымдастырады және тапсырысшының
оның күнделікті шаруашылық қызметіне кірісуіне құқығы жоқ. Егер шартта
өзгеше көзделмесе, мердігер үшінші тұлғалар құқықтарының ауыртпалығы жоқ
материалдар мен құралдарды беруге міндетті.
Кейбір жағдайларда, мердігер жұмысты тапсырысшының материалдарымен де
орындайды. Сондықтан ол тапсырысшы берген материалдарды ұқыпты және есеппен
пайдалануына міндетті. Сонымен қатар, мердігер оларды дұрыс пайдалану үшін
жауапты болады. Жұмыс аяқталғаннан кейін мердігер тапсырысшыға жұмсалған
материалдар туралы есеп беруге міндетті. Егер материалдардың қалдықтары
болса, мердігер оларды тапсырысшыға беруге міндетті. Мердігер тапсырысшының
келісімімен, қалған пайдаланылмаған материалдың құнына сәйкес жұмыстың
бағасын кемітіп сол материалды өзінде қалдыруға құқылы.
Материалдарды тапсырысшы берген болса, мердігер сол материалдарды
сапасына қарай қабылдап алуға міндетті. Мердігер тапсырысшыға берген
жабдықтарды, техникалық құжаттарды және өңдеуге берілген заттың өзінде
қабылдап (бағалауға) алуға жауапты болады. Тапсырысшымен берген нұсқауларды
және тағы да басқа жұмыстың орындау жағдайларын, мердігер өзінің кәсіби
тәжірибесіне байланысты бағалайды.
Мердігер тапсырысшы берген материалдардың, жабдықтардың, техникалық
құжаттаманың немесе өңдеуге берілген заттың жарамсыздығы мен сапасыздығы;
оның жұмысты атқару әдісі туралы нұсқаулармен орындаудан тапсырысшы үшін
болуы ықтимал қолайсыз салдарлар; орындалатын жұмыс нәтижелерінің
жарамдылығына немесе беріктігіне қауіп туғызатын не оны мерзімінде аяқтауға
мүмкіндік бермейтін мердігерге қатысты емес өзге де мән жайлар аяқталған
жағдайда тапсырысшыға дереу ескертіп, одан нұсқау алғанға дейін жұмысты
тоқтата тұруға міндетті [7, 267].
Осындай мән жайлар туралы тапсырысшыға ескертпеген, не ескертуге жауап
алу үшін қисынды мерзімнің аяқталуын күтпестен немесе жұмысты тоқтата тұру
туралы тапсырысшының уақытылы нұсқауына қарамастан жұмысты жалғастырған
мердігердің тапсырысшы оған тиісті талаптар қойған кезде аталған мән
жайларға сілтеме жасауға құқығы жоқ (ҚР АК 628-бабы 2- тармағы). Осы
норманың мағынасы бойынша тапсырысшы мердігердің хабарлауына байланысты
жауапты қисынды мерзімінің ішінде беруі тиіс.
Егер мердігер белгіленген талаптарды сақтамай жұмысты тапсырысшының
берген сапасыз материалдарынан орындаса, ол тек материалдардың
кемшіліктерін тиісті қабылдау кезінде анықтау мүмкін болмаған ретте ғана
жауапкершіліктен босатылуы мүмкін. Яғни, тапсырысшы берген материалдардың
сапасын тиісті бағаламауда мердігердің кінәсі болуы керек. Осыған
байланысты, жұмыс мердігердің материалынан орындалса, мердігерлік шартында
тапсырысшының кепілдігі көбірек болады, себебі материалдарды қамтамасыз
еткен мердігер олардың сапасы үшін кінәсі барлығы немесе жоқтығына
қарамастан жауапты болады.
Мердігер тапсырысшы берген мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге
міндетті және мердігерлік шартты орындауға байланысты мердігердің иелігіне
өткен заттардың тапсырысшы берген материалдардың өзге мүліктің жабдықтардың
сақталмағаны үшін мердігер жауапты болады. Бұл жауапкершілік мердігерлік
шартының орындауына арналған мүлікке ғана емес мердігердің иелігіне түскен
басқа да мүлікке де қатысты болады. Мысал қылып мердігерге (оның
жұмысшыларына) тынығу үшін бөлініп берілген бөлмелерді, жөңдеу кезінде оны
алып кету қажеттілігі болмаған жиһазды және т.б. осындай мүлікті айтуға
болады. Осындай мүліктің сақталуын қамтамасыз етудің өлшемі болып, әдетте
орын алатын меншік иесінің өзінің шаруашылық ұқыптылығы келеді, бірақ
жұмыстарды орындау үшін арналған жабдықтар мен материалдар туралы айтатын
болсақ, онда бұл жағдайда мердігердің кәсіби субъект ретінде қараушылық
дәрежесі жоғары болуы керек екенін танимыз. Кез келген жағдайда, егер мүлік
сақтауды қамтамасыз ететін барлық шараларды қолданбаса, мердігер кінәлі
болып табылады.
Мердігер де үнемдеуге құқығы бар (ҚР АК 622-б) [2]. Бұған қатысты
норма заңнамада және бұрын ҚКСР АК- сында ол болмаған еді. Оны кірістіру
мердігердің тиімді шаруашылық жүргізуін қолдайды, себебі онда оның
қолданылуына байланысты үнемдеуге тікелей мүліктік мүддесі пайда болады.
Үнемдеу материалдардың жұмсалуын азайтуда орындалатын жұмыстың өзінің құнын
азайтуда болып келеді. Үнемдеу әдеттегіге қарағанда шығындарды азайтатын,
жаңа технологияларды енгізетін мердігердің жоғары дәрежелі кәсіпқойлығының
салдарынан болады. Мердігердің нақты шығыны бағаны белгілеу (сметаны жасау)
кезінде есептелгеннен кем болып шыққан жағдайда, егер тапсырысшы мердігер
алған үнем орындалған жұмыстың сапасына теріс әсер еткенін дәлелдей алмаса,
мердігер шартта (сметада) көзделген баға бойынша жұмысқа ақы алу құқығын
сақтайды.
Мердігерлік шартта мердігер алған үнемді тараптар арасында бөлу
көзделуі мүмкін (ҚР АК 622-б.2-тармақ) [2]. Осы жағдайда, тапсырысшымен
шарт бойынша төленетін баға азаяды. Егер тапсырысшы жағынан үнемдеуге
көмектесуі орын алмаса бұл норманы қолдану ақыл ойға сиыспайтын болып
келеді. Басқа жағынан, нарықтық экономика жағдайында мердігердің қызметін
пайдалану үшін, оның тұрақты іскерлік атағы пайда болу үшін, үнемдеу туралы
норманы қолдану қосымша ынталандыру болуы мүмкін.
Мердігер тапсырысшыға жұмыстың нәтижесімен бірге, шарттың нысанасын
пайдалану немесе өзгеше іске асыру үшін қажетті ақпаратты беруге міндетті.
Осы міндетті қарастыратын нормада Азаматтық кодексте жаңа болып келеді.
Мердігердің осы міндеті тағы шартты да көрсетілуі тиіс. Кейбір жағдайларда,
осы жұмыстың нәтижелерін шартта көрсетілген мақсаттарда пайдалану тиісті
ақпаратсыз мүмкін болмаса, онда ондай сипаттағы ақпарат мердігердің осы
жөніндегі міндеті шартта бекітілмей ақ берілуге тиіс болады. (ҚР АК 637-б).
Осындай ақпараттарда белгілі технологиялық схемалар, нұсқаулар,
түсініктемелер және т.б. жатады. Жалпы мердігердің ақпарат беру бойынша
міндеті мердігерлік нәтижесінің ерекшелігіне, жасалған бұйым арнайы күтімді
талап ететініне және т.б. себептерге байланысты болып келеді [8, 385].
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекс 638-бабы әрбір тарапқа
қарсы тараптың оның ақпаратпен азаматтық құқықтардың мүліктік объектісімен
сияқты иеленуіне байланысты мүдделердің қамтамасыз ету міндеті жүктеледі.
Бір тарап шарт бойынша өзінің міндеттемесін атқарудың арқасында басқа
тараптан жаңа техникалық шешімдер мен білімдер туралы ақпарат алса, сол
ақпаратты үшінші тұлғаларға өзге тараптың келеісімінсіз бере алмайды.
Мердігерлік шарты бойынша жалпы тәртібіне құқықтық қорғауы болмайтын
ақпарат және де тараптардың біреуінің коммерциялық құпиясы болып келетін
ақпарат та қорғалады. Осындай ақпаратты жарияламау міндеті тараптар оны
шартта бекіткеніне, бекітпегеніне байланысты болып келеді, бірақ
ақпараттарды пайдалану тараптары мен тәртібі тараптардың келісімімен
анықталады. Мұндай ақпаратты пайдаланудың тәртібі мен талаптары тараптардың
келісімімен белгіленеді. Мердігер жұмытс атқарған соң, оған тапсырысшы
шартты орындау үшін берген құралдарды қайтаруға міндетті. Сол сияқты
тапсырысшы мердігер жұмысты орындауға кіріспегені немесе тымбаяу
орындалғанына немесе орындалған жұмыста елеулі және жойылуы мүмкін емес
кемшіліктері болғаны себебінен шартты бұзса, онда мердігер тапсырысшымен
берілген материалдарды, жабдықтарды өңдеу үшін берілген затты немесе өзге
мүлікті қайтаруға міндетті. Мүлік тапсырысшы көрсеткен тұлғасына
қайтарылуы мүмкін. Егер мүлікті қайтарып беру мүмкіндігі жоқ болса,
мердігер материалдардың құрал - жабдықтарды және тапсырысшыдан алынған
басқа мүліктің бағасын қайтаруға міндетті. Тапсырысшыға мердігерге
жәрдемдесу міндеттері жүктеледі. Бұл тапсырысшы мердігермен бірге белгілі
бір жұмыстың бөлігін істеу керектігін білдірмейді. Жұмыс мердігердің
қамқорлығымен орындалса, онда тапсырысшының материалдарды беру міндеті
болмайды. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 629 - бабының
мағынасы бойынша, тапсырысшы мердігердің міндетін тиісті орындауға қажетті
ұйымдастыру шараларын жүзеге асыруы керек, егер осы шаралар тапсырысшының
әрекеттеріне байланысты болса. Мысалы тапсырысшы салынып жатқан объектіге
жолды тазалауға, тиісті мерзімде, егер бұл шартта қарастырылса,
жабдықтарды, бөлмелерді беруге міндетті. Мердігерге көмектесу міндеті
тапсырысшы оған жұмыстарды орындаудың бұдан бұрын бекітілген тәртібін қайта
құруды талап етпеу керек екенін, оған жұмыстың орындалуында өзге кедергі
жасамау керек екенін, керісінше онымен ынтымақтастыққа болу керек екенін
білдіреді [7, 270]. Тапсырысшы осы міндеттерін орындамаған
жағдайда,мердігер зиянды соңын ішінде жұмыстың тоқтап қалуына, жұмысты
орындаудың мерзімдерінің өзгеруіне немесе жұмыс бағасы көбеюіне байланысты
келтірілген шығындарды өтеуді талап етуге толық құқылы. Егер мердігерлік
шарты бойынша жұмысты орындау тапсырысшының әрекеттерінен мүмкін болмай
қалса, мердігер жұмыстың орындалған көлеміне сәйкес келетін мөлшерде жұмыс
үшін ақыны алу құқығын сақтап қалады.
Тапсырысшы мердігер жасаған жұмысты қабылдап оған ақы төлеуге
міндетті. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 630- бабында
жұмысты қабылдау тәртібі реттелген және ол шартта да көрсетілуі мүмкін.
Қабылдауға жұмыс нәтижелерін тексеру кіреді. Егер жаңа зат жасалынса немесе
бар затты жөндеу, оны жақсарту жүргізілсе қабылдау міндеті затын иелікке
алу бойынша іс жүзіндегі әрекеттерді де өз құрамына енгізеді. Орындалған
жұмысты қабылдаудың мерзімін өткізіп алу меншік құқығы жаңадан жасалған
затқа тпапсырысшыға затты беру орын алғанда өтетініне әкеледі. Сілтеме
жасалған норманың мәтінінде біздің ойымызша қателік бар, себебі жұмыс
нәтижесін қабылдап алу мерзімін өткізіп алу тапсырысшыға меншік құқығы өту
сәтін анықтауға байланысты болуы тиіс емес, мерзімді өткізіп алған несие
берушіде осының салдарынан болған барлық қолайсыз нәтижелер оның қабыдау
мерзімін өткізіп алудағы кінәсі болмаса, онда ол мүлікті қабылдауға
міндетті болған және оны қабылдаған сәттер арасындағы уақыт аралығындағы
мүлікті күтіп ұстау бойынша, шығындарда оған жүктелетініне әкеледі.
Тапсырысшы жұмысты нашарлатқан шарттан ауытқуларды немесе жұмыстағы өзге
кемістіктерді анықтаса, онда ол бұл туралы дереу мердігерге хабарлауы тиіс.
Болашақта тапсырыс беруші қабылдау сәтінде анықталған кемістіктерді жою
туралы талап қоймақ болса, онда кемістіктер қабылдауды куәландыратын актіде
немесе өзге құжаттарда көрсетілсе ғана, ол соларға сілтеме жасай алады [8,
387]. Осы қойылатын талапты ескерсек, біз мердігерлік жөніндегі нормалар
мердігерлік шартының нысанасын қабылдау бойынша сатыр алып- сату шартына
қатаңдау талаптар бекітетінін айта аламыз.
Егер тапсырысшы жұмыстың нәтижесін тексеріссіз қабылдаса, онда ол
қабылдауыдың кәдімгі болып келетін тәсілдерін қолданғанда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мердігерлік шартының элементтері
Мердігерлік шарты жайлы
Мердігерлік шарты
Мердігерлік шартының жеке түрінің ерекшеліктері
Мердігерлік шарты туралы
Азаматтық құқық бойынша мердігерлік шартының ұғымы, мазмұны және формасы
Мердігерлік шартының түсінігі
Мердігерлік шартының теориялық аспектілерін азаматтық-құқықтық шарттың іс жүзінде қолданылуын зерттеу
Азаматтық құқықтағы мердігерлік ұғымы
Мердігерлік шартының жалпы сипаттамалары
Пәндер