ІС-ӘРЕКЕТ ПСИХОЛОГИЯСЫ ТУРАЛЫ
ІС-ӘРЕКЕТ ПСИХОЛОГИЯСЫ
Жоспар
І Кіріспе
Іс-әрекет психологиясы туралы жалпы түсінік
Іс-әрекеттің психологиялық құрылымы
Іс-әрекет түрлері
ІІ Негізгі бөлім
Іс-әрекет дағды туралы жалпы түсінік.
Адам іс-әрекетінің түрі мен дамуы.
Баланың іс - әрекетінің психикалық дамуының биологиялық және әлеуметтік
факторлары
Психиканы дамытудың биологиялық шарттары.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Іс-әрекет ұғымы психология саласындағы басты түсініктердің бірі. Іс-
әрекетті психикадан, оның ғылыми зерттеу методологиясынан, психиканың
пайда болуы мен эволюциясынан, тұлға ұғымының түсіндірілуі мен оның
психологиялық сипатының құрылым бөліктерінен ажырата қарастыру мүмкін
емес. Алайда, іс-әрекет ерекше психологиялық шындық ретінде әлдеқейда
тереңірек сипаттауды қажет ететін ұғым. Бұл ғылыми категория
диалектикалық материализм философиясы негізінде құрылып, алғашқы
түсіндірулері Л.С. Выготский (1896-1934), С.Л. Рубинштейн (1889-1960),
А.Н. Леонтьев (1903-1979) сынды кеңестік психологтердің есімдерімен
байланысты болды. Кейіннен, іс-әрекет ұғымын өз тұрғысынан қарастыруға
барлық белгілі психологтер, көптеген әйгілі философтер мен ХХ ғасыр
методологтері кірісті. Іс-әрекет категориясы бірқатар теоретикалық
пікірталастардың пәніне айналып, түсіндіру принципі ретінде танылды.
Ол психиканы, мінез-құлықты, тұлғаны зерттеу бірліктерінің бірі болып
қалыптасты. Іс-әрекет аясындағы жетекші психологтердің методологиялық көз
қарастарының көптүрлігіне қарамастан, бүгінгі күнгі іс-әрекет жайлы
психологиялық анықтаманы аяқталған, мінсіз деп қабылдауға болмайды.
Іс-әрекеттің әлдеқайда аяқты психологиялық тұжырымын толықтыра және
түрлендіре отырып, 1940 жылдың ортасында А.Н. Леонтьев жасаған. А.Н.
Леонтьев бойынша іс-әрекет дегеніміз, белгілі қажеттіліктерге жауап
беретін, мотивтерге бағынатын және адамның дүниеге деген өзіндік
қатынасын іске асыратын белсенді процестер.
А.Н. Леонтьев адамның кез-келген белсенділігін іс-әрекет деп атаған
жоқ, тек тұлға, қажеттілік, мотив, мақсат, міндеттермен психологиялық
байланыстағы, мақсатқа бағытталған белсенділіктерді ғана іс-әрекет деді.
Іс-әрекеттің психологиялық құрылымы
Іс-әрекет үш қырлы анықталады, яғни бір уақытта үш кеңістікте іске
асырылып, көрініс береді, ол: тұлға (іс-әрекет субъекті), объект (іс-
әрекет пәні) және ішкі праксис (түрліше белсенді процесстер).
Іс-әрекеттің психологиялық құрылымын төмендегідей бейнелеуге болады:
Қажеттілік Белсенділік
Мотив Іс-әрекет
Мақсат Әрекет
Жағдай Амал
(міндет)
Бұл блоктардың сол жағында іс-әрекеттің интенционалды аспектісі, ал
оң жағында амалдық аспектісі көрсетілген.
А.Н. Леонтьев өзіндік іс-әрекет құрылымын морфологиялық сипатты
емес, құраушы бөліктерінің динамикасын, қатынасын, қызметін бейнелейтінін
қайталайды. Қарастырылушы тұжырымдама методологиясына тағы бір ескерту
енгізу қажет. Ол - іс-әрекеттің психологиялық құрылымының аддитивтілік
қасиеті ескерілмеген, яғни, қарапайым құраушы бөліктерінің қосындысы
күрделі жүйе блогына пара-пар емес. Мысалы, мотивтердің қосындысы өзін
іске асырушы қажеттілікке тең емес. Қажеттілік субъективті күй иесі
ретінде қалады, ал бұл мотивтер қосындысында жоқ.
Сонымен, қажеттілік адамды белсенді етеді. Бұл мүмкін болар іс-
әрекетке деген психологиялық даярлық күйі. Адамда белсенділіктің болуы
актуалданған қажеттілікті сандық, сапалық өзгертіп, болашақ іс-әрекетті
түрліше деңгейде белсенді қылады.
Бұдан, қажеттілік өзінің нақтылы пәні мен мотивін табады. Ізденіс
әрекеті қажеттілікті қанағаттандыратын нақты психологиялық іс-әрекетке
айналады. Тәжірибеде іс-әрекет көпмотивті, кешенді болады.
Мәселен, сізде саяхатқа бару қажеттілігі актуалданды. Бұдан сіз жаңа
жағдайларға даяр болып, қобалжу, қызығу күйіне енесіз (бұл сырт көзге
көрінбеуі де ықтимал). Субъективті түрде бұл шаршау, қанағаттанбаушылық
түрінде көрініс береді. Осы кезде сізде кеудеңізді керген психологиялық
дискомфорттан құтылу ізденісі белсендіріліп, сана іске қосылады. Бұл
уақытта құрбыңыз телефон шалып, өзімен бірге саяхатқа баруыға шақырса,
қажеттілік психологиялық тұрғыда мотивке айналады. Нәтижесінде, сіз
саяхатқа аттанасыз, яғни арнаулы іс-әрекет орындайсыз. Осы кезде мотив
мақсатқа жүгінуді, жағдайға қатысты реттілікті, бір сөзбен, өз қызметіне
кірісуін талап етеді .
Мақсат дегеніміз, болашақ әрекет нәтижесін саналы түрде елестету.
Бұл тұлғаның әрекет мәнін қабылдауы. Мысалы, саяхатқа аттану үшін билет
сатып алу керек, киімдерді жинап, межелі жерге жету қажет. Осылардың
барлығы мотивтер аясына қатысты болғандықтан, алға қойылған және
қабылданған мақсаттарға тұлғаның қол жеткізуі қажет. Әйтпегенде, олар
субъект үшін мәнсіз болар еді.
Әрекет – мақсатты бағындыруға бағытталған іс-әрекеттің бір бөлігі,
бірлігі. Саналы аңғарылған мақсат - мақсатқа бағытталған әрекет болып
табылады. Алайда, әрекет түрткісі мақсат емес, жалпы әрекет мотиві
болады. Мақсат түрткі қызметін атқармайды, ол тек әрекетті орындайды және
өзіне бағындырады, яғни әрекетті бағыттайды, нәтижеге жетелейді.
Сондықтан, мінез-құлықты талдау барысында психологтің бұл кезіктіргені іс-
әрекет пе, әлде әрекет пе екендігін, және, сәйкесінше, бұл процестердің
мотивке, я мақсатқа бағынатындығын анықтауы маңызды.
Емтиханға даярланған студент Ұлағат журналын оқып отыр делік. Оның
жанына келген курстасы бұл сабақтан емтихан тапсыру үшін лекцияларды
білген жеткілікті екендігін айтты. Осыдан былай, студентен екі түрлі
әрекет-қылық күтуге болады: журнал оқуын доғарады, не жалғастырады.
Бірінші жағдайдағы әрекет емтихан тапсыру мотивіне жүгінген іс-әрекеттің
құрамдас бөлігі болды. Енді, мотивінен айырылған мақсат мәнсіз болып,
әрекет тоқтатылды. Егер журнал оқу жалғасатын болса, мотивация бір басқа
сипатта болады. Онда, мақала мазмұнын білу (мақсат ретінде) емтихан
тапсыру шеңберінен әлдеқайда ауқымды мотивтің әрекетіне қатысты болады.
Журнал оқу тұлға үшін басқа мәнге ие болып, іс-әрекет емтиханға
даярлықтан кеңірек мотив құрамында жалғаса береді.
Мотив пен мақсаттың динамикалы қатынасы сана мен іс-әрекетті
құрастырып, психологиялық маңыздылыққа ие. Біркелкі әрекет әр-түрлі іс-
әрекеттің құрамына ене алады, ал бір мақсат – түрліше мотивтерге жауап
береді. Мотив мақсатқа тұлғалық баға, мәнділік береді, сол сияқты,
әрекеттердің қосындысы да толық іс-әрекетті сипаттамайды. Бір ғана мотив
әр-түрлі мақсатта көрінуі ықтимал, бұдан әрекет те, іс-әрекет те, тұлға
да өзгереді.
Мотив пен мақсаттың бірігуі және сәйкесуі, іс-әрекет, мотивация,
тұлға динамикасының кезеңі ретінде, тек екінші ретте ғана мүмкін
болады. Бұл мотивтің мақсатқа жылжуы атты белгілі феномен, мұнда бұрыннан
белгілі мақсат өзбетті түрткі қызметін атқарады. Бұл мақсаттың
психологиялық статусының өзгерісі, іс-әрекеттегі жаңа мотивтің пайда
болуы, қалыптасуы.
Мысалы, мұғалім оқушылардың алдына белгілі бір кітапты оқып шығу
мақсатын қояды. Мақсат оқушы үшін маңызды мотивке қатысты болғандықтан,
өз міндеттерін орындау мотиві делік, қабылданады. Оқушы өзге шаруасын
шегіндетіп, қажетті мөлшерде ерік-күшін жұмсай отырып, кітапты оқиды.
Осыдан соң мұғалім тағы бір кітапты оқуға тапсырады, т.с.с. Нәтижесінде,
оқушыға ешбір тапсырма бермей-ақ өздігінен сол саладағы кітаптарды оқу
кезеңі келеді. Кітап оқу мақсаты маңызды мотивке айналды. Сәйкесінше жаңа
іс-әрекет пайда болды. Оқушы қажеттілік-мотивациялық, іс-әрекеттік,
тұлғалық тұрғыда өзгерді.
Іс-әрекет және тұлға өмірінде мақсаттың мотивке жылжуы атты кері
феномен де бар. Бұл мотивті ығыстырып, жойып оның психологиялық мәнін
кішірейтіп, мақсат категориясына айналдыру. Мотив тұлғалық мәнін жойса,
оған қатысты іс-әрекет тоқтайды, қажеттілік пен тұлға өзгереді, адамның
мінез-құлқы алмасады.
Осыған дейін саналы қабылданбаған мотивті тұлға саналы аңғарғанда
мотив пен мақсат сәйкеседі. А.Н. Леонтьев бұл процесті мотив-мақсаттың
пайда болуы деп атаған, мұнда автоматты түрде орындалатын жұмыс саналы,
құндылықтар мотиві сатысына өтеді, сенімді тұлғалық мәнді иеленеді. Бұл
іс-әрекет пен мінез-құлықты өзбетті басқарудың жаңа белесі, саналы дүние
аясының кеңеюі.
Іс-әрекет құрылымы сұлбасындағы соңғы түсінікке тоқталайық, ол –
міндет. Міндет – мақсаты және әрекеттің орындалу тәсілі белгілі, яғни
амалы бар нақтылы жағдай. Мысалы, қандай да бір затты қолына түсіруді
мақсат еткен адамның мақсатқа қол жеткізу жағдайы (міндеті) объективті не
субъективті түрде әр-түрлі болуы мүмкін: дүкеннен сатып алу, немесе
досынан сұрап алу. Міндеттің қандай тәсілмен іске асырылуына байланысты
нақты амалдар құрылады: көлікте жүруден бастап затты сөмкеге салуға
дейін.
Мотивке қатысты мақсат қою сияқты, міндеттерді тағайындау да тұлға
үшін кездейсоқ, сыртқы жағдайларға тәуелді болмайды. Міндеттер жүйесінен
мотивтерді, мән-мағынаны, тұлғаны көруге болады. Іс-әрекетті
психологиялық талдауда мақсат пен міндеттерді, әрекеттер мен амалдарды
ажырату маңызды. Мысалы: инжинерлік психологиядан белгілі жай, адам мен
машина арасында қызметтерді бөлісуде адамға мақсатқа бағынатын әрекеттер
деңгейін сеніп тапсырған жөн, сонда амалдар деңгейіндегі машина жұмысы
адамның орындағанынан сенімді болады.
Мақсат пен міндет, әрекет пен амал арасында белгілі қатынас, әйтпесе
екіжақты алмасу бар. Мотив дұрыс сөйлеу мен тәртіпке шақыру барысында
пайда болып, танылмайды, ол тұлғаның өзіндік іс-әрекеті нәтижесінде
туады. Мотив бұрынғы іс-әрекет бейнесін өзгерте келе, жаңа іс-әрекетке
түрткі болады. Бұлардың барлығы тұтас тұлғада бірлесіп, пайда болады және
жоғалып кетеді, дамиды не деградацияланады. Іс-әрекет қажеттіліктер,
мотивтер мен мағына тәрізді тұлға бағыттылығының тәжірибелік, мінез-
құлықтық көрінісі ретінде қызмет атқаратын өзінің иерархиялық жүйесін
құрайды.
Іс-әрекеттің психологиялық құрылымын сипаттау үшін кеңінен тараған
үш түсінікті анықтау керек, ол жоғарыдағы сұлбада формальды түрде
көрсетілмеген, алайда оған бітісе жүретін – дағды, білім және әдет.
Дағды – қалыптасуы барысында автоматтанатын және әлдеқайда күрделі
іс-әрекетті құрастырушы амалдар жиынына айналатын әрекет. Бұл
анықтамада, алғашында мақсатқа бағытталған әрекет ретінде жүретін,
дағдының динамикасы, тарихы сипатталған. Әрекеттің автоматтандырылуы
дегеніміз, әрекетті психологиялық тұрғыда дағдыға айналдыру, мақсаттың
санадан шығарылып, келесі мақсаттарды тағайындауға санада орын
босатылады.
Мәселен, малтауды үйренгісі келген адам алғашында саналы түрде,
мақсатқа бағына қол-аяғын қозғалтады. Бұл дұрыс орындау мақсатына
бағытталған әрекет. Үйрену барысында кезең-кезеңімен бұл әрекеттер
қысқартылады, жалпыланады, соңында зейіннің қатысуынсыз
автоматтандырылған әрекеттер орындалады. Олардың әрқайсы малтау
әрекетінде іске асырылатын амалдар кешені деңгейіне өтеді. Нәтижесінде,
қозғалыстарды дұрыс орындауға қатысты емес, жақсы малтауға қажетті
дағдылар мен саналы мақсат қалыптасады.
Дағды неғұрлым күрделі болса, оны орандауға соғұрлым көбірек уақыт
пен күш жұмсалады. Дағды – моториканың, сенсориканың, естің, ойлаудың,
ерік-жігердің, бір сөзбен, тұтастай психиканың еренді еңбегінің нәтижесі.
Қайсы бір дағдыны алсақ та ол адамның кез-келген әрекетін қаруландырады,
негіздейді, тиімді етеді. Дағдысыз әрекеттің тиімді орындалуын былай
қойғанда, тіпті іске асырылуы да мүмкін емес.
Іскерлік - тұлғаның тұрақты қасиеттері деңгейінен орын алатын
амалдар мен әрекеттерді біріктіретін дағдының жоғарғы формасы. Бұл
өмірлік жағдайлар өзгерісінде тұлғаның мақсаттар мен міндеттерге қол
жеткізуге, дағдылар мен әрекеттерді орындауға, мінез-құлқын реттеуге
мүмкіндік береді. Іскерлікті тұлға бағыттылығының қолданбалы қыры ретінде
қарастыруға болады. Іскерлік туа не кездейсоқ пайда болмайды, ол адамның
қажеттіліктеріне, қабілеттіліктеріне, мінезіне, кәсіби жене әлеуметтік
статусына сәйкеседі. Әр индивидтің іс-әрекеттің, мінез-құлықтың, өмірдің
түрліше салаларында дамып, іске асырылатын өзіндік іскерліктер жүйесі
болады.
Алайда іскерлікті мінез-құлықтың қолданбалы, жобалы қырларымен ғана
психологиялық тұрғыда сәйкестендіруге болмайды. Егер адам автомобиль
жүргізе алмаса, бұл міндетті түрде онда қабілеттіліктің не мүмкіндігінің
жоқ болуынан емес. Бәлкім ол техникамен айналысқысы келмейді, не машина
жүргізіп көрмеген. Іскерліктер мен қабілеттіліктер арасындағы байланыс
көпмәнділікпен, динамикалықпен сипатталады. Бұл психологиялық өзара
тәуелді қатынастар. Іскерлікті бірқатар психологиялық көрсеткіштермен
сипаттауға болады: бағыттылығы, кеңдігі, әрекеттілігі, икемділігі,
жалпыламалығы, беріктігі, саналылығы және түсініктілігі. Іскерлік сапасы
мен жүйесінде белгілі дәрежеде, психологиялық құрылым бөлшегі ретінде,
тұлғалық тәжірибе көрініс береді.
Әдет – бағыттылық пен іс-әрекеттің психологиялық, тұлғалық
қосындысы. Бұл тұрақты, тұлға үшін дәстүрлі ұмтылыстар, мінез-құлық пен
әрекет етудің қабылданған және ыңғайлы түрі, әлеммен қарым-қатынасы және
күйзеліс стильі, психологиялық бекіген, тұрақты тұлға тәжірибесі. Адам
көп нәрсені ойланбастан, әдеттегідей жасайды. Бұл оның объективті және
субъективті жағдайлардағы, тұрмыс-тіршілігінің күрт өзгерісіндегі өмірін
жеңілдетеді. Әдеттер өмір ағысын тұрақтайды, реттейді, жүйелейді. Бұл
шектен тыс өзгермелі объективті өмір жағдайынан психологиялық қорғанудың
бір түрі. Әдетсіз тұлға жоқ: қарапайым өз-өзіне қызмет көрсетуден бастап,
субъективті қатынас, күйзеліс, кәсіби және отбасылық мінез-құлыққа дейін.
Бірақ, әдеттердің тұрақтылығы жағдайында өзгермелі өмір мен іс-әрекет
арасында қарсылықтардың болары сөзсіз. Мүлдем өзгеріссіз, әдетті мінез-
құлық регидті, адекватты емес болады. Әдеттер уақыт ағымымен ауысуы,
жоғалып кетуі не қайта құрылуы керек. Ал мінез-құлықтің үйреншіксіз
(әдеттегідей емес), аяқ асты болуы ықтималдығы үнемі бар.
Дағды және іскерлікпен, өмір жолының барша психологиясымен біріккен,
жүйеленген әдет - іс-әрекет пен мінез-құлықтың, сонымен қатар тұлғаның
барлық психологиялық тәжірибесінің маңызды бөлігі болады.
Сонымен, іс-әрекет тек белсенді әрекет емес, сондықтан іс-әрекетті
зерттеу сана, тұлға салаларымен бітіскен. Отандық психологияда іс-әрекет
-, жалпы теоретикалық, методологиялық статусқа ие.
Іс-әрекет түрлері
Шексіз де көптүрлі адам іс-әрекеттерін әр-түрлі және бір-біріне
ұқсамас көрсеткіштер негізінде жіктеуге болады: пәні, мотиві, іске
асырылу тәсілі, физиологиялық механизмі, эмоциональды толықтығы т.б. Адам
іс-әрекеттерінің жалпымен қабылданған және өзгелерін жоққа шығаратын
жіктелуі жоқ. Сондықтан, кеңінен тараған кейбір градацияларға ғана
тоқталамыз.
Жалпылай қарастыратын болсақ, іс-әрекеттің негізгі төрт түрі
белгілі: еңбек, оқу, ойын, қарым-қатынас. Олардың әрқайсына көптеген
психологиялық зерттеулер арналған. Аталған іс-әрекеттердің қай-қайсының
болмасын көптеген түрлері бар, сондықтан әрқайсының ең маңызды
ерекшеліктеріне тоқталайық.
Еңбек әрекетінің мәні - өнім (материалды не рухани) өндіруде
нәтижеге жету. Бұл еңбек өндірісі әлеуметтік негізделген, саналы
аңғарылған, ал нәтижесі – алдын ала болжанған, жоспарланған. Еңбектің
психологиялық аспектерін, еңбек әрекеті жағдайындағы психиканы мақсат-
бағдарлы түрде психологияның арнаулы саласы – еңбек психологиясы
қарастырады. Адамның еңбек әрекетінің аясы зор және көптүрлі болғандықтан
еңбек психологиясының көп қырларын қазіргі психологияның басқа да
салалары қарастырады (жалпы, педагогикалық, әлеуметтік, спорт,
шығармашылық психологиялары).
Оқу әрекеті – тұлғаның жалпымен қабылданған білім, дағды, іскерлікті
арнаулы ұйымдасқан, белсенді түрде игеруі. Бұл мұғалім мен оқушы
қатынасындағы оқыту процесінің бір қыры. Бұл өз-өзін өзгертуге
бағытталған оқушы әрекеті, яғни оның пәні – оқу әрекетінің субъектісі.
Ойын әрекетінде шынайы өмірді белгілер арқылы бейнелеу, үлгі ету
атқарылатыны белгілі. Сонымен қатар, ойынның түрткісі әрекет нәтижесі
емес, қолданылуы мен әрекет ету процесі болады.
Әрекет ретіндегі қарым-қатынасқа екі қасиет тән. Біріншіден, қарым-
қатынас пәні келесі адам болады, субъект не адамдар тобы. Екіншіден, бұл
әрекет үш аспектіні біріктіретін кешен: перцепция (қарым-қатынасқа
қатысушылардың бірін-бірі қабылдауы), коммуникация (әңгімесушілер
арасындағы ақпарат алмасу) және интеракция (әрекеттесу). Аталған қарым-
қатынас компоненттерінің тұтастай қарым-қатынаста алатын орыны түрліше
болады, бұл олардың әр-түрлілігін түсіндіреді.
Аталған іс-әрекет түрлері күнделікті өмірде міндетті түрде
қайшыласып, әрекеттесіп, бірлесе не бір уақытта көрініс беретіні белгілі.
Мысалы, белгілі қарым-қатынастың қатысуынсыз еңбек, оқу, не ойын
әрекеттерінің болары ақылға қонымсыз. Еңбек әрекетінің элементтері әрбір
әрекет түрінде бар. К.Д. Ушинскийдің өзі (1824-1870) оқу дегеніміз толық
белсенділік пен ойлаудан тұратын еңбек деген. Іс-әрекеттің сипатталған
төрт түрі де өмірлік маңызды. Мәселен, кәсіпкер-футолшы үшін футбол ойын
емес еңбек. Дәл осыны, шығармашылық пен репродукцияны, қарым-қатынас пен
білімді біріктірген, актерлік ойынға қатысты да айтуға болады. Кез-
келген адами іс-әрекет кешенді, яғни көп пәнді және полимотивті болады.
Тағы да бір, кеңінен тараған, классикалық жіктеуде іс-әрекетті үш
жетекші әрекеттерге ажыратады.
Іс-әрекеттің орындалу аясына қатысты маңызды психологиялық жіктеуде
сыртқы (материалды) және ішкі (психикалық, ақыл-ой) әрекет деп ажыратады.
Сыртқы әрекеттер материалдық аяда, шындықта бар материалды объектермен
іске асырылады. Бұл адамның қоршаған ортадан тікелей және үздіксіз
өндіретіні. Дәл осы алғашқы көріністі, объективтіні - іс-әрекет немесе
мінез-құлық деп атап, көптеген ғылыми салалар, соның ішінде психология
зерттейді.
Ішкі әрекеттер психикалық бейнелеудің идеалды түрінде бейнелер
арқылы көрініс береді, яғни материалды емес, екінші ретті заттардың
көмегімен. Ол объективті психикалық кеңістік пен уақытта емес, идеалды,
ақыл-ой жүйесінде, психикада болады. Психиканың өзі тек бейнелеу нәтижесі
емес, белгілі мөлшерде іс-әрекет болып табылады, сондықтан осы ішкі іс-
әрекет психологияның зерттеу пәні болып табылады.
Материалды және психикалық әрекеттің динамикалы қатынасы іс-әрекет
тақырыбындағы басты мәселелердің бірі. Ішкі әрекет – сыртқы әрекеттің
интериоризациясы. Психика матерядан жасалған, сонымен қатар өзі матеря
түзеді әрі экстериоризациялау арқылы матеряға айналады. Осы кезде
психикалық бейнелер мен әрекеттер материализацияланады.
Психика материалдылық пен идеалдылықтың қатынасы, бірлігі. Ішкі және
сыртқы әрекеттерде мұндай қатынасының болуы психикалық әрекет құрылымы
жайлы мәселені көтереді. Отандық психологиялық зерттеулердің соңғы
нәтижелеріне сүйенетін болсақ, материалды және психикалық әрекеттер
аналогиялы. Алайда, бұл аналогия толық сәйкестік мағынасын қолдамайды.
Идеалды әрекет - ықшам, редукциялы, сыртқы әрекеттен сапалы ерекшеленген.
Ойлауға өткен материалды әрекет өзінің түп нұсқасына ұқсамайды.
Психикалық әрекет заттық және мотивацияланған. Алайда, ішкі іс-
әрекет, мақсат, әрекет, міндеттер мен амалдар, бүгінгі психология ғылымда
толық зерттелмеген. Психикалық әрекетті зерттеу ториясы мен тәжірибесінде
шешімін тапаған мәселелер көп. Оның ішкі құрылымы қандай? Қандай құрылым
бөліктері бүгінгі күні белгілі және қаншалықты зерттелген?
Көптеген еңбектер түйсіну мен қабылдауға негізделген перцептивті
әрекетке арналған. Классикалық зерттеу нәтижелеріне айналған
эксперименталды зерттеулер сериясы әйгілі отандық психолог А.В.Заппарожец
(1905-1981) мектебінде орындалған.
Мнемикалық әрекеттер деп ес процесі элементтерінің кешенді жұмысын,
адамның атқаратын әрекеті сипатына қатысты болатын жалпы тиімділікті
білеміз.
Ойлау әрекетін ойлаудың күрделі талдау-жинақтау жұмысының синонимі
ретінде қарастыруға болады.
Танымдық әрекеттер деп дүниені тануға бағытталған жұмыс нәтижелерін
жинақтаған түсінікті, яғни психикалық бейнелеудің жетекші қызметтерінің
бірінің іске асырылуын айтамыз. Сондықтан, танымдық әрекетее перцепция,
ес және ойлау процестерінен басқа, зейін, қиял, эмоция, ерік, сана
қатысады. Дүниені психикалық процестер, күйлер мен қасиеттер қосындысы
емес, тұлға таниды.
Психикалық әрекет түрлерін зерттеуде ерекше ұстанымды П.Я. Гальперин
(1902-1988) сипаттаған. Ол бағдарланушы әрекет ұғымын анықтап, оны
психологияның ғылыми пәні ретінде қарастырған. Ерекше авторлық болжамға
сәйкес, бағдарлану келесі қызметтердің іске асуын қамтамасыз етеді:
· дүниені тану немесе оның бейнесін құру;
· қажетті жауап әрекетін жобалау, оның ақылға қонымдылығын
қамтамасыз ету;
· таңдамалы процесс барысын басқару, немесе нәтиже мен
жоспарды салыстыру.
Адам өмірінде, мінез-құлқы мен психикасында сөйлеу әрекеті ерекше
орын алады. Бұл терминді, әдетте, өзінің қаруы және тәсілі ретінде тілді
қолданатын психиканың және мінез-құлықтың арнаулы түрін сипаттауда
қолданыды. Адам психикасы белгілермен қаруланған және ішкі әрекетке
тәуелді болады, бірақ, жекелеген сөйлеу әрекеті ішкі емес, материалдыға
айналады. Сөйлеу әрекеті материалды сөздер мен белгілер арғылы іске
асырылады. Психологиядағы әйгілі ойлау мен сөйлеудің бірлігі – идеалды
мен материалдының көрнекі бірлігі. Сондықтан да сөйлеу әрекеті –
объективті сөздердің қарапайым жиыны емес, ол психикалық іс-әрекеттің
ерекше бір түрі.
Сонымен, адамның писхикалық іс-әрекеттері түрлерін талдау ғылыми
зерттеудің шынайы өмір мен мінз-құлықтағы сенімді бағытын береді. Алайда
адам психикасын толығымен сипаттау және жобалау үшін іс-әрекеттік ұстаным
жеткіліксіз. Ол субъективті дүниенің тек белсенді, өнімді қырын ғана
көрсетеді. Психиканың барлығы іс-әрекет негізінде ғана пайда болмайды
және тек іс-әрекет арқылы көрінбейді. Психиканың артында ми әрекеті,
жан жұмысы бар. Сонымен қатар дүниенің субъективті бейнесінің маңызды
қырларының бірі - азап шегу, субъективті күйзелу. Психикалық процестер
тұтастай психикалық бейнелер құрылымынан ерекше өнім алуды қамтамасыз
етеді. Психикалық күйлер мен психикалық қасиеттердің психикалық
бейнелеуде ерекше нәтижесі жоқ. Олар адамның әлеммен қатынасын, дүниеге
деген көз-қарасын, субъективті күйзелістерін, өзіндік тұрмыс-тіршілігін
бейнелейді. Бұл әлемді және тұлғаны жоғары сатыда бейнелеу. Бұл
субъективті қайта жаңғырту, Адам мен Әлемнің тұтас психикалық бейнесі.
Адам әрекеттерінің барлығы бір мақсатқа, бір мүддеге саналы түрде
бағытталып отырады. Адам алдына бір мақсат қойып, содан бір нәтиже
шығаруға тырысады.
Ұлы басты мақсаттар мен мүдде адам тұрмысында жетекші болып адамды
ұмтылдырып ,жігерлендіріп отырады. Басты мақсатқа байланысты күнделікті
тұрмыста бірнеше мақсаттар мен мүдделер болуы мүмкін .Бірақ олар барлығы
болуы міндет, мақсаттарға бағынышты болып , түбінде соларға ыңғайланып
отырады.
Адам психологиясының сипаттамасын беру үшін оның іс--әрекетінің
басты басты белгілерін атап өткен жөн. Осындай айрықша сипаттардың бірі
–адамның дүниедегі заттарға, құбылыстарға, еңбек объектісіне, оның
процесіне назар салуы, зейін қоюы әр уақыт адамның санасының бір затқа,
құбылысқа, болмысқа бақыт алып отыруы. Сананы айналадағы дүниеге бағыттап
отырмаса ол затты дұрыс қабылдай алмайды. Өйткені адамның санасында ол
дұрыс сәулеленбейді.
Саналы әрекеттің айрықша, маңызды сипаттарының бірі-шығармашылық.
Шығармашылықтың дамуында жеке адамның ерекшеліктері өте маңызды
болады.Онсыз адамның қоғамы ғылым мен техника өнер әдебиеті прогресифті
жолмен өсіп дамымаған болар еді. Біздің тіршілік әрекетімізді творчествалық
әрекет болмаса, ондай ешбір жаңа ой, соны пікір болмай, нәтижелі табыстарға
жетпеген болар едік. Іс-әрекет тек белсенділік пен емес, мінезбен де
ерекшеленеді. Мінез құлық әрдайым мақсаты, әрбір нәтиже алу үшін құрыла
бермейді, ол көпшілігіне пассивта болады.
Мінез- құлық споталдықты (ішкі себептер мен пайда болған сыртқы
әсерден болмаған) болады, ал іс-әрекет – ұйымдастырушылықта, мінез-аяқ
астынан, іс-әрекет- жүйелік болады. Адам іс әрекетінің мативы әр түрлі, ол
аргоникалық материалдық функцияналық, әлеументтік, рухани болуы мүмкін.
Іс әрекеттің органикалық мативі организімнің табиғи қажеттілігін
қанағаттандыруға бағытталады. Мұндай мативтер өсу, өзін-өзі сақтау,
организімін дамуымен байланысты.
Іс-әрекеттің функцияналдық мативі түрлі мәдени формадағы
белсенділігі қанағаттандыруға арналады. Мысалы, спорттық ойын мен сабақтар.
Іс-әрекеттің материалдық мативтері – тұрмыстық қажеттіліктерді
атқаруға арналады. Тұрмыс заттарын азық түрлерін, ас-ауқат т.б. адамның
табиғи қажеттілігін қамтамассыз етуге болады.
Іс әрекеттің әлеуметтік мативі – қоғамда белгілі бір ортаға ие
болуы үшін болатын адамдардың құрметпен мойындауын тудыруға байланысты
туындайтын әр түрлі іс-әрекеттер.
Іс -әрекеттің рухани мативі – адамның өзін-өзі білімін
әрекеттендіруіне байланысты болады.
Іс-әрекеттің мақсаты ол жүйесінің немесе нәтижесінің болуы. Іс-
әрекет мақсаты мен мативі бір бірімен қабысып жатады.
Заттық іс-әрекет дегеніміз – ол белгілі бір іске тікелей
байланысты болады. Мысалы танымдық іс-әрекет пәні түрлі мәлімет оқу іс-
әрекетінің пәні- білім, білік дағды болса іс-әрекетінің пәні- жасамдал
материалдық жеміс (нәтижесі) болады.
Кез келген іс-әректтің құрылымы болады. Олардың құрылымына:
Әрекет пен операция жатады.
Әрекет – іс-әрекеттің бір бөлшегі ол адамның саналы мақсаты мен
дербестігі мен жүзеге асады.
Мысалы: Танымдық іс-әрекеттегі әрекетте кітапты алу, оны оқу,
ол бойынша дайындалу сияқты әрекеттер бар.
Операция - әрекетті жүзеге асыруда болатын тәсілді айтамыз.
Іс-әрекетті жүзеге асыру құралы – ол әрекет пен операцияны
жүзеге асыру үшін пайдаланатын құрал , инструменттер жатады.
Кез келген адам іс-әрекетінің ішкі және сыртқы компоненттері
болады.
Ішкі компонент – іс әрекетті басқаруға қатысатын орталық жүйке
жүйесі болатын анатомиялық физалогиялық құрылымдар мен процестер және осы
іс әрекетті реттеп отыратын психикалық процестер мен киімдер қатысады.
Сыртқы компонентке – іс-әрекетті тәжірбиелік орындауда болатын
түрлі қозғалыстар жатады.
Іс-әрекеттің ішкі және сыртқы компоненттері үнемі
арақатынасы бола бермейді.
Іс-әрекеттің дамуы мен қайта құрылуына байланысты сыртқы
компонент, ішкі компонентке жүйесі ауысып отырады. Іс-әрекетте қиындық
туып, оны қайта қалпына келтіру қажет болғанда кері ауысу жүреді- оны-
экстериоризация деп атайды.
Экстериоризация ішкі қайтадан сыртқыға айналады, саналы
бақыланады, қысқа автоматтанған іс-әрекет компонентінің қайта жасалуын
айтамыз.
Іс-әрекет бұл таным мен шығармашылыққа бағытталған адамның өзінің өмір
сүру кәсіби салалары бойынша айтылуы үшін адамның белсенділігін түрін
айтуға болады. Адам іс-әрекет арқасында материалдық және рухани
құбылыстарда жасалынады қабілеттілігі арқасында табиғатты қоршайды оны
жетілдіреді. Адам өзіне генотивтік мүмкіндігіне негізделіп және одан
шеңберінен адам өз іс-әрекетімен шығармашылық сипатқа жасайды. Еңбек
құралдарының арқасында жаңа қоғамды техникалық материалдық мәдени рухани
даму жасауының арқасында адам өзін-өзі қайта құрып отырды. Тарихи даму
прогресіне көз жіберер болсақ, адам іс-әрекет арқасында жетіліп отырды.
Адам іс-әрекет тұтынушылық сипаты үшін ғана емес, жемісін беретін
шығармашылықта көрініп, жалғасады.
Адам іс-әрекеті өзге тіршілік иелерімен ерекшеленеді.Жануар
белсенділігі жаратылыстық қажеттілікке байланысты болса, адам іс-әрекеті
адамзаттың бұрын-соңғы жасалған мәдени- тарихи жетістіктеріне сүйеніп оны
қажеттіліктерінде сүйене жалғастырады.
Адам іс-әрекеті күрделі қимыл қозғалыстық біліктілік пен дағдыға
байланысты.
Адам іс-әрекетінің басқа тіршілік иелері мен айырмашылығын
белгілеп көрейік.
1. Адам іс-әрекеті жемісті шығармашылықты, жасампаздыққа ие.
2. Ал жануарлар белсенділігі тұтынукшылық негізде болады.
3. Адам іс-әрекеті заттық материалдық, рухани мәдениетпен
Бұларды өз дамуы үшін пайдаланады. Ал жануарлар өз биалогиялық
қажеттілігін қанағаттандыру үшін жасайды.
Адам іс-әрекеті адамның өзін өмір жағдайын қажеттілігі мен
қабілеттілігін де қайта қайта құрайды немесе көркейте түседі.
Адам іс-әрекеті түрлі форма мен оның әр түрлі құралдар арқылы жүзеге
асыруы тарихтық жемісі. Ал жануарлар белсенділігі биалогиялық эвалютциялық
нәтижесі ретінде болады.
Адамға заттың іс-әрекеті туа берілмейді. Ол тәлім тәрбие қалыптасуы мен
жүзеге асуы Ал жануарларда бұл іс-әрекет ген.отипке негізделінетіндіктен
туа беріледі.
Қиял творчества жалғыз ақындарға тән емес, ғылымның мәдениеттің барлық
саласында керекті өте үлкен орын алатын психологиялық әрекет. Творчества
бар жерде қиял да бар Қиял творчестваның негізгі бір психологиялық құрамы
болып табылады. Творчества тек жазушы ақын суретші т.б. іс-әрекетінде
болмай, ғылым мен техникалық мәдениеттің еңбектің барлық саласындағы
адамның күнделікті тіршілігінде, тіпті күнбе күнді оқудың өзінде де елеулі
орын алады. Мектеп оқушысының қағидашы түсінуі, бір есепті өз бетінше
шығара бастауының өзін творчествалық әрекет деп есептеуге болады.
Шабыт – адамның барлық қабілеттіктерінің жіберлі түрде әрекет
етуінен туындайтын күй. Шабыт үстінде жасалған шығарма адам жазушы болсын
ғылым болсын, ғылым болсын, кім болса да оның еңбегі жемісті болмақ. Бірақ
шабыт өзінен-өзі келе бермейді. Ол үшін бір нәрсе адамға әсер етуі қажет.
Бұл бұрыннан ойланып толғанып жүріп, сол кезхде келген шабыт. Дайындық
кезінде материал жинамай , бір мезетте шығармашылық жасай алмайды. Адамда
шабыт пайда болуы үшін үлкен дайындық жігерлі еңбек керек творчествалық
жемісті нәтижелі болуы түрлі дағдыларға машықтануға байланысты .
Дағдылану еңбектің түрлі салаларында өте үлкен орын алады. Адам
өзінің істейтін еңбегіне орай, тиісті дағдыларды меңгермесе өзінің істейтін
жұмысының тектігіне жете алмайды жұмысын дұрыс ұйымдастырып , еңбек өнімін
арттыра алмайды әр уақытта күнделікті істейтін жұмысына шамадан тыс көп
жігер көп күш жұмсайтын болады.
Дағдылардың педагогикалық процесте алатын орны ерекше. Егер
оқушы оқу процестерінде оқуға , озуға, есеп шығаруға т.б. машыұқтанбкаса
олар жақсы оқи да , ғылыми негізін меңгере де алмас еді.
Адам іс-әрекетінің түрі мен дамуы.
Адам іс-әрекет үш түрлі параметрлерде: Қажеттілік күші, саны мен
сапасымен белгіленеді.
Іс-әрекет бұл қажеттілікке байланысты болады. Ал оның қажеттілік
күші – оның көкей кестілігі туындау жиілігі, тудыру потенциялы мен
көрсетіледі.
Саны – туындап отырған әр түрлі қажеттіліктердің уақыт өткен сайын оның
актуалды болуынан көрінеді. Оған уақыт жетімсіздігі – түрлі іс-әрекетті
атқару жатады.
Іс-әрекет түрлеріне: қатынас, ойын, оқу, еңбек, жатады.
Қатынас – адам дамуы, оның жеке дамуы процесінде туындайтын іс-
әрекеттің алғашқы түрі.
Қатынас іс-әрекет түрі ретінде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz