Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының тәрбиелік мәні


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

II. ҚАЗАҚТЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ МЕН ӘДЕТ-ҒҰРЫПТАРЫНЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ

Қазақ этнопедагогикасының үлкен бір саясаты - қазақ халқының салт-дәстүрлері болып табылады. Халықтың игі әдеттері дағдылана келе әдет-ғұрыпқа, әсерлі әдет-ғұрыптар салт-дәстүрлерге, халықтың өмірінде қалыптасқан салт-дәстүрлер салт-сана болып қалыптасқан. Халықтың салт-дәстүрлері рәсімдер мен жөн-жоралғылар, рәміздер, ырымдар меи тыйымдар, түрлі сенімдер арқылы өмірде қолданыс тауып келеді. Оның бәрі дамып, толысып, жаңарып отырады.

Халықтың игі мәдени дәстүрлері; ізеттілік, қайырымдылық, мейірімділік, қонақ жайлылық, имандылық, иманжүзділік - барлык мәдени үлгі-өнегелі іс-әрекеттердің көрінісі - деп деп аталады. Қазақ халқының осы игі дәстүрлерін айқындап, дәлелдей келе, халықты рухани тазалығы жағынан альт, қазақ халқын әдепті, яғни қайырымды, мейірімді халық деп атауға әбден болады. Бұл - ұлт мәдениетінің ең озық көріністері. Халықтың әдеп - ұрпақ тәрбиесінің өзекті арқауы.

Игі әдеттердің өмір қолданысына айналуы - әдет-ғұрып, оның біржола өмір заңдылығына айналуы - салт-дәстүр деп аталады. Яғни дәстүр - қолданылмалы іс-әрекет. Ол қалыптасқан іс-әрекет ешкімнің "нұсқауынсыз" еркін мәжбүрлікпен орындалады. Өмірдің өркениетті дамуы дәстүрлердің толысып, не жаңарып отыруына себепші болады. Мысалы қыз ұзату, үйлену тойлары толысып, жаңарды да, ал "әменгерлік", "атастыру" салты бірте-бірте өмірге қолданылудан қалды.

Этнопедагогикадағы салт-дәстурлердің ұлттык санага сіңіп, біржола заңдандырылуы - салт-сана деп аталынады. Ұлттык санаға сіңіп, қалыптасқан салт-дәстүрлер сол ұлттың ой-санасының дәрежесін көрсетеді Ұлттық сананың қозғаушы күші - ұлттық намыс, ұлттық абырой. Ол жеке тұлғалардың перзенттік борышты өтеу дәрежесіне сап өмірден өз көріністерін байқатады. Сондықтан әрбір әдет-ғұрыптың, салт-дәстүрдің салт-санаға әсер ететін тәрбиелік мәні зор.

БЕСІК - ТӘРБИЕ БАСТАУЫ

"Ел болу үшін, бесігіңді түзе" (М. Әуезов) деген сөздің мән-мағынасына ой салсақ, ол - тәрбие ұрпақты дүниеге келтіруден басталады; сол тәрбиенің дәстүрлік, салт-саналық бастаулары мен бағдарларын жан-жақты пайдаланып, даналықпен дамыта білу керек деген өсиеттің мәнін ұғамыз. Нәрестелік кезінен басталатын тәрбиенің қалыптасқан ұлттық рәсімдері мен төлімдік тәсілдері ұлттық салтлен қолданылып жан жүйеге тәлім-тәрбиелік әсер етеді.

ШІЛДЕХАНА РӘСІМІНІҢ ӘДЕПТІЛІК МӘНІ

Шілдехана. Нәресте туған күннен бастап, үш күнге дейін, нәрестені әрі күзетіп, әрі ананы қуаныш-шаттыққа бөлеп, ойын-сауық өткізу рәсімі. Ертеде нәрестені үш күнге дейін жын-періден қорғап күзету" секілді діни рәсімге байланысты туған, кейін шаттық тойына айналған бұл дәстүрдің өзіндік әдептік және жанжүйелік мәні бар.

Жарық дүниеге жаңа келген нәрестенің әсем әуен, күмбір күй, анасының үні қосылған дабыр арқылы сезім жүйесі онда түседі.

Шілдеханадағы шаттық ойын-сауық нәрестені қоршаған балалар мен ересек адамдардың көңілін көтереді, бауырмашылығын арттырады, өнерін өркендетіп, дарынын дамыта түседі.

Шілдехана жыры құтты болсын айту, бата беру рәсімінде жырланады:

Бөбектің бауы берік болсын:

Өскең сайын өрлесін,

Еш жамандық көрмесін,

Өзі жарық күн болсын,

Жасы ұзақ, мың болсың!

Соңғы кезде "Шілдехана" тойы бала туған соң жеті күннен кейін, немесе бала қырқынан шыққан соң өткізіліп жүр. Халық салтында шілдехана тойында ішімдікке жол беру - әрі обал, әрі күнә, әрі қылмыс болып табылады.

Кіндік шеше - босану кезінде анаға көмек көрсетіп, нәрестенің кіндігін кесетін әйел. Кіндік шешені ана және оның жанашырлары (анасы, ата-енесі, т. б. ) күні бұрын тақуа, таза, мейірманды, жанашыр адамнан сайлайды. Ол, көбінесе, өмірден көргені мол тәжірибелі адам болу керек.

Ана босанар алдында кіндік шеше дәрет алып, жуынып-шайынып, таза киініп, кіндік кесуге дайындалады және кіндік кесу жабдықтарын тазалап даярлайды, кіндік кесудің дәрігерлік, гигиеналық салтын сақтап, өз ісін абыроймен орындауға жаүапкершілікпен қарайды.

Кіндік шеше бала жарық дүниеге келгенде алғаш оның кіндігін кесіп, жөргекке орап алады. Қазақ халқының ырымында "бала кіндік шешесіне тартады" деген сөз бар, Кіндік шеше - нәрестенің екінші анасы, сондықтан ол баланың "ит жейдесін" кигізуден бастап, оның бесігін түзеп, киімінің бүтін, таза болуына қамқорлық жасайды. Нәрестенің ата-анасы кіндік шешені жақын да жаңашыр ана ретінде құрметтеп, оған сый-сыяпат көрсетеді. Кіндік шеше қарызы (баланы жылына шыққанда киіндіру) бөбектің ата-анасының кіндік шеше алдындағы парызы (оған сыйлық беру, құрмет көрсету) тұрмыстық ахуалға лайықты сыйласымдық рәсімдерімен өтеледі.

Кіндік шеше рәсімдері адам қоғамының алғашқы даму кезеңінен белгілі. Ол өз міндеттерін орындау арқылы аналық, мейірімділік қамқорлық сезімдерін дамытып, ұрпақ тәрбиелеуге уәделі үлестерін қосады.

БӨБЕКТІ ҚЫРҚЫНАН ШЫҒАРУ РӘСІМІ

Бөбекті қырқынан шығару - бөбек туған соң, көбінесе, қырық күн толғанда, оның шашын алып, бесікке салу рәсімі. Бөбекті қырқынан шығару рәсімі ананың «бой көтеріп», денсаулығының толысып, жетілген кезінде өткізіледі (қыз бала, көбіне, ер баладан ертерек қырқынан шығарылады) . Бөбекті қырқынан шығарғанға дейін ана қалжаланып, денсаулығын түзейді, емшекке уыз қатып қалмауы, емшек сүтінің мол болуы үшін ананы қалжалау кезінде тамақтандыру тәртібіне қамқорлық жасайтын жаңашырлар (кіндік ана, әже, абысын, т. б. ) болуға тиіс.

Бөбек қырқымы толыса бастағанда, ол мазасызданып, жылауық болуы да мүмкін. Қырқынан шыққан бөбектің ұйқысы тыньш, жан сезімі рахаттана бастайды.

Бөбекті қырқынан шығару, көбінесе, бесікке салу рәсімшен бірге өткізіледі. Бебекті қырқынан шығару кезінде, мүмкіндігінше, оны күміс ыдысқа шомылдыру, ол шомылатын суға күміс теңгелер салу ырымының гигиеналық мәні зор.

Бөбекті қырқынан шығарғанда оның қырқым шашын алу салтанаты ең сыйлы, тәжірибелі, ардақты әйел орындайды. Бұл рәсімге жанашыр жақын әйелдер шақырылады. Оларға, бүл кішігірім той кезінде, сый-сыяпат көрсетіледі. Бала шомылдырылып, сыланған соң бесікке бөленіп, бесік жыры айтылады.

БАЛАҒА АТ ҚОЮ РӘСІМІ

Балаға ат қою рәсімі, көбінесе, шілдехана ойын-сауық кешінде орындалады. Ертеде нәрестеге ат қою рәсімін, негізінен, жануадағы ең үлкен ұлағатты кісі орындаған. Мұсылман дінінің рәсімі бойынша балаға "азан шақырып ат қою" рәсімін қарт діндардан қажыға дейін құдай жолына берілген, иманы кәміл, адал жанды, ардақты адам орындайды. Тұрмыстық және әлеуметтік жағдайға байланысты, балаға ат қою рәсімін ата дәстүрінен аумай, салтанатты турде өткізудің мәні зор. Жанұяда балаға ат қою рәсімін орындаушылар кезегі: баба, ата, өке, аға, ана, т. б. Егер баланың бабасы бар болса, ол - үлкен бақыт. Батасын беріп, бабасы ат қойған ұрпақ, кейін бабасын мақтанышпен еске алады, оның бауырмашылдығы, үлкен адамды құрметтеуі басқалардан басым болады.

Балаға ат қоюда қазақ халқы, көбінесе, атақты адамдардын атын қоюды дәстүрге айналдырған. Мысалы: елін сүйген ерлердей болсын деп халық ұл балаларын: Алпамыс, Төлеген, Бауыржан, Тоқтар деп атаса, қыз балаларын: Мәншүк, Әлия деп атайды, мөлдір махаббат пен асқан сұлулықты қастерлеген халық қыз балаларын көбінесе: Баян, Жібек, Ақтоқты, Қарашаш, Айгерім, Ақбала деп атайды.

Ертеде баласы тұрмай, шетіней берген соң ата-ана ырым етіп, балаларына - Итбай, Байбор, Итемген, Күшікбай, т. б. ат қойған.

Аттың атау кезінде жан жүйеге әсер ететін, әдептілікке бейімдейтін қасиеттері сол аттың өз мәніне байланысты болады.

Балаға ат коюда ұлағаттылық пен жауаптылық қажет. Кейде баланың бастапқы аты ол осе келе түрлі себептерден "дуалы" ауыздардан шыққан қосымша атаулармен өзгеріп отырады (Әбілмәмбет - Сабалақ - Абылай, Ыбраһим - Абай, Сәдуақас - Сәкен т. б. ) .

Негізгі бөлім

Қазақ этнопедагогикаеы - нысанды ақикат заңдылықтарын бейнелейтін, дәлелді теориялық жүйеде түзілген ілімдердің философиялык қисынды құрылымын көрсететін, яғни қазақ халык педагогикасы мен ұлттық педагогикалык ойлар тарихын баяндайтын ғылым.

Қазақ этнопедагогикасының ғылыми-теориялық негіздері атты диссертацияның бірінші бөлімінде қазақ халкының этникалык болмысының тарихи қалыптасуына, халык педагогикасының ұлттық ерекшеліктеріне байланысты жүйеленіп тұжырымдалды.

"Этнос" (ру, тайпа, ұлт) және "педагогика" (оқыту, тәрбиелеу туралы ғылым) сияқты екі сөзден құралып, этнопедагогика деп аталған бұл ғылым жалпы педагогика ғылымдарының түп негізгі, ғылыми зерттеу жүйесіндегі бір саласы. Әрбір ұлттың этнопедагогикасы сол ұлттың өз атауымен аталатын ғылым болу үшін, ол ғылымның ғылыми қалыптасқан алғышарттары болады,

Қазақ этнопедагогикасының ғылыми алғышарттары, біздіңше, мынадай:

1. Қазак этнопедагогикасы қазақ халкының ұлттық ерекшеліктерін айқындап, оның өмір тәжірибесі аркылы тәлім-тәрбиелік, дүниетанымдык құралы ретінде қалыптасқан ғылым. Яғни әрбір халықтың немесе ұлттың өз ерекшеліктеріне сәйкес тәлім-тәрбие жүйесі қалыптасқан. Ол "қалыпты" ешбір "ғаламдастыру" бұза алмайды. Ықлым замандардан бері қазақ халқының тарихи қалыптасқан ерекшеліктері: ақынжандылық, өнерпаздык, шешендік, жадына сақтау қасиеті, имандылық, инабаттылық, меймандостық, қайырымылық, дарындылық. Қазақ халқының ақындық қасиеттері этнопедагогиканың тіректі саласы ауыз әдебиетін жан-жақты дамытуға түрткі болғандығы айдан анық көрініп тұр. Ал қолөнерімен қатар, ән, би, спорттық өнер т. б. өнердің алуан түрлерін игеріп, оны дамыта білген халықтың өнерпаздығы өткен ғасырдан бері дүниежүзіне танылып келеді. Қазақ халқының шешендік өнеріне ешбір елдің сөз өнері тең келмейді. Қазақ халқының жадында сақтау қабілетінің арқасында ауыз әдебиетінің бай қазынасы ел аузында сақталған. Мысалы, ғұлама ғалым жазушы М. Әуезов атап көрсеткендей, ұлы ақын Жамбылдың жадындағы алты миллион тармаққа жуық (60 томдық) жырлардың тек екі томдығын ғана ақынның аузынан жазын алуға үлгердік (ол кезде ұнтаспаға жазып алу техникасы дамымаған болатын) .

Қазақ халқының дарындылығы мен қайырымдылығы, меймандостығы туралы В. В. Радлов т. б. шығыстанушылар XIX ғасырда-ақ жан-жақты дәлелдеп кеткен болатын.

2. Этноледагогика жалпы ұқсастығымен дүниежүзіндегі барлық халықтар мен ұлттарға тән ғылымның атауы болғанмен, ол жеке бір халықтың, не ұлттың өзіне тән тәлім-тәрбиелік (педагогикалық) ерекшеліктерді айқындап көрсетеді. Ол ерекшеліктер әрбір халықтың ауыз әдебиетінен, салт-дәстүрінен, тұрмыс-тіршілігінен айқын көрінеді. Сондықтан этноледагогика туралы "жалпылық" түсініктер мен тұжырымдар бұл ғылымның этникалық мәні туралы жалпылау ұғымның аты ғана, ал этнопедагогика (этностың педагогикасы) жеке этностың (ұлттың, халықтың, тайпаның) педагогикасы болғандықтан оның атауы сол ұлттың атымен аталуы қажет. Ол үшін сол ұлттың тарихи қалыптасқан ұлттық, халықтық педагогикасы болу керек. Ал, қазақ халқының халық педагогикасы ғасырлар бойы қалыптасып, негізделген. Яғни қазақ халық педагогикасының негіздері; ауыз әдебиеті, салт-дәстүрлер, ұлттық тіл, өнер, мәдениет, тәрбие, т. т.

3. Жеке халықтың немесе ұлттың (этностың) этаопедагогикасын (яғни ұлттық педагогикасын) ғылым ретінде дәлелдеу үшін, біз ең әуелі сол халықтың, негізгі ұлттық этностың болмысын, тілін, тілім-тәрбиелік құралдарын жан-жақты зерттеп, құрылымын айқындап, содан кейін бұл этнопедагогика сол ұлттың өзіне тән ғылым екендігін дәлелдеп, өз атымен атаймыз. Қазақ халқының этностық болмысы ерте замалпан белгілі. Қазақ халқы түркі тектес халықтардың ішіндегі жауынгерлігімен, бірлігімен, талапкерлігімен ерекшеленген халық. Ақын, педагог Мағжан Жұмабаев айтқандай қазақ тілі "түркі тілдерінің ішіндегі ең бай тіл". Қазак этнопедагогикасы ғылымының жасалуына негіз болған қазақ тілінің қолдану ауқымы, даму тарихы, ұлттық ерекшеліктері жан-жақты талданып, оның этнопедагогикалық мәні ашылды.

4. Жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысынан бастап зерттеліп, ғылыми жағынан дәлелденген қазақ этнопедагогикасы ғылым ретінде қалыптасты да, пән ретінде оқу-тәрбие ісінде қолданылмалы құндылыққа айналды.

5. Қазақ этнопедагогикасы ғаламдағы барлық еркениетті елдердің этнопедагогикалық құндылықтарын бойына сіңіріп өз этникалық ерекшеліктерімен айқындалып, дами беретін ұлттық тәлім-тәрбие туралы ғылым.

6. Қазақ этнопедагогикасы - С. Қалиев, Қ. Жарықбаев, С. Ұзақбаева, К. Қожахметова, Қ. Белеев т. б. ғалымдардың зерттеуімен теориялық негіздері жасалынып, теориясы практикамен ұштасқан ғылым.

7. Қазақ этнопедагогикасы оқу-тәрбие ісіндегі қолданбалы ғылым. Осындай ғылыми-теориялык алғышарттары толымды айқындалған этнопедагогика ғана сол ұлттың (этностың) халықтық педагогикасы (этнопедагогикасы) әлемінде ғылымдық атауға ие бола алады. Қазақ этнопедағогикасы ғылыми ұлттық мәні айқындаған иедагогикалық мазмұны дәлелденген ғылым.

1. Қазақ халқының тарихи болмысы, тұрмыс-тіршілігі мал өсірумен, егіншілікпен, аң аулаумен, ел қорғаумен байланысты болды. Оның үстіне қазақ жерінде Түркістан, Тараз, Сайрам, Отырар сияқты ең ірі қалалармен қатар, Жібек жолы бойында көптеген сауда орындары (қалалар) болғандығын тарих дәлелдеп отыр.

2. Ғылыми зерттеу жұмысында ұлттық тәрбиенің (халық педагогикасының) негіздері ұлттың тұрмыс-тіршілігіне байланысты екендігі дәйекті дәлелдермен жан-жақты көрсетіліп, ұлттық тәрбие теориялары түзіліл, оның дәлелдемелері, анықтамалары берілді. Мысалы, еңбек тәрбиесінің мазмұны әлеуметтік жағдайларға, әулеттік, халықтық, ұлттық кәсіптерге байланысты болды. Соған сәйкес қазақ халқының игі әдет-ғұрыптары, әдебі қалыптасып, дәстүрлері мен салт-санасы дамыды.

3. Ұлттық өнер - этнопедагогиканың әдіснамалық бір негізі. Кең дала, асқар тау, тамаша табиғат қазақ ұрпағының өнерпаз болуына әсерін тигізген. Қазак халқы, әсіресе, қол өнері мен сәулет өнерін жоғары бағалап, дарынды меңгерген (ғылыми еңбектерде ол туралы көптеген мысалдар келтіріліп, дәлелдер айтылған) . Қазақ - өнерпаз халық. Әсіресе ақындық, әншілік, күйшілік өнер кең далада керемет өріс тауып, ұрпақтан-ұрпаққа өнерпаздық дәстүр эстетикалық тәрбиенің негізі болған. Бұл қасиетті үрдіс одан әрі өзінің тарихи дамуын көрсетіп келеді.

4. Қазақ халқының бай ұлттық тілі - дүниетанымдық, тәрбиелік қызметті еркін атқаратын жалғамалы тіл. Ол ұлттық тәрбиенің басты құралы. Ұлттык тәрбиенің көркем құралы - ауыз әдебиеті (ұлттық әдебиет) және дала даналарының тәлімдік өнегелері - казақ этнопедагогикасының методологиялық (әдіснамалык) негіздері екендігі айқын көрсетілді.

5. Қазақ халқының ұлттық болмысы ерекшеленіп, тәлім-тәрбиелік негіздері қалыптасқандығын айқындайтын үрдіс - оның ауыз әдебиеті (ұлттық әдебиеті) . Ауыз әдебиеті жазу әдебиетімен ұштасып, ұлттық әдебиет дами берді де, оның тәрбиелік мәні қуаттана түскендігі баяндалды (Сурет 1) . Халықтың тұрмыс-тіршілікке байланысты жыраулар, дарын иелері әдеби шығармалар шығарып, дәстүрлер мен салт-сананы қалыптастыру арқылы тәлімдік нұсқаларды пайдаланып, ұлттық тәрбиенің (этнопедагогиканың) негізі ретінде өмір тәжірибелерінен алған асыл дүниелерін тәрбие ісіне жан-жақты пайдалана білгендігі зерттеуде сараланып көрсетілді.

Баланың бес жасқа дейінгі кісілік (тұлғалық) негіздерін қалыптастыруда халық сан үйрету үшін санамақтарды, тілін ширату үшін жаңылтпаштарды, намысын ояту үшін мазақтамаларды, ойын дамыту үшін жұмбақтар мен мақал-мәтелдерді, тақпақтарды ойлап шығарып, тілашар дәстүрін қалыптастырғандығы, оның этнопедагогикалық (тәрбиелік) мәні зерттеуде жан-жақты баяндалды.

Халық жас ұрпақты ерлікке, бірлікке тәрбиелеу үшін батырлық жырларды уағыздап, оның ғасырлар бойы қалыптасып, дамуына өз үлесін қосып отырды. Әлемшарлык әдебиетте батырлық жырлары ең мол ел - қазақ елі. "Қобыланды батыр", "Ер Тарғын", "Ер Саин" жырларынан басталып, "Қырымның қырық батырын" қамтитын бұл жанрдың тәрбиелік мәні ашылып, оны театр сахналары, кинофильмдер мен телефильмдер арқылы жоғары оқу орындарында тәрбие ісіне пайдаланудың әдістемелік жүйелерін біз ғылыми еңбектерімізде кеңінен, жан-жақты көрсете білдік.

Сол сияқты "Қозы Көрпеш - Баян сұлу", "Қыз Жібек" сияқты ғашықтық жырлардың да тәрбиелік мәніне ғылыми талдау жасап, ондай жырларды тәрбие ісіне аудиториядан тыс жағдайда жоғары оқу орындарында қалай пайдаланудын дидактикалық жүйелерін дәйекті дәлелдермен, колданылмалы тәсілдерін баяндадық (үзінді жаттау, үзінді қойылым көрсету, театрлық көріністерді ұйымдастыру, кештер, кездесулер т. б. үрдістер)

Халықтың тұрмыс-тіршілігіне байланысты шығарылып, ауыз әдебиетінде қалыптасқан тұрмыс-салт жырларының (төрт түлік мал туралы, беташар, тойбастар, қоштасу, жоқтау, толғау т. б. ) тәрбиелік мәні ашылды. Ауыз әдебиетіндегі ойын өлеңдер, өтірік өлеңдер, айтыс өлеңдер, термелер мен жыраулардың өнегелік-өсиеттік жырлары - ұлттық тәрбиенің (халық педагогикасының) өзекті көркем (эстетикалық) құралдары екендігі дәлелденді. Ғылыми зерттеуде осы үрдістер терең зерттеліп, талғаммен талданып, этнопедагогикалық тұжырымдар жасалынды.

Қазак ертегілерінің түрлері (тұрмыс-салт ертегілері, қиял ғажайып ертегілер, аңыздар мен күлдіргі ертегілер т. б. ) көп және тәрбиелік мәні ерекше жанр. Біз ертегілердің тәрбиелік мәнін талдап ашып, оны жоғары оқу орындарында оқытылатын "Қазақ этнопедагогикасы" пәні бойынша аудиториядан тыс уақытта тәрбие жұмыстарына қалай пайдаланудың әдістемесін жеткізе көрсетуге тырыстық.

6. Дала даналарының тәлімдік, өнегелік, философиялық ойлары - ұлттық тәрбиенің құнды құралдары. Қазақ халқының дала даналарының өсиет-өнегелері, жырлары мен шешендік сөздері, үлгі-насихаттары ұрпақ тәрбиесіне ерекше әсер еткенін ұлт тарихынан, халық тұрмысынан айқын көрінетінін дәлелдедік.

Қазақ халқының тәлімдік (этнопедагогикалық) мұраларын шешендік сөздер, жырлар, өнеге-өсиеттер деп топтауға болады. Ол мұраларды жасаушылар - шешендер, билер, хандар, жыраулар мен күйшілер, ел ағалары - дала даналары - нағыз тәлімгерлер екендігін дәлелдеп, мысалдар келтіріп, ой тұжырымдадық.

Қазак халқы - шешен халық. Шешендіктің үлгісін Жиренше, Сырым т. б. шешендер, Төле би, Қаз дауысты Қазыбек бидің шешендік сөздері, Әйтеке бидің әділ сөздері, Досбол шешен, Бөлтірік шешен, Бала би, Мөңке би, Байдібек би, Ақтайлақ би, Қылышбай шешен, Саққұлақ т. б. шешендермен қатар Абайдың шешендік сөздерінен мысалдар келтіріп, шешендік сөздердің тәрбиелік мәнін ашьш, этнопедагогикалык құндылықтарын баяндадық.

Қазақ халқының бірлігін қорғап, тірлігін біріктіріп, елдің елдігін қалыптастырған ұлы шешендер ұлы жүзден Төле би (1663-1756), орта жүзден Қазбек би (1667-1764), кіші жүзден Әйтеке би (1689-1766) халық даналығының қалтқысыз қасиеттерін шешендік сөзбен жеткізіп, ұрпақты, елді, бүкіл ұлтты тәрбиелегендігін дәлелдедік.

Қазақ халқының жазу мәдениетіндегі этнопедагогикалық ойлар тарихын жүйелеп: Күлтегін, Қорқыт ата, әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, М. Х. Дулати, М. Қашғари, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Шокан Уәлиханов, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Мыржақып Дулатов, Шәкәрім Құдайберді, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мұхтар Әуезов, Төлеген Тәжібаев, Нәзипа Құлжанова және соңғы ғылымдардың этнопедагогикалық ойларын сараптап, ғылыми тұжырымдар жасадық (Кесте 3) .

7. Қазақ этнопедагогикасының тәрбиелік өзегі - ұлттық салт-дәстүрлері мен дәстүрлік тәрбиелер болып табылады.

Біз ең әуелі салт-дәстүрлердің мәндік, мағыналық ерекшеліктерін айқындап, былай сараладық: игі әдет көппен қайтатанып, ол әдет-ғұрыпқа (қолданысқа) айналады, әдет-ғұрып ұлттық қолданыста әдеп болып қалыптасады да, ұлттық мәдениет белгісін көрсетеді, ұлттык мәдениет белгісі (әдеп) жалпы ұлттық қолданыста дәстүр деп аталады, дәстүр ұлттык заңға айналса ол - салт болады, салттың ұлттық санада қалыптасқан көрінісін салт-сана дейміз. Мысалы, казақтың қайырымдылық дәстүрі әуелі игі әдет болған, одан әдет-ғұрыпқа, әдепке, дәстүрге, салтқа айналып, халықтың санасына сіңіп, салт-сана болып қалыптасканын, оның теориялық мәнін тұжырымдадық (Кесте 2. ) .

Әрбір ұлттың салт-санасы ұлттық тәрбиенің өзекті арқауы болып табылады. Әдет-ғұрып, әдеп, дәстүр, салттың іс жүзінде орындалуы: рәсім, рәміз, кәде, жол-жоралғы (жөн-жоралғы) деп аталады. Рәсім мен кәденін, жол-жоралғының түрлері көп. Бәрінің де өз алдына тәрбиелік мәні бар. Бұл ғылыми зерттеу жұмысында жан-жақты талдап көрсетілді.

Қазақи сыйласым - дәстүрлік тәрбиенің негізі болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдет - ғұрыптар халықтық мәдениеттің феномені ретінде
Оқушыларға еңбек және дене тәрбиеін беруде халық педагогикасының озық үлгілерін пайдаланудың педагогикалық – психологиялық сипаты
Салт - дәстүр ұлттық тәрбие
Бaстaуыш білім беру сaтысындa қaзaқ хaлық дәстүрлерін тәрбие құрaлы ретінде пaйдaлaнудың педaгогикaлық шaрттaры туралы
Той мерекелік салт-дәстүрлік әрекеттердің теориялық негіздері
Қазақстан мәдениетінің тарихы
Бала тәрбиесіндегі отбасының алатын орны
Әдеп - эстетика ғылымының этика деп аталатын үлкен саласының ұлттық мәдениетке тән қисынды баламасы
Адамзат дамуының тарихындағы этнопедагогикалық идеялар
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДӘСТҮРЛЕРІ МЕН ӘДЕТ - ҒҰРЫПТАРЫНЫҢ АЙМАҚТЫҚ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz