Қазақсттаның негізгі туристік игерілетін аймақтары


ЖОСПАР
КІРІСПЕ3
1 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРИСТІК ӨНІМ СИПАТТАМАСЫ6
1, 1 Туризм туралы түсінік6
1, 2 Жібек Жолы бойындағы мәдени туризм13
1. 3 Эко-хикаялы туризм15
2 ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ19
2. 1 Халықаралық маңызы бар жобалар19
2. 2 Қазақстанның туристік беделін қалыптастыру22
2, 3 Туризмді дамытудың бағыттары25
ҚОРЫТЫНДЫ28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі30
КІРІСПЕ
2005 жылғы Қазақстан Республикасында туристік қызметтен түскен табыс 30 млрд 553, 4 млн теңге құрады. Салық түрінде туризмнен мемлекеттік бюджетке 6 млрд 526 млн теңге түсті.
Бүгінгі таңда туризмнің өзекті мәселелердің бірі бүкіл әлемге ашық және туристер үшін қауіпсіз Қазақстанның дамыған инфрақұрылымы мен туристік потенциалы бар мемлекет ретінде туристік беделін қалыптастыру стратегиясын құру.
Ежелгі кезеңдерден бастап біздің еліміз Ұлы Жібек жолының орталығы, Қытай мен Еуропаны байланыстыратын орталық болғанменен Қазақстан әлемде туристік бағыт ретінде аз танымал болып келді.
Берілген жұмыстың мақсаты:
- Туризмді экономиканың жоғары табыс әкелетін сегменті ретінде көрсету.
- Халықаралық нарық талаптарына жауап бере алатын, бәсекелестерге төтеп бере алатын сапалы туристік өнімді шығару, оны халықаралық нарыққа жылжыту жолдарын қарастыру.
- Еліміздің туристік потенциалын жоғарылату.
Жұмыста Қазақсттаның негізгі туристік игерілетін аймақтар қарастырылады, еліміздің қазіргі туристік жағдайға талдау жасалынған.
Жұмыс міндеттері:
1. Тартымды туристік объект ретінде Қазақстан беделін қалыптастыру.
2. Туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
3. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды қарастыру, турист жауапкершілігін арттыру.
Туризм - француз тілінен аударғанда серуендеу, жол жүру яғни белгілі бір маршрутқа жасалатын саяхат дегенді білдіреді. Атпен, велосипедпен, шаңғымен, қайықпен және жаяу саяхат жасалса оны спорттық туризм деп, ал ұшақпен, пороходпен, поезбен саяхат жасалса оны экскурсиялық туризм деп атаймыз.
Адам баласы ежелгі заманнан әр - түрлі мақсаттарға сай жер ауыстыру, көшіп қонғанына байланысты, туризм де ежелгі уақыттан пайда болған деген түсінік бар. Қазіргі күнде туризм түсінігі мен ежелгі заман бос уақытын өткізу түсінігі арасында үлкен айырмашылық бар. Жаңа технологияның дамуы, туристердің толық жабдықталуды керексіну сияқты факторлар бұл саланың дамуына үлкен әсер етті.
Туризм латын- сөзінен пайда болған. Түсінік бойынша - барып қайту- дегенді білдіреді. - Tour- айналада жүру әрекеті, көптеген табиғи орталарға саяхат жасау, іс немесе демалу мақсатында жасалған саяхат дегенді білдіреді. Қазіргі кездегі туризм толық жіктеу үшін туризмнің түрін сипаттайтын ең маңызды белгілерді атап өтуге болады: яғни туризмнің үлттық мәнділігі: қанағаттандырылуы туристік саяхатқа байланыстырылған негізгі қажеттілік: саяхатқа пайдаланылатын негізгі қозғалыс құралдары: саяхаттың үзақгығы: топ қүрамы: үйымдастыру түрлері, туристік өнім бағасының қалыптасуының негізгі принциптері және т. б. Туризм келесі түрлерге бөлінеді:
Рекреациялық туризм. Туризмнің бүл түрінің негізінде адамның
күш-қуатын қалпына келтіру қажеттілігі жатыр.
Діни туризм. Туризмнің бүл түрі әр түрлі діндегі адамдардың діни
қажеттілігіне негізделген. Діни туризм екіге бөлінеді:
а) діни мерекелерде мешіттерге, шіркеулерге бару:
б) әулие жерлерге бару:
- Транзитті туризм. Бүл туризмнің негізінде басқа елге барумақсатында келесі елдің аймағын басып өту қажеттілігі жатыр.
- Конгрессті туризм. Ол түрлі шараларға, оның , симпозиумдарға, съездерге, конгрестерге жәнет. б. қатысу мақсатындағы туристік сапарлар қатысуға ады.
Конгресске қатысушының шығыны әрине қарапайым туристің шығынына қарағанда жоғары болады, осыған сәйкес тиімді үйымдастыру қажеттілігі туады.
- Өткенді аңсау мақсатындағы туризм. Тарихи өмір сүру аясында осыорындарға бару қажеттілігіне негізделген.
- Өз бетінше үйымдастырішіған туризм. Саяхаттың бүл түрі шаңғы, тау, атқа міну, су туризмімен және т. б. айналысатын активтідемалуды сүйетіндерді біріктіреді. Туризмнің бүл түрінің айрықшаерекшелігі оған қатысушылардың өз бетінше үйымдастырылуынқажет ететіндігінде. Турларды үйымдастырумен фирмалар емес, туристердің өздері туристік-спорт клубтарымн және бірлестіктерменбіріге отырып үйымдастырады.
- Іскерлік мақсаттағы туризм. Туризмнің бүл салаСына әр іскерлік қатынастарды бекіту немесе сапарлар жатады.
8. Танымдық туризм. Туризмнің бұл түрінің негізін әр түрлі бағыттарда
білімді арттыруға деген қажеттілікті қанағаттандыру қүрайды.9. Спорттық туризм. Туризмнің бұл түрінің негізінде екі түрлі
қажеттілік жатыр, осыған байланысты:- активті және пассивті түрге бөлінеді. Активті спорт туризміне спорттың белгілі түрімен айналысу кажетілігі, ал пассивті туризмге белгілі бір спорт түріне қызығушылық, яғни сайыстар мен спорт ойындарын көру мақсатында саяхатқа шығу жатады. Қозғалыс қүрамдарына байланысты туризм келесі түрлерге бөлінеді.
1 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРИСТІК ӨНІМ СИПАТТАМАСЫ
1, 1 Туризм туралы түсінік
Қазіргі кезде адам қызметінің әртүрлі формалары бар, олар жалпы жағдай жасауға және әлемді тануға бағытталған. Халық тұрмысының жақсаруы жаңа әлемді ашуға адамның қажеттілігін, соның шінде саяхатқа құштарлығын арттырады. Саяхат дегеніміз - туризм. Туризм тек орын ауыстыру емес, ол көптеген экономикалық және әлеуметтік аспектілерді құрайды. Соңғы он жылда туризм мықты дербес индустрияға айналды. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның мәліметтері бойынша туризм әлемнің өндірістік- сервистік нарық айналымының 10%-ын қамтамасыз етеді. Туризм сферасына әлемдік ұлттық жиынтық өнімнің 6%- ын, әлемдік инвестицияның 7%-ын, әр 16 жұмыс орны, әлемдік тұтынушы шығындарының 11%-ын, барлық салық түсімінің 5% келеді. Бұл сандар туризм индустриясының экономиаға тікелей әсерін көрсетеді.
Туризм түсінігіне теориялық және практикалық тұрғыдан нақты анықтама берілуі керек.
Көптеген авторлар туризмге толық анықтама беруге тырысты. Әр пікір өзгеше болып табылады және бұл терминнің көптеген өлшемін көрсетеді. Алайда туризмнің әр түрлі түсіндірмесін жинақтап қорыту, белгілі бір «оптимум» таңдау өте қиын.
1980 жылы Манила декларациясы «Туризм - халықтар өмірінде маңызды орын алатын әлеуметтік, мәдени, білім және экономика ауданында, мемлекет өміріне және оның халықаралық қатынастарына тікелей әсер ететін қызмет түрі» (Филиппин, қазан 1980 жылы) - деп жариялады. 1993 жылы БҰҰ-ның статистикалық комисииясы туризмге кең анықтама берді: «Туризм - бұл өзінің тұрғылықты жерінен басқа жерде болатын, бір жылдан аспайтын уақытта демалу, іскерлік және басқа да мақсаттарда саяхаттайтын тұлға қызметі» [1] .
Халықаралық туристік Акдемия баспасында берілген анықтамада (Монте Карло) : туризм - көңіл көтеру, демалу немесе емделу үшін жаяу немесе қандай да бір трнспорт түрімен жасалатын саяхат.
П. Г. Олдактың пікірінше, қазіргі ғылыммен жинақтап айтқанда: «Туризм- бұл өмір сүрумен және жұмыс орнын ауыстырумен байланыссыз халықтың қозғалысы, демалу, емделу, ғылыми іскерлік және мәдени кездесуле мақсатында саяхаттау» - дейді.
Қазіргі күнге дейін «туризм» түсінігінің көпшілік қабылдаған нақты анықтамасы жоқ. Жоғарыда келтірілген анықтамалар оның тек кейбір жақтарын қамтиды. Бірінші анықтамада әлеуметтік және экономикалық жақтары, ал екіншісінде - әлеуметтік және құқықтық жақтары (адам уақытын есептеуге арналған туризмнің шектелген уақыты) көрсетілген. Туризмнің әлеуметтік жақтарының басым болуы бақыланып отыр, бұл адамдардың қоғамдақ - экономикалық өмірін әлеуметтендіру тенденциясымен түсіндіріледі. Бұрыңғы ҚСРО кезінде тіршілк деңгейінде барлық әрекеттің әлеуметтік аспектісі алдыңғы орында болды. Туризмде бұл мағына айтпаса да түсінікті. Профсоюз жолдаманың өзі төлеп немесе арзан бағамен және көрсетілген қызметті тегін ұсынып отырды.
Қазір «туризм» терминін кең және терең түрде түсіндіру керек. Біздің ойымызша туризм анықтамасы екі бағытта беріледі:географиялық және экономикалық. Туризм географиялық тұрғыдан сұраныс және ұсыныстың кеңістік - территориялық қолданылу негізін білдіреді. Экономикалық тұрғыдан туризм сұраныс және ұсыныстың тұтынушылық шаруашылық негізі.
Туризмге экономикалық тұрғыдан бірнеше анықтама берілген:
Г. А. Папирян, туризм ол қызметтер жиынтығы, оларды тұтыну барысында ғана байқауға болады және ол өндірістік өнім сияқты жүйелі түрде ұдайы өндірілмейді.
П. В. Шульгиннің ойынша, қазіргі туризм анықтамасы 2 көзқарасты көрсетеді. Оның бірі туризм индустриясы - халық шаруашылығы құрылымында ерекше саланың қалыптасуы. Ол барлық келушілерге сұраныстарын қанағаттандыру үшін маманданған бірқатар өндірістік қызметтер мен қызмет көрсету мекемелерінің жиынтығы. Екіншісі, туризмді дербес салаға бөлу. Егер туристік мекемелерге қатысты туризмнің өзіне тән еңбек ұсынысының ортасы болса, онда бұл қызмет туризмді дамыту және ұйымдастыру ерешеліктеріне байланысты болады.
Біздің ойымызша, туризмнің экономикалық мәнініе нақты анықтама «қазіргі туризмнің экономикасы» жұмысында берілген: «Туризм қызмет және тауар нарығының бөлігі болып табылады». Сұранысқа ішкі және халықаралық туристік нарық жатады, ал ұсынысқа транспорт, туристік көрікті жерлер және бос уақыт түрі, туристік нысандар, қызмет көрсету жүйесі және инфрақұрылымы, сондай- ақ жарнамалық анықтамалық қызмет жатады.
Біздің ойымызша, туризм дегеніміз - рекреация, емдік, танып білу және әр түрлі қызметпен айналысу мақсатында келген елінде тұрғылықты жерін ауыстыру немесе жұмыс істеуге байланысты емес адамдардың уақытта және кеңістіктегі қозғалысы. Бұл анықтама географиялық мәнге ие.
Туризмнің негізгі түсініктерін анықтай отырып оның дамуына себепші болатын және әсер ететін факторларға тоқтаймыз. Схема ойынша олар: экономикалық - әлеуметтік -географиялық - демографиялық - саяси - этникалық - құқықтық. Аталғн факторлар біздің мемлекетке тән және Қазақстанның әлемдік туристік бірлестікте орнын айқындайды.
Туризмнің дамуына әсер ететін негізгі фактолар статистикалық және динамикалық болып бөлінеді. Статистикалық факторларға табиғи - географиялық факторлар жиынтығы кіреді. Олардың өзгермейтін және қалпына келмейтін мағынасы бар Динамикалық факторларға демографиялық, әлеуметтк - экономикалық, материалды - техникалық және саяси факторлар жатады. Олар уақытта және кеңістікте өзгеретін әртүрлі бағасы, мағынасы болады.
Бұл факторлар жалпыланып айтылған және туризм ңегізгі аспектілерін көрсетпейді. Туризмге әсер ететін факторлар тағы да сыртқы (экзогенді) және ішкі (эндогенді) болып бөлінеді. Сыртқы факторлар туризмге демографиялық және әлеуметтік өзгерістер арқылы әсер етеді. Бұл факторлар тобына: тұрғындар жасы, жұмыс істейтін әйелдер санының өсуі және әр жанұяға кірістің өзгеруі, тұрмысты және жанұяны кеш құру, тұрғындар құрамында баласыз жанұяның көбеюі, иммиграциялық шектеулердің азаюы, төленетін іс - сапардың өсуі және жұмыс уақытының қолайлы графигі, зейнетке ерте шығу, туризмге жағадайлардың өсуі жатады.
Аталған көрсеткіштер тура немесе жанама түрде адамның бос уақыт құрылымына әсер етеді. Бұл туризмнің дамуына объективті әлеуметтік демографиялық жағдай туғызады. Сондықтан туризмді дамыту бағдарламасын құрғанда бос уақыт бюджетін және тұрғындарының уақыт құрылымын анықтау керек.
Сыртқы факторларға экономикалық және қаржылық факторлар да жатады. Алайда біздің ойымызша, бұл факторлар ерекшелініп тұрады және оларды бөлек қарастыру керек, өйткені олар туризмнің дамуын көбірек анықтайтын факторлар болып табылады.
Сонымен қатар сыртқы факторларға саяси және құқықтық бақылаудың өзгеруі, технологиялық өзгерістер, транспорт инфрақұрылымының және сауданың дамуы, сондай - ақ саяхаттың қауіпсіздік жағдайының өзгеруі жатады.
Ішкі факторлар - бұл факторлар туризм сферасына тікелей әсер етеді. Ең алдымен оларға материалды техникалық факторлар жатады. Бұл жерде біз ішкі факторлар туризмге ғана емес, туризм индустриясына да қатысты деп көрсеткіміз келеді. Себебі олар таза экономикалық көрсеткіштерге ие. Мысалы, орналастыру орындарының, транспорт, тамақтану, орындары, рекреациялық сфера, жекеше сауда және т. б. өсуі [2-6] .
Туризм экономиканың ең «нәзік» сегменті бола отырып, нарықтың ұсыныс пен сұраныс талаптарына жауап беру қажет. Бұл ретте халықаралық туризмді (көпмиллиарды айналымы бар үлкен механизм) және Қазақстан азаматтарына арналған ішкі туризмді атап кетуге болады. Қазақстан қатаң бәсекеге жауап бере алатын өзіне ғана тән уникалды және халық қажет ететін туристік өнімді құрастыру қажет.
ДТҰ нұсқауымен ҚР туризм және спорт агенттілігінің жасаған анализі бойынша қазақстандық туристік өнімінің екі негізгі компоненті бөлінген: Жібек жолының бойындағы мәдени туризм (қажылық және дәстүрлі) және осы берілген туризм түрімен тығыз байланысты эко-хикаялы туризм (сафари, рафтинг, орнитология, треккинг, альпинизм, аңшылық, балық аулау) . Осыған орай эко-хикаялы туризм қажеттіліктеріне жауап беретін ресурстары бар аймақтар анықталған: Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстары. Сонымен қатар осы аймақтар арқылы Жібек жолының маршруты да өтеді. Көрсетілген мәлімет бойынша туристік игерілуге жатқызылатын аймақтар:
1. Іле Алатауы (Алматы қаласы, Түрген елді-мекені, Есік, Талғар, Қаскелен, Ұзынағаш. Қапшағай) ;
2. Солтүстік Тянь-Шань (Кеген, Нарынкөл, Жалаңаш, Шыңжа, Көлжат) ;
3. Жаркент-Талдығорған аймағы (Жаркент, Көктал, Басшы, Текелі, Талдықорған, «Жаркент-Арасан» курорты) ;
4. Балхаш (Балхаш көлі, Балхаш маңы) ;
5. Солтүстік Жоңғар (Дружба, Алакөл аймағы, Лепсинск, Лепсі аймағы, Жарқұлақ, Көктума, Сарқанд, «Арасан-Қапал» курорты) ;
6. Түркістан (Түркістан қаласы, Тұрбат, Отырар, Шәуілдір, Баба-ата, Кентау, Шаян) ;
7. Жамбыл (Тараз, Меркі, Мойынқұм) ;
8. Сайрам-Шымкент (Шымкент қаласы, Сайрам, Арыс, Шардара, Сары-ағаш, Ленгер, Ванновка) ;
9. Жоғары Бұхтырма (Қатон-Қарағай, Берел, Рахман кілттері, Марқакөл аймағы) ;
10. Маңғыстау аймағы (Фетисово елді-мекені, Ақтау қаласы, Ералиев-Құрық аймағы) .
Сондай-ақ туризмді ұйымдастыру үшін жоғары деңгейде аттрактивтілігі бар ұлттық мемлекеттік табиғат саябақтары бар.
Қазақстанның іскерлік туризм сегментінде де болашағы бар. Бұл - ең алдымен Алматы, Астана және Атырау қалалары. Осы орталықтар инфрақұрылымы халықаралық стандарттарға сай келеді. Алматы қаласы еліміз үшін стратегиялық қақпасы болып табылады. Әртүрлі жиындар өткізуге арналған құралдарынан басқа көңіл көтеру кешендері де бар. Сонымен қатар қала сыртында табиғи рекреациялық ресурстары да бар. Астана қаласы да осындай стратегиялық аймақ.
Туризм агенттігінің мамандарының пікірінше, қазақстандық туристік өнімінің ерекшелігін құрайтын маусымдылығы, бұл туризмнің маусымына тәуелсіз болатын альтенативті жолдарын іздеуді қажет етеді. Туризм инфрақұрылымына бірқатар талаптар қойылады. Бұлар, туристік маршрут бойында орналасқан, клиенттік 2-3 күн тұрақталуына ұйғарылған, қарапайым, орташа орналастыру құралдары (шамамен 25-100 орын, уақытша және стационарлы) .
Басқа әлем елдер тәжірибелерінде, ішкі туристік өнім елге жалпы табыстың 30-50% әкеледі. ҚР келешегі үлкен. Бірақ, біздің ішкі туризм ұйымдастырылмаған және стихиялы сипатта. Тек қана көп емес курортта, санаторий мен туристік базалар іс-әрекеттері дұрыс ұйымдастырылған.
Қазақстан туристік Ассоциация директоры Рашида Шайкенованың айтуы бойынша, қазіргі туризм жағдайын 10 жыл бұрынғы туризм жағдайымен салыстыратын болсақ, ішкі туризмнің жаңғырғанын көре аламыз. Шетел туристерін тіркеу шараларын қатаңдыру Қазақстан Республикасының туризмнің құлдырауына әкеп соқтырды. Ондай жағдайда тап болмас үшін қазақстандық туризм индустриясының жаңа экономикалық жағдайға жедел икемдеу керек. Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысы бойынша жұмысты белсенді ете түсу керек. Бұл қаулылар келесі: «туристік салаларды дамытудың бірінші кезектегі шаралары туралы» және «Қазақстанның туристік беделін қалыптастыру бойынша кешенді шаралар туралы». Туризмнің дамуына Қазақстанның табиғи, тарихи-мәдени ресустары бар. Бірақ, инфрақұрылымы дамымаған.
Қазіргі таңда туризм даму мақсаты сапасы, халықаралық туристік рынок жағдайында өндіруге, сатуға және бәскелестікке төтеп беретін өнім өндіруге және сатуға қабілетті рентабельді туризм индустриясын құру жолымен туризмді экономикалық табысы жоғары салаға айналдыру.
Мемлекеттік басқару органдары шағын бизнес кәсіпорындарына, оның ішінде әлеуметтік туризм саласындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындарға қолдау көрсету тәжірибесін жалғасады. Әлеуметтік туризмге қатысты қайырымдылық, жебеушілік және демеушілік көтермеленуі тиіс. Әлеуметтік туризмді, оның ішінде өлкетану, спорттық, жеке, емдеу-сауықтыру, мәдени-танымдық, экологиялық туризмді, отбасылық туризмді, қарттарға және мүгедектерге арналған туризмді, жастар мен балалар туризмін дамытудың тәрбиелік және патриоттық маңызы үлкен.
Қазақстан территориясы негізгі бес аймаққа бөлінеді: Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Орталық Қазақстан. Әр аймақтың өзіне тән ерекшелігі бар. Табиғи жағынан қолайсыз аймақтың тарихи-мәдени ресурстары көп, ал тарихи - мәдени ресурстары жоқ аймақтың табиғи жағдайы өте жақсы аймақтары бар.
Солтүстік Қазақстанға Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстары кіреді. Аудан Қазақстанның солтүстігінде Есіл, Тобыл, Обаған өзендерінің бассейнінде орналасқан. Батыстан шығысқа қарай аудан 1300 км, ал, солтүстіктен оңтүстікке қарай 900 км созылған. Маңызды өзендері - Ертіс пен оның екі саласы: Есіл және Тобыл. Ірі өзендері: Құсмұрын, Сары Қопа (Қостанай облысы), Тенгіз, Қорғалжын (Ақмола облысы), Шағала, Шортан, Борабай (Солтүстік Қазақстан облысы) . Кейбір көлдер өзінің емдік минералды тұздарымен және саздарымен танымал (Павлодар облысындағы Моялды көлі, Солтүстік Қазақстандағы Майбалық көлі) . Климаты шұғыл қоңыржай, бірақ еліміздың басқа аймақтанан жұмсақ қысымен және салқын жазымен еркешеленеді. Көкшетаудың қайталанбас ландшафтысы, Баянауылдың экзотикалық жартастары, Қорғалжын қорығының бай фаунасы мен флорасы келген туристерге өз-өзін табиғаттың бір бөлшегі ретінде сезінуге мүмкіндік береді. Бұл аймақ өзінің табиғатымен ерекшелінді. Мұнда 20 табиғат ескерткіштері белгілі. Аймақ құстардың халықаралық миграция аймағы болып табылады. Халықаралық маңызы бар аймақ қатарына жатқызылады.
Оңтүстік Қазақстанға Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары кіреді. Аудан батысында Арал теңізін және шығысында Жоңғар қақпалары, солтүстігінде Балхаш көлі мен оңтүстігінде Қызылқұмдарының бір бөлігін алады. Батыстан шығысына қарай шамамен 2000 км, ал солтүстіктен оңтүстікке қарай 700 км созылған. Бас өзендері Сырдария, Шы, Іле, Қараталу, Ақсу, Лепсі. Ірі көлдері: Балхаш, Алакөл, Сасықкөл. Алматы облысы Ұлыбританиядан үлкендеу. Бұл аймақ рельефтің алуан түрлі болуымен сипатталады. Бұл жерге келген туристер барлық ландшафты мен климаттық зоналарда бола алады: құмды шөлдерден мен далалардан мәңгі қарлар мен биік шыңдар бар. Шөл және шөлейт аймақтарда уникалды жануарлар дүниесі қызықтырады. Алматы облысында Шарын шатқалы, Іле жағалауындағы петроглифтер, Үлкен Алматы мен Көлсайдың көлдері, Шыңтүрген шыршалары тамашалауға болады.
Батыс Қазақстанға Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстары кіреді. Аймақ батыстан шығысқа қарай 1300 км, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200 км созылған. Маңызды өзендері: Орал, Ембі. Ірі көлдері Индер, Аралсор, Қамыс-Самар көлдері.
Маңғыстаудың бүкіл территрориясы бойымен 2000 жыл бойы Ұлы Жібек жолы өткен. Бұл жол енді қызықты туристік маршрут.
Жайық өзенінің төменгі ағысында орналасқан. Атырау қаласынан 50 км жерде орналасқан XVIII ғ қала қалдықтары зерттеле бастады. XIII ғ -Жошы ұлысының әкімшілігі орталығы болатын Географиялық жағынан ыңғайлы орналасқан. Сол себепті Азиядан Еуропаға бағытталған трансконтинентальды керуен жолдары қаланың гүлденуіне ықпал еткен.
Мұнда жер асты құрылыстар орналасқан: Бекет ата, Шопан ата, Шақпақ ата, Сұлтан - эпе, 8 некрополь, олардың ішінде Қарағашты әулие бар. Бекет ата жер асты мешіті - өзінің маңыздылығы бойынша Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мен Мұхамед пайғамбар мазарымен теңестірілген. Бұл жер асты мешіт. Мешітке жету үшін алғашқы 150 км асфальтталған жолмен өтіп, әрі қарай дала жолымен өтеді. Бекет ата мешітіне барар жолда Шопан ата мешіті орналасқан. Бірнеше ғасырлар бойы кешен қажылық ету орталығы болған. Жер асты мешітке жеткен соң Бекет ата киелі жерге өтіп, құрбандық шалынады. Бұл жерде түнеп, келесі күні жартастар арасымен өтіп, мешіттің өзіне келу. Бұл мешітте Бекет ата өзінің шәкірттерімен қажылық еткен.
Шеркалу қамалды қаласы - VIII-IX ғғ арабтарға белгілі болды. Ерекшелігі тау ішіне салынған қала. Тарихта қала-арыстан атымен белгілі. Себебі, арыстандай қорғалған, жауларды өткізбеген қала болатын.
Шақпақ ата жер асты мешіті - Алтықанатты киіз үйден сәл үлкендеу тау ішінде, жер асты мешіті. Мешіт қабырғалары ракушечниктен жасалған. Бұл тас мешітте сопы Шақпақ ата өзінің шәкірттерімен жау шапқыншылықтары кезінде тығылған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz