Қазақстан Республикасы мен Белорусь арасындағы қарымқатынас



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

Кіріспе

Негізгі бөлім
1. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты

2. Қазақстан Республикасы мен Белорусь арасындағы қарым-қатынас
1. Басты деректер
2. Саяси қатынастар
3. Сауда-экономикалық ынтымақтастық
4. Мәдениет, білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастық

Қорытынды
Пайдаланылған дереккөздері

Кіріспе

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік
сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге
талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді.
Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және
экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын
халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың
аймактық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді.
Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-
қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан
шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы
тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен
дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық
Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие.
Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық
корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл
түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi
мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің
мемлекет аймақтағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму
мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық
сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия
аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-
қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006-2007 жылдары аталмыш
мемлекеттермен және аймақтармен ей жакты байланыс едәуір алға басты. Ел
мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет
басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссел, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран,
Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми
сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша
мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi
арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.

Негізгі бөлім
1. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты

1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздік туралы Декларация
жариялады, сөйтіп дүниежүзілік қоғамдастыққа енуге мүмкіндік алды. 1992
жылы қаңтардан 9 шет мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатты. Тәуелсіз
Қазақстанды әлем мемлекеттерінің арасында бірінші болып бауырлас Түрік
республикасы таныды. 1992 жылдың ортасына қарай республика тәуелсіздігін
жер шарының 30-дан астам елі мойындады: АҚШ, Қытай, Иран, Пакистан, Канада,
Швейцария т.б.
1999 жылдың басына қарай дүние жүзінің 150 мемлекеті танып, 106
мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатылды.
Қазіргі Қазақстан шет елдерде 30-дан астам дипломатиялық және
консулдық өкілдіктер ашты. Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік
елшілік және халықаралық, ұлтаралық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді.
Республикамыздың сыртқы саясат ведомствосы ұлттық мүддемен жалпы адамзаттық
мүдделерді үйлестіріп жүргізетін дипломатиялық саясатқа кірісті.
1992 жылы наурыздың 3-інде Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар
Ұйымының (БҰҰ) мүшесі болып қабылданды. Осы жылы өткен БҰҰ Бас
Ассамблеясының 47-сессиясының трибунасынан ОБСЕ сияқты ұйымның Азияда да
құрылуы туралы Н.Ә. Назарбаев өз ойын айтқан болатын. Бірақ, ол кезде оның
бұл сөзіне онша сене қоймаған еді. Міне, арада 10 жыл өткеннен кейін 2002
жылғы маусымда Алматыда сенім әрекеттестік шаралар туралы саммиті өтті.
Саммит жұмысына 16 мемлекет басшылары қатысты. Оның ішінде 7 ірі державалар-
Қытай, Индия, Ресей, Иран, Түркия т.б. болды.
Маңызы: Бұл елдердің экономикалық потенциалы өте зор, олардың
территориясының жалпы көлемі 38,8 млн.кв.км., немесе Евразия материгінің
89%-ын құрайды. Бұл елдердің территориясында 2.8 млрд. адам тұрады, яғни
жер шары тұрғындарының 45%-ын құрайды.
Қазақстан сыртқы саясатында басты үш мәселеге ерекше назар аударады:
1. ТМД, Азия, Европа елдері, АҚШ, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы
елдерімен халықаралық байланысты өркендету.
2. Мәдени-экономикалық байланысты күшейте отырып, алдыңғы қатарлы
өркениетті елдердің қатарына қосылу.
3. Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударатын мәселе – ең
жақын және ірі көрші мемлекеттермен, солтүстікте – Ресеймен, шығыста –
Қытай халық Республикасымен ойдағыдай қарым-қатынас орнату.

2. Қазақстан Республикасы мен Белорусь арасындағы қарым-қатынас

Басты деректер
  1992-жылдың 16 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы мен Беларусь
Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.
1993-жылдың 9 қаңтарында Қазақстан Республикасының Беларусь
Республикасындағы Елшілігі ашылды.
1997-жылдың 13 шілдесінде Беларусь Республикасының Қазақстан
Республикасындағы Елшілігі ашылды.
2008-жылдың желтоқсанынан бері Қазақстан Республикасының Беларусь
Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Анатолий Владимирович
Смирнов.
2010-жылдың қаңтарынан бері Беларусь Республикасының Қазақстан
Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Валерий Анатольевич Брылев.
  Саяси қатынастар
  Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы
қатынастар өзара түсіністік пен сенім жағдайында дамуда. Екі мемлекеттің
ұстанымдары аймақтық және халықаралық мәселелердің көпшілігі бойынша өзара
сәйкес келеді. Екіжақты және көпжақты форматтарда ТМД мен басқа да
халықаралық ұйымдар аясындағы жоғарғы және басқа деңгейлердегі байланыстар
нығая түсуде.
1999-жылдың қарашасында Беларусь Республикасының Президенті
А.Лукашенконың Қазақстан Республикасына ресми сапары болды.
2000-жылдың мамырында Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Назарбаевтың Беларусь Республикасына ресми сапары жасалды.
2000-жылдың қазанында Қазақстанда ресми сапармен Беларусь
Республикасының Премьер-министрі В.Ермошин болып қайтты.
2004-жылдың мамырында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің
орынбасары С.Мыңбаевтың Минскке сапары болды.
2005-жылдың 18-19-мамырында Беларусь Республикасының Президенті
А.Лукашенко Қазақстан Республикасына ресми сапар жасады.
2007-жылдың 21-22-мамырында Қазақстан Республикасының Қорғаныс
министрі Д.Ахметов Беларусь Республикасында ресми сапармен болды.
2007-жылдың 12-13-қыркүйегінде Беларусь Республикасының Премьер-
министрі С.Сидорский Астанаға жұмыс сапарын жасады.
2009-жылдың 25-26-ақпанында БР Премьер-министрінің бірінші орынбасары
В.Семашконың Қазақстанға жұмыс сапары болды.
2009-жылдың 21-мамырында БР Премьер-министрі С.Сидорскийдің Астанаға
жұмыс сапары жасалды.
2009-жылдың 28-29-мамырында ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары
Ө.Шөкеевтің Минскке сапары болды.
2009-жылдың 9-10-маусымында ҚР Премьер-министрі К.Мәсімовтің Минскке
ресми сапары болып өтті.
2009-жылдың 22-24-қыркүйегінде ҚР Премьер-министрінің орынбасары
С.Ахметовтың Минскке сапары жасалды.
2009-жылдың 25-26-қарашасында ҚР Президенті Н.Назарбаев Минскте ресми
сапармен болды.
2010-жылдың 19-20-мамырында ҚР Премьер-министрі К.Мәсімов Минскте
жұмыс сапарымен болып қайтты.
 
Сауда-экономикалық ынтымақтастық
  Қазақстан Беларусьтің ТМД шеңберінде Ресей мен Украинадан кейінгі
үшінші ірі сауда-экономикалық әріптесі болып табылады.
Сауда-экономикалық ынтымақтастық Қазақстан Республикасы мен Беларусь
Республикасы арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың 2009 – 2016 жылдарға
арналған бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.
2009-жылы қаржылық дағдарыс екі мемлекеттің екіжақты саудасына теріс
ықпалын тигізіп, нәтижесінде Қазақстан мен Беларусьтің сауда айналымы 388,3
млн. доллар ғана құрап, өткен жылдың деңгейінен 27,7 пайызға кем
көрсеткіште болды. Оның ішінде қазақстандық экспорт 2008-жылдың деңгейінен
56,4 пайызға кем 74,9 млн. долларды ғана құраса, белорустық экспорт 2008-
жылмен салыстырғанда 14,2 пайызға кеміп, 313,4 млн. доллар болды.
Сонымен қатар, өткен жылы тараптармен жасалған жұмыстардың
нәтижесінде, 2010-жылдың басынан екіжақты сауда айналымының біртіндеп өсуі
байқалуда.
2010-жылдың бірінші тоқсанының нәтижелері бойынша, ҚР мен БР
арасындағы сауда айналымы 106,7 млн. долларды құрады. Бұл көрсеткіш 2009-
жылдың осы кезеңінен 40,6 пайызға жоғары. Осы кезеңде белорустық экспорт
56,5 пайызға артып 91,8 млн. долларға жетсе, қазақстандық экспорт керісінше
13,5 пайызға кеміп, 14,9 млн. долларды ғана көрсеткен.
Қазақстаннан Беларуське негізінен мақта, болат, мырыш, резина және
астық экспортталады.
Беларусьтен Қазақстанға арнайы мақсаттағы автомобильдер, жүк және ауыл
шаруашылығы машиналары, тракторлар, тіркемелер, подшипниктер, қант,
пластмасса ыдыстар, рельстер, радиаторлар, ауа ысытқыштар, насостар, электр
құралдары, тұрмыстық техникалар, мұздатқыштар, жиһаз, дәрі-дәрмектер,
көтергіш құралдар жеткізіледі.
Қазіргі таңда Қазақстанда белорустық кәсіпорындардың 23 сервистік
орталықтары, 60 шамалы бірлескен кәсіпорындар, 6 сауда үйлері, әртүрлі
белорустық кәсіпорындардың көптеген өкілдіктері мен дилерлері жұмыс
жасайды.
2009-жылдың маңызды оқиғалары ретінде соңғы 9 жылдағы алғашқы рет
жасалған ҚР Президентінің Беларусь Республикасына ресми сапары мен екі
елдің арасында дипломатиялық қатынастар орнатылғаннан бері бірінші рет ҚР
Премьер-министрінің Беларуське ресми сапарын айта аламыз.
Осы сапарлардың нәтижелерінде өндірістік және ғылыми-техникалық
кооперация, денсаулық сақтау, азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың
алдын алу мен жою, жоғарғы және жоғарғы оқу орындарынан кейінгі білім беру,
туризм, мұрағат ісі, сонымен қоса ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, дәрі-
дәрмектерді бірлесіп шығару, балалар тағамы және басқа да өнімдерді өндіру
бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілді.
2010-жылдың мамырында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі
К.Мәсімовтің Беларуське жұмыс сапары барысында сауда-экономикалық
ынтымақтастық саласындағы қазақстан-белорусь қатынастарының қазіргі жағдайы
мен даму көкжиектері талқыланды. Үкімет басшылары Кедендік одақ аясындағы
өзара әрекеттестік мәселелерін, Қазақстанның жеделдеткен индустриалдық-
инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде жобалардың бірлесіп жүзеге
асырылу барысын қарастырды.
Сапар шеңберінде Минскте Қазақстан-белорусь іскерлік форумы болып
өтті. Форумның нәтижесінде оған қатысушылар өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы
өнеркәсібі кешені, құрылыс, денсаулық сақтау, азық-түлік өнімдерін шығару,
халық тұтынатын тауарлар саудасы салаларында уағдаластықтар жасасып,
шарттарға қол қойды.
2009-жылы Қазақстанда өткен БелЭкспо-2009 көрмесіне 130-дан астам
белорустық кәсіпорындар мен ұйымдар қатысты.
Сауда-экономикалық ынтымақтастықтың кеңеюіне Сауда-экономикалық
ынтымақтастық бойынша Қазақстан-белорусь үкіметаралық комиссиясының жұмысы
септігін тигізеді. Оның соңғы отырысы 2009 жылдың 18 маусымында Брест
қаласында болып өтті.
Екі ел арасындағы аймақаралық ынтымақтастықты дамыту мен нығайту
бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. 2009-жылы Ақмола, Батыс Қазақстан
және Шығыс Қазақстан облыстарының делегациялары Беларусьте болып қайтса, БР
Премьер-министрінің бірінші орынбасары В.Семашко Қазақстанға жұмыс
сапарымен барды. 2010-жылдың басынан бері Гродно және Могилев облыстарының
Қазақстанға сапарлары болды. Жасалған сапарлардың қазақстан-белорус
аймақтық ынтымақтастығына жаңа серпін бергенін ескере отырып, Елшілік
екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық аясының кеңеюі мен өзара сауда
айналымының артуына ықпал ететін осы бағыттардағы ынтымақтастықты бұдан
былай да дамытуға ниетті.
Екі мемлекеттің арасындағы төлемдік қатынастарды әрі қарай нығайту, БР
экономикасына қазақстандық жеке, бірінші кезекте банктер мен басқа да қаржы-
несие мекемелерінің капиталын тарту бойынша қадамдар жасалуда.
Минскте 2002 жылы құрылған БТАбанк (Беларусь) Жабық акционерлік
қоғамы жемісті жұмыс жасауда.
2005-жылдан бері белорустық БТА Қазақстандағы ең ірі банктердің бірі
БТА Банк тобына кіреді және оның еншілес банкі болып табылады. БТА
Банктің 75,1 пайыз акциялары Самұрық-Қазына қоры арқылы соңғы
бенефициарлық меншік иесі Қазақстан Республикасының Үкіметіне тиесілі, ал,
тиісінше қазақстандық БТА Банк белорустық БТА Банктің 99,29 пайыз
акцияларын иемденіп отыр.

Мәдениет, білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастық
2007-жылдың маусым айында Қазақстан-белорусь ғылыми-техникалық
ынтымақтастығы бойынша комиссиясы құрылды. Комиссияның 2009-жылдың 23-25
қарашасы кезеңінде өткен екінші отырысында 2010-2011 жылдарға арналған
қазақстандық және белорустық ғылыми ұйымдар мен жоғарғы оқу орындарының
ғылыми-техникалық ынтымақтастығының бағдарламасы бекітілді.
2010-жылдың 10-14 наурызында Қазақстан-белорусь ғылыми-техникалық
ынтымақтастығы бойынша комиссиясы екінші отырысының хаттамасын орындау
жолында Қазақстан Республикасы жоғарғы оқу орындары ректорларының
делегациясы Беларусь Республикасында болып қайтты. Сапардың мақсаты ЖОО-
лардағы университеттік басқару жүйесімен, ғылыми зерттеулердің
нысандарымен, мамандар мен ғылыми кадрларды даярлау және оқу орындарында
инновациялық инфрақұрылымды жасау тәжірибесімен танысу, оған қоса екіжақты
ынтымақтастықтың дамуын қарастыру болды.
2010-жылдың 20-21 мамырында Қазақстан-белорусь іскерлік форумының
аясында ҚР мен БР жоғарғы оқу орындарының өкілдері ынтымақтастықтың
перспективті бағыттарын талқылап, бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойды.
Қазақстан мен Беларусьтің мәдениет саласындағы ынтымақтастығы белсенді
дамуда.
2009-жылдың 13-14 мамырында Минскте Қазақстан Республикасының Беларусь
Республикасындағы Мәдениет күндері болып өтті. Мәдениет күндерінің
шеңберінде Сазген сазы фольклорлық-этнографиялық ансамблінің, Қазақстан
камераты мемлекеттік классикалық музыкалық ансамблінің, Қазақ Ұлттық
музыка академиясының Шат домбырашылар ансамблінің және басқалардың
қатысуымен Қазақстан өнер шеберлерінің Гала-концерті берілді. Ал, 2010-
жылдың қыркүйегінде Қазақстанда Беларусьтің Мәдениет күндері жоспарлануда.
ҚР Премьер-министрі К.Мәсімовтің Беларусь Республикасына 2009- жылдың
маусымындағы ресми сапары барысында Минск қаласында қазақтың көрнекті
жазушысы мен ғалымы М.Әуезовтің барельефі салтанатты түрде ашылды. 2009-
жылдың қазан айында Минск қалалық атқару комитетінің шешімімен Минск
қаласының № 143 мектебіне М.О.Әуезов атындағы орта жалпы білім беруші
мектебі деген ат берілді.
2009-жылдың 14-қарашасында Минскте Ресейдің еңбек сіңірген өнер
қайраткері, Беларусьтің Мемлекеттік сыйлығының иегері А.Анисимовтың
басқаруындағы Беларусь Республикасының Мемлекеттік симфониялық оркестрінің
сүйемелдеуімен белгілі қазақстандық скрипкашы М.Бисенғалиев өнер көрсетті.
Екіжақты мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықтың тағы бір
көрінісі 2010-жылдың ақпанында Беларусь кітаптары XVII Халықаралық көрме-
жәрмеңкесіне Елшіліктің қатысуы болды.
2010-жылдың 17-наурызында Елшілік Беларусь Республикасы Президенті
жанындағы Басқару академиясымен бірлесіп ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
Жаңа онжылдық - Қазақстанның жаңа экономикалық өрлеуі, жаңа мүмкіндіктері
атты Жолдауы бойынша халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.
2010-жылдың 12-наурызында Минсктегі М.О.Әуезов атындағы №143 орта
мектепте Мен Қазақстан туралы не білемін? атты дәстүрлі байқаудың
нәтижелері шығарылды. Өз жұмыстарында жас жеткіншектер тарих пен мәдениет
жөнінде жақсы білімдерін көрсетті.
2010-жылдың 7-сәуірінде Минскте Елшілік Шетелдермен достық және мәдени
байланыстар бойынша белорустық қоғамымен және Атамекен халықаралық
қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, Абай белорустардың жүрегінде атты қазақ
халқының атақты ұлының шығармашылығына арналған әдеби-музыкалық кеш
өткізді. Кеште белорус тіліне аударылып Полымя әдеби-көркем журналында
басылған Абайдың өлеңдері оқырманға жеткізілді.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдығын мерекелеу аясында бірқатар
іс-шаралар ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының Елшілігінде 5 мамырда
Елші майданға Қазақстан аумағынан шақырылған соғыс ардагерлерімен кездесті.
6 мамырда Елшіліктің делегациясы Минск облысындағы Радошковичи кентіне
барды. Сапар барысында біздің жерлесіміз, Қазақстанның Халық Қаһарманы және
Ресей Батыры Бахтурас Бейсекбаев жерленген бауырластар зиратына және Кеңес
Одағының Батыры Н.Гастеллоның мемориалына гүл шоқтары қойылды.
7-мамырда Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күніне орай Елші А.Смирнов
Ұлы Отан соғысы жылдарында Беларусь аумағында қаза болған қазақстандық
жауынгерлердің Ескерткіш белгісіне гүл шоқтарын қойды.

Қорытынды
Қазақстан мен Беларусь елдері арасындағы қарым-қатынас жыл сайын
қарқын алып келеді. Соңғы жылдары Кеден одағы аясында ықпалдасу шаралары
жиілей түсті. Екіжақты және халықаралық ұйымдар шеңберінде парламентаралық
байланыстар оң серпін алып отыр. Екі мемлекеттің Парламентінде
ынтымақтастық жөніндегі депутаттық топ бар. Қазақстан Парламентіндегі
топтың жетекшісі Наталья Геллерт, топтың құрамына 22 депутат енген.
Қазақстан бүгінде Беларусь Республикасының ТМД көлеміндегі үштікке
кіретін ірі сауда-экономикалық әріптесі болып саналады. Өткен жылы
Қазақстан мен Беларусь арасындағы сауда айналымы 867,2 млн. АҚШ долларын
құрады. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,2 есеге жоғары. Үстіміздегі жылы
да екі елдің өзара сауда айналымында оң үрдіс байқалып отыр. Қазіргі кезде
Қазақстанда  Белоруссияның 23 сервистік орталығы, 80-нен астам бірлескен
кәсіпорын жұмыс істейді.
2009-жылы Минскіде Қазақстанның Беларусьтегі мәдени күндері табысты
өтсе, былтырғы жылы Астанада Беларусьтің Қазақстандағы мәдени күндері
болды. Белорустық қоғамды біздің мәдениетімізбен, салт-дәстүрімізбен
жақынырақ таныстыру мақсатында елшілік тұрақты түрде әртүрлі іс-шаралар
өткізіп отырады.
Біздің елдеріміз арасындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастықты
дамытуға Шетелдермен достық және мәдени байланыстар жөніндегі белорустық
қоғам үлкен үлесін қосып жүр. Минск қаласының Достық үйінде тұрақты түрде
қазақстандық жазушыларға, қазақ халқының музыкасына, өнеріне, салт-
дәстүріне және мәдениетіне арналған кештер өткізіліп отырады. Мысалы,
мамырдың басында Минскіде әйгілі белорустық ақын Н.Метлицкий аударған Абай
Құнанбаев өлеңдерінің белорус тіліндегі Степной простор кітабы шықты.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың сәуір айының соңында Минскіде Ресейдің
еңбек сіңірген өнер қайраткері, Беларусь Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
А.Анисимовтің жетекшілігіндегі Беларусь Республикасының мемлекеттік
симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен әйгілі қазақстандық скрипкашы
М.Бисенғалиевтің концерті өтті. Қазақстанның өкілдері Листопад
халықаралық кинофестивалі мен Славянь базары халықаралық музыкалық
фестивалінің қатысушысы болып табылады.
Биыл ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына байланысты, елшілік мерейтойға
арналған көптеген іс-шараларды жоспарлап отыр. Атап айтқанда, маусым айының
басында қазақстандық және белорустық әртістердің қатысуымен достық концерті
өтті, Минск қаласының М.Әуезов атындағы мектебінде Қазақстан
Тәуелсіздігіне – 20 жыл конкурсы жарияланды. Қыркүйек айында ел
Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік
конференция және аталған тақырыпты ашатын фотокөрмені өткізілді.
Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы
тәуелсіздік жылдарындағы екіжақты қарым-қатынас жылнамасына көз жүгіртсек,
екі елдің ынтымақтастығы тарихи мазмұнды болғанына және сондай қалыпта
жалғасып жатқанына көзіңіз жетеді. Бұған экономика көрсеткіштерін, ғылым,
мәдениет, туризм және спорт салаларындағы жетістіктерді жатқызуға болады.
Қай саланы алып қарасақ та, елдер арасындағы қарым-қатынас аясының алуан
түрлілігін байқайсыз. Әрине, бұл қуантарлық жай. Мұндай қарқындылық екі ел
форматымен ғана шектелмей, көпжақты ынтымақтастықтың да ойдағыдай
серпінділікті көрсетіп отырғанын атап өткен жөн. Бүгін Қазақстан мен
Беларусьтің ең белсенді мемлекеттер болып табылатыны баршаға аян – БҰҰ,
ЕҚЫҰ, ТМД ұйымдарындағы мүшеліктен бөлек, ЕурАзЭҚ, ҰҚШҰ секілді ұйымдарда
да өзара ықпалдастық дамуда.

Пайдаланылған дереккөздер:
1. http:kk.wikipedia.org;
2. http:www.egemen.kz Ынтымақтастық тамыры тереңде жатыр 20-Мам,
2011-ж.;
3. http:thenews.kz Төрағалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы мен Беларусь арасындағы қатынастар
Тәуелсіздік жылдарындағы Белорусияның саяси-әлеуметтік дамуы
Ежелгі қытай философиясы
Қарым - қатынас түрлері
Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастық: Қазақстанның қосқан үлесі
Халықаралық ұйымдардың ұғымы
Кеден органдары анықтау органдары ретінде
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен қарым-қатынастарыныңың қалыптасу кезеңін талдау, екіжақты қарым-қатынастардың саяси-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы дамуы
Банк операцияларын лицензиялау
Аймақтық интеграциялық үрдістері мен Қазақстан
Пәндер