ЖИНАҚТЫҚ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ


МАЗМҰНЫ
Зейнетақы қорларының инвестициялық портфелін басқару және
кемшіліктері мен қиыншылықтары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Қазіргі уақыттағы зейнетақы қорлары. Қазақстандағы зейнетақы жүйесінің аз уақытта өмір сүруіне қарамастан экономикадағы динамикалық дамып келе жатқан сегментіне жатады. Қазіргі уақытта зейнетақы қорында 436 млрд теңге жинақтары шоғырланған, ол ЖІӨ-нің 9% құрайды. Халық сенімін күшейту, салымшылырды тарту және зейнетақы активтерінің өсуі жинақтаушы зейнетақы жүйесінің динамикалық дамуының негізгі факторы болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаев Н. Ә. «Қазақстан жеделдетілген экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизация жолында» атты жолдауында «Қазақстан тез дамушы елдер қатарына кіру керек, өзінің азаматтарына өмір сүрудің жоғары стандарттарын қалыптастыру қажет» екендігін алға қойды, сонымен қатар «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Казақстан Республикасының халқына Жолдауында: « . . . іргелік зейнетақының мөлшері ұлғайтылсын және таяудағы жылдары оның тұрмыстық ең төменгі қажеттіліктің 40% деңгейінде сақталуы қамтамасыз етілсін. Осылайша, біз алғаш рет Қазақстанның зейнетақымен қамтамасыз етуін халықаралық стандарттармен сәйкестендіреміз» деп атап өтті [1] . Бұл елбасының ең біріншіден халықтың тұрмыстық жағдайын көтеру, зейнеткерлерді тұрақты зейнетақымен қамтамасыз ету, Қазақстанның зейнетақы жүйесін алдыңғы қатарлы елдер жүйесімен сәйкестендіруге бағытталған.
Жолдауда көрсетілгендей зейнетақы мөлшерін ұлғайту арқылы халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру көзделген. Ол үшін қазіргі таңда елдегі жинақтық зейнетақы жүйесін дамыту арқылы бұл мақсаттарға қол жеткізуге болады.
Қазақстанда нарықтық реформалардың нәтижелілігіне қарамастан, халықтың зейнетақылық қамтамасыз етілуі қазіргі талаптарға сай емес. Қазақстан үшін зейнетақылық қамтамасыздандыру реформасы 1998 жылдан басталады. Айта кету керек, зейнетақы реформасының негізгі принциптері жалпы алғанда дұрыс анықталған. Реформа бастапқы сатыда оң нәтижелер әкелді: зейнетақыны кешіктірмей беру және зейнетақылық қамтамасыз етуде жағдайдың тұрақтануы. Бірінші рет зейнетақы жарналары екі негізгі функцияларды атқара бастады - салымшылардың нақты зейнетақысын көбейту және мемлекеттің экономикасын инвестициялау. Нақты зейнетақы жарналарының көлемін халықтың мемлекеттің экономикасын дамытуға салымдары ретінде есепке алу керек, себебі жинақтық жүйенің зейнетақы жарналары мемлекеттік бюджетке түспейді, ол капитал нарығының дамуына бағытталады.
Зейнетақы реформасын жүргізуде көптеген нәтижелермен бірге, әдістемелік қателіктер жіберілді, соның салдарынан нарықтық жағдайға қазіргі зейнеткерлердің зейнетақылық қамтамасыз етілуі толығымен бейімделмеді және мемлекеттік бюджеттен автономдық ала алмады.
Зейнетақы реформасының бастапқы концепциясы тежеуленді. Бірінші және басты қателік - 1998 жылы бірынғай әлеуметтік салықты еңгізу болып табылады, себебі ол да қосылған құн салығы мен табысқа салық қатарына түсіп кетті. Зейнетақы заңдарына сараптама жасап оларды жүзеге асырудағы қарым-қатынастарды зерттеуде ат салысты, олар Л. Н. Андреев, Е. И. Астрахан, Д. И. Грицкевич, И. В. Гущин, Е. Н. Голенко, К. Н. Гусов, А. Д. Зайкин, Р. И. Иванова, Е. Е. Мачульская, Ю. С. Мацулевич, Э. Г. Тучкова, Я. Н. Фогель, В. Ш. Шайхитдинов. Бүгінгі күні осы институттың радикалды трансформациясы қажеттілігінде проблема туындап тұр. 1998-2006 жылдарда зейнетақылық қамтамасыз етуде басты кемшілік ол максималды зейнетақы проблемасы болып табылады. Ол зейнетақы көлемі бойынша жоғары емес және азаматтардың еңбегін толық есепке алмайды.
Зерттеу объектісіне Қазақстан Республикасындағы қазіргі таңдағы жинақтаушы зейнетақы қорлары жатады.
Зерттеу жұмысының әдістемелік және теориялық негізіне Статистикалық және ақпараттар базасы ретінде ҚР Ұлттық банктің ақпараттық бөлімшелерінің статистикалық және есептік деректері, нормативтік құжаттары, ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктерінің және ҚР Қаржылық қадағалау агенттігінің жылдық есеп деректері, түрлі деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, жергілікті және шетелдік басылымдардағы мақалалар және т. с. с. пайдаланылды.
Қазіргі таңда мемлекетте үлкен құрылтайшылар иленген жинақтық зейнетақы қорлары қызмет көрсетуде. Мұндай қорлардың нәтижелілігі құрылтайшылардың жағдайларына тәуелді. Сондықтан, қосымша зейнетақылық қаматамасыз етілуге үлкен кәсіпорындар, қаржы-өнеркәсіп топтар мен банктердің жұмыскерлерінің ғана мүмкіндігі бар.
Зейнетақы реформасының маңыздылығы, зейнетақының тұтынушы қабілеттілігі төмендеді. Мемлекеттік емес зейнетақылық қамтамасыз етуде қатысу, сақтандырушы жарналарды төлеу төмендеді, себебі көптеген салымшыларға болашақ зейнетақы көлемі мен оның беру тәртібі толығымен анық емес. Актуалды әдіспен есептелген ерікті зейнетақы жарналарында, тарифтерде негізделіп құрылатын жинақтық зейнетақы қорлары - болашақтың міндеті болып саналады. Зейнетақылық қамтамасыз етудің реформасы ешқандай жағдайда зейнеткерлердің материалдық қорғану деңгейін тежелмеуі қажет [2, бет 5] .
Қазақстан Республикасының зейнетақылық қамтамасыз ету реформасының тәжірибесі көрсеткендей, мемлекеттік емес зейнетақылық қамтамасыз етуде түбегейлі өзгерістер болу қажет. Зейнетақылық қамтамасыз етуде , құрылымдау, зейнетақыны сақтандыру, зейнетақылық үрдістерді еңгізу, қорлардың міндеттерін актуалды бағалау, табыс алу үшін активтерді инвестициялау бойынша қажетті шараларды іске асырмайынша, зейнетақы реформасының қандай да болмасын нәтижелері тұрақсыз, уақытша сипатқа ие болады. Сондықтан халыққа жеткілікті зейнетақыны қамтамасыз ететін жаңа механизмдерді ұсыну қажеттілігі туындап отыр, яғни қазақстандық зейнетақылық қамтамасыз етуді модернизациялау қажет [3, бет 30] .
Жүйенің негізгі көрсеткіштерінің динамикалық өсуі зейнетақы жинақтарын басқару тиімділігінің төмендеуіне алып келуі мүмкін. Ол елдің экономикалық даму деңгейімен, мемлекет бюджетінің дефицитін төмендеуімен, мемлекеттік қарыз көлемі мен теңге ревальвациясын және сыртқы экономикалық факторлармен байланысты.
Қазіргі кезеңде зейнетақы қорларының инвестициялық қызметінен түсетін табыстың төмендеуі байқалып отыр. Оның басты себебі қор нарығында қаржы құралдардың жетіспеушілігінен туып отыр.
Осы қалыптасқан жағдайда жинақталған активтерді тиімді қолдануын ұйымдастыру қажеттілігі туып, бір жағынан халықтың зейнетақы жинақ көзінің нақты өсуі ретінде болса, екінші жағынан маңызды әлеуметтік халық шаруашылық міндеттерді шешу ретінде қарастырады [4, бет 2-3] .
Әлеуметтік бағытталған мемлекетте экономика халықтың өмір сүру деңгейін көтеруіне, сыртқы ортаны қорғауға, материалдық, әлеуметтік қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталуы керек.
Экономикалық тетік арқылы еліміздің Президентінің «Қазақстан-2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Қазақстан халқына Жолдауына сай мемлекет экономикалық субъектілерді басқару керек [2, бет 7] .
Зерттеу жұмысының мақсаты: Жинақтық зейнетақы қорлар жүйесінің теориялық негіздерін қарастыру, Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесінің құрылымы мен дамуына талдау жасау, жинақтық зейнетақы қорының қазіргі кезеңде экономикалық тиімділігін арттыру жолдарын қарастыру.
Зерттеу жұмысының басты міндеттері: Жинақтық зейнетақы қорларының мазмұнынын талдау, қалыптасуы және нарықтағы ролін қарастыру, Жинақтық зейнетақы жүйесін басқару қағидаттарына шолу, Қазақстанда зейнетақы жүйесінің қазіргі жағдайын талдау, Зейнетақы қорларының инвестициялық портфелін басқару және кемшіліктері мен қиыншылықтарына үңілу, Жинақтық зейнетақы жүйесін дамытудың шетелдік тәжірибесі және оны Қазақстанда қолдану мүмкіндіктерін қарастыру.
Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінде тиімді инвестициялау мәселелерін зерттеу тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ету соңына дейін аяқталмаған болатын. Қаржылық институттармен экологиялық және әлеуметтік факторларды ескере отырып, инвестициялау процесінің белсенділігі төмен болғандықтан, республикадағы тұрақты экономикалық дамумен қамтамасыз ету төмен болады [6, бет13] .
Ғылыми жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
1 ЖИНАҚТЫҚ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1Жинақтық зейнетақы қорларының мазмұны, қалыптасуы және
нарықтағы ролі
Жинақтық зейнетақы қорлары (ЖЗҚ) - бұл контрактілі-сақтаушы типтегі қаржылық институттары болып табылады, олар ұзақ мерзімді контрактілерге сәйкесті салымшылармен төленетін зейнетақы жарналардың негізінде халықтың сақталатын ақша қаражаттарын тартады. ЖЗҚ-ның ерекшелігі - олар еңбеккке қабілеттілігін жоғалту барысында адамдардың материалдық және әлеуметтік қажеттілігін қамтамасыз ету үшін құрылады. Зейнетақылық жарналардың салымшылары белгілі бір жасқа келгеннен кейін табыс көзқайнарын қалыптастыру мақсатында зейнетақы қорларының қарыздық міндеттемелерін сатып алады.
Зейнетақы қорлардың дамуы корпорациялардың жоғары маманданған жұмыс күшін тартуға ұмтылысы есебінен пайда болды. Зейнетақы қорлары - жеке және заңды тұлғалардың зейнетақы төлемдерінің орнына зейнетақы міндеттемелерін шығаратын қаржылық мекеме. Зейнетақы төлемдері- зейнетақы төлемдері үшін халықтың, фирмалардың, мемлекеттің салымдары.
Зейнетақы қорларын құрудың негізгі мақсаттары бағалы қағаздарға зейнетақы жарналарын инвестициялау есебінен жұмыскерлерге төлемдер жасау болып табылады. Зейнетақы қорлары сенімгерлік компанияларға, коммерциялық банктерге немесе сақтандыру компанияларына берілу мүмкін. Мұндай сақтандыру қоры сақтандырылмаған деп аталады. Бірақ корпорациялар сақтандыру компаниялармен келісім жасау мүмкін, яғни сақтандыру компаниялар зейнетақы төлемдерін қабылдап, зейнетақы төлемдерін беруді қаматамасыз етеді. Ондай сақтандыру қоры сақтандыратын деп аталады [11, бет 13] .
Зейнетақы қорларындағы пассивті операциялардың негізі корпорациялардың, кәсіпорындардың, сонымен қатар бүкіл түсімдердің 20-30% құрайтын жұмыскерлер мен қызметкерлердің жарналары болып табылады. Жарна үлесі түрлі корпорациялар, кәсіпорындар және мемлекеттер бойынша ауытқиды. Корпорация қуаттырақ әрі байырақ болған сайын, жұмыскерлер мен қызметкерлердің жарналар үлесі аз болады. Зейнетақы қоры капиталының жинақталу ерекшелігі кәсіпкерлердің, жұмыскерлердің, қызметкерлердің ұзақ мерзімге өмірді сақтандыруға кеткен жарналарының сомаларынан құралады. Зейнетақы қорлары ұзақ мерзімді ақша қаражаттарын иемденеді және оларды үкіметтік, жеке бағалы қағаздарға салады. Зейнетақы қорларының активінің 80% жеке корпорациялардың бағалы қағаздары құрайды. Активтердің 30% астамы жай акцияларға жататындықтан корпорация саясатына зейнетақы қорлары әсер етеді. Зейнетақы қорлары өзінің корпорацияларының активтеріне де ақша қаражаттарын салады.
Жеке меншік зейнетақы қорларымен қатар мемлекеттік зейнетақы қорлары да бар. Олар орталық үкіметпен және жергілікті басқару органдарымен құралады. Мұндай қорлардың пассивті операцияларының негізін түрлі үкіметтік деңгейдегі бюджет қаражаттары және жұмыскерлердің жарналары құрайды. Активті операциялар мемлекеттік және корпорациялардың бағалы қағаздарының салымдарында шоғырланады. Мемлекеттік зейнетақы қорларының қызметінде ақша қаражаттарын инвестициялау мен қызметінің формаларын ұйымдастыруы бойынша айырмашылықтар болады.
Еркін активтерді құрай отырып зейнетақы жарналары зейнетақы қорларында жинақталады. Сондықтан зейнетақы қорларының активтері экономикада маңызды роль атқарады [10, бет 89] .
Экономикадағы салалардың мәнін ЖІӨ-гі үлесінің көрсеткіші бойынша мәнін анықтауғы болады. Мысалы, дамыған елдерде ЖІӨ-гі зейнетақы активтерінің үлесі 10% құрайды.
Зейнетақы қорлары инвестициялар сияқты экономикада макроэкономикалық және микроэкономикалық қызмет атқарады.
Зейнетақы қорларының макроэкономикалық қызметіне жататын келесі:
- Олар инвестициялық ресурстарды тиімді орналастыруға үлес қосады, яғни инвестицияланатын қаражаттың иелері мен қолданушылардың (фирмалардың, компаниялардың, өндірістік ұйымдардың және т. б. ) нақты емес ақпарат алу тәуекелдігін азайту есебінен болады. Жинақталған мәліметтер негізінде банк әлеуетті қарыз алушылардың қаржылық жағдайын құрастырады, сөйтіп қаржылық нарыққа тиімділігі аз және сенімсіз компаниялардың кіруіне жол бермейді. Сонымен қатар банктерде мәліметтер болу есебінен кәсіпорынның шаруашылықты дұрыс жүргізуіне, басымды бағыттар мен қызмет формаларын таңдауына әсер етеді.
- Қаржылық делдалдардың жеке меншік міндеттемелерін шығару экономикаға қажетті және ұсынылатын қосымша ресурстар арасында қарама қайшылықтарды шешеді. Сөйтіп жинақ көлемі ұлғаюы әсерінен ақшаға сұранысы, нарықтағы пайыз ставкалары да төмендейді. Қысқа мерзім кезеңінде инвестициялық сұраныстың өсімі табыстың мультипликативті кеңеюі және жиынтық сұраныстың төмендеуін өтейді. Ұзақ мерзімді кезеңде жаңа техника мен технологияға материалданған инвестициялар экономикалық өсудің сапалық және сандық әлеуетін қалыптастырып, өндіріс көлемінің сұраныс және ұсыныс жағдайында ұлғаюының факторы болды [9, 58б] .
1993 жылы Экономикасы дамыған мемлекеттер бірлестігі елдеріндегі зейнетақы қорларындағы активтер көлемі 1-ші кестеде көрсетілген.
1-ші кесте - 1993 жылы Экономикасы дамыған мемлекеттер бірлестігі елдеріндегі зейнетақы қорларындағы активтер көлемі
млрд. доллар
1-ші кестеде көріп тұрғандай 1993ж АҚШ -тың зейнетақы қорларындағы активтер көлемі 2908 млрд. доллар ең жоғарғы көрсеткішке ие екендігін Ирландияда 14 млрд, доллар мөлшерін құрайды.
Зейнетақы қорлары қоғамдағы әлеуметтік экономикалық тұрақтылыққа үлес қосатын қосымша әлеуметтік қамтамасыз етуге жағдай жасайды.
Зейнетақы қорларының микроэономикалық қызметіне:
- Халықтың еркін ақша қаражаттарын шығара отырып, зейнетақы қорлары қарыз алушының қажеттіліктеріне сай оларды инвестиция түрінде салады.
- Зейнетақы қорлары көптеген иеленушілердің ресурстарын біріктіргендіктен жаппай инвестициялаудың формасына жатады. Осыдан тәуекелділік деңгейі төмендейді.
- Өндірісті инвестициялай отырып, зейнетақы қорлары олардың кәсіпкерлік белсенділігін қаржылық институт ретінде ынталандырады. Ұзақ мерзімді қарыздық міндеттемелерді зейнетақы қорлары (акцияларды, корпорациялардың ұзақ мерзімді облигациялары) сатып алғаннан кейін кәсіпорынға қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етіп, инвестициялық қызметті ұтымды жоспарлауға мүмкіндік береді. Қысқа мерзімді қарыз міндеттемелерін сатып алғанан кейін зейнетақы қорлары корпорацияның уақытша ақша қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Қысқа мерзімді инвестциялар айналым қорларын толықтыру үшін қажет. Сөйтіп зейнетақы қорлары қаржылық делдал бола отырып, кәсіпкерлік секторды несие төлемдерімен қамтамасыз етіп қана қоймай, инвестициялық сұраныс пен экономикалық белсенділіктің жалпы деңгейін көтереді [9, бет 63] .
Зейнетақы реформасы 1998 жылы жүзеге асырыла бастады. Қазақстан ТМД елдері ішінен бірінші болып жинақтаушы зейнетақы қорына көшті. Бұл кезеңде қаржылық нарық ресурстардың өткір жетіспеушілігі, сондай−ақ зейнетақы реформасы қор нарығының дамуымен байланысты болды.
Алайда екі жылдан кейін қаржылық нарықтағы жағдай түбірімен өзгерді. Қор нарығының өркендемеуі мен басқа факторлармен қатар банктік жүйенің өтімділігінің өсуі мен зейнетақы активтері көлемінің өсуі зейнетақы активтерін орналастыру мәселесінің туындауын ескерді.
Зейнетақы жүйесін реформалауда Чилиде қызмет етуші зейнетақылық қамсыздандыру жүйесі негізге алынды. Қазіргі зейнетақылық қамсыздандыру жүйесінің қызмет ету параметрлері мен негізгі салаларын түгелдей үш деңгей анықтайды [11, бет25-26] .
Бірінші деңгей.
″Қазақстан Республикасында зейнетақылық қамсыздандыру туралы″ Заңына сәйкес жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қатар ынтымақтас зейнетақы жүйесі сақталды, сонымен бірге зейнеткерлер алдында ескі зейнетақы жүйесінде жұмыс істеген барлық мемлекеттік міндеттемелер де сақталған. Ынтымақтас зейнетақы жүйесінің міндетті зейнетақы жарналары жұмыс берушіден ұсталатын бірыңғай әлеуметтік салықтың (21%) ішіне кіретін. Ынтымақтас зейнетақы жүйесі ынтымақтас жүйе кезінде стаж жинаған, сондай−ақ жинақтаушы жүйеде жеткілікті зейнетақы жинақтарын жинақтауға мүмкіндігін иеленбеуші қызметкерлер мен зейнеткерлерді зейнетақымен қамсыздандыруды қарастырады.
Екінші деңгейі.
Зейнетақымен қамсыздандырудың жинақтаушы жүйесінде әрбір азамат жеке зейнетақы жинақтарын еңбекақы түріндегі төлемге жататын табыстың 1% көлемінде міндетті түрде ұсталып қалынатын зейнетақы жарналарын аудару есебінен қалыптастырылады. Сәйкесінше зейнетақы жасына жеткен азаматтардың зейнетақылары ынтымақтас жүйедегідей зейнетақыға шығу кезіндегі жұмыс жасаушылардың санына байланыссыз, салымшылардың жекеменшігі болып табылатын жинақталған құрал−жабдықтардың есебінен құрылады. Осылайша зейнетақыға шығу кезінде салымшылардың жеке зейнетақы шоттарынан өздерінің жинақталған жинақтары төленеді. Одан басқа зейнетақы жарналары зейнетақы жинақтарының өсуі мен оларды инфляциядан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында қаржы құралдары инвестицияланады.
Үшінші деңгей.
″Қазақстан Республикасындағы зейнетақылық қамсыздандыру туралы″ Заңға сәйкес қызметкерлер мен жұмыс берушілердің еркін жарналарының есебінен құралатын қосымша зейнетақыны құратын еркін жарналар түсінігі енгізілді. Осылайша әрбір азамат еркін зейнетақы жарналары есебінен өз зейнетақылық жинақтарын көбейтуге мүмкіндігі болады.
1999 жылы ″Қазақстан Республикасының зейнетақылық қамсыздандыру туралы″ Заңына өзгертулер енгізілді, соған сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы жарналары қызметкерлердің жалақысынан міндетті түрде ұстала бастады.
Зейнетақылық реформа қаржы нарығының жаңа қатысушыларын әкелді :
- жинақтаушы зейнетақы қоры (ЖЗҚ) ;
- зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруын атқарушы ұйымдар
(ЗАИБАҰ) ;
- банктер−кастодиандар [18, бет 9] .
Сонымен қатар жинақтаушы зейнетақы қорына көшу бастапқыда халықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне сенімінің артуы мен мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларына салымшылардың тиімді келуіне көмектесетін аралық институт құруды ойластырған. Аралық институт ролі Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорына берілді, оған зейнетақы жинақтарын сақтандырудың мемлекеттік кепілдемелері таратылды және зейнетақы активтерін инвестициялауды арнаулы шектеуші лимиттері белгіленді.
Қазіргі таңда республикамызда зейнетақы жүйесінің ынтымақтас және жинақтаушы жүйелерінің құрамынан қалыптасқан аралас түрі қызмет етуде:
-ынтымақтас жүйе қалыптасқан зейнеткерлер мен 1998 жылдың 1 қаңтарына еңбек стажы алты айдан кем емес азаматтарға арналған;
-жинақтаушы жүйе 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап жинақтаушы зейнетақы қорларына жалақының 1% мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналарын аударған азаматтарға арналған.
Жұмыс беруші ынтымақтас жүйеге зейнеткерлердің зейнетақысын төлеу шығындарын жабуға бағытталған әлеуметтік салық түрінде еңбекақы қорына үстеме 21% аударып отырған. Зейнетақы жүйесінің екіленуі нәтижесінде бүгінгі күндері зейнетақыға шығатын азаматтар екі қайнар көзден зейнетақымен қамсыздандырылады:
− зейнетақының бірінші бөлігі 1998 жылдың 1 қаңтардағы жағдайына байланысты ынтымақтас жүйесінен еңбек стажына қатынасты мемлекет жағынан төленеді;
− зейнетақының екінші бөлігі жинақтаушы зейнетақы қорының жеке зейнетақы шотындағы жинақтарынан төленеді.
Жинақтаушы зейнетақы қорының пайда болуынан бастап жинақтаушы зейнетақы жүйесінің салымшыларының зейнетақылық аударымдарының барлық ақшалай аударуларын дербестендірілген, төлемдерді алушылар бойынша Мемлекеттік орталық арқылы зейнетақыны төлеуді жүзеге асыра бастаған. 1998 жылдың желтоқсанында мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақылық активтері есебінен алғашқы рет қазақстандық акционерлік қоғамдарының акциялары сатып алынды.
Қазақстанның зейнетақымен қамтамасыз етудің қазіргі жүйесі 2005 жылы 1 маусымнан бастап әрекет етуші «Қазақстан Республикасында зейнетақы қамтамасыз ету туралы» Заңында бекітілген [1, бет 2] . Қазіргі кезде республикада зейнетақылық қамтамасыз етудің еңбек және жинақтық жүйелері қатарласып қызмет етуде. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізгі звенолары: жинақтаушы зейнетақы қорлары, зейнетақы активтерін басқару бойынша компаниялар, банктер−кастодиандар.
Жинақтаушы зейнетақы қорлар − бұл ашық не жабық типтегі акционерлік қоғам формасында құрылған заңды тұлғалар. ″Қазақстан Республикасының зейнетақылық қамсыздандыру туралы″ Заңына сәйкес ЖЗҚ зейнетақы жүйесінде орталық звено болып табылады [4, бет 3] . Олар салымшылармен жұмысты, зейнетақы келісім−шарттарын жасайды, зейнетақы жарналары инвестициялық табыс аударымдарына жеке есеп−шот жүргізеді, сондай−ақ салымшылар алдындағы қордың міндеттемелерін ұйымдастырады. Қор өз қызметі үшін комиссиондық сыйақылар алады, өз салымшылары мен мемлекеттік құрылым алдында есеп береді, халық ішінде түсіндірме жұмыстарын жүргізеді, өтініштерін қарастырады, салымшының өлімімен немесе шетелге кетуімен байланысты сұрақтарды шешеді. Ағымдық кезеңде Қазақстанның зейнетақы жүйесі мемлекеттік және жеке бөліктерден құралғандықтан, нарықта мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры (МЖЗҚ) қызмет етеді және Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген тәртіпте салымшылардың тек міндетті зейнетақы аударымдарын жүргізіп, зейнетақыны алушыларға төлемдерді жүзеге асырады. Қазіргі уақытта Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорын жекешелендірудің мүмкін нұсқалары әзірленуде.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz