Турбо Паскаль тілінің графикалық режимнің мүмкіндіктері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .

1 КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНИКАНЫҢ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІ

1. 1 Компьютерлік техника қауіпсіздік ережесі . . .

2 НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. 1 Турбо Паскальда жұмысты бастау . . .

2. 2 Программа құрылымы . . .

2. 3 Графикалық режим . . .

2. 4 GRAPH модулінің процедуралары мен функциялары . . .

2. 5 Геометриалық объектілерді құру процедуралары . . .

2. 6 Графикалық режімде мәтін жазу процедуралары . . .

2. 7 Мәтіндік режимде жұмыс . . .

3 АРНАЙЫ БӨЛІМ

3. 1 Есептің қойылымы . . .

3. 2 Идентификатор кестесі . . .

3. 3 Есепті шешу алгоритмі . . .

3. 4 Бағдарлама листингі . . .

3. 5 Оператордың нұсқауы . . .

3. 6 Бағдарлама нұсқауы . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

ҚОСЫМША

Блок-схема . . .

Нәтиже . . .

КІРІСПЕ

Қазіргі компьютерлерде символдардан бөлек әр түрлі суреттер, графиктер салуға болады. Ол үшін Туобо Паскаль тілінде әр түрлі графикалық процедуралар пайдаланылады. Бұл графикалық процедураларды ІВМ РС тәрізді дербес компьютерлерде пайдалануға болады.

Курсттық жобама байланысты Графикалық режимнің мүмкіндіктерін қарастырдым яғни дисплей экранның бетіне нүкте, түзу немесе қисық сызық, шеңбер, эллипс және кез келген тұйық сызық сызып шығуға болады. Сонымен қатар тұйық сызықтардың ішін әртүрлі түспен бойяп қоюға болады. Сызықтарды жылжыту, айналдыру және басқа басқа орынға көшіру арқылы көрнекі бейнелермен мультфилмдер жасауға болады.

Дисплей экранына график салу үшін оның нүктелерінің координаталарын көрсету қажет.

Графикалық режімде жұмыстарды атқаратын Турбо Паскальдің 7. 0 нұсқасында графикалық процедуралар мен функциялар өте көп, енді біз солардың негізгілеріне тоқталып өтеміз. Ең алдымен GRAPH модулі іске қосылысымен оның ішіндегі процедуралар мен функцияларды пайдалана беруге болады.

Графикалық режімді алғаш рет іске қосу (инициализациялау) үшін Initgraph процедурасы қолданылады. Егер дисплей типін көрсеткіміз келмесе немесе оны білмесек, стандартты Detect тұрақтысын қолданамыз. Сонда InitGraph процедурасы көмегімен драйвер автоматты түрде таңдап алынады да оның тиімді режімі де өзіне-өзі орнатылады. Графикалық режімнен шығу (программаны аяқтау ) үшін параметірсіз жазылатын Closgraph процедурасы пайдалынады. Бұл процедура орындалғанда барлық графикалық режімдар алынып тасталады және бейнелер буфері босатылады. Графикалық режимді орнатумен одан қалай шығу керектігін уйренгеннен соң керекті процедураларды пайдалана отырып Турбо Паскальда геометриялық объектілерді қара экранға салуымызға болады. Курстық жобамның тақырыбына байланысты (Геометриялық фигуралардың графигін салу) менде керекті процедуралар арқылы геометриялық фигураларды салдым, яғни төртбұрыш, шеңбер, элипс, доға, түзу және т. б фигураларды 0-15 дейінгі түстерді пайдалана отырып салдым.

1 ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІ

1. 1 Компьютерлік техника қауіпсіздік ережесі

Компьютерлік техника кабинетінде жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігін сақтау студенттер мен оқытушылардың негізгі міндеттері болып табылады.

Аталған міндеттерді орындауда студент төмендегідей:

  1. жалпы;
  2. дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы;
  3. жұмыс жасау кезіндегі ;
  4. апаттық жағдайдағы;
  5. жұмыс соңындағы талаптар мен ережелерді білуге тиіс.
  1. Жалпы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар төмендегіше:компьютерді токқа қосатын сымдарға, қос тілді розеткілерге, штеккерлерге тиісуге және жабдықтарды оқытушылардың рұқсатынсыз жылжытуға тиым салынады. Оқытушылардың рұқсатынсыз сыныптан шығуға және кіруге болмайды. Дербес компютерді су қолмен және су киіммен жұмыс істеуге болмайды. Дербес компьютердің жанына портфельдер, сумкалар, кітаптар қоюға тиым салынады. Үстелде қалам мен дәптер ғана болуға тиісКлавиатураға артық зат қоюға болмайды. Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жанындағы құрбыларын алаңдатуға, бөгде жұмыстармен шұғылдануға тиым салынады.

2. Дербес компьютермен жұмыс жасау алдындағы қауіпсіздік ережесінің талаптары:

- Дербес компьютерді іске қосу кезінде оның сыртқы қорабының дұрыс жұмыс жасап тұрғандығына және сымдардың қатесіз жалғанғандығына көз жеткізу керек.

3. Студенттердің дербес компьютермен жұмыс жасау кезіндегі техника қауіпсіздігінің ережесіне қойылатын талаптар:

- ЭВМ - мен жұмыс кезінде көзді экраннан 60-70 см қашықтыққа ұстау керек.

- Сыныпқа кірушілермен орнынан тұрмай амандасуға болады.

- Электр тогымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету тәсілдерін, өрт сөндіру құралдары жұмыс істеуді және өрт сөндіру тәсілдерін білу қажет.

4. Апаттық жағдайда техника қауіпсіздігі ережелеріне қойылатын талаптар:

- Жұмыс жасап отырған кезде дербес компьютерден ақау табылса немесе күйік иісі шықса, өзгеше дыбыс пайда болса, онда машинамен жұмыс тоқтатып, мұғалімге хабарлау керек.

- Өрт сөндіруге көмек көрсету қажет.

- Электр тогымен зақымданған адамға алғашқы көмек көрсетуді білу керек.

- Компьютерлік сыныпта өртті сумен сөндіруге болмайтындығын білуің қажет. Оған құм және тағы басқа өрт сөндіргіш құрал жабдықтарын пайдалануға болады.

- Электр тогының әсерімен зақымданған адамды су қолмен ұстауға болмайтындығын білу қажет. Оны әртүрлі материалдарды ( электр тогы сымынан басқа) пайдалану арқылы босатып алуға болады.

5. Дербес компьютерде жұмысты аяқтаған кездегі техника қауіпсіздігі ережелері талаптары:

- Оқытушылардың нұсқауы бойынша аппаратты өшіру.

- Жұмыс орнын ретке келтіру .

- Электр тогымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету.

Студент компьютермен жұмыс жасау барысында электр тогымен зақымданған жағдайдағы алғашқы дәрігерлік көмек көрсетудің төмендегі берілген әрекеттеріне назар аудару:

1. Токты өшіру ( щиттағы ( қалқанды) батырманы басу арқылы) .

2. Зақымданушыны ток әсерінен ( сымнан) босату.

3. Дәрігер шақыру.

4. Зақымданушыны қарап шығып, оның алған жарақатына байланысты көмек көрсеу.

1. 2. Күйген жағдайда:

- ауырғанда сездірмейтін дәрілер (анальгин, валерион) беру керек.

- Күйген жерге арнайы май жағу керек.

- Зақымданған жерге суық су құю.

- Алдын- ала жараланған, микробтар түспес үшін мөлдір жұқа қағазбен (целофанмен) орау.

1. 3. Есінен танып қалған жағдайда:

- Зақымданушыны жауырынмен тегіс жерге жатқызып, басын бір жағына қаратып, қырымен орналастыру керек.

1. 4 Тыныс алысы тоқтаған жағдайда:

- ауызды ашып тілдің орналасу жағдайын тексеру керек, егер тіл күрмеліп қалған болса, оны қолмен дұрыс қалпына келтіру қажет.

- Дем алыс жағдайына келгенге дейін, қолдан демалдыру ( ауызбен, ауызға) немесе дәрігер келгенге дейін, жаттығулар жасау.

1. 5. Шаршаған жағдайда қолданылатын жаттығулар:

- Студент компьютермен жұмыс жасай отырып шаршаған жағдайда төмендегі келтірілген жаттығуларды пайдалану қажет.

2 НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. 1 Турбо Паскальда жұмысты бастау

Турбо Паскальдің интегралдық ортасы пайдаланушылардың сұраныстарын операциялық жүйесі-ақ қамтамасыз етеді.

Интегралдық ортаға кіру. Ds-тың командалық қатарында C:TP\TURBO EXAMPLI:1PAS деп теріп, Enter пернесін басу керек. Бір сәттен кейін экранның жоғарғы бөлігінде Examplr1. pas жазуы бар Текстік редактор терезесі пайда болады . Егер программа аты көрсетілмесе бос терезе жиегінде Noname00. pas- стандартты атауы тұрады.

Редактордың терезеде терілетін программа мәтінін қабылдауға немесе бұрынғы бар программаны редакциялауға дайындығын жанып-өшіп тұратын курсор арқылы білуге болады. Редактордан шықай-ақ, программаны компиляциялау немесе орындау командасын бере аламыз.

Белсенді терезе. ТР интегралдық ортасы бірнеше тереземен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Егер ортада бірнеше терезе ашылған болса, онда біреуі ғана, яғни қос жиекті терезе белсенді деп есептеледі . Жоғарыдағы әрекеттердің барлығы белсенді тереземен орындалады. F6 пернесін басып, кез ­ келген терезені белсенді етуге болады.

Белсенді терезеде программа мәтінін жазу. Егер терезеге программа мәтіні симаса, онда оны PgDn (“алға”), PgUp( кейін қарай) пернелерін басу арқылы парақтап көруге болады.

Программаны сақтау. Терілген белсенді терезеден Ғ2 пернесін басу арқылы файлға сақталынады. Егер файлға атау берілмеген болса, онда ТР файл атауын енгізуді сұрайды. Ғ2 пернесін әрдайым басып отырған жөн.

Программаны компиляциялау. Ғ9 не ALT+Ғ9 пернесі басылғанда компилятор программаны тексереді. Егер қате табылса, әдетте терезе шекарасында, хабарлама шығады. Ал қате жоқ болса, “Compile successfully. Press and key” хабарламасы шығады.

Программаны орындау. Программаны орындау командасы Ctrl+Ғ9 пернелер комбиляциясымен іске асады. Нәтиже Alt+F9 пернелері арқылы көрінеді (редактор терезесі“ ашылады”) . Редакторға қайта өту үшін кез­ келген литерлік перне шертелуі керек.

Көшірме алу . Жұмыс соңында дискіде файл көшірмесін алған дұрыс. Alt+F9 пернелерін шертіп, пайда болған “File” мізірінен “Save as…” қатары таңдалынып, Enter шертілген соң, файлдың толық атауын теру керек. Мысалы a:\Example. pas деп, теріп Enter пернесі басылса, белсенді терезе мазмұны көшірмесі дискетке жазылады.

Файлды ашу. ТР -да дискіде сақталған программа мәтінін редактор терезесіне шығару (файлды ашу) F3 пернесін шерту арқылы орындалады . Алдымен енгізу өрісі бар сұхбат терезесі пайда болады .

Жаңа экранды ашу . Alt+F пернесін басып, File мәзірінен New қатарын таңдалынған жағдайда жаңа экранда файл Nanamexx атымен пайда болады. Мұндағы “хх”­ цифрлар.

Тексті баспаға шығару. Принтерді іске қосып, “File” мәзіріндегі “Print” қатары таңдалса, белсенді терезе мазмұны қағаз бетіне басылып шығады.

Турбо Паскальдан щығу - Alt+X пернелерін басу арқылы орындалады. Егер ашылған терезе мазмұндарын сақтау ұмытылса, оны сақтау туралы хабарлама шығады.

Паскаль тілінің алфавиті

Паскаль тілінде қолданылатын символдар: 1) 26 үлкен және кіші латын әріптері: 2) 0, 1, . . . , 9- араб цифрлары ; 3) Арнайы символдар ; 4) Кілттік сөздер.

1-кесте

Арнайы символдар
Мағынасы
Арнайы символдар:
Мағынасы: Дәйекше
Арнайы символдар: { }
Мағынасы: Жүйелік жақша
Арнайы символдар: =
Мағынасы: Тең
Арнайы символдар: < <
Мағынасы: Кіші
Арнайы символдар: > >
Мағынасы: Үлкен
Арнайы символдар: \leq
Мағынасы: Кіші не тең
Арнайы символдар: \geq
Мағынасы: Үлкен не тең
Арнайы символдар: -
Мағынасы: Азайту
Арнайы символдар: *
Мағынасы: Көбейту
Арнайы символдар: /
Мағынасы: Бөлу
Арнайы символдар: ( )
Мағынасы: Жай жақша
Арнайы символдар: [ ]
Мағынасы: Тік жақша
Арнайы символдар: :
Мағынасы: Қос нүкте
Арнайы символдар: .
Мағынасы: Нүкте
Арнайы символдар: ,
Мағынасы: Үтір
Арнайы символдар: ;
Мағынасы: Нүктелі үтір
Арнайы символдар: +
Мағынасы: Қосу
Арнайы символдар:
Мағынасы:

Паскаль тіліндегі программа - сипаттау және операторлар бөлімдерінен тұрады. Программа орындалу барысында Const кілттік сөзінен басталатын мәні өзгермейтін деректер - тұрақтылар. Тұрақтылар программаның сипаттау бөлімінде сипатталады.

Программалауда айнымалы деп мәлімет үшін жадтан бөлінген орынды айтады. Айнымалылардың мәні программа барысында өзгеруі мүмкін . Айнымалылар латын әріпінен басталған әріптер цифрлар және ‘ ’ символы комбинациясы арқылы белгіленуі мүмкін. Мұндай белгіленуді айнымалы аты немесе иденфикатор деп атайды. Иденфикатор айнымалылармен бірге, тұрақтыларға, программаларға, прцедураға, функцияға, тағы басқаларға да беріледі.

Иденфикатор ретінде кілт сөздерді қолдануға болмайды. Айнымалылар жәй және индексті болып бөлінеді. Жай айнымалылар өз атымен жазылады, ал индексті бар айнымалыларда оның атауы мен индексі көрсетіледі.

Мысалы: Top, X, Z5, Vol, F[1], B[2, 1], A[I], B[IJ] .

2-кесте

Кілттік сөздер
Аудармасы
Кілттік сөздер:

And

Array

Begin

Case

Const

Do

End

File

For

Function

If

Or

Else

Procedure

Program

Record

Repeat

Then

Type

Var

Аудармасы:

Және

Массив

Басы

Таңдау

Тұрақты

Орынды

Соңы

Файл

Үшін

Функция

Егер

Немесе

Әйтпесе

Процедура

Программа

Жазу

Қайталау

Онда

Тип

Айнымалы

2. 2 Программа құрылымы

Программа мәтіні : Program <программа -аты>; - деп аталатын, міндетті емес элеметтен, ал сипаттау бөлімдері ретімен келесі кілттік сөздерден басталуы мүмкін:

Label (белгілер)

Const (тұрақтылар)

Type (типтер)

Var (айнымалылар)

Function, procedure (функция, процедуре) .

Сипаттау бөлімінен Begin, End - операторлық жақшаларына алнған программаның орындалу бөлігі орналасады.

Айнымалылар келесі схемалар түрінде сипатталады:

Var <айнымалы аттары тізімі >:<тип>;

<тип> - стандартты тип атауы не сипатталған тип арқылы берілуі мүмкін . Спатталған типтер құрырымдық айнымалыларға қолданылады. Сипатталған типтер құрылымдық типтер Type анықталады.

Type <тип аты > = <типтің сипатталуы >;

Тұрақтының сипатталуы : Const <тұрақты аты> = < мәні>;

Белгідердің сипатталуы: Const <тұрақты аты> = <мәні>;

Белгілердің сипатталуы : Label <белгілер тізімі>; белгі - ең көбі 4 цифрдан тұратын және программада оператор алдына қос нүкте арқылы жазылатын әріптер не цифрлар комби нациясы. Белгіге өту Goto <белгі>: - операторы арқылы орындалады.

Түсініктемелер фигуралық жақшаға алынып жазылады. Оларды жазу үшін орыс немесе қазақ әріптерін қолдануға болады.

Оператор - белгілі бір іс - әрекет орындау үшін жазылатын нұсқау (кілтік сөз) . Әр оператор соңына нүктелі

үтір (; ) қойылады. Бірнеше оператолар Begin; End түсінді сөздерімен шектеліп жазылса, ол құрама оператор деп есептелінеді. Begin және End оперлаторлық жақшалардеп аталады. Begin нен - кейін және End - тің алдына нүклелі үтір қойылмайда, ол опреаторлар арасында қойылады. Егер программа артық нүктелі үтір қойылса, ол бос оператор деп есептелінеді. Бос оператор - ешқандай әрекет орындамайтын оператор.

Стандартты типтер:

  • Паскальда анықталған стандартты типтер:
  • Бүгін типтер-Shortint, Integer, Longing, Byte, Word;
  • Нақты типтер-Real, Single, Double, Extended, Comp;
  • Логиқалық тип-Boolean;
  • Символдық тип-Char;
  • Жолдық (қатарлық) тип-String;
  • ASCII - қатарлық тип - Pchar;

Мәтіндік файл-Text;

Нұсқағыш тип-Pointer.

Программалаудың элементтері:

Программлаудың көпшілігі белгілі бір есепті шешу үшін жазылады. Ал есептің шешіиіне ақпараттармен деректерді өңдеу арқылы жетуге болады. Сондықтан программалаушы ретінде сізге қалай

  • Ақпараттарды программаға кіргізу-енгізу ;
  • Ақпараттарды сақтау-деректеу ;
  • Деректеудің өңдеудің дұрыс командаларын беру- операциялар;

Программардан деректерді алу - шығару керек екенін білу қажет,

Сонымен, программалаудың жеті түсініктерін атап өтейік енгізу, деректер, операциялар, шығару, шартты орындалу, циклдер және қосалқы программалар. Төменде әрбір элементтің қысқаша сипаттамасы берілген:

  1. Енгізу. Бұл пернеліктен келіп түсетін немесе сыртқы есте сақтау құрылысындағы деректер жиынынан оқылатын ақпарат;
  2. Деректер. Бұл тұрақтылар, айнымалылар, массивтер, жазбалар, жиындар, мәтіндер, файлдар;
  3. Операциялар. Мәтіндерді менщіктеуді өрнектеуді, мәндерді салыстыруды қамтамасыз етеді;
  4. Шығару. Бұл ақпараттарды дербес компьютердегі мониторындағы экранға шығару немесе СЕСҚ-дағы деректер жиынына жазудыбілдіреді.
  5. Шартты орындау. Бұл бір немесе бірнешелердің командалардың белгілі бір шарт орындалғанда орындалуы. Егер шарт орындалмаса, онда бұл комндалар өткізіліп жіберіледі немесе коиандалардың басқа жиыны орындалады;
  6. Циклдер. Мұнда командалардың жиыны қандай да бір шарт ақиқат болып тұрған кезде немесе шарт ақиқат болмайынша қайталанып орындалады;
  7. Қосалқы программалар. Программаныңғ кез-келген жерінде аты арқылы шақырып орындауға болатын инструкциялардың белгілі атпен біріктірілген жиыны.

2. 3 Графикалық режим

Қазіргі компьютерлерде символдардан бөлек әр түрлі суреттер, графиктер салуға болады. Ол үшін Туобо Паскаль тілінде әр түрлі графикалық процедуралар пайдаланылады. Бұл графикалық процедураларды ІВМ РС тәрізді дербес компьютерлерде пайдалануға болады. Турбо Паскаль тілінің нұсқаларындағы нөмірінің өсуіне қарай 4. 0, 5. 0, 7. 0 графикалық процедуралардың мүмкіндіктері де өсіп отырады. Ол процедуралар СRT кітапханасында жинақталған.

Біз бұл оқулықта CRT жәнеGRAPH кітапханаларындағы процедураларды пайдаланамыз. Компьютер экраны әдетте символдық режімде болады. GRAPH модулінде орналасқан кітапханадағы процедуралар мен функцияларды пайдалану үшін программа элементтерін сипаттау бөлігінде

USES GRAPH;

Түйінді сөзін пайдалану керек . график сызуда CRT кітапханасындағы процедураларды пайдалану қажет бола онда

USES GRAPH CRT;

жолы қолданылады.

Жалпы дисплей адаптерлері рафикалық режімде 200, 350 тіпті 600 нүктеден тұратын экран жолдарының әрқайсында 640, 720, 800 нүкте тізбегін бейнелей алады. Мұндағы нүкте деп отырғанымыз - өлшемі 0, 8х1 квадрат милиметр болып келген кішкентай төртбұрыш, яғни пиксель. Әр бір нүктенің координаталары екі бүтін санмен (Х, Ү) анықталады. Дисплей экранына график салу үшін оның нүктелерінің координаталарын көрсету қажет. Координаталар басы (0, 0) болып экранның сол жақ жоғарғы бұрышы есптеледі. Х координаталары солдан оңға қарай, ал Ү мәндері жоғарыдан төмен қарай өсіп отырады. Мысалы EGH адаптерлерінң EGAHI режімінде экран бұрыштарының координаталарын Х= 0. . 63, Y= 0. . 199 арлығында көрсету қажет. Экранда Х осі содан оңға қарай Ү осі жоғарыдан төмен қарай бағытталған. Мәтіндік режімнен графикалық режімге көшкенде экран тазартылады. Графикалық режімде экраннан курсор көрінбейді. Дисплей экранның бетіне нүкте, түзу немесе қисық сызық, шеңбер, эллипс және кез келген тұйық сызық сызып шығуға болады. Сонымен қатар тұйық сызықтардың ішін әртүрлі түспен бойяп қоюға болады. Сызықтарды жылжыту, айналдыру және басқа басқа орынға көшіру арқылы көрнекі бейнелермен мультфилмдер жасауға болады. График тұрғыза үшін оны шығару немесе бастау нүктесін көрсету қажет. Мәтіндік режімде ол курсор позициясы болып саналады ал графикалық режімде көрініп тұратын курсор жоқ, бірақ экранда көрінбейтін курсор тәрізді сілтеме белгі СР бар. Негізінде оны да курсор деп қабылдауға болады.

Графикалық режімде жұмыстарды атқаратын Турбо Паскальдің 7. 0 нұсқасында графикалық процедуралар мен функциялар өте көп, енді біз солардың негізгілеріне тоқталып өтеміз.

2. 4 GRAPH модулінің процедуралары мен функциялары

Графиктермен жұмыс істеу алдында оған сәйкес келетін монитор режімін орнату керек. Турбо Паскаль тілінде алдын ала бекітілген драйверлер саны бар, олардың әрқайсысы үш түрлі режімнің бірінде жұмыс істей алады. Драйвер типі мен оның режімі санмен немесе тұрақты түрінде беріледі.

GRAPH модулі іске қосылысымен оның ішіндегі процедуралар мен функцияларды пайдалана беруге болады.

Графикалық режімді алғаш рет іске қосу (инициализациялау) үшін Initgraph процедурасы қолданылады, оның жазылуы:

Init Graph( Driver var, Mode Var: integer, Gol:string) ;

Мұндағы Driver Var, ModeVar деп атлатын бүтін типтегі екі айнымалы драйверді және жұмыс режімін анықтайды. Мысалы:

DriverVar:= VGA; DriverVar:=VGAL0;

Алғашқы параметр тұрақты түрінде немесе нөмірімен де беріле береді (ол драйвер атауы жанындағы жақша ішінде көрсетілген), мысалы төмендегі оепраторлар бірдей болып саналады:

DriverVar:=VGA; DriverVar:=9;

Егер дисплей типін көрсеткіміз келмесе немесе оны білмесек, стандартты Detect тұрақтысын қолданамыз. Сонда InitGraph процедурасы көмегімен драйвер автоматты түрде таңдап алынады да оның тиімді режімі де өзіне-өзі орнатылады. Процедураның Gol деп аталған үшінші параметрі Graph модулінің маршурутын яғни жолын көрсетеді. Егер ол Модуль ағымдағы католгта немесе бумада болса, онда оның орнына екі апостроф қойылады. Сонымен осы айтқандарымызды программаның бас жағына мынадай жолдар арқылы жаза аламыз

Uses crt, graph;

Var drivervar, modevar: integer;

Begin

Drivervar:= detect;

Initgraph( drivervar, modevar, ’\ TP\Graph’) ;

Мұндағы drivervar -графикалық адаптерінің типі;

ModeVar-оның жұмыс режімі’\TP\ GRAPH’ - графикалық адаптердің орналасқан орны, яғни жазылған бумасы егер ол ағымдағы каталог немесе бума болса онда тек ‘’белгілері ғана жазылады. Адаптерді автоматты түрде таңдап алу үшінDriverVar:= Detect ; деп аталатын көрсетіледі. Кез келген программада осындай жолдар орындалғаннан кейін графикалық мүмкіндіктер пайдалынала бастайды.

Графикалық режімнен шығу (программаны аяқтау ) үшін параметірсіз жазылатын Closgraph процедурасы пайдалынады. Бұл процедура орындалғанда барлық графикалық режімдар алынып тасталады және бейнелер буфері босатылады.

Get Graph Mode:integer; функциясы адаптердің яғни графикалық драйвердің ағымдағы режімнің мәнін береді.

SetGraphMode(Mode:integer) - бұл процедура графикалық режім орнатады да, экранды тазартады, мұандағы Mode- орнатылатын режімнің коды. Мысалы осы процедура арқылы графикалық режінен мәтіндік режімге шығуға және кері ауысуға болады.

Pogram reg;

Uses graph;

Var f, g:integer;

Begin

F:= detect; init graph(f, g, ’’) ;

Writeln(‘graficalk regim’) ;

Writeln(‘Enter-di bas’) ;

Readln;

RetoreCRTMode; writeln(matindik regim’)

Readln;

Setgraph Mode(get graphMode) ;

Writeln(‘) ;

Readln;

Closgraph

End.

Бұл программа графикалық режімнен мәтіндік режімге және кері көшіруге арналған.

moveTo(X, Y:integer) - курсорды көрсетілген мәндері бойынжа жаңа координаталарға жылжыту( көрсеткіштің жаңа орнын анықтау)

MoveRel(DX, DY:integer) - курсорды тұрған нүктеден әрі қарай ДХ бірлігіне көлденең( оңға) ДҮ бірлігіне тіке(төмен) бірлікке орын оуыстыру

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Турбо паскаль программалау тілі жөнінде негізгі ұғымдар
Turbo Pascal жүйесіндегі графиканы ұйымдастыру технологиясы
Паскаль програмалау тілі туралы түсінік
Турбо Паскальдағы графикалық обьектілер
Turbo pascal программалау тілі туралы
Турбо паскаль графикалық режимі
Паскаль тіліндегі модульдер
Турбо паскальдағы графикалық процедура
Турбо Паскальда графикалық процесстерді қолдану
Turbo Pascal программалау тілінің қосымша мүмкіндіктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz