Популяция құрылымы және таралуы
Жоспар
Кіріспе
І-тарау. Популяция құрылымы және таралуы
1.1 Популяция туралы түсінік
1.2 Популяцияның құрылымы
ІІ-тарау. Популяциядағы жануарлардың өзара байланыстары
2.1 Популяциядағы жануарлардың өзара тиімді байланыстары
2.2 Популяциядағы жануарлардың арасындағы біржақты тиімді байланыстары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиетер
Кіріспе
Экологиядағы маңызды ұғымдардың бірі-популяция ұғымы. Популяция сөзі
латынша рорulus-халық дегенді білдіреді. Бұл терминді бір түр дарадағы
топтарының генетикалық арақатынасындағы бірыңғай еместікті белгілеу үшін
1903 жылы В.Иогансен енгізді.
Популяция-белгілі бір гeографиялық территорияда тіршілік етуге
бейімделген, генетикалық шығу тегі бір, бір түрге жататын особьтар
жиынтығы. . Топтық бірігу ретіндегі популяция өзіне ғана тән қасиеттермен
қатар әрбір жеке дарақтардың өзіне тән қасиеттерге де ие. С.С. Шварцтың
берген анықтамасы бойынша: популяция-бұл қоршаған ортаның үнемі өзгеріп
отыратын жағдайында санын тұрақты ұстап тұруға қажетті жағдайлармен
қамтамасыз етілген белгілі бір түрдің ағзаларының элементарлы тобы.
Популяция-биологиялық бірлік ретінде өзінің белгілі құрылымы, қасиеті
және атқаратын функциялары арқылы ерекшеленеді. Популяция құрылымы ондағы
особьтар санымен және кеңістікте таралуымен сипатталады. Ал, популяцияның
функциясы басқа биологиялық жүйелермен ұқсас келеді. Популяцияғв тән
қасиеттерге өсу, көбею, даму орта жағдайларының өзгерісіне бейімділігі,
генетикалық шығу тегі, экологиялық жағдайлары жатады. Экологиялық
жүйелердің, сонымен қатар популяцияның негізгі қасиеті - олар үнемі
өзгерісте, қозғалыста болады. Бүл жүйенің өнімділігіне, био-логиялық
алуантүрлілігіне, құқрылымдық-функционалдық ерекшелігіне әсер етеді. Тірі
материяның уйымдасу жүйесінде популяциялық деңгей ерекше орын алады.
Комменсализм– екi түр арасындағы қарым-қатынас, мұнда бiр түр өзiнiң
iс –әрекетi арқылы екiншiсiне қорек немесе мекен-жай тауып бередi.
Мутуализм- түрлердiң арасындағы екi жаққа да тиiмдi қарым- қатынастың түрi.
Нейтрализм- биотикалық қарым-қатынастың бiр түрi. Бұл қатынаста бiр
территорияда тiршiлiк ететiн екi түр бiр-бiрiне зиянын да, пайдасын да
тигiзбей өмiр сүредi.Бєсекелестiк (конкуренция)- экологиялық қажеттiлiктерi
ұқсас түрлердiң арасындағы қарым-қатынас. Жыртқыш пен жемтiк, паразит пен
иесi арасындағы қарым-қатынастар. Жыртқыш пен жемтiк, паразит пен иесi
арасындағы қарым-қатынастар тiкелей қоректiк байланыстар. Паразитизм – бір
жануар (паразитті) екінші жануардың (иесінің) денесінің сыртында, не ішінде
тіршілік етуін, оның денесінің ұлпаларынмен немесе сұйық заттарымен,
ішегінің ішіндегі заттарымен қоректенуін, нәтижесінде иесіне үлкен зиян
тигізетін, кейде ажалына да себеп болатын бірлесіп тіршілік ету әдісін
айтады.

Популяция түрдің табиғаттағы элементарлы құрылымы. Популяцияда үнемі
тұқым қуалаушылық, тіршілік үшін күрес, табиғи сұрыпталу жүріп отырады.
Будандасу процесінің нәтижесінде олар популяцияда таралып, оны толықтырады.
Әр тур (осы түр особьтарының жиынтығы) белгілі бір территорияда -ареалда
тіршілік етеді. Көбіне ареалдың әр жерінде орналасқан особьтар топтары бір-
бірімен байланыса да алмай, шағылыса да алмай бөлектеніп өмір сүреді. Бұл
топтардың саны түрдің санына, тарихи (филогенетикалық) жасына, ареалдың
аумағына және басқа да себептерге байланысты. Популяция - тіршілік
циклдары, морфологиялық белгілері үқсас, генефондары ортақ особьтар
жиынтығы.
"Популяция" ұғымы латынша рориlиs - халық деген мағынаны білдіреді.
Бул терминді алғаш рет дат генетигі В.Л.Иогансен қолданды.
"Популяция" ұғымы биологияда негізгі үғымдардың бірі, ал популяцияны
генетикалық, эволюциялық және экологиялық турғыдан зерттеу жұмы-стары
ерекше бағытқа - популяциялық биологияға бірігеді. Популяциялық экология
немесе демэкология осы бағыттың бір бөлігі болып табылады.
Организмдердің популяцияларын жан-жақты зерттеуші экологтар
С.С.Шварц, А.М.Гиляров, А.В. Яблоков өздерінің еңбектерінде популяцияға
қазіргі тұрғыдан анықтама береді. Мәселен, С.С.Шварц популяция дегеніміз-
Орта жағдайларының өзгерісіне ұзақ уақыт бойы өзінің тұрақты санын ұстап
тұратын бір түрге жататын организмдердің элементарлы топтары деп анықтама
береді. Ал, А.В. Яблоков өзінің еңбегіде ... белгілі бір территорияны
мекендейтін бір түрге жататын организмдердің эволюциялық даму жолы ұқсас
топтары дейді. А.М. гиляров өзінің әріптестерінің идеяларын дамыта келіп,
популяцияға біршама жаңа көзқарасты анықтама беруге тырысады.

функциясы басқа биологиялық жүйелермен ұқсас келеді. Популяцияға тән

Элементарлы (жергілікті) популяция-табиғаты бірегей кішігірім
территорияларды мекендейтін бір түрге жататын особьтар жиынтығы.
Элементарлы популяциялардың табиғаттағы саны, даму эволюциясы мен ұзақтығы
биоценоздың күрделі немесе қарапайымдылығына, бірегейлігіне байланысты
болады. Табиғатта жергілікті популяциялардың араласып кетуі бір-бірінің
арасындағы шекараны жойып, түрлердің ұқсап кетуіне әкеліп соғады.
Экологиялық популяция-жергілікті популяциялардың жиынтығы негізінде
қалыптасады. Олар негізінде түр ішіндегі топтары болғандықтан белгілі бір
биоценозда тіршілік етуге бейімделген. Мәселен, кәдімгі ақ тиін көптеген
ормандарда кең тараған. Сондықтан олардың қарағайлық, шыршалық т.б.
экологиялық популяциялары көптеп кездеседі. Олар бір-бірімен нашар
жекеленгендіктен генетикалық алмасулар элементарлы популяцияларға қарағанда
сирек ұшырасады.
Географиялық популяция-географиялық жағдайлары бірегей
территорияларды қамтитын, особьтар топтарын құрайтын экологиялық
популяциялардан тұрады. Географиялық популяциялар салыстырмалы түрде бір-
бірімен нақты шектелген әрі өсімталдығы, особьтар формасы, экологиялық
қатары, физиологиялық мінез-құлқы және басқа да қасиеттері арқылы
ерекшеленеді. Популяциялардың осылайша ұзақ жылдар бойы жекеленуі бірте-
бірте географиялық раса немесе жаңа түр формаларын дүниеге алып келуі
мүмкін. Ондай түрлерді географиялық түр тармағы , раса немес сол түрдің
синонимі ретінде қарастырады. Табиғатта популяцияның шекарасы мен дене
тұрқы оның қандай дене тұрқы оның қандай территорияны мекендейтіндігінде
емес популяцияның өзінің жеке қасиеттерімен сипатталады. Н.П.Наумовтың
зерттеулері бойынша популяциялардың ұзақ территорияларға таралуы олардың
көптүрлілігін және генофонын байытады деп тұжырымдайды. Осыған байланысты
табиғатта абсолютті популяция болмайды. Өйткені, әрбір түр өзінің даму
эволюциясы барысында уақыт пен кеңістікке қатысты миграция кезінде бір-
бірімен араласып отырады. Нәтижесінде, түр шегіндегі популяциялардың әр
түрлі формалары қалыптасып отырады. Сондықтан популяцияға экологиялық
тұрғыда толық анықтама берілген жоқ. Осы бағытта С.С. Шварцтың көзқарасы
қолдауға тұрарлық бағыт. Онда: Популяция дегеніміз жеке түрдің сандық және
сапалық параметрлерімен сипатталатын түр ішіндегі тіршілік формалары ұқсас
формалары ұқсас особьтардың топтары-деп анықтама беріледі.
Бір жағынан популяция тіршіліктің әртүрлі деңгейінде: организм-попу-
ляция-биоценоз-биогеоценоз-биосфера функционалды-экологиялық қата-рына
кіретін биоценотикалық қарым-қатынастың элементарлық бірлігі бо-лып
табылады.
Екінші жағынан популяция әртурлі деңгейдегі таксондардың филоге-
нетикалықбайланысын: организм-полуляция-түр-туыс-тұқымда с-отряд-класс-
патшалық көрсететін генетикалық-эволюциялық қатарына кіретін эволюциялық
процестің элементарлық бірлігі болып табылады.
Экологияда популяция деп белгiлi бiр территорияны мекендейтiн және
бiр-бiрiмен өзара қарым қатынаста болатын, бiр түрге жататын даралар
жиынтығын айтады. “Популяция” деген сөз латынның “populus” – “халық” деген
сөзiнен алынған.
Бiр популяция өкiлдерiнiң бiр-бiрiне әсерi сыртқы орта факторларының
әсерiнен кем болмайды. Тұр аралық қатынастарда болатын барлық байланыс
тұрлерi популяция өкiлдерiнiң арасында да болады. Популяциялардың топтық
ерекшеліктері болады.
Топтық ерекшеліктер дегеніміз-бұл популяциялардың негізгі сипаты.
Оған мыналар жатады:
1) жалпы есебі (сан)-бөлінген аумақтағы дарақтардың жалпы саны;
2) тығыздық-популяция мекендеген кеңістіктің ауданына немесе көлеміне
келетін дарақтардың орташа саны;
3) өсімталдық-көбею нәтижесінде уақыт бірлігінде пайда болған жаңа
дарақтар саны;
4) өлім-жітім-белгілі уақыттың бір бөлігінде дарақтар популяциясында
өлгендердің мөлшерін көрсететін көрсеткіш;
5) популяция өсімі-туу мен өлім-жітім арасындағы айырма;
6) өсу қарқыны-уақыт бірлігіндегі орташа өсім;
7) жыныстық құрам-берілген популяциядағы еркек және әйел жынысты дарақтар
арақатынасы;
8) жас құрамы-бұл дарақтарды жасы бойынша бөліп тарату.
Жануарлар популяциясында дарақтардың мынандай топтары болады:
тұқымтоп(семья), топ(тобыр), табын, тұрақты үйір (арыстандарда ғана –прайд)
немесе дара өмір сүру.
Тұқымтоп (семья)-дарақтардың жыныстық нәпсіге, ата енелер мен
ұрпақтар арасындағы байланысқа, аумақтық ортақтыққа және де ұрпаққа
бірлесіп қамқорлық жасау қажеттігіне негізделген тұрақты бірлестігі. Көбею
маусымынан соң тұқымтоптың айырылысуы да мүмкін. Сонымен бірге кейбір
түрлерде, мысалы, аққуларда және қаздарда тұқымтоп маусымдық ұзақ жылыстау
және қыстау кезінде де сақталып қалады. Сүтқоректілерде аналықтар мен
олардың бір немесче екі буындарының ұрпақтарынан тұратын тұқымтоптық топ
түзіледі.
Табын (киттәрізділер, тұяқтылар, приматтар) немес үйір
(бунақденелілер, балықтар, құстар, анда-санда сүтқоректілер) бір түрге
жататын жануарлар тобы болып саналады. Мұнда олар олжасын аулауда, жылыстау
кезінде, қорғану немесе шабуыл жасағанда бірге әрекет негізінде тұрақты
немес уақытша бірігеді. Табын немесе үйірлер құрамы мерзіміне қарай жасы не
жынысы бойынша өзгерісте болады. Маусымдық жылыстау кезінде өте үлкен табын
түзіледі.
Тұрақты үйір (прайд)-арыстандар популяциясындағы дарақтардың тұрақты
тобы.
Жеке дарақтар, тұқымтоп немес дарақтардың өзге топтары аумақты белгілеп,
қорғаудың сан алуан жолдарын пайдаланып, кеңістікте белсенді түрде бытырап
орналасады. Дабыл жүйесі жануарлардың күйлеу кезінде жұбын табуға, өз
аумағын қорғауға, ұрпағының тірі қалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік
туғызады.
1.2 Популяцияның құрылымы
Популяциялар қурылымы - бір жағынан турдің биологиялық қасиеттерінің
негізделіп, екінші жағынан ортаның абиотикалық факторлары мен басқа
түрлердің популяциялары әсерінен қалыптасып құрылады. Популяциялар құрылымы
тұрақты емес.
Популяцияның кеңістіктегі (территориялық), жастық, жыныстық, гене-тикалық,
мінез-құлықтық және басқа да құрылымдары бар.
Популяцияның кеңістіктегі қурылымы - популяция особьтарының
кеңістікте орналасу ерекшеліктері. Ол тіршілік ортасының және түрдің
биологиялық ерекшелігіне байланысты. Жылдың маусымы, популяцияның сандық
мөлшері, уақыт бойынша өзгеруі мумкін. Популяция особьтарының кеңістікте
бірқалыпты, кездейсоқ және топтанып орналасуы мүмкін
Табиғатта особьтардың бірқалыпты орналасуы сирек кездеседі. Кездейсоқ
(диффузиялық) орналасу көптеген өсімдіктерде, жануарларда кездеседі.
Топтаныл орналасуда (мозайкалық) особьтар топ-топ болып кездеседі, мысалы,
сүт қоректілер табыны, құстар колониясы. Топтанып орналасу популяция ушін
қолайсыз жағдайларда улкен тұрақтылық береді.
Жануарлардың ортаның қолайсыз жағдайларына немесе олардың даму циклдарына
байланысты жылжып қозғалуы миграция деп аталады. Олар жүйелі (тәуліктік
немесе маусымдық) және жүйесіз (қуаңшылық, су тасқы-ны, өрт, және т.б.)
болуы мүмкін. Мысалы, құстардың жылы жаққа ұшуы маусымдық миграцияға
жатады.
2.1 Популяция особьтарының кеңістікте таралуы
Популяциялардың күйі мен тіршілігі популяцияның жалпы санына және
олардың кеңістікте орналасуына байланысты болады. Популяцияны құрайтын
даралардың кеңістікте таралуы әр түрлі болуы мүмкін. Ол даралардың қолайлы
және қолайсыз физикалық жағдайларға немесе бәсекелестік қатынастарға
реакциясын көрсетеді. Даралар мен олардың топтарының таралуы кездейсоқ
бірқалыпты және топтық болып бөлінеді. Ағзалардың таралу типін білудің
популяцияның тығыздығын іріктеп алу әдісімен бағалаудың маңызы зор.
Іріктеп алу деп популяция тығыздығын бағалауға арналған
эксперементтер қатарын айтамыз. Ітіктеу санын n белгілейміз. Егер әр
іріктеудегі даралардың орташа санын m деп белгілесек, онда даралардың
кеңістікте таралу сипатын көрсететін s2 дисперсияны мына формула бойынша
анықтайды:
S2=
Мұндағы: S2-таралу шамасы;
х - шамасының оташа ауытқуы (дисперсия);
n-әр эксперименттегі даралар саны.
Бірқалыпты таралу жағдайындағы S2 нольге тең болады. Себебі әр
іріктеудегі даралар саны тұрақты және орташаға тең.
бірқалыпты
S2=0
Кездейсоқ таралу кезінде орташа m мен дисперсия s2 тең ( n-іріктеу
саны жеткілікті болғанда ).
кездейсоқ
S2 =m
Топтық таралу кезінде дисперсия орташадан жоғары және неғұрлым
жиналуға қабілетті күшті болса олардың айырмашалаға да үлкен болады.
топтық
S2 m
Даралардың бірқалыпты таралуы табиғатта өте сирек кездеседі. Ол
көбінесе әр түрлі даралар арасында бәсекелестікке байланысты болады. Мұндай
таралу типі жыртқыш балықтар мен территориялық инстинкті анық байқалатын
балықтарда болады. Бірқалыпты таралуға мысалы ретінде Ла-Манш құмды
жағалауларында тіршілік ететін тақта желбезекті былқылдақ денелілер де
мысал бола алады.
Кездейсоқ таралу тек біртекті ортада және жиналуға қабілеті жоқ
түрлерде байқалады. Мысалы, ұн құртының ұнның ішінде таралуы кездейсоқ
болады.
Топтық таралу-табиғатта жиі кездеседі. Топтардың өзі кездейсоқ немесе
жиналып таралуы мүмкін. Әсіресе, ағаштардың орман кеңістігіндегі таралуы
жақсы зерттелген. Егер ормандағы ағаштар бір түрге жататын бастапқыда олар
әдетте жинақталып топтанып таралады да, уақыт өте келе олардың таралуы
бірқалыпты бола бастайды. Ал орманның қалыңдығы тіршілік бәсекелестік
нәтижесінде кемиді. Аралас өсімдіктер бірлестігінде басылатын түрлер
әдетте топтанып, ал доминантты түрлер бірқалыпты таралады.
Кез келген популяция төмендегі қасиеттермен сипатталады:
Популяциялар саны берілген территория немесе көлем бірлігіндегі
даралардың жалпы саны. Ол еш уақытта тұрақты болмайды және ол көбею мен
өлімнің интенсивтілігінің қатынасына байланысты. Көбею процесінде
популяцияның өсуі жүреді де өлім оның санының кемуіне әкеледі.
Популяция тығыздығы популяция алып жатқан аудан немесе бірлігіне
шаққандағы даралар санымен анықталады. Мысалы, ағаштың 150 түбінің 1 га
өсуі осы популяцияның тығыздығын сипаттайды.
Туылу-көбею нәтижесінде уақыт бірлігінде пайда болған жаңа даралар
саны. Тірі ағзаларға көбеюге деген мүмкіндік берілген. Бактериялар әрбір 20
минут сайын бөлінеді. Мұндай жылдамдықпен көбейгенде бір жасуша 36 сағатта
бүкіл планете бетін жауып шығатын ұрпақ бере алады. Бір бақ-бақ өсімдігінің
барлық тұқымдары өнетін болса 10 жылда өзінің ұрпақтарымен бүкіл дүние
жүзін алып кетер еді. Іс жүзінде үлкен өнімділік еш уақытта жүзеге аспайды.
Өлім-белгілі бір кезеңде өлген даралардың саны. Өлімнің үш типін
бөліп көрсетуге болады. І барлық жастағы өлімді сипаттайды (гидра); ІІ
даралардың дамуының ең ерте кезеңде өлімнің жоғары болуымен (айқұлақ); ІІІ
өлімнің жоғары болуымен сипатталады.
Тірі ағзалар %
ІІІ
Ұрықтың өмірінің ұзақтығы (шартты)
Өлім қисықтары (Э. Макфредьен бойынша)
Популяцияның өлімі-туылу мен өлімнің арасындағы айырма; өсім оң
немесе теріс болуы мүмкін.
Өсу жылдамдығы-уақыт бірлігіндегі орташа өсім. Егер R0 арқылы
берілген түрдің бір дарасының өміріндегі беретін ұрпақтарының орташа санын
белгілесек онда:
R01 популяция өседі (ұсақ ағзаларға тән);
R0=1 популяция саны тұрақты;
R01 кеміп бара жатқан популяция (кәсіптік
жануарлар).
Түр экологиялық бірлік болып табылады. Әр бір түр белгілі бір ареалды
мекендеп, бір популяция жүйесін құрайды. Егер осы түрлердің әрбір мүшелері
осы кең территорияның ішінде бір жерден екінші жерге ауысса немесе бір
түрден екінші бір түрге ауысып отырса, онда ол популяцияның саны өте аз
болады. Осындай алыс жерге ауысып, мекенін өзгертіп отыратын түрлерге
Солтүстік бұғылары мен полярлы түлкілерді жатқызуға болады. Мысалы,
денесіне белгі қойып бақылаудың арқасында, бұл ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz