Қарым-қатынас жайлы түсінік және оның түрлері


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
  1. Қарым-қатынас жайлы түсінік және оның түрлері.
  2. Адам психикасының дамуындағы қарым-қатынастың рөлі.
  3. Қарым-қатынас жасаудың техникасы және әдіс тәсілдері.
  4. Қарым-қатынастың даму жолдары.

1. Адам және әртүрлі жоғарыда сатыдағы жануарлардың өмір сүру жағдайларын қарастырсақ, онда олардың екі жақты байланысты жүзеге асыратынан байқаймыз. Біріншісі - табиғатпен байланысы, ал екішісі байланыстың өзгешеліктері тіршілік иелерінің бір-бірімен өзара әрекеттеліп, ақпарат алмасуында және бұл байланыс түрі қарым-қатынас деп аталады.

Қарым-қатынас барлық тірі-тіршілік иелеріне тән қасиет, бірақ, адамдар арасында өте жоғары дәрежедегі мәнге ие. Жалпы қарым-қатынас 3 аспектіден тұрады: қарым-қатынас мазмұны, мақсаты және құрамы.

Қарым-қатынас дегеніміз - байланыс жасау барысында өзара алмасатын мәліметтердің сипаты. Мазмұнына қарай қарым-қатынас материалдық, когнетивтік, кондициялық, мотивациялық және іс-әрекеттік болып бірнеше түрге бөлінеді.

Материалдық - адамның өзара алмасатын заттары мен іс-әрекет құралдары.

Когнетивтік - адамның бір-бірімен байланысы барысында алмасатын мәліметтер: білім, ептілік т. б.

Кондициялық - адамдардың психикалық және физиологиялық күйлерінің алмасуы.

Мотивациялық - адамдардың ізденушіліктерінің, мақсаттары мен қызығушылықтарының, мотивтерінің айырбасы.

Іс-әрекеттік - адамдардың өзара іс-әрекеттері, іскерліктері, еңбек дағдылары арасындағы байланыс.

Қарым-қатынасқа түсудің мақсаты анықтайтын аспектінің бірі бұл - қарым-қатынас мақсаты. Адамдар арасында қарым-қатынасқа түсу мақсатының сандық көрсеткіші күннен-күнге артуда.

Атап айтқанда: объективті түрде жан-жақты білім алу немесе білім беру, оқу және тәрбие алу, жеке және іскерлік қатынас орнату т. б.

Мақсатына қарай, олардың қажеттіліктеріне сәйкес биологиялық және әлеуметтік болып бөлінеді.

Биологиялық - организмді сақтау, жетілдіру, дамытуға арналған барлық қажеттіліктер қарым-қатынасы. Әлеуметтік - жеке индивидтің дамуындағы интерперсоналдық қатынасты орнату және дамыту, жеке аралық қатынасты кеңейту және нығайту мақсатында қолданылтын қарым-қатынас.

Адамдарда табиғаттан берілетін қарым-қатынас құралдарынан басқа да, өздерінің ойлап тапқан жасанды ақпаратты жеткізу құралдары аз емес. Бұл -тіл және басқа да таңбалық әдістер, жазудың әртүрлі түрлері мен формалары (мәтін, кесте, сызба т. б. ), техникалық таспаға жазу және мәліметтерді (радио және видеотехника; механикалық, магниттік, лазерлік және т. б. баспаға шығару түрлері) . Қарым-қатынас құралы жанама және тікелей болуы мүмкін.

Аспектілермен басқа да қарым-қатынас бірнеше түрлерге бөлінеді: іскерлік, жекелік, инструментальды, мақсатты.

Іскерлік - іскерлік қарымс-қатынасқа түсу үшін қолданылатын қарым-қатынас түрі.

Жекелік - жеке проблемаларын шешу үшін, ішкі психологиялық жай-күйін бөлісу үшін қолданылатын қарым-қатынас түрі.

Инструментальды - адам өзінің қажеттілігін іске асыру үшін емес, өзінің белгілі бір мақсаты үшін емес, басқа бір мақсатқа байланысты қарым-қатынсқа түсу түрі.

Мақсатты-өзінің белгілі мақсаты үшін қарым-қатынасқа түсу түрі.

2. Адамның психикасының дамуына және білімді, мәдениетті болып қалыптасуына қарым-қатынастың орны ерекше.

Бүкіл танымдық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жеке тұлға ретінде қалыптасқан, психологиялық жағынан дамыған тұлғамен байланыс жасай отырып, адам өзін жеке тұлға ретінде қалыптастырады.

Егер адамның қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігі болмаған жағдайда, адамдық қасиеттері жоқ, тек қана физиологиялық тұлғасы ғана адамға ұқсас жануар іспеттес болып қалыптасуы мүмкін еді.

Балының психикалық дамуы қарым-қатынсас арқылы басталады. Бұл әлеуметтік белсенділіктің алғашқы белгілері болып табылады. Баланың қарым-қатынасы арқылы алғашқыда еліктеушілік немесе викарлық, содан соң ауызша немесе вербальдық түрдегі қарым-қатынастың өмірлік тәжірибелері жинақталады.

Әрбір қарым-қатынаста түрлерінің бала психикасының дамуында өзіндік олар орындары бар. Мысалы, жекелік қарым-қатынас баланың жеке тұлға болып қалыптасуына, мінезін, қызығушылығын, жағымды әрекеттерді қалыптастыруға, өмірлік мақсатын анықтап, оны жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады.

3. Адамның дұрыс қарым-қатынасқа түсе білуі оның мәдениеттілігіне, тәрбиесіне, біліміне, даму деңгейіне және өмірлік тәжирибесіне байланысты. Қарым-қатынасқа түсудің тәжірибесін, даму деңгейін айтқанымызда, ең алдымен, техникасы мен әдіс-тәсілдері жайлы айтамыз.

Қарым-қатынас техникасы дегеніміз адамның басқа адамдармен қарым-қатынасы кезіндегі жай-күйі және сол адамдарға икемделе алу қабілеті, ал әдіс-тәсілдері дегеніміз - қарым-қатынас кезінде керекті әдісті таңдай білу қабілеттілігі (вербальды немесе вербальды емес) .

Басқа адаммен қарым-қатынасқа түсер алдында ең алдымен ол адамға жеке тұлға ретінде қарап, дұрыс қарым-қатынас техникасын, әдіс тәсілдерін таңдап, адам өз қызығушылығы мен байланысқа түсетін адамның қызығушылығының ара қатынасын анықтап алуы керек. Содан соң ол адамның қадам жасауын және әңгіменің нәтижесін қадағалап, өзіне деген көзқарасын анықтап алуы керек, яғни келесіде қарым-қатынасқа түсуге ықыластылығын анықтау.

Қарым-қатынас техникасының ең негізгі элементтері: дұрыс бет-әлпет бейнесін қалыптастыру, алғашқы сөз бен айтылу тонын таңдау, қарым-қатынасқа түсетін адамның қызығушылығын, ынтасын арттыру үшін дұрыс дене қимылдарын таңдау. Жалпы бұл элементтерден басқа да әр түрлі қарым-қатынас техникасының түрлері бар. Мысалы, кері байланыс. Әңгімелесушінің қарым-қатынас техникасын, әдіс-тәсілдерін бақылап, әңгімелесуші жайлы мәліметтер ала білу қабілеттілігі.

Адамның коммуникациялық қаблеттілігі оның осы кері байланысты дұрыс пайдалана білуіне байланысты.

4. Тірі тіршілік иелерінің қарым-қатынасқа түсу қабілеті орило-және онтогенезде дамиды. Дамудың бұл жолы қарым-қатынастың ең негізгі аспектілерін қамтиды мазмұнын, мақсатын және құралын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Менеджмент психологиясы бойынша дәрістер
Қарым қатынас психологиясы туралы түсінік
Топ аралық қарым - қатынас психологиясы
Құқықтық қатынас түсінігі және оның элементтері
Ұғынымды ойлау
Психикалық құбылыстардың топтастырылуы
Мектепке дейінгі ересек жастағы (5 жастан 6 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «біз мектепке барамыз» бағдарламасы
Психологиялық тренинг-оқытудың арнайы ұйымдастырылған формасы
Психология пәні, мақсаты, міндеттері мен әдістері Психология пәні, міндеттері мен әдістері
Мектеп жасына дейінгі балалардың сенсорлық дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz