Қытай Монғол Империясының билігінің астында


Жоспар :
1. Кіріспе. Юань әулеті.
1) Монголдардың Қытайды жаулап алуы.
2) Қытай Монғол Империясының билігінің астында.
3) Моңғолдық иганы құлату.
2. Негізгі бөлім.
1) Юань династиясының прозасы.
2) Гуань Ханьцин.
3) Бо Пу.
4) Ма Чжиюань және Ван Шифу.
3. Қорытынды.
1. Монголдардың Қытайды жаулап алуы.
ХІІ ғасырда қазіргі Қытай территориясында төрт мемлекет өмір сүрді, солтүстікте - чжурчэньды Цзинь империясы, солтүстік-батыста - танғұттық Батыстық Ся мемлекеті, оңтүстікте - Оңтүстік Сундық империя және Юньнанидағы мемлекеттік Наньчжао (Дали) құрылуы. Бұл күштердің орналасуы қытай жерлерінде негізделген көшпелі тайпалардың басып енуінің қорытындысы болды. ХІІІ ғасырдың басында ел үстіне монғолдардың жаулап алу қаупі төнгенде, бірыңғай Қытай өмір сүруін тоқтатқан болатын, мемлекеттердің әрқайсысы ішкі шым-шытырлық арқасында әлсізденіп қалды және өз тәуелсіздіктерін сақтап қалатындай жағдайда болған жоқ. Қытайдың солтүстік шекарасындағы тайпаларды татарлар, тай-чжиттер, керейттер, наймандар, монғолдар деп белгілі болған меркиттер құрады. Ол тайпалар ХІІІ ғасырдың басында және ХІІ ғасыр жүзжылдығының ортасында қазіргі Монғол Ұлттық Республикасының территориясында, Хэйлунцзян өзенінің жоғары ағысында және Байқал көлін қоршап тұрған далада көшіп қонып жүрді. Монғол қоғамының дамуы көбінесе Қытаймен байланысқа негізделеді. Сонымен, дәл сол жақтан монғол даласына монғолдардың қару-жарақ жасауы үшін қолданылатын Қытай шеберлерінің ұсталық жұмысының Тәжірибесі негізіндегі темірден жасалған бұйымдар өткен. Монғолдардың көшпелі қоғамында уақыт өте бірталай өзгерістер болды. Ең алдымен рулық қауымның дәстүрі қатаң сақталды. ХІІ ғасырдың аяғынан бастап мүліктік теңсіздіктің өсуімен бірге монғолдар аилдармен, яғни қандас туысқандық шынжырмен байланысқан кішкене отбасы тобымен бірге көшіп қонып жүрген. Рулардың ыдырауымен байланысты ұзақ күрес нәтижесінде билік үшін алғаш болып тайпалық одақтар құралды. Оның басында тайпалық ақсүйектер - нойондардың, «ақ сүйек» адамдарының еркін білдіретін мұрагерлік басқарушы тұрды. Ру басшыларының арасында, әсіресе Есугэй-батурдың (Борджигин руынан) дәрежесі көтерілді. Ол Улан-Батордан шығысқа және солтүстікке дейінгі далалық жазықтықта көшіп қонып жүрді және мықты ру-тайпалық одақтың қаған-көсемі болды. Есугэй-батурдың мұрагері оның баласы Темучин болды. Әкесінің жауынгерлік мінезін мұраланған Темучин ақырындап өзіне Батыстан - Алтай жотасына дейінгі, Шығыстан - Хэйлунцзян бастауына дейінгі жерлерді бағындыра бастады және қазіргі Монғолияның барлық дерлік территориясын біріктірді. 1203 жылы ол Джаму-ху, содан кейін Ван хан сияқты өзінің саяси бәсекелестерінің үстінен үстемдік жүргізіп үлгерді. 1206 жылы нойон-кұрылтай съездінде Темучин Шыңғыс хан (1155-1227) есімімен жалпы монғол билеушісі деп жарияланды. Басп алушылық соғыс 1209 жылы Батыстық Ся мемлекетіне монғолдардың басып кіруінен басталды. Танғұттар өздерін тек Шыңғыс ханға тәуелді деп санауға ғана емес, сонымен қатар чжурчжэньдық Цзинь империясына қарсы күресте монғолдар жағына қосылуға мәжбүр болды. Осы шарттар негізінде Шыңғыс хан қатарына оңтүстік үкімет те қосылды: ол чжурчжэндарға салық төлеуді тоқтатты және Шыңғыс ханмен келісімге отырды. Сол уақытта монғолдар өз биліктерін Солтүстік Қытайға белсенді орната бастады. 1210 жылы олар Цзинь (Шаньси үкіметі) мемлекетінің шекарасына басып кірді. ХІІ ғасыр аяғында - ХІІІ ғасыр басында Цзинь империясында үлкен өзгерістер болды. Чжурчжэндердің бөлігі өмірдің отырықшы көрінісін жүргізе бастады және жер шаруашылығымен айналыса бастады. Чжурчжэньдық этносындағы межелей болу процесі кенет өз ішіндегі қайшылықпен шиеленісіп кетті. Мықты бірлік пен бұрынғы күреске деген қабілетінің жоғалуы чжурчжэндердің монғолдармен соғысында жеңілуіне себептің бірі болды. 1215 жылы Шыңғыс хан ұзаққа созылған қамаудан кейін Пекинды иеленді. Оның қолбасшылары өз әскерлерін Шаньдунға апарды. Содан кейін әскер бөлігі Корея бағытындағы солтүстік-шығысқа қарай жылжыды. Бірақ монғол әскерінің басты күштері 1218 жылы Батысқа жорық бастаған өз еліне қайтып оралды. 1218 жылы монғолдар бұрынғы Батыстағы Ляо жерлерін иеленгеннен кейін, Орта Азиядағы Хорезм мемлекетінің шекарасына шықты. 1217 жылы Шыңғыс хан Батыстық Сяға тағы да шабуыл жасады, содан кейін сегіз жыл өткеннен кейін таңғұттарға қарсы қанды ойран салуды жүргізе отыра шешуші шабуылды бастады. Батыстық Сяны монғолдардың жаулап алуы 1227 жылы аяқталды. Таңғұттарды жапай дерлік қырып жойды. Олардың қырылып жойылуына Шыңғыс ханның өзі қатысты. Бұл жорықтан үйге келе жатқанда Шыңғыс хан қайтыс болады. Монғол мемлекетін уақытша оның кіші баласы Тулуй басқарды. 1229 жылы ұлы хан болып Шыңғыс ханның үшінші баласы Үгедей болып жарияланды. Империяның астанасы Қарақорым (қазіргі Ұлан-Батордан оңтүстік-батысқа қарай) болды. Содан кейін, моңғолдық атты әскер чжурчжэнэй билігінен қалған жерлерді басып ала отыра, Ұлы Қытай жерінен оңтүстікке қарай аттанды. Цзинь мемлекеті үшін дәл осы қиын уақытта Үгедей оңтүстүк-сундық императорға Хэнани жерін беруге уәде ету арқылы, онымен бірігіп античжурчжэньдық әскери одақ жасады. Осы одаққа кіре отыра, қытай үкіметі моңғолдар көмегімен бұрынғы жаулары - чжурчжэньдерді талқандауды және олар жаулап алған жерлерді қайтарып алуды көздеді. Бірақ бұл үміттерінің орындалуына жол болмады. Солтүстік Қытайдағы соғыс 1234 жылға дейін созылды және чжурчжэньдық патшалығының толықтай талқандалуымен аяқталды. Ел босап қалды. Чжурчжэндармен соғысты аяқтағаннан кейін, моңғол хандары оңтүстік Сундармен келісімді жоя отыртып, оларға қарсы әскери қимылды тоқтатты. Жүзжылдыққа созылған қырғын соғыс басталды. 1235 жылы моңғол әскері Сун империясының ішіне басып кірген кезде, олар халықтың қырғын тойтарысына тап болды. Қоршаудағы қалалар табандылықтарымен қорғалды. 1251 жылы Қытайға Хубилай бастаған үлкен әскер жіберуге шешім қабылданды. Жорықтардың бірінде Сычуанда қайтыс болған ұлы Мөңке хан қатысты. 1257 жылдан бастап, әсіресе, олардың әскері Дайвьет фаницасына өткеннен кейін және өзіне Тибет пен Наньчжао мемлекетін бағындырып алғаннан кейін, Оңтүстіксундық империяға әр жақтан монғолдар шабуылдады. Бірақ Ханчжоудың оңтүстік қытайлық астанасын моңғолдар тек 1276 жылы ғана алды. Бірақ бұдан кейін де қытай еріктілер отряды күресті жалғастырды. Басқыншыларға қырғын қарсыласуды Вэнь Тяньсян(1236-1282) ұлы төре басқарған әскер көрсетті. 1276 жылы Цзянсиды ұзақ уақыт қорғаудан кейін Вэнь Тяньсян жеңіліс тапты және тұтқынға түсті. Хубилай қызметіне ол өлім жазасы дұрыс деп санады. Олар тұтқында отырғанда шығарған патриоттық өлеңдер үлкен атаққа ие болды. 1280 жылы теңізге жүргізген күресте моңғолдар қытай әскерлерінің қалғанын талқандады.
2. Қытай Монғол Империясының билігінің астында.
Ұзақ және берік қарсыласуға қарамастан, алғаш өзінің тарихында жалпы Қытай жаулап алушылардың билігінде болды. Сонымен қатар, ол Қытаймен шекаралас аса ірі Монғол империясының құрамына кірді. Өзінің мемлекетінің жалпы мінезіне үміттене отыра, моңғол билеушілері оған Юань деген қытайлық ат берді. Ол ат «әлемнің алғашқы жаратылысы» дегенді білдіреді. Көшпелі тұрмыс қалпымен қоштаса отырып, моңғолдар өз астанасын Қарақорымнан Пекинға көшірді. Ұлы көршілерін отпен және семсермен басып алған моңғолдар үлкен мұраға ие болды. Бұрынғы Орта империя, әсіресе, оның солтүстік бөлігі көшпелілердің басып кіруі салдарынан құлдырау алдында болды. Дамудың өзі гүлденіп келе жатқан Қытай үшін кері бағыт алды. Ел экономикасы құлдырауға ұшырады. Егістік жерлер қараусыз қалды және калаларда адамдар қалмады. Бұның бәрі құлдық өмірге әкелді. Осы шарттар негізінде Юаньдық империяның билеуші орталарының алдында шарасыздықтан бағындырылған қытай этносымен қарым-қатынасының стратегиясы жайлы сұрақ туындайды. Мәдени дәстүрдің үзілуі өте үлкен дәрежеде болғаны соншалықты, бақсы-моңғолдардың алғашқы ниеті өздеріне түсініксіз отырықшы мәдениет әлемін үлкен мал өрісіне айналдыру болды. Шыңғысханның ақылшысы, Елюй Чуцай, содан кейін Хубилайдың қытай көмекшілері Юань династиясының императорларын дәстүрлі қытайдың билік жүргізу әдістері хан сарайына пайда әкелуге қабілетті екеніне көндірді. Жаулап алушылар Қытайдағы барлық қарым-қатынасты жөнге келтіру әдістерін қызыға қарастыра бастады. Юаньдық заң шығару өзінің барлық қол астындағыларын этникалық және діни принцип бойынша төрт категорияға бөлді. Бірінші тобын монғолдар құрады. Моңғолдық билік барлық халықтың өмірі мен өліміне иелік етті. Моңғолдарға «сэму жэнь» - «әр түрлі адамдар» - екінші топты құрайтын шетелдіктер деп аталатындар жатады. Өздерінің жаулап алу әрекеттері барысында моңғолдар әлемнің әр түрлі ұлттарымен ерікті және еріксіз байланыста болды. Олар барлық тәубешілікке шыдамдылықпен қарады және барлық сырт көріністерімен ашық болды. Әр елдегі келімсектерге бағыт беру жаңа билеушілерге «бөліп ал да, билік ет» деген принциппен сансыз көп хандықтарды жүгенде оңай ұстауға рұқсат етеді. Дәл сол моңғол кезеңінде Қытайда қызметке Орта Азиядағы, Персиядағы келімсектерді және еуропалықтарды да қоса алады. Үшінші категорияны солтүстік-қытайлықтар, сонымен қатар қидандықтар, чжурчжэндықтар корейлықтар және т. б құрады. Ең төменгі, төртінші категория, ерікті халықтың дәрежесін Оңтүстік Қытай тұрғындары (нань жэнь) құрады. Орташа империяның ежелгі халқы әр түрлі шектеуге ұшырады. Адамдарға түнде көшеге шығуға, кез келген жиындар ұйымдастыруға, шет тілдерін үйренуге, әскери өнерге үйренуге тыйым салынды. Сонымен қатар біріккен ханьдық этносты солтүстік пен оңтүстікке бөлудің мақсаты олардың арасына клин орнату және сол арқылы өзінің билігін нығайту. Осы байланыс арқылы құрастырылған арнайы ведомость фуппалары императордың сарайы мен астанасының қажеттіліктерін қамтамсыз ететін 15 мекемелерден тұрады. Моңғолдардың басты басқару органы дәстүрлі император кеңесі - ішінде алты ведомоствасы бар министрлер кабинеті болды. Елде күрестің мықты құралы Қытайда ертеден чиновниктарды қадағалау үшін пайдаланылатын цензорат болып табылады. Бірақ моңғолдардың негізгі күші әскери аймақтағы артықшылығы болып табылады: олар өздеріне әскери істерді(Шумиюань) жүргізуде және қаруланудың басты әскери ведомостьвасында басқарушы бағытты қамтамасыз етеді. Орталық үкіметтің басқаруында тек Даду қаласының ( қазіргі Пекин) астанасы және астаналық аймақтарға жақын Юаньдық үкіметтің солтүстік-шығыс шектері болды. Қалған территория сегіз провинцияға бөлінді. Моңғол элитасын қытай мәдениетіне ақырындап тарту әкімшілік аппарат және білім жүйесімен жұмыс істеумен тығыз байланысқан дәстүрлі қытай институттарының экзамендерінің қайтадан жандануына себепші болды. Бұл компоненттер мемлекеттік басқарудың барлық органдарын кадрлармен дәстүрлі қамтамасыз етіп отырды және хандық этностардың мәдениеті мен өмірдің көрінісін анықтады. Тұрақтандыру өлшемі мен Қытайдағы моңғол хандарының билігін нығайту және берілген байланыста басқарудың жаңа сферасы мен әкімшілік аппараттың қажеттілігінің туындауынан олардың ақырындап жандану процесі басталады. Қытай интеллектуалдарын өз жақтарына тарту мен олардың арасында антимоңғолдық көңіл-күйді сөндіруге тырыса отыра, юаньдық билік 1291 жылы өз персоналдарын таңдау принциптарын және оның қызмет бойынша жылжуын айқындайтын мектептер мен академиялардың(шуюань) мекемелері жайлы жарлық шығарады. Өз алдына жоғары деңгейлі және билікке аз тәуелді оқу орнын ұсынатын академиялар моңғол династиялары кезінде өздерінің позициясын сақтап қалды. Академия кітаптарды жинау мен сақтаудың ролін атқарды. Бұл оқу орындары көптеген оңтүстік сундық ғалымдар үшін баспана болды. Олар осында өздерінің білімдерін қолдана алды және юань сарайында қызмет еткісі келмеді. Экзамендық жүйенің қайта жандану жолындағы кедергілерді жеңумен қатар моңғолдықтардың қарсылықтарын жою тек Жэнь-цзунның (1312-1320) қолынан келді. Ол 1313 жылы экзамендер жайлы жарлық шығарған конфуцияның жолын қуушы. 1315 жылдан бастап экзамендер әрбір үш жылда Юань династиясының билік етуінің аяғына дейін өткізіліп отырды. Конфуциандық ережелерді талқылау және оларды зерттеумен байланысқан жалпы экзамендерден басқа кейбір арнайы экзамендер енгізілген болатын. Медицинаға байланысты экзамендерге көп көңіл бөлінді. Әрдайым болып жатқан соғыстар дәрігерлік қарауға мұқтаж болды, сондықтан да моңғолдар өз игіліктері үшін ежелгі қытай медицинасын қолдануға тырысты. Моңғол билеушілерінің саясатында мемлекеттік құрылыс пен білім аймағында және қытай институттарының экзамендеріне қатынасында қытай мен моңғолдықтардың қарсы тұрушылығы, екі этностардың өмірлері, егіншілер мен көшпелілердің мәдениеті анық көрінді. Қытай мәдениетінің алғашқы жеңіліске ұшырау себептерінің шарттары негізінде қалпына келу мен оның позициясының мерекесінің тенденциясы көрсетілді. Басқа жағынан қытай мәдениетінің пайдалы әсерінің маңызды жағы тарихи ереже болып табылады. Өздерін заңды мұрагер билеуші есебінде көруге тырыса отыра, моңғолдар арнайы династиялық тарихтың құрылуына көп көңіл бөлді. Сонымен, олардың қорғау көрсету кезінде дайындық жұмыстарына арналған бірнеше жылдан кейін небары үш жыл ішінде Ляо(907-1125) династиясының, Цзинь(1125-1234) және Сунның(960-1279) тарихы құрастырылған. Міне осылай басқыншылар тұрғын халықтың көңіл-күйімен санасуға тырысты, олардың мәдени дәстүрімен де санасты. Осы бағыттағы мәнді қадам ХІІ ғасырдың 60жылдар басындағы Гошиюань комитетінің тарихи жазбасының құрастырылуы болып табылады. Міне осылай Хань кезеңіне кеткен дәстүр жанданды. Гошиюаньның салдарынан конфуциандық академиядан Ханлинь бірікті. Мұндағы мақсат қытай тарихын ғана емес, сонымен қатар моңғол императорларының билік ету кезеңдерін моңғол және қытай тілдерінде құрастыру болып табылады. Аграрлық аумақта мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясаты құрылды. Елдің экономикасына кесел келтіру негізінде моңғол билеушілері бағынышты аумақтарда басқаруды тәртіпке салуға бет бұрады. Олар салық салуды белгілеуге көшті: провинциядағы салықтық басқару құрылды, халық санағы жүргізілді. Моңғолдық ақсүйектер Солтүстік және Орталық Қытайдағы жерлерге ие болды. Қаржылық түсімнің едәуір бөлігін моңғол билеушілері меншікті мүліктен алды. Жаңа иелер жорықтық алаң, пайдаланылатын жерлер, шет елдіктер мен қытайлықтарға арналған моңғол ақсүйектерінің жалпы қыстағын бөліп берді. Лауазымды жерлердің институттары жанданды. Юань империясының оңтүстігінде жерлердің көп бөлігі сату және мұрагерге беру құқығы бойынша қытай иелерінде қалды. Оңтүстікте солтүстікке қарағанда салықтар көбінесе ауыр болды. Жаулап алушылардың саясаты әлсіз иелердің талқандалуына және жерлерді басып алуына мүмкіндік туғызды. Моңғол билігінің қаржылық саясаты халықтың барлығының жағдайын нашарлатты. Қытай қоғамымен ара қатынас тез шиеленісті. Хубилайға қызмет етуші қытайлықтар оның билігіне қанағаттанбай бүліншілік көтерді. 1282 жылы хан жоқ кезде астанада мықты деп танылған Ахмед өлтірілді. Шетелдіктер ақырындап елді тастап кете бастады. Юань династиясының билеушілері - Хубилай мирасқоры - уақыт өте келе Қытайдың үстемдік етуші класстармен ынтымақтастыққа баруына тура келді. Хубилай оңтүстік қытайлықтармен соғыстарды жалғастыра отыра, өз күшін шығысқа тастады. 1274 жылы, содан кейін 1281 жылы ол Жапонияны жаулап алу үшін әскери-теңіздік экспедицияны жабдықтады. Бірақ оның кемесіндегі флоттағылар жапондық аралға жете алмай дауылдан қайтыс болды. Содан кейін юаньдық императордың жаулаушылық талпынысы оңтүстікке бет алды. ХІІІ ғасырдың 50 жылдарының өзінде Хубилай әскері Дайвьетке кірді, сол жерде шешуші тойтарыс болды. 80 жылдары хан тағы да елді жаулап алуға әрекет жасады, бірақ сол жерде қанды партизандық соғыс басталды. Порттарды жаулап алу үшін оңтүстікке моңғолдар жіберген Қытайлық флот Қызыл теңіз атырауында батқан болатын. Моңғолдық әскери бастықтар өздерінің қалған әскерлерін солтүстікке қарай әкетті. 1289 жылы екі елдің дипломатиялық ара қатынастары қалпына келді. Пекинда басқарып жүрген Хубилай мирасқорлары біраз уақыт сыртқы әскери сасяатын жалғастырды. ХІІІ ғасырдың 90 жылдары олардың шешімімен Ява аралына әскери-теңіздік экспедиция жүргізілді. Империяның әскери қуатының әлсіреуінен юаньдық императорлар жаулап алушылықтан бас тартты.
3. Моңғолдық иганы құлату.
XIV ғасырдың ортасында Юань империясы үлкен құлдыру жағдайына келді. Биліктегілердің саясаты Солтүстік Қытайдың қаласы мен ауылдарына үлкен зардабын тигізді. Сонымен бірге стихиялық апат - ғасыр тасқыны, Хуанхэ арнасының өзгеруі, жазық даланың жайылуы - егістік алқаптарын қысқартты және жер иелерінің кедейленуіне әкелді. Қалалық базарлар босап қалды, шеберхана мен қолөнерші дүкендері жабылды. Жаңа қағаз ақша басылымын шығарудың қысқарылуының орнын қаражат толтырады. Ол қағаз ақша өз кезегінде қолөнершілерді, сауда компанияларын және жабдықтаушыларды жоқшылыққа әкелді. Елдегі жағдай кенеттен өзгерді. Юань биліктері жалпы жарылудан қорғана отыра, халыққа қаруларын сақтауға тыйым салды. Сарай алдында қытайлықтардың үлкен бөлігінің, яғни елдегі көп таралған фамилияларды иеленетін бөлігінің қиратылуы жайлы жоба жасалынып қойған. XIV ғасырдың 30 жылдары шаруалар жаппай қаруларға көше бастады. Оларды қала тұрғындары мен Оңтүстік халықтары қолдап отырды. Әр түрлі мағыналар мен бағыттардың ішінде ең атақты болған «болашақтың Буддалары» деген көзге көрінетін мессиандық ойлар көбінесе атақты болған. Жасырын буддалық «Ақ лотостың Қоғамы» басқыншылармен күреске шақырды және «қызыл әскерді» (қызыл түс - Майтрейи) құрды. 1351 жылы Хуанхэдағы құрылыстан биліктегілер мыңдаған шаруаларды қуып жіберді, бұл көтеріліс жалпы сипатқа ие болды. Бұл көтеріліске жер иелері, солеварлар, қала тұрғындары, ұсақ сауда адамдары, төменгі топтағылар қосылды. Қозғалыс өзгенің игасы мен Юань династиясының билігін құлатуға бағытталады. «Ақ лотостың Қоғамы» Қытай мемлекетінің қайта құрылуы мен Сун династиясының билігінің қайта жандануына байланысты ойлар тастады. Билеушілердің бірі Хань Шаньтун хан үйінің мұрагері және сун императоры болып жарияланды. Әскери істермен айналысатын басшылықтар өздеріне Лю Футунмен жасырын туысқандықтың бір көсемін алды. Көтеріліс жетекшілері моңғол билеушілерін әшкереледі. Олар елдегі билікте «сатқындық пен жағымпаздық» бар деп көрсетті және «ұрылар чиновниктерге, ал чиновниктер - ұрыға» айналды деді. «Қызыл әскерлердің» көтерілісі жалпы барлық елдің солтүстігін қамтыды. Көтерілісшілер Кайфынды, Датунды және басқа ірі қалаларды алды, Ұлы қытай қабырғасына қол жеткізді, астанаға жақындады. Үкімет әскерлері жеңіліске ұшырады. 1351 жылы көтеріліс Майтрейи уағыздалған Қытайдың орталық аудандарын да қамтыды. Елдің осы экономикалық дамыған ауданында қозғалыста маңызды рольді шаруалармен қатар қала тұрғындары атқарды. Көтерілісшілер юань билігіне және жергілікті жер иелеріне қарсы әрекет етті, Чжэц-зян, Цзяни және Хубэй провинциясындағы Янцзы алабы бойында сәтті жорықтар жүргізді. Анъхуэеда көтерілісшілерді Го Цзясин басқарды. 1355 жылы Го Цзянь өлімінен кейін әскерлерді басқаруды өз мойнына шаруа баласы, кезінде кезбе сопы болған Чжу Юаньчжан алды. Бұл провинцияның көтерілісшілері «қызыл армияның» қозғалысымен байланысты болды және сун тағына үміткерді мойындады. Моңғол ақсүйектері әскери отрядтар құрды. 1363 жылы Лю Футунның басты күші талқандалды, ал оның өзі өлтірілді. «Қызыл әскердің» отрядының бөлігі Шэньси арқылы Сычуаньға шықты, ал басқа бөлігі Чжу Юаньчжанға жақындады. Орталық Қытайда Антимоңғолдық қозғалыс күшейе түсті. Чжу Юаньчжан Нанкинде негізделді. Қытай чиновниктері бұл жағдайда Юань билігін (Солтүстікте де болған) қолдамады, ол олардың көбін ақылшылар деп тағайындады. Чжу Юаньчжан өзінің қарсыластарын жеңе отырып, өз әскерін солтүстікке жіберді және 1368 жылы Пекниді алды. Қытайдағы Шыңғыс хан ұрпақтарының биліктегі соңғылары солтүстікке қарай қашты. Нанкинде Мин династиясының жаңа императоры болып жарияланған Чжу Юаньчжан 20 жылға жуық елдің территориясын қайтарып алды.
Юань династиясының прозасы.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz