Тәрбие барысында діни мәдениетті қалыптастырудың негіздері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе
3
1 Діни мәдениеттің теориялық аспектілері 5
1.1 Діни және мәдениет түсінігі 5
1.2 Дін – тәлім – тәрбие бастауы 9
2 Тәрбие барысында діни мәдениетті қалыптастырудың негіздері 15
2.1 Имандылық діни мәдениеттің негізі
15
2.2 Болашақ ұрпақта діни мәдениет негіздерін
қалыптастыру ерекшеліктері
18
2.3 Оқушыларда дінтану пәні арқылы
толерантты қабілеттерін қалыптастыру жолдары
21
Қорытынды
25
Қолданылған әдебиеттер тізімі
27
Қосымшалар
28

Кіріспе

Ұрпағын тек деп өсірген ата-бабамыздың тәрбиеге өте үлкен
жауапкершілікпен қарағаны баршамызға мәлім. Өткен тарихымызға көз жүгіртіп
қарасақ, кемшіліктің қайдан екенін түсінуге болады. Кезінде жазуды
білмейтін, хат танымайтын халық небір шешен, ақын, жыршы, зергер, сәулетші,
қара қылды қақ жарған билер мен қазыларды тәрбиелеп өсірді. Бірақ қазір
ұры, алыпсатар, маскүнем, нашақор, алаяқтарды көбейтіп алып, күйені
заманның кезеңіне жаққымыз келеді. Бұл жерде өзгерген тәрбие ағымына назар
аудармаймыз. Сондықтан уақыттың өткенін емес, ақылдықтың кеткенін, жойылған
тұсын іздестіргеніміз жөн сияқты.
Дін негізінен адамды рухани жағынан, яғни әдеп, иба, ынсап, қанағат,
мейірім, шапағат, жанашырлық, бауырмалдық, адалдық, ізгілік тәрізді Жан
тазалығына тәрбиелеу мектебісынды. Біздің ата-бабамыз талабына, икеміне
қарай ұрпағына дұрыс бағыт-бағдар беріп отырған. Ендеше тәрбие үрдісінде
біз имандылық тәрбиесіне баса назар аударуымыз керек.
Ислам діні-біздің ұлт болып қалыптасуымызға, халық болып, тәртіпті,
тәрбиелі-ел боп өмір сүруімізге көп қызмет еткен дін. Діннің арқысында
мынау кең далада шашырап жатқан біздің көшпенді халқымыз белгілі бір
тәртіпке келіп, жинақталған, - деп діннің тәрбиелік мәнін ғалым, профессор
Мұхтар Арын айқын көрсеткен.
Ал Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: ... халық Алласына, Тәңіріне сеніп,
ертеңгі күнін ар жақтағы ана дүниеге баратын күнін ойлап, дүниеде мынау
бүгінгі күннің күйбеңімен жүре бермей, Мұхаммед Пайғамбарымыздың
хадистеріне сәйкес өмір сүрсе, - деген екен. Олай болса мен өз жұмысымда
діннің адамгершілік қасиеттерді, салауаттылықты қалыптастыруға қатысты
салаларын қарастырып, оны өзім сияқты жастарға уағыздауды жөн көрдім.
ХХІ ғасырға аяқ басқан мына аласапыран заманда әлемдік деңгейде өтіп
жатқан ғаламдастыру сияқты қатпары әрі астары тұңғиық терең түрлі
процесстерге төтеп беріп, ұлттық сана мен болмысты сақтап қалу үшін жеке
этносқа алдымен өз дініне беріктік керек. Өйткені діннің ұлт болашағы –
жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуде атқарар міндеті айрықша.
Болашақтан үміт көріп отырған әрбір адам міндетті түрде тал бесіктен
бастап ата-бабамыз ұстанған Ислам діннің тәлім-тәрбиесін ұрпағының санасына
құя білген ләзім. Ал, бүгінгі күні, өкінішке орай, бала тәрбиесіндегі
рухани сұраныстар назардан тыс қалып, басты мақсат Тамағы тоқтық пен
көйлегі көктік деңгейіне жеткізу ғана болып отыр.
Дін – тәрбие құралы, көркем мінез қалыптастырудың ғажайып мектебі. Сол
мектептен нәр алмағандар көп жақсылықтан құр қалары даусыз. Өз дінінің
қадір –қасиетін сезбеген, елінің тарихына бейхабар жанның ұлт мүддесіне
жаны ашымасы белгілі. Оның кейбір көріністерін күнделікті өмірімізде көріп
те жүрміз. Әлемдегі әйгілі ұлы тұлғалар аса сүйіспеншілікпен Ислам туралы
көп пікір айтқан. Олардың бәрі Исламның экстремистік – террористік ағым
емес, адамзат өркениетінің бөлінбес бір бөлігі, адамгершілікке негізделген
ғажайып пәк қоғам, ғылым – білімнің қайнар көзі ретінде қарастырады. Ал
біз, өзгелер ұлықтап жатқан өз дініміздің қағидаларын оқып білуге,
тереңірек тануға енжарлық танытып жатамыз.
Мен өз жұмысымда осы олқылықтың орнын толтыруға, дін қағидаларын, оның
өмірлік мәнін тереңірек тануға талпыныс жасадым. Жастар арасында болып
жатқан: нашақорлық, жезөкшелік, қылмыстық істер, аурулар – барлығы қоғамдық
және экономикалық жағдайдың жайсыздығы және де басқа қолайсыз жағдайларға
байланысты деп ойлаймыз. Шындығында осы жайсыздықтың барлығы әр адамның
өзіне байланысты. Адамның және қоғамның рухани балығының ыдырауы ол
адамзаттың моральдық байлығы жоғалуына байланысты.
Зерттеу обьектісі: дін мәдениетін зерттеп түсінігін ашу
Зерттеу пәні: балаларды тәрбиелеудегі діни мәдениеттің маңыздылығы
Зерттеу әдістері: талдау, жүйелеу, эксперимент, тәжірибе жүргізу,
сараптама жасау, ғылымилылық.
Зерттеу жұмысының мақсаты: діни мәдениетті зерттеу
Зерттеу жұмысының мақсатына сай міндеттер анықталды:
- Діни мәдениеттің теориялық аспектілерін зерттеу;
- Діни және мәдениет түсінігін ашу;
- Дін – тәлім – тәрбие бастауы ретінде зерттеу,
- Тәрбие барысында діни мәдениетті қалыптастырудың негіздерін
зерттеу;
- Имандылық діни мәдениеттің негізі ретінде талдау;
- Болашақ ұрпақта діни мәдениет негіздерін қалыптастыру
ерекшеліктерін көрсету;
- Оқушыларда дінтану пәні арқылы толерантты қабілеттерін
қалыптастыру жолдарын анықтау.
Зерттеу болжамы: кез келген қоғамдадіни мәдениеттің не екенін
түсінбейтін оқушылар бар, олармен жұмыс істеу арқылы діни мәдениеттің
бала мінезін қалыптастыруда алатын ерекше орнын зертеп дәлелдеу.

1 Діни мәдениеттің теориялық аспектілері
1.1 Дін және мәдениет түсінігі

Дін және мәдениеттің арақатынасы жөнінде қыруар пікірлер айтылуда.
Соңғы кездері діни экспансия алаңына айналған елімізде дініміз өзгерсе
өзгерсін, мәдениетіміз өзгермесін (Дулат Исабеков, ҚӘ, №14, 18.04.2003 ж.)
дейтіндей, ора шолақ пікірлер де айтылуда. Осы мәселеге байланысты ғылыми
қорытынды жасау үшін алдымен қоғам өмірінің ең маңызды ұстыны саналатын дін
мен мәдениеттің арақатынасын анықтайық.
Бүгінгі мәдениеттану, антропология және социология саласының
теоретиктері дінді мәдениеттің ең маңызды құрамдас бөлігі деп санайды
(мысалға Э.Б. Тайлор, Леслие Уайт, Радклифф Броун, Рут Бенедикт, Франц
Боаз, Бронислав Малиновский, Уиллиам Хавиланд қатарлы ғалымдардың
еңбектерін айтуға болады – М.Б.). Дінсіз қоғам болмайтындықтан, дінсіз
мәдениет те болмайды. Дін әлеуметтік құбылыс һәм қоғамды қалыптастыратын
ұйытқы ретінде адамзат өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Кейбір
идеологиялар мен саяси ағымдар діннің осы рөлін пайдаланғысы келеді.
Бүгінгі күні дүниежүзінде орын алып жатқан саяси, әлеуметтік, мәдени һәм
экономикалық уақиғалардың негізінде діни факторлардың бар екенін айту
жаңсақтық болмас. Әсілі, дін осы салаларға бағыт-бағдар беретін күштің
бірі, тіпті ең бастысы. Қоғам құрылымының анатомиясында діннің алатын орны
ерекше. Қоғамдарды басқа қоғамдардан ажырататын ең негізгі қасиеттің бірі
осы діннің өзі болып табылады.
Заманауи ғылымдарынан социология, психология, антропология,
мәдениеттану, философия, филология, саясаттану, өнертану дінді зерттеумен
шұғылданады. Бұлар дінге әлеуметтік феномен, қоғамдық уақиға және қоғамға
пішін беретін құдірет ретінде қарайды. Халық арасында кең таралған хұрафи
сенімдер мен ырым-секемдердің өзі қаншалықты әсерлі екені баршаға белгілі.
Діннің мәдениетті қалыптастырушы басты күш екеніне дау жоқ. Әсіресе,
бүгінгі өтпелі кезеңде азаматтардың өзін-өзі танып-білуі, ортақ ұлттық
мұраны қалыптастыруы және ХХІ-ғасырдағы халқымыздың өсіп-өркендеуінің басты
құралы дініміз.
Маркс еңбектерінде идеология мәселесіне өзін жетектеген күштің дін
болғанын жазған. Мұндай жағдайды Людвиг Фейербахтың (Ludwig Feuerbach, 1804-
1872) еңбектерінен де табуға болады. Мысалы, Фейербахтың ой жүйесі сезім
арқылы білінетін нәрселердің ғана бар екендігіне негізделуші еді. Сол
себепті Құдайдың барлығын растайтын нақтылы дәлел болмайынша Оның барлығын
дәлелдеуге болмайды деген философ. Фейербах дін әкелген дәлелдерді ғылыми
айғақтарға жатқызбай, жай қараңғы сенім қатарына қосқан. Сөйтіп, ол Карл
Маркс пен Фридрих Энгелске (Friedrich Engels, 1820-1895) қатты ықпал
жасаған. Осы материалист-атеист Фейербах философиясының әсеріне шалдыққан
адамдар бізде де жеткілікті. Маркстің дінді халықтың апиынына теңеуі және
Гегельдің құқық философиясына сын атты мақаласы осы сарында жазылғаны
белгілі. Маркстің пікірінше дін адамды белгілі қағидалардың құлына
айналдырады, діннен ада болған адам осы алданыштан да азат болады. Мұнымен,
Маркс дін мен идеологияның арақатынасын мойындайды. Дегенмен Маркстің
йаһұди (еврей) және христиан қоғамда өскенін және оның пікірлеріндегі дін
туралы ойлардың осы екі дін төңірегінде шоғырланғанын айта кеткеніміз жөн.
Мәдениет дегенде кейбіреулердің есіне тек Пабло Пикассо (Pablo
Picasso, 1881-1973), Вольфганг Моцарт (Wolfgang Mozart, 1756-1791), Петр
Чайковский (Petr Chaykovskiy, 1840-1893) түседі. Ал, шындығына келгенде
мәдениет ұғымы өте кең ауқымды қамтиды. Әр қоғамның қоғамдық қасиеттерінің
материалдық және рухани тамырлары бар. Мәдениет дегеніміз осы дүнияуи және
рухани қатынастардың ғасырлар бойы етене араласуы нәтижесінде қалыптасатын
нәрсе. Сондықтан, заман өзгеріп мәдениеттің кейбір тұстары өзгеріске
ұшырағанымен, қоғам өзінің мәдениеті мен оның өзегін сақтап қалуға
тырысады.
Ислам дінінің көшпелі һәм руларға бөлінген араб қоғамында пайда
болғаны белгілі. Дегенмен, ислам діні негізінен отырықшылықты, қалалық
мәдениетті уағыздайды. Қазақ халқының тарихына қарайтын болсақ, ірілі-
ұсақты рулар мен тайпалардың басын қосқан күш осы ислам діні болған. Ислам
қауымдастығына қосылмаған түркі тайпалары болса мүлдем басқа мәдениет
тобына қосылып, мүлдем басқа қоғамдарға айналған. Бұған мысал ретінде
бұлғарларды, мажарларды, чуваштарды, сібір халықтарын т.т. айтуға болады.
Америкада зорлықпен шоқындырылған қаралардың, Африкадағы отарланған
халықтардың, Оңтүстік Америкадағы қызылтерілілердің де тағдыры ұқсас.
Демек, әр халықтың мәдени ортасын анықтайтын басты фактор – дін. Мұсылман
халқымыздың басты қасиеттерінен меймандостық, ағайынмен тату болу, Ораза
айт пен Құрбан айт кезінде кешірімдесу, араағайыншылық, қайырымдылық ислам
дінінің мұсылман үмметіне уағыздаған қасиеттері.
Әлеуметтік тұрғыдан алғанда ислам діні:
1) Қоғамға бағыт-бағдар береді,
2) Қоғамды біріктіреді,
3) Идеологиялық және мәдени ұғымдарды күллі қоғамға телиді,
4) Жеке тұлғаның және қоғамның мүдделерін қорғайды,
5) Этникалық негізден гөрі адами, рухани құндылықтарға мән береді.
Діннің мәдениеттің құрамдас бөлігі екені туралы тәжірибелік
(эмпирикалық) дәлелдер:
1) Діннің жеке тұлға және қоғам өміріндегі нақты функциялары бар.
2) Дін әр адамға сол адам бағынышты болуға міндетті құдіреттің алдында
жеке басының сенімділігі сезімін береді.
3) Дін адамға өзінің төңірегіндегі әлемді түсіну тұрғысынан өзіндік
жүйе ұсынады.
4) Дін қоғам қатынастарының қалыптасуында басты міндет атқарады.
Мәдениеттің күштілігі соншалық, мәдениеттер арасындағы қақтығыста
жеңіске жеткен мәдениеттің өзі жеңіліске ұшыраған мәдениеттің белгілі
элементтерін сіңіріп алуға мәжбүр болады. Нәтижеде аралас мәдениеттер пайда
болады. Ислам діні мәдениеттердің арасындағы парықтарды қабылдаған дін.
Нәсілдер мен тілдердің, тіпті діндердің әртүрлілігін ислам діні таниды.
Құранда адамдардың тайпаларға, түстерге бөлінгендігі, әркімнің діні өзіне
екені туралы айтылған және Құран мұны Жаратушының шешімі ретінде көрсеткен.
Қоғамдар арасындағы парықтар адамдардың бірін-бірі танып-білуі және қарым-
қатынас орнатуы жағынан жағымды рөл атқаруы да мүмкін. Бұл біздің
қолымыздағы нәрсе. Сондықтан, ислам дініндегі жүйені толеранттылықтан да
жоғары қойған жөн. Тарихқа қарағанымызда сан жағынан аз мұсылмандардың
үлкен мемлекеттерді басқарғанын көреміз. Яғни, мұсылмандар басқа дін
уәкілдерін де қорғаумен шұғылданған. Мұсылмандар негізінен бір мемлекеттің
туының астында біріккен басқа тілдегі және діндегі халықтарға, олардың
мәдениетіне хошкөрушілікпен қараған.
Адамзат тарихында дінсіз мәдениет болмаған. Алғашқы қоғамдық
құрылымнан бері қарайғы уақытта пайда болған мәдениеттердің барлығы да діни
сенім негізінде қалыптасқан. Ал, сенім жүйесі ең жоғары деңгейдегі имани,
фәлсәфи негіздерді қамтитын ислам діні осы дінге қосылған халықтардың
мәдениетіне орасан зор ықпал жасаған, түбегейлі өзіндік қалыпқа салған...
Дін адамдардың іс-әрекеттеріне бірінші дәрежеде ықпал жасайтын
құдірет. Ислам діні мәдениеттің негізгі салаларымен шұғылданады да егжей-
тегжейде адамға таңдау еркі береді. Мәселен, исламият адамдардың киінуі
мәселесінде негізгі қағидаларды белгілейді, бірақ дәл қандай киім үлгісін
киюге араласпайды. Ислам діні адамдардың халал тағамдарды жеуін сұрайды,
бірақ тамақты дайындау және қабылдау салтына араласпайды. Мәселен,
Қытайдағы мұсылмандар ағаш таяқшамен, Еуропадағы мұсылмандар қасықпен, араб
елдеріндегі мұсылмандар қолымен тамақ іше алады. Негізгі мәселе, халал,
яғни рұқсат етілген таза тағамдарды жеу.
Кейбір әдебиеттерде, мәселен Жоржи Зейданның (Джирджи Зейдан, Jurji
Zeidan, 1861-1914) Ислам мәдениеті тарихы атты еңбегінде мәдениет былайша
сипатталған: Мәдениет дегеніміз бір қоғамды қоғам, жамиғатты жамиғат,
ұлтты ұлт жасайтын, оны өзге ұлттардан ажырататын өмірлік көріністердің
топтамасы. Осы өмірлік көріністер әр ұлттың өзіне тән болып келеді.
Қысқаша қайырып айтқанда мәдениет әр ұлттың өзіне тән ойлау және өмір сүру
салтының жүйесі болып табылады.
Мәдениеттің негізгі қасиеттері мыналар:
1.Ұлттық сипатқа ие
2.Табиғилық және тірілік
3.Жалғастылық және тарихилық
4.Ұлттың ортақ мұрасы болып табылады
5.Өзегі өзгермейді
6.Үйлесімді тұтастық болып табылады
7.Ұрпақтан ұрпаққа жалғасады.
Міне, осы қасиеттердің барлығын зер сала зерттегенімізде ислам дінінің
қазақ халқының мәдениетіндегі ең маңызды бөлік екенін көреміз. Ендеше,
Қазақстан мемлекетінің сыйлығын алған жазушы Дулат Исабеков ағамыздың дін
мәдениеттің құрамдас бөлігі емес екен, дініміз өзгерсе өзгерсін,
мәдениетіміз өзгермесін... деген сөздерінің ғылыммен үш қайнаса сорпасы
қосылмайтыны анық болады. Ал, мәдениет пен өркениеттің парқы неде? Мәдениет
ұлттық сипатта болғанымен, өркениет дегеніміз халықаралық, ғалами сипаттағы
нәрсе. Бір мәдениетті екінші мәдениетке тұтастай аударудың мүмкін еместігін
жоғарыда айтқанбыз. Өркениет болса жалпы адамзатқа тән байлық.
Мәдениеттің негізгі факторлары мыналар:
1. Дін: Әр ұлттың өзіне тән иман және сенім жүйесі.
2. Тіл: Әр ұлттың өзіне тән сөйлеу және түсінісу құралы.
3. Өнер: Әр ұлттың өзіне тән сән, зауық және сезімдердің бейнеленуі
және жасалуы.
4. Тарих: Әр ұлттың өзіне тән өмір сүру салтының, мәдени байлығының
замана ағымындағы көрінісі, іс-әрекеттердің даму барысы.
5. Әдет-ғұрыптар: Құқықтық-қалыптық құжат еместігіне қарамастан, қоғам
тарапынан есепке алынатын, іске асырылатын салт-дәстүрлер.
Қорыта айтар болсақ, қазақ халқының мәдениетінің жоғарыда көрсетілген
тармақтарының барлығында да ислам дінінің мызғымас әсерін, үлесін ешкім
жоққа шығара алмайды. Дініміз өзгерсе өзгерсін деген сөздің қандай
мақсатпен айтылғанын түсіну мүмкін емес. Қазір, халқымыздың дінін тұтастай
өзгерту туралы әңгіме күн тәртібінде тұрған жоқ, яғни қазақ халқының күн
тәртібінде жоқ. Ал, енді халқымыздың мәдениетімен, дінімен, тарихымен
қақтығыста жүрген бір-екі адам айтты деп, ислам дінін тастап, басқа дінді
қабылдайын деп жатқан біздің халық та жоқ. Халқымыздың, мәдениетіміздің
толып жатқан көкейкесті проблемалары тұрғанда жазушы ағамыздың қажетсіз
әңгімені көтеруі көңілге күмән келтіреді. Сол себепті, ислам дініне қарсы
айтылған сөздерді қасақана айтылған демесек те, сәтсіз һәм орынсыз айтылған
деуге толық хақымыз бар. Бүгінгі конференция өткізіліп жатқан осы Орталық
Мұражайды аралағанда қазақ халқының мәдениетіндегі исламияттың өшпес орнын
тайға таңба басқандай паш ететін жәдігерлерді көруге болады. Тек көретін
көз болса болғаны

1.2 Дін – тәлім – тәрбие бастауы

Дін адамдарды имандылыққа тәрбиелейді адалдық пен тазалық сақтау,
өтірік айтпау, қиянат-зорлық жасамау, ата-ананы құрметтеу, жаман әдеттерге
үйір болмау, жетімді жебеу, білім іздеу. Осы айтылғандар қоғамның, елдің,
жеке адамның мәдениетін көрсетеді.
Адамзат жаратылысы, қоғамдық топта өмір сүруге міндетті. Топталып өмір
сүрген адамдардың арасында сенім және тыныштық болу үшін тұлғалардың хақын
және жауапкершілігін біліп оны мүлтіксіз орындалуы керек. Қоғамның тыныш
та, қауіпсіз болуы үшін азаматтардың бір-бірінің хақтарына құрмет
көрсетілуі керек. Құрмет көруге тиісті хақтар:
Әрбір адамның өмір сүруге хақы бар.
Әр адам еркін.
Әр адам ерік – жігер еркіндігіне ие.
Азаматтар ғылыми талғамдарында еркін.
Адамға тіл тигізіп, қасиеті мен мәртебесіне көлеңке түсіруге болмайды.
Адамзаттардың мал – мүлік хақына құрмет көрсету қажет.
Дін адамзаттың мәдени, әдепті, пайдалы болуын насихаттаған, адамдар
жылы жүзді, тәтті сөзді болуы керек. Олар қоғамдық міндеттерді атқару үшін
алдымен жеке міндеттерді орындау керек. Бұл:
Әрбір адам денсаулық шарттарына сай өмір сүруге және азықтануға назар
аударып, тың да күшті болуы керек.
Денсаулықты қорғайтын шаралар жасап, қажет болса емделу керек.
Тазалық пен әдептілікке көңіл бөліп, денсаулыққа зиянды нәрселерден
аулақ болу керек.
Ақылы мен рухы ғылым мен мәдениетпен қуаттандырылуы керек.
Қандай қоғамды алсақ та, оның негізі жанұядан басталады. Ислам дінінде
осы отбасын құрайтын мүшелерінің өзара қарым-қатынасына үлкен мән беріледі.
Мысалы, еркісі отбасын асыраушы ретінде жанұяда қомақты орынды иеленсе,
әйел бала тәрбиесінде, үй шаруасымен айналысуда маңызды роль атқарады.
Ал қазір айналамыздан не байқаймыз? Ер кісілердің кейбірі жұмыссыз
сенделіп, кейбірі ішімдікке салынып, ал кейбірі өз жанұясынан өзі жеріп,
зианың қызығына түсіп жүр. Ал әйелдер ше? Амалсыздықтан, көбі ала дорбасын
арқалап базар кезіп, болмаса күккөрістің қамын ойлап, қолынан келген
жұмыспен айналысуда. Осындай жанұяларда қараусыз қалған балалардан қандай
азамат өспек? Өз еркі өзіне тиген балалар арасында ұрлық, наркомания,
токсикомания, заң бұзушылық т.б. көбейюде. Осының бәрі отбасында тәрбиенің
дұрыс болмауынан, иманымыздың азайып, жан-дүниеміздің азғындауы етек алды.
Дінімізде Баланы дүниеге келтіріп, бағып – қағып, тәрбие, білім беріп,
алысқа кетсе күтіп, жақсы болса қуанған ата-анаға ерекше көңіл бөлінген.
Құран Кәрімде ата-анаға жақсылық етуді міндеттеген. Ата – ананың
балада ақысы бар, ол оны өсіріп бақты, тілегін тіледі. Бала сол ақыны өтеу
керек. Оның үш жолы бар:
Оларға жақсылық жасау керек.
Жақсы мінезді болып, оларға құрмет, ізет көрсету керек.
Ол кісілерді асырау, киіндіру, тамақтандыру, жалпы материалдық
жағдайын көтеріп, ризалығын табу.
Ата – ананы тыңдау міндет, оларға жұмсақ болып, дөрекілік
көрсетпеуіміз, олардың алдына кішіпейіл болуымыз, тілегін тілеуіміз керек.
Ата-ана ренжіп, кейіп балаға ұрысқанда сөз қайтармау керек. Қартайған ата-
анамызға жақсылық жасау перзенттік парызымыз.
Жалпы адам бірге өмір сүрген жақындарынан бастап туыстарына,
көршілеріне, мұқтаж адамдарға қажетті міндеттерін ұғынып, оырндау тиіс,
оларға материалдық және рухани көмегін аямай, жайдары болып, жігерлендіріп,
көңіл аулайтын лебіздер айту керек.
Жүрегіңнің жұмсап, қажетінің қамдалуын қаласаң, жетімдерге қамқорлық
ет, басынан сипап, тамағыңнан бер, делінгенге сүйценсек біз жетімдерге
мейірімді, қайырымды болуымыз керек.
Бұл жайында Ниса сүресінде егжей – тегжейлі баян етілген. Құран
Кәрімнің 23 жерінде бұл жайлы аяттар бар. Бұған қарағанда; жетімдердің
жағдайларын жақсарту, оларға тәлім-тәрбие беріп, дінін таныту, мінез –
құлқын түзету, өнеркәсіп үйрету ең елеулі де зор адамгершіңлік қасиет.
Жетім – жесірлерді қорғап, оларды ауыр тұрмыс соққысынан, қиыншылықтағы
жағдайдан құтқаруға шара қолдануға тырысуымыз шарт.
Адамдар әрдайым өздерін жоғары санамай, басқадан артық көріп,
дандайсымау, керек. Ақылы толық адам тәкаппар болмайды. Дін негізінен бүкіл
адам баласын бердей көруді ұстанады, менменсіп, басқаларды қор көруге жол
бермейді. Кішіпейілдінің абыройы артып, беделі өседі.
Адамгершілік істерде білімнің келтірер пайдасы орасан. Білім жақсылық
істердің көркемдігін, әдепсіз істердің кесірін түсінуіне көмектеседі.
Білімді қай жерден алу мүмкін болса, сол жерден алуға тырыс, сонда саған
игілік өзінен - өзі келеді деген дінімізде. Білім алу жолында үндер бойы
ынталық танытсаң сен өмір бойы басқа адамдар тарапынан келетін құрметтің
жылуын сезінетін боласың деген.
Білімдер мен білімнің артықшылығын әрқилы жақтарын санамалай келе Ибн
Әл – Қайим былай деп сө сабақтайды: Адам басқа тірі мақұлықтардан
білімімен және түсіне білу қабілетімен ерекшеленеді. Өйткені жануарлар мен
аңдар одан көп жейді, олар күштірек, олардың ұрпақ өрбітуі де көбірек және
олар өздерімен тек білім және түсіне білу қабілетімен ерекшеленетін адамға
қарағанда ұзағырақ өмір сүреді. Егер білімі болмаса, онда адамның тек
жануарға ұқсас жағы ғана қалар еді, ол оған үстемдігінен айырылар еді,
тіпті жағдайы одан да төмендеп кетер еді.
Білім қажеттілігі ішіп-жеуден артық. Адамдар әрдайым білімге ұмтылуға
тиісті. Құранның ең бірінші түскен аятында Сондай жаратқан Раббыңның
атымен оқы! Алға 96:1 деп білімге шақырады. Адамды қараңғылық пен
надандық бұғауынан білім ғана шығара алады. Алайда өз біліміңді дұрыс
мақсатта қолданбаса, шынайы білімнен айырылады. Екі жүздінің білімі
аузында болса, иман келтіргеннің білімі амалында, - делінген.
Тағы бірде Білім белгілі бір амалға шақырады. Егер ол амал жасалмаса
білім жоғалады, - делінген.
Ғасырымыз мамандану ғасыры екені белгілі. Адамдардың сөзі өз мамандығы
саласында ғана қадірлі. Дана Абайдың өзі осыдан ғибрат алып қара сөздерінде
бақпен асқан патшадан, мимен асқан қара артық деген жоқ па?
Құрандағы білім туралы аяттардың саны бірнеше жүзге жетеді. Дін
білімді ұшы-қиыры жоқ ұшан теңізге теңейді және білімді көтеріп отыру
қажеттілік деп түсіндіреді. Шындығында білім-оқыған адамға өзінің пайдалы
жемісін таттырып, міндетті түрде нұрға бөлейді.
Аллаһ білім жолына түскен адамның жәннатқа барар жолын жеңілдетеді -
делінген.
Дүниені қорғау біздің тағы бір міндетіміз болып табылады. Қоршаған
ортамыз бен барлық жан – жануарлар бізге аманатқа берілген. Қоршаған ортаны
қорғаудағы ең маңызды тақырыптың бірі – ағаштарды, орманды, жасыл майданды,
осы жердегі жәндіктерді қорғау жеке және күнделікті тұрмыста төңірегімізге
басымызды көтеріп мұқият қарасақ экологиялық тепе-теңдікті байқаймыз.
Күн мен ай бір есепке сай әрекет жасауда, өсімдіктер мен ағаштар сәжде
қылады. Адам осы тепе-теңдікті, тәртіп пен жүйені бұзып, бүлдірмеу керек.
Пайғамбарымыздың с.ғ.с. хадистеріне көз жүгіртейік:
Жеміс ағашын еккен бір адамға ағаш жемісін берген сайын сауабы оған
жазылады.
Егер кімде-кім бос құрғақ, қуаң жерді жандырар болса сауап жазылады.
Ал, жануарлардың да өз хақтары бар. Олар ауру, кәрі болған кезде адамдар
оларды бағып, тойғызуға міндетті. Оларға көтере алмайтын ауыр жүк артуға
болмайды. Сойған кезде қинамау, Жаны толық шықпай тұрып терісін сыпырмау
міндеттелген.
Сондай-ақ, орынсыз көңіл ашу үшін аң аулауға болмайды. Жануарларға
шапағат пен мейірім көрсетілуі керек. Алайда, бүгінгі күні көптеген
хайуандардың тұқымы құруда. Кейбіреулері көшеде беталды тозып аш жүр.
Осыларға қарағанда біз өз міндетімізді орындай алмағанымыз көрінеді.
Әйгілі француз жазушысы Монтайгне: Мұсылман Түріктердің жануарға арнап
қор мен аурухана салдырғанын баяндаған.
Пайғамбарымыз с.ғ.с.: Кімде-кім хақылы себепсіз бір торғайды, одан
да кішкентай бір жәндікті өлтірсе жауап береді, - деп, табиғаттағы жан –
жануарлардың, үлкен кіші демей мақсатсыз, қалай болса солай өлтіруінің
шектелгенін ескерткен.
Дүниедегі бар байлықтардың шекті екендігін бүкіл барлығымыз анық
білеміз. Ысырапшылдық, орынсыз төгу тек бізге ғана емес, болашақ ұрпақтарға
да әсерін тигізеді. Бүгінде дүниеде мөлшермен 5-6 миллиард адам өмір
сүруде. әрбір адам бір ағаш кесті десек, немесе бір хайуанды өлтірсе? Алты
миллиард адам, алты миллиард хайуан. Жай бір әрекеттің өзінен тепе-теңдік
бұзылатынын байқауға болады. Ағып жатқан өзен жағасында да ысырап қылмай
суды үнемдеуге шақырған діннің үніне құлақ түру керек.
Адамдар табиғатпен және бір – бірімен гармониялық келісімде өмір
сүрген жағдайда ғана қоғамдағы зұлымдықтардың, табиғи апаттардың болмауы
мүмкін. Өйткені, адамдардың пиғылы бұзылып, қатыгездік, агрессия ұлғайған
жерде зілзала, эпидемия, сел, т.б. зобалаңдар көрініс береді.
Ендеше табиғи апаттар мен қоғамдағы зобалаңдардың болуының басты
себебі – адамдардың жаратылған гармониядық заңдылықтары бұзылғандығынан,
қара ниеттің басым болғандығынан.
Дінімізде зияны үлкен, азапқа душар ететін күналар да қарастырылған.
Олардың кейбіреулеріне, атап айтсам, әке-шешеге қарсы келу, біреуді
жамандау, өтірік айту туралы айтып өткенмін. Енді қазіргі күні адамдар
арасында жиі кездесетін бір –екі жағдайға тоқталып өтсем деймін. Мысалы,
қоғамымызда қазіргі күні етек жайған жезөкшелік туралы айтпасқа болмайды.
Қайсы елде бұзықтық пайда болып, олар оны ашық түрде жасай беретін болса,
олардың арасында оба және өздерінен бұрынғыларда болмаған ауру пайда
болмайды - деп Пайғамбарымыз, салла Аллаһу алейһи уә сәллам айтқан
екн.Ибн Мажаһ. Бұл сөздің ақиқаттығына бүгінгі күні ешкім күмән келтіре
алмас. Адамдардың жеңілтектігі, жауапсыздығы салдарынан адамзат небір
жиіркенішті мерез ауруларынан аыға алмай аттан салуда. СПИД – адамдық
моральдың қаншалықты құлдырап төмен түсіп кеткендігінің айқын айғағы. Қазір
осы дертке ұшырағандар іріп-шіріп, өлекседей сасып, өте бір абыройсыз
жағдайға және тілмен айтып жеткізе алмастай ауыр халде қиналып өледі.
Миллиондаған долларлар жұмсалғанмен, нақты емі табылған жоқ.
Шариат талаптары қатаң сақталатын елде мұндаай дерт мүлдем жоқ.
Себебі, ар – ұяттың не екенін ұғынып өскен қоғамда азғындыққа жол
берілмейді. Ал ұятсыз жандардың өзіне және айналасындағыларға тигізер зияны
қандай болмақ?
Денсаулығы құриды, иммунитеті әлсіреп, түрлі ауруларға бейім болады.
Ерте қартаяды.
Абыройдан, ағайын алдындағы қадір – қасиеттен айырылады. Үнемі стресс
жағдайында жүреді.
Құран Кәрімнің он жетінші сүресінің отыз бірінші аятында Зинаға
жоламаңдар. Өйткені ол анық арсыздық және жаман жол - делінген. Олай болса
арсыздықтан сақтанып, ар-намысына ие болған ұятты, абыройлы жастарды
тәрбиелеуді дінімізге сай жүргізуіміз керек.
Тағы бір заманымыздың дерттері – арақ, құмар ойын, нашақорлық.
Дінімізге бұлардың әкелер кесапаты туралы жергілікті айтылған. Арақ ішкен
адамның жүрегідегі иман нұры жоғалып, мейірімі төгіліп, ақылынан айырылады.
Енді ол адам қара жүректі батыр болып, Аллаға қарсы болып, шайтанға
жақындап, адамнан алыстайды. Сөйтіп тірліктен айырылып, ұрлық, зина, жаман
сөздерді тілге тиек етіп, ұятсыздыққа кіреді. Қадірсіз, лас жатып алды –
артынан нәжіс төгіп, түрлі дерт немесе апаттан өмірімен ерте қоштасады.
Пайғамбарымыз с.ғ.с.: Арақтан сақтаныңдар. Өйткені ол, сұмдықтардың
анасы, яғни бүкіл сұмдық туады. Басқаша айтқанда, арақ жексұрындықтың түп
тамыры деген және бір хадисінде: Кімде – кім Алла тағала ахірет күніне
сенсе, арақ ішілген дастарханға отырмасын делінген түрде қатаң тыйым
салған.
Адам баласының көркем мінезді болуы, бірінші кезекте білім мен
тәрбиеден. Әл-Фараби бабамыз: Тәрбиесіз берілген білім, адамзаттыың қас
жауы екендігін өз трактатында осыдан 1050 жыл бұрын айтқан еді.
Демек білім мен тәрбие Адам баласын ұлы дәрежеге жетелейтін және
біріне – бірін ажыратыпқарауға болмайтын, қашан да адам баласына анық жол
сілтеуші және демейтін құстың қос қанаты іспетті. Ал бұлардың негізін дін
қалайды десек еш қателеспейміз. Өйткені Құран Кәрімнің әрбір сүресі, әрбір
аяты, тіпті әрбір сөзі бізге үлгі боларлықтай аса терең мағыналы, өте
пайдалы, күрделі нұсқаулар береді.
Елімізде ар-ұждан бостандығы сөз жүзінде емес, іс жүзінде жүзеге асып
отыр. Мемлекетіміздің дінге саналы көз қарасты орнатуға, ұрпақтар игілігі
үшін пайдалануға бағытталған лайықты қолдау көрсетуде. Мысалы, Қазақстан
Респуликасы Конституциясының 5, 19, 22 – баптарында рухани сенім – дінге,
оның қоғамдағы және өмірдегі орнына, дін мен мемлекеттің өзара қатынасына
байланысты бағыттар бекітілген, ол тәуелсіз Қазақстанда алғашқы қабылданған
заңдардың бірі – Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы
Заңда ол бағыттар тәртіпке келтірілген.
Жалпы адамзаттың асыл қазынасының ішінде ерекше мән беріп, құрметпен
аталуы тиістінің бірі – діни құндылықтар. Одан ажырап не айырылып қалған
халықтың білімі шала, тәрбие ісі кем демекпін. Дін, діни сенім мәселесінде
талай жыл теперіш көріп, рухани жұтаңдыққа әбден бой алдырған қазақ халқы
үшін мұны ескермей болмайды. Тәуелсіздікпен бірге дініміз де оралды,
мұсылмандық парызын өтеуге ұмтылушылар саны күрт өсті, ислам дінінің
имандылық - әдептілік, тәлім – тәрбиелік оң әсері күшейді. Әрине,
Қазақстанда мектеп діннен бөлек, бірақ ол мейірбандық, кішіпейілдік,
имандылық сияқты ізгі қасиеттердің өтпелі кезеңдегі қоғамымызда көбейіп
кеткен адамзатқа жат қылықтардың жолын кесіп, ар-ұят, обал-сауап, адал-
арам, т.б. мұсылмандық нормалардан төрден орын алуына қызмет етуі, сөйтіп
өзіне тән әрі заңды жолдармен жеке тұлғаның діни сананың қалыптасуына өз
үлесін қосуы – үлкен әлеуметтік – мәдени міндет.
Менің ұсыныстарым:
Діни сауат ашу мектептерін ашу, өйткені қазіргі күні діни білімге
деген ынтасы барлар қатары күнбе-күн ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері
Жоғары оқу орнындағы студенттердің қарым – қатынас мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Діни мәдениеттің тәрбиедегі орны
Дін мәдениет құбылысы ретінде
Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру
Студенттердің эстетикалық мәдениетін қазақ халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері
Ана тілі мәдени өрлеудің аса зор тегергіші
Эстетикалық мәдениеттің мәні мен қалыптасу ерекшеліктері
Жоғары сынып оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру
Жастар бойында рухани-адамгершілік мәдениетті қалыптастырудың әлеуметтанулық аспектілері
Пәндер