Салықтық түсімдердің мемлекеттік бюджет кірістерін құраудағы рөліне экономикалық талдау (Алматы облысы Қарасай ауданы бойынша)


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

1 Салықтық түсімдердің мемлекеттік бюджет кірістерін құраудағы рөліне экономикалық талдау (Алматы облысы Қарасай ауданы бойынша)

2 Көлік құралдарына салынатын салық

3 Мүлік салығы

4 Әлеуметтік салық

5 Алматы облысы Қарасай ауданындағы акциздер түсімін талдау

6. Алматы облысы Қарасай ауданы бойынша салық комитетінің ақпараттық жүйесі

ҚОРЫТЫНДЫ

Қолданылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Тәжірибелік жұмыстың зерттеу мақсаты: теориялық және тәжірибелік білім жүгін толтыру, келешек мамандық бойынша дағдылану, ұжымда қызмет ету бойынша машықтану, қазіргі кезде актуалды болып табылатын салық және салық салу механизмі саласының қыр-сырымен танысу, салық органдары мен комитенттерінің атқаратын қызметтері мен ерекшеліктерін түсіну, алған білімді нақты өмірде қолдануды үйрену, өзім қызмет еткен әкімшілік басқару бөліміндегі қызметтерді үйрену, ондағы салықтық қызметтерді ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесін менгеру болып табылады.

Зерттеу заты болып Алматы облысы бойынша салық басқармасы, әкімшілік басқару бөлімі, ақпаратпен қамтамасыз ету бөлімшесі алынды. Өйткені салықтық қатынастарды ақпаратпен қамтамасыз етіп отырудың маңыздылығы ең бірінші орында тұрады. Себебі, салық төлеуші мен ол туралы барлық ақпараттарды білудің, салық төлемдерінің уақтылы қызмет етуі мен мөлшерінің нақты есептелінуі үшін ақпараттық жүйенің маңыздылығы жоғары.

Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы даму кезеңі қоғамдық құрылыспен қатар экономикалық, шаруашылық және қаржылық салаларда түбегейлі өзгерістермен сипатталады. Экономикадағы және шаруашылық салалардағы зандарды және нарық заңнамаларын қолданудағы нарықтық қатынасқа көшу, нарықтық құрылымды құру мен іске асыру біздің көзқарасымыз бен ісімізді түбегейлі өзгертеді. Біз жаңа мемлекет болып қалыптасып, өзінің жоспарларын жүзеге асыру үшін қаржы қажет болады, сондықтан әрбір мемлекет сияқты Қазақстан Республикасыда салық саясатын жүргізеді.

Берілген жұмыстың негізгі мақсаты қаржы аналитигінің ақпараттық жүйесін қалыптастыру болып табылады. Ол оның жұмысын жеңілдетуін қамтамасыз етіп кәсіпорынның қаржы мүлкін талдауға мүмкіндік береді.

Берілген жұмыстың шарты мынандай: «Алматы облысы бойынша Салық комитетің қызметімен танысу, талдау ақпаратының сараптамалық жүйесіндегі кемшіліктерді анықтау, жаңа ақпараттық жүйені жобалау, ақпараттық жүйені жобалауда негізгі міндеттерді айқындау.

1 Салықтық түсімдердің мемлекеттік бюджет кірістерін құраудағы рөліне экономикалық талдау (Алматы облысы Қарасай ауданы бойынша)

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі экономикалық қатынастарға және тиісті құқықтық нормаларға негізделген әртүрлі деңгейдегі бюджеттерді қамтиды. Қазақстан Республикасында мемлекеттік бюджетті құрайтын республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттер өз алдына дербес қызмет етеді.

Мемлекеттік бюджетте мынандай принциптер қалыптасқан және олар бюджеттің мәнін айқындай түседі:

- қаржылық орталықтандырылуы, яғни олардың бір ақша қаражат қорларында жинақталуы;

- жоспарлылығы, өйткені бюджет-теориялық және практикалық мағынасы бойынша болашақ кезеңге арналған қаржы жоспары;

- тепе-теңдігі, яғни бюджет құрылымы бойынша кірістер мен шығыстардан тұратындықтан тепе-теңдік немесе баланстылықтың болуы тиіс;

- мерзімділігі, яғни барлық жоспарлар тәрізді мемлекеттік бюджет белгілі бір мерзімде құрылады немесе біз оны қаржы жылы деп атаймыз (Қазақстан Республикасының қаржы жылы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін) .

Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет кірістерінің құрамында ең маңызды орынды салықтық түсімдер алады. Осылай, Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігіңің мәліметтеріне сәйкес 2009 жылы салықтар мемлекеттік бюджет кірістерінің 66. 7% құрады, салықтық емес түсімдер (мемлекеттік меншіктен, мүліктен, мемлекеттің кәсіпкерлік іс-әрекетінен, әкімшілік жинақтар мен баждардан, айыппұлдар мен санкциялардан) 4. 2% құрады, капиталмен жасалған операциялардан түскен кірістер 28. 3%.

Салықтар мемлекеттің іс-әрекетін қаржыландырудың және оның аппаратын ұстаудың көзі болып табылады. Мемлекет осы тетіктерді қолдану арқылы ішінде болып жатқан экономикалық процестерге дәйекті ықпал етіп, олардың дамуын қоғамға тиімді бағыттарды итермелейді. Салық арқылы жиналған ақша қаражаттары мемлекеттің әлеуметтік саясатты жүргізу мүмкіндігін береді.

Қазақстан Республикасында салықтардың келесі түрі бар: корпоративтік табыс салығы, жеке табыс салығы, ҚҚС, акциздер, жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері, әлеуметтік салық, мүлік салығы, жер салығы, көлік құралдарына салынатын салық.

1 кесте

Мемлекеттік бюджет табысындағы салықтық түсімдер құрылымы

мың теңге

Табыс түрлері: Табыс түрлері
2009 ж: 2009 ж
2010 ж: 2010 ж
2011 ж: 2011 ж
Табыс түрлері: I
2009 ж: %
2010 ж: I
2011 ж: %
I
%
Табыс түрлері: Жалпы түсімдер соның ішінде:
2009 ж: 544673
2010 ж: 100
2011 ж: 476612
100
821153
100
Табыс түрлері: Салықтық түсімдер
2009 ж: 524058
2010 ж: 87. 5
2011 ж: 635792
85. 2
750777
90. 7
Табыс түрлері: Корпоративтік табыс салығы
2009 ж: 163528
2010 ж: 30. 0
2011 ж: 169048
26. 6
207354
26. 3
Табыс түрлері: Жеке тұлғалар табыс салығы
2009 ж: 51016
2010 ж: 9. 3
2011 ж: 68574
10. 0
77381
10. 6
Табыс түрлері: ҚҚС
2009 ж: 115158
2010 ж: 21. 1
2011 ж: 159913
25. 2
175893
25. 5
Табыс түрлері: Акциз салығы
2009 ж: 19285
2010 ж: 3. 5
2011 ж: 21830
3. 4
25443
3. 5
Табыс түрлері: Жер салығы
2009 ж: 5741
2010 ж: 1. 1
2011 ж: 5454
0. 7
5588
0. 7
Табыс түрлері: Көлік салығы
2009 ж: 5701
2010 ж: 1. 2
2011 ж: 6431
0. 9
6540
0. 8
Табыс түрлері: Мүлік салығы
2009 ж: 14763
2010 ж: 2. 7
2011 ж: 20944
3. 3
22514
3. 3
Табыс түрлері: Әлеуметгік салық
2009 ж: 99082
2010 ж: 18. 9
2011 ж: 124284
19. 5
61058
17. 9
Табыс түрлері: Салықтық емес түсімдер
2009 ж: 23671
2010 ж: 4. 4
2011 ж: 72505
9. 7
47574
7. 5

Көзі: Алматы каласы, Салық комитетінің 2009-2011 жж. материалдық базасы мәліметтері

1-ші кестеден көріп тұрғандай мемлекеттік бюджет кірісіндегі салықтық түсімдер жылдан жылға артып отырғанын көруге болады, оның себебі салық механизмінің тиімді жұмыс жасауында. 2010 жылдың қортындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің кірістерінде ең үлкен салықтық түсімдердің ішінде корпаративтік табыс салығы оның үлесі 26. 3%, және ҚҚС 25. 5% алып отыр.

Қазіргі таңда біздің елімізде нарықтық экономикалық қатынастардың белсенді даму жағдайында жергілікті бюджеттер мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық саясатын іске асыруда елеулі орын алуда. Жергілікті бюджет қаражаттары есебінен халықты әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету шаралары жүзеге асырылады. Жалпы мемлекеттік ақшалай қаржыларды бюджет жүйесі буындарының арасында бөлінуі негізінде жергілікті бюджеттердің өз алдына дербестілік принципі қалыптасады. Осы принциптерге сәйкес жергілікті бюджеттердің кірістері бекітілген және реттелетін кірістерден құралады.

Ендігі кезекте Алматы облысы бойынша жергілікті бюджетке бекітілген салықтардың үш жыл ішіндегі түсімдерінің сандық мәліметтерін қарастыратын болсақ.

2 кесте

Жергілікті бюджетке түсетін салықтық түсімдердің 2009-2011 жылдар аралығындағы сандық көрсеткіші (Алматы облысы)

Төлемнің: Төлемнің
2009 жыл: 2009 жыл
2010 жыл: 2010 жыл
2011 жыл: 2011 жыл
Төлемнің: Атауы
2009 жыл:
2010 жыл:
2011 жыл:
Төлемнің:

Барлық салықтық

түсімдер, оның

ішінде

2009 жыл: 116284
2010 жыл: 127072
2011 жыл: 148846
Төлемнің: Жер салығы
2009 жыл: 763
2010 жыл: 765
2011 жыл: 673
Төлемнің: Мүлік салығы
2009 жыл: 1472
2010 жыл: 1798
2011 жыл: 2390
Төлемнің: Көлік салығы
2009 жыл: 1028
2010 жыл: 1193
2011 жыл: 1030
Төлемнің:

Жеке табыс

салығы

2009 жыл: 10666
2010 жыл: 14128
2011 жыл: 15849
Төлемнің: Әлеуметтік салық
2009 жыл: 16604
2010 жыл: 21481
2011 жыл: 22876
Төлемнің: Акциздер
2009 жыл: 1293
2010 жыл: 1714
2011 жыл: 2146

Көзі: Алматы каласы, Салық комитетінің 2009-2011 жж. материалдық базасы мәліметтері

Енді жалпы осы жергілікті бюджетке бекітілген салықтарды әрқайсысын жеке-жеке даралап талдайтын болсақ, бірінші кезекте жергілікті салықтардың түрақты көзі ретінде меншік салықтарына тоқталмақпыз және үш жыл ішіндегі түсімдерін қарастырайық.

Жергілікті бюджет кірісіндегі салықтық төлемдерге экономикалық талдауды қалалық маңызы бар Алматы облысы салық комитетінің деректері бойынша, жергілікті бюджетке толғымен түсетін салықтарға, оның ішінде бекітілетін салықтар бойынша түсімдер құрамында:

- жер салығы (673330, 0 мың теңге немесе орындалу пайызы 91, 1%-і),

- мүлік салығы (нақты 2389936 мың тг немесе орындалу пайызы -107, 8%) ;

- көлік салығы (1030012, 0 мыңтг немесе орындалу пайызы-102%-і),

- жеке табыс салығы (нақты 15849429, 0 мың тг немесе орындалу пайызы -100, 05%) ;

- әлеуметтік салық (22876505, 0 мың тг немесе орындалу пайызы -105, 6%) ;

- акциз (нақты 2146455, 0 мың тг немесе орындалу пайызы -105, 3%) .

Жер салығы 2010жылдың 12 айының қорытындысы бойынша болжамдалған 739367, 0 мың теңгенің орнына 673330, 0 мың теңгені қүрады немесе 91, 1%-ке орындалды. 2005 жылмен салыстырғанда салықтың бүл түрі бойынша түсім 92153, 0 мың теңгеге азайды.

3-кесте

Өзара үш жылдық көрсеткіштерді салыстыру арқылы келесідей кесте пайда болды:

:
2009 жыл: 2009 жыл
2010 жыл: 2010 жыл
2011 жыл: 2011 жыл
:

Телем

нің

атауы

2009 жыл: Жоспар
2010 жыл: Факт
2011 жыл:

Орын

далу

пайызы

Жоспар
Факт

Орын

далу

пайызы

Жоспар
Факт

Орын

далу

пайызы

: Жер салығы
2009 жыл: 750051
2010 жыл: 764142
2011 жыл: 101, 9
78
765483
98, 1
739367
67333
91, 1

Көзі: Алматы каласы, Салық комитетінің 2009-2011 жж. материалдық базасы мәліметтері

2010 жылы жоспар болжамдалғаннан 1, 9% артық орындалған, ал 2009ж жоспар 1, 9% орындалмай қалған. 2010жылы болжам 8, 9% орындалмаған немесе 91, 1% орындалған.

Бұл салық бойынша болжамның орындалмауы келесідей мынадай негізгі факторлардың әсерінен туындады:

1. көптеген кәсіпорындардың жер учаскесін жалға алып жүмыс істеулері әсер етті. Осының негізінде өткен жылда орташа шамамен 107424, 5 мың тг салық төленбеді (оның ішінде ААҚ Алматының Халықаралық Аэропорты, ЖАҚ Бителеком, ПК Радуга, ЖШС Ақсай, ДЭУ Автобаза, ЖШС Промтехмонтаж, АТП-3 және т. б) ;

2. Біршама кәсіпорындар қаржылық жағдайының тұрақсыздығынан 2009 жылдың ағымдағы төлемдерінің сомаларын 2004 ж орташа жуық шамамен мынадай сома 17892 мың тг төленген;

3. Қ. Р Салық кодексінің 340 б. 7 тр енгізілуінің негізінде, жыл ішінде жер салығын есептеу мен төлеу бойынша міндеттемелер туындаған кезде салық төлеушілер салық міндеттемелері туындаған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде ағымдағы төлемдердің есебін салық салу объектісінің орналасқан жері бойынша салық органына табыс етуге тиіс. Бірақ бірқатар салық төлеушілер жер салығы бойынша ағымдағы төлемдерін уақытылы төлеуін жүзеге асырмайды;

4. Қ. Р Салық Кодексінің 324 б. 7 тр негізінде, діни бірлестіктер жер салығын төлеушілер болып табылмайды. Бұл түрі бойынша салықтық үтылу 4418 мың тг;

Аталған салық бойынша түсімдерді көбейту мақсатымен келесідей іс-әрекеттер жүзеге асырылуда:

1. Алматы облысы бойынша салық комитеті мен Жер ресурсын басқару комитеті арасында түрақты және жедел ақпаратпен алмасу қызметі жөнінде жоспар келісілген және бекітілген;

2. Алматы қаласы әкімінің шешімінің негізінде жер учаскілерін пайдалануға алған заңды және жеке түлғалардың жер салығы бойынша төлемдердің уақытында төленуіне бақылау жұмысы тұрақты жүргізілуде, аудандық салық комитеттеріне осы жұмыстарды күшейту мақсатымен шолу хаттары тарқатылған. №12-1 -7/7213 05. 06. 2009ж;

3. Тоқсан сайын жер ресурстарын басқару комитетінен аудандық салық комитетіне жер участкілерін сатып алған субъектілер жайлы ақпараттар беріледі. Соның негізінде олардың тиісті салықтарын төлеуге және уақытылы есепке тұруларына бақылау жүргізіледі және т. б іс-әрекеттер жүзеге асырылуда.

2 Көлік құралдарына салынатын салық

2010 жылы көлік салығы болжамдалған 101, 0 мың теңгеден асып, нақтылай 1030012, 0 мың теңгені құрады немесе 102%-ға орындалды. Оның ішінде заңды тұлғалардан алынатын көлік салығы болжамдалған 33, 0 мың теңгеден кеміді, нақтылай 324310, 0 мың теңге көлемінде түсті немесе 98, 3%-ға орындалды және жеке түлғалардан алынатын көлік салығы болжамдалған 68, 0 мың теңгеден асып, нақтылай 705702, 0 мың теңге көлемінде түсті немесе 103, 8%-ке орындалды.

Болжамның 2%-ға артық орындалу себебі Алматы облысы салық және жол полициясын басқару органымен көлік салығын есептеудің дұрыстығына және уақытылы төленуіне бақылаудың күшейтілуі, төлем мерзімінің 01. 07. 2010ж. уақытына дейін аяқталуына және айлық есептік көрсеткіштің 2009 жылғы 919 теңге көлемімен салыстырғанда 971 теңгеге көбеюімен байланысты. Сонымен қатар мына мекемелердің есепті жылда салықты төлеудің негізінде:

1. ЭХО ААҚ "Қазақтелеком" - 2354, 4 мың тг;

2. ААҚ "Автобус паркі № 6" - 3240, 0 мың тг;

3. "Кока-кола Алматы Ботлерс" - 2033, 9 мың тг;

4. ЖАҚ "Алматы Пауэр Консолидейтед" - 4712, 2 мың тг;

5. ЖШС "Янзар" --- 3945, 4 мың тг;

6. ЖШС "Стандарт Ойл"- 4200, 0 мың тг;

7. РШ Мем. Авиакомпаниясы "Беркут"-5 - 323, 8 мың тг;

8. ЖАҚ"Эйр-Қазақстан"--І-17336, 6 мыңтг;

9. ЖШС "Авиационная компания Саяхат" - 6829, 2 мың тг;

10. ААҚ "Алматы Халықаралық аэропорты" - 2000, 0 мың тг;

11. "Алматы Қаржы-Сауда Банкі" - 133575, 0 мың теңге.

3 Мүлік салығы

Салық органдарының бақылауында 25543 кәсіпорын бар, соның ішінде 15094 кәсіпорын салықты төлеуге тартылған. 2006 ж 1138 кәсіпорында тексеру жүргізілді. 125 кәсіпорында тексеру нәтижесінде бұзушылық табылған. Тексеру нәтижесінде қосымша 210976, 9 мың тг есептелді, оның ішінде борышы төленген 19296, 6 мың тг құрады.

2010ж. заңды түлғаларға салынатын мүлік салығы болжамдалған 1937693, 0 мың теңгеден асып, нақтылай 2096556, 0 мың теңгені қүрады немесе 108, 2%-ке орындалды. 2009 жылмен салыстырғанда түсімдердің есімі 599258, 0 мың теңге немесе 40% құрады.

Қаланың аудандары бойынша жоспардың орындалуын қарастыратын болсақ:

1. Алмалық ауданы - 107, 1%

2. Әуезов ауданы - 107, 3%

3. Бостандық ауданы-110, 2%

4. Жетісу ауданы - 104, 5%

5. Медеу ауданы - 112, 6%

6. Түрксіб ауданы ---104, 7%

Осы мәліметтерге негізделе отырып облыстың барлық аудандарында мүлік салығы бойынша болжам артық орындалғанын байқауға болады. Бұл өз кезегінде жергілікті бюджеттің кіріс базасын молайта түседі.

4-кесте

Мүлік салығы бойынша салықтық түсімдердің сандық көрсеткіші

:
2009жыл: 2009жыл
2010 жыл: 2010 жыл
2011 жыл: 2011 жыл
:

Төлемнің

атауы

2009жыл: Жоспар
2010 жыл: Факт
2011 жыл:

Орын

далу

пайызы

Жоспар
Факт

Орын

далу

пайызы

Жоспар
Факт

Орындалу

пайызы

: Мүлік салығы
2009жыл: 116
2010 жыл: 1245584
2011 жыл: 107, 3
1350314
1497298
110, 9
1937693
2096556
108, 2

Түсімдердің көбеюі келесі салық төлеушілердің негізгі құралдар алуымен байланысты:

1. "Алаш" 2010ж. - 21457, 0 мың теңге, 2011ж -24758, 0 өсім сомасы -3301, 0 мыңтеңге;

2. "Ақ Бірлік" 2010 ж. - 25, 0 мың теңге, 2011ж. - 28754 мың теңге, өсім сомасы - 3754 мың теңге;

3. "Цветмет" 2009 ж. - 19331, 0 мың теңге, 2011ж. - 26789, 0 мың тг, өсім сомасы 7458, 0 мың тг;

Сонымен қатар Болжамның артық орындалуы мынағанда байланысты:

1. "Каспиан прогрессив технолоджи"- бұл мекеме жылдық салық соммасын ағымдағы жылдың басында түгелдей төлеп тастаған - 8146, 4 мың тг;

2. Афк Ардагер - 1277 мың тг;

3. ГКП Водоканал - 4758, 2 мың тг;

4. ААҚ Казкоммерцбанк- 14311, 1 мыңтг.

Азаматтардың кәсіпкерлік қызметінде және жедел басқару құқығындағы қосымша мүлік объектілерін салық есебіне тіркеу нәтижесінде;

- бау-бақша қауымдастықтарын және гараждық кооперативтерін салық салуға тартумен;

- өткен жылдардағы салык берешегін өндіріп алу нәтижесінде болды.

4 Әлеуметтік салық

Салық органдарының бакылауында 79477 кәсіпорын есепте түр, сонын ішінде 28218 кәсіпорын салықты төлеуге тартылған.

2010ж 1826 кәсіпорында тексеріс жүргізілді, онын ішінде 594 кәсіпорынында бүзушылык табылған. Тексеріс нәтижесінде косымша 295723, 8 мың тг есепке алынды. 172397, 8 мың тг төленген.

Әлеуметтік салық болжамдалған 21655301 мың теңгеден асып. нактылай түсімдер 22876505 мың теңгені кұрады немесе 105, 6%-ға орындалды. Өткен жылмен салыстырғанда түсімдер 1395144 мың теңгеге немесе 6. 5%-ға өсті. Бюджетке түсімінің артуы жаңа ірі салық төлеушілердің есепке тұруымен байланысты. Мысалы: ЖШС "ВІР8" - 10596, 2 мың тг, Алматы облысындағы филиалы "Казстройсервис" - 9429, 8 мың тг ;

ЖАҚ "ЭЙР" - 13217, 6 мың тг.

ААҚ "Альянс банк" - 1 1 33 1, 7 мың тг.

ЖАҚ Корпорация "КУАТ - 1 1 128 мың тг ;

Салық бойынша берешекті 206845. 0 мыңтеңге өндіріп алу. Тек осы жоғарыда аталған кәсіпорындар 2009 жылы 2010 жылға қарағанда қосымша 683346. 0 мың теңге түсті. Салық органдарының есебін; 01. 01. 2009 ж 15287 жеке тұлғалар әлеуметтік салық төлеушілер ретінде тіркелген. 14001 салықты төлеуге тартылған. 2010ж 471 салық төлеушілерле тексеріс жүргізілді, 238-де бұзушылық табылған.

5-кесте

Алматы облысы бойынша 2010-2011 жылдарға ішкі өнім тауарларына акциздер түсімінің салыстырмалы кестесі (мың тг. )

Атауы: Атауы
2010жыл: 2010жыл
2011жыл: 2011жыл
Атауы:
2010жыл: Болжам
2011жыл: Нақты
%
Болжам
Нақты
%
Атауы: Арақ
2010жыл: 17022
2011жыл: 193768
110, 1
190980
215134
112, 6
Атауы: Ликер арағы
2010жыл: 2775
2011жыл: 1942
70, 0
3429
3091
90, 1
Атауы: Шарап
2010жыл: 62832
2011жыл: 72876
116, 0
62536
65844
105, 3
Атауы: Коньяк
2010жыл: 15720
2011жыл: 22458
142, 9
34436
34963
101, 5
Атауы: Шампан
2010жыл: 11691
2011жыл: 15508
132, 6
26866
33029
122, 9
Атауы: Сыра
2010жыл: 263751
2011жыл: 345966
131, 2
383151
382763
99, 9
Атауы: Күшті сусын
2010жыл: 123643
2011жыл: 151030
122, 2
92644
96090
103, 7
Атауы: Зергерлік бұйым
2010жыл: 6605
2011жыл: 7058
106, 9
6018
9517
158, 1
Атауы: Ойын бизнесі
2010жыл: 34343
2011жыл: 49737
144, 8
65240
85705
131, 4
Атауы: Лотерея еткізу
2010жыл: 2659
2011жыл: 2633
99, 0
42866
74549
173, 9
Атауы: Бензин
2010жыл: 181422
2011жыл: 184082
101, 5
188024
190808
101, 5
Атауы: Жанаржағармай
2010жыл: 24163
2011жыл: 38903
161, 0
3
33532
111, 8

Көзі: Алматы каласы, Салық комитетінің 2010-2011 жж. материалдық базасы мәліметтері

Қорытындылай келе, Алматы облысының салық комитеті

2011 ж. бюджетке төленетін салық және басқа да міндеттердің барлық түрлері бойынша болжанған көрсеткіштерді орындауға қол жетті. Түсімдердің көлемі 2011 ж. салыстырғанда 10-45-ке өсті. Келесі салықтар, алымдар және төлемдер бойынша жоспар болжамдалған мөлшерден артық орындалды: табыс салығы, жеке және заңды тұлғаларға салынатын мүлік салығы, жеке және заңды түлғаларға салынатын көлік салығы, радио желілерін пайдаланғаны үшін төлем, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды тіркеу үшін алым, жекелеген қызмет түрімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым, базарларда тауар сату құқығы үшін алым т. б.

Сонымен бірге Алматы облысы бойынша жалпы соңғы екі жылдағы салықтық түсімдерді қарастыратын болсақ, оны келесі 8-кесте арқылы көрсетуге болады.

6-кесте

Алматы облысы бойынша салықтар мен басқа да төлемдердің салыстырмалы түсімі (2010-2011 жж. )

млн теңге

Бюджет деңгейлері: Бюджет деңгейлері
2010жыл: 2010жыл
2011жыл: 2011жыл
өсімі: өсімі
Бюджет деңгейлері: Абс. түрде
2010жыл: %-пен
Бюджет деңгейлері: Мемлекеттік бюджет
2010жыл: 127072
2011жыл: 148846
өсімі: 21774
17, 1
Бюджет деңгейлері: Республикалық бюджет
2010жыл: 71674
2011жыл: 100739
өсімі: 29065
40, 6
Бюджет деңгейлері: Жергілікті бюджет
2010жыл: 44857
2011жыл: 46288
өсімі: 3249
7, 2

Көзі: Алматы каласы, Салық комитетінің 2010-211 жж. материалдық базасы мәліметтері

Алматы облысы бойынша Салық комитетінің есепке алу және талдау басқармасының жалпы ережелерін атап өтейік:

  1. жалпы ережелер ұйымның біртұтастығын қамтамассыз етеді және «есепке алу және талдауң басқармасының қызмет етуін қамтамасыз етеді.
  1. «Есепке алу және талдауң басқармасы Алматы облысы бойынша Салық комитетінің және Қазақстан республикасының Қаржы министрлігінің Салық комитетінің құрылымдық бөлімі болып табылады.
  1. Қызметін басқаруда бұл басқарма Қазақстан республикасының заңдары мен конституциялары, Президенттің және Үкіметтің нормативтік - құқықтық актілері, бұйрақтар, нұсқаулар, жарлықтар, ережелер арқылы және Салық комитетінің жалпы ережелері негізінде жұмысын жүргізеді.
  1. Бұл басқарма өзінің қызметін Салық комитетінің басқа құрылымдық бөлімдерімен бірге байланыса жұмыс жүргізеді.
  1. Есепке алу және талдау басқармасы үш негізгі бөлімдерден тұрады:
  1. Талдау және болжау бөлімі.
  1. Төлемдерді есепке алу.
  1. Ірі салық төлеушілердің мониторингі бөлімі.

Бұл басқарманың негізгі міндеттері мен қызметтері:

 Салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуі бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Салық Комитетінің белгілеген есеп берулерді құру және ұсыну.

 Болжамдық көрсеткіштердің орындалуына талдау жасау және салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуінің динамикасын көлемі және соммасы бойынша көрсету, Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Салық Комитеті жүргізген мемлекеттік бюджетіне және Алматы қалалық Маслихаттың жергілікті бюджетіне кіріске алу жөніндегі қолы.

 Салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін есепке алуды жүргізу және ұйымдастыру.

 Мемлекеттік және аймақтақ деңгейде ірі салық төлеушілердің электрондық мониторингін жүргізу.

 Ірі салық төлеушілер беретін мәліметтерді кешенді түрде талдау және салықтық есеп берулермен салыстыру, бұл талдаудың мақсаты ірі кәсіпорындарды анықтау және осыған байланысты қосымша салық салу қоймасын жасау.

 Осы құзырлы басқарма аумағында салық және басқа да міндетті төлемдерді қарастыратын салық заңнамалары мен заң актілерінің орындалуына бақылау жасау.

 Салық және басқа да міндетті төлемдерді қарайтын заңнамалар мен заң актілерінің тиімділігн анықтау және салықтық әкімшілік тіркеулердің жүзеге асуына ұсыныстар енгізу.

 Салық қызметкерлерінің жұмыс істеу тәжірибелерін талдау отырып Қазақстан Республикасының Салық Комитеті жұмыс тәжірибесін қорыту.

  1. 5 Алматы облысы Қарасай ауданындағы акциздер түсімін талдау

Акциздерді есептеу және алу Қазақстан Республикасында заң бойынша қатаң жүргізіледі. Мұндай көрсеткіштерді талдау оларды ғылыми зерттеу үшін, оларды алу әдісін ғылыми негіздеу үшін қажет.

1998-2009 жылдарға акциздер есептеу мен түсімін талдау Қазақстан Руспубликасының Қаржы министрлігінің Салық комитетінің мәліметі бойынша жүргізіледі.

Мемлекеттік бюджет құрылымындағы акциздердің орны мен рөлі өте маңызды. Ол жалпы мемлекеттік масштабтағы акциздер маңыздылығын көрсетеді.

Бүгінде салық түсіміндегі акциздердің үлес салмағы 2009ж. 3, 6% құраған, 2010ж. 3, 4%, 2010ж. 3, 4%, ал 2011ж оның үлесі 2, 8% құрады. Қатысты көрсеткіштерге қарай отырып, акциздер бойынша түсімнің азаюын байқауға болады, егер абсолюютті мәніне көз салсақ, түсімдердің артқанын байқаймыз.

Жанама салық тобындағы акциздер рөлін байқау үшін оны ҚҚС үлес салмағы 21, 9% құрады, ол 115 159 млн . теңге. 2011жылы Бұл көрсеткіш 25, 1%, бұл 159 913 млн. теңге. 2010жылы 23, 4 % немесе 175 936 млн. теңге, ал 2009жылы 24, 4%, яғни 231 338 млн. теңге. Д қосымшада жанама салықтан ҚҚС пен акциздердің түсім құрылымы көрсетілген.

Акциздер түсімдерінің динамикасын қарастырайық. Ол үшін С қосымшасын қарау қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Акциз салығының салық базасы
Салық механизмінің экономикалық мазмұны
Жергілікті бюджеттің экономикалық мәні және мазмұны
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Жергілікті бюджеттерді ұйымдастыру
Бюджетті толтыратын салықтық түсімдердің ставкалары және оларды төлеу мерзімдері
Рыноктық экономика жағдайында өңірдің тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшiн салықтық реттеу механизмiн жетiлдiру
Жергілікті бюджеттің табыстарын қалыптастыру
Жергілікті салықтардың рөлі және жетілдіру жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz