Балабақшадағы және мектепке дайындайтын топтағы мұғалімінің балалармен жүргізілетін тәрбие жұмысы


МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1 Тәрбие жұмысының теориялық аспектілері 5
1. 1 Тәрбиенің жалпы заңдылықтары 5
1. 2 Тәрбиенің басты принциптері 7
2 Мектепке дайындайтын топтағы мұғалімінің
балалармен жүргізілетін тәрбие жұмысы 13
2. 1 Дайындық тобындағы тәрбие әдістерін
қолдану ерекшеліктері 13
2. 2 Балабақшадағы тәрбиеленушілерді
адамгершілікке тәрбиелеу 21
Қорытынды 30
Қолданылған әдебиеттер тізімі 32
Кіріспе
Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақтап іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттердің жас ұрпактың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзкарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру.
Тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.
Балалық шақ бала бойына адамгершіліктің негізін қалайтын кез. Сондықтан бала бойына жас кезінен бастап ізгілік, мейірімділік, инабаттылық сезімдерін қалыптастыру ата-аналар мен ұстаздардың міндеті.
Тәрбиенің сан-салалы күрделі мәселелеріне терең бойлауға бастайтын күнделікті өміріміздегі карапайым дағдылар арқылы бала жүрегіне жол табуға тырысатын алғашқы білім баспалдағы - бастауыш мектеп болып табылады. Құнарлы жерде өскен мәуелі ағаш тамыры секілді осы жаста берілген ұлттық тәрбиенің сөлі мен нәрін бойына сіңіріп, қуат алып өскен баланың өмірге деген бейімділігі де, зерделілігі де анағұрлым жоғары болмақ.
Ізеттілік, ізгілік, инабаттылық, әдептілік бір күнде қалыптаса қалатын қасиет емес. Бұл баланың кішкене кезінен бастау алып, өмір баспалдақтарында шындалып, біртіндеп қалыптасатын қасиеті.
Ұрпақтарымызды парасатты да, білікті, мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеп, олардың дүниетанымын жалпы адамзаттық деңгейде дамытамыз десек, ұлттық және азаматтық намысы бар ұрпақ өсіргіміз келетін болса, онда бүгінгі қоғамның барлық күшін жалпы оку-тәрбие саласына жұмылдыруымыз керек.
Адамгершілік тәрбиенің ең жоғарғы түрі - бауырмалдык, бүкіл адам баласын бауыр, дос тұту, көпшіл болу, интернационалдық қасиетті қастерлеу. Ал бұл пікір халықтың асыл ойының түйіні мақал-мәтелдерден өзекті орын алған. "Отан от басынан басталады", "Атаңның баласы болма, адамның баласы бол" және т. б.
Халық бала тәрбиесін құндақта жатқан күннен бастап, ат жалын тартып азамат болғанға дейін естіп ескен есті ұрпақ бабалар өсиетін ғасырлар бойы мүлтіксіз іске асырып келеді. Оған айқын айғақ елімнің бостандығы мен ар-намысы үшін құрбан болған азамат соғысының ардагер батырлары мен кешегі Ұлы Отан соғысына қатысқан мыңдаған қазақтың батыр ұл-қыздарының ерлік істері айғақ бола алады. Міне, қиын қыстау кезенде оларды алға ұмтылдырған күштің кайнар көзі - алтын бесігінен жастайынан алынған тәрбиесінде, бойына ана тілі, туған елінің асыл қазынасы ауыз әдебиеті арқылы сіңген батырлық, өжеттік, отансүйгіштік касиеттерде еді. Осы пікірді тебірене сезініп, терең топшылаған халық: "Ерлік тәрбиеден туады", - деп текке айтпаған.
Адам бойына жақсы мінез-құлық қасиеттердің сіңісуі тәрбиеге, өскен ортаға да байланысты, оку-білім тәлім-тәрбие мәселесіне байланысты.
"Тәрбиесін тапсам адам болар, оқуын тапсам білім қонар", "Қарағайға қарап тал өсер, қатарына карап бала өсер" деген мақалдың мағынасында үлкен мән жатыр.
Ертеңгі болашағымыз бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне тікелей тәуелді. Шәкірттің рухани жандүниесін бүкіл әлемдік біліммен сусындатып, туған халқының ғасырлар бойы жинақтаған қазынасымен байытып, ұлттық дәстүрлердің озық өнегелерін санасына құйып, ұлы Абай айтқан "Көкірек көзін оята" тәрбиелеу ата-анадан басталып, мектепке жалғасып, бүкіл қоғам болып атсалысатын жауапты міндеттердің ең бастысы болып саналады. Өз жеткіншегін жан-жақты жетілген парасатты азамат етіп тәрбиелеу, тиісті мамандық беру кез-келген мемлекеттің естен шығармайтын мақсаттарының қатарына жатқызуға тиісті. Еліміздің тәуелсіздігі, оның болашағының берік те тиянақты, тамыры болуы жас ұрпақтың ұлттық санасынын дамуына, өз еліне, өз жеріне, тіліне деген сүйіспеншілік сезімнің тереңдігіне байланысты екені баршаға белгілі.
Зерттеу жұмысының мақсаты : мектепке дайындайтын топтағы балалармен жүргізілетін тәрбие жұмысының ерекшеліктері;
Зерттеу мақсатына сай міндеттер анықталды:
Тәрбие жұмысының теориялық аспектілерін зерттеу;
Тәрбиенің жалпы заңдылықтарына талдау жасау;
Тәрбиенің басты принциптерін ашу;
Тәрбиеші мұғалімінің тәрбие жұмысын көрсету;
Мектепалды мекемелерінде тәрбие әдістерін қолдану ерекшеліктерін зерттеу;
Зерттеу объектісі : мектепалды мекемесіндегі балалармен жүргізілетін тәрбие жұмысы
Зерттеу әдістері : педагогикалық процесстерді талдау, жүйелеу, ғылымилық негіз.
Зерттеу болжамы : мектепалды мекемелеріндегі тәрбие жұмысын жүргізу ерекшелігін жетік зерттеп танып білу арқылы ғана тәрбие жұмысында табыстылыққа жетуге болады.
1 Тәрбие жұмысының теориялық аспектілері
1. 1 Тәрбиенің жалпы заңдылықтары
Жалпы заңдылықтардың ықпал аймағы тəрбие процесінің барша жүйесіне əсер етеді əрі оның аса маңызды бірліктері арасындағы байланыстарды танытады. Бірақ тəрбие процесі, біз білетіндей, педагогикалық процестің құрамды бөлігі болуымен осы процесс заңдылықтарына тəуелді келуі табиғи құбылыс. Бұл процесте даму жəне қалыптасу заңдылықтары əрекетке түседі. Бұдан шығатын қорытынды - тəрбие процесі аса күрделі де көп түрлі сипатқа ие. Тəрбие практикасы үшін өте қажет нəрсе: тəрбие процесінің тиімділігі (өнімділігі) мен тəрбие сапасын анықтайтын оның сипаттары жəне шарт -жағдайлары арасындағы байланыстардың қалай түзілетінін түбегейлі білу.
Тəрбие тиімділігі келесі жағдаяттарға тəуелді:-қалыптасқан тəрбиелік қарым-қатынастарға; балаға деген ықпал оның қоршаған ортаға, тəрбиешіге, тəрбиелік əсерлерге қатынасына орай жасалады. Егер бұл қатынастар ұнамды болса, проблема тумайды. Ал егер бұл қатынас керағар сипатта болса, тəрбие процесі тежеледі, одан келетін нəтиже болымсыз сипат алады. Сондықтан келеңсіз қатынасты əрекеттер алдымен жойылып, көзделген мақсатқа қарай қадам аттау орынды. Бастаудан тəрбиеші көзқарастары мен талаптарын оңды қабылдаған тəрбиеленуші оларға икемдесіп үйренеді əрі сенеді, орынды талап кейпінде қабылдайды. Ал егер тəрбиеленуші өз тəрбиешісінің талаптарын дұрыс деп таппай, одан күмəнданса, процесс бағытының қай арнаға түсіп, дамитыны белгісіз. Гуманистік тəрбие өсиеті: жақсы тəрбиелегіңіз келсе, баланы бауырмалдықпен өзіңізге жақындатасыз.
- мақсат жəне оған жетуге бағытталған іс-əрекеттер арасындағы сəйкестік. Егер іс-əрекет, тəрбие жұмыстарының ұйымдасуы алға тартылған мақсатқа орайласпаса, тəрбие процесі табысты болмайды. Керісінше, ұйымдастырылған істер мақсатқа тура келсе, қолданылған əдістер, формалар мен құрал-жабдықтар көзделген міндеттер денгейінде болса, тəрбие процесінің тиімділігі де сəтті шығады.
- практика мен тəрбиелік ықпалдар сəйкестігіне. Тəрбие процесіне тəн құбылыс: тəрбиеленуші өз тəрбиешісі айтқанының бəрін практикада тексеруге құштар. Егер осыдан бала өмір мен алған білімінің, сөзбен істің өзара сай болмағанын сезсе, түңіліске тап болады. Қалыптасқан тұрмыстық, өмір жағдайларын əсте ақырын əрі бірізділікпен бірте-бірте ауыстырып бару жөн. Жылтың, мезеттік табыс қуалау көп ұзамастан тəрбие мен өмір сəйкестігін шұғыл жойып салады.
- объектив жəне субъектив жағдаяттардың бірлікті əрекетке түсуіне.
Субъектив жағдаяттар құрамы: тəрбиешілер мен тəрбиенушілер, олар арасындағы ықпалдастық, қалыптасқан қарым-қатынастар, психологиялық климат жəне т. б., ал объектив жағдаяттар: тəрбиені іске асыруға қажет шаралар-экономикалық, материалды-техникалық, əлеуметтік, санитар-гигиеналық жəне т. б., əрқандай нақты тəрбиеге байланысты аталған жағдаяттардың өзара ұштаса күрделі бірігімге келуі тəрбие процесіне қайталанбас, өзіндік сипат береді. Сөйтсе де, тиімді тəрбиені қамтамасыз ету үшін оған қолайлы жағдайлар түзілуі қажет.
- тəрбиеге қосарлана жүретін даму мен оқу процестерінің тиімділігіне. Белгілі болғандай, егер екі процесс өзара байланысты іске қосылса, онда олардың бірінің тиімділігі көтеріледі не кемиді де, екіншісіне өз ықпалын тигізеді. Осыдан тəрбие даму қарқындылығын асырып, ал даму ұтымды тəрбиеге жол ашады. Егер осы байланыс бұзылса, күрделі кедергілер туындайды да, олар өз кезегінде тұлғаның дамуына да, оқуына да, тəрбиесіне де жайсыз жағдайлар жасайды.
- педагогтың тəрбиелік əрекеттерінің сапасына. Біліктілігі кем, көлемі тұрғысынан жетімсіз не мерзімінен кешіктірілген педагог істері тəрбие қызметінің төмен нəтижесіне себепкер болады.
-тəрбиеленушінің «жан аймағына» жасалған ықпалдардың қарқындылығына. «жан аймағы» дегеніміз тұлғаның сеп-түрткілер, қажеттер, көңіл-күй, сана-сезім жүйесі. Тəрбие процесінде сыртқы ықпалдар оқушының іштей табыстарына, яғни сапа-қасиеттерінің ұнамды дамуына, ауысады. Ал, егер осы ықпалдар ойға алынғандай күшті болса, бала қажеттеріне орайлас келіп, оның белсенділігінің көтерілуіне жəрдем беретін болса, тұлғаның жеке сеп-түрткілері мен мақсаттарының идеалды күйден практикалық нəтижеге ауысуы анағұрлым жеңіл əрі жылдам өтеді.
- педагогикалық ықпалдар мен тəрбиеленушілер мүмкіндіктері арасындағы үйлесімге. Тəрбие процесінде дамудың біркелкі болмау заңы көрініс береді, себебі тəрбиеленуші мүмкіндіктері тəрбиеші талаптарына əрқашан сай келе бермейді. Осыдан кейбір теориялық білімдерге байланысты мəселе, сұрақтарды еркін де жеңіл шеше білетін оқушы практикалық тапсырыстарды орындауда, қарапайым еңбек операцияларымен кезіккенде, дене шынықтыру жаттығуларын көрсетуде ебедейсіздік байқатып, едəуір қиналып қалды.
Сонымен, тəрбие заңдылықтары тəрбие процесінің жағдаяттары, шарттары мен нəтижелері арасындағы басты байланыстарды бейнелейді. Тəрбие тəжірибесінде нəтиженің қалыптасқан қатынастарға тəуелділігі, мақсат пен іс-əрекет, практика мен тəрбиелік ықпалдар, субъектив жəне объектив жағдаяттардың байланысы, əсері, тəрбие жəне өзіндік тəрбие қарқындылығы жəне т. б. өз дəлелін өмір барысында тауып отыр
1. 2 Тәрбиенің басты принциптері
Тəрбие процесінің принциптері (тəрбие принциптері) бұл тəрбие процесінің мазмұнына, əдістеріне, ұйымдастыру жолдарына қойылатын негізгі талаптарды айғақтайтын жалпы бастау тұжырымдары. Олар тəрбие процесінің анайылығын аңдатып, педагогтарға нақты педагогикалық міндеттерді шешуде бағыт-бағдар береді.
Тəрбие процесіне арқау болар принциптер өз алдына жүйеге бірігеді.
Осы жүйедегі гуманистік педагогика принциптері келесідей:
- тұлғалық бағыт принципі;
- тəрбиенің жеке тұлғалық жəне қоғамдық бағыттарының бірлігі принципі;
- тəрбиенің өмір, еңбекпен байланыстылық принципі;
- тəрбиеде ұнамды өнегені пайдалану принципі;
- тəрбиелік ықпалдар бірлігі принципі.
Тұлғалық бағыт принципі. Тəрбие процесінде тұлғалық бағыт принципі тəрбиеленушілердің жас ерекшеліктері мен даралығын, əсіресе жалпы жəне жеке адами қасиет - сапалары мен мүмкіндіктерін ескеру негізінде іске асырылады. Адами қасиет сапалар мəні: тұлғаның өмірлік бағыт-бағдары, тіршілік жоспары, құндылықты бағамдары, қалыптасқан жандүниелік ұстамдары, іс-əрекеті мен мінезіндегі басымды сеп-түрткілер. Тұлғаның осы аталған жетекші сапаларынан бөлектене қарастырылатын жас не даралық ерекшеліктер (мінез, темперамент, ерік жəне. т. б. ) жоғары дəрежелі кісілік қадір-қасиеттерді қалыптастыруға бағышталған тəрбиені қамтамасыз ете алмайды, жас деңгейін, даралық ерекшеліктерді білу маңызды, солай да болса, жоғарыда аталған сапалардың жетекшілік ролін тану ғана баланың жас мүмкіндіктері мен жеке ептіліктерін дұрыс пайдаланудың көзін ашады.
Тұлғалық бағыт принципінің тəрбиеші алдына қоятын талаптары:
1) тəрбиеленушілердің жеке темпераменттік ерекшеліктерін, мінез бітістерін, көзқарастарын, талғамдарын, əдеттерін үздіксіз зерттеп, жете білу; 2) тəрбие процесін диагностикалаумен бірге баланың ойлау қабілеті, сеп-түрткілер, ұстанымдары, өмірлік бағыты, өмір мен еңбекке деген көзқарасы, құндылықты бағамдары, тіршілік жоспарлары секілді тұлғалық сапалардың нақты қалыптасу деңгейін түбегейлі тану; 3) əр оқушыны тұлғаның ілгерілей дамуын қамтамасыз етуші күш-қуатына сəйкес əрі біртіндеп күрделеніп баратын тəрбиелік істерге ұдайы қатыстырып бару; 4) мақсатты іске асыруға кедергі болар себептерді өз уақытында анықтау əрі аластау, ал егер бұл мүмкін болмаса, жаңа жағдайлар мен шарттарға тəуелді тəрбие бағытына дер мезетінде өзгерістер енгізу; 5) барынша тұлғаның өз белсенділігін арқау ету; 6) тəрбиені тұлғаның өзіндік тəрбиесімен ұштастыру, оқушыға өзіндік тəрбие мақсаттарын, əдістері мен формаларын таңдауға жəрдем беру; 7) оқушыда дербестік, ынталылық, өзіндік іс-əрекет қабілеттерін дамыту, тек басшылықпен шектелмей, табысқа жеткізер іс-əрекеттерді ұтымды ұйымдастыру жəне бағыттай білу.
Осы талаптардың бірлікті орындалуы мектеп тəжірибесінде бұрыннан танымал жас ерекшеліктері мен даралық ескеру принциптерінің қарабайырлығын жояды, тəрбиешіні процестің үстірт белгілеріне шегеленбей, тереңде жатқан мəн-мағыналық байланыстарға назар аударуға бағыттайды, осы процесте көрінетін тəрбие заңдылықтары мен себеп-салдарлы қатынастарды тануға жетекшілік етеді.
Тəрбиенің жеке тұлғалық жəне қоғамдық бағыттарының бірлігі принципі. Озат ойлы педагогтар тəрбиені «өсиет пен өнеге, сендіру жəне зорлау жəрдемімен адамдарды нəзік шақтан іс-əрекетке қосып, игерілген ережелерді тұрмыста қолдануға үйретуші қоғамдық құрылым» (Г. Сент-Джон) ретінде таныған. əр дəуірде бұл принцип мəні ауысып барған: бірде жеке тұлғалық бағыт басымдау болып, кейде қоғамдық, мемлекеттік бағыттар жетекшілік еткен. Алайда, тəрбиенің басты міндеті - адамды белсенді қоғамдық əрі рахат жеке өмірге дайындау - қай заманда да сақталып қала береді.
Бұл принцип бойынша педагогтың барша қызметі өсіп келе жатқан əулет тəрбиесін мемлекеттің тəрбиелік стратегиясына сəйкес орындауға жəне əлеуметтік үйлесімге келген тұлғаны қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Мемлекет қызметіндегі тұлға ретінде тəрбиеші тəрбие саласындағы мемлекеттік тапсырысты орындайды. Егер мемлекет жəне қоғам мүдделері сəйкес келсе, азаматтардың жеке мүдделерімен үйлесімді болса, онда тəрбие принциптері де тəрбие мақсаттары мен міндеттерінің саласында өзіне тиісті орын алады. Ал бұл жағдай керісінше болса, принцип іске аспай қалады, себебі тəрбиешінің тəрбие істері қорына толыққанды тəрбие үшін қажет нақты деректер түспейді.
Бұл принципті іске асыру барысында əсіре ұрандаудан, желікпе үндеулерден, бөспе сөзділіктен аулақ болған абзал, себебі тəрбие ең алдымен құнды əрекет-қылық жəне қарым-қатынас тəжірибесін жинақтауға мүмкіндік беретін пайдалы іс-əрекет, қызмет процесінде жүзеге келеді. Алайда, оқушы араласқан нақты іс-əрекет (ойын, еңбек, қоғамдық істер, оқу, спорттық жəне т. б. ) тəрбиелік мəнге ие болуы үшін, оның субъекті - балада сол əрекетке деген қоғамдық құнды сеп-түрткілерді қалыптастыру қажет. Егер олар жоғары ізгілікті, қоғамдық мəн-мағынасымен елеулі болып келсе, əрекет-қылықтар нəтижесінде орындалатын қызмет те үлкен тəрбиелік ықпалға ие болады. Əр тұлғаның əлеуметтік сапаларын орнықтыруда оқушылардың қоғамдық пайдалы еңбегі олардың мақсатты бағытталған сана-сезімін қалыптастыру істерімен ұштасуы қажет. Баланы қандай да іс-əрекетке ойыстыруға қолданылған сөз, ауызекі нұсқау, нақты тұрмыстық пайдалы қызмет пен ұнамды əлеуметтік тəжірибеде өз бекімін табуы тиіс.
Тəрбиенің өмір жəне еңбекпен байланыстық принципі. «Мектеп үшін емес - өмір үшін» - ұранымен күтіп алады екен ежелгі Рим мектептері өз оқушыларын. Адамзаттың алғашқы қадамдарының өзінде-ақ адам тəрбиесімен шұғылданған тұлғалар өмір мен тұрмыс практикасынан ажыралған тəрбиенің мағынасыз болатынын түсінген. Адам тұлғасын қалыптастыру оның іс-əрекетімен, қоғамдық жəне еңбектік қатынастарға келуімен тікелей тəуелді байланыста. Адамның ұнамды сапалары еңбекте ғана дамиды: неғұрлым ол ауқымды, мақсатқа орай болса, тұлғаның дамуы мен əлеуметтену деңгейі де жоғары келеді. Осыдан да тəрбиеленушілерді қоғамдық өмірге, əрқилы пайдалы істерге араластырумен оларға болған ұнамды көзқарас пен қарым-қатынастарын қалыптастырып бару міндетті шара. Тең құқықты мүше ретінде еңбек процесіне қатыса отырып, бала адамгершілікке баулынады, рухани жəне тəндік дамуға келеді, еңбектің қоғамдық мəнді сеп-түрткілерін ажырататын болады, өзінің моральдық сапа-қасиеттерін бекітеді, одан əрі жетілдіреді.
Тəрбиені өмірмен байланыстыру принципі педагогтардан екі бағытта белсенді қызмет атқаруды талап етеді: 1) тəрбиеленушілерді адамдардың қоғамдық өмірі жəне еңбегімен қолма-қол əрі кең таныстырып, жалпы тұрмыста болып жатқан əлеуметтік өзгерістерді мезетінде түсіндіріп бару; 2) тəрбиеленушілерді шынайы өмір қатынастарына тартып, араластыру, қоғамдық пайдалы іс-əрекеттердің сан-алуан түрлеріне қызығулары мен бейімділіктеріне сəйкес қосып, оның нəтижесінен рахат сезінуге баулу.
Аталған принципті іске асыру барысында педагог орындауы тиіс міндеттер төмендегідей:
- қоғам мен адам өміріндегі еңбектің маңызын əр балаға жете түсіндіру;
- материалды жəне рухани дүние өндіруші еңбек адамдарына болған құрметке баулу;
-шаршап-жалықпай еңбектену қабілетін дамыту, қоғам жəне өз мүддесі үшін адал да шығармашылықпен іс қылу ниеттерін өрістете түсу;
- қазіргі заман өндірісінің жалпы негіздері жөніндегі ақпараты жеткізу;
- еңбек аясында өз басы мүдделері мен қоғамдық міндеттерді үйлестіре білуге, қоғам қажеттері мен өз ниеттеріне орай кəсіп таңдауға үйрету;
- қоғамдық игілік жəне табиғат байлықтарына құндылықпен қатынас жасауға баулу;
- қоғамдық мүлікке байланысты ысырапшылдыққа, жауапкерсіздікке, талан-тараждыққа, табиғат байлықтарына болған жыртқыштыққа төзбеушілік сезімін ояту.
Тəрбиені өмір жəне еңбекпен ұтымды ұштастыру мақсатында келесі ережелерді ұстанған жөн:
1. Желең сөз емес, оқушылардың нақты əрі қолынан келер ісі пайдалылау. Осыған орай тəрбиеші сабақ жəне сыныптан тыс жұмыстарға қойылатын талаптар бағдарламасын түзіп, оларды бірізділік принципі негізінде іске асырып баруы шарт.
2. Өз əрекеттерін жанұя талаптарымен үйлестіре отырып, тəрбиеші əр оқушыға оның басты міндеті оқу екенін жете түсіндіруі лазым. Бұған қосымша -үйге жəрдемдесу, əлі жететін басқа да тапсырмаларды орындау.
3. Бала, əдетте, қандай да істі орындауға құштар; енжарлық, селқостық, іссіздік-бала табиғатына жат құбылыстар.
4. Дəрістер мен сыныптан тыс тəрбие жұмыстарында өлкетану материалдарын пайдаланған өте тиімді.
5. Ересектермен қатар еңбекке араласуынан балалар қолға алған жұмыстарды жауапкершілікпен бағамдауға үйренеді, ал бұл олардың азаматтық сапаларының дамуына жəрдем береді.
6. Бала тəрбие процесінде өз еңбегінің басқа адамдарға, қоғамға қажет əрі пайдалы екенін сезінуі тиіс.
Тəрбиеде өнеге-үлгіні сүйеніш ету принципі. Егер өз тəрбиеленушісінде педагог тырнақтай да жақсылық нышанын байқап, оны тəрбие процесінде пайдаланатын болса, оның шəкірт жанына жол тауып, тезірек табысқа жетуі сөзсіз. Дана педагогтар тіпті тəрбиесі жетімсіз балалар мінезінен де ұнамды бітістер тауып, оларды тəрбие мақсатына орай басқа да қасиет-сапаларды қалыптастырып, тұрақтандыруға шеберлікпен қолдана алған. Ұнамды үлгі-өнегелерді сүйеніш ету принципінің талаптары қарапайым: педагог баланың ұнамды мінез бітісін табады, оны пайдаланып, басқа, əлі қалыптаспаған не кері кеткен мінез бітістерін дамытады, қажетті деңгейге жетілдіріп, өзге əрекет-қылық сапаларымен үйлестіреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz