Эстетикалық тәрбиенің мәні мен маңызы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І. ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ ... ... ... ... .7
1.1 Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.2 Эстетикалық тәрбие берудегі дене қимылдарының дамуы ... ... ... ... ..12
1.3 Эстетикалық тәрбие берудегі дене қимылдарының дамуы ... ... ... ... ..14
ІІ. ОҚУШЫЛАРҒА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ МАҢЫЗЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.1 Дене шынықтырудың этнопедагогикалық мәселелері ... ... ... ... ... ...17
2.2 Мектепте өтілетін дене тәрбиесі сабағының маңызы ... ... ... ... ... ... .20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28

ЖОСПАР
КІРІСПЕ---------------------------- ----------------------------------- ------
----------------3
І. ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ -----------------7
1.1 Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру жүйесі-----------------------------
----7
1.2 Эстетикалық тәрбие берудегі дене қимылдарының дамуы------------------
12
1.3 Эстетикалық тәрбие берудегі дене қимылдарының дамуы------------------
14
ІІ. ОҚУШЫЛАРҒА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ МАҢЫЗЫ ---------
----------------------------------- ---------------17
2.1 Дене шынықтырудың этнопедагогикалық мәселелері-----------------------
17
2.2 Мектепте өтілетін дене тәрбиесі сабағының маңызы-----------------------
--20
ҚОРЫТЫНДЫ-------------------------- ----------------------------------- ------
--------26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР------------------------- ---------------------28
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Эстетикалық тәрбие — халық
педагогикасының аса маңызды негіздерінің бірі. Қазақ қоғамының бар келбет-
көрінісі: отбасының әдет - ғұрпы, салт-дәстүрі, ата-ананың жағымды мінез -
құлқы, киіз үйдің әшекей-әрі, ою - өрнегі, ауылдың ойын-той, мейрам -
мерекесі, шебер қолдан туған өнер туындылары — осылардың бәрі балғын қыздың
санасына эстетикалық айшықты бейнелер сәулесін құйып, әсемдік әлеміне қарай
жетектеп әкете берген. Осыдан барып қыз мінезінде де, ішкі сарайы мен
келбетінде де жан-жақты жарасып, үйлесім қалыптасатыны белгілі.
Эстетикалық тәрбие оқушылардың көркемдік талғамдарын, алуан түрлі
шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге себепкер болады, эстетикалық
мұраттарды қалыптастырады, оларға әсемдікті түсінуді, бағалауды және
жасауды бойға сіңіруге, нағыз көркем шығармаларды өнердегі әр түрлі жасанды
баямадан ажырата білуге, айнала қоршаған өмірдегі сорақы құбылыстарға,
жағымсыз қылықтарға төзбестікпен қарауды дамытуға көмектеседі.
Эстетикалық тәрбие беруде дене тәрбиесінің маңызына тоқталатын болсақ,
оқушының рухани және дене жағынан дамуында олардың жас ерекшіліктерін
ескере отырып, жеке басы мен мінез-құлқындағы сұлулық қасиеттерін дамыту
болып табылады.
Эстетикалық сезімдер адамның әсемдікті қабылдауы және қолдан жасауы
барысында туады, сұлулықты қабылдай отырып, адам көз қызықтырып, сүйсіне
қарау ынтасын тудыратын, өзіне тарта түсетін эстетикалық әсемдік сезімін
бастан көшіреді. Эстетикалық сезімдер тек дене сұлұлығын қабылдағанда
тумайды. Эстетикалық сезім деп адамды белгілі толғанысқа салатын,
айналадағы дүниені сұлулық ие кейіпсіздік, жарқын мақсат не қара ниет,
қайғылы ие күлкі тұрғыда қабылдап, бағалау қабілетін ақтамыз. Эстетикалық
мұратында айнадан көрінгендей, адамның сенімі, оның өмірлік позициясы
бейнеленіп отырады.
Эстетикалық тәрбиенің негізі құралдарына мектепте табиғаттың, қоршаған
қоғамдық ортаның, еңбектің, көркем өнердің, әдебиеттің рөлі ерекше. Сұлулық
туралы алғашқы түсініктерді балалар табиғаттан алады.
Сухомлинский В.А. Бала сұлулықты сезініп оған қуанатын болсын, оған
бейнеленген образдар оның жүрегімен зердесінде мәнгі сақталып қалатын
болсын. Әсемдік - адамгершіліктің ізгі сезімдердің, шын жүректі қарым-
қатынастардың жаны мен мәні деп жазды.
Эстетикалық көзқарас пен сенім өмір үрдісінде қоғамдық қызметте және
адамдардың данасы мен іс-әрекетіндегі ескінін сарқыншақтарына қарсы күресте
идеялық-саяси және адамгершілік мұраттардың бірлігінде қалыптасады.
Жан-жақты және эстетикалық дамыған адамның бойында рухани байлық, мінез-
құлық тазалығы және шыныққандық қасиеттері тоғысуы тиіс.
Жақсы ұстаз бүкіл 45 мин бойы эстетикалық тәрбие беруді естен
шығармайды, оқушыларға қатысы бар әрбір іс-қимылды эстетикалық талғам мен
көзқарас дамыту үшін пйдаланады. Биология сабақтарында гүлдің құрылысы мен
жан-жануарлардың ас қорыту органдары туралы айту жеткіліксіз. Өсімдіктер
мен жануарлар әлемінің сұлулығын, табиғатта кездесегін бояулардың,
дауыстардың сызықтар мен формалардың қимыл қозғалыстардың сан алуан екенін
ашып берген жөн.
Эстетикалық тәрбие - үлкен де терең сезімдер, идеялық сенімділік, мінез
тазалығы ол бірінші кезекте, нағыз адамгершілік тәрбиесі. Біздің міндетіміз
- жас ұрпақка дұрыс тәрбие беруде өнерді эстетикалық тәрбиені күнделікті
ісімізде одақтас ету.
Қазақ мектеперінде қазақ әдебиетінің көрнекті қайраткерлері С.
Сейфуллиннің, I.Жансүгіровтің, Б. Майлинның М.Әуезовтың, С. Мұқановтың,
Ғ. Мүсіреповтің, Ғ. Мүстафиннің тамаша шығармаларымен таныса отырып,
олардан өздеріне эстетикалық ләззат алады, көркемдік талғамьш арттырады.
Дене тәрбиесі, бейнелеу өнері, әнкүй сабағы, ойындар, драмалар,
инсценировкалалар, үйірме сабақтарын жүргізу оқушыларға сыныптан тыс
уақытта эстетикалық тәрбие беру де радионың, киноның, теледидардың
мүмкіншілігі орасан зор.
Оның өзі - денесі, дауысы, ойлары, сезімдері оның физиологиялық және
психикалык құрылымы - өзінің көркем бейнесін жасап шығатын материалы болып
саналады.
Халқымыздың қашаннан да сұлулықты, махаббатты аялаған ақындар
сүйіспеншілікті өлен-жырға қосқан. Сонау көне заманнан махабатты
сүйіспеншілікті аялау белгісі - махаббат жолында жандарын қиған Қозы-Баян,
Еңлік-Кебектер. Егер халқымыз адалдықты, сұлулықты, әдемілікті сүймесе біз
бұл ғашықтар жайлы білер ме едік. Әрине білмес едік. Жалпы шығыс аңыздары,
тіпті ертегілері де тек сүйіспеншілікке, екі жастың бір-біріне ғашық болып,
қосылуын баяндаған.
ХІХ ғ. өмір сүрген Абайдың махаббат жайлы сұлулық жөніндегі өлеңдері
осы күнге дейін өз маңызын жайған жоқ. Түсіне білген, сезіне білген аламға
Абайдың бұл өлеңдері - тұнып тұрған құпия сыр.
Бұл жолдар арқылы ақын қыздың нәзіктігі сұлулығымен қатар, жан
сұлулығын көрсеткен, оған дәлел: Аласы аз қара көзі айналайын деген өлең
жолы ешқандай құлық-сұмдықсыз пәк қара көздер. Жай қара көздер емес, әр
жалт етіп қараған сайын жүрекке ыстық шоқ, жалын тастап кететін қара
көздер, қыз денесінің нәзіктігі, жұмсақтығын, ақын үлбіреген сөзі арқылы
берген. Келтірілген нендей әсем сөздер, әдемі құбылтулар ақынның
әдемілікке, сұлулыққа деген құштарлығынан туындаған. Әдемілікті, сұлулықты
дұрыс тану, адамның эстетикалық талғамына, сезім санасына байланысты.
Жеке адамның сыртқы мәдениеті мен ішкі жан дүниесінің ұштасып жатуы
эстетикалық сұлулығының белгісі.
Осыдан келіп түйіндейтініміз жастардың эстетикалық танымын, сезімін,
мәдениетін, білімін көтеруде ең басты сүйеніш ұстаздар, тәрбиешілер және
ата-аналар.
Эстетикалык тәрбие - болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті
дұрыс қабылдауға және эстетикалық түсінікті сезім мен талғамды тәрбиелейді.
Өнерде және өмірде сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін, қажетсінуін
қалыптастырады.
Эстетикалық тәрбие тек қана көркемдік денгейді жетілдіру, оқыған кітап,
көрген кинолар мен музыкалық шығармалар санасын көбейту ғана емес. Ең
бастысы, адамгершілік сезімді, жеке бастың рухани деңгейін кеңейту, мінез-
құлқын түзету, толықтыру. Егер оқушы өзін жаман әдеттен алшақ ұстап, өз
әрекетінің әдемілігін, қажеттілігін түсініп, еңбек нәтижесінен көркемдікті
сезіне білсе, бұл оның эстетикалық талғамының, сонымен қатар адамгершілік
қасиеттерінің жоғары жетіле бастағанын көрсетеді. Әрине, керісінше де болуы
мүмкін.
Мәселен кейбір адамдар ақын, жазушылардың шығармаларын көптеп оқиды,
көркем өнердің де барлық саласынан хабардар, бірақ қоғамдық тәртіптің шегін
бұзады. Ал мұндай адамдарды нағыз эстетикалық мәдениеттен алыс десе де
болады.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Эстетикалық тәрбие беруде дене тәрбиесінің
маңызын зерттеу.
Зерттеу жұмысының міндеттері.
- эстетикалық тәрбие берудегі дене тәрбиесінің рөлін анықтау;
- эстетикалық тәрбие берудегі дене тәрбиесінің маңызын қарастыру;
- дене тәрбиесінің оқушы денсаулығы үшін маңыздылығын қарастыру т.б.
Зерттеу әдіс-тәсілдері. Эстетикалық тәрбие - жан-жақты тәрбиенің бүкіл
жүйесінің табиғи бір бөлігі екендігі, эстетикалық тәрбиедегі дене тәрбиесі.
Зерттеу пәні. Жалпы мектепте өтілетін дене тәрбиесіндегі эстетикалық
тәрбие.
І. ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ
1.1 Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру жүйесі
Бастауыш мектеп балаларына эстетикалық тәрбие беру жүйесін анықтауға
кіріспес бұрын, олардың эстетикалық даму деңгейін зерттеу қажет. Тіпті
балалармен алғашқы танысудың өзі-ақ олардың мектепке дейінгі мекемелерге
қатынасқандары мен үйде тәрбиеленгендерінің эстетикалық даму дәрежелерінің
әр түрлі екенін көрсетіп отыр. Мектепте көптеген әндерді біледі және
оларды айта алады, олар өлең айтуға белгілі құштарлықтарын көрсетеді,
өздерінің жасына қарай түсінікті музыкалық шығармаларды тыңдауды ұнатады,
ынталы сурет салады, сонымен бірге олардың салған суреттері мазмұнды,
бояулары әр қилы болып келеді.
Отбасы тәрбиеленген балалардың даярлығы тіпті әр түрлі. Балалардың
барлығы дерлік қандай да болсын бір өлеңді оқи алады, кейбіреуі әндетеді.
Бірақ, балалар өлеңдерімен қатар, үлкендерге арналған өлеңдерді де айтады.
Бір әнді де айта алмайтын, сурет те сала алмайтын, жапсыра алмайтын балалар
да кездеседі.
Мұғалімге балалардың эстетикалық даму дедгейіндегі мұндай айырмашылығын
ескеруі қажет болады, сондай-ақ балалардың барлығы бірдей әдемілікке
сезімтал болмаса, оған таңданбау керек. Қолдағы бар барлық құралдардың
көмегімен кейбір балалардың артта қалушылығын жойып, олардың эстетикалық
жалпы дамуының жоғары дәрежесіне жету қажет.
Оқу барысы — эстетикалық тәрбиенің маңызды құралы. Балалардың
эстетикалық жарқын әсерленушілігі оқудың бірінші күнінен бастап-ақ пайда
болуы мүмкін. Бұл күннің барлық балалар үшін ұмытылмас, балалық шақтың
нағыз жарқын сәттерінің бірі болатыны белгілі. Мектеп алдында тұрған міндет
— ол күннің балалардың эстетикалық жарқын толғанысының қуанышты бірінші
күні болуын көздеу. Мектептердің
көпшілігінде бірінші сыныпқа келген балаларды ұқыпты әзірлікпен қарсы алу
дәстүрге айналды. Мұғалімдер балаларды салтанатпен қарсы алуға, ал
сыныптың, олар үшін барынша тартымды болып көрінуіне қамқорлық жасайды.
Бірінші күннің өзінде-ақ оқушылар өз мектебімен танысады, Мұғалім
балалардың назарларын мектептің безендірілуіне, мектеп жанындағы учаскенің
әдемі де тартымды орындарына, сол көргендерінің көбін олардың жасы үлкен
достары: пионерлер мен комсомолецтер жасағанына аударады. Бұл шаралар
балаларды мектеп өміріне бірден белсене араласып кетуге жігерлендіреді..
Егерде бірінші сыныпқа келгендердің алғашқы оқу күні үй ішінде де
мейрам күніне айналса, өте жақсы болмақ. Бұл туралы мұғалім ата-аналармен
күні бұрын сөйлесіп, келіседі.
Мұнан кейіпті барлық оқу жұмыстарын жүргізуде мұғалім балалардың
эстетикалық сезімдерін дамытып, жетілдіре беруге ұмтылады.
Мұғалімнің тақтаны әдемілеп безендіріп, оған математика, ана тілі
сабақтары жөніндегі оқу материалдарын ақылмен орналастыра білуі, тақтадағы
әдемі жазылған әріптер, цифрлер, жақсы салынған суреттер — міне, осылардың
барлығы мектеп балаларының эстетикалық талғамдарын қалыптастыру үлгісі емес
пе? Бастауыш мектеп оқушыларының еліктеу қабілетінің соншалық зор екені
белгілі. Сондықтан мұғалім балалардың пазарын үнемі тақтадағы жазудың қалай
жазылғандығына, дәптердегі жазуды қалай әдемілеуге болатынына аударады.
Мұғалім балаларға қалай жазу керектігін тәптіштеп үйретеді, олардың бұл
жұмысқа өз бетімен талпыныс элементін енгізуге тырысқанын атап көрсетіп,
қолдап отырады. Мұғалім неғұрлым алға ілгерілеген сайын, соғұрлым жазудың
қандайын болсын дұрыс та әдемі жазуды балалардың өздері ойлануына жиі-жиі
кеңес беріп отырады. Мұғалім оқу шаруашылығын қалай жүргізетініне назар
аударуының атқаратын рөлі де кем емес. Мұны тексеруге пионерлер мен
октябряттардың қатысуына болады, жақсы дәптерге, балалардың еңбек сабағында
жасаған тәуір нәрселеріне конкурс жарияланады, жақсы дәптерлер мен бұйымдар
көрмесі т. б. ұйымдастырылады.
Оқу процесінде мәнерлеп оқу елеулі орын алады, оны дұрыстан ұйымдастыру
окушылардың эстетикалық дамуының маңызды құралы болып табылады. Бұл
сабақтарда оқушылардың әдеби шығармаларды өнер туындысы ретінде қабылдай
білуіне, оған қатынасатын негізгі адамдарды, оларға тән мінездер мен
қылықтарды, істерді дұрыс бағалай білулеріне, сонымен бірге олардың
шығармалардың көркемдік лайықтылығын сезініп, түсіне білуіне жету қажет.
Бұл талап әрбір мұғалім жұмысындағы ережеге әлі де айналып болған жоқ,
кейбір мұғалімдер осы уақытқа дейін әдеби шығармалардың окулықтарда орын
алған тек танымдылық жақтарын ғана атап көрсетумен тынуға тырысады.
Егер мұғалім балаларды тек материалды эстетикалық дұрыс қабылдап қоюға
ғана емес, сонымен, бірге олардың әдеби шығарманың көркемдік құндылығына:
әдісі, стилі, тілі, оқиғасы мен қаһармандарын керкем бейнелеу құралдарына
көзқарастарып білдірсе, мәнерлеп оқу балалардың эстетикалық тәрбиесіне
үлкен әсерін тигізеді. Әрине, мұны кіші мектеп балаларына түсіпікті тілмен,
күрделі әдебиеттану терминдерін қолданбай, жеңіл түрде жасау қажет екені
түсінікті болуы тиіс.
Балалардың фактілерді, оқиғаларды, бейнелерді әсерленушілікпен қабылдау
дәрежесін күшейту үшін, оларды мектеп оқушыларының өз тәжірибесімен
салыстыру әдісі де пайдаланылады. Мысалы, әдеби шығармаларда табиғатты
суреттеуді талдаған кезде, оны табиғатта балалардың өздері байқап
білгендерімем салыстырып отырған пайдалы.
Жағымсыз құбылыстар бейнеленген көркем шығармаларды оқыған кезде,
балаларды сол құбылыстардың өздерін және олардың жазылған түсінігін дұрыс
бағалай білуге үйретудің үлкен маңызы бар, сондай-ақ олардың бұл
құбылыстарға жағымсыз көзқарастарын қалыптастыру үшін жағдайлар жасау
керек.
Эстетикалық тәрбиеде, сонымен бірге оқушылардың өлеңдерді, әндерді,
әңгімелерді, ертегілерді қайталап айтып қабылдау әдістері пайдаланылады.
Қайталап қабылдаған кезде мұғалімге балалардың назарларын көркем әдебиеттің
ең маңызды жақтарына аударудың, алғашқы оқып, қабылданған кезде байқаусыз
қалған жақтарын ашып берудің сәті түседі. Қайталап қабылдау мұғалімнің
түсінік беруімен бірге жүргізіледі. Балалардың саны қаншалықты аз болса,
мұғалімнің кемегі мен тікелей қатысы соншалықты маңызды болады. Мұғалімнің
шебер, тартымды жүргізген әңгімесімен қуатталған қабылдау көбіне тереңірек,
жан-жақты ек басты мәселеге шоғырландырылған, маңызды болып шығады. Мұндай
жұмыста балалардың мұнан былайғы эстетикалық дамуына қажетті жағдай болып
табылатын мектеп балаларының бақылағыштығы қалыптасады.
Әдеби текстермен жүргізілетін жұмыс үстінде мұғалім салыстыруды кеңінен
пайдаланады. Салыстыру әдісі балалардың белсенділігін арттырады, олардың
ақыл-ойына қозғау салып, жұмыс істеттіреді, олардың назарын шүйілте ұстауға
көмектеседі.
Мұғалімге қандай белгілердің салыстыруға жататынын, мысалы, музыкадағы
көтеріңкі және бәсең дыбысты білу қажет. Қарапайым белгілерді салыстыра
отырып, мұғалім балаларды біртіндеп мәнерлеу құралының жүйесін, екі
шығарманың негізгі идеясын салыстыра білуге жеткізеді.
Әдеби шығармалардың әсері кітап оқуды балалардың түрлі көркемдік іс-
әрекеттерімен: ән салу, сурет салу, бояу, жапсыру, модель жасау сияқты
өнерлермен ұштастыру есебінен күшейтілуі мүмкін.
Оқуға арналған кітаптарда музыкаға түсірілген кейбір халық әндері мен
өлеңдері орналастырылған. Егер оқушылар бұл шығармаларды жақсы орындалған
түрінде тыңдаса, ал олардың кейбіреулерін ән сабағында жаттап алса пайдалы
болмақ.
Кейбір шығармалардың мотиві бойынша тамаша картиналар жасалған. Оларды
сабақтарда пайдалану қажет. Мұғалім оқушыларға кейбір жеке әңгімелер мен
ертегілерді оқығаннан кейін, оларға өз көркемдеулерін жасауды, тәуір
суреттерге конкурс өткізуді ұсына алады.
Балаларды оқытудың алғашқы қадамынан бастап-ақ оларға эстетикалық
тәрбие берудің және табиғаттану сабағының мүмкіншіліктері сарқылмас мол.
Балалар I сыныптың өзінде-ақ мұғалімнің, жетекшілігімен қарапайым
бақылаулар арқылы табиғатқа экскурсия жасаумен, сондай-ақ оқулықтан мақала
оқу жолымен, табиғаттың құбылыстарымен танысады. Табиғатты біліп үйренуге
бастапқыдан-ақ ғылыми жолмен қарау керек, оны үйренуді кейінге қалдырмай
бірден қолға алған жөн. Мұнда, өз түлектерімен бірге отырып Табиғат
кітабының тамаша беттерін жасаған В.А. Сухомлинскийдің мұрасына қайта
жүгіну орынды болмақ. Ол өз түлектерін бозторғайдың әніне, шегірткенің
шырылына құлақ қойып, төңірегіндегі әсемділікті кере білуге және бастысы
көрген-білгендерін ертегілерде, әңгімелерінде, суреттерінде көрсете білуге
үйретті. Ол өз түлектерін қарапайым табиғаттың әсемділігін тамашалау
сезімін оятып отырды.
Табиғатты оқып үйрену бастауыш сыныптарда оқушылардың бақылаулары
практикалық жұмыстары, экскурсиялар, заттану және қорытынды сабақтар өткізу
жолымен жүзеге асырылады. Сабақтың осындай барлық түрлері оқушыларды
ботаника, зоология, география және ғылымның басқа салаларынан алғашқы
біліммен және іскерлікпен қаруландыру міндеттерімен қатар, туған
табиғатымыздың сұлулығы мен қайталанбастылығын мектеп балалары игеретін
сабақтар болуы тиіс. Бұл бірсыпыра шарттарды сақтағанда ғана орындалуы
мүмкін. Олардың біріншісі және ең маңыздысы мұғалімнің табиғат әсемділігіне
деген сезімталдығы болып табылады. Тек сондай мұғалім ғана оқушылардың
туған табиғатқа деген эстетикалық жоғары сезімін оята біледі. Екінші
маңызды шарты деп табиғаттану жөніндегі оқушылардың қабылдауын, елестетуін,
ұғымын қалыптастыру бағдарланатын емес, сезімін дамытып балалық қиялын
оятатын да оқу процесін есептеу керек. Талантты педагогтар баланы тәрбиелеу
ісінде үнемі үлкен табыстарға жетіп келеді, өйткені олар түлектерін
табиғатқа ақындардың, суретшілердің көзімен қарауға үйретеді, олардың
бірінші қадамынан бастап шамасы келетін творчестволық іс-әрекетке баулиды.
Сондықтан да табиғаттануды оқып үйренуді ана тілі, музыка сабақтарымен, сан
алуан кластан тыс жұмыстармен байланыстыра жүргізу балаларды дамытудағы
маңызды шарт. Оқу процесіндегі мүмкіндіктерді эстетикалық тәрбиеде
шеберлікпеп пайдалану керек. Дегенмен де, тікелей өнермен байланыстырыла
жүргізілетін оқу сабақтары шешуші роль атқарады.
2. Эстетикалық тәрбие берудегі дене қимылдарының дамуы
Ойындар, драмалау, қойылымдар. Мектепке келісімен баланың ойнау әрекеті
үзіліп қалмайды, бірақ басқаша сипат алып, белгілі бір бағытқа түседі.
Балаларды эстетикалық тәрбиелеуде ойындар, драмалау, ипсценировкалар
кеңінен пайдаланылады.
Әрбір оқушының ойнайтын рольдерінің мөлшері мен мәні шамамен бірдей
болғанда, көп балалар қатынасқан ойын аса қызықты болады. Өлеңдерді оқу,
драмалау, ән салу, музыка ұштастырылған ертегілердің инсценировкасы және
әдеби-музыкалық композициялар осындай мүмкіндіктер бере алады.
Мұндай инсценировканың мазмұны В. А. Сухомлинский өзінің Мектеп
балаларының рухани дүниесі деген кітабында келтіреді: ертегі оқығанда,
ертегінің идеясын барынша айқын беретін оқиға туралы сөз болып отырған
сәтте, олардың қаһармандары тиісті костюмдерімен балалардың алдында шығып
ойнайды. Бұл әдістің, деп әңгімелейді автор, балаларға әсер еткені
соншалық, тіпті олар ертегіде немесе әңгімеде сөз болып отырған оқиғалар
барысынжа өздері ықпал жасауға тырысты. Балалар Зоя Космодемьянская-ның,
Эрнст Тельманның т. б. батырлардың өмірлері туралы өздерінің ойын-
ертегілерін жасады.
Балалар қоятын ойында жалпы ынтымақтылыққа жету мақсатында педагогтың
алдын ала елеулі жұмыстар жүргізуі қажет. Оның барлық оқушылардың
ұйымшылдығына, жинақтылығына, алаңсыздығына қолы жетуі тиіс. Балаларды жиі
де ұзаққа созылған репетициялармен ығыр етпеген жөн. Инсценировкаға
қатысушылардың әр шығарманың мазмұнына, қатысатын адамдардың мінез-құлқын,
қандай да оқиғадағы іс-әрекет бағытын түсінгендері маңызды.
Инсценировкалау жұмысын бастамас бұрып мұғалім әрбір педагогикалық
тәсілдердің мәнділігін ойластырып алады. Балаларды әрбір ойынға ұқыпты
әзірлеу керек. Осы тұрғыдан алып қарағанда балалардың қандай ойыны болсын
табысты болмақ деп жорамалдайтын кейбір мұғалімдердің көзқарасы зиянды
болып шығады. Драмалау мен инсценировкалар балалардың ақыл-ой өрісі-нің
дамуына үлкен әсер етеді: олардың сөйлеуін дамытады, балалар сабақтарда
жақсы оқи бастайды, қызықты әңгімелер айтатын болады.
Би. Сыныптан тыс жұмыс түрлерінің бірі бимен шұғылдану болып табылады.
Бастауыш мектеп оқушылары билеуге аса құштар. Би билеуде олар өздерінің
қимылдағы әсерлері және іс-әрекеттері өзгеріп отыруының табиғи қабілеттерін
қанағаттандырады. Бұл ұмтылыстарын балалардың көркемдік қабылдауын дамыту
үшін, оларды би билеудің әдемі қимылдарымен таныстыруға, оларды музыканы
тыңдауға үйрету үшін пайдалану қажет.
Би балалардың дене бітісін дамытып, жетілдіруге көмектеседі, оларды
дұрыс та жарасымды жүре білуге үйретеді. Билерді үйрету процесінде
балалардан жалпы ұйымшыл, тәртіпті болу, бір-бірімен достық қарым-қатынаста
болу, әдепті түрде сөйлесе білу, педагогтың нұсқауын ықыласпен тыңдай білу
талап етіледі. Осының барлығы тәртіптілікке, мінез-құлық эстетикалық
тәрбиелеуге әсер етеді.
Мектеп оқушыларының хореографиялық оқуынын, мазмұныпа халықтық,
көпшілік және бал билерін, ең қарапайым ырғақты жаттығуларды, ойындарды
үйрену енеді. Биге үйретуді халық билерінен бастаған жөн, өйткені олар
қимыл және бейне байлығымен ерекшеленеді, оларда ұлттық сипатты белгілер
орын алған. Би постановкаларын көрсету үлкен даму ықпалын тек
орындаушыларға ғана емес, сонымен бірге сахнада өтіп жатқан оқиғалардың
бәрін терең толғаныспен сезініп отырған көрермендерге жасайды.
Осылармен бірге үйірме жетекшісі бұл оқудың балалар үшін қуаныштың
қайнар көзі болуына қамқорлық жасайды. Бұл музыкалық сүйемелдеумен,
костюмдердің сипаттарымен, сабақты өткізу жағдайларымен қамтамасыз етіледі.
Мынадай да жағдайды ескеруге тура келеді, би үйірмесіне жазылған
балалар барынша көбірек қуаныш, рақатка бөленіп, қызықтау үшін келеді.
Оқушыларға мынаны да түсіндіру қажет, би — нағыз өнер туындысы, сондықтан
оны жасау үшін енбек пен ұйымшылдық керек.
Оқудың манызды бәлігі оқушылар үшін қол жетерлік көпшілік және бал
билерін үйрену болып табылады. Оларды барлық мектеп балалары орындайды,
сонымен бірге үлкен тәрбиелік мәні бар. Оқуға билеу қимылдарын дұрыс та
сауатты орындауды қамтамасыз ететін билеуге әзірлік элементтерін енгізген
жөн.
3. Эстетикалық тәрбиенің бала тәрбиесіне әсері
Мектепке дейінгі 5-7 жастағы балалардың әрекеттерін ұйымдастырудың
негізгі түрі — сабақ (тәрбие жұмысы). Тәрбие жұмысы барысында балаларға
жаңа білім беріліп, шығарма мазмұнын қабылдаумен, оларды әңгімелеп айтып
берумен, шығармашылық көрсете отырып кейіптендірумен байланысты іс-өрекет
пайда болады. Балалар шығарманы тұтас алғанда тереңірек қабылдайды,
ықыластана, назар аудара тыңдап, мазмұнға, кейіпкерлерге деген өз
көзқарасын тиянақтап айта білуді меңгереді. Сонымен қатар, балалардың
шығарма мазмұны мен оның бейнелеу және мәнерлеу құралдары арасындағы
байланысты байқау қабілеті дамиды. Іс-әрекеттің белгілі бір түріне қызығу
тұрақтылығы пайда болады, біреулері өлең оқуды, енді біреулері ертегі
айтуды жақсы көреді. Түйсік қабілеттері де дамиды, балалар өздері жұмбақ,
өлең ойлап таба бастайды, таныс ертегілерге ұқсас ертегі ойлап шығарады.
Тәрбиеші фольклор мазмұнындағы өздеріне ұнаған сөздерді тауып айтуға
жаттықтырып, күнделікті өмірде, басқа әрекеттермен айналысқанда, бір-
бірімен әңгімелескенде қолдана білуге үйретеді.
"Ойна да ойлан" атты тәрбие жұмыстарында балаларға фольклор
мазмұнындағы сан, пішін, көлем, кеңістікті, уақытты бағдарлауға байланысты
сөздерді меңгертеді, бөлмедегі ұлттық бұйымдар мен заттардың геометриялық
пішіндерін көре білуге үйретеді (кілем — тік төртбұрыш, торсық — сопақша,
күбі — цилиндр т.б.). Бұл топтарда алыс, жақын, ертең, ерте заманда,
баяғыда, жердің түбі сияқты түсініктерді ажыратын, түсініп айтуға
жаттықтырады. Апта, жыл, күн аттарымен таныстырады.
Әуенді қимыл-қозғалыс. Аталған тәрбие жұмысын ұйымдастыра отырып,
мұғалім балалар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz