Әнші Бархан, Іле өзені бойымен сплав, Ақ тас туристік-экскурсиялық маршрутын өңдеу



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе 3
1 Әнші Бархан туристік-экскурсиялық маршрутын өңдеу 5
2 Іле өзені бойымен сплав туристік-экскурсиялық маршрутын өңдеу 11
3 Ақ тас туристік-экскурсиялық маршрутын өңдеу 19
Қорытынды 25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 27

Кіріспе

Туризм - әр адамға белгілі құбылыс. Барлық заман кезеңдерінде біздің
ғаламшарымыз – жер бетін көптеген саяхаттанушылар мен алғашқы ашушылар
кесіп өткен. Алайда туризм адамдардың арнайы бір қызмет түрі ретінде
қазіргі заманда ғана қалыптаса бастаған. Біздің әрқайсымыз туризмді бір
географиялық сала ретінде қарастырмаймыз, өйткені біз басқа жақтарға сапар
шегіп немесе өз жұмыс демалысымызды тұрған жерден алыста өткізуді
саяхаттану ретінде ғана түсінеміз. Туризм салыстырмалы түрде өте жас
феномен, алайда оның түптамыры ежелгі заманға ұласып жатыр. Біз нарықтық
шаруашылыққа туризмге қатысты халықаралық рынокта көптеген өзгерістер енген
кезеңде жеттік. Туризм бүкіл әлемде экономиканың ең маңызды салаларының
біріне айналды, ал тіпті кейбір дамып келе жатқан елдерде экономиканың
қарқынды дамып, мемлекет тұрғындарының сапалы өмір сүруінің, және елдің
мемлекеттік қаражатының негізгі көзіне айналды.
Туристiк жағынан дамыған көпшiлiк елдерде туризмнен түскен жалпы
табыстың 30-дан 50-ге дейiнгi пайызын iшкi туристiк рынок құрайды. Бұл
ретте Қазақстанның болашағы зор. Сонымен бiр мезгiлде, қазiргi кезде iшкi
туризм негiзiнен бейберекет күйде екенiн, ұйымдастырылмағандығын атап өткен
жөн. Аздаған курорттар, санаторийлер және туристік базалар ғана жұмыс
істеуде. Туризмнің осы түрiн дамытуға тиiстi көңiл бөлiнбей отырғандықтан,
мемлекеттiң бюджетi қыруар соманы ала алмайды, инфрақұрылымның бұзылуы
жалғасуда, табиғи, мәдени және тарихи ескерткiштердiң экологиялық жай-
күйіне орасан зор нұқсан келтiрiлуде.
Қазақстан Республикасындағы туризм басымды бағыттардың бірі болып
саналады. Қазақстанда туризмді дамытудың басты мақсаты негізгі базасында
экономика, әлемдік туристік нарық жүйесіне интеграциялау және туризм
саласындағы халықаралық қарым-қатынасты ары қарай дамыту жағдайын
қамтамасыз ететін, замануи тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті
туристік кешен құру болып табылады. Қазақстанның ұшы-қиырсыз кең даласында
саяхаттың сан алуан түрін дамытуға мүмкіндік мол. Бүгінгі таңда белсенді
тынығудың кең тараған түрлерінің арасында саяхаттың келешегі өте зор
екенін сеніммен айта аламыз.
Қазақстанда туризмнің барлық түрлері (танымдық, ойын-сауық, этника,
экология, денсаулық сауықтыру, балалар, спорттық, аң аулау, балық аулау,
атпен серуендеу), т.б. бойынша жүргізіледі. Бұл үшін Қазақстан аумағы
бойынша 700-ден астам саяхаттық маршруттар белгіленген. Оларға Қазақстанда
жиынтық сыйымдылығы 33 мың орынды 372 әр түрлі категориялы қонақ үйлер
қызмет көрсетеді.
Қазақстандағы туристік ресурстарға – туристік қызмет көрсету нысандарын
қамтитын табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру нысандары,
сондай-ақ туристердің рухани қажеттерін қанағаттандыра алатын, олардың күш-
жігерін қалпына келтіріп сергітуге жәрдемдесетін өзге де нысандар жатады.
Олар мәдени-танымдық, экологиялық, спорттық, әлеуметтік, діни, т.б. туризм
түрлеріне бөлінеді.
Өткен тәжірибемізге зерттеу жүргізбес бұрын осы жылғы тәжірибеміз
туризмнің мынандай түрлеріне түсінік беріп тоқталуымыз қажет, себебі
тәжірибе жинастыруымыз осы жылғы тәжірибе жинастыруымыз осы бағытта болды:
Жаяу туризм – күрделлі емес таулы және жаздық жерлерде өткізілетін
туристік жорықтар.Халықаралық топтар арасында ең көп тараған туризм тобы
болып есептеледі: арнайы көлікті қажет етпейді, кез-келген аумақ бойынша
жорықтар ұйымдастыруға болады.
Тау туризмі – биік, күрделі таулы жерлерде өткізілетін жорықтар
болып бөлінеді. Маршрут бойында кедергілер, каьегориялық асулар болуы
керек. Жаяу туризм сияқты адамдар арасында кең тараған туризм
түрлерінің бірі, өйткені арнайы көлікті керек етпейді, таулы аймақтарда
кең тараған.
Су туризмі – белгілі-бір су объектілері( өзендер, көл жағалары)
бойынша ұйымдастырылып өткізілетін, арнайы( қайықтар, салдар т.б) жүзу
құралдары бар жорықтарды ұйымдастыруға байланысты іс әрекеттер. Су
туризмінде қолданылатын жүзу құралдары әр түрлі (байдаркалар, балон
қайықтар, кильді қайықтар,катамарандар, тегіс табанды қайықтар т.б.) су
жорықтары бойынша кездесетін кедергілер де ерекше ( желдер, толқындар,
сарқырамалар т.б).
Биылғы жылғы практикамыз Алматы облысындағы туристік объектілерді танып
білу мен белсенді туризм бағытында тәжірибе алумен ерекшеленеді. Жалпы
практика күні үш күнге созылды. Бірінші күні танымдық мақсатта Алматы
облысында Алтын Емел саябағында орналасқан Әнші Бархан құмды тауына
бардық. Екінші күні белсенді туризмнің тактикасы мен техникасын пайдалана
отырып Іле озенінің бойымен сплав түрінде өтті. Үшінші күні Алматы облысы
Талгар қаласының маңында орналасқан Ақ тас тауына барып, белсенді туризмнің
техникасы мен тәжірибесін қолдана отырып тәжірибе жинап кайттық.
Жұмыстың өзектілігі: туризмдегі ұйымдастырылатын практикадан өтудің
туризмде және студенттерге білім беруде алатын орнының ерекше екенін
түсіндіру болып табылады.
Жұмыстың мақсаты: тәжірибеден өту арқылы туризм саласының дамуына әсер
ететін негізгі факторларды анықтау,соның ішінде туризм жүйесін дамытуды
жүзеге асыру шаралары мен ұсыныстарын әзірлеу болып табылады; тарихи-мәдени
және табиғи-рекреациялық ресурстарды сақтау және ұтымды пайдалану керек
екендігін болашақ мамандарға түсіндіру; табиғи ресурстарды игеру арқылы
шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту ға болатынын көрсету.
Жұмыстың міндеті: жоғарыда аталған мақсатқа жету үшін туризм нарығын
жан жақты зерттей отырып белгілі бір шаралар қолдану. Туризм саласын
дамыту мен жетілдіруге деген студенттердің қызығушылығын ояту.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі: жұмыс кіріспеден, үш тараудан,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Әнші Бархан туристік-экскурсиялық маршрутын өңдеу

Биылғы жылғы практикамыз Алматы облысындағы туристік объектілерді танып
білу мен белсенді туризм бағытында тәжірибе алумен ерекшеленеді.
Белсенді туризм – көптеген демалу түрінің бір түрі болып есептеледі.
Белсенді туризм түрлері жай туристер ортасында үлкен танымалдылықта болып
жүр. Шаршағанды басуға көмектесетін тек қана жағажайдағы демалу емес,
сонымен қатар созылған жүйке-жүйе мен физикалық төзімділікте көмектеседі.
Көптен көп адамдар таулардың сұлулығын, шығанақтарды, сарқырамаларды
көргісі келеді, таулы өзендерде жүзгісі келеді, тау шаңғысымен немесе
жылқымен жүргісі келеді және осы арқылы белсенді туризмге туристер үйрене
бастайды. Көп уақытта белсенді туризм табиғатқа немесе спортқа тікелей
қатысты болып келеді. Белсенді туризм және табиғатта демалу – табиғатқа
жақын белсенді туризмнің түрі – қазіргі уақытта танымал экологиялық
туризмімен ортақ жақтары бар. Себебі, жайлылықтан бас тартады және
табиғатта көлікті қолданудан. Белсенді туризм бұл шаңғы, ат, велосипедті
пайдалану арқылы пайда болған туризм түрі болып табылады. Жалпы алғанда
белсенді туризмнің екі негізгі түрі бар: активті дәне пассивті белсенді
туризм. Бұлай болып бөлінуі саяхаттау жәе демалу барысында қолданылатын
құралдардың түріне, олардың болу-болмауына байланысты болып келеді [1].
Жалпы практика күні үш күнге созылды. Бірінші күні танымдық мақсатта
Алматы облысында Алтын Емел мемлекеттік ұлттық табиғи саябағында орналасқан
Әнші Бархан құмды тауына бардық.
Бұл маршрутмыздың басты мақсаты танымдық мақсатта болды. Қазақстанда
туризмнің барлық түрлері (танымдық, ойын-сауық, этника, экология, денсаулық
сауықтыру, балалар, спорттық, аң аулау, балық аулау, атпен серуендеу), т.б.
бойынша жүргізіледі. Бұл үшін Қазақстан аумағы бойынша 700-ден астам
саяхаттық маршруттар белгіленген. Оларға Қазақстанда жиынтық сыйымдылығы 33
мың орынды 372 әр түрлі категориялы қонақ үйлер қызмет көрсетеді.
Танымдық туризм - тарихи, мәдени және географиялық құндылығы бар
жерлерді зерттеп, көру мақсатында баратын туризм түрі.
Бірінші күні танғы сағат 6.30 да жиналып 7.20 да Алматы қалсынан шығып
Әнші Бархан тауына бет алдық. Жол ұзаққа созылды, шамамен 8 сағаттай жол
жүрдік. 17.00-ге дейін объектіні көріп тануға уақыт берді.Болған соң
жиналып Алматыға қарай жолға шықтық.Кешкі сағат 22.30-да Алматы қаласында
болдық.
Маршрут жібі: Алматы - Сарыөзек - Басшы – Алтынемел ұлттық саябағы -
Мыңбұлақ – Шоқан Уалиханов бастауы – Әнші Бархан – Алматы (сурет 1)
Төменде осы тамаша коп әсер алған Әнші Бархан мен Алтынемел ұлттық
паркіне тоқталып өтейін.

Сурет 1 –Алтынемел саябағына бару маршрутының схемасы

Алтынемел — Жоңғар Алатауы оңтүстік сілемдерінің арасында орналасқан
ұлттық табиғи парк. Жер көлемі — 520 мың гектар. Парк аумағында туристерді
қатты қызықтыратын бірегей табиғи құрылымдар және байырғы тарих
ескерткіштері орналасқан. Шатқалдарында ежелгі адамдардың тасқа қашап
салған суреттерін көруге болады. Қапшағай мемлекеттік аңшылық шаруашылығы
негізінде 1996 жылы құрылды. Ол Алматы обл. Кербұлақ және Панфилов
аудандарында орналасқан. Аумағы 469620 га. Бақтың құрамына Қапшағай
бөгенінің солтүстігі бөлігі мен Іле өзенінің оң жағалауы, Жетісу (Жоңғар)
сілемдері: Кіші және Үлкен Қалқан, Ақтау, Қатутау, Дегерес, Матай, Шолақ,
Қояндытау таулары және өте сирек кездесетін табиғат ескерткішінің бірі –
Әнші құм (Айғай құм) кіреді. Қапшағай бөгенінің оң жағалауындағы тау
етегі жазықтығында көптеген қорғандар (мысалы, сақ хандарының қабірі –
Тигрхауда, 7 – 4 ғасырлар), тау сайларында әр түрлі жануарлардың суреті
салынған жартас көрмесі бар. Бақтың климаты қатаң континенттік, қысы суық,
жазы ыстық. Жылдық жауын-шашын мөлшері 330 мм-ден аспайды. Қаңтардың орташа
температурасы – 8,6°С, шілденің орташа температурасы 26°С. Қар аз түседі,
ол жабайы жануарлардың қыстап шығуына қолайлы жағдай туғызады.
Бақ флораға бай, онда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 1500 түрі, Қызыл
кітапқа енген 22 түрі (мысалы, Мүсілім сылдыршөбі, Қопал таспашөбі, Іле
бөріқарақаты, т.б.) бар. Бақ жануарлар әлеміне де бай. Омыртқасыздардың
ішінде ең көп кездесетіні – өрмекшітәрізділер мен жәндіктер. Жәндіктердің
5000-нан аса түрі белгілі, оның 25 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына
енгізілген. Мысалы, Галузо отынкескіш қоңызы, Сольский барылдауық қоңызы,
дала сколиясы, жолақты тораңғы көбелегі, т.б.
Қосмекенділерден жасыл құрбақа, қызылаяқ бақа және көлбақа бар.
Бауырымен жорғалаушылардың 25 түрі кездеседі. Мысалы, қалқантұмсық жылан,
дала тасбақасы, жалтырауық жармасқы, оқжылан, т.б. Құстардың 200 түрінің
174 түрі саябақта ұялайды. 18 түрі Қызыл кітапқа енгізілген, мысалы, қара
дегелек, балықшы тұйғын, жұртшы, үкі, т.б. Сүтқоректілердің 70-тен астам
түрі мекендейді, олардың ішінде ортаазия тас сусары, шұбар күзен, ортаазия
өзен құндызы, Тянь-Шань арқары және бозтүсті ергежейлі қосаяқ қорғауға
алынған. Саябақта 1976 – 77 жылдардан бері ақ бөкендер, 400-ден аса құлан
мекендейді. Табиғатта сирек кездесетін бір түр – Пржевальский жылқысы дүние
жүзінде бірнеше зообақта ғана сақталған. 2003 жылы саябаққа Германиядан
бірнеше жылқы әкелініп, жерсіндірілді. Саябақта табиғат шежіресі
жүргізіліп, жан-жақты жабдықталған бірнеше туристік маршруттар жұмыс
істейді.
Саябақ археологиялық ескерткіштер мен ежелгі таңбалар және суреттер
салынған үңгірлермен тастарға бай. Сақ дәуірінде салынған Бесшатыр
обаларының маңызы үлкен. Ш.Ш.Уәлихановтың тарихи-мемориалдық мұражайы
осында орналасқан. Саябақта өсімдіктердің 1800 түрі: балқаш сексеуілі,
баялыш, шырша, үйеңкі, тораңғы, қызыл тал, жиде, жыңғыл, сексеуіл, қылша,
т.б. өседі. Саябақтың жануарлар әлемі де алуан түрлі: сүтқоректілерден
құлан, қарақұйрық, арқар, түлкі, тас сусары, қоян; құстардың 15 түрі:
бүркіт, тазқара, ителгі, кекілік, қырғауыл, бұлдырық; балықтардан сазан,
көксерке, ақмарқа, табанбалық, т.б. кездеседі. Омыртқасыз жануарлар дүниесі
толық зерттелмеген. Саябақта 17 қорықша бекеті және бірнеше туристік
маршрут жұмыс істейді [2].

Сурет 2 – Әнші Бархан

Іле өзенің оң жағалуындағы табиғаттың жаңалығы - бұл құрғақ ауа райы
кезінде құм органның әуеніне ұқсас дыбыстар шығарады. Құмнан шыққан оның
гуілі мен дірілі адамдар назарын аудартады. Бархан — құмды шөл және шөлейт
жерлерде жел әрекетінен пайда болатын ысырынды құм төбелері, жер бедерінің
пішіні. Құмтөбелер жарты ай немесе орақ пішіндес болады. Жел жақ беткейі
созылыңқы әрі түйетайлы, ық жақ беткейі қысқа, тікше , келеді. Айшыққа
тірелген жел оны айналып өтеді де, екі шетін мүйіз сияқтандырып ілгері
созып отырады. Желдің режиміне, бағыты мен күшіне байланысты биіктігі 150 м-
ге дейін Шағылды қырқалар, Шағылды тізбектер, Шағылды пирамидалар, тағы
басқа пайда болады. Шағыл жылына бірнеше метрден бірнеше жүздеген метрге
жылжып отырады. Онда өсімдік өспейді. Шағыл Орталығы Азия мен Қазақстанның
барлық құмды шөлдерінде таралған.
Әнші Бархан – табиғаттың қайталанбас ғажайыбы болып табылады. Құмды
даланың кереметі сонда, құрғақ ауа-райында құмдар орган әуеніне ұқсас
дыбыстар шығарады. Әнші Бархан ұмытылмас әсер қалдырады, оның гуілі мен
дірілі беткей арқылы ағытылған сылдырлардан пайда болады. Құрғақ құмдардың
бір-біріне үйкесуі арқасында олар құрғақ ауада элекрленіп, діріл тудырады,
ал жаңғырықтың қолайлы жағдайлары үлкен күшті дыбыстық толқындар жасайды,
бұлар шағылдың діріліне алып келеді. Бұл дыбыс бірнеше шақырымға дейін
естіледі. Ылғалды ауа райында шағылдар ән салмайды.

Сурет 3 - Әнші Бархан

Бархан (түркі сөзі) — шағын шөлді аймақта желдің әсерінен пайда болатын
құм төбе. Мұндай төбелер жарты ай немесе орақ пішіндес болып келеді. Оның
биіктігі бірнеше метр болады. Барханда өсімдік өспейді, сондықтан да жел
әрекетіне бейім.
Әнші Бархан кей дерек көздерінде Айғай құм деп те аталады.
Айғай құм – Мемлекеттік ландшафттық табиғат паркі - туристердің жақсы
көріп жиналатын жері.
Ол Кіші және Үлкен-Қалқан таулары арасында орналасқан. Дүние жүзінде
мұндай табиғи ерекше құбылыс (феномен) байқалатын жерлер оншақты ғана, олар
Қытайда, Ресейде, Арабия мен Америкада.Көптеген жылдар бойына географшылар
тастақ далалы жерде құмды барқандардың болуы табиғатқа сәйкес еместігін
ойлап, таң тамаша болуда.Биіктігі 150 метрлік құмды таудың ауа райы ашық
күндері дыбыстар шығаратыны да ғалымдар үшін жұмбақ болып қалуда. Олар
біресе органды әуенге, енді бірде реактивті ұшақтың гүріліне
ұқсайды.Физиктер бұл жағдайды құрғақ құмдардың үйкелісі және кристалдық
электрлену деп түсіндіреді.Бірақ жергілікті адамдардың өз пайымдаулары бар.
Бірі - барқанның ішінде қара ниетті адамның жаны қысылып жатыр десе, келесі
біреулер дуаланған сұлу жатыр, деп келтіреді. Сусымалы құмның төбесіне
шыққан адамның ежелгі арманы орындалады, ал адасқан адам үлкен күнәһар,-
деген наным бар[3].
Туризм елдiң тұтас аудандарының экономикасына белсендi әсер етедi.
Туризм саласындағы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң құрылуы және жұмыс
істеуi жол көлiгiн, сауданы, коммуналдық-тұрмыстық, мәдени, медициналық
қызмет көрсетудi дамытумен тығыз байланысты. Сөйтiп, туризм индустриясы
басқа экономикалық секторлардың көпшiлiгiмен салыстырғанда, неғұрлым
пәрмендi мультипликаторлық тиiмдiлiкке ие.
Туризм жеке және ұжымдық жетiлдiру құралы ретiнде жоспарлануы және
тәжiрибеде iске асырылуы тиiс демалыспен, бос уақытты өткiзумен, спортпен,
мәдениетпен және табиғатпен тiкелей араласуға байланысты қызмет. Мұндай
жағдайда, ол өз бетiмен білiм алудың, толеранттықтың және халықтар мен
олардың әр түрлi мәдениеттерiнiң арасындағы олардың өзгешелiктерiн танып-
бiлудiң бiрден бiр факторы болып табылады.
Туристiк жағынан дамыған көпшiлiк елдерде туризмнен түскен жалпы
табыстың 30-дан 50-ге дейiнгi пайызын iшкi туристiк рынок құрайды. Бұл
ретте Қазақстанның болашағы зор. Сонымен бiр мезгiлде, қазiргi кезде iшкi
туризм негiзiнен бейберекет күйде екенiн, ұйымдастырылмағандығын атап өткен
жөн. Аздаған курорттар, санаторийлер және туристік базалар ғана жұмыс
істеуде. Туризмнің осы түрiн дамытуға тиiстi көңiл бөлiнбей отырғандықтан,
мемлекеттiң бюджетi қыруар соманы ала алмайды, инфрақұрылымның бұзылуы
жалғасуда, табиғи, мәдени және тарихи ескерткiштердiң экологиялық жай-
күйіне орасан зор нұқсан келтiрiлуде [4].
Егер бір Қазақстан аумағындағы туристік объектілерді зерттеп танып
туристерге ұсына білсек ол үлкен жетістік.
Мәселен, жас ерекшелігіне қарай 18-25 жас арасында 64%; 26-35жас
арасында 29%; 36-45 жас аралығында 9,7%; ал 45 жастан жоғары 4,3%
адамдардар белсенді туризммен айналысады екен.
Біздің табиғатымызды тамашалап келушілерден жылына ел экономикасына
біршама қаржы түсуде. Шартты түрде орта есеппен бір шетелдік турист өзінің
болуы уақытында бюджетке 63500-гe жуық теңге әкелсе, 2007 жылдан 2011 жылды
қоса алғандағы дейінгі кезеңде сырттан келушілер туризмінен бюджетке
түсетін түсім 603250 млн. теңгені құраған.Сырттан келушілер туризмі
есебінен сонымен қатар халықтың жұмыспен қамтылуы 2007 жылғы 447,6 мың
адамнан 2011 жылы 550,0 мың адамға дейін қамтамасыз етілген [5].
Қазақстанда туризм өндiрiсiнiң дамымай қалуының бiр себебi экономика
саласы ретiнде онымен мемлекеттiк деңгейде тiкелей айналыспады. Туризмдi
аумақтық ұйымдастыру және мемлекеттiк емес туристiк құрылымдарды кешендi
болжауға, ұзақ мерзiмді жоспарлауға назар аударылмады. Туризм табысының
үлкен бөлiгi жергіліктi бюджетке түсетiндiгiне қарамастан, жергiлiктi
басқару органдарының тарапынан туристiк қызметтi басымдық деп танымауы
саланы дамытуды тежеушi фактор болып табылып отыр.
Практикадан өту кезінде көп байқағаным біз барған туристік
объектілердің көбі туристерді тарта алмайды, себебі ол жерде туристердің
сұранысын қанағаттандыратын жағдай жасалмаған. Оларды жалпы атап өтетін
болсақ:
Әнші Бархан туристік объектісендегі кемшіл тұстар:
- инфрақұрылым тым нашар, Алматы қаласынан 8 сағат жол жүріп бардық,
негізі сол жолды 4-4,5 сағатта жүріп өтуге болады;
- тамақтану орындары жоқ және арнайы туристерге арналған орындарында
тамақтана алмайсың, себебі тазалық жок.Егер сол жерде үлкен туристерге
арналан База немесе кішігірім тамақтану орнын салып қоюға болады;
- көптеген туристік объектілер ешбір атаусыз және белгісіз айдалада тұр,
мысалы Шыңғыс ханның жауынгерлерімен бірге тамақтанған орны деп
көрсеткен жерлеріне басқа туристі алып келіп айтса сене
қоймас,сондықтан ол жерлерді арнайы белгіліп, атап тарихи тұрғыдан бір
құндылыққа айналдыруға болады;
- туристердің ақпарат алу аздығы, Әнші Бархан деп аталатын кереметтей
ерекше орын бар екенін білетін туристер аз, сол үшін сол аймақтағы
жұмыс жасайтын туристік базаларды жарнамалауды қолға алу керек, ол
үшін сол базалар жоғары сапада қызмет көрсет керек.
Практика кезіндегі көріп білгендерімізді қорыта келе Әнші Бархан
жайлы және одан да басқа туристік орындарды дамытып Қазақстанның туризмін
дамыту үшін өз ұсыныстарымды ұсынамын:
- инфрақұрылымды дамыту керек, яғни келешекте экологиялық жағынан таза
қоғамдық туристiк көлiктi дамытуға назар аудару қажет;

2 Іле өзені бойымен сплав туристік-экскурсиялық маршрутын өңдеу

Екінші күнгі маршрутымыз белсенді туризмнің ішіндегі су туризміне
байланысты болды. Бұл күні таңғы сағат 8.30-да жиналып Іле өзеніне қарай
жылжыдық. Жол ұзаққа созылмады,жалпы жол уақыты 4 сағат болды.. 15.00-ге
дейін Іле өзені бойымен сплав болды..Болған соң жиналып Алматыға қарай
жолға шықтық.Кешкі сағат 20.00-да Алматы қаласында болдық.

Сурет 4 – Іле өзені бойымен сплав маршрутының схемасы

Қазіргі кезде су туризмі біздің елімізде кең қарқынмен дамып келеді. Ол
көбінесе белсенді туризммен байланысты болып отыр. Су туризмін ұйымдастыру
кезінде маршрутқа дұрыс құрал-жабдықтарды алу маңызды орын алады. Себебі
тау өзендермен жасалатын маршрут қауіпті болып табылады, сондықтан да
турист өзінің құрал-жабдықтарының жұмысқа қабілеттілігін дұрыстап тексеріп,
ақаулары болса дер кезінде жөндеуі қажет. Жаяу туризмдегі сияқты су
туризмінде құрал-жабдықтар жеке және қоғамдық болып екіге бөлінеді .
Су туризміндегі жеке құрал-жабдықтарға рюкзак, гидроқап, ұйықтауға
арналған қап, төсеніш, гигиеналық құралдар, өзінің жеке киетін киімдері,
суға батудан қорғайтын жилет, каска, ескек.
Су туризмі –белгілі бір су объектілері (өзендер,көл жағалары) бойынша
ұйымдастырылып өткізілетін,арнайы (қайықтар,салдар т.б.) жүзу құралдары бар
жорықтарды ұйымдастыруға байланысты іс-әрекеттер.Су туризмінде қолданатын
жүзу құралдары әр түрлі (байдаркалар,балон қайықтар,кильді
қайықтар,катамарандар,тегіс табанды қайықтар т.б.) су жорықтары бойынша
кездесетін кедергілер де ерекше ( желдер,толқындар, сарқырамалар т.б.).Су
саяхаттарының туризмнің басқа түрлері алдында артылықшылықтары бар.Су
туризмі палатканың салмағымен де,көлемімен де қысылмайды,ол өзімен бірге
киім,балықтар аулау құралдарын,итін,көбірек азық-түлік алады. Су туризмі
спорттық туризмінің бір түрі болып табылады, ол су бетінде болатын арнайы
маршруттық кедергілерді өтуді қамтиды. Ол да белгілі бір кедергілерден
өтуді қарастырады. Су туризмі өзге де спорттық туризм түрлері сияқты
дәрежелерді қамтиды. Ол дәрежесі бар және дәрежесіз деген екі топқа
ажыратылады. Мысалыға, 1-ден 6-ға жейінгі дәреже түрі болса, 6-сы ең қиыны
болып табылады. Су туризмі белгілі бір түрлерге бөлінеді: каякинг, рафтинг,
желкенді қайық көмегімен және өзендерге сплав жасау. Аса қиын емес су
жорықтары қарапайым үрлегіш қайық арқылы жүзеге асырылады. Су туризмімен
айналысу үшін үрленгіш, ағаш дуалынан жасалған қайықтар қолданылады.
Сонымен қатар, коммерциялық түрде сплав жасау үшін рафт жиі пайдаланады
[6].
Су туризмі жорыққа шыққан адамнан көп төзімділікті қажет етпейді, бірақ
саяхатшылардың жүзе білетін қайықты дұрыс бағыттап, ескек есе алатын болуы
міндетті. Қайықты бастапқы орнына апарып қою немесе ағаштарды
байланыстырып, жүзуге дайындау тәрізді жұмыстар су саяхатының дамуын
біршама шектейтіндей. Сумен саяхат өзіңмен бірге көп жүк алуға мүмкіндік
береді, дене жүгін азайтады, саяхатшы дүниетанымын тарылтып, өзен
жағалауларымен тұйықтайды.Сумен күндіз саяхат жасағанда ең бастысы ағыс
жылдамдығына өзен бойындағы қатты жыныстар шоғырымен өзен қайранының терең,
таяздығына байланысты 0 шақырымнан 80 шақырымға дейінгі қашықтыққа бара
аласыз. Біздің елімізде кездесетін көптеген өзен бойындағы қатты жыныстар
шоғырының күрделі де қауіпті болатыны мәлім, олар жағаларды жиі жағалап
жүруге, қайықтарды сүйреп, жүктерді тасымалдауға мәжбүр етеді.
Су саяхаттарының маршруттары жолың күрделілігіне,ондағы бөгет-
кедергілердің сипатына және ондағы қиыншылықты жеңіп өтуіне байланысты бес
дәрежеге бөлінеді. 1-ші дәрежеліге туристердің жеңіл өтуіне болатын
кедергілері ғана бар ақырын ағыстағы жазықты өзендер жатады. 2-ші дәрежелі
күрделілікке ағысы тез ағатын таулы,орманды өзендер тән. 3-ші дәрежелі
саяхаттарға күрделірек бөгеттері бар өзендер мен көлдер бойынша маршруттар
енгізіледі. 4-ші және 5-ші дәрежелі маршруттағы саяхаттар анық көрінетін
спорттық сипатта келеді,бұндай саяхат әдістемесі арнайы жетекшілікпен
болады.
Құрылуы бойынша су саяхаттарының маршруттары мынадай болады:
1) бір немесе бірнеше өзендер ағысы бойынша төмен қарай жүзу;
2) көл немесе су қоймаларын басып өтетін өзендердің ағысы бойынша төмен
қарай жүзу;
3) жарты дөңгелекті маршрут – бұнда маршруттың бастапқы немесе
дөңгелекті келетін бөлігін ағысқа қарсы жеңіп өтеді. Егер жарты дөңгелектің
басы және соңы құрғақ жолмен біріксе,бұндай маршрут айналмалы (кругосветка)
деп аталады;
4) топтың бір өзеннен басқаға қайықтары мен жүктерімен ауысып жүруі;
5) аралас типті маршрут. Маршрутты бастайтын немесе аяқтайтын су
плоттарымен бірге болатын жаяу-су саяхаттары ең әйгілі;
6) цептік маршрут – бірнеше кезеңге бөлінген қандай да бір су жолы
бойынша өтеді.Маршруттарын аяқтай отырып, топ қайықтарын сақтауға
қалдырады,өздерінің саяхаттарын келесі каникулдық мерзімде жалғастырады;
7) цептік маршрутта бірнеше топтың арасында қайықтарды қолдануды бөле
және кезеңдерді өту кезектілігін бекіте отырып,оны эстафеттіге айналдыруға
болады.
Туризмнiң жылдам және тұрақты өсуiн, оның қоршаған ортаға, экономиканың
барлық секторлары мен қоғамның әл-ауқатына күштi әсерiн назарға ала отырып,
Үкiмет Қазақстанның ұзақ мерзiмдiк даму бағдарламасында туристiк саланы
басымдық ретiнде белгiледi.
Сплав – өзеннің құрлысының күрделілігіне қарамастан каякамен су
жорығынаи шығу. Мұнда өзін-өзі еркін сезіну үшін спортшы салом мен родеоның
негізгі техникасын білуі қажет [7].

Сурет 5 – Іле өзені

Іле өзені Жетісудағы ең ұзын өзен болып саналады. Ұзындығы 1439 км,
оның 815 км Қазақстан территорясына жатады
Іле — Балқаш көлі алабындағы өзен. Қазақстанның Алматы облысында және
ҚХР-дың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық аудан аумағында, Орталық Тянь-Шань
тауларынан (Тәңіртаудан) бастау алатын Текес пен Күнес өзендерінің
қосылуынан пайда болып, Балқаш көліне құяды. Су жиналатын алабы 140000 км²,
Қазақстан аумағында 77400 км². Жоғарғы бөлігі таулық сипатта. Оң саласы Қаш
өзені құйғаннан кейін аңғары кеңейеді. Қапшағай қаласына дейін Іле жағасы
аласа, кең аңғармен ағады, жайылмаларының кей жерлері батпақтанады.
Қапшағай шатқалы тұсында өзен арнасы бөгеліп, Қапшағай бөгені салынған.
Төменіректе Күрті өзені құйғаннан кейін аңғары едәуір кеңейіп,
Сарыесікатырау және Тауқұм аралығымен ағады. Ірі салалары: Түрген, Талғар,
Қаскелең, Күрті, Шілік, Шарын, Үсек (Өсек), Қорғас. Балқаш ауданында
өзеннен Шетбақанас, Ортабақанас, Нарынбақанас атты ежелгі құрғақ арналары
тарамданады. Сағасынан 340 км жерде Іле салаланып, үлкен атырау құрайды.
Оның ұзындығы 130 км, енді жері 100 км-ге дейін, ауданы 9000 км². Іле өзені
мұздық, жауын-шашын, жер асты суларымен толығады.Су ресурстарының шамамен
30%-ы Қазақстан, 70%-ы Қытай аумағында қалыптасады. Көп жылдық орташа ағымы
Қайырған бекетінде (шекара тұсында) жылына 12,35 км³, Балқашқа құятыны
11,85 км³. Суының минералдығы 286 мгл-ден 877 мгл-ге дейін (шекара
маңында) өзгереді, атырау басында (Үшжарма) – 320 – 345 мгл [8].
Іленің және оның салаларының суы негізінен суармалы егіншілікке (3,7 –
4,5 км³жыл), өнеркәсіптік-коммуналдық қажеттіліктерге (200 – 500 млн.
м³жыл), гидроэнергетикаға пайдаланылады. Балыққа бай, атырауында ондатра
ауланады. Құлжа қ-нан төмен (Қытайда) кеме жүзеді. Қазақстан аумағында
Бақанас а-на дейін тұрақты кеме қатынасы бар. Арнасы көп жерінде қамысты,
тоғайлы.Өзен бойында Қапшағай, Бақанас, Құлжа, Бақбақты елді мекендері
орналасқан
Оның бастауы Алматы аймағында, Қытайдан шыққан жолында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алматы облысының туристік рекреациялық географиясы
Алматы қаласының туристік фирмаларының экскурсиялық қызметін зерттей отырып, оны дамыту жолдарын ұсыну
Қазақстанның көрікті жерлерінің - туризм саласындағы сапа менеджмент жүйесінің ерекшіліктері
Қазақстанның көрнектілік жерлері және туризмнің индустриясы
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТУРИСТІК МАҚСАТЫНДА КӨРНЕКІЛІК ЖЕРЛЕРІН ДАМЫТУ
Туристік бизнестегі сапалық менеджмент жүйесін талдау
Алматы облысының 2007-2011 жылдарға арналған туризм даму бағдарламасына талдау
Қазақстандағы туризм индустриясының қалыптасуы
Экстрималды туризмнің жіктелімі
Орман шаруашылығы туралы
Пәндер