ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛҒАН ТҰЛҒАЛАРҒА АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДА ЗЕРТТЕЛУІ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ .

I. ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛҒАН ТҰЛҒАЛАРҒА АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДА ЗЕРТТЕЛУІ

1. 1. Есту қабілеті бұзылған тұлғаларға арнайы білім беру жүйесінің әдіснамалық-теориялық негіздері.

1. 2. Есту қабілеті бұзылған тұлғалардың классификациясы

1. 3. Есту қабілеті бұзылған тұлғаларды оқыту мен тәрбиелеудің ерекшеліктері

II. ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛҒАН ТҰЛҒАЛАРҒА АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАРДЫҢМАЗМҰНЫ

2. 1. Есту қабілеті бұзылған тұлғаларды оқыту мен тәрбиелеу жүйелері.

2. 2. Есту қабілеті бұзылған тұлғаларға білім берудегі зерттеу жұмыстарының барысы

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі Отандық және шетелдік статистика мәліметтері көрсеткендей, есту ағзасы қызметінің жоқтығымен немесе төмендеуімен байланысты балалардың саны ылғи да артып келеді. Соңғы елу жыл ішінде отанымызда естуі бұзылған балалар пайызы өте күшті қарқынмен артуда. Әртүрлі елдерде жүргізілген көпшілік зерттеулер бойынша дүние жүзіндегі барлық тұрғындардың 4-6 пайызы белгілі дәрежеде есту қабілетінің бұзылуына ұшыраған.

Білім беру жүйесінде де есту бұзылысы мен басқа да дамуында ауытқуы бар балалар саны артып келеді. Бұл байланыста есту мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға теориялық, практикалық білім беру болып табылатын пән ғылыми педагогикалық даму саласы болып табылады.

Сурдопедагогика-(латынша, surdus-мылқау) естуі бұзылған адамдардың қалыптасуы жайлы ғылыми білімдердің жүйесіне ие арнайы педагогиканың құрамды бөлігі болып табылады. Есту талдағыштарының қалыпты қызметі баланың жалпы дамуы ушін айрықша мәнге ие. Есту жай-күйі оның сөздік және психологиялық қалыптасуына шешуші ықпал етеді. Есту талдағышының бұзылысы кезінде бірінші кезекте сөз бұзылып танымдық әс-әрекеттің жалпы дамымауы жүреді.

Есту бұзылысын медициналық аспектіде қарастыратын болсақ, естудің бұзылу сыртқы, орта және ішкі құлақ пен есту жүйкесін бұзатын аурулардың нәтижесінде пайда болады. Маңызды орын алатын себептердің қатарында ортаңғы құлақтың өткір қабыну салдары тұрады. Естудің тұрақты төмендеуі мұрн мен кеңсіріктің қабынушы және қабынбайтын ауруларының және осы аурулармен байланысты евстахиялық түтік бойымен жүрумен нәтижесінде пайда болады. Естудегі бұл аурулардың шамадан тыс көрініс беруі, оның ерте жаста пайда болуда.

Менингит (миға суық тию) кезіндегі естудің бұзылуы дыбыс қабылдау аппаратының бұзылу салдарынан, басқа да балалық кездегі инфекциялар кезіндегі есту қызметі жүйкелік қабылдаушы аппаратының ауруға шұалдығу нәтижесінде де зардап шегуі мумкін.

Есту бұзылысының салыстыриалы түрде сирек кездесетін себептер қатарына бас мидың зардап шегуі немесе ауру нәтижесінде пайда болатын есту талдағышының орталық бөлігінің бұзылуын жатқызуға болады(энцефалит, бас ми жарақаты, қан құйылу, ісік) . Мұндай бұзылулар кезінде есту қабілетінің біршама төмендеуі қыртыстық кереңдік деп аталады.

Егер де бала өмірінің бірінші жылында кереңдік пен саңыраулылықтың тұқым қуалаушылық және тума сипаттары пайда болатын болса, онда естудің төмендеуінің жүре пайда болған факторларының рөлі әрі қарай өсе түседі. Осылардың арасында қабындырушы аурулардың салдарымен қатар, ототоксикалық медикаменттерді бей-берекет қолдану, оның ішінде антибиотиктерді пайдалану үлкен зардап шектіреді.

Естудің бұзылуы әртүрлі туа пайда болған даму ақауларымен көп жағдайда үйлесіп жатады, мысалы, еріннің жырықтығы, туған кезде баланың салмағы 1500грамнан төмен болғандығы шалалық кезінде. Есту қызметінің жай-күйіне сәтсіз босанудың да өзіндік кері әсері болуы мүмкін. Естудің бұзылу себебі ананың жүктілік кезінде ішімдікке салынуы, сондай-ақ нәрестелік шақтағы сары ауру мен жүйкелік бұзылулардың көрінісі де болуы ықтимал. Бірақ, тұқым қуалау арқылы берілетін есту қабілетінің бұзылуы соншалықты жоғары деуге болмайды. Өйткені, шет елдік статистиканың мәліметтеріне сүйенетін болсақ, мүлдем саңырау ата-аналардан туған балалардың 90 пайызы есту қабілетінің бұзылуына ұшырамаған.

Адамның есту қызметінің жағдайын диагностикалаудың жоғарғы деңгейге жеткендігі соншалық, тіпті осы есту қабілетінің бұзылуы ол өмірге келгенге дейін пайда болды ма, әлде туылғаннан кейінгі алғашқы сағаттарда, бәлкім сол күні пайда болғанын анықтауға мүмкіндік тудырып отыр. Есту қабілетінің бұзылуының орны мен дәрежесі арнайы әдістерді қолдану арқылы аудиометрияның көмегімен анықталады. Мұның тоналды аудиометрия, сөздік аудиометрия, нәрестелік аудиометрия, ерте балалық жастағыаудиометрия, импеданс-аудиометрия, электроқыртыстық аудиометрия және т. б түрлері бар.

Тоналдық аудиометрия -бұл дыбыстың жиілігі мен күші бойынша өзгеріп отыратын қарапайым белгілерді беретін аудиометрия көмегімен естуді зерттеу. Зерттелушінің міндеті-өзінің дыбысты қабылдауына назар аудара отырып, аудиологқа сол дыбысты есту жайлы ақпарат беріп отыру. Қарқындылығы мен жиілігі бойынша негізгі дыбыстарды қабылдаудың нәтижесі аудиограммада көрсетіледі. Тональды аудиометрия сәби немесе үлкен адам болсын олардың бұл процедураға өз жауапкершіліктерімен барғанында ғана зерттеледі. Ерте балалық және мектепке дейінгі жастағы балалар үшін естуді зерттеудің бұл тәсілінің тиімділігі төмен. Сөздік аудиометрия нашар естушілердегі сөздік есту мен сөзді ұғу деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Сөздік аудиометрия тәсілдері педагогтың көпшілік балабақша немесе мектепке арнайы техникалық әдіс -тәсілдері жоқ ата-аналарға балаларының бұзылу белгілері байқалған жағдайда қолдануға мүмкіндік береді. Баланың есту қабілетін зерттеу тәсілін таңдау баланың жасына, оның кемелдігіне, зейінін шоғырландыру қабілетіне, сондай-ақ, зерттелу сәтіндегі өзін-өзі сезінуіне де байланысты.

Зерттеу мақсаты есту қабілеті бұзылған тұлғаларға арнайы білім беру жүйесінің теориялық негіздерін анықтау.

Зерттеу объектісі есту қабілеті бұзылған тұлғаларға арнайы білім беру жүйесін зерттеудегі зерттеудегі ғылыми талдаулар.

Зерттеу пәні есту қабілеті бұзылған тұлғалар, а арнайы білім беру жүйесінің мәселелері.

Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы егер, есту қабілеті бұзылған тұлғаларға арнайы білім беру жүйесінің мазмұны ғылыми теориялық талдаулар арқылы жүйеленсе, есту қабілеті бұзылған тұлғаларға арнайы білім беру жүйесінің мазмұны артады.

Зерттеудің міндеттері

  • Есту қабілеті бұзылған тұлғаларға арнайы білім беру мазмұнындағы мәселелерді теориялық түрде негіздеу.
  • Есту қабілеті бұзылған тұлғаларға арнайы білім беру мазмұнын анықтауда диагностикалау әдістемелерін жүйелеу.
  • Есту қабілеті бұзылған тұлғаларға арнайы білім беру мазмұнын анықтаудағы ғылыми зерттеу жұмысының қорытындысын анықтау.
  • Есту қабілеті бұзылған тұлғаларға білім беру мазмұнының ғылыми негізін, дидактикасын және оқытудың арнайы әдістемелерін өңдеу;

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздерін арнайы педагогика, арнайы педагогиканың салалары, сурдопедагогиканың негізін салушылар Л. С. Выготский, А. Р. Лурия, С. Л. Боскис, Л, В. Нейман т. б. еңбектері құрайды.

Зерттеу әдістері

  • Ғылыми әдебиеттерге, арнайы оқулықтарға талдау жасау.
  • Зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми материалдарды жүйелеу.

Зерттеудың ғылыми жаңашылдығы мен теориялық құндылығы

Есту қабілеті бұзылған тұлғаларға арнайы білім беру мазмұынынанықтау, оларды жүзеге асырудағы диагностикалау әдістемелерін жүйелеу.

Зерттеудің тәжірибелік құндылығы есту қабілеті бұзылған тұлғаларға арнайы білім беру мазмұынын анықтау, оларды жүзеге асырудағы диагностикалау әдістемелерін жүйелеу, арнайы білім беру жүйесіндегі қиындықтардың себептерін анықтау, диагностикалау, түзетудегі коррекциялық-педагогикалық процесті ұйымдастыруда маңызды болып табылады.

Зерттеу жұмысының құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Зерттеу жұмысының негізгі кезеңдері

Бірінші тарауда, есту қабілеті бұзылған тұлғаларға арнайы білім беру мазмұнының теориялық - әдіснамалық негіздері туралы айтылады.

Екінші тарауда, есту қабілеті бұзылған тұлғаларға арнайы білім беру берудегі диагностикалық қызметтің түрлеріне сипаттама беріледі.

-арнайы педагогикалық білімдерді тарату, кіріктермелі идеяларды дамыту мен оларды жүзеге асыру үшін жалпы педагогикамен бірлесу және өзара әрекеттестікте болу болып табылады;

  • ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛҒАН ТҰЛҒАЛАРҒА АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДА ЗЕРТТЕЛУІ

1. 1. Есту қабілеті бұзылған тұлғаларға арнайы білім беру жүйесінің әдіснамалық-теориялық негіздері

Ғылыми тәртіп ретінде сурдопедагогика өзіндік зерттеу объектісі, пәні және әдіс-тәсілдерін қарастырады. Зерттеу объектісі болып есту қабілеті бұзылған адамдарға арнайы білім беру болса, ал пәні болып оларды практикада тәрбиелеу, оқыту әлуметтендіру және осы бұзылыстың пайда болу жолдарын ғылыми феномен ретінде зерттеу болып табылады. Есту қабілеті бұзылған адамдар (бала, жеткіншек, ересек) мамандармен (сурдопедагог, мұғалім -дефектологпен, педагог, өнеркәсіптік оқыту маманы және т. б. ) субъективті түрде қарым-қатынас жасауда бірдей құқықты, яғни қорытындысында әрекеттің екі қатысушының да тұлғаның да және өзіндік ұйымдастырушылығы дамиды.

Осындай өзіндік әрекеттің негізінде даму бұзылыстарын коррекциялау және психикалық функцияларды компенсациялауда, сонымен қатар есту қабілеті бұзылған адамдарға білім беру барысында әлеуметтік бейімдеу және өзіндік ұйымдастырушылықтың оптималды жолдары, әдіс-тәсілдері, жағдайлары жүзеге асырылады. Педагогикалық ғылымның жүйесінде сурдопедагогика арнайы педагогиканың жүйесінде теориялық қойма ретінде ең қажетті бөлігі педагогика болып табылады.

Сурдопедагогиканың мақсаты - есту қабілеті бұзылған адамдарға максималды түрде өзін-өзі қамтуын және өмірдегі еркіндікке жету мүмкіндігін қамтамасыз ету.

Көріп тұрғандай, айтылған мақсат арнайы педагогикағада қатысты. Соңғылардың бөліктерін елестетуде, сурдопедагогика жалпы сондай жүйеге ие: жетіспеушілікті түзету, оларды педагогикалық әдіс-тәсілдерін компенсациялау; абилитация (сәбилік және ерте жастан) және реабилитациялау, негізгі бағыттары - әлеуметтік және тұлғалық. Оларды жүзеге асыруда есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы ұйымдастырылған оқыту мен тәрбиелеу, сонымен қатар коррекциялау және психикалық функцияларды компенсациялау, соның ішінде ең бастысы сөйлеу тілін меңгеру: нашар еститіндергедыбыс күшейткіш аппараттарын және дыбыс күшейткіш аппараттарынсыз сөйлеу тілінің дыбысын қабылдау. Кеш саңырау болғандарға - есту қалдықтарының көмегімен ерік қимылынан ауызша сөйлеу тілін оқуды қабылдау; саңырауларға-сөйлеу тілі қатынастарынан мотивациялық сөйлеу бірліктерін қолдануды меңгерте білу. Есту қабілетінің жетіспеушілігі бар адамдарды өзіндік өмір сүруінің жалпы жетіспеушіліктеріне арнаулы педагогиканың мақсатындағы әлеуметтендіру мен өзіндік ұйымдастыруларына жәрдемдеседі.

Сурдопедагогиканың спецификалық мақсаты болып қоршаған ортаға бейімделу және әлеуметтік әрекеттің жүзеге асуымен игерілуі, абилитация, реабилитациялау және есту қабілеті бұзылған балалардың өмір циклдерінң әр түрлі баспалдағына интеграциялауға қатысты. Сурдопедагогикалық анықтамалар мен мақсаттарға жетуде мынадай нақты әдіс-тәсілдер шешіледі:

- тұлғаның есту мүмкіндігінң даму жағдайларында педагогикалық заңдылықтарды игеру;

- есту бұзылысы бар адамның коррекциялық және компенсаторлық мүмкіндіктерін анықтау;

- бекітілген педагогикалық жүйеде білім беру және болжауда жаңа педагогикалық жүйенің дамуы мен пайда болуы;

- есту қабілеті бұзылғандарға білім беруде және мәдени әлеуметтік ортаға бейімдеуде интеграциялық компенсацияны өңдеу және реализациялау;

- есту қабілеті бұзылған адамдарға білім беру жағдайын ұйымдастыруда ғылыми негіздемелерді білім беру құрылымын, әдістерін, технологияларын анықтау;

- білім беру жүйесін өңдеу, арнаулы білім беру технологияларындағы сөйлеу тілін дамыту ұлттыұ ыммен сөйлесуге оқыту;

- операциядан кейінгі кезеңдегі реабилитациялаудың- анықтау;

- жетілген технологияларды сурдотехнологиялық тәсілдерде есту қабілеті бұзылған адамдардың сөйлеу тілін дамытуда қолдану;

- бағдарламаны кәсіби бағдарлауды кәсіби кеңес беруді, кәсіби дайындықты, сонымен қатар есту қабілеті бұзылған адамдарды әлеуметтік-еңбекке бейімдеуді реализациялау және өңдеу;

- есту қабілеті бұзылған адамдарды әлеуметтік бейімдеумен әлеуметтік-кәсіптік реабилитациялауға бағытталған, педагогикалық жұмыстың жүйесін оптимизациялау;

1. 2. Есту қабілеті бұзылған тұлғалардың классификациясы

Есту қабілетінің сол немесе басқа деңгейлері әр түрлі жастағы балаларда жиі кездесе бермейді. Тіпті ерте жастағы есту қабілетінің маңызды емес бұзылыстары да баланың сөйлеу тілінің құрылысына өзіндік кері әсерлерін тигізеді. Кереңдік және саңыраулықтың ауыр түрі кезінде балаға арнайы оқыту ұйымдастырылмаса сөйлеу тілін меңгере алмайды. Себебі, бала өзінің дауысын және қоршаған ортаның сөйлеу тілін естімегендіктен еліктей алмайды. Естімейтін баланың сөйлеу тілінің жылдам дамымауы немесе оның болмауы баланың қоршаған ортамен байланысына, танымдық әрекеттерімен тұлғасының дамымауына әкеліп соқтырады. Саңыраулықтың және кереңдіктің 30-50%-ы генетикалық факторлардың әсерлерінен болған жағдайлардан туындайды. Есту қабілеті бұзылыстарының тұқым қуалаушылығынан болған кейбір түрлері прогрессивті түрде болып келеді. Кейде олар басқа бұзылыстарымен сәйкес келуі мүмкін: көру интеллектісінің, бүйрек ауруларымен, сүйек-бұлшықеттерінің жүйесімен, тері және басқа да бұзылыстарымен.

Есту қабілетінің бұзылыстары әр түрлі ішкі ұрыққа әсер ететін, босану кезінде немесе босанғаннан кейінгі кезде пайда болуы мүмкін. Себептердің арасында есту қабілеті жүйесіне зиян келтіретін ішкі ұрық инфекциялары, әсіресе қызылша, анасының бірінші, үшінші апталығының жүктілік кезінде басынан кешкен, сонымен қатар тұмау, туғаннан бастап сифилис, токсоплазмоз, цитомегалия және т. б. болуы мүмкін. Сәбилік шақтағы ядролық сарыауру, анасының және балалардың резус-факторы немесе қан топтарының сәйкес келмеуі де есту қабілетінің бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін. Есту нервтері әсіресе сәбилік шақтағы интоксикацияның әсеріне сезімтал болып келеді. Есту қабілетінің бұзылыстары дұрыс жетілмеген балаларда кездесетіні дәлелденген. Бұл бұзылыстар әсіресе анасының қанымен сәйкес келмегенде және ұрықтың резус-факторларымен қан топтарымен сйкес келмегендіктен өсе бастайды, және жетілмеудің кесірінен әр түрлі нерв жүйесімен басқа ағзалардың дамымауы пайда бола бастайды. Есту қабілетінің бұзылыстары анасының ішімдікті пайдаланғаннан пайда болуы да мүмкін.

Балалармен ересектердегі есту бұзылысы функцияларының классификациясы дәрігер-отоларингологтардың ғана емес, сонымен бірге сурдопедагогтардың да қызығушылықтарын тудырады. Отоларингологияда есту бұзылыстарының профилактикалық ауруларын емдеуге рұқсат етуден медициналық классификациялар өңделіп жасалған. әр түрлі топтағы есту қабілеті бұзылған адамдарға дифференсациялық қолдауда оқыту және абилитациялық көмек көрсетуге құрылған.

Ресейдегі медициналық классификация арасынан кереңдік және саңыраулық классификациясы бойынша Л. И. Нейманның классификациясы кеңінен таралды (1961) . Бұл классификацияның ерекшелігін саңыраулық диагнозы есту арнасының қабылдау көмегімен және көлеміне байланысты төрт топқа бөлінеді. Бұл классификацияны тональдық аудиометриямен сөйлеу арқылы классификацияны белгілейміз.

I топ. Ең төменгі арнаны қабылдайтын саңырау балалар (125-150гц) . Бұл балалар құлақ түбіндегі өте қатты дыбыстарға, айқайға реакция береді.

II топ. Есту арнасын қабылдайтын саңырау балалар (150-500гц) . Олар о, у дыбыстарын ажырата біледі.

III топ. (125000гц) арасындағы есту арнасын қабылдайтын балалар.

IV топ. (125-2000гц) арнаны қабылдайтын балалар.

III-IV топтағы балалар жақын жердегі дыбыстарды ажырата алады.

IV топтағы балалар барлық дауысты дыбыстарға, қысқа сөздерге реакция беріп, ажырата алады.

VI топтағы балалар барлық дауысты дыбыстарға, қысқа сөздерге реакция беріп, ажырата алады.

Нашар естушілік түрлі деңгейде сипатталады. Л. В. Нейман нашар еститін балалардың 3 тобын анықтады:

1. Сөйлеу диагнозы кезіндегі естудің төмендігі 50 дб-ден аспаса, есту арнасы 125-8000 гц. Мұндай балалармен сөйлесуге, қарым-қатынасқа түсуге мүмкіндік туады. 1 метрден артық қашықтықта тұрып, ауыз екі сөйлесуге болады.

2. 70 дб. Қарым-қатынасқа түсу қиын, 1 метр қашықтықта тұрып сөйлесуге болады.

3. 75-80 дб. Сөйлесуде қатты дауыстар арқылы құлақ түбінде отырып, сөйлесуге болады.

Нейманның ұсынуымен 15-20 дб есту қабілеті төмен балалармен қарым-қатынас жасауға болады.

Медицинада балалардың есту жағдайларын бағалау ХАЖ бойынша есту қабілеті бұзылысының классификациясын пайдаланады. Орташа деңгейдегі естудің бұзылуы 5-2000гц арасында анықталады.

1 деңгейдегі естудің төмендеуі 40 дб аспайды.

2 деңгейдегі естудің төмендеуі 40-55 дб аспайды.

3 деңгейдегі естудің төмендеуі 55-70 дб.

4 деңгейдегі 70-90 дб.

90 дб артық естудің төмендігі саңыраулық болып табылады.

Адамның есту қабілеті - оның туған кезінен бастап әрекет етеді. Әр түрлі биіктіктегі немесе тербелмелі жиіліктегі дыбыстарды қабылдай алады. Адамдар төменгі шегі, секундына жиілігі 16 тербеліспен жоғарғы шегі секундына 2000 тербелісті қабылдайды. Адамдардың есту қабілетінің ерекшелігі, оның тілдегі дыбыстарды, тек қана психикалық құбылыс емес, мағына беретін бірлік-фонема ретінде қабылдау. Бұл қасиет адамда сенсорлық сөйлеу орталығының болуымен қамтамасыз етіледі. Ол бас миының сол жағының жоғарғы санатының артқы бөлігінде орналасқан. Бұл ортаның жұмыс істемей қалса сөйлеу тілі қабылдауы және талдау процестері бұзылады. Бұл ретте үн мен қабылдау сақталады. Бірақ үн үнмен сөйлеуді ажырату қасиеті жойылып, сенсорлы афазия пайда болады. Біздің есту мүшеміздің сезімталдығы өте жоғары. Дұрыс есту қабілеті бар адамдар дабыл жарғағының өте аз тербелісін тудыратын дыбыстарды ести алады. Адам жасының ұлғаюына сай дыбыстардың сезімталдығы өзгереді.

- 20-15 жаста есту қабілеті өте жоғары.

- 40 жаста 2000 гц

- 40-60 жаста 2000 гц

- 60 жастан кейін 1000 гц

Қаттылығы жоғары дыбысты естігенде жаңа туған нәрестенің жауап реакциясын байқауға болады. Мысалы, демалуы өзгеріп, т. б. әсерлер болады. 3 айға толғанда нәресте дыбыстарды сапасына қарай (тембр, үн, биіктігі) ажыратады.

1. 3. Есту қабілеті бұзылған балаларды тәрбиелеудің ерекшеліктері

Есту қабілеті бұзылған оқушыларды тәрбиелеу мәдени - әлеуметтік және педагогикалық аспектілермен қарастырылуы мүмкін.

Мәдени - әлеуметтік аспект макро әлеуметтегі әлеуметтік тәртіпті қадағалайтын эмоциональды тұрғыда қабылданған моральды нормалармен шектелістердің, оларды мәдени-әлеуметтік идентификациясын арнайы ұйымдастырылған процесс ретінде болжамдайды. Бірақ саңырауларға қатысты олардың микро әлеуметтегі идентификациясын бағдарлау мүмкіндігін есепке алған жөн.

Педагогикалық аспект қоғамдық тәжірибе және және әлеуметтің мәдениетін - құндылықтарын, әлеуметтік нормалар мен тәртіп стандарттарын игерудегі мақсатқа бағытталған және тұлғаның түрлі образдағы әрекетін ұйымдастыру процесін қалыптастыру мақсатында саналы түрде жүзеге асырылатын тәрбиелеуді айтады.

Есту қабілеті бұзылған балаларды тәрбиелеу сөйлеу тілін меңгерумен, қоршаған ортамен қатынаста коммуникативті кедергілердің туындауына байланысты ерекше жағдайларда жүзеге асырылады. Бұған өзіндік дамудың танымдық сферасы және ақпаратты өңдеу процесінің баяулауы, сонымен қатар әлеуметтік тәжірибесінің шектелуі және оның еш мәнсіз игерілуінің мүмкіндігіне байланысты болып келеді. Ғалымдардың зерттеуінше ( А. П. Гозова, 1977; В. Г. Петрова, 1973; В. Петшак, 1981; Т. В. Розанова, Н. В. Яшкова, 1981; М. М. Нудельман, 1983) бұл балалардың адамдардың жеке ерекшеліктерімен олардың әрекеттерін суреттеуде қолданылатын сөйлеу тілінің жетіспеушілігі анықталған деп пайымдады. Тәртіп бойынша, оардың эмоциональды белгілерінің жеке тұлғаның қасиетін соңғы контрасты бағада және жазғырудың тоқтамсыздығы байқалады. Олардың «Өзіндік мен » түсінігінің өзіндік ішкі механизмдерінің реттелуіне, өзін - өзі бағалауына, мотивациялық сферасының деңгейіне (қажеттілік, қызығушылыққа бағытталуына) мінезделеді. Есту қабілеті бұзылған баланың өзін - өзі бағалауы көп жағдайда нақты емес. Олардың көпшілігі өзіндік мүмкіндіктерін адекватты түрде бағалауға дайын емес және өзіндік қабілеттері мен жеке қасиеттерін жиі асыра сілтеу байқалады. Ата-аналары естімейтін саңырау балаларды ата-аналары еститін саңырау балалармен салыстыра қарағанда өзін - өзі бағалауы адекватты түрде болып келеді.

Саңырау және нашар еститін балардың әлеуметтік деңгейі көбіне олардың объективті қабілеттерімен қызығушылықтары нақты ерекшеліктерінің дамуымен анықталады. Белгіленген ерекшеліктер моральды- этикалық көзқарастың құрылу процесстері мен әлеуметтік-эмоциональды кешеуілдеуімен, «Мен-концепциясы» басқа адамдарға қатынасын баяулатады.

Есту қабілеті бұзылған балаларды тәрбиелеу, білім беру және өмірлік әрекеттерді ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады. Сол және басқа қалыптастырылған жағдайларды тудыру балалардың және жеткіншектердің жеке көрсеткіштерін, белсенділігін және тануға, қарым-қатынасқа түсуге және елестету әрекеттерін дамыту-I немесе II түрдегі коррекциялық мекемелерде; жалпыға бекітілген жалпы білім беру мекемелерінде; отбасында; толықтай білім беру мекемелерінде әртүрлі тәрбиелеу орталықтары құрылған.

Сонымен, I және II түрдегі коррекциялық білім беру мекемелерінде арнайы педагогикалық көмек және барлық өмірлік әрекеттердің элеменнттерінде оқушылар барлық сергектік кезеңдердің күнделікті қолданылуы бөлінбей көрсетілген. Ол тәрбиелеу жұмыстарын, және оқыту әрекеттерін, және коррекциялық - педагогикалық сабақтарды қосып алады. Баланы жеке тұлға ретінде қалыптасуының күрделі процесіне сурдопедагогтар, тәрбиешілер, әлеуметтік педагогтар және ата - аналар қатысады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эмоционалды ерік сферасы зақымдалған және даму ерекшеліктері бар балалар
Көру қабілеті бұзылған мүгедек балалардың тұлғалық дамуының теориясы
Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды мектепке даярлау
АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ
Арнайы педагогика туралы
Сөйлеу тілін түйсіну жағдайы
Мүмкіншілігі шектеулі балаларды ерте әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау, оның мақсаттары, міндеттері мен принциптері
Бaлaның eрeкшe бiлiм aлу қaжeттiлiгiн aнықтaу бoйыншa, пeдaгoг-психoлoг, лoгoпeд- мұғaлiм, дeфeктoлoг әлeумeттiк пeдaгoгтың aтқaрaтын қызмeтi
Бaлaның eрeкшe бiлiм aлу қaжeттiлiгiн aнықтaу бoйыншa, пeдaгoг-психoлoг, лoгoпeд- мұғaлiм, дeфeктoлoг әлeумeттiк пeдaгoгтың aтқaрaтын қызмeтi туралы
Есту қабілеті нашар балаларды арнайы мектептерде оқыту және тәрбиелеудің маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz