Кредиторлық берешек сомасының шынайлығын тексеру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

h3Мазмұны
Кіріспе 3
1 Ағымдағы міндеттемелердің аудиті 4
1.1 Ағымдағы міндеттеме 4
2. Ағымдағы міндеттемелердің берешек түрлері 9
2.1 Кредиторлық берешек 9
3. Ағымдағы міндетті активтің функциялары 16
3.1 Сатып алу, өндіріс және өткізу циклдері 16
3.2 Төлеу циклдері және ақша қозғалысы 24
Қорытынды 30
Қолданылған әдебиет 31
h3
h4Кіріспе
Қарыздарды беру мен өтеуге байланысты барлық мәселелер банк ережелері
мен және қарыз алушы ұйым мен банк арасындағы кредиттік шарттар мен
реттеледі. Бұл мақсат үшін кредиттік шарт ресімделеді, онда кредиттеу
объектісі, қарыз беру мен қайтару мерзімдері пайыздық мөлшерлемелер, оларды
төлеу тәртібі, тараптардың қарызды беру мен өтеу жөніндегі міндеттемелері,
құқықтары мен жауапкершілігі, құжаттар тізбесі және оларды банкке ұсынудың
мерзімділігі мен басқа жағдайлар көрсетіледі.
Ұзақ мерзімді міндеттемелерді тексергенде, аудитор бәрінен бұрын
баланста көрсетілген, есепті кезеңнің басы соңындағы қалдықтың Бас кітаптың
жоғарыда аталған шоттары мен журнал ордердің мәліметтеріне қарап
сәйкестігін анықтауға тиіс. h4
Алайда мұны бірден жасауға болмайды, өйткені баланста синтетикалық
шоттардың қалдықтары емес, аналитикалық есептің мәліметтері келтіріледі.
Басқаша айтсақ, баланстың Қамтамасыз етілген қарыздар, Қамтамасыз
етілмеген қарыздар және Ұйымдардың бір – біріне және еншілес ұйымдарға
беретін қарыздары, баптары аналитикалық есеп мәліметтері негізінде
толтырылуы тиіс. Сондықтан аудитор синтетикалық есептің аналитикалыққа
сәйкес болуына баса назар аударуы тиіс.
h41 Ағымдағы міндеттемелердің аудиті
1.1 Ағымдағы міндеттеме
Міндеттемелер - өткен мәмілелердің немесе өткен оқиғалардың. Олар
ағымдағы және ұзақ мерзімді болып жіктеледі.
Ағымдағы міндеттемелерге банктердің қысқа мерзімді қарыздары бір жылдан
аспайтын мерзімге беріледі.
Қысқа мерзімді қарыздарды алу мен өтеуге байланысты есептеу
операциялары 4010-4030 шоттарында ескеріледі. Бұл шоттардың әрқайсысында
Қысқа мерзімді қарыздар аралық шоты бар. Бұл шоттар пассивті, олардың
сальдосы есепті кезең басындағы өтелмеген берешек сомасын, дебет бойынша
айналым – қарызды өтеуге аударылған соманы, кредит бойынша айналым –
қарызға алынған соманы көрсетеді.
Алынған қарыздар сомасы Банктердегі аккредитив чектердегі, карт –
шоттардағы және басқа да шоттардағы ақша бөлімшесінің Шетел
валютасындағы ағымдағы корреспонденттік шоттардағы ақша, Ұлттық валютада
ағымдағы корреспонденттік шоттардағы ақша, Еншілес (тәуелді) ұйымдарға
кредиторлық берешек, Берушілермен және мердігермен есеп айырысу және
т.б шоттарымен корреспонденцияда көрсетіледі.
Өтелген кредиттер сомасына Қарыздар бөлімшесінің (ақшалай қаражаттың
есебі бойынша шоттар мен корреспонденцияда Банктердің қысқа мерзімді
қарыздары аралық шоты) тиісті шоттары дебиттеледі.
Қысқа мерзімді қарыздардың аналитикалық есебінің несиесін берген банк
түрлері және кредиторлар бойынша жүргізіледі. h4
а) Қарыз проценттерін төлеу мен оларды кезен шығыстарына жатқызудың
дұрыстығы;
ә) Қарыздар бөлімшесі (Қысқ мерзімді қарыздар аралық шоты) шоттары
бойынша синтетикалық және аналитикалық есебін 4 журнал – ордерде
бухгалтерлік баланста жүргізудің дұрыстығы;
б) баланста Ағымдағы міндеттемелер бөлімшесінде Ұзақ мерзімді
қарыздардың ағымдағы бөлігі бабы келтіріледі.
в) қарыздарды өтеу мерзімі осы бап бойынша соманың негізділігінанықтау
қажет;
г) овердрафт, сенімді клиентке оның шотындағы қалдықтан тыс берілетін
қысқа мерзімді қарыз түрін білдіреді, сондай – ақ жеке есептелетін,
мерзімінде төленбеген банк қарыздары.
4020 Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдардың қарызы шотына аналитикалық есеп, қарыз берушілер мен қарызды
өтеу мерзімдері бойынша жүргізіледі.
Банктен тыс мекемелерден алынған қысқа мерзімдік қарыздар көбінесе
вексельмен коммерциялық кредит және берешек міндеттемелерге серіктестік
кредит түрінде болады.
Ұзақ мерзімді міндеттемелерге мыналар жатады:
- банктердің ұзақ мерзімді қарыздары;
- банктен тыс ұзақ мерзімдік қарыздар;
- мерзімі шегерілген корпаративтік табыс салығы;
Банктердің және банктен тыс мекемелердің ұзақ мерзімді қарыздары 1
жылдан астам мерзімге, әдетте, жаңа техниканы енгізу шығындарына, өндірісті
кеңейтуге, оны қайта құруға, қымбат бағалы жабдықты алуға және басқа
мақсатты бағдарламаларға беріледі.
Қарыздарды алу және өтеу бойынша операциялардың арнайы аудитін өткізу
үшін келесі көрсетілген шоттар: 4010 Банк қарыздары, 4020 Банк
операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарызы және 6
бөлімшесінің Қарыздар, 4030 Басқалар қолданылады. Оларға Ұзақмерзімді
қарыздар мен Қысқа мерзімді қарыздар аралық шоттары бөлімшенің
Банктердегі аккредитивтердегі, чектердегі, карт – шоттардағы және басқа
шрттардағы ақша, Шетел валютасындағы ағымдағы, корреспонденттік
шоттардағы ақша, Ұлттық валютадағы ағымдағы корреспонденттік шоттардағы
ақша, Еншілес (тәуелді) ұйымдарға кредиторлық берешек, Берушілермен
және мердігерлермен есеп айырысу және басқа шоттармен корреспонденцияда
алынған қарыздар сомалары кредит бойынша, ал дебит бойынша – ақша есебі
жүргізілетін шоттармен корреспонденцияда өтелген қарыздар сомасы беріледі.
Қарыздарды беру мен өтеуге байланысты барлық мәселелер банк
ережелерімен және қарыз алушы ұйым мен банк арасындағы кредиттік шоттармен
реттеледі. Бұл мақсат үшін кредиттік шарт ресімделеді, онда кредиттеу
объектісі, қарыз беру мен қайтару мерзімдері проценттік мөлшерлемелер
оларды төлеу тәртібі, тараптардың қарызды беру мен өтеу жөніндегі
міндеттемелері, құқықтары мен жауакершілігі, құжаттар тізбесі және оларды
банкке ұсынудың мерзімділігі мен басқа жағдайлар көрсетіледі.
Ұзақ мерзімді міндеттемелерді тексергенде, аудитор бәрінен бұрын
баланста көрсетілген, есепті кезеңнің басы соңындағы қалдықтың Бас кітаптің
жоғарыда аталған шоттары мен журнал – ордердің мәліметтеріне қарап
сәйкестігін анықтауға тиіс.
Алайда мұны бірден жасауға болмайды, өйткені баланста синтетикалық
шоттардың қалдықтары емес, аналитикалық есептің мәліметтері келтіріледі.
Басқаша айтсақ, баланстың Қамтамасыз етілген қарыздар, Қамтамасыз
етілмеген қарыздар және Ұйымдардың бір – біріне және еншілес ұйымдарға
беретін қарыздары, баптары аналитикалық есеп мәліметтрі негізінде
толтырылуы тиіс. Сондықтан аудит синтетикалық есептің аналитикалыққа сәйкес
болуына баса назар аударуы тиіс.
Атап айтатын жайт 4010- 4030 шоттары бойынша аналитикалық есеп
мерзімінде өтелмеген қарыздар, оларды берген банк түрлері бойынша: қарыз
берушілер мен қарызды өтеу мерзімдері бойынша мәліметтер банк
көшірмелерімен расталуы тиіс. Қарыздарда банктер тиісті қамтамасыз етуге
немесе кепілдікке және белгілі бір мақсаттарға беруге тиісті болғандықтан,
біріншіден, кәсіпорын басшысын қамтамасыз ету құрамына кіруін немесе
кепілдікті, екіншіден – қарызды мақсатты пайдалану тексеру керек.
Үшіншіден, оларды ынталандырудың толықтығы мен уақыттылығына ерекше назар
аудару қажет. Бұл үшін банк көшірмелерін тексеру керек. Қайтару мерзімі
бұзылғанда мұның себебін анықтау талап етіледі.
Басқа кәсіпорындар мен ұйымдардан алынған ұзақ мерзімді қарыздарды
тексергенде, аудитор қарыз берушілермен мәліметтерді салыстыру
нәтижелерімен анықтауға тиіс, қайтарылмаған қарыздың қаржы қалдықтарының
дұрыстығын айқындауға тиісті. Аудитор бұл мезгілде басқа кәсіпорындардан
қарыз алудың негізділігімен заңдылығын да, сондай – ақ оларды өтеудің
толықтығы мен мерзімділігін тексеруі тиіс.
Сонымен қатар аудитор қарыз және алынған несие үшін процент төлеудің
дұрыстығын тексеріп, сондай – ақ кәсіпорынның өтелмеген қарыз (несие)
қалдықтарымен бірге осы қарыз үшін банкке тиесілі процентті көрсету жайлы
шешім (бұл туралыесеп саясатында жазылуы керек) қабылдағанын анықтау тиіс.
Проценттер сомасы банктердің қарыздары жөніндегі проценттерді төлеу
бойынша, шығыстар есебінің тиісті шоттарымен бірге корреспонденциясында
ұзақ мерзімді міндеттемелер есебі шоттарының кредиті бойынша көрсетіледі.
Тексеру кезінде аудитор берешек кәсіпорынға берілген вексельдермен
қамтамасыз етілгенін, ұзақ мерзімді қарыздар шотынан есептен
шығарылмайтынын, вексельдік операциялар есебі ережелеріне сәйкес
ескерілетінін назарда ұстауға тиіс.
Ұзақ мерзімді міндеттемелердің сондай – ақ Кейінге қалдырылған
салықтар бабы жатады. Бұл отандық бухгалтерлік есептің мүлдем жаңа
объектісі, жаңа термин, оның және Салықтық төлем, Табыс салығы,
Бухгалтерлік табыс, Салықтық табыс, Салықтық әсер т.б мазмұны Табыс
салығы бойынша есеп Бухгалтерлік есеп стандартында көрсетіледі.
Олардың кейбірін қарастырайық:
1) Есепті кезен ішіндегі салықтық төлем міндеттемелер тәсілімен
салықтық әсер есебі негізінде анықталады. Бұл тәсілде табыс
салығы кіріс алу барысында заңды тұлға шеккен шығыс ретінде
қарастырылады және тиісті табыс пайда болған кезеңге есептеледі;
2) Есепті кезеңде пайда болған уақытша айырманың салықтық әсері
салықтық төлемге кіргізіледі және бухгалтерлік баланста Кейінге
қалдырылған салықтар бабы бойынша көрсетіледі;
3) Бап бойынша кезең басы мен соңындағы қалдықтардың анықтығын
айқындау үшін Бас кітаптың 4310 Кейінге қалдырылған
корпорациялық табыс салығы шотының және
4) 5 журнал – ордердің осы шотының мәліметтері мен салыстыру керек;
5) 4310 шот кредиті бойынша мыналар көрсетіледі:
h4 а) 7710 Корпорациялық табыс салығы бойынша шығыстар шотымен
бірге корреспонденцияда болашақта төлеуге тиісті салықтар сомасы;
ә) Дебет – 7710 шотының кредит 4310 шотының салықтық мөлшерлемесі
ұлғаюына байланысты түзету енгізу;
б) Дебет – 5320 Негізгі құралдарды қайта бағалаудан түсетін қосымша
төленбеген капитал шоты кредит 4310 Кейінге қалдырылған корпорациялық
табыс салығы шотының салықтық есептегі өсімінің артуы кезіндегі активтерді
қайта бағалауға байланысты әлеуметті салықтық әсер сомасы;h4
5) 4310 шот дебеті бойынша мыналар көрсетіледі:
а) Уақытша айырмаларда пайда болуы мен жойылуы нәтижесінде төленуі
тиісті немесе 3110 Төленетін корпорациялық табыс салығы және 7710
Корпорациялық табыс салығы бойынша шығыстар шоттарымен бірге
корреспонденцияда зиянды өртеу нәтижесінде есепке жатқызылатын салықтар
сомасы;
ә) Салықтық мөлшерлемесінің 4310 шоты кредит 7710 шотының кемуіне
байланысты түзету енгізу;
б) 5320 Негізгі құралдарды қайта бағалаудан түсетін қосымша төленбеген
капитал шоттарымен корреспонденция бухгалтерлік есептегі өсімнен салықтық
есептесулердегі қайта бағалау сомасы.
h42. Ағымдағы міндеттемелердің берешек түрлері
2.1 Кредиторлық берешек
Кредиторлық берешек – кәсіпорынның басқа заңды немесе жеке тұлғаларға
міндеттемелері (берешек).h4 Пайда болу сипатына қарай кредиторлық
берешек қалпты және ақталмаған болып бөлініді.
Қалыпты кредиторлық берешек пен кәсіпорынның бизнес – жоспарын орындау
барысына, сондай – ақ есеп айырысудың іс жүзіндегі формаларымен
байланыстыларын санаған жөн. Бұларға төлнеу мерзімі келмеген акцептелген
есеп – қисап құжаттары бойынша жабдықтаушыларға берешек және бюджетке
төлемдері өтіп кеткен берешек және тағы басқа.
h4Ақталмаған кредиторлық берешек болып бюджетпен есеп айырысу бойынша
– қаржы органдарына, еңбекті өтеу бойынша – кәсіпорын қызметкерлеріне,
мерзімінде төленбеген есеп –қисап құжаттары бойынша – жабдықтаушыларға және
тағы басқа мерзімі өткен берешектер саналады.
Кредиторлық берешекті тексерудің басты міндеттері мыналар:
1) төлем тәртібін сақтауды тексеру.
2) Есептеуде қолданылатын бағаның, тарифтің және басқа құндық
көсеткіштердің негізділігін тексеру .
3) Кредиторлық берешек сомасының шынайлығын тексеру.
4) Есептеулерді реттеу мен кредиторлық берешекті азайту жөніндегі
ұсыныстарды дайындау.
Кредиторлармен есеп айырысу жағдайын бақылауды ұйымдастыру келісім –
шарттық және есептік тәртіптің нығаюына тапсырылған ассортимент сапасы мен
өнімді жеткізу жөніндегі міндеттемелерді орындауға, кредиторлық берешекті
қысқартуға және соған орай шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық
жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.
Кредиторлық берешектің есепті кезеңнің басы мен аяғындағы жағдайы
баланста мынадай баптардың қалдықтарымен сипатталады:h4
1. Төленуге тиісті шоттармен вексельдер.
2. Алынған аваныстар.
3. Салықтар бойынша берешек.
4. Төленуге тиісті дивиденттер.
5. Негізгі компания мен еншілес ұйымдар арасындағы топ ішіндегі
операциялар бойынша берешек (берешек).
6. Акционерлік қоғамның лауазымды адамдарына берешек.
7. Басқадай кркдиторлық берешек.
Төленуге тиісті шоттар мен вексельдер бабын тексергенде аудитор оның
қалдығын 4110 Төленетін шоттар шотымен салыстыруы қажет, ол мыналар үшін
жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу жөніндегі ақпаратты
жинақтап қорытуға арналған:
а) алынған тауарлы материалдық қорлармен айналымнан тыс активтер,
орындалған жұмыстармен тұтынылған қызметтер.
ә) алынған тауарлы материалдық қорлар, айналымнан тыс активтер, есеп
қисап құжаттары әлі түспеген (фактураланбаған жеткізілімдер) жұмыстармен
көрсетілетін қызметтер.
б) қабылдау кезінде табылған тауарлы материалдық қорлар артығы мен
айналымынан тыс активтер.
в) тасымалдаумен тағы сол сиақты бойынша алынған қызметтер.
Бұл шот бойынша есептеулерді мынадай екі бағыт бойынша жүргізу қажет:
1. Қабылданған материалдық құндылықтар, орындалған жұмыс пен
көрсетілген қызмет үшін төлемнің дұрыстығын талдау.
2. Жабдықтаушылардан алынған тауарлы материалдық қорлар кіріске
алудың толықтығын талдау .
Аудитор жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысуды тексеру
бағдарламасын жасағанда, ішкі бақылаумен есеп жағдайын анықтайтын ішкі
аудит жұмысына да жүргізілген жұмысқа қаншалықты сүйенетіндігін айқындауы
тиіс.
Басқадай кредиторлық берешек
Қалдықтардың жыл басы мен соңындағы Басқадай кредиторлық берешек
баланстық бабы бойынша анық сенімділігін анықтауға назар аударған жөн.
Сонымен бірге оларды Бас кітапта көрсетілген 3350 Жалгерлік
міндеттемелері 4160 төленілетін сыйақы 3440 Басқалар шоттары бойынша
жиынтық қалдықтармен, сондай – ақ журнал - ордердің 3350, 4160, 3360 шот
кредиттері бойынша мәліметтермен салыстыру қажет.
Аудит Ақпарат көздері
процедуралары
1. Тауарлық – материалдық қорларды Шарттар, шот – фактуралар, төлем
алуға арналған құжаттарды ресімдеудіңтапсырмалары, кірістік құжаттар мен
дұрыстығы мен бар екендігін тексеру тағы сол сияқты.
2. Тауарлық – материалдық қорлардың Тиісті құжаттарды (коммерциялық акт,
саны мен сапасы жөніндегі тілек – теміржол станциясы түбіртектері,
талаптарды ресімдеудің дұрыстығын, салыстыру тізімдемесі және тағы
негізділігін және уақыттылығын тексеубасқа) жабдықтаушыға, теміржолға
немесе шаруашылығына талап қуаныдар,
8 журнал – ордер, бас кітап.
3. Алынған құндылықтарды кіріске Қабылдау актілері, жүк құжаттар, шот
алудың немесе орындалған жұмыс пен – фактуралар, кірістік ордерлер,
көрсетілген қызмет есебінің толықтығықойма есебі карточкалар, материалдар
мен уақыттылығын тексеру есебі тізімдемесі, 6 журнал – ордер,
бас кітап, баланс.
4. Жабдықтаушылар мен мердігерлерге Шарттар (сатып алу, бірлескен іс –
берешектің анық сенімділігін, қызмет туралы, опциондық) жобалық
шынайлығын және заңдылығын тексеру сметалық құжаттама, орындалған жұмыс
актілері, шот-фактуралар, төлем
тапсырмалары, 6 журнал – ордер, бас
кітап, баланс.
5. Вексельдерді пайдаланып, Вексель, 5,6 журнал – ордерлер,
жабдықтаушылар мен қосылған құн салықтық шот – фактуралар.
салығын алып тастап,
жабдықтаушылармен және мердігерлермен
есеп айырысудың дұрыстығын тексеру

Еңбеке ақы төлеу бойынша есеп айырысу
Жұмысшылармен қызметкерлерге еңбек ақы төлеуді тексерудің негізгі
міндеті – еңбек ақы төлеуде нормативтік – құқықтық актілердің сақталуын
бақылау, жалақыдан ұстап қалумен еңбекақы төлеуде бухгалтерлік есепті
жүргізудің дұрыстығын тексеру болып табылады.
Бақылау барысында қолданылатын ақпарат көздері болып 3430
Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу шоты бойынша аналитикалық
және синтетикалық мәліметтер өнімділіктің есебі және еңбекақы төлеуді
есептеу жөніндегі бастапқы құжаттар (мысалы, жұмыс істеген уақыт есебі
табелі мен нарядтар) уақытша еңбекке жарамсыздық парақтары еңбек демалысына
төлемді есептеу, нормативті құжаттар, бұл операцияны реттеитін Қазақстан
Республикасы Еңбек туралы заңы, Қызметкерлердің еңбегі мәселелері
жөніндегі әдістемелік ұсыныстар, олардың орташа олардың еңбек ақысын
есептеу тәртібі жөніндегі нұсқаулық және тағы басқа басшылыққа алынады.
Қызметкерлер мен еңбекке төлеу бойынша есеп айырысуларды тексеруді әр
айдың бірінші күндегі 3350 шоты бойынша аналитикалық есеп көрсеткіштерінің
және бухгалтерлік баланстағы, бір уақыттағы Баскітаптағы жазулар мен
сәйкестігін анықтап, бастаған жөн. Бұл үшін Бас кітаптағы қарастырып
отырған айлардың бірінші күндегі 3350 тізімдемесінің ведомостінің жиынтық
сомасымен (берілетін) кәсіпорын баланысындағысымен салыстыру қажет.
Айырмашылық табылғанда олардың есептерін анықтау керек. Сондай – ақ
мәліметтерді депозитке салынған еңбекақы есеп кітабы көрсеткіштерімен
салыстыру керек. Сосын бастапқы құжаттардың анық сенімділігін, толтырылу
дұрыстығын, олардың еңбекақы және еңбекті өтеудің басқа түрлерін есептеу
мен төлеу бойынша нормативті құжат талаптарына сәйкестігі тексеріледі.
Еңбекті уақыт бойынша төлеуде тарифтік мөлшерлеме немесе мәміле
шарттарын қолданудың дұрыстығы, кесімді төлеуде – жұмыстың сандық және
сапалық көрсеткіштерін орындау, нормаларымен баға қоюды қолданудың
дұрыстығы тексеріледі.
Еңбек пен оны төлеу есебі жөніндегі бастапқы құжаттарды тексергенде
орындалған жұмысы үшін жауапты лауазымды адамдардың қойылған қолдары бар
–жоқтығы, барлық деректемелердің толтырылу дұрыстығын, құжаттарда тазартып
өшірілген (ескертілмеген) түзетулердің бар – жоғын тағы басқа толық
анықтайды.
Жұмыс уақытымен нарядтар есебі табельін, сондай еңбекті төлеуді есептеу
жөніндегі бастапқы құжаттарды тексергенде, оларға ойдан шығарылған
(жасанды) тұлғаларды кіргізу жағдайлары бар жоқтығын анықтау қажет бұл үшін
оларды берген уақыттағы нарядтарды талдап шығу, нарядтармен жұмыс уақытының
есебі табельіндегі жұмысшылардың аты – жөндерін жеке құрам есебінің және
төленген сомалар туралы мәліметтері мен салыстыру керек.
Бұрын төленген бастапқы құжаттар бойынша қайтадан есептеу жағдайлары
бар – жоқтығын, бір адамның аты – жөндері бірнеше есептеу – төлемдік
тізімдемелерде (ведомствелерде) қайталануын тексеруде маңызды. Кәсіпорынның
тізімдік құрамында жоқ, аз уақыт жұмыс істеген адамдарға жазылған
нарядтарға, сондай - ақ төмен сапамен орындалған жұмысты қайта жасап,
ақауды жою бойынша нарядтарға ерекше назар аударған жөн.
Бастапқы құжаттармен есептік тізімдемелерді тексергенде арифметикалық
санаудың дұрыстығына ерекше көңіл бөлу керек.
Аудиторлық тексерудің жүзеге асатын одан әрі кезеңдері мыналар:
● төлемді есептеудің дұрыстығын іріктеп тексеру;
● жұмыстың қалыпты жағдайларынан ауытқу мен байланысты қосымша ақыны
ресімдеу тәртібі;
● құжаттық ресімдеумен іркіліс төлемі;
● өнімнің ақауын құжатпен ресімдеумен оны төлеу;
● түнгі мезгілдегі жұмысқа қосымша ақы;
● жұмыстан тыс уақыттағы еңбекті өтеу;
● мерекелік күндердегі жұмысқа төлеу;
● іс жүзіндегі заңнамада қарастырылған (еңбек демалысына , жұмыстан
шығу жәрдем ақысын төлеу және тағы сол сиақты) жұмыс пен өтелмеген уақытқа
төлем есептеу;
● уақытша еңбеке жарамсыздық бойынша жәрдем ақы есептеу;
● жалақыдан ұстаудың дұрыстығын тексеру.
Заңнамаларға сәйкес жалақыдан мыналар ұсталады: жеке табыс салығы,
зейнет ақы қорына аударымдар, бұрын берілген аванс бойынша берешекті,
сондай – ақ арифметикалық қате нәтижесінде артық төленген соманы өткізуге;
есеп беретін сома бойынша берешекті өтеуге; пәтерақы, баланың мектепке
дейінгі балаларға мекемеде тәрбиеленгені үшін, еңбеккерлердің кәсіпорынға
материалдық зиянның орнын толтыруға; ақшалай начеттер (заңсыз жұмсаған
қаржыны біреудің мойнына жазу); кредитке сатып алынған тауарға; газет пен
журналдарға жазылғандары үшін; орындалатын (үкім) құжаттар бойынша, өнім
ақауы үшін. Жалақыдан басқа ұсталымдар еңбеккерлердің келісімімен ғана
ұсталады.
Жеке табыс салығы Қазақстан Республикасының Салықтар және бюджетке
міндетті басқа төлемдер туралы Кодексімен белгіленген тәртіп пен мөлшерде
ұсталынады.
Зейнетақы жарнасын ұстауы және төлеу қызметкердің ай сайынғы табысының
10% мөлшерінде жасалады.
Қарызға алынған тауарлар үшін ұсталымдар азаматтарға ұзақ пайдалану
үшін кредитке тауарлар сату ережелерінде қарастырылған тапсырма –
міндеттеме негізінде жасалады.
Қызметкерлер келтірілген материалдық зиянның орнын толтыру үшін ұсталым
кәсіпорын бойынша (еңбеккерлердің келісімі болғанда) бұйрық негізінде не
болмаса сот шешімі бойынша атқарылады.
Тексеру қорытындысында мыналарды анықтау қажет.
● шығыстарды еңбекке ақы төлеу қорына жатқызудың дұрыстығы;
● жеке төлемдерді өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметтің) өзідік
құнына жатқызудың дұрыстығы;
● бухгалтерлік өткізбе желілері (провоткаларды) еңбекті өтеу қоры
бойынша жасаудың дұрыстығы;
● синтетикалық және аналитикалық есепті, жиынтық мәліметтерді және
еңбекке ақы төлеу қоры бойынша бухгалтерлік есеп беру формаларын толтырудың
жүргізудің дұрыстығы;
● 3350 Қызметкерлер мен еңбекақы бойынша есеп айырысу шоты арқылы
орындайтын үкім қағазы және депозитке салынған еңбекақы, 8,10 журнал –
ордерлердегі (есептің журнал – ордерлік формалары) жазбасы, Бас кітап пен
баланс жағынан аналитикалық есеп жазбаларының сәйкестігі.
h43. Ағымдағы міндетті активтің функциялары
3.1 Сатып алу, өндіріс және өткізу циклдері
Жүргізу толықтығына қарай аудит кешенді, функционалды және локальді
болады. Аудит түрлерінің әрқайсының өзіндік ерекшеліктері бар. Функционалды
аудит ретінде әр түрлі сатыдағы процесс, цикл және шаруашылық іс – қызметі
түрлері бойынша белгілі бір басқару функцияларын атқару жағдайын мақсатты
түрде бақылау түсіндіріледі. Операциялық аудиттің осы түрінің маңызды
сипаттамалары арасында ең алдымен зерттеудің тереңдігі мен аудиторлардың
бизнесті басқарудағы әр түрлі функциялары бойынша еңбекке мамандану
мүмкіндігін атап айтқан жөн. Функционалды аудит шеңберінде менеджмент,
маркетинг, қаржы, бухгалтерлік есеп, экономикалық талдау, еңбек,
материалдық және қаржылық ресурстарды басқару жағдайын ішкі шаруашылық
бақылау функциялары орындауды тексеру жасалады.h4
Тауарлы – материалдық қорларға сатып алу циклінің функционалды аудитін
қаржылық есеп берудің мәліметтерін және белгілі бір кезең ішіндегі олардың
қозғалысы туралы алғашқы құжаттарды қарастырудан басталады. Бастапқы есепті
ұйымдастыруда қабылдауды, құжатта ресімдеуді, тиеу – тасу жұмыстарын,
материалдық ресурстардың қозғалысын, сақталуын және ұтымды қолданылуын
бақылау мен орналастыруды тікелей жүзеге асыратын қойма шаруашылығы
қызметкерлері маңызды рөл атқарады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілерді сатып алу, өндіріс және дайын өнімді
өткізу циклдерінің функционалды аудитінің маңызды кезеңдері мыналар:
1. Материалдық ресурстар мен жабдықтауды ұйымдастыру жағдайын тексеру.
2. Қалыптасқан тауарлы – материалдық қорларды басқару жүйесін талдау.
3. Қорлардың жағдайын және олардың қолданылу деңгейін бағалау.
4. Қойма шарушылығын ұйымдастырудың жағдайын тексеру.
5. Тауарлық – материалдық қорлар мен жасалатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дебиторлық берешектердің аудиті
Ұйымның бухгалтерлік есептің мәні және ұйымдастырылу тәртібі
Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру
Кредиторлық берешек аудитінің есебі
Ұзақ мерзімді міндеттемелер аудиті
Дебиторлық борыштар есебінің аудиті
Дебиторлық берешек есебін ұйымдастыру
Бухгалтерлік есеп теориясындағы материалды емес активтердің есебі
Активтер аудиті
Бухгалтерлік есеп бойынша дәрістер
Пәндер