Бастауыш сыныпта ақпаратты оқыту әдістемесін тәжірибеде қолдану


ЖОСПАР
КІРІСПЕ2
1. 1. Бастауыш сыныпта оқытудың әдістемелік ерекшелігі16
1. 2. Бастауыш сыныпта ақпаратты оқыту әдістемесін тәжірибеде қолдану. 27
ҚОРЫТЫНДЫ31
ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ32
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі
Бүгінгі білім беруді жаңарту жағдайында оны ақпараттандыру басым мәнге ие болып отыр. Жалпы бүгінгі күні әлемнің барлық елдерінің қоғамдық даму негізі болып білім, ақпарат және ақпараттық технологиялар болып табылады. Соған сәйкесті өркениет дамуының қазіргі кезеңін ақпараттандырумен және ақпараттық қоғамды қалыптастырумен байланыстыру кездейсоқ нәрсе емес.
Қазіргі таңда республикамызда білім беруді ақпараттандырудың негізгі мақсаты - бұл қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану негізінде біртұтас біліми ақпараттық орта құру арқылы қазақстандық білім сапасын арттыру. Сол себепті Қазақстан Республикасының білім жүйесін әлемдік білім кеңістігіне кіріктіруге бағытталған жүйе есебінде сипаттауға болады. Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арнап қабылдаған білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қазіргі талап пен әлемдік стандартқа сәйкес келетін ұлттық білім жүйесін жасақтаудың проблемаларын шешуге арналған. Аталған проблеманың көкейкестілігі сонымен қатар Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында да көрініс тапқан. Атап айтсақ, қазақстандық жоғары оқу орындарына қойылған мақсат - әлемдік стандарт деңгейінде білім беру. Бұл аталған бағдарлама мен жолдаудың басты құндылығы- бұл еліміздегі білім беру жүйесін дүниежүзілік деңгейге көтерілетіндей баспалдақтардан өтуге бағыт беруімен қатар, оқушының бастауыш сыныптан бастап қоғам талабына сай біліммен қаруланып, оны кейінгі сатыларда терең деңгейде жетілдіріп, әлемдік білім беру кеңістігіне енуіне жол ашуы. Сондай-ақ бастауыш сыныпта қазіргі ақпараттық технологияларды оқу үрдісінде қолдану оқушылардың білімді сапалы да шығармашылық деңгейде қабылдауларына мүмкіндік берумен қатар, олардың білімді енжар қабылдаушы ролінен осы үрдістің белсенді субъектісіне айналуына да қолайлы жағдай туғызуы.
Бүгінгі күні ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдана білу қабілеті - қоғамның әрбір мүшесі үшін қажетті оқу, жазу біліктерімен тепе-тең саналуда. Осыған орай, осы бағытта болашақ мамандардың меңгерген білімі мен дағдылары болашақта қоғам дамуының жолдарын анықтауға мүмкіндік бермекші. Сол себепті білім беруді ақпараттандыру педагогтарды даярлауда кәсіби қасиеттері мен деңгейлеріне жаңа талаптар ұсыну арқылы олардың жұмыстарында нақты қайта құруларды талап етуде. Педагогтарға программалау саласынан маман болу міндетті емес, өйткені оны сол мамандыққа сәйкес кәсіби дайындықтан өткен маман атқарады, алайда педагогтан программалаудан негізі түсінігі мен программист еңбегінің мәнін түсіне білу талап етіледі. Бұл өз кезегінде түрлі кәсіптегі мамандардың өзара тікелей және шығармашылық байланыс орната отырып жұмыс істеулеріне себепші болмақ. Қоғамға қажеттісі - кәсіби іс-әрекетке функциональды дайындығы бар ғана емес, сонымен бірге шығармашыл жеке тұлға болып қалыптасқан маман.
Компьютерлендіру мен ақпараттандыру проблемасына А. Бешенков, Б. С. Гершунский, А. Л. Денисова, В. А. Извозчиков, В. А. Каймин, А. А. Кузнецов, Э. И. Кузнецов, М. П. Лапчик, Н. В. Макарова, Е. А. Мащбиц, Ю. А. Первин, И. В. Роберт, Ю. А. Шафрин, А. А. Әдіқадыров, Е. Ы. Бидайбеков, Ж. А. Қараев, Г. К. Нұрғалиева және т. б. еңбектері арналған. Компьютерлерді білім жүйесінде қолданудың психологиялық аспектілері Т. В. Габай, В. В. Давыдов, Б. Ф. Ломов, В. Я. Ляудис, Е. И. Машбиц, В. В. Рубцов, Н. Ф. Талызина, О. К. Тихомиров, Н. А. Шаломова және т. б. еңбектерінде орын алған.
ҚАТ-ны білім беруде қолдану мен студенттердің жаңа ақпараттық технологияны қолдануға дайындығы, сондай-ақ оқушылардың, студенттердің ақпараттық мәдениеттіліктерін қалыптастыру мәселелері И. М. Богданова, С. А. Хузина, Н. С. Астафьева, И. Г. Овчинникова, И. В. Марусева, А. В. Смирнов, Г. А. Кручинина, С. Кариев, Б. Б. Баймұханов, Т. О. Балықбаев, Д. М. Джусубалиева, К. С. Абдиев, М. Кеңесбаев және т. б. ғалымдардың еңбектерінде зерттелген.
Бастауыш мектептің оқу үрдісінде компьютерлерді пайдалану, бастауыш сынып мұғалімдерін оларды қолдануға үйрету, информатика пәнін бастауыш мектепте оқыту проблемаларына В. А. Буцик, Огурцов, Н. В. Ладыженская, И. Б. Мылова, И. М. Богданова, Ю. А. Иванов, Т. В. Добудько, Т. Ф. Сергеева, Г. Г. Брусницына, И. В. Ряхинова, Т. К. Смыковская, С. А. Хузина, В. В. Варченко, И. О. Ивакино, В. И. Пугач, Т. Ильина, С. А. Зайцева, И. В. Левченко және т. б. ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстары арналған .
Бүгінгі күні республика көлемінде білім беруді ақпараттандыру проблемасы төмендегі басты ғылыми мектептер негізінде жан-жақты және нақты зерттелу үстінде:
- профессор Г. К. Нұрғалиеваның білім беруді ақпараттандыру жағдайында электронды оқулықтарды дайындаудың педагогикалық мәселелері мен түрлі оқыту мақсатындағы программалық құралдарды жасау проблемалары (Ш. Т. Абишева, Г. Б. Ахметова, А. С. Кадырова, Г. Кудебаева, А. Х. Накпаева, Н. М. Сагитова, А. И. Тажигулова, Н. Даумов) ;
- профессор Ж. А. Қараевтың ақпараттық технологияны (компьютерді) жалпы орта білім беретін мектептің оқу үрдісінде, кәсіби дайындықта пайдалану және орта, жоғары оқу орындарында информатикаға оқыту проблемалары (М. Б. Есбосынов, С. В. Рах, К. З. Халикова, Ж. С. Сардарова, С. Т. Мухамбетжанова, Б. К. Тульбасова, Г. Г. Бегаришева, Б. Абықанова, О. К. Ахметова ) ;
- профессор Е. Ы. Бидайбековтың студенттерді ақпараттық технология құралдарын қолдануға әдістемелік тұрғыдан дайындау, информатика пәнін оқыту және соған сәйкес информатик-мамандарды дайындау мәселелері (Ш. Шекербекова, Г. А. Абдулкаримова, Е. А. Вьюшкова, А. Ибашова және т. б. ) .
Соның ішінде республикамызда қазақ тілінде оқытылатын бастауыш мектепте информатика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқыту әдістемесі мен бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін ақпараттық технология арқылы дамытудың педагогикалық шарттарын негіздеу мәселелері Д. С. Байғожанованың және А. Б. Медешованың ғылыми-зерттеу жұмыстарында зерттелген.
Ұсынылып отырылған зерттеу жұмысының көкейкестілігі сонымен қатар бастауыш сынып мұғалімінің барлық пәндерден сабақ беретін ерекшелігімен және бастауыш мектепке информатика мұғалімінің қазіргі таңда арнайы дайындалып жатпауымен, сондай-ақ математика және информатика мамандықтарын бітірген мамандардың бастауыш әдістемесі мен соған сәйкес қазіргі ақпараттық технологияларды пайдалану ерекшелігінен бейхабар екендігімен де анықталады.
Бастауыш мектепті ақпараттандыру үрдісін тек жалпы орта білімді ақпараттандыру деңгейінде ғана емес, сонымен бірге өзіндік нақты ғылыми және практикалық проблема есебінде қарастыру қажеттігі оқушылардың жас ерекшеліктері мен кез-келген жаңалықтарды қабылдаудағы психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерімен түсіндіріледі . Сонымен аталған ғылыми-зерттеу жұмыстары мен әдебиеттерге, озық тәжірибелерге жасалған талдау жұмысы білім беруді жаңарту жағдайында бастауыш мектепті ақпараттандыру проблемасының ғылыми тұрғыдан негізделмегенін дәлелдейді. Осы тұрғыдан алғанда келесі қарама-қайшылықтар туындап отыр:
- бастауыш мектепті ақпараттандыруға деген қоғам сұранысы мен оның бүгінгі білім беруді жаңарту жағдайында жүйелі түрде зерттелмеуі;
- бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық сауаттылықтары негізін қалыптастыру қажеттігі мен оған негіз болатын тұжырымдаманың және оны жүзеге асыру моделінің жоқтығы;
- білім беруді жаңарту жағдайында бастауыш мектепті ақпараттандыруды тиімді жүзеге асырудың психологиялық - педагогикалық шарттарының анықталмауы;
- бастауыш сынып оқушыларына нәтижеге бағдарланған білім беруде ақпараттық біліми ортаның дидактикалық мүмкіндіктерінің зерттелмеуі.
Көрсетілген қарама-қайшылықтардың шешімін іздестіру бізге зерттеу жұмысымыздың проблемасын айқындауға және тақырыпты «Кіші жастағы мектеп оқушыларына инфарматиканы оқыту барысында ақпараттық техналогия курсының ерекшелігі » деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты : білім беруді жаңарту жағдайында бастауыш мектепті ақпараттандыруды ғылыми-теориялық және практикалық тұрғыдан негіздеу, тиімді жолдарын анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
1. Білім беруді жаңарту жағдайында бастауыш мектепті ақпараттандырудың әдіснамалық және теориялық негізін анықтау.
2. «Бастауыш мектепті ақпараттандыру», «қазіргі ақпараттық технологиялар» ұғымдарының мәнін нақтылау.
Зерттеудің нысаны - жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сыныбындағы оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеудің пәні - білім беруді жаңарту жағдайындағы бастауыш мектепті ақпараттандыру үрдісі.
Зерттеудің әдістері: зерттеу проблемасы бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге теориялық талдау жасау; мемлекеттік стандарттарға, оқу бағдарламаларына және оқу әдебиеттеріне салыстырмалы-педагогикалық талдау; мұғалімдердің озық тәжірибелерін зерттеу; мектептік білім мазмұнына ғылыми-әдістемелік талдау; бақылау; сауалнама жүргізу; әңгімелесу; педагогикалық эксперимент; мәліметтерді математикалық тұрғыда өңдеу.
Курстық жұмыстың құрылымы
Курстық жұмыстың құрылымы− кіріспеден, бір тараудан, екі парагрфтан, қорытындыдан, пайдалынылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
«Информатика» пәні бойынша стандарт «ҚР Білім туралы Заңы» және ҚР жалпы орта білімнің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бойынша жасалды. Ол 12 жылдық оқу үлгісіне көшуге байланысты информатика бойынша білім саласында біріккен мемлекеттік саясатты жүргізуге мүмкіндік береді.
Информатика құрылымды оқытады және информацияның жалпы қасиеттері шынайы әлемнің маңызды құрамы сияқты болып табылады. Сонымен қатар информатика - бұл, компьютерлік желілердің көмегімен ерекшеленіп, информацияларды жіберу, сақтау, өзгерту және қолданумен байланысты қызметтің дамыған, ғылымиланған саласы.
Информатика қоршаған ортаны тануда жүйелік-информациялық амалды жүзеге асыратын ғылыми мағлұматтың табиғат пен қоғамдағы информациялық процестер жөніндегі маңызды саласының бірі бола бастады.
«Информатика» оқу пәні, өзінің мазмұнына ақпарат, түрлі табиғат жүйесіндегі ақпараттық үрдістер, ақпараттандыру құралдары және ақпараттық технологиялар туралы білімдер негізін құрайтын бастауыш мектептің жаңа пәндерінің бірі.
«Математика және информатика» білім беру саласына кіретін оқу пәнінің нысаны -информатика. Ұсынылып отырған «Информатика» оқу пәнінің нысандары ақпарат, ақпараттық ресурстар, ақпараттандыру құралдары мен ақпараттық технологиялар жатады.
«Информатика» оқу пәні, өзінің мазмұнына ақпарат, түрлі табиғат жүйесіндегі ақпараттық үрдістер, ақпараттандыру құралдары және ақпараттық технологиялар туралы білімдер негізін құрайтын бастауыш мектептің жаңа пәндерінің бірі.
Оқу пәні ретіндегі информатиканың білім мазмұнында басқа да білім салаларына тән мағлұматтардың кездесуі мүмкін болғандықтан, басқа пәндермен пәнаралық байланыс тән.
Информатика курсы бастауыш білім берудің екінші циклынан бастап оқытылады да, негізгі мектепте информатиканы оқытуға дайындық ретінде қарастырылады. Информатиканы оқыту тәрбие құралы ретінде ҚР ББ МБС-ндағы оқытудың екінші жылынан кейінгі екінші циклындағы (3-4 сыныптар) базалық, түйінді және пәндік құзіреттіліктерге сәйкес күтілетін нәтижелерге жетуге бағытталады. Осыған орай бастауыш мектепте информатиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері айқындалады.
«Информатика» оқу пәнінің жалпы мақсаттары ұсынылған базалық, түйінді және пәндік құзіреттілік түрлерімен бірлікте қарастырылады:
бастауыш білім алушыларының назарын және ойлау қабілетін дамыту;
информатиканың негізі мен ақпараттық технологияларды оқу іс-әрекетінде қолдану;
жалпы оқу біліктері ретінде оқу-компьютерлік біліктің негізін қалыптастыру.
Оқыту пәнінің мақсаттарына сәйкес «Информатика» оқу пәнінің міндеттері төмендегіше анықталады:
білім алушыларға ақпараттың негізгі қасиеттерімен таныстыру, оларды ақпаратты ұйымдастыру жолдары мен алдыға қойылған мақсатты шешуде оқу іс-әрекетін жоспарлай білуге үйрету;
білім алушыларға компьютер және қазіргі ақпараттық, коммуникациялық технологиялар туралы, қазіргі ақпараттық қоғам туралы, жеке тұлға мен мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігі туралы алғашқы түсінік беру;
бастауыш мектептің басқа пәндерін оқытуда қолданатын білім алушыларға компьютерді қолданудың алғашқы білігін қалыптастыру.
Оқу пәні мазмұнын іріктеуді реттейтін дидактикалық негіздер үздіксіз білім берудің дидактикалық, әрекетшілдік негіздегі, пәнаралық интеграция, түсініктілік, сабақтастық, тұлғалық жетістіктерді ескеру, шығармашылық, 3-4 сынып оқушыларының жас мүмкіндіктерімен өзара байланысы ұстанымдарының негізінде жүзеге асады.
«Информатика» пәнінің мазмұнын іріктеу іс-әрекеттік, денсаулық сақтау, жеке тұлғаға бағытталған және құзыреттілікке негізделген. Нәтижеге бағытталған құзыреттілік Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартында көрсетілгендей білім алушыларды құзыреттілікке жетуге бағдарлайды.
Білім мазмұнын іріктеуге Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартыда анықталғандай базалық, пәндік, түйінді құзыреттер негіз болады. «Информатика» оқу пәні білім алушыларға компьютерді қолдану білігін және басқада ақпараттық технологияларды қолдану мен ақпаратты-әлеуметтік білімді береді және осы алған білімдерін әр түрлі пәндерді оқуда қолдана алуға мүмкіндік жасайды.
Информатика оқу пәнінің мазмұндық желілері төмендегідей беріледі:
ақпарат желісінде білім алушылар ақиқаттың бір көрінісі ретінде ақпараттың жалпы қасиеттерімен, табиғаттағы және қоғамдағы ақпараттық үрдістердің өзара қатынасымен танысады
модельдеу түсінігін ақпараттық үрдістерді сипаттаудың бір түрі ретінде қарастырады.
аппаратты және программалық жабдықтау: компьютердің негізгі және қосымша құрылғыларымен танысады.
ақпараттық технологиялар желісі әртүрлі ақпараттарды сақтау, өңдеу және қолдану мүмкіндіктерін одан әрі жетілдіруге бағытталған.
Бұл мазмұндық желілер әр сыныпта оқытылады. Әрбір мазмұндық желідегі тақырыптар бойынша білімдер спиарльді бейнелі толықтырылып және кеңейтіліп отырады. Әрбір тақырыптағы мәліметтер келесі тақырып мазмұнын игеруге негіз болады.
Пән бойынша оқу жүктемесі ҚР МЖБС (Астана, 2008) базистік оқу жоспарына сәйкес (Қосымша Б, Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін орта білім беру ұйымдарының типтік оқу жоспары. Бастауыш білім беру) сәйкес 3 сыныпта информатиканы оқытуға аптасына 1 сағат, 4 сыныпта аптасына 1 сағат бөлінген:
3-сыныпта аптасына 1 сағат, жылына оқу аптасы - 32, барлығы - 32 сағат;
4-сыныпта аптасына 1 сағат, жылына оқу аптасы - 32, барлығы ― 32 сағат.
Оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі информатика пәні бойынша білім алушылар мен олардың ата-аналарының қызығушылығы мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға, оқу-компьютерлік біліктерінің негізін қалыптастыруға бағытталған арнайы оқыту және ойын оқу бағдарламалары.
Оқу пәнінің күтілетін нәтижелері ұзақтығы 2 жылдық оқытудың әрбір 2- циклына арнап бекітілген білім беру мақсаттарының жүйесіне сәйкес құрылады.
Бастауыш білім берудің әрбір циклі оқушылардың белгілі бір деңгейдегі оқу жетістіктерін меңгеруі үшін білім беруді ұйымдастыруға бағытталған:
оқу жетістігінің 1-деңгейі - 1-2 сыныптардан кейін;
оқу жетістігінің 2-деңгейі - 3-4 сыныптардан кейін.
Оқу жетістігінің екі деңгейі де оқушылардың ҚР ББ МБС-да ұсынылған түйінді құзыреттерге сәйкес келеді: ақпараттық, коммуникативтік және проблемалардың шешімін табу құзыреті.
Барлық білім беру салаларының бастауыш білім берудегі күтілетін нәтижелердің екі деңгейлі жүйесі тұлғаның даму деңгейінің көрсеткіші болып табылады және білім алушылардың оқу жетістіктерін қадағалауға мүмкіндік береді.
Оқу жетістігінің екінші деңгейі бойынша (3, 4-сыныптардан кейін) оқушылар мыналарды біледі:
жеке мәтіндер, суреттер, аудио-, видеожазбаларды сақтауға және құруға арналған Microsoft WordPad, Microsoft Paint, Windows Media диск ойнағышын қолдана алады;
интернеттің қарапайым негіздері туралы: электрондық почта, алгоритмдер және программалар туралы түсінікке ие болады;
жеке компьютерді және құрылғыларды таңдауды негіздейді;
ақпарат көздері: кітаптар, журналдар, газеттер, теледидар, Интернетті қолдана отырып, қысқа хабарламалар дайындайды;
кестелер мен диаграммаларды құру үшін Microsoft Power Pоint бағдарламасын қолдана алады;
жеке коммуникацияның қазіргі заманғы құралдарын пайдаланады;
ақпараттық мәліметтердің ұқсастығын тауып, оларды ажырата алады және ақпараттардың есепті шешу үшін жеткіліктілігін анықтайды;
есептеп шығаруға арналған мәтіндерден, суреттерден, сызбалардан, эскиздерден, схемалардан қажетті ақпаратты таба алады;
вирустардың кіру мүмкіндігінен ақпаратты қорғау ережелерін қолданады.
«Информатика» оқу пәнінің базалық мазмұны ақпараттық үрдістің құрама бөлігі ретіндегі ақпарат, ақпараттық технологиялар, модельдеу мен алгоритм туралы білімдер жиынын құрайды. Базалық мазмұнның осы циклында ақпараттың түрлері тізбектеле ашылады (мәтіндік, графикалық, дыбыстық), компьютерді қолданудың, ақпаратты іздеу, тасымалдау, түрлендіру, сақтаудың бастапқы біліктерін; қажетті ақпаратты сөздік, катологтан, кітапханадан, Интернеттен іздеу (тексеру) ; ақпаратты алфавит және сандық өлшемдері бойынша реттеу (өсу және кему) ; қарапайым логикалық амалдарды қолдану " . . . және/немесе . . . ", "егер . . . , онда . . . ", "тек қана сол жағдайда . . . "; қарапайым пікірлерді дәлелеу; қарапайым алгоритм және үлгі бойынша нұсқауларды орындау.
Оқушыны ақпараттық технологияларға ерте тарту, оны ары қарай өзінің оқу-танымдық қызметінде есептеу техникасы, ақпарат іздеу және оны өңдеу құрылғысы ретінде қолдануға мүмкіндік береді.
3 СЫНЫП - 32 сағат
Ақпарат - 4 сағат
Біздің өміріміздегі ақпарат. Бізді қоршаған ақпарат Ақпарат түрлерінің көпбейнелілігі (суреттер, мәтіндер, дыбыстар) және оларды өңдеу тәсілдері. Ақпарат көздері. Ақпарат және оның қасиеттері: мағынасы, суреттеу, бағалау. Ақпаратты түрлендіруде және жаңа ақпаратты алудағы адамның ролі. Тірі табиғаттағы белгілерді қабылдау және сақтау, түрлендіру. Ақпараттың адам өміріндегі ролі. Ақпаратты тану, сақтау, жеткізу, өңдеу және іздеу.
Мәтіндік ақпаратты өңдеу - 8 сағат
«Блокнот» бағдарламасы. «Блокнот» бағдарламасы туралы мағұлмат. Сөзді және белгіні іздеу мен ауыстыру. Мәтін фрагментін қию, көшіру, қою немесе өшіру. Қаріп өлшемін және сызбаны өзгерту. «Блокнот» бағдарламасын басып шығаруға дайындау.
Microsoft WordPad - мәтіндік редактор . WordPad құжатын құру, ашу және сақтау. Сөзті тасымалдау тәртібін қосу. Соңғы әрекетті қайтару. Сөз немесе белгіні ауыстыру және іздеу. WordPad панел саймандарын экранға шығару немесе тығу. Мәтін фрагментін қию, көшіру, қою немесе өшіру.
Графикалық ақпаратты өңдеу - 8 сағат
Microsoft Paint бағдарламасы - графикалық редактор . Суретті құру, ашу және сақтау. Саймандар панелі. Суретті өңдеу. Түспен және бейнемен жұмыс. Құттықтау қағазын құрастыру.
4 СЫНЫП - 32 сағат
Мәтіндік ақпаратты өңдеу - 8 сағат
Microsoft WordPad мәтіндік редактор . Құжатты құру және қарапайым өңдеу. Мәтін фрагментімен жұмыс, қою, жою және символдарды ауыстыру. Бет өлшемі, сызықтың (поля) шамасы. Беттің бағыты және нөмерлеу. Дұрыс жазу ережесін тексеру.
Қаріп пішімін өзгерту, абзац пішімі, отступ (бос жер) . Мәтіндік құжатқа тізім, кесте және графикалық нысанды қою. Мәнерді қолдану және өңдеу: абзацтар, тақырыптар.
Құжатты мастерлер мен шаблондар арқылы құру (баяндама, реферат) .
Алдын-ала көру. Құжатты басып шығару.
Графикалық ақпаратты өңдеу - 6 сағат
Microsoft Paint бағдарламасы - графикалық редактор. Графикалық редакторлар, түрлері және олардың негізгі мүмкіндіктері. Растрлық графика. Берілген бейнені өңдеу. Графикалық нысандармен жұмыс. Түстер және палитра.
Телекоммуникация - 3 сағат
Интернет туралы түсінік. Ақпаратты белгілі адреспен іздеу технологиясы.
Электронды пошта туралы түсінік және адресті толтыру ережесі. Электронды поштамен жұмыс. Бүкіләлемдік торда саяхат.
Оқушылардың білім, білік және дағдыларына қойылатын талаптар
3 сынып оқушылары:
класстарды белгілеуді (біркелкі заттардың топтары) ;
бір кластың барлық заттарының құрамы мен іс-әрекеттерінің ұқсастығын таба алады;
бір кластың заттарының ортақ қасиеттерін көрсете алады;
заттардың құрама бөлшектерін анықтай алады, сонымен қатар олардың құрамын айтып береді;
жиындарды әртүрлі орналасу ретімен көрсете алады;
суреттен екі жиынның қиылысқан бөлігін таба алады және осы бөліктің элементтерін атайды;
пікірлерді басқа сөйлемдерден ажырата алады, пікірлерге мысал келтіре алады, ақиқат және жалған пікірлерді анықтай алады;
тұжырымды ереже түрінде «егер-онда» жаза алады;
компьютерде жұмыс істеудің санитарлы-гигиеналық талаптарын;
компьютердің қосымша бөліктерін, периферийналық құрылғысын және оның қызметін;
Microsoft Windows стандартты бағдарламаларынның негіздерін;
ақпараттық жүйенің қызметі мен орнын;
ақпараттық технологияның қызметі мен орнын;
қазіргі қоғам дамуындағы информатика мен ақпараттық технологияның орнын біледі.
санитарлы-гигиеналық талаптардың бұзылу қызметіндегі қателіктерді көрсетіп және жөндей алады;
ақпараттар, берілгендердің ұқсастығын таба алады және таниды;
дербес компьютер мен перифериялық құрылғыларды таңдауда негіздей алады;
ең бастысы балаларға таныс айналасындағы бейнелерді, олардың арасындағы қарапайым байланыс пен ішкі құрылысын анықтауды тікелей қабылдауда, түсіндіріп беруде (соның ішінде іс-әрекетте), ақпараттық нысандарды бағалап, таңдау жасай алады;
мәтіндік, графикалық ақпаратты құра алады және сақтайды;
дыбысты оқуды және видео ақпаратты демонстрациялауды;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz