40 қалаішілік автобус маршрутының жүріс жиілігін арттыру арқылы жолаушы тасымалын жүзеге асыруды жақсарту жұмыстары


Жоспар
Кіріспе4
1 Зерттеп - талдау бөлімі7
1, 1 Қолданыстағы тасымалды ұйымдастырудың жалпы сипаттамасы7
1. 2 Қолданыстағы жолаушы тасымалын ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныс9
2 Технологиялық бөлім14
2, 1 Жолаушы ағынын анықтау және оның нәтижелерін пайдалану14
2. 2 Жылжымалы құрам түрін таңдау және желідегі автобустардың пайдалану көрсеткіштерінің есептемесі16
2, 3 Қолданыстағы және жетілдірілгеннен кейінгі ұйымдастыру жұмыстарының көрсеткіштерінің салыстырмалы кестесі20
3 Ұйымдастыру бөлімі25
3, 1 Маршруттағы автобустардың жүріс кестесі25
3, 2 Тариф, ақша түсімі және оны тапсыруды ұйымдастыру27
3. 3 Диспетчерлік басқаруды ұйымдастыру, қозғалысты реттеу және басқару29
3, 4 Жүргізушілердің жұмысын ұйымдастыру31
4 Еңбек және қоршаған ортаны қорғау33
5 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ35
5, 1 Автобус тасымалынан түсетін табыстың жылдық кірісі36
ҚорЫтынды41
Пайдаланылған әдебиеттер43
Кіріспе
«Жолаушыларды тасымалдау технологиясы және оны ұйымдастыру» пәні бойынша 1202063 - «Тасымалдауды ұйымдастыру және көлік қозғалысын басқару (автомобиль көлігі) » мамандығына алған білімдерімді жетілдіру үшін жасалып отырған курстық жоба Қазақстан Республикасының орта кәсіптік білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес жасалынды.
Курстық жобада №40 қалаішілік автобус маршрутының жүріс жиілігін арттыру арқылы жолаушы тасымалын жүзеге асыруды жақсарту жұмыстары жүргізілді. №40 автобус маршрутының жетілдіру жұмыстарын қадағалай отырып, оның кемшіліктерін толықтырып ұйымдастыру бойынша экономикалық тиімділікке негізделген жоба жасалды.
Қолданыстағы №40 автобус маршрутына енгізілген өзгертулер мен жаңа жобалар есептеу жұмыстары арқылы нақтыланып көрсетілді.
Көлік- халық шаруашылығында маңызды орын алып, көптеген мақсаттар үшін жан-жақты қолданылады. Көліксіз қоғамның және оның күш - қуатын дамыту әсте мүмкін емес. Көлік-халық шаруашылығы мен мәдени-әлеуметтік қарым-қатынастардың барлық буынын өзара тығыз байланыстырып, жандандырып тұрған байланыс құралы. Сондықтан автокөлік мекемелерінің жұмысы мен қызмет көрсету деңгейінің жоғарылауы және техникалық құрал- жабдықтары мен көліктік құрамдардың сапасының артып, заман талабына сай болуы мемлекеттің бақылауында болуы керек.
Көлік және көлік қызметінің саласын дамытудың негізгі стратегиялық бағыттары:
1. Көліктің негізгі міндеті - халықты бір жерден екінші жерге тасымалдау мен халық шаруашылығының қажеттіліктерін дер кезінде толықтай әрі сапалы қызметпен қамтамасыз ету және оның жұмысының экономикалық тиімділігін арттыру.
2. Автокөлік мекемелерін пайдалану тиімділігі жоғары жылжымалы құрамдармен және сапалы қызмет көрсету нысандарымен жабдықтау.
3. Жол инфроқұрылымының сапасын арттырып, жаңа техникалық құрал-жабдықтармен жарақтандыру.
4. Көлік қызметін ұсынушылардың арасында нарықтық бәсекелестікті жандандыру.
Кез-келген автокөлік мекемесі даму бағдарын негізге ала отырып, өз жұмыстарын экономикалық тиімді жолмен ұйымдастыруға дағдылануы керек. Барлық көлік жабдықтарының пайдалану көрсеткіштерін жақсарту үшін келесі негізгі шараларды назарда ұстаған жөн:
- көлік құрамының техникалық жай- күйін қадағалау керек;
- жолаушы ағыны мен жол аралығына сәйкес көлік түрін дұрыс тандау;
- жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудың оңтайлы маршрутын құрастыру;
- маршрутты автобустардың бос жүрісін және соңғы аялдамаларда бос тұру уақытын қысқарту, олардың сыйымдылығын толық пайдалану;
- тасымалдау көрсеткіштері бойынша мәліметтерді зерттеп-талдап, сараптама жасай отырып, өзгертулер мен жаңа жетілдірулер енгізу;
- қозғалыс қауіпсіздігін арттыру және қоршаған ортаға келтіретін зияндылығын төмендету;
- жүргізушілердің шеберлігін арттыру және қоғамдық көліктердегі қызмет көрсету шараларын жақсарту;
- жыл мезгілдері мен ауа-райының ерекшеліктеріне тәуелсіз, тұрақты тасымалмен қамтамасыз ету;
Жолаушыларды тасымалдау көліктері қалаішілік, қаламаңдық, қалааралық және халықаралық деп бөлінеді. Қалаішілік жолаушы тасымалдау көліктеріне халықтың қала ішіндегі қозғалысын тұрақты түрде қамтамассыз етуге арналған көлік түрлері жатады. Оларға автобус, трамвай, троллейбус, метро кешені және маршрутты таксилер жатады. Осылардың ішінде экономикалық тұрғыдан алғанда тиімдісі әрі жылдам қозғалысты ұйымдастыруға ыңғайлысы және кең ауқымда пайдалануға ең қолайлысы автобус көлігі.
Автомобильді-көліктік жұмыс екі негізгі көрсеткішпен сипатталады: тасымалдау көлемі және жолаушы айналымы немесе жүк айналымы. Тасымалдау көлемі белгілі бір уақыт аралығында тасымалданған немесе тасымалдануы қажет жүктің шамасы немесе жолаушылар санын көрсетеді, ал жолаушы айналымы (жүк айналымы) - ол жолаушы немесе жүктерді тасымалдау бойынша көлік жұмысының көлемі.
Автомобиль көлігінің жолаушы айналымы немесе жүк айналымының артуы мен оны қолдану тиімділігі жылжымалы құрам жұмысының техникалық-пайдалану, сапалық көрсеткіштер деңгейін жақсартуды талап етеді.
Жолаушы тасымалдарын қанағаттанарлық деңгейде қамтамасыз ету үшін жолаушы ағынына сәйкес қажетті жылжымалы құрамдармен жабдықтап, ең тиімді жүріс кестелері мен жол маршруттарын зерттеп - талдау арқылы дәл анықтап енгізу керек.
Жаңа маршруттар бойынша жылжымалы құрам қозғалысын қамтамасыз етуші тасымалдарды маршруттау бос жүрісті төмендету, жүрісті пайдалану коэффициентін көрсетуге мүмкіндік береді, яғни, автомобильдер өнімділігін арттыруға. Бұл сонымен қатар автомобильдер тасымалының өзіндік құнына, халық шаруашылығындағы көліктік шығындарды азайтуға маңызды әсерін тигізеді, сонымен бірге жүргізушілердің еңбек ақысын және тасымалдау тиімділігін арттырады.
Халық санының өсімі мен қаланың үлкеюі көлік қозғалысын ұйымдастыруда көптеген мәселелер тудырады. Көше жол тораптарында көлік кептелістері пайда болып, жол-көлік оқиғалары жиілеп, адамдардың қажетті жерлерге уақытында жету мүмкіншіліктері төмендейді. Сондықтан көлік қозғалысына ықпал ететін барлық жағдайларды қадағалап, статистикалық мәліметтер негізінде кезеңдік зерттеп-талдау жұмыстарын жүргізу керек. Әрбір маршрутты көлік қозғалыстарына бақылау жүргізіп, оның кемшіліктерін анықтап жетілдіру шараларын өз уақытында енгізген дұрыс.
1 Зерттеп - талдау бөлімі
1, 1 Қолданыстағы тасымалды ұйымдастырудың жалпы сипаттамасы
Автокөлік қызметінің болашақтағы дамуына жол ашатын негізгі басым бағыттар ретінде автокөлік тасымалдарының сапасы мен тиімділігін арттыру, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерін азайту, автокөлік құралының паркін жетілдіру, міндеттері жатады. Автобустар мен тасымалды ұйымдастыру үшін автокөлік мекемесі әр түрлі деңгейдегі мақсаттар мен бағыттар бойынша жұмыс істейді. Олар: көшелердің орналасуына және жол қашықтықтарына сәйкес маршруттардың схемасын құрастыру; тәуліктік, сағаттық апта күндері жыл мезгілдерінің әр түрлі ерекшеліктеріне және жолаушы ағынының өзгерісіне сәйкес автобустардың түрін және санын анықтау. Жолаушы тасымалын нәтижелі ұйымдастыру үшін жолаушы және көлік ағындарына талдау жасау; машрут бойынша автобустардың қозғалысын жүйелі түрде бақылау; автобустардың жүріс кестесін жасап, тасымал сапасын жақсарту шараларын халықтың сұранысы мен заман талабына сай ұйымдастыру және жетілдіру автобустар мен жүргізушілердің жұмыс кестесін және тәртібін құрастыру.
Автокөлік паркін жетілдірудің негізгі бағыттары болып:
- пайдалану тиімділігі жоғары жылжымалы құрамды енгізу;
- автокөлік саласында бәсекелестікті дамыту;
- жеңілдетілген несие жүйесімен қаржыландыру;
- заман талабына сай техникалық жабдықтар мен техникалық ұйымдастыру үрдістерін енгізу саналады.
Қозғалыс жылдамдығына сәйкес белгіленетін айналым уақыты дұрыс анықталса қозғалыстың тұрақты болуы қамтамасыз етіледі.
Егер айналым уақыты дұрыс анықталмаса, көп болса: жүріс жылдамдығы төмендейді; соңғы және аралық аялдамаларда автобустардың бос тұру уақыты көбейеді; айналым уақыты жеткіліксіз болса жүргізушілер жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзады. Сондықтан жылдамдықты реттеу қолданыстағы жолаушы тасымалына ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстардың бірі болып табылады.
Кез келген автобус маршрутын ашпастан бұрын пайдалану бөлімі маршруттың негізгі төлқұжаты жеке бас кілтін, паспортын жасайды. Ол паспортты жол бағанының схемасы техникалық сипаттамаларымен толық көрсетіледі. Автобустар тағайындалуы, көлемі және сыймдылығы сыртқы қорабының қабатына құрылымдық ерекшеліктерімен және басқа да белгілері бойынша өзара топтастырылады.
Ал негізгі қарастырылып отырған маршрут бойынша және тағайындалуы бойынша жалпы қолданыстағы маршрут түріне жатады. Және маятникті маршрут болып келеді. Қала ішілік тасымалдауға арналған. Маршрут сағат 6:30- да бірінші рейске шығады. Жұмыс уақыты сағат 22:30-да аяқталады. Бір жұмыс күнінде 16 сағат бойы жолаушы тасымалдайды. Оның 80% тасымалдауға кетсе. Қалғаны жолаушыларды отырғызу, рейс аралықтарында дем алу мен жолдағы кептеліске кетеді. Маршрутта негізінен таңергеңгі, және кешкі уақыттарда жолаушы ағыны көп болады. Себебі таңертеңгісін адамдар жұмысқа барады, сабаққа барады, вогзалға барады, кешкісін студенттер мен қоса жұмыскерлер жұмыстан қайтады, сауда орталықтарына барады.
1. 2 Қолданыстағы жолаушы тасымалын ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныс
- Қалалық жолаушылар көлiгi қозғалысының қауiпсiздiгiн арттыру бағдарламасын жетілдіру;
- Қалалық жолаушылар көлiгiнiң қоршаған ортаға келеңсiз экологиялық әсерiн азайту саласындағы жобаларды дамыту;
- Қалалық қозғалысты реттеу орталықтарын құру мен жарақтандыруды;
- Бейiмделген реттеу технологияларын қолдана отырып қозғалысты автоматты реттеу жүйесiн (бағдаршамдарды) жаңғыртуды;
- Көлiк қызметтерi нарығында ашық та әдiл бәсекелестiктi қамтамасыз етудi;
- Реттеу схемаларында қалалық жолаушы көлiгiнiң басым қозғалысы үлгiлерiн iске асыруды;
- Жол қозғалысы ережелерiн бұзуды тiркеу, нөмiр белгiлерiн тану және қалаларда әрi қала маңындағы аймақтарда құқық қолдану автоматтандырылған жүйелерiн қоса алғанда, көше қозғалысын көзбен қашықтықтан шолу мониторингiнiң технологияларын енгiзудi қамтиды.
- Трамвай, троллейбус, бөлiнген автобус желiлерi, монорельстi көлiк және метро сияқты қалалық жолаушылар көлiгiнiң баламалы түрлерiн дамыту қажет.
- Барлық аялдамалар жол қозғалысына кедергі жасамайтын жерде орналасуы керек;
- Аялдамаларда жолаушының бару пунктіне дейін тез және бір ғана автобуспен жету ақпаратын алу мүмкіндігін жасау керек. Мысалы, электронды құрылғыларды енгізу;
- Автобустарда билеттік жүйені жетілдіру, билеттік жүйені автоматтандыру;
- Барлық аялдамаларда жол өтпелерінің болуы тиіс. Және жол өтпелері аялдамадан алыс болмауы қажет.
- Жолаушылардың қауіпсіз тасымалдануы үшін жолдардың сапасын жақсарту;
- Автобустарда жолаушылардың сығылыспай тасымалдануы үшін және автобустарды ұзақ уақыт күтпеуі үшін автобус интервалдарын азайту;
Кесте 1. 1 Жол маршрутындағы аялдамаларының техникалық сипаттамасы
Аялдама
аралық-тары, м.
Кесте 1. 1 жалғасы
Аялдама
аралық-тары
Кесте 1. 2 Аялдамалар арасындағы жүріс уақыттары мен тұру уақыттары
Аялдамалар-дың
атауы
(тура бағыт)
Аралық
жүріс
уақыт-
тары, мин
Аялдамалар-дың
атауы
(кері бағыт)
Аралық жүріс
уақыт-тары, мин.
Кесте 1. 2 жалғасы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz