Агрессия түсінігі. Жеткіншектердегі агрессивті мінез- құлық
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1. Агрессия психологиялық феномен ретінде
1. Агрессия түсінігі
2. Агрессия классификациясы
2. Жеткіншектердегі агрессивті мінез- құлық
2.1 Жеткіншектік кезеңдегі агрессивтіліктің көріну спецификасы және
себептері
2.2 Жеткіншектерде агрессивтіліктің өсуіне итермелейтін факторлар
2.3 Агрессивті балалардың отбасы ерекшеліктері
3. Жеткіншектердің агрессивті мінез- құлқын тәжірибелік зерттеу
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі: Жеткіншек кезеңдегі агрессия деген термин қазіргі
практикада балалардың мінез-құлқындағы қиын әрекеттерін білдіреді.
Жеткіншектер ортасындағы агрессивті беталыстың өсуі біздің қоғамымыздың
соңғы жылдары көбейіп кеткен жастар арасындағы қылмыстық істер, әсіресе
жеткіншектер қылмысы ең күрделі де қиын әлеуметтік мәселеге айналады.
Сонымен қатар, денеге зиян келтіретін тұлғаға бағытталған қылмыстық
әрекеттер санының көбею деректері де бізді аландатуда. Сондай-ақ,
жеткіншектер арасындағы жауыздық сипатқа ие топтық төбелестер жиіледі.
Психологтар кәсіби қызығушылығы кәмелетке толмаған тұлғаның өзгеру
деңгейіне және оның мінез-құлық ерекшеліктерінің сипаттау мәселесіне
тұрақтанған. Адамдағы агрессия мәселесі қазіргі біздің қоғам үшін ең
маңызды мәселелердің бірі. Қоғамда болып жатқан террор, жәбірлеу, суицидтік
өсуі сияқты әлеуметтік қауіпті құбылыстардың белең алуына байланысты
агрессия сұрағы зерттеудің негізгі объектісі болып отыр. Агрессия құбылысы
сапалық және сандық сипаттамаларға ие. Барлық қасиеттер сияқты агрессия да
индивидтерде түрлі дәрежеде көрініс табады, Агрессиялықтың болмауы енжарлық
пен конформдылықкқа, ал оның шектен тыс дамуы конфликтіге қоршаған ортамен
өзара түсініспеушілкке әкеледі.
Жеткіншектік ортада агрессивтілік тенденцияларының өсуі біздің
қоғамымыздың əлеуметтік мəселелерінің ең бастыларының бірі. Соңғы
жылдары жастар арасында қылмыстар жасау көбеюде, соның ішінде
жеткіншектердің қылмыс жасауы ерекше назарда. Қатігездік мінездегі топтық
төбелестер болатын жағдайлар жиілеп кетті. Бұл бірнеше жағымсыз
факторлардың жиынтығынан тұрады:
• Балалардың əлеуметтік өмір жағдайларының төмендеуі;
• Отбасылық тəрбие дағдарысы;
• Паталогиялық босанулардың нəтижесінде баланың бас миына зақым
келгендіктен;
• Мектептегі балалардың жүйкелік-психикалық жағдайларына назар
аудармауынан;
Агрессивті балалар- ең аз басқарылатын жəне терапияға нашар берілетін
балалар контингенті. Агрессивтіліктің көрінуі көбінесе психикалық ауруларға
шалдыққанда білінеді. Агрессивтілік ғылымда кездесетін ең бір өзекті
де қиын мəселелердің бірі. Бұл жағдайды түсіндіруде ғалымдар
көптеген көзқарастарға сүйенеді. Психология ғылымының дамуында адамдар
агрессивтілігі түсінігі маңызды өзгерістерге ұшырап отырды.
Зерттеу объектісі: Орта сынып оқушылары
Зерттеу пәні: Жеткіншектердегі агрессивті мінез- құлық
Зерттеу мақсаты: Арнайы әдістемелерді қолдана отырып, жеткіншектер арасында
агрессивті мінез- құлықты, яғни жеткіншектік кезеңдегі агрессивті мінез-
құлықтың даму динамикасын және олармен түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу.
Зерттеудің міндеті: Мәселені нақтылау, зерттеудің теориясымен танысу,
онымен байланысты әдебиеттерді қарастыру, зерттеу әдістемелерін таңдау.
Зерттеу нәтижесі мен алынған мәліметтерді талдау.
Зерттеу болжамы: Түзету-дамыту жаттығуларын орындаса, агрессивті әрекеті
бар балалардың түзелуі мүмкін
Зерттеу базасы: Семей қаласындағы №31 жалпы білім беретін орта мектеп
Ғылыми - зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен, іс -
тәжірибелік бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен
тұрады.

1.1 Агрессия түсінігі
Күнделікті өмірде агрессия дегеніміз: Жағымсыз қатынас туғызатын
ашық түрдегі өшпенділік, ал агрессивті бұл күш салу, зиян келтіру
əрекеті ретінде түсіндіріледі. Жалпы агрессия термині күш салу, күш
жұмсаумен байланысты əрекеттерді белгілеу үшін кеңінен қолданылады.
Агрессия түсінігіне формасы мен нəтижесі бойынша əр түрлі əрекеттер
біріктіріледі, соның ішінде орынсыз əзіл-қалжың, өсек, нұқсан келтіру
ойларынан бастап, кісі өліміне дейін. Өшпенділік неғұрлым тар
мағынада алынады, белгілі бір объектіге бағытталады. Əдетте
өшпенділік жəне агрессивтілік үйлесімде болады, бірақ адамдар
өшпнділік сипатындағы қарым-қатынаста бола отырып, агрессивтілік
көрсетпеуі мүмкін. Агрессияны анықтаудағы маңызды мəселе бұл осы
терминнің əр түрлі əрекеттер мағынасында болуы.
• К. Изард бойынша агрессия – қатыгездікке толы әрекет және мінез-
құлық. Бұл кей кездері түрлі эмоцияларда көрінуі мүмкін бұрқ етпе
әрекет және қатыгездіктің құрам бөлігі. Ол біреуге нұқсан келтіруге,
қорқыныш, үрей тудыруға бағытталған [10, ].
• А. Басс бойынша агрессия- бұл басқа адамдарға нұқсан келтіретін
жəне үрей туғызатын кез-келген əрекет [17,16].
• А. Берковицтің айтуы бойынша агрессия өзіне реніш пен намыстануды да
кіргізеді [2,225].
• Д. Зильманн бойынша агрессия-бұл басқа адамға дене жəне
физиологиялық нұқсан келтіру əрекеті.
• Л. Блендер агрессияны объектіге жақындау немесе одан алыстау
деп түсіндірсе, Ф. Аллан оны сыртқы күштерге төтеп беруге
мүмкіндік беретін адамның ішкі күші дейді.
Басқа адамдарды өзіне бағындыруға ұмтылуды немесе басқа объектілерге
үстемдік етуді агрессия деп түсінеміз.
• Х. Дельгадоның тұжырымдауы бойынша адамдардың агрессиясы- бұл
мінез-құлық реакциясы, ол қоғам мен адамға зиян, шығын келтіру жəне
күш көрсетумен сипатталады [6,64].
• Э. Фромм агрессияны адамдарға, топқа, жануарларға жəне барлық
тіршілік иелеріне зиян келтіру деп түсіндіреді [13,3].
Шетелдік жəне отандық көптеген зерттеушілер агрессия мəселесін əр жақты
зерттеп қарастырған, бірақ бір ортақ көзқарасқа келген жоқ. Себебі бұл
мəселе өте күрделі жəне жан-жақты. Сондықтан мына аспектілер
қарастырылуда: агрессияның туындауына биологиялық жəне əлеуметтік орта
əсері, оны меңгеру жəне бекіту механизмдері, агрессивті əрекеттің
жекелей жəне жыныстық жас кезеңдік ерекшеліктері, агрессияның алдын алу
тəсілдері.
Субъектің агрессивті мінез-құлқы — жеке тұлға агрессивтілігінің
салыстырмалы түрдегі табанды ерекшелігі ретінде қарастырылады.
Агрессивтілік деңгейі әлеуметтендіру процесіндегі оқып-үйретумен қатар,
әлеуметтік жауапкершшік нормалары және агрессия актілері үшін жаза қолдану
тәрізді аса маңызды мәдени-әлеуметтік нормаларға бағдар тұту ретінде де
айқындалады. Бұл жерде жағдаяттық өзгермелілік (айналадағылардың ниет-
пиғылдарын өзіндік қабыддау, қайтарма байланыс алу мүмкіндігі, қару-
жарақтың арандатушылық ықпалы, т.б.) маңызды рөл атқарады.. Агрессияның
кейбір көрінісі қозғыш психопатия, паранойя, эпилепсия және т.б. тәрізді
жеке тұлғаның даму үстіндегі патопсихологиялық белгілері ретінде көрінуі де
ықтимал. Агрессив-тіліктін, өзін-өзі бақылауын қалыптастыруда және
агрессивті актілерді кідірте тұруда басқа адамды бірегей құндылықтардың
иесі деп танып, оны түсінуге тырысу, жаны ашу тәрізді субъект қабілетінің
түп негізінде жататын эмпатия, сәйкестендіру және орталықсыздандырудың
психологиялық процестерінің маңызы зор.
Кесте 1
Психология ғылымында агрессия түсінігі.
№ Автордың аты-жөні Агрессия – бұл ...
1 Л Блендер объектіге жақындау немесе алыстау
тенденциясы;
2 Ф. Аллан адамның сыртқы күштерге төзе алу
мүмкіндігін беретін ішкі күш;
3 Х. Дельгадо мінез-құлық реакциясы, қоғам мен адамға
зиян немесе нұсқан келтірумен көрінеді;
4 А. Басс нəтижесінде ауырсыну стимулын алатын
басқа ағзаға бағытталған реакция;
5 А Уилсон дене əрекеті немесе бір жақтан болатын
қауіп төндіру, ол екінші жақтың
еркіндігін тарылтады немесе генетикалық
бейімделуін төмендетеді [16,6];
6 Д. Зильманн басқаларға дене жəне тəндік жарақаттар
əкелетін зиян келтіру мүмкіндігі;
7 Э. Фромм адамдарға, топқа, жануарларға жəне
барлық тіршілік иелеріне зиян келтіру;
8 Психологиялық сөздік латынша aggress- шабуыл жасау, мінез-құлық,
нəтижесінде зиян немесе шығын келтіріледі
[11,7];
9 Р Бэрон, Д.Ричардсон мінез-құлық, тіршілік иелеріне зиян
немесе нұсқан келтіру əрекеті [3,38];
10 Р. С. Немов адамның басқа адамға деген мінез-құлқы,
оларға жағымсыз жағдайлар туғызып, зиян
келтіруге ұмтылумен ерекшеленеді;
11 З. Фрейд супер-эгомен басып тасталатын деструктивті
күш [18,11].
1.2 Агрессия классификациясы.
Психолог – ғалымдар агрессияны бірнеше түрге бөледі. Агрессивті мінез-
құлықтың кең тараған классификациясына А. Басстың ұсынған классификациясы
жатады. Ол агрессивті мінез-құлық формасын сипаттайтын негізгі
параметрлерді бөліп көрсеткен [6,64]:
1) Физикалық-вербалды;
2) Белсенді-пассивті;
3) Тікелей-жанама.
Осы формалар А. Бассқа агрессивті мінез - құлықтың 8 түрін бөліп
көрсетуіне мүмкіндік берді. Төменде бұл классификацияны схема түрде
көрсеткен:
Схема 1
Тағы бір классификацияны С Фешбах ұсынған. Ол өз классифи-
кациясына мотивацияланған мінез-құлықпен байланысты ауыспалы енгізді.
Осының негізінде агрессияның келесі типтерін анықтайды [6,64-65]:
1) Өшпенділік агрессия- басқа субъектіге жағымсыз психологиялық
сезімдер қалдырады.
2) Инструментальді агрессия- басқа субъектіге зиян келтіру емес, белгілі
мəселені шешу жатады;
3) Экспрессивті агрессия- өзін үстемдік көрсету арқылы көрсету.
Д. Зильманн классификациясы стимул-реакция сызбасы бойынша
құрастырылады. Осының негізінде агрессивті мінез-құлықтың сегіз
типін
Aнықтады [6,65]:
1) Төтеп беру агрессиясы;
2) Қорғаныс агрессиясы;
3) Жауап агрессиясы;
4) Қоздырмалы агрессия;
5) Қоздырмаушы агрессия;
6) Тітіркендіру шақыратын агрессия;
7) Оятушы агрессия;
8) Санкционерлі агрессия.
Э. Фромм агрессияның екі түрін бөліп қарастырады [19,34]:
-Зиянсыз агрессия: қауіп төнген кезде ғана пайда болып (қорғану мақсатында)
артынан басылады;
- Зиянды агрессия: қатыгездік пен қауіпке толы болады.
Схема 2
Агрессия түрлері
)
Кесте 2
Агрессияны классификациялау
Объектінің бағыты Гетероагрессия – басқаАутоагрессия - өзіне
бойынша бөлу бағытталған:психосоматикал
адамдарға бағыттылық: ық ауру, өзін жоятын
өлтіру, зорлау, соғу, қылық-əрекет, өзін өлтіру
т.б.
Көріну себебіне Реактивті агрессия – Аяқ астынан – белгілі
байланысты бөлу белгілі бір сыртқы бір себепсіз, əсіресе,
тітіркендіргішке жауапимпульс тəуелділігінде
беру реакциясы
(конфликт, ұрыс, т.б.)
Мақсаттың Саймандық агрессия – Мақсатты (мотивациялық) –
бағыттылығына нəтижеге жетуде алдын ала белгіленген
байланысты қолданатын құрал əрекет ретінде
бөліну ретінде жүзеге қарастырылады.
асырылады:спортшы,
стоматолог.
Көрінудің Тікелей агрессия – Қосалқы –
анықтылығына қозуға, тітіркендіргішті, қозуды
байланысты бөлу тітіркендіргішке тудырмайтын, бірақ
себеп болатын агрессия көрсетуге
объектіге қолайлы объектіге
тікелей бағытталады: бағытталады.
дене күшін жұмсау, т.б.
Көріну формасына Вербалды – сөз ЭкспрессивтіДене –
байланысты бөлу формасынан көрінеді – вербалды моральды
емес немесе дене
құралдармен ...
айқындалады:көрсету үшін
мимика, тікелей күш
интонация. жұмсау.
• Агрессияның пайда болуы, табиғаты, көрінуіне əсер ететін
факторлары жайында теориялық негіздемелер өте көп. Бірақ олардың
барлығы төмендегідей 4 категорияға жіктеледі. Агрессия қатысты:
1.Тума тітіркендіргішке жəне қабілетке:
2. сыртқы стимулдармен жүзеге асырылатын қажеттіліктерге:
3. өзекті əлеуметтік жағдайларға;
4. танымдық жəне эмоционалды процестерге.
2.1 Жеткіншектік кезеңдегі агрессивтіліктің көріну спецификасы жəне
себептері
Қазіргі кездегі біздің қоғамда қатал əрі тұрақсыз əлеуметтік,
экономикалық, экологиялық, идеологиялық жағдайлар белең алуда. Өсіп келе
жатқан балалардың жеке тұлғалық дамуы мен əрекет-қылығындағы түрлі
ауытқулардың өсуі осы жағдайлармен тікелей шарттас. Олардың ішінде тек
прогресс түрінде дамып келе жатқан балалар бойындағы алыстық,
бөтендік, жоғары дəрежедегі мазасыздық, рухани бос болу ғана емес,
сонымен қатар қатыгездікті, қаталдықты, агрессивтілікті де атауға
болады. Бұл процесс жеткіншектік шақта өзінің аса айқын көрінісін
табады. Алайда қоғамға толықтай қатысты жеткіншектердің агрессивтілік
мəселесі ата-аналар мен педагогтардың терең мазасын тудырса, тура солай
зерттеушілердің ғылыми-практикалық қызығушылығын өсіруде. Жеткіншектердің
агрессивті əрекет-қылығының алғышарты болып табылатын келесідей
психологиялық ерекшеліктерді атап өтуге болады:
• интеллекттің жеткіліксіз түрде дамуы;
• өзін-өзі бағалау дəрежесінің төмендігі;
• төмен деңгейдегі өзін-өзі басқару;
• коммуникативті дағдылардың дамымауы;
• түрлі себептерге байланысты (сырқат ауру, травма, жарақаттар)
туындайтын жүйке жүйесіндегі аса жоғары қозғыштық;
• ойын іс-əрекетінің дамымауы;
• құрдастармен қатынастың бұзылуы.
Жеткіншектік ортадағы агрессивті тенденцияның өсімі біздің
қоғамдағы əлеуметтік мəселелерінің өзектілігін көрсетеді. Ақырғы
жылдары біздің қоғамда жастар арасындағы қылмыс, əсіресе жеткіншектер
арасындағы қылмыс саны өсті. Топтар арсындағы төбелестер жиіледі.
Олардың көбі аса қатал міңездемеге ие.
Жеткіншектік шақ жас шақтарының ішіндегілердің аса
кризистілерінің бірі болып табылады. Бұл жыныстық жетілуге байланысты
күшті физиологиялық перетурбация арқылы жиі күрделене түсетін жеке
тұлғаның барлық компоненттерінің толыққанды дамуымен түсіндіріледі.
Жеткіншектің бойына тəн жеке тұлғалық ерекшеліктердің ішінде əсіресе
ересектік сезімінің жəне Мен-концепциясының қалыптасуымен ерекше
байқалады. Ересектік сезімі – өзін-өзі танудың ерекше формасы. Ол
қоршаған орта адамдарының жеткіншекке қатынасы кішкентай балаға сияқты
емес, ересек адамға сияқты болуын қалауынан өз көрінісін табады.
Ол өзінің ересек позициясында тұрып, ересектермен қатынаста тең
құқыққа ие болуын қамтамасыз етуге тырысады. Сонымен қатар бұл
сезім өзбеттілікке ұмтылыстан, өз өмірінің кей қырларын ата-анасының
араласуынан шектеуге деген қалаудың болуынан көрініс табады. Бұл сырт
келбетке, қатынасқа, оқуға қатысты болып келеді. Ересектік сезімі кіші
жеткіншектің жаңа түзілістерінің ішінде бастыларының бірі. Ал
жеткіншектік шақтың аяғына қарай, шамалап 15 жаста, жеткіншек өзінің жеке
тұлғалық дамуында тағы бір қадам жасайды. Өзін іздегеннен кейін – Мен
образдарының, өзі жайында түсініктердің іштей келісімді жүйесі – Мен-
концепциясы қалыптасады. Əдетте жеткіншек бойында қызулық жəне
қозғыштық сияқты ерекшеліктер кездеседі. Физиологтар мұны осы жас
шағына тəн жыныстық жетілуге байланысты дейді. Бұл кезенде қыздарда
көңіл-күй өзгерісі, көп жылау, өкпелегіштік қасиеттер байқалады. Ұлдар
болса қозғалғыш əрі тынымсыз болады.
Жеткіншектік шақта агрессивтілік қатыгездік жəне садизм сияқты
ауытқулар байқалады. Мұндай əрекет-қылық жеткіншектің психикасының
тұрақсыздығы жəне тəрбиесіндегі дефекттермен байланысты. Балаларды
зерттеу практикасы мұндай əрекет-қылықтың негізінде отбасы
тəрбиесінің дұрыс болмауынан деп көрсетті.
Қазіргі заманғы жеткіншек өз агрессиясын екі əдіс арқылы жүзеге
асырады:
• агрессияны ашық түрде көрсету, таяқ жеу жəне өмірлік тəжірибе
алу – осы жолмен жүре отырып, ол не бедел (авторитет),
престиж, өзін-өзі жүзеге асыруға жетеді, немесе психикалық тұрғыдан
бұзылады, тіпті суицидке дейін де жетуі ықтимал;
• агрессияны тығады, басады, тұншықтырады. Өмірде ерекше ештемеге
жетпесе де, энергиясының бір бөлігін жоғалтады. Бастырылып
тасталған энергияның сырт көрінісі невроз түрінде де немесе
басқа бір психосоматикалық сырқат түрінде байқалады.

Жеткіншектерде агрессивтіліктің өсуіне итермелейтін факторлардың
бірнешеуін атап көрсетуге болады:
1. Эндокринді жарылыс, жыныстық гормондардың кенеттен өсіп кетуі: ең
бірінші, агрессивтіліктің өсуіне алғышарт болып табылатын ұл
балалардағы тестостерон;
2. Бас миындағы органикалық сырқаттар – травмалар, менингиттер,
арахноидиттер жəне т.с.с.
3. Агрессивтілікті дамыта түсетін бұқаралық ақпарат құралдары, кино, бейне
жазбалар, компьютерлік технологиялар.
4. Ересектер қатынасы – мектеп, ата-аналар
Бұл біріншіден, өсіп келе жатқан адмдарға қойылатын жаңа
талаптарға сəйкес, техника-технологиялық түзілестердің қарқыны мен
ритммен тікелей байланысты. Екіншіден, анық өмірлік позициясы
қалыптаспаған жеткіншекке қатты əсерін тигізетін, шу тудыратын
ақпараттың толық сипатымен байланысты. Үшіншіден, балада үмітсіздік
сезімін жəне үлкендердің оларға осындай мұра қалдырғаны үшін
ызашылдық сезімін тудыратын, біздің қоғамда орын алған экологиялық
жəне экономикалық дағдарыспен байланысты
Жеткіншектер бойында агрессивтіліктің дамуына итермелейтін
бұқаралық ақпарат құралдарының қызметі, сонымен қатар жеткіншек бойында
агрессивтілікті тəрбиелейтін өтірік, зұлымдық, зорлық-зомбылыққа толы
кинофильмдер ағысы. Көптеген жеткіншектер белгілі бір манераларға сəйкес
жəне түрлі ақпарат құралдарымен ұсынылатын стереотиптерге, тіпті нақты бір
адамдарға еліктейтіндерін атап өткен жөн болар. Бұл жерден боевиктердің,
детективтердің, т.с.с. көбі жеткеншікті өз алдына ересек етіп
көрсетіп, өз демонстрациясының маңыздылығының амалы бола отырып,
əрекет-қылығының агрессивті формасын тудырады. Бұл сонымен қатар
референтті топта белгілі бір орын алу, өзіндік мойындалуға жету,
басып ұялтуға болмайтын өзін адам екенің сезінуге деген қалаудың болуынан
да көрінеді. Ересектермен формальді не формальсыз қатынас жүйесінде
жəне көптеген жанұяда микроклимат орын алған жағдайда, бөтендік,
қаталдық, жағымсыз қасиеттерге ие болуы ықтимал. Мұндай жағдайда
жеткіншектер ересектермен ерегісіп, барлығын керісінше орындайды,
сөйтіп агрессивтіліктің объективті алғышартын тудырады. Жеткіншектердің
агрессивті əрекет-қылығының неғұрлым толыққанды негізін оның
мотивациясының анализі береді. Бұл мотивацияда айтарлықтай маңызды
рольді негативті мінезге ие сезім мен эмоция атқарады. Олар: қаһар, ашу,
үрей-қорқыныш, кек, қасшылдық, жаушылдық т.с.с. Жеткіншектік жастағы
балалардың агрессивті əрекет-қылығындағы эмоциялар төбелес, ұру,
балағаттау, дене жарақаттары, кісі өлтіру, дүние мүлікті бұзу, құрту
түрінде көрінеді.
• Агрессивті жеткіншектермен жүргізілген жұмыстарындағы психологиялық-
педагогикалық аспектілерде негізінен үш бағыт бар:
1. Жеткіншектің əрекет-қылығының бұзылуының типін диагностикалық тип
арқылы анықтау;
2.Агрессивті жеткіншектермен жұмыс жасаудағы кеңестермен ұйымдастырылған іс-
шаралар;
3.Осындай балалармен тəрбиелік жұмыстың мазмұны, сонымен қатар қоршаған
ортаға оның ішінде отбасына əсері

Жеткіншектік кезең - адамның қалыптасуындағы ең күрделі кезең.
Әсіресе осы жаста адамның мінез-құлқы және басқа да жеке басының негіздері
қалыптасады. Міне, осы кезеңде жеткіншектермен жасалатын тәрбие жұмысында
кемшілікгер айқын көріне бастайды. Соңғы кездері жеткіншектер тәртібінің
төмендегенін байқауга болады: а) ата-анамен келіспеушілік жағдайда болу; ә)
мектептегі қиындық пен сәтсіздік; б) тәртібі қиын құрбы -достарымен
байланыс орнату.
Отбасындағы жақсы қарым-қатынасты жоғалту, мектептегі сәтсіздік,
келеңсіз топтағы құрбыларымен жақындық әр түрлі жолдарға итермелейді.
Ендеше осы үш элемент: отбасы, мектеп, құрбы-құрдастар тобы — барлык
жеткіншектердің нағыз табиғи ортасы. Олар көмелеттік жасқа толмағандардың
ең маңызды қоғамдық факторы болып табылады.
Демек жас баланың мінез-кұлкының қалыптасуына отбасы ерекше әсер
етеді, солай болғандықтан оның көп қырлы, жан-жақты болуы отбасына
байланысты. Ал педагогикалық әлеуметтік жағынан жіберілетін әлсіздік оқу
жүйесіндегі сәтсіздіктің, аномалді мінез-құлықтың қайнар көзі болып
табылады.
Жеткіншектің мінез-құлығындағы ауытқулар көбіне туа пайда болмайды,
олар физиологиялық ауытқулардан емес, отбасындағы және мектептегі дұрыс
тәрбие бермеуден пайда болады. Осы аталып көрсетілген ауытқу девиантты
мінез-құлық деп аталады.
Осындай девиантты мінез-құлықтың бір түріне агрессивті мінез-кұлық
жатады. Ал агрессивті мінез-құлық дұшпандық әрекетке (төбелес, тіл тигізу)
апарады.
Агрессивті балалардың отбасы ерекшеліктері төмендегідей болып келеді:
1. Агрессивті баланың жанұясында ата-аналармен бала арасындағы
эмоционалды байланыс бұзылған. Əсіресе əке мен ұл баласы арасында.
Ата-ана бір-біріне жаушыл сезімде жəне бір-бірінің қызығулары мен
құндылықтары үйлеспейді.
2. Əке жиі түрде өзі агрессивті əрекет-қылығының моделін
демонстрациялайды, ортаға салады. Сонымен қатар өз балаларының
бойындағы агрессивті тенденцияларды жақтап-қостайды, қолпаштайды.
3. Агрессивті балалардың аналары балаға талап қоймайды. Олардың
əлеуметтік құндылықтарына селқос қарайды. Баланың үй шаруасында
міндеттері болмайды.
4. Агрессивті ата-ананың балаларында өз əрекет-қылығы мен тəрбиелеу
бір-біріне қарсылас келеді. Əдетте, өте қатал əке жəне тым жұмсақ ана,
нəтижесінде балада оппозициянық əрекет-қылықтың моделі қалыптасады. Ол
тікелей қоршаған ортада байқалады.
5. Агрессивті балалардың ата-аналары қолданатын негізгі тəрбиелік
шаралар мынадай:
• Денені жарақаттау;
• Қауіп төндірулер;
• Түрлі қолдауларда шектілік;
• Баланы жиі изоляцияда ұстау;
• Түрлі шектеулерді енгізу, қолдаудың болмауы;
• Белгілі бір іс жағдайында сүйіспеншіліктен саналы түрде айыру.
6. Агрессивті балалардың ата-аналары өз балаларының деструктивті
əрекет-қылығының себептерін түсінуге ұмтылыстың болмауы. Оның
эмоционалдық дүниесіне селқостық көзқараста болу [8,105].

Психологиялық- педагогикалық әлеуметтік іс- тәжірибе Семей
қаласындағы №31 жалпы орта білім беретін мектебінде өтті. Ғылыми зерттеу
жұмысы 6 А сыныбында жүргізілді. Сыныпта барлығы 22 оқушы бар, оның 20
оқушысымен жұмыс белсенді түрде жүргізілді. Іс- тәжірибені жүзеге асыру
барысында жеткіншектердегі агрессивті мінез- құлықты анықтауға арналған
төрт әдістеме жүргіздім.
№1 әдістеме
Тақырыбы: Басса- Дарки сұрақнамасы
Мақсаты: Жеткіншектердің тұлғалық агрессия деңгейін бағалау
Сөздік талдау:
Физикалық- 4 оқушы - 21%
Өзіндік - 3 оқушы - 16%
Эмоционалдық - 3 оқушы - 16%
Вербальді - 1 оқушы - 5%
Заттық - 8 оқушы - 42%
Зерттеу зорлық-зомбылықсыз, ішкі қалау ниеті жағдайында өтті.
Көптеген балалар өте үлкен ниетпен жауап берді. Әдістеме жүргізу барысында
қиындықтар болған жоқ.Оқушылар берілген нұсқауды дұрыс ұғынып оқылған
сауалнамаға жауап берді. Оқушылардың барлығы белсенді қатысып, сұрақтарға
дұрыс жауап беруге тырысты
Нәтижесінде Физикалық- 4 оқушы; Өзіндік - 3 оқушы;Эмоционалдық - 3
оқушы; Вербальді - 1 оқушы; Заттық - 8 оқушыда түрлері басымдылық көрсетті
6 А сынып оқушыларының Басса Даркидің агрессияны анықтауға байланысты
сауалнамасы әдістемесінің хаттамасы
Өткізілген күні: 14.02.2012
Объект: 6 сынып оқушылары
Пән: Жеткіншектердегі агрессивті мінез- құлық
Барлық оқушылар саны: 22
Қатысқандар саны:19
кесте № 3
рсОқушылардың шартты белгілері Көрсеткіші
1 Х1 Эмоционалды
2 Х2 Заттық
3 Х3 Физикалық, өзіндік
4 Х4 Өзіндік
5 Х5 Заттық
6 Х6 заттық
7 Х7 Эмоционалды, өзіндік
8 Х8 Заттық
9 Х9 Физикалық
10 Х10 Өзіндік
11 Х11 Физикалық
12 Х12 Заттық, эмоционалды
13 Х13 Өзіндік
14 Х14 Заттық
15 Х15 Вербальды
16 Х16 Заттық
17 Х17 Эмоционалды, өзіндік
18 Х18 Физикалық
19 Х21 Заттық
Ескерту: Х1, Х2, Х3 ... ... ... ...- оқушылардың аты-жөні

сауалнамасы әдістемесінің нәтижесі бойынша гистограмма
Ескерту:
Х- агрессия түрлері
У- нәтижелердің көрсеткіші

сауалнамасы әдістемесінің нәтижесі бойынша диаграмма
Ескерту:
Заттық - 42%
Физикалық - 2%
Эмоционалдық - 16%
Өзіндік - 16%
Вербальді - 5%
№2 әдістеме
Тақырыбы: Агрессияға бейімсіз бе? сауалнама
Мақсаты: Жеткіншектердің агрессия деңгейін анықтау
6 А сынып оқушыларының Агрессияға бейімсіз бе?
сауалнамасының хаттама
Өткізілген күні: 15.02.2012

Қатысқандар саны:18
Кесе №4
рсОқушының шартты белгісі Ұпай саны Агрессия деңгейі
1 Х2 22 жоғары
2 Х3 18 жоғары
3 Х4 12 орташа
4 Х5 13 орташа
5 Х6 12 орташа
6 Х7 24 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz