Шығыс Қазақстан экономиклық ауданының әлеуметтік – экономикалық сипаттамасы


Жоспар
Кіріспе6
1 Шығыс Қазақстан экономиклық ауданының әлеуметтік - экономикалық8
сипаттамасы8
1. 1 Шығыс Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық географиялық орны8
1. 2 Шығыс Қазақстан экономикалық ауданының халқы, демографиялық10
сипаты10
1. 3 Шығыс Қазақстан экономикалық ауданының өндіруші және өңдеуші12
өнеркәсіптері12
2 Қазіргі күндегі Шығыс Қазақстан экономикалық ауданы25
2. 1 Шығыс Қазақстан экономикалық ауданының экологиялық хал -25
ахуалы25
2. 2 Су басқан аймақтар және оларды қалпына келтіру іс-шаралары29
Шығыс Қазақстанды су алуы29
Қорытынды36
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:37
Қосымша38
Кіріспе
Шығыс Қазақстан облысы 1932 жылы құрылған және республиканың шығысында орналасқан (1997 жылғы 23 мамырдағы № 3528 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен облыс құрамына таратылған Семей облысының территориясы қосылды) . Облыс территориясы 283, 3 мың шаршы км. Облыс халқының саны 2002 жылдың басында 1660, 6 мың адамнан астам болды, соның ішінде қалада - 951, 6 мыңнан астам, ауылда - 709 мың шамасында адам тұрады. Облыс орталығы - Өскемен, 1720 жылы негізі қаланған. Өскеменнен Астанаға дейінгі қашықтық - 1084 шақырым, Алматыға дейін - 1100 шақырым. Облыста 15 ауылдық аудан, 10 қала, 5 облыстық, 5 қалалық маңыздылығы бар қалалар, 27 кент, 228 ауылдық аймақ және 857 кент бар. Облыстың ұлттық құрамы мынандай: қазақтар - 49 % астам, орыстар - 44% астам, басқа ұлттар - шамамен 5, 5%. Шығыс Қазақстан экономикалық ауданы Ресеймен, Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданымен, Орталық және Оңтүстік Қазақстан экономикалық аудандарымен шектеседі.
Шығыс Қазақстан Алтай тауы мен Сарыарқаның шығыс бөлігі қамти отырып, Ертістің жоғарғы ағысы алабына орналасқан.
Шығыс Қазақстан экономикалық ауданның территориясына Кенді Алтай деп аталатын Алтай тауының оңтүстік тізбектері енеді. Ал ауданның оңтүстік-шығыс бөлігінде Тарбағатай және Сауыр тау жоталары орналасқан. Оңтүстік Алтай мен Сауыр-Тарбағатай тау жүйелерінің аралығында Зайсан ойысында орналасқан. Ал жазықтық жерлер көбінесе аудан территориясының солтүстік-батыс жағында кездеседі. Бұл экономикалық аудан мырыш, қорғасын, мыс сирек кездесетін металдар, алтын күміс молибден ресурстарына өте бай болып келеді. әсіресе Кенді Алтын және Калба жоталарының жер қойнауында көмір, жанғыш тақтатастар, ас тұздары және құрылыс материалдары көптеп кездеседі.
Шығыс Қазақстан экономикалық ауданнының климатына келсек, тым континеттік тип үстемдік етіп оңтүстік-шығысқа қарай климат ықпал етеді. Қыс маусымы өте суық болып, таулы жерлерге қар қалың түседі. Қаңтар айының орташа температурасы жазықтық жерлерде -16 -19°С, ал таулы аймақтарда -26°С-қа жетіп, қыстыгүні кейбір аязды күндерде абсолюттік минимум 53° С төмендейді. Жауын-шашын өте әркелкі түседі яғни батыстағы жазықтық жерлерге жылына 150-300мм ылғал түседі, тау бөктерлеріне 350-40мм, ал биік таулы аймақтарға 1000-1500 мм жауын-шашын түседі.
Шығыс Қазақстан халқы тығыз қоныстанған экономикалық ауданның бірі, халықтың орташа тығыздығы 1 км² жерге 6 адамнан асады. Халықтың негізгі бөлігі ауданның солтүстік-батыс бөлігі мен Кені Алтайдың тау бөліктерінде тығыз орналасқан. өскемен аймағанда халықтың тығыздығы 60 адамға жетсе, ал Сарыарқаға ұласатын жазықты аймақтарда 4-5 адам, ал шөлі жерлерде 1 адамнан келеді. Жалпы халықтың 55 пайызынан астамы қалалы жерлерде тұрса, ұлттық құрамында қазақтар мен орыстар басым. Қазақтардың көпшілігі Ертіс өзенінің жағалауында қоныстанған. Бұл эконмикалық ауданның ең ірі қалалары - Өскемен, Семей, Аягөз, Зырян, Риддер.
Ауданның жазықтық бөлігінде қоңыр, қара және сұр топырақтар тараған, ал өсімдіктерден далалық және шөлейттік өсімдік түрлері қалыптасқан. Биік тауларда өсімдік пен топырақ жамылғылары биіктік белдеулері бойынша орналысқан. Тау етектеріндегі қара және қоңыр топырақтар ауыл шаруашылығы үшін игеріліп, егістік пен мал жайылымдарына пайданылады.
1 Шығыс Қазақстан экономиклық ауданының әлеуметтік - экономикалық
сипаттамасы
1. 1 Шығыс Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық географиялық орны
Бұл экономикалық ауданның құрамына Шығыс Қазақстан облысы жатады. Жердің көлемі 276, 9 мың км², халқы 1 млн 717 мың адам. Шығыс Қазақстан Ертіс өзеннің жоғарғы ағысында Қытай Халық Республикасымен шекаралас орналасқан, жер көлемі жағынан республикадағы ең кіші аудан. Оның үлесі республика территориясының 10 пайызын ал жалпы 12 пайызын алады. Шығыс Қазақстан экономикалық ауданы Ресеймен, Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданымен, Орталық және Оңтүстік Қазақстан экономикалық аудандармен шектеседі.
Шығыс Қазақстан экономикалық ауданының климатына келсек, тым континенттік тип үстемдік етіп, оңтүстік-шығысқа қарай климат құрғақтана түседі, ал тау етектері мен тау бөктерлерінде ылғалды климат ықпал етеді. Қыс маусымы өте суық болып, таулы жерлерге қар қалың түседі. Қаңтар айының орташа температурасы жазықтық жерлерде -16 -19ºС, алтаулы аймақтарда -26º С-қа жетіп, қыстыгүні кейбір аязды күндерде күндерде абсолюттік минимум 53ºС төмендейді. Жазғы маусым өте ыстық, ауданның батыс бөлігі өте қуаң, құрғақ болып келеді. Шілде айының орташа температурасы +19 +20ºС, ал оңтүстігі +23 +24ºС, ал ауданның батысында кейбір күндері температура 40ºС-қа жоғарлайды. Жауын -шашаын өте әркелкі түседі яғни батыстаға жазықтық жерлерге жылына 150-300 мм ылғал түседі, тау бөктерлеріне 350-40мм, ал биік таулы аймақтарға 1000-1500 мм жауын-шашан түседі.
Шығыс Қазақстанның шаруашылық жағынан дамуында Кенді Алтай үлкен орын алады. Алтай тауларының қазастандық бөлігінде күміс балқыту өнеркәсібі дамыған.
Кеңес Өкіметінің тұсында Шығыс Қазақстан республиканың ең негізгі өнеркәсіпті ауданының біріне айналып, экономикасының дамуында басты рольді түсті металлургия атқарды. Шығыс Қазақстандағы полиметалл рудасының құрамында әртүрлі қосындылар табылып, олар жеке-жеке завотарда қорытып алынды. Мұндағы түсті металлургияның ең ірі кәсіпорындары Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты, Лениногор полиметалл және Зырян қорғасын комбинаты.
Өскемен қорғасын-мырыш комбинатына шикізаттар Глубокое және Текелі кен орындарынан тасмалданып, олардан қорғасын, мырыш, алтын, күміс бөлініп алынады. Бұл комбинаттың Өскеменде салынуына бірнеше факторлар әсер еткен. Атап айтқанда, арзан энергия жеткізіп беретін Өскемен ГЭС-і бар, байланыс жлодеры жақсы қалыптасқан.
Лениногор полиметалл комбинатында Лениногор полиметалдарын өңдеп, одан тазартылған қорғасын мен мырыш алынады.
Зырян қорғасын комбинатында металлургиялық процестер жүргізілмейді, бірақ ол өндірілген қорғасын-мырыш комбинаттарын басқа кәсіпорындарға жіберіп отырады.
Шығыс Қазақстанда машина жасау және металл өңдеу өнеркәсібі де жақсы дамыған. өскемендегі конденсатор заводы электротехникалық бұйымдармен бірге, темір жол және құрылыс, ауыл шаруашылығы мен медицина саласы үшін керекті құрал-саймандар шығарады.
Өнеркәсіп және тұрғын үй құрылысының ұлғаюына байланысты жергілікті шикізатты пайдаланып жұмыс істейтін құрылыс индустриясы қалыптасты. Аудан территориясында көптеген кірпіш завотары салынды. Өскемен мен Семей қалаларының маңында әктасты пайдаланатын ірі цемент завотары жұмыс істейді. Соңғы жылдары темір бетон бұымдары ірі қабырға белоктары, бетон құбырлар жасайтын бірнеше заводтар салынған.
Шығыс Қазақстанда орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі жақсы дамыған. Өскеменде республикадағы ең ірі мебель фабрикасы жұмыс істейді. Жеңіл өнеркәсіптің барлық ең ірі кәсіпорындары соның ішінде сырттан әкеінетін шикізатты пайдаланып жұмыс істейтін мақта иіру, шұлық-трикотаж фабрикалары Семейде орналасқан.
Шығыс Қазақстандағы ауыл шаруашылығының маманданған саласы - мал шаруашылығы. Соның ішінде етті - жүнді бағындағы қой шаруашылығы дамыған. Таулы аймақтарда жылқы, ірі қара мал және бал ара шаруашылығы, марал шаруашылығы қалыптасқан. Егіндік шаруашылығынан астық, техникалық дақылдар өсірумен қатар, қала маңындағы елді мекендерде картоп, көкөніс өнімдері өсіріледі.
Көлік кешені ішінде Ертіс өзенінің рөлі ерекше. Автомобиль жолы ауданының Өскемен, Семей сияқты ірі қалаларын Қрағанды, Алматы қалаларымен байланыстырды. Ал әуе қатынасы арқылы Мәскеу, Ташкент, Алматы және Новосибирск қалаларымен байланыс жасады.
1. 2 Шығыс Қазақстан экономикалық ауданының халқы, демографиялық
сипаты
Халқының саны бойынша ШҚО еліміздегі соңғы орында, еліміздің 11% халқы тұрады, саны 1 млн 442 мың адам. Облыс халқының 59% 10 қала мен 26 кентте тұрады. Облыстағы халықтың орташа тығыздығы 1 шаршы шақырымға шаққанда 5, 1 адамнан келеді. Ұлттық құрамы: қазақтар мен орыстар, украиндер, немістер, кәрістер мен басқа ұлттар. Жалпы халқының 92, 7%-і экономикалық белсенді халық, жұмыссыздар - 7, 3%.
Шығыс Қазақстан облысы 1932 жылы құрылған және республиканың шығысында орналасқан (1997 жылғы 23-мамырдағы №3528 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен облыс құрамына таратылған Семей облысының территориясы қосылды) . Облыс территориясы 283, 3 мың шаршы км. Облыс халқының саны 2002 жылдың басында 1660, 6 мың адамнан астам болды, соның ішінде қалада - 951, 6 мыңнан астам, ауылда - 709 мың шамасында адам тұрады. Облыс орталығы - Өскемен, 1720 жылы негізі қаланған. Өскеменнен Астанаға дейінгі қашықтық - 1084 шақырым, Алматыға дейін - 1100 шақырым. Облыста 15 ауылдық аудан, 10 қала, 5 облыстық, 5 қалалық маңыздылығы бар қалалар, 27 кент, 228 ауылдық аймақ және 857 кент бар. Халық Шығыс Қазақстан территориясында өте ертеде қоныс тепкен. Алтайда, Зайсан қазаншұңқырында, Сауыр мен Тарбағатайдың беткейлерінде күні бүгінге дейін сақталған ежелгі кен орындарының іздері, суару каналдары, бекіністер мен елді мекенділердің қираған орындары - осының айғағы. Алайда ХУ ғасырдың басында жоғарғы Ертіс алабын жоңғарлар жаулап алып, қазақтарды батысқа, Сарыарқаға қарай ығыстырды. Бірақ ХУІІІ ғасырдың ортасынан былай, Жоңғар хандығы талқандалғаннан кейін, Орта Жүздің қазақтары қайтадан Ертіс аңғарына, Алтай мен Тарбағатай бөктерлеріне қоныс аудара басайды.
ХVІІІ ғасырдың басында-ақ жоңғарларды талқандаудан бұрын-ақ Шығыс Қазақстанға орыстар келе бастады. Осы кезде күшейтілген Ертіс шебі құрылды. Бұл шептің бойында бекіністермен қатар, казактардың станциялары пайда болған. Олар әсіресе Ертістің оң жағасында көп болады. Алайда Шығыс Қазақстанға Ресейден шаруалардың жаппай көшіп келуі ХІХ ғасырдың аяғында Ұлы Сібір темір жол магистралін салудан кейін күшейе түсті. Оның үстіне, көшіп келушілердің басым бөлігі Ертіс аңғары мен оның оң саласына, сондай-ақ Белағаш даласына қоныстанады. ХХ ғасырдың басында Ертістің сол жағасында, негізінен Қалба жотасы мен Тарбағатайдың бөктерінде орыс шаруаларының қоныстары пайда болады. Оңтүстік Алтайдың адам жете
1-сурет
Қазақстан картасындағы Шығыс Қазақстан
алмайтын және Сарыарқаның шөлді аудандарын шаруалардың қоныстануы айтарлықтай болмады. Жоғарыда айтылғандай, Шығыс Қазақстанның әр түрлі бөліктерінде халықтың орналасу тығыздығында елеулі айырмашылықтардың болуы оындай жағдайларға байланысты.
Шығыс Қазақстан халқының саны және территориясының үлкендігі жөнінен республикадағы экономикалық аудандардың ішінде соңғы - бесінші орынды алады. Мұнда Қазақстан халқының 11%-дайы тұрады. Бірақ халықтың орташа орналасу тығыздығы бүкіл республикадағы көрсеткіштен жоғары - 1 шаршы шақырымға 6, 3 адамнан келеді. Аудандағы аса маңызды өнеркәсіп орталықтарының бәрі дерлік орналасқан. Кенді Алтайдың солтүстік-батыс бөктері мен аңғарларында халық айтарлықтай жиі қоныстанған. Климат жағдайлары егіншілік жүргізуге қолайлы әрі қара топырақты Белағаш даласына да халық жиі қоныстанған. Ауданның мұдай халық жиі қоныстанған аймақтарындағы ауылдар да үлкен болып келеді. Олар көбіне тау аралығындағы қазаншұңқырлар мен өзен аңғарларына, кейде суайрықтарына орналасады.
Алтайдың биік таулы бөліктері мен Сарыарқаның Түркістан-Сібір темір жолынан батысқа қарай халық сирек қоныстанған. Мұда ұсақ, көп жағдайда мал фермаларының маңына орналасқан маусымдық елді мекендер басым. Қалба жотасы мен Оңтүстік Алтайдың тау бөктерлері, Тарбағатайдың беткейлері мен Зайсан қазаншұңқыры халықтың орналасу тығыздығы жөнінен біршама ілгері орында тұр.
Революциядан кейінгі жылдары Шығыс Қазақстанда қала халқының үлес салмағы күшті өсті. Бірақ ол аудандағы бүкіл халықтың жартысын ғана құрайды. Қала халқының үлес салмағы жөнінен ол Батыс және Солтүстік Қазақстанмен қарайлас деуге болады. Қала халқының үлес салмағы ауданның шығыс, неғұрлым өнеркәсіпті таулы бөлігінде едәуір жоғары. Мұнда Кенді Алтайдың бөктерлері мен тау аралығындағы қазаншұңқырларда пайдалы қазбаларды өндіретін жерлерде, кеніштерде, байыту фабрикалары мен металлургия зауыттарында көптеген шағын қалалар мен қала үлгісіндегі қоныстар өсіп шықты.
Облыстың ұлттық құрамы мынандай: қазақтар - 49 % астам, орыстар - 44% астам, басқа ұлттар - шамамен 5, 5%. Шығыс Қазақстан халық тығыз қоныстанған экономикалық ауданның бірі, халықтың орташа тығыздығы 1 км 2 жерге 6 адамнан асады. Халықтың негізгі бөлігі ауданның солтүстік-батыс бөлігі мен Кенді Алтайдың тау бөктерлерінде тығыз орналасқан. Өскемен аймағында халықтың тығыздығы 60 адамға жетсе, ал Сарыарқаға ұласатын жазықты аймақтарда 4-5 адам, ал шөлді жерлерде 1 адамнан келеді. Жалпы халықтың 55 пайызынан астамы қалалы жерлерде тұрса, ұлттық құрамында қазақтар мен орыстар басым. Қазақтардың көпшілігі Ертіс өзенінің жағалауында қоныстанған. Бұл экономикалық ауданның ең ірі қалалары- Өскемен, Семей, Аягөз, Зирен, Лениногор.
1. 3 Шығыс Қазақстан экономикалық ауданының өндіруші және өңдеуші
өнеркәсіптері
Ауданның қазіргі шаруашылығының негігі мамандануы - ауыр өнеркәсіптің барлық аса маңызды салаларының дамуы мен орналасқан Кенді Алтайға тығыз байланысты.
XIX ғасырдың аяғынан бастап Шығыс Қазақстанда кен өнеркәсібімен қатар ұқсатушы өнеркәсіп, негізінен алғанда, оның ұн тартатын және жүн жуатын салалары дамыған. әр жерде шарап ашытытын, сыра қайнататан, май шығаратын және сабын қайнататын зауыттар, былғары, қой терісінен ішік, тон тігетін шағын фабрикалар пайда болды. Кен өнеркәсібі секілді, ұқсатушы өнеркәсіптің өнімдері де Ертіс арқылы басқа аудандарға шығарылды, өйткені 1930 жылға дейін бұл ауданда темір жол болған жоқ.
2-сурет
Шығыс Қазақстан экономикалық ауданы
Соғысқа дейінгі және соғыстан кейінгі жылдары Шығыс Қазақстан республикасның көп салалы ауыл шаруашылығы барынша дамыған өнеркәсіпті аудандарының біріне айналды. Мұнда темір жол мен автомобиль жолдарының салынуы, оның аса бағалы қазба байлықтары мен су энергитикасы байлықтарын жан-жақты пайдалану, сондай-ақ құнарлы жерлерді дәнді және техникалық дақылдар егістігін және мал шаруашылығын дамыту үшін жайлымдар ретінде игеру Шығыс Қзақстанның экономикасын жедел дамытуда шешуші рөл атқарды.
Кенді Алтай Шығыс Қазақстан Экономикасының даму тарихында көрнекті орын алады. Ол игерлу уақыты жөнінен бүкіл Қазақстандағы алғашқы кенді аудан болып табылыды, өйткені түсті металдардың кейбір кен орындары мұнда XVIII ғасырдың 20-жылдарында-ақ Ертісте орыс бекіністері - Семей мен Өскеменнің негізі қаланғаннан кейін көп ұзамай ашылып, игеріле бастады. Атайдың Қазақстандағы бөлігінің кеніштері ұзақ уақыт бойы Ресейге күміс беретін басты орын бүкіл Алтайдың күміс қорыту өнеркәсібінің негізгі шикізат базасы болды. Бұл күмістен тенге жасайтын еді. Тіпті XIX ғасырдың өзінде бір ғана Зырян кен орынының кеніштері Алтай қорытытын күмістің 75%-дайын беретін.
Қазақстандық Алтай минералдық ресурстар қорының молдығы жағынан республикамызда бірінші орын алады. 1730-1832 жж. аралығында қазақстандық Алтайдан Березов, Николаев, Риддер, Зырян, Белоусов және т. б. кен орындары ашылды. Осыдан кейін елімізде түсті металлургия өнеркәсібі дами түсті. Қазақстандық Алтайда полиметалдан басқа Au, Ag, Cd, Fe, S, Mo, Bi, In, Ta, Se, Tl, Hg т. б. көптеген металдар кездеседі. Оңтүстік Алтай мен Қалба жотасында қалайы, вольфрам, ваннадий кен орындары орналасқан. Алтын өндіру бойынша аты әйгілі Бақыршық, Октябрь, Бөке кен орындарын атауға болады.
Қазақстандық Алтайда республикамыздың басқа аудандарымен салыстырғанда минералдық отын түрлері аз кездеседі. Тас көмір және тақтатас кен орындары Зайсан маңындағы Кендірлік (1, 6 млрд т), Семей полигоны аумағындағы Қаражырады (1, 5 млрд т) орналасқан. Жалпы алғанда көмірдің 250 млн тоннасы ғана барланып, пайдалануда. Алтайда темір рудалары Холзун (680, 2 млн. т) және Родионов (58 млн т) кендерінде зерттелген. Шығыс Қазақстан облысы қорғасын және мырыш рудаларының қоры бойынша Орталық Қазақстаннан кейінгі екінші орын алады. Мұнда Кенді Алтайдың колчеданды-полиметалл типіндегі кен орындары кездеседі. Оған жататындар: Риддер, Сокольный, Тишин, Новолениноогор, Зырян, Малеев, Чекмарь, Громов, Николаев, Ертіс, Белоусов, Новоберезовск, Артемьев кен орындары//. Кенді Алтай аумағында Лениногор тау-кен металлургиялық кешені, Зырян тау-кен байыту кешені, Жезкент тау-кен байыту комбинаты, Шығыс Қазақстан мыс-химия зауыты, Ертіс мыс балқу зауыты, Өскемен металлургиялық кешені жұмыс істейді.
Алғаш рет алтын ілеспелі металл түрінде Кенді Алтайдың кешенінен кен орындарынан 250 жыл бұрын, шашыранды алтын Қалба жотасы және Оңтүстік Алтайда 160 жыл бұрын өндіріле бастады. Шығыс Қазақстанға алтын қоры және оны өндіру бойынша жалпы республикалық өндірудің 40 пайызы тиесілі. Негізінен алғанда, алтын қорының көп бөлігі Кенді Алтайдың колчедады-полиметалл кен орындарына шоғырланған. Облыста әртүрлі типтегі ірілі-ұсақты 300-ден астам алтын кен орындары тіркелген. Ең ірі кендер қатарына Бақыршық, Чекмарь, Орлов, Тишин т. б. жатады.
Сондай-ақ қазақстандық Алтай сирек кездесетін қалайы, титан, кадмий және цирконий металдарының басты провинциясы саналады.
ШҚО аумағында Кенді Алтайда минералды ресурстар қоры шоғырланған: мырыш, қорғасын, титан, магний, алтын, күміс, мыс, темір, сирек кездесетін металдар. Оңтсүтік Алтай мен Қалба жоталарында қалайы, вольфрам кен орындары кездеседі. Риддер, Зырян, Березов кен орындарында мырыш, қорғасын, мыс, күміс, алтын, кадмий, сурьма, темір, молибден, висмут, индий, таллий, селен, теллур кездеседі.
ШҚО жерінде кенге жатпайтын пайдалы қазбалар да кездеседі: құрылыс тасы, ғаныш, әктас, минералды бояулар кездеседі. Семейдің жанындағы Суық бұлақ маңында әктас, Ауыл стансасы маңында ғаныш кездеседі. Көкпектіде глаубер тұзының қоры анықталған. Жарма ауданындағы мәрмәр сапасы бойынша дүние жүзінде ең жоғары сапалы болып саналады.
Жанатын пайдалы қазбалардан көмірдің кен орны Қаражырада табылған, қоры 1 млрд тонна. Көмір қоры Көкпектінің солтүстік батысында да анықталып отыр. Зайсанда мұнай мен газ анықталып отыр.
Қазіргі Шығыс Қазақстанның экономикасында жақсы дамыған ауыр өнеркәсіп өркендеп келе жатқан аграрлық-өнеркәсіптік кешенмен ұштасқан. Полиметалл, яғни қорғасын - мырыш өнеркәсібі және титан мен магний секілді энергияны көп қажат ететін түсті металдар өндірісі - осындағы өнеркәсіптің маманданушы салалары болып табылады. Аудан өнеркәсібінің бұлайша мамандануы оның жер қойнауындағы көп серіктес түсті металдарға ғана емес, сонымен қатар, тиісті энергетика базасының болуына да байланысты. Ертіс пен оның оң жақ салаларына арзан электр энергиясын өндіретін бірқатар су электр станциялары салынған. Олардың ішіндегі ең қуаттылары - Бұқтырма, Шүлбі және Өскемен су электр станциялары. Бұған қоса, бірқатар қалаларда жылу электр станциялары жұмыс істейді, олар су электр станцияларымен бірге Алтай энергетика жүйесін құрайды.
3-сурет
Шығыс Қазақстанның экономикалық ауданының өнеркәсібі
Аудандағы орасан зор электр станциясының басты тұтынушысы - полиметалл өнеркәсібі. Бұл өнеркәсіптің кенді өндіруден бастап, қорғасын, мырыш, мыс, кадмий, басқа да сирек кездесетін металдар өндірісіне дейінгі және металдарды қорыту кезінде бөлініп шығатын күкіртті газдарды пайдалану есебінен газдарды кәдеге жарату арқылы күкірт қышқылын шығаруға дейінгі барлық өңдеу салалады бар. Негізінен, таукен жабдықтарын, электр станциялары үшін конденсаторлар мен аспаптарды шығаратын машина жасау саласы да түсті металлургиямен тығыз байланысты. Өндірістің энергияны көп қажет ететін салаларында Оралдың Березняки қаласынан жеткізілетін шикізаттан титан мен магний қорытылады.
Түсті металлургияның барлық кәсіпорындары, негізінен, Кенді Алтай таулары мен Ертіс өзеннің таудан шыға берісіне шоғырланған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz