Этнография -этнология ғылымының дамуы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

Тақырып: Этнография -этнология ғылымының дамуы

Жоспар:

Кіріспе3-5

І. Этнография ғылымының дамуы

1. 1. ХІХ ғ. Қазақстанда жүргізілген этнографиялық зерттеулер . . . 6-14

1. 2. Этнография ғылымы туралы түсінік және Ресей ғалымдарының қазақ халқы туралы зерттеулері . . . 14-17

1. 3. Этнология - этнография ғылымының кеңестік және тәуелсіз Қазақстанда зерттелуі . . . 17-23

Қорытынды . . . 24-26

Қолданылған әдебиеттер . . . 27

Кіріспе

Этнология (этнография, халықтар туралы ғылым) - ғылым және пән ретінде бір жарым ғасырдан бері көптеген Азия жеріндегі университеттерінде арнайы пән ретінде оқытылып келе жатыр. «Этнология ғылымы нені зерттейді?» деген сауалға тоқтамас бұрын этнология сөзінің мағынасына қысқаша анықтама бергенді жөн көрдім. Этнология гректің «этнос» - халық «графия» - жазу, үйрену деген екі сөзінен құралған. Өзінің мағынасы бойынша, этнология -халықтардың қоғамдық құрылыстарын, олардың арғы тектерін, өзара қарым-қатынастарын, заттай және рухани мәденитеттерін зерттейтін ғылым. Кейбір ғалымдар этнографияны этнография және этнология деп екіге бөледі. Этнография халықтардың арасынан деректерді жинаумен шектеледі де, ал этнология - сол этнографтардың жинаған деректерінің негізінде ғылыми еңбектер жазады деген түсініктерді айтады. Негізінде бұл - ғылымның екі саласы.

Этнографтар, ең алдымен, өзінің зерттейтін халқының арасына барып, сол халықтың тұрмысы мен мәдениеті жөніндегі деректер жинайды. Этнография ғылымы - халықтардың шығу тегі, тұрсмысы және мәдениетімен айналысатын ғылым болуы себепті, өзіне жақын көптеген ғылым салаларымен тығыз байланыста дамиды.

Этногарфия халықтарды зерттеп, олардың өздеріне ғана тән: тіліндегі, шаруашылығындағы, мәдениетіндегі және қоғамдық құрылысындағы ерекшеліктеріне айрықша көңіл бөледі. Тарихи даму жолында әр елдің мәдени деңгейі әр қилы дәрежеде болғаны мәлім. Халықтарды этногарфиялық жағынан зерттегенде, қандай деректерге сүйенеді? Этнографтар, ең алдымен, өзінің зерттейтін халқының арасына барып, сол халықтың тұрмысы мен мәдениеті жөнінде деректер жинайды. Мысалы, әр ұлттың қоғамдық ақыл-ойын, ойлау жүйесін, мәдениетін әлемдік деңгейге көтеріп, өркениетті қауымды өзімен есептесуге мәжбүр ететін ұлы тұлғалар болады. Біздің тарихымыздағы этнография, этнология ғылымына аса жоғары үлес қосып, қазақ мәдениетін әлемдік деңгейге көтерген ұлы этнографтар - Ш. Уәлиханов, Ә. Марғұлан, К. Ақышев және т. б. көзінің тірісінде аты аңызға айналған тарихта көп кездесе бермейді. Олар әсіресе ғылым саласында мейлінше аз. Тұтастай алар болсақ ХХ ғасырды қазақ баласының білім-ғылым үшін жанталасқан ғасыры деп пайымдауға толық негіз бар. Аты аталған этнографтар қазақ халқының этникалық құрамын терең ұғынып, жергілікті қазақ халқының мәдениетін басқа жақтан келген кірме халықтардың мәдениетінен айыра білді. Бұл біздің алдағы дамуымыз үшін, қазақ халқының болашағы үшін аса маңызды еді.

Курстық жұмыстың өзектілігі: Курстық жұмыс орындалу барысында осы мәселе төңірегіндегі зерттеулерге көңіл бөліп, Қазақстанда жүргізілген этнографиялық-этнологиялық зерттеулерге тоқталдым. Этнография - этнология ғылымдары туралы айта келе, этнографияны ғылым ретінде биік зор белеске көтерген қазақ халқының атақты ғалымдарының еңбектеріне тоқталдым.

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері:

-этнография -этнология ғылымының дамуына ерекше тоқталып, оның дамуына әр зерттеушінің қосқан үлесін анықтау;

-Қазақстандағы этнографиялық зерттеулер деңгейін нақтылау;

- Ресей ғалымдарының қазақ халқы туралы зерттеулерін ұсыну;

- этнология - этнография ғылымының кеңестік және тәуелсіз Қазақстанда зерттелуін айқындау;

-этнография - этнология ғылымының қазіргі заманғы рөлін ашып көрсету және т. б.

Зерттеу жұмысының материалдары: Курстық жұмысқа Ж. Артықбаев, Ә. Марғұлан, У. Х. Шәлекенов пен М. У. Шәлекенов, Х. Мадановтың еңбектері қолданылды.

Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Этнография халықтардың арасынан деректерді жинаумен шектеледі де, ал этнология-сол этнографтардың жинаған деректерінің негізінде ғылыми еңбектер жазады деген түсініктерді айтады. Негізінде бұл ғылымның екі саласы.

Этнография дегеніміз тарих ғылымының бір саласы болып, дүние жүзіндегі халықтардың қоғамдық тұрмысын және мәдениетін түбегейлі зерттейді және үйретеді. Халық болған соң оның өткені бар, сол өткенінің ізімен бүгінгі күні өмір сүруде. Жер бетіндегі басқа халықтар сияқты қазақ халқының да өзіне тән мәдениет болмыстары бар. Мәдениетсіз халық болуы мүмкін емес.

Әр халықтың мәдениеті мен шығу тегін зерттейтін ғылымның болғанына шүкір, ал қалған өзекті мәселелерді сол ғылым дами отыра шындықты уақыт өте келе ашатынына сенімдімін. Сондықтан адамзат эволюциясындағы осындай заңдылықтарды танып, білгеннен кейін кез келген халық қазіргі таңда әлемдік өркениеттің қай деңгейінде жүргеніне, халық болып қалыптасуының ерте-кештігіне, мемлекеттігінің көне-жаңалығына ұарамастан, өзінің шығу тегін, сол адамзаттың түпкі ортақ бастауынан шығып, ғұмырнама желісін үзбей, сабақтастыра жалғастырып, бүгінге жеткізіп жатуы заңды құбылыс.

Кез келген ғылым саласы өмірлік қажеттіліктен туындайды, сол сияқты этнография-этнология ғылымдары да жер бетіндегі жұмыр басты пенделердің халықтық сипатын анықтатып, шығу тегін біліп, өткені мен бүгінінің және ертеңінің сабақтастықта болуы үшін де қажет.

Республикамыздың этнография, этнология ғылымы саласына ерен еңбек сіңірген ұлы тарихи тұлғалар Ш. Уәлиханов, Ә. Марғұлан, К. Ақышев және т. басқалардың семсердей сермеген, ұшқыр да өткір қаламынан шыққан төл тарихтың қатпар-қатпар қойнауларын ашуға арналған еңбектері ел тарихында, ғылым тарихында өшпес із қалдырып, қазақ халқының төл мәдениетінің әлемдік деңгейде танылуына зор мүмкіндік жасады.

І. Этнография ғылымының дамуы

1. 1. ХІХ ғасырда Қазақстанда жүргізілген этнографиялық зерттеулер

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Этнология ғылымының тарихы
Антропология тарихы мен теориясы пәні
Этнос, этникалық қауымдастық
Қазақ этнопедагогикасы және оның этнопедагогикалық білім беру жүйесіндегі негізгі мәні
«Этнология» пәнінен дәрістер
ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ
Шетел Азиясының халықтары
Этнолингвистиканың теориялық негіздері
Императорлық Қазан Университеті жанындағы Тарих, археология және этнология қоғамы
Этно-мәдени туризмді Қазақстанда дамыту болашағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz