Салық режимдерінің қазіргі уақыттағы ұйымдастыру жүйесі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1 – тарау. Кәсіпкерліктің экономикадағы методологиялық әдістері
1. Кәсіпкерге сипаттама
2. Кәсіпкерлік қызмет салаларының жіктелуі
3. Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамыту

2 – тарау. Салық режимдерінің қазіргі уақыттағы ұйымдастыру жүйесі
2.1. Салық режимдері
2.2. Шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне арналған арнаулы салық
режимдері
2.3. Бір жолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимдері
2.4. Патент негізіндегі арнаулы салық режимінің таңдау ерекшеліктері

3 – тарау. Қазақстандағы кәсіпкерлік қызмет барысындағы салық режимын
таңдауды жетілдіру жолдары

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2006 жылғы 1
наурызындағы Қазақстан халқына Қазақстан өз дамуындағы серпіліс жасау
қарсаңында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барына қабілетті елу елдің
қатарына кіру стратегиясы атты Жолдауында: Қазақстан бүгінгі таңда
әлеуметтік –экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа
кезеңіне қадам басқалы тұр деп еліміздің дамуы болашағында алға қойған
шаралардың ауқымдылығын айта кетті.
Сондай-ақ, Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес
дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық
таулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне
лайық орнын иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам
бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2004 жылғы
18 ақпандағы Қазақстан халқына Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге
қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін Жолдауында:
Біздің қатаң бәсекеге әзір тұрып, оны өз мүддемізге пайдалана білуіміз
керек. Қазақстан көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене
қатыса алады,қатысуға тиіс те, өйткені олар біздің жаһандық
экономикағакіруімізге жәрдемдеседі әрі сол арқылы біздің экономикалық-
географиялық жағдайымызға және қолымыздағы ресурстарға сүйенеді деген
жолдарын ерекше атап өтуімізге боладыБүгінгі күні кәсіпкерлік қатынастардың
қалыптасуы және дамуы, кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-құқықтық салаларының
және кәсіпкерлік қызметтің мемлекеттік–құқықтық бақылау әдістерінің
жетілдірілуІ Қазақстан экономикасының қайта құру жолында тұрақты
орныққанының айқын дәлелі болып отыр.
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті дүниежүзілік қолдау
кәсікерлік қызметке деген ынтаға елеулі түрде тәуелді болып табылатын
ілгерлеушілік, тек кәсіпкерлер үшін ғана емес, сондай-ақ нарықтық
экономиканың тұрақтану үшінде маңызды болып отыр.
Әлемдік тәжірибе, нарықтық экономикасы дамыған елдерде де шағын
кәсіпкерлік халық шаруашылығының дамуына, әлеуметтік мәселелерді шешуге,
жұмыспен қамтылған адамдардың санының өсуіне үлкен әсерін тигізетінін
көрсетіп отыр.
Шағын бизнес субъектілерінің жұмыспен қамтылған адамдар санына,
тауарды шығару мен өткізу, көрсетілетін қызметтер мен орындалатын жұмыстар
көлеміне байланысты олар жекелеген елдерде жетекші рөлді иеленеді.
Қазақстанда қабылданған заңдық және нормативтік актілерде, елде шағын
кәсіпкерліктің дамуы бәсекелестіктің дамуына, тұтыну нарығының тауарлар
және қызметтермен толықтырылуына, жаңа жұмыс орындарының қалыптасуына,
кәсіпкерлердің және жеке меншік иелерінің санының өсуіне өзіндік үлесін
қосатын экономикалық реформаның бағыттарының бірі деп көрсетілген.
Шағын кәсіпкерлік субъектілері нарықтық экономика субъектілері ретінде
өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктерді де иеленеді. Жеке кәсіпкерліктің
дамуында шетелдік және отандық тәжірибеге талдау жасай отырып, келесі
артықшылықтарды көрсетуімізге болады: жергілікті шаруашылық шарттарына
жылдам бейімделуі; шағын кәсіпкерлік субъектілерінің әрекеттеріндегі елеулі
тәуелсіздігі; шешім қабылдау мен қабылданған шешімдерді орындаудағы
жеделдігі мен икемділігі; салыстырмалы түрде жоғары емес шығындар, әсірессе
басқару шығындарының төмен болуы; жеке тұлғаның өз идеяларын жүзеге
асыруға, өз қабілеттін көрсетуге зор мүмкіндігінің болуы; капиталға әлде
қайда төмен қажеттілік пен жергілікті нарық талаптарына сай өндіріске және
өнімге жылдам өзгерістер енгізу мүмкіндігі; меншік капиталының жоғары
қарқында айналысы және т.б.
Сонымен қатар, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметінде анықталған
кемшіліктер де бар, оның ішінде ең негізгілері ретінде келесілерді
айқындауға болады: тәуекелдің жоғары деңгейіне байланысты нарықтағы
жағдайының тұрақсыздығы; ірі компанияларға тәуелділігі; істі басқарудағы
жетіспеушіліктер; жетекшілердің біліктіліғінің нашарлығы; шаруашылық ету
жағдайлардың өзгеруіне жоғары сезімталдық; қосымша қаржы құралдарын тарту
мен несие алудағы қиындықтар; келісімшарт жасау кезіндегі шаруашылық
әріптестерінің сенімсіздігі және абайлылығы.
Әрине, шағын кәсіпкерлік субъектілері қызметіндегі сәтсіздіктер мен
кемшіліктер шағын кәсіпорындардың қызмет ету шартына байланысты ішкі және
сыртқы себептермен анықталады.
Тұтастай алғанда, шағын компаниялардың қызметі экономиканың икмділігін
арттырушы маңызды фактор болып табылады. Шағын бизнестің даму деңгейі
байланысты мамандар елдің өзгермелі экономикалық жағдайларға бейімделу
қабілетіне баға береді.
Нарықтық қатынастардың алғашқы дамуы кезеңінде Қазақстан үшін қоғамның
әлеуметтік қайта құрылуының негізі- осы шағын кәсіпкерлік секторының
қалыптасуы және дамуы болып табылды. Ол мемлекеттің бүкіл шаруашылығының
нарықтық экономикаға өтуін және халықты дайындауды қамтамасыз етті.
Сәтсіздіктер мен қиындықтарға қарамастан шағын кәсіпкерлік дамып, өсу
қарқынын алып, экономикалық- әлеуметтік, ғылыми-техникалық мәселелерді
шешуге үлесін қосуда.
Дегенмен кәсіпкерлік ортаны талдай келе, шағын кәсіпкерліктің дамытуға
мемлекеттің және Қазақстан Республикасының өзге де көптеген субъектілерінің
ерекше көңіліне қарамастан, оның дамуын тежеп отырған бірқатар себептерді
бөліп қарастыруға болады.
Біріншіден, мемлекеттегі қиын экономикалық жағдай: инфляция,
өндірістің төмендеуі, шаруашылық байланыстардың үзілуі, төлем қабілетінің
нашарлауы, пайыз мөлшерлемесінің жоғары деңгейі, кәсіпкерлердің құқықтық
қорғалуының әлсіздігі.
Екіншіден, кәсіпкерлердің құқықтық және ұйымдастырушылық –
экономикалық білімінің төмен деңгейі, қызмет этикасының болмауы,
мемлекеттік сектор мен шағын бизнесте шаруашылық мәдениеттің болмауы.
Үшіншіден, шағын кәсіпкерлікті қолдаудағы мемлекеттік механизм
қызметінің әлсіздігі.
Осыдан бұл жұмыстың өзектілігі шығады, мұнда Қазақстан Республикасында
шағын бизнестің дамуында арнайы салық жүйесінің ықпалдасу механизмін
жетілдіру жолдарын анықтау басты мақсат болып табылады. Осыған орай келесі
тапсырмалар шешіледі: арнайы салық жүйесінің қызмет механизмін қарастыру,
Қазақстан Республикасының бюджетіне салықтың жеке түрлерінің төлену
формаларын оқу; Қазақстан Республикасында арнайы салық жүйесінің
қолданылуына сараптама.

1 – тарау. Кәсіпкерліктің экономикадағы методологиялық әдістері

1. Кәсіпкерге сипаттама

Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі істей білу. Іс істеу –
адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік және іскерлік – адамның
еркін өмір сүру түрі. Белсенділік, іскерлік адамдардың мінез-құлқы
типтерімен байланысты болатын шығар. Кәсіпкерлік екі мағынада
пайдаланылады: біреуі – белгілі бір істің түрі; екіншісі – сол іспен
шұғылданатын нақтылы қоғамдық тап. Кәсіпкерлік деген ұғым өмірде
экономикалық белсенділікке қолданылады. Антогонистік қоғамда, ол адамды
адамның қанауы, ал кәсіпкерлер табы қанаушы тап болады.
Экономикалық белсенділік – бұл барлық энергетикалық процесс тауар
өндірісімен айырбас арқылы пайда табуымен байланысты. Өндірісте, айырбаста
шектелген белсенділігін емес, адамдардың жан-жақты белсенділігін талап
етеді. Сондықтан экономикалық белсенділік, іскерлік еріксіз немесе еркін
болуы керек.
Кәсіпкерлік – ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі,
қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталды: көпестер, саудагерлер, қол
өнері қызметкерлері. Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал
жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында қолдап жұмыс істеген.
Бұл тауарлы өндірістің бастапқы жабайы түрі.
ХVІ ғасырдың ортасынан бастап акционерлік капитал пайда болды,
акционерлік қоғамдар құрыла бастады. Мысалы, 1554 жылы Англия сауда
компаниясы, 1660ж. Ост-Индия сауда компаниясы. ХVІІ ғасырдың аяғында
акционерлік банктер іске қосылды.
Ресейде, Қазақстанда кәсіпкерлік ерте заманнан келеді. Қазақстанның
көшпелі шаруашылық жағдайында кәсіпкерлік еркін дамыған жоқ. Ресейде Петр І
патшалық ету кезеңінде кәсіпкерлік ерекше дамыды, бірақ крепостной қоғам
тежеді. Капитализмнің дамуымен кәсіпкерлік те дамыды. 1861 жылғы реформадан
кейін темір жол құрылысы, ауыр өнеркәсіп салалары орын алды.
Кәсіпкерліктің субъектісі – жеке адамдар, сонымен бірге, заңды
тұлғалар, біріккен серіктестер: арендалық ұжым, ашық және жабық акционерлік
қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, әртүрлі бірлестіктер.
Кәсіпкерліктің ерекшеліктері:
- дербестік және тәуелсіздік;
- экономикалық ынталылық;
- шаруашылық тәуекел және жеке жауапкершілік;
- жаңашылдық.
Экономиканың негізін екі фундаментальды ақиқат құрайды. Олар шын
мәнінде экономиканың барлық проблемаларын қамтиды.
Бірінші ақиқат: қоғамның материалдық қажеттілігі шексіз немесе
тойымсыз.
Екінші ақиқат: экономикалық ресурстар шекті немесе сирек.
Экономикалық ресурстар дегеніміз – тауар өндіруде қолданылатын барлық
табиғат, адам және адамдардың өндірген құрал жабдық ресурстары. Олар:
фабрика, зауыт және ауылшаруашылық құрылыстары; әртүрлі жабдықтар,
инструменттер, өндірістік тауарлар мен ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге
қолданылатын машиналар; әртүрлі транспорт, байланыс құралдары; материалдық
байлықты өндіруге қатынасатын алуан түрлі еңбектер; жер және қазбалы
байлықтар. Олар мынандай үлкен екі категорияға бөлінеді:
1. Материалдық ресурстар – жер оның табиғи байлығы және капитал;
2. Адамдар ресурсы – еңбек және кәсіпкерлік қабілеттілік.
Жер – деген түсінікке барлық табиғи ресурстар жатады, өндірісте
қолданылатын барлық табиғаттың әншейін байлығы. Оған мынандай ресурстар
кіреді: жыртылған жер, жайылыстар, ормандар, минералдар мен мұнайдың кен
байлықтары, су ресурстары т.б.
Капитал немесе инвестициялық ресурстар - барлық өндірілген өндіріс
құралдары, яғни инструменттер, машиналар, жабдықтар, фабрика – зауыттар,
қойма, тарнспорт, құралдарының барлық түрлері және тауар өткізу торабы.
Құрал жабдықтарды өндіру және қорландыру процесін инвестициялау дейді.
Тауарлар екіге бөлінеді: 1. Инвестициялық тауарлар, олар тұтыну
тауарларын өндіруді қамтамасыз етеді; 2. тұтыну тауарлары қоғамның қажетін
тікелей қанағаттандырады. Инвестициялық тауарға ақша капиталы кірмейді.
Ақша ештеңе өндірмейді, яғни экономикалық ресурсқа жатпайды. Ақша – бұл
финанс капиталы, яғни нақты капитал емес, жалған капитал.
Еңбек – бұл кең мағыналы термин. Экономистер оны адамдардың тауар
өндіру және қызмет көрсетудегі күш ақыл-ой қабілеттіліін бейнелейді.
Кәсіпкерлік қабілеттілік – адамдардың ерекше таланттылығы. Оны түсіну
үшін кәсіпкердің төрт функциясын түсіну керек.
1. Кәсіпкер барлық ресурстарды: жер, капитал, еңбекті өнім өндіру
процесіне қосу ынтасын өз жауапкершілігіне алады, яғни өндірістің қозғаушы
күші, себебі істеген ісі пайда беретініне сенеді.
2. Кәсіпкер өндіріс процесінде барлық негізгі шешімдерді өз қолына
алады және фирманың іс бағытын айқындайды.
3. Кәсіпкер – бұл жаңашыл, коммерциялық негізде жаңа тауар өндіруді,
жаңа технологияны енгізу, бизнесті ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуге
аянбай жұмыс істейтін кісі.
4. Кәсіпкер – бұл тәуекелге баратын кісі. Тәуекелге бару үшін
істелетін істің егжей-тегжейін айқын талдап, қортындысында ие болатынын
білген жөн. Кәсіпкер тек қана өз уақыты, еңбегін, іс қабілеттілігін
тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің және өзінің
серіктестерінің немесе акционерлердің қаржыларын тәуекелге салады.
Кәсіпкерлік істің қозғаушы күші – мол пайда табу. Өндіріс факторлары
жеке кәсіпорындарға ақшалай табыс ретінде беріледі.
1. Материалдық ресурстар бергені үшін капиталға пайыз алады.
2. Жер, су бергеніне рента алады.
3. Жұмыс күшін жалдағаны үшін еңбек ақы алады.
4. Кәсіпкерлік табысты пайда деп атайды, ол зиян да болуы мүмкін.
Экономикалық ғылым сирек ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі ғылым
екенін кәсіпкер жеке түсінуі керек. Экономикалық тиімділік – бұл шығын-
өнім мәселесін қамтиды. Экономикалық тиімділіктің критериясы әрбір өнім
бірлігіне шаққанда неғұрлым аз шығын жұмсау. Қорытып айтқанда қоғам барлық
ресурстарды тиімді пайдаланып неғұрлым көп өнім өндіруге талаптанады. Ол
үшін ресурстарды толық іске қосып толық қамтуға және өндіріс көлемін толық
қамтамасыз ету қажет. Толық қамтылу деген пайдалануға жарамды барлық
ресурстарды іске қосу, жұмысшылар жұмыссыз қалмауы керек; егіске жарамды
жерлер, күрделі жабдықтар бос тұрмауы, яғни барлық жарамды ресурстарды іске
қосу керек. Ресурстардың барлығы жұмыс істесе шығын көбейеді: жұмысшылар
еңбек ақы алады, инвестициялық тауарлар сатылады т.б. яғни ел байиды, нарық
тауарға толады, адамдардың әлеуметтік тұрмысы жақсарады. Қазақтың мақалы
бар шығын болмай, тығын болмайды деген. Қоғамның өмір сүру негізін
материалдық өндіріс, яғни адамдарға қажет байлықты өндіру құрайды.
Кәсіпкер өндірістің негізгі үш факторын іске қосып, өзі төртінші
фактор болып ресурс иелеріне төлем төлеуді қамтамасыз етеді: жұмыс күшіне
еңбек ақы; капиталға пайыз; жер иелеріне рента; кәсіпкерлерге кәсіпкерлік
пайда.
Социализм мен капитализмнің экономикалық айырмашылығы: біріншісінде
жұмыс күшінің өндірген қосымша құны бүкіл қоғам мүддесіне жұмсалады, ал
екіншісінде – қосымша құн үшке бөлінеді: пайызға, рентаға және кәсіпкерлік
пайдаға.
Жаңа қоғамның негізін тұрақты, тиімді құру үшін кәсіпкерлер табын
даярлау керек. Кәсіпкерлік қабілеті қаражаты бар тапты құру үшін, бірінші,
білім керек, екінші, өкімет экономикалық саясатын түбегейлі қайта қарауы
қажет. Елдің болашақ тағдырын білікті кәсіпкерлер шешеді және олар өз
елінің гүлденуіне аянбай жұмыс істейтін, өзінің де пайдасын табатын, іскер
азаматтар болуы керек.

2. Кәсіпкерлік қызмет салаларының жіктелуі

Кез-келген экономикалық қызмет ұдайы өндіріс циклының типтік фазаларына
байланысты болғандықтан, кәсіпкерлік қызметтің келесі түрлерін бөліп
көрсетеді: өндірістік, коммерциялық, қаржылық кәсіпкерлік.
Соңғы он жылдықта әлемнің барлық экономикалық дамыған елдерінде
кәсіпкерліктің жеке түрі ретінде кеңестік (консалтинг) кәсіпкерлік бөліп
көрсетілуде.
Көрсетілген кәсіпкерліктің түрлерінің ішінде әр қайсы бірнеше түрлерге
бөлінген. Өндірістік кәсіпкерлікті кәсіпкерліктің жетекші түрі деп атауға
болады. Мұнда өнімді, тауарларды өндіру, жұмыс, қызметтер көрсету жүзеге
асады, белгілі бір рухани құндылықтар жасалады.
Бірақ осы қызмет сферасы нарықтық экономикаға көшу кезінде көп,
жағымсыз өзгерістерге ыдырады:
• Шаруашылық байланыстар ыдырады;
• Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бұзылды;
• Өнімді өткізу күрт төмендеді;
• Кәсіпорындардың қаржы жағдайы нашарлады.
Кәсіпкер алдымен өндірістік қызмет түрін таңдайды, басқа сөзбен
айтқанда, қандай тауарлар, жұмыстар, қызметтер өндіретінін ойлайды.
Одан кейін ол тауарды сатып алатын әлеуетті тұтынушылармен қатынас
жасайды. Басқаша айтқанда кәсіпкерлікке маркетингтік қызмет кіреді.
Келісімнің бұл фазасы заңдық жасалуы мүмкін.
Өндірісті жүзеге асыру үшін кәсіпкер өндіріс факторларын қолданады:
жұмысшы, өндірістік қорлар, материалдар, ақпараттар. Бас кезінде өндіріс
факторларының біразы кәсіпкердікі болуы мүмкін, ал жетіспейтіні ол бастамас
бұрын немесе кәсіпкерлік қызметтің жүзеге асу процесінде алуға мәжбүр
болады.
Кәсіпкер өз күшімен орындай алмайтын қызметтер мен жұмыстар қажет
болса, онда ол басқа ұйымдар мен адамдарды тартады.
Жұмыстар мен қызметтер ақша төлеуді талап етеді. Егер кәсіпкерде
бастапқы капитал болмаса, ал ақшасы барлардан қарыз алуға мәжбүр болады.
Өндірістік кәсіпкерліктің нәтижесі өндірілген тауардың белгілі көлемін
тұтынушыға сатып, оларға ақша түсімін алу.
Венчурлық бизнес. Инновациялық кәсіпкерлік туралы айта отырып, соңғы
жылдары кең дамыған венчурлық бизнесті еске салуға болады.
Венчурлық бизнес, әдетте тәуекелді бизнес ретінде түсіндіріледі. Бұл
технологиялық жаңалық еңгізудің бір түрі.
Вечурлық бизнес ғылыми зерттеулердің нәтижесі ғылымды көп қажет ететін,
жоғары технологиялық облысты коммерцияландыруға тән, тиімді алу кепілдігі
жоқ және тәуекел үлесі жоғары.
Венчурлық фирма дегеніміз, әдетте, алдын ала анықталмаған табыспен,
яғни капиталды тәуекел салыммен, жаңа технологияны және өнімді жасаумен
енгізумен айналысатын коммерциялық ғылыми-техникалық фирма.
Коммерциялық кәсіпкерлік. Коммерциялық кәсіпкерлікте негізгі рольді
тауар-ақша, сауда-айырбас операциялары атқарады. Бұл сатып алу - сату
бойынша келісімдер.
Өнімді шығаруға қажет өндірістік қорлармен қамтамасыз етудің қажеті
жоқ.
Коммерциялық келісімді нарықты талдау бастайды, нәтижесінде тауарды
сатып алу және сату көлемі, сатып алу бағасы, өткізу бағасы болжанады.
Коммерциялық келісім бағдарламасына жатады:
• Сатып алу операцияларын орындауға, тасымалдауға, тауарды сатуға, жарнама
жұмысын және т.б. жүргізуге қызметкерді жалдау;
• Келесі сату үшін тауарды сатып алу;
• Тауарды сақтау және өткізу үшін орындар, қоймалар, сауда нүктелерін
жалдау;
• Келісімге тікелей қатыспайтын, бірақ өздерінің ақылы қызметтерін ұсынатын
басқа ұйымдар мен адамдардың қызметтері мен алу және ақы төлеу;
• Келісімді қаржыландыру үшін қарызға ақша қаржыларын тарту және соңынан
пайызбен қарызды қайтару;
• Келісімді жасауға қажет ақпараттарды алу;
• Тауарларды тұтынушыға өткізу және түсім алу;
• Келісімді тіркеу, салық төлеу.
Қаржы кәсіпкерлігі. Қаржы кәсіпкерлігінде сатып алу, сату объектісі,
ерекше тауар, ақша, валюта, құнды қағаздар.
Коммерциялық қызметтің басқа түрлері сияқты, қаржы-қарыз келісімін
құнды қағаздар нарығын талдаудан және әлеуетті тұтынушыларды іздеуге,
табуға байланысты маркетингтік қызметтен бастайды.
Қаржы кәсіпкерлігінде қызметтің ерекше түрі бөліп көрсетіледі, кәсіпкер
құнды қағазды өндіреді, оны сатады, белгілі жағдайда және міндеттемеде
қаржы тауары ретінде орналастырады. Оның кәсіпкерлік қызметінің мәні
осында.
Қаржы кәсіпкерлігі ақпараттарды біраз көздерден алуды талап етеді. Бұл
ақшаны, валютаны, құнды қағаздарды әлеуетті тұтынушылар туралы, валюта
курсы, қарыз пайызы туралы, қаржы қарыз операцияларын жүзеге асыру шарттары
және оларды жасау тәртібі туралы, кәсіпкерге қажет ресурстар көзі туралы
мәліметтер. Егер мұндай ақпараттар кәсіпкерде болмаса, ол төлеуге сыртқы
көздерден оны алуға және оған ақшалай сыйлық мәжбүр болады.
Қаржы келісімінің негізгі бөлігі (тұтынушыға ақшаны, валютаны, құнды
қағазды сату) ерекше назарды және мұқият ресімдеуді қажет етеді.
Сатып алушының қаржылық жағдайын мұқият тексеріп, кепілдік мүмкіндігін
бекітіп, сатып алушы үшін кепілдік беруге келісуші кепілді анықтау қажет.
Кеңес кәсіпкерлігі. “Консультант” сөзі латынның “кеңес беруші” сөзінен
шыққан. Өз мамандығының сұрақтары бойынша кеңес беретін, белгілі облыстағы
маман. Шетел тәжірибесінде басқару сұрақтары бойынша коммерциялық, ақылы
кеңес консалтинг деп аталады.
Консалтингтік қызметтер ауызша бір рет айтылатын кеңес түрінде жүзеге
асуы мүмкін. Көбінесе олар консалтингтік жоба түрінде ұсыналады және оған
келесі негізгі кезеңдер кіреді:
• Мәселені анықтау (диагностика);
• Шешімдерді, жобаны жасау;
• Шешімдерді, жобаны жүзеге асыру.
Жобаның көлеміне байланысты қорытынды кезең бірнеше күннен бірнеше
айларға созылуы мүмкін. Кей уақытта клиенттен қатынас бірнеше жыл болуы
мүмкін.
АҚШ-та жеке консалтинг саласы – бұл 700 мың адам, ал қызметінің жылдық
көлемі 500 млрд. долл. құрайды.
Бірде бір күрделі экономикалық және басқару шешімдері экономикасы
дамыған елдерде ғана емес, дамушы елдерде де кеңесті қолданусыз
қабылданбайды.
Делдалдық. Делдалдық кәсіпкерліктің түрі. Делдал тікелей өнім
өндірмейді, тауарларды, валютаны, құнды қағаздарды сатпайды, қарызға ақша
ұсынбайды, бірақ барлық осы операциялардың жүзеге асуына және сәйкес шарт
жасауына ықпал етеді.
Делдал көбінесе өндіруші мен тауарды сатушы, бір жағынан сатып алушы,
екінші жағынан тұтынушы арасында тұрады, оларды кәсіпкерлік шарттың жасауға
біріктіреді.
Бизнестің бұл ерекше түрі басқалармен тығыз байланысты, өндірістік,
сауда-коммерциялық, қаржы кәсіпкерлігінің құраушы бөлігі; өндірістік, сауда
коммерциялық, қаржы қарыз сферасындағы делдалдық туралы айтуға болады.
Сақтандыру кәсіпкерлігі. Мемлекеттік міндетті сақтандыру қазір
әлеуметтік сақтандыру түрінде сақталды – бұл мемлекеттік зейнет ақымен
қамтамасыз ету және медициналық сақтандыру бұл бизнеске жатпайды.
Кәсіпкерлікке мүлікті сақтандыру, өмірді және денсаулықты сақтандыру,
тәуекелді жауапкершілікті сақтандыру түрлері тікелей жатады.
Кәсіпкерліктің әртүрлерінің үйлесуі. Кәсіпкерліктің барлық түрлері
өзара бірі бірімен өте тығыз байланысты, бір түрімен айналыса отырып,
еріксіз немесе қызығушылығы бойынша қандай да бір дәрежеде басқасымен
кездеседі. Өндірістік кәсіпкерлік коммерциялыққа ұласады, өйткені
өндірілген тауарды сату немесе айырбастау қажет.
Өндіру сату қаржы операцияларына байланысты, ақша қаржысын талап етеді,
сондықтан өндірістік және коммерциялық кәсіпкерлік қаржылықпен тығыз
байланысады. Кей кезде бір кәсіпкерлікте өндіруші, сатушы, қаржыгер тұтас
үйлесіп, бірлеседі. Кәсіпкерліктің барлық түрі байланысты және бір біріне
кіреді.

3. Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамыту

Шағын кәсіпкерліктің мынадай “әлсіз” жақтары бар:
• Ұзақ мерзімді міндеттерді жасаудағы басшының білімсіздігіне байланысты
әлсіз стратегиялық басқару;
• Өзін өзі ақпаратпен жеткіліксіз қамтамасыз ету;
• Меншікті және несие қаржы ресурстарының жетіспеушілігі;
• Тәуекелдің жоғарылығы және қызметтің тұрақсыздығы;
• Сыртқы ортадан-банктерден, басқарудың мемлекеттік ұйымдарынан, ірі
кәсіпорындардан, ғылыми ұйымдардан күшті тәуелділік.
Соңғы уақыттарда республика шағын кәсіпорындар әлеуметтік қызметтерден
көбірек босатылуда. Стратегиялық жоспардағы әлеуметсіздендіру процесі шағын
кәсіпорындардың қоғам алдында өз қызметкерлерінің әлеуметтік-экономиклық
жағдайына жауапкершілігінің төмендеуінен және олардың жалпы мемлекеттік,
муниципальды және әлеуметтік міндеттерді шешуге енжар қатысуынан көрінеді.
Кәсіпкерік еркіндігі мен әлеуметтік жауапкершіліктерінің принциптерін
тек нарықтық механизм арқылы үйлестіру мүмкін емес. Бұл үшін сәйкес
мемлекеттік саясат қажет.
Мемлекттің шағын кәсіпкерлік атынасындағы екі негізгі қызметін бөліп
көрсетуге болады: реттеу және қолдау.
Біріншісінің мәні шағын кәсіпкерліктің құқықтық ортасын қалыптастыруды
ұйымдастыру, әкімшілік сұрақтарды шешуде және сәйкес міндеттердің
орындалуын бақылауда.
Қолдану қызметтері шағын кәсіпорындарға материалдық, ақша, ақпараттық
ресурстарды, мемлекеттік тапсырыстарды, оларға қызмет көрсетуді және т.б.
жеткізу.
Шағын кәсіпкерлік “төменнен” бастамасы бойынша тіршілікке қабілетті.
Мемлекеттің міндеті шағын кәсіпкрлікті көбейту емес, оның қалыптасуы
мен табысты қызмет етуі үшін қолайлы экономикалық орта жасау.
Шағын кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік саясатында іскерлік
белсенділікті ынталандыруға заңдық және нормативтік негіз жасау және
жетілдіру, сонымен қатар кәсіпкерлік қызметті қамтамасыз ететін нарықтық
инфрақұрылым қалыптастыру қарастырылады.
Шағын кәсіпкерлік ерекше тәсілді және оны қолдау шараларының арнайы
кешенін жасауды талап етеді.
Қазақстан Республикасының “Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
туралы” заңында қарастырылады:
• Өндіріспен айналысатын шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу
кезеңінен бастап алғашқы үш жыл ішінде қозғалмайтын мүлікке тіркеу
құқығына ақыдан босату;
• Өндірістік қызметпен айналысатын шағын субъектілеріне жер учаскелерін
жерді пайдалану актісін беруге ақы алмай беру;
• Электроэнергиясы, жылу, сумен жабдықтау және канализацияның қуатына
қосылу, мемлекеттің қатысуымен екінші деңгейдегі актта есепшот ашу
бойынша ақыдан босату;
• Шағын субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметіне жылына бір реттен көп
емес тексеруді белгілеу.
Шағын кәсіпкерлікті дамытуды белсендіру үшін 2001-2002 жылдарға шағын
кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданған,
ІЖӨ 22 % арттыру қарастырылған.
Шағын кәсіпкерлікті жеткіліксіз несиелеудің маңызды мәселелерінің бірі
көптеген кәсіпекрлердің кепіл затпен қамтамасыз етілмеуі. Сондықтан
коммуналдық меншік объектілерінен аймақтық өтімді кепіл қорлары құрылады.
Олар Ақтөбеде, Қызылордада, Маңғыстауда, Павлодарда құрылған.
Шағын кәсіпкерліктің дамыту қорының қызметіне жәрдемдесуге облыс
әкімдері тартылады. Олардың көмегі кәсіпкерлерге пайдалануға (жалдау,
өтеусіз беру және т.б.) бос әкімшілік үйлердің алаңдарын беруде.
Шағын кәсіпкерлікті қолдау қорына және оның аймақтық өкілдеріне шағын
кәсіпорындарға мемлекеттік тапсырыстарды таратуға көмек көрсету қажет. Осы
мақсатта қор мемлекеттік тапсырыс алуға өтініш беруге, келісім-шарт
жасауға, сатып алумен айналысатын мемлекеттік қызметтерге шағын
кәсіпорындардың мекен жайын таратуға, мемлекеттік тапсырысты алу үшін
маркетинг саясатын жүргізуге көмектесуі қажет.
2001-2002 жылдарға шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік
бағдарламасында Қазақстанда шағын кәсіпкерлік кәсіпорындарда шығарылатын
ұқсас импорттық тауарларды бюджеттік ұйымдардың сатып алуына тыйым салу
қарастырылады.
Ірі компанияларға оларға ұсынылған мемлекеттік тапсырыстардың бір
бөлігін бәсеке негізінде шағын кіспорындарға беруге міндеттеу керек.
Шағын кәсіперлік субъектілерінің инвестициялық қызметін мемлекеттік
реттеу келесілер арқылы қамтамасыз етіледі:
• Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекттік инвестиция бағдарламасына
қатысуы;
• Халықтың салымдарын құнды қағаздар арқылы инвестицияға өзгерту механизмін
жасау;
• Бюджеттен тыс көздерді тарту саласына шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша
қорлар қызметін және басқа арнайы институттарды белсендіру;
• Шағын кәсіпкерлікпен жұмыс істейтін коммерциялық банктер және басқа қаржы
институттары үшін жеңілдіктер жүйесін дамыту;
• Жоғары тиімділігі бар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін шағын
кәсіпкерлік субъектілеріне үлестік шартпен тікелей қаржылық қолдау
көрсету.
Шағын көлік кәсіпорындары халықаралық транзиттік сауданың дамуына
ойдағыдай қатыса алады. Негізгі жүк ағындарының түйіскен Евразия
орталығындағы елеулі экспорттық әлеует және қолайлы көлік-географиялық
жағдай Қазақстанда халықаралық транзиттік сауданы дамыту үшін қолайлы
алғашқы шарттар жасайды:
1. Қазақстан Республикасының территориясы бойынша шетел көліктерінің және
жолаушыларының транзиті және оларға жүру жолдары бойынша қызмет көрсету;
2. Шетел тауарларын жеткізу және оларды әрі қарай үшінші елдерге
(реэкспорттау) кері экспорттау;
3. Шетел тауарларын жеткізу және олардың экспорттық өнімдер өндірісіне
технологиялық қатысуы, әрі қарай экспортқа шығару.
Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі терең дағдарыста тұр, одан шығуды жағымды
нәтижелерге жеткен бірнеше кәсіпорындардың табысты қызмет көрсетуде. Олар
барлық тауар, өткізу, инвестициялық, баға саясатын тұтынушыға қарай бұрып,
нарықтағы өз тауаршасын (ниша) тапты.
Біріншіден бұған кәсіпорындарды ірілендіру, шағын еншілес құрылымдарды
құру есебінен жетті.
Екіншіден, шетел тәжірибесін, технологиясын тарту және пайдалану.
Өндірісті сегменттеу қайта құрылған кәсіпорындарға шығарылатын өнім,
оны өткізу көлемдерін өз еркімен салықтарды төлеуге және өнімнің өзіндік
құнын есептеуге, сонымен қатар меншікті айналым қаржыларын толықтыру үшін
тәуелсіз несиелерді алуға мүмкіндік берді.
Бір үлкен тапсырыс алғаннан бірнеше кішігірім тапсырыс алған жеңілірек.

Тұтыну нарығын қалыптастыру кезінде Қазақстан сияқты шикізат базасы,
қажетті жабдықтары мен дайын кадрлары бар ел, өзінің ішкі нарығында жеңіл
өнеркәсіп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тауарларға және көлікке тиесілі құжаттардың дұрыс рәсімделуін
Арнайы кедендік режим
Тауарлар мен көлік құралдарын жекелеген кедендік режимдер бойынша кедендік ресімдеуді ұйымдастыру тәртібі
Қазақстан Республикасының арнайы салық режимдері
Кедендік режимдерді ұйымдастырудың ерекшеліктері мен тәжірибесі
Ыстық прокаттау станының прокаттау
Тауар мен көлік құралдарының кеден шекарасынан өту тәртібі
Шағын және орта бизнестің дамуы үшін салық әкімшілігін жүргізуді жеңілдету қажет
Қазақстанның салық жүйесі
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметке салық салу механизмі
Пәндер