Оңтүстік Америка материгінің физикалық-географиялық аудандастыру мәселелері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

  1. Оңтүстік Америка материгінің физикалық-географиялық аудандастыру мәселелері.
  2. Оңтүстік Американың шығыс аймақтарыБразилия және Гвиана тау қыраттарыАмазония ойпаты. Ориноко және Ішкі жазықтары. Патагония.
  3. Анд таулары. Солтүстік Анд. Экваторлық Анд. Субтропиктік Анд. Патагониялық Анд.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиет тізімі.

Кіріспе

Оңтүстік Американың көпшілік бөлігі оңтүстік жарты шарда, экваторлық және субэкваторлық белдеулерде жатыр. Оңтүстік жарты шардың субтропиктік және қоңыржай ендіктеріне материктің еңсіз бөлігі ғана кіреді.

Оңтүстік Американың енді жері (5000км-ден астам) 5 0 о. е. -те. Материктің ең батыстағы нүктесі - Париньяс мүйісі (81 0 20 б. б. ), ең шығыстағысы - Кабу-Бранку мүйісі (34 0 46' б. б. ), 40 с. е. - тен оңтүстікке қарай материктің ені 600 км-ден аспайды.

Оңтүстік Америка солтүстікте 12 0 25' с. е. дейін (Гальинас мүйісі), оңтүстікте 53 0 54' о. е. дейін (Магеллан бұғазындағы Фроуорд мүйісі) жетеді. Отты жер архипелагының қиыр оңтүстік нүктесі - осы аттас аралдағы Горн мүйісі - 55 0 59' о. е. -те жатыр.

Солтүстік Америка мен аралдағы географиялық шекара Кариб теңізіндегі Дарьен шығанағынан Тынық мұхиттағы Буэнавентура шығанағына дейінгі аралықта өтеді. Панама мойнағы екі материктік арасындағы шекара деп шартты түрде есептеледі.

Оңтүстік Америка төңірегінде аралдар біршама аз. Оның жағалауына таяу жатқан материктік ірі аралдар - Тринидад. Чили, Отты Жер, Фолкленд аралдары. Мұхиттық аралдардан оңтүстік Америкаға Галапагос, Хуан - Фернандес аралдары жатады. Оңтүстік Американың жер көлемі оған тиісті аралдарымен қоса есептегенде шамамен 17850 мың км 2 . Оның 150 мың км -і ғана аралдарға тиесілі.

Экватор тұсында Оңтүстік Американың жағасына Атлант мұхитынан Оңтүстік Пассат ағысы келеді. Сан - Роки мүйісі тұсында ол екі тармаққа бөлінеді, тармақтың біреуі Гвиана ағысы деген атпен материктің жағасын бойлап солтүстік - батысқа Антиль аралдарына қарай, ал екіншісі - Бразилия ағысы оңтүстік - батысқа Ла -Платаның сағасына қарай ағады.

Материктің оңтүстік -шығыс жағалауы тұсында Фолкленд салқын ағысы өтеді. Бразилия және Фолкленд ағыстары 40 градус және 35 градус о. е. аралығында Ла -Плата ауданында тоғысады.

Атлант мұхиты жағалауында құрлыққа ішкерілеп еніп жатқан ірі шығанақтар жоқтың қасы. Тек оңтүстік - шығыста Патагонияның жағасына жарты шеңбер тәріздес Сан - Матиас, Сан - Хорхе ірі қойнаулары т. б. еніп жатады. Парана өзені құятын жерде жаға Ла - Платаның кең әрі ұзын эстуарийімен тілімденген. Одан солтүстікке қарай Оңтүстік Америка жағалауына терең және кеме тұруға қолайлы шағын қойнайлар кіріп жатады. Аса ірі өзен сағаларында, әсіресе Амазонканың сағасында кең қойнаулар бар.

Кариб теңізі жағалауындағы біраз ірі түбек қолайлы шығанақтарды бөліп тұрады. Солтүстікте Пария шығанағы мен осы аттас түбек, солтүстік - батысымен шығысынан Гуахира және Парагуана түбектері оқшаулап тұратын ең ірі шығанақ - Венесуэла шығанағы ерекше көзге түседі. Панама мойнағы етегінен теңізге қарай кеңейе түсетін Дарьен шығанағы басталып кетеді.

Тынық мұхиттың Оңтүстік Америка жағасы тұсында континенттік платформа өте енсіз болады, ал кей жерде ол мүлде жоқ. Материкке таяу маңда ең тереңі 7000 м - ден асатын терең мұхиттық шұңғымалар өңірі жатыр. Жылы ағыстардың әсері экватордың солтүстік жағында сезіледі, ал Оңтүстік Американың Тынық мұхит жағалауының қалған өн бойында күшті Перу салқын ағысының әсері байқалады, оның салқын суы оңтүстіктен экваторға дейін ұласып жатады.

Материктің солтүстік - батыс жағалауы шамамен 5 0 о. е. дейін өте тілімденіп кеткен. Ең ірі және қолайлы қойнау - Гуаякиль. Оңтүстікке қарай 30 0 о. е. дейін жаға мүлдем тілімденбеген, биік және кеме қатынасына қолайсыз. Дегенмен, Тынық мұхит жағалауының ең оңтүстік бөлігі тілімденіп кеткен және оны бойлай Чили мен Отты Жер архипелагтарын құрайтын көптеген ірілі - ұсақты аралда жатыр. Материктің жағалауында ішкерілей кіріп жатқан шығанақтар мен жеке аралдарды бөліп тұратын бұғаздар ирелең келеді әрі енсіз болады. Бұған Корковадо мен Пеньяс ірі шығанақтары, сондай - ақ материктен Отты Жер архипелагын бөлетін Магеллан бұғазы мысал бола алады.

1. Оңтүстік Америка материгінің физикалық географиялық аудандастыру мәселелері.

Оңтүстік Американың палеографиялық дамуы жазықты - қыратты, платформалық Андыдан тыс Шығыс пен Батыс Анды тауларының қатпарлы құрылымдарының қалыптасуын қамтамасыз етті.

Андыдан тыс шығыс Оңтүстік - Америка платформасының көтерілімдерін, төмен түсулерін, яғни антеклизалар мен синеклизалар және ойыстардан тұрады. Платформаның батыста төмен түскен шеткі аймағы біртіндеп Анды тауының алдыңғы иіндеріне ауысады. Осы заманғы жер бедері пішінің көтерілімдеріне Гвиана және Бразилия таулы қыраттарының күрделі морфоқұрылымдық кешендері сәйкес, олардың арасындағы синеклизада Амазонка ойпаты орналасқан, ал шеткі түсу белдеуінде Ориноко мен Ішкі жазықтар орналасқан. Андыдан тыс шығысқа Кордильердің шеткі платформалық көтерілімдері, Пампа сьеррасы мен Патагония немесе Патагония платформасының баспалдақты үстіртті облыстары жатады.

Ориноко жазығы , немесе Льянос Ориноко деп аталатын жазық солтүстік - шығыстағы иінге сәйкес келіп неоген кезеңінің теңіздік құмды шөгінділерімен толтырылған, ал оңтүстік - батысы - көрші биіктеу аймақтардың үгілуінен пайда болған континентті өнімдерден тұрады. Ойпаңның орталық бөлігінде өзен аңғарларымен тілімденген тегіс аллювийлі ойпат орын алған (төменгі Льянос) . Оңтүстік - батыста (Льянос Мета), мен әсіресе, солтүстік - шығыста (Биік Льянос) биіктігі 200 - 300м -ге жететін өзен аралық тегістеу үстірттер (месас) басым. Олар кейінгі көтерілімдер мен эрозияның күшеюі нәтижесінде пайда болған тар және терең су аңғарларымен тілімденген.

Амазонка ойпаты (Амазония) Оңтүстік - Америка платформасының ең ірі иілімінде орналасқан. Оның негізін палеозой және үштік мезгілдің шөгінділері құраса беткі қабатын неогеннің көлді - өзенді жыныстары жауып жатыр. Ол жер шарының аса ірі ойпаты болып есептеледі - көлемі 5 млн. шаршы км -ден астам. Батысында ойпат өте кең әрі тегіс, өзен аңғарлары аса көп тілімделмеген. Амазонканың орта ағысында биіктігі 25 - 30 м, шығысында (Шығыс Амазония) ойпат Гвиана және Бразилия массивтерімен қосылып кетеді. Шығыс Амазонияның беткі қабатын құрайтын ежелгі латериттік қабат, төрттік дәуірдің жыныстары, қалқандардың шеткі бөлігінде жер бетіне шығып жатқан жыныстар биіктігі 150 - 200 м болатын тегіс үстірттер (табулейрош) өзен аңғарларымен тілімденген. Бұл көрші массивтердегі кейінгі көтерілімдердің нәтижесі мен Амазонка өзен жүйесінің стөмен түсу үрдістерімен байланысты.

Анды таулары мен Бразилия таулы қыраты және Патагония арасындағы ойпаңды Ішкі жазықтар алып жатыр. Жазық негізінен девоннан төрттік мезгілге дейінгі континеттік жыныстардың қалың қабатынан тұрады және тегіс, аз тілімденген жер бедерімен ерекшеленеді. Бірақ қиыр солтүстік пен оңтүстікте орта биіктіктегі қалдықты массивтер бар: солтүстікте Бразилия массивінің кристалды фундаментінің пайда болған Орталық қырат 1400 м биіктікке дейін, ал оңтүстігінде гондванидтер мен Пампа сьерраларының жақпарлы жыныстары болывп табылатын, биіктігі 1200 м-ге жететін - Буэнос Айрес Сьеррасы. Парагвай мен төменгі Парана ағатын ойыстың білігін бойлай батпақты Ла - Плата ойпаты созылып жатыр. Сондықтан оны кейде Парагвай, Парана жазығы деп те атайды. Жазық солтүстігінде жоғарғы Парагвайдың (Пантанал) өте терең тектонмкалық ойпатынан басталып, Гран Чако мен Междуречье өзен аралығы (Парана - Уругвай) жазықтарының шығысына жалғасады, одан әрі, оңтүстікте Пампамен аяқталады. Гран - Чаконың Анды тауы алдының бөлігінің батысына қарай 700 - 800 м дейін ысырынды конустар тән батпақты ойпаттар орналасқан.

Ішкі жазықтарға оңтүстік - батыста Кордильер алды мен Пампа сьерралары облысы шектеседі. Биіктігі 2 - 6 мың. м - ге жететін жалпақ шыңды және тік жарлы жақпарлы массивтер ойпаңдармен алмаса кезедеседі. Бұл массивтер ежелгі шеткі платформалық құрылымдар. Олар Анды геосинклинальды облысындағы қозғалыстарға байланысты көтерілген. Батыста олар Анды тауына жапсарласып кетеді.

Гвиана таулы қыратына шөгінді құмды жамылғының шайылуы және кристалды жыныстарда қуатты үгілу қабатының қалыптасуы тән қасиет. Шығыс бөлігінде шөгінді жамылғы толық шайылған; биіктігі 1300м дейін жететін кристалды массивтер эрозияның әсерінен пайда болған тектоникалық депрессиялармен алмасып отырады. Олар солтүстігінде жас аккумулятивті Гвиана ойпатымен шектеседі. Қыраттың орталық бөлігінде мезозойлық қызыл түсті құмдар мен конгломераттар жамылғысының қалдықтары сақталып қалған. Олар үстірт тәрізді тік жар қабақты жоталар (Пакарайма жотасы) немесе тау жұрнақтары ( Рорайма тауы 2271м - қыраттың ең биік нүктесі) ; солтүстікте жер бедері арал тәрізді таулар мен кристалды жыныстардағы жайпақ - толқынды пенеплен түрінде кездеседі. Оринокодан батысқа қарай байырғы кристалды жыныстар көбінесе үштік және төрттік кезеңнің шөгінді жыныстарының астында қалған. Олардың арасында триас кезеңінің қиыршықты тау жұрнақтары жер бетіне жақын орналасқан (Пардаос массиві) ; қырат шайылған баспалдақ тәрізді жер бедерімен Амазония мен Ориноконың ойпаттарына ауысады.

Оңтүстік - Америка платформасының аса кең көтерілімі Бразилия таулы қыраты болып табылады. Кристалды негіздер еткен ұзақ уақытқа созылған қирау мен шайылумен қатар, оның жер бедерінің қалыптасуына айырылымдар, ойпаңдар мен ойыстардың теңіздік, жанартаулық қалдықтармен толуы да елеулі әсер етті. Жаңа тектоникалық көтерілімдер эрозияны жандандырды шөгіндіді қабаттағы өзен аңғарлары тереңдеді. Өзен аңғарлары нашар тілімденген, өзеннің көлденең қимасы толығымен өңделіп үлгірмеген. Таулы қыраттың негізгі жер бедері биіктігі 400 - 800 м -ге жететін кристалды жыныстарда қалыптасқан денудациялық пішіндер - пенеплендер көбінесе олар қыраттың ылғалды солтүстігі мен шығысында дамыған. Атлантика жағалауында шайылған шоқылар - серралар мен жақпарлы немесе қатпарлы - жақпарлы массивтер ( Серра - ду - Мар биіктігі 1810м дейін, Серра - да - Мантикейра , Агульяс - Неграс тауымен немесе Итатиая - 2821м және Бандейра массиві - қыраттың ең биік нүктесі 2890 м) тән болып келеді. Массивтердің шайынды шығыс беткейлері жар қабақты, төбесі жұмырланған және ішкі пенеплендерге біртіндеп ауысады. Сан - Франсиску өзенінің оң жағалауында 1500 -2000 м ( Серра - ду - Эспиньясу және т. б) болатын денудациялық үрдістерден өзгерген тау жұрнақтары жоталар «бразилидтер» бой көтереді. Қыраттың орталық және солтүстік - шығысының басым бөлігінде төрткүлді қиыршық құмды үстірттер - шападтар кең тараған. Олардың төбелері жалпақ, қабырғалары құзданып, кристалды негізіге ауысады. Куэст тәрізді құрылымдық баспалдақтар төзімділігі әртүрлі жыныстардан тұратын аудандарға да тән нәрсе. (Атлантикалық көтерілімдердің қиыр батысы; Парнаиба ойысы) Парана депрессиясында биіктігі аласа лавалық үстіртер тараған.

Құрлықтың қиыр оңтүстік - шығысын Патагония үстірті алып жатыр. Ол Патагония платформасында қалыптасқан. Анды тауымен тектоникалыққ «жапсармен» жалғасқан, осы жапсарды бойлай төрттік кезеңнің мұздықтарымен өңделген Анды тау алды депрессиясы орналасқан. Биіктігі 2000 м дейін жететін баспалдақты үстірт шығысқа қарай біртіндеп төмендейді. Жағалауда тектоникалық қозғалыстардың куәгәрі терраса жүйесі, өзен аңғарларының каньон тәрізді жер бедері пішіні байқалады.

Батыс Анды

Андылық Батыс Анд геосинклинальді бөлігінің күрделі және әртүрлі қатпарлы құрылымдарын қамтиды. Морфогенезінде жанартаулықтың (Эквадор Андылары), өзендік немесе мұздықтың эрозиясы (Перу мен Патагон Андылары) ролі зор облыстармен қатар мұнда рельефінде тектоникалық құрылыстың анық байқалған үлескілері (Кариб және Солтүстік - Батыс Андылар ) де немесе күрделі әр жастағы полигенетикалық құрылымдық - морфологиялық кешендер (Орталық Андылар ) бар.

Қиыр солтүстік - шығыста бәріненде жасырақ Кариб Андылары (сур. 60) орныққан. Салыстырмалы түрде таулардағы жастығына қарамастан, олардың антиклиналдері өткізген. (Ең биігі 2765 м - Найгуата тауы) және өзен эрозиясымен терең тілімделген.

Солүстік - Батыс Андылар солтүстікке қарай желпіуіш тәрізді тарайтын тау аралық ойыстар мен ойпаңдармен бөлінген жоталар - антиклинориялар жүйесінен. Жүйелердің қалыптасуына соңғы жаңа айырылымдар, көтерілімдер мен түсірілімдер үлкен әсер еткен.

Шығыс жоталары ( шығыс Кордильерасы биіктігі 5600м, Кордильера - де - Мерида - 5000м дейін, Сьерра - де - Периха- 3750м дейін және Сьерра - де -Невада - де - Санта - Марта - 5774 м дейін ) ежелгі ядролар мен шөгінділер бар қабықтан тұрады. Кристалды жыныстардан құрылған және ежелгі, шамалы осы заманғы мыс құрсауланумен өзгертілген тау сілемдері альпі қалпы түрінде; Шығыс Кордильердің орталық бөлігінде 2500 - 3500 м биіктікте кең пенепленделінген үстірттер сақталған. Барлық жоталар өте жас эрозиялық тілінділері бар жарқабақты бөктерлермен көмкерілген

Орталық Кордильердің айқындауымы белгісі интрузиялар мен жанартаулылық; оның биік нүктелерін Руис жанартауы - 5400м , Толима - 5215м, Уила - 5750м және т. б. құрайды. Жас жағалаулық батыс кордильер - Серрания - де - Баудоға көбінесе эрозиялық қалыптар тиісті. Кордильерді бөлетін терең Маракайбо, Магдалена және Кауки - Патии ойыстары негізінен континентальді әкелімдермен толыққан; Атрато - Сан Хуан ойпаңы неоген кезінде ақ Тынық және Атлант мұхиттарының арасындағы бұғаз болған.

Эквадор Андыларындағы негізгі морфогенетикалық процесстер - жанартаулық сипатта. Қиыр Кордильерлердің (батыс және шығыс) қатпарлы құрылымдарына жарықтары сызығы бойынша өшіп қалған (Чимборасо - 6272м) және сөнбеген (Котопахи - 5896м, Антисана - 5704м, Сангай - 5410м) жанартаулар конусы отырғызылған. Олардың атқылауының өнімдері тау аралық ойпаттарды толтырып, биік үстірттер жүйсіне «бассейндерге айналған».

4˚ 30΄ - 28˚ о. е. арасында Орталық Андылардың өте енді (150 км дейін) кесіндісі орналасқан. Олар үшін биік шеткі жоталармен көмкерілген, 400мдейін жететін аумақты ішкі біртегіс қыраттар - альпілік (батыста ), герциндік (шығыста ) құрылымдардың тегістелу беттері тән.

Перу Андыларында (14˚30΄о. е., дейін) осы заманғы жанартаулылық жоқ. . Батысындағы биік қыраттары оның ішінде Кордильера Бланка (Уаскаран тауы 6768м) мезозойлық анд қалыңына енген, өте үлкен интрузиялардан тұрады; осы заманғы ежелгі мұздануларда сілемдерге айқын альпілік сипат берген. Жуықта болған қуатты көтерулердің салдарынан бір тегіс қыраттар Мараньон мен Уальяга мен Укаяли бастаулары каньондарымен бөлініп тасталынған. Перу Андыларының шығысында тастамалар мен эрозия палеозой құрылымдарында биіктігі 6300м жететін қыраттардан белгіленген, олрадың жоталары мұздық қалыптарға ие.

Орталық Андылардың оңтүстігінде, Батыс Кордильерде және тау аралық үстірт (пунас) тің батыс бөлігінде осы заманға ( Мисти - 5842м, Сан - Педро - 5970м, Льюльяйльяко - 6723м т. б. ) және ежелгі ( Коропуна - 6613м, Сахама - 6780м, Охос - дель - Саладо - 6885м және т. б. ) жанартаулар мен лавалық жамылғылар тағы да кең тараған. Климаттың өте құрғақтығы себебінен жанартаулардың конустары фирн бас киіміне оранған. Климаттық және орграфиалық себептерге байланысты ішкі бір тегіс қыраттар ішкі ағын облысы болып есептелінеді және тау жұрнақтары - жақпарлылық және жанартаулық қыраттармен бөлінген бір қатар қазаншұңқырлардан тұрады. Боливия Пунасының (Альтиплано) төмендеген батыс бөлігінде қазаншұңқырлардың табаны қалдықты көлдермен немесе плейстоцендік сулардың орнындағы тұзды тақырлармен қалыптасқан. Рельеф түзудің осы күнгі процесстерінде физакалық тозаңдану, жел эрозиясы, беткейлік шайылу мен қазаншұңқырлардың ұсақталған және жанартаулық материалмен толтырылуы негізгі роль ойнайды. Пунаның шығыс көмкерілу белдеуінде айырықша мұз құрсаулануы және альпілік қалыптарымен Кордильера Реаль (6550м дейін) сілемі ерекшеленеді. Пунаның ылғалды шығыс шеті эрозиямен терең бөлінген. Орталық Андтар шығысында синклинальді аңғарлармен бөлшектелген, жас қатпарлы Субандтық Кордильермен көмкерілген.

Батыста, алғашқыда жеке звенолармен соңынан тұтас басым бөлігі интрузиялардан құрылған Жағалаулық Кордильер (3200м биіктікке дейін) . Одан шығысқа қарай 22 - 27˚ о. е аралығында Атакама шөлі мен өнебойлық тектоникалық депрессия орналысқан. 5˚тан 20˚ о. е дейін Андтық тынық мұхиттық бөктерінің барлығында морфогенезде шөлдік процесстер басым.

Чилилік - Аргентиналық Андыда Жағалаулық Кордильердің құрылымы айқын көрінеді. Бойлық немесе Орталық Чили аңғары тектоникалық ойысы мен Бас Кордильер оған шығыста 35˚ о. е. дейін Кордильер алды жақпарлы массиві еңген.

Бас Кордильер - еніп кеткен интрузиялармен қоса мезозойлық шөгінді - эффузивті қалындықтан құралған. Ең биігі ( Аконкагуа тауы - 6960м) . Мұнда тиісінші жанартаулар өте көп.

Оңтүстік бағытқа қарай температураның төмендеуі мен ылғалдың көбеюіне байланысты жанартаулылықпен қатар су - эрозиялық процесстер, ежелгі - мұз басуының соңынан қазіргі мұзды эрозия мен аккмуляция үлкен роль атқарады. Өнебойлық аңғардың ойысы аллювиальді және мұздақты әкелімдермен толыққан, Жағалаулық Кордильер өзен эрозиясымен тілімденген.

Анд жүйесінің ең оңтүстік және ылғал кесіндісі - Патагония Андтарында биіктіктерінің аласа болуына қарамастан (ең биік нүктесі Сан - Валентин тауы - 4058м) мұздықты морфология басым; осы заманғы мұзбасуы кең тараған, барлық Андтардың ішіндегі ең қуаттысы; солтүстік жағына осы дәуірлік жанартаулылық тән. Оңтүстік Андтардың батуына байланысты Жағалаулық Кордильер жағалай аралдар архипелагіне, Бойлық аңғар - бұғаздар жүйесіне, ал Патагон Кордильерінің суға батып кеткен сілемдері фиордтарға айналған.

2. Оңтүстік Американын шығыс аймақтары.

2. 1 Бразилия және гвиана тау қыраттары.

Бразилия таулы қыраты құрлықтың шығыс бөлiгiнiң 4-10° пен 35° аралығындағы ядросын құрайды. Бұл таулы қырат батыстағы құмтасты үйiндi жағалауымен және оңтүстiк-батыста Уругвай өзенiнiң ағынымен, сол сияқты шығыстағы жағалық сызықпен оңтүстiкте Ла-Платамен және тек солтүстiгiнде және солтүстiк-батысында ғана Амазонамен ұштасып кетедi. Бiрнеше географиялық зонаның шеттерiнде орналасқан таулы қыраттың жалпы сипаты негiзiнен оның даму тарихымен және морфоқұрылымымен байланысты. Бұл сипаттар таулы қыратты бiр табиғи жерге бiрiктiруге ықпал етедi.

Барлық дерлiк таулы қырат дамудың ұзақ мерзiмдi континенттiк кезеңдi басынан өткiздi. Бұл кездерi денудациялық процестердiң үстемдiгi жүрдi, қалдықты форма және жоғарғы беткейiнiң тегiстелуi болды және қазiргi өзен жүйесiнiң эпигенетикалық сiңуiн, сондай-ақ күштi қабықтың түзiлуi мен өсiмдiктердiң ежелгi түрлерi болған кезеңдердi өткiзген. Мұнда тек рельефте ғана емес, барлық табиғи де жаңаша вертикальды қозғалыстар байқалған. Осылардың әсерi мұхиттан соғатын желдерге қарсы көтерiлетiн массивтердi қатты ылғандыратын тыныш өзендерде порог түрiнде байқалды. Таулы қыраттың қазiргi заманғы морфоқұрылымда белгiлi аймақтықты байқауға байланысты. Шеткi шығыс зонасы жоғары биiктiкте (2900 м дейiн) және Атлантика алдындағы антеклизой қамтылған. Мұның қашықтау шығыс шетiнде жас ойпаттар учаскелерi құралған, олар өзендердiң аңғарына кiре отырып, одан қантбастылар жекелеген араның биiктiгi клизiнiң көтерiледi. Атлант маңы антеклизiнiң батыс шетiндегi моноклинальды жауын-шашын қабаттарынан түзiлген және куэстовтық рельефi бар орталық зонаны, Сан-Францисконың тектоникалық ойыстары байланыстыратын Параны-Паранайты синсклиздерi құрайды. Бұл зонада жазықты рельеф бар. Батыс зонаның шетiндегi iшкi көтерiлiмiнде құмтастардан түзiлген жайпақ аралдық массивтер кең таралған. Ал, батысындағы төменгi өлке кристалдық негiзiндегi жұмсақ толқынды пенеплендермен қамтылған.

Шығысы мен оңтүстiк шығысын айтпағанның өзiнде таулы қыраттың үлкен бөлiгiнде маусымдық-ылғалды климат тән. Жағалаулық жыра мұхиттың пассатымен келетiн ылғалды көп массасын алып отырады. Таулы қыраттың солтүстiк шығысы жаңбырлы көлеңкелi жақта орналасқан және экваториалды ауамен қамтыла бермейдi. Таулы қыраттың жайпақ еңiстерi Амазонадан келетiн ауа ылғалы массасы үшiн солтүстiкке жағымды. Тiптi таулы қыраттың орталық бөлiктерiнде жылына 1500-2000 мм жауын-шашын түседi. Бұл жылдық көрсеткiштiң тек 5% ғана қысқы айларға келедi. Бұл процесс ұзақ мерзiмдi құрғақтық пен жоғары қысымның тұрақтануы кезiнде болады. Бұл субэкваториалды муссондардың типтiк климаты болып табылады. Параналардың синеклизiнiң терең ойысуы мен оңтүстiкке қараған массивтердiң батуы Парана жазықтары мен Токантинс ойпаттары ауа массасының жазда экваториалдық оңтүстiкке қарай енуiне негiздейдi. Ал қыста қңыржай ендiктердiң солтүстiкке бағытталатын ауасының таралуы, фронтальды жауын-шашын түсуiне алып келедi. Қорытындысында таулы қыраттың оңтүстiгiнде жауын жыл бойына жауады. Жайпақ таулардың оңтүстiк биiктерiнде ауа массасы полистерiнiң енуi жылдағы үсiктiң солтүстiкке ығысуына дейiн алып келедi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы
Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы оқу - әдістемелік кешен
Оңтүстік Американың физикалық географиялық сипаттамасы
Материктердің физикалық географиясы
Оңтүстік Африка тау үстірті
Оңтүстік Американың физикалық географиялық жағдайының ерекшеліктері
Еуразияның физикалық географиялық сипаттамасы
АВСТРАЛИЯНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Физика-географиялық аудандастыру
Географиядан проблемалық оқытудың белгілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz