Синтетикалық талшықтардың құрамын, жасалу жолын және артықшылықтары мен кемшіліктерің қарастыру


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

1 Талшықтар жайлы жалпы түсінік

1. 1 Талшықтар. Синтетикалық талшықтар

1. 2 Синтетикалық талшықтар

1. 3 Синтетикалық жіптерден тоқылған маталар

2 Синтетикалық жіптер (маталар) және олардың құрамы, артықшылығы мен кемшілігі

2. 1 Синтетикалық жіптер

2. 2 Синтетикалық жіптердің жалпы ортақ кемшілігі

2. 3 Синтетикалық жіптің (матаның) жуандығы, тығыздығы, тоқылуы.

3 Синтетикадан тоқылатын жіптермен маталар

3. 1 Синтетикадан тоқылатын жібек маталар

3. 2 Синтетикалық талшыктарды жуу, бояу.

3. 3 Жасанды былғары алу

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Халық шаруашылығының басты міндеті ғылыми техникалық прогресті жеделдету және экономиканы өркендетудің, еліміздің өндірістік потенциалын анағұрлым тиімдірек пайдаланудың, ресурстардың барлық түрлерін жан-жақты үнемдеу мен жұмыс сапасын жақсартудын қарқынды жолына кешіру негізінде адамдардың әл-ауқатын одан әрі жақсартуды қамтамасыз ету болып табылады.

Тігін өнеркәсібі халықты сәнді де ұнамды киіммен қамтамасыз етуге мүдделі. Киім адамға ең қажетті зат болып табылады, сондықтан да оған қойылатын талап күнделікті өсіп отырады. Қиімге қойылатын талаптар гигиеналық, техникалық, эстетикалық және экономикалық түрғыдан бөлініп қаралады.

Гигиеналық талаптардың өзі - адам денсаулығын сақтауға бағытталған ауа мен ылғал өткізгіштігі, жылу сақтау қасиеті, кір жұқтырмаушылық, киіске ыңғайлылығы, су сіңірмеушілігі және басқалары, киімнің негізгі гигиеналық көрсеткіштері болып табылады. Гигиеналық талаптар бұйымның мақсатына байланысты. Көйлек пен жазғы киімдердің ауаны жақсы өткізіп, ылғал еткізбейтін қасиеттері болады, киюге ынғайлы, жууға жеңіл болуы тиіс.

Киім жасау үшін талшықтар қолданылады.

Барлық талшықтар таза (табиғи) және химиялық болып үлкен екі топқа бөлінеді. Табиғатта кездесетін талшықтарды тaбиғи деп, ал завод жағдайында алынатындарды-химиялық дейді. Өсімдік тектес (циллюлозалық - мақта, зығыр, кендір, т. б. ) мал тектес (белоктың- жүн, таза жібек) және минерал тектестер (асбест) табиғи талшықтарға жатады. Химиялық талшықтар жасанды және синтетикалық болып бөлінеді. Жасанды талшықтар да өсімдік, мал және минерал тектес болып келеді, сондықтан олар таза табиғи талшықтар сияқты целлюлозалық (вискозды, ацетатты, триацетатты, мысаммиакты және баскалар), белокты (казеинді), минералды (шынылық және металдык) болып бөлінеді. Жай заттардың молекулаларын синтездеу (қосу) арқылы алынған талшықтарды синтетикалық деп атайды. Оған жататындар - капрон, лавсан, нитрон, хлорин, винол, полиэтилен, полипропилен және басқалар.

Синтетикалық талшықтардың негізінде де күрделі органикалық косындылар - полимерлер бар. Олар қарапайым молекулаларды синтездеу аркылы алынады.

Жасанды талшықтар алу мүмкіндігін бірінші болып XVII ғасырда ағылшын Р. Гук айтқан еді, бірақ өнеркәсіпте жасанды жібек XIX ғасырда ғана алынды.

Целлюлозалық талшықтардан ең бірінші нитратты жібек (1890 ж. ), кейін - мыс-аммиакты және вискозды жібектер алынды. Ацетатты жібек бірінші дүниежүзілік соғыстьщ соңына қарай алынды. Россиядағы вискозды жібек шығару жөніндегі бірінші завод Мытищиде салынды. Ол 1913 жылы 136 т вискоза талшығын өндірді. Қазіргі кезде химиялық талшықтар өндіру химиялық өнеркәсіптін ірі саласына айналды. Барлык тоқыма тал-шықтарының 30%-на жуығы жасанды жолмен химиялық заводтарда алынады. Химиялық талшықтар жүнге карағанда үш есе, таза жібекке қарағанда 100 есе көп пайдаланылады.

Химиялық талшықтар жасанды және синтетикалык болып бөлінеді. Ағаш целлюлозасы, мақтаның қалдығы, шыны, металдар және баскалар жасанды талшықтар өндірудегі шикізат болып табылады. Синтетикалық талшықтар шикізатын өндірудің бастапқы азығы болып газ және тас көмір мен мұнай өндеуден шыққан өнімі алынады.

Зерттеу тақырыбының мақсаты: синтетикалық талшықтардың құрамын, жасалу жолын және артықшылықтары мен кемшіліктерің қарастыру.

Зерттеу нысаны -синтетикалық талшықтар өндірісі.

Зерттеу пәні- қазіргі заманғы өндірістегі синтетикалық талшықтар.

Зерттеу тақырыбының міндеттері- синтетикалық талшықтар жайлы

-жан-жақты толық қарастыру;

-оның химиялық құрамын, құрлысын, алыну жолын қарастыру;

Құрылымы: кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан қолданылған әдебиеттер тізімінең тұрады.

1 Талшықтар жайлы жалпы түсінік

1. 1 Талшықтар. Синтетикалық талшықтар

Талшық деп ұзындығы көлденеңінен көп есе артық иілгіш, жінішке әрі мықты затты айтады. Toқымa талшық деп иірме жіптерді, маталарды, беймата материалдарды жасауда пайдаланылатын талшықтарды айтады.

Ұзына бойына ажырамайтын дара талшықтар қарапайым (элементарлы) деп аталынады (мақта, жүн) Ұзына бойына бірінен бірі байланысқан қарапайым талшықтар техникалық немесе құрамa деп аталынады (зығыр, кендір т. б. ) . Ұзындығы ондаған, жүздеген метр болатын талшықты жіп дейді (таза жібек жібі, жасанды және синтетикалық жіптер) . Жіптер қарапайым және құрама болыпта бөлінеді. Қарапайым жіп яки моножіп - ұзына бойына бүлінбей бөлінбейтін жалғыз, дара жіп, құрама жіп ұзына бойына өзара байланысқан қарапайым жіптерден тұрады[20] .

Талшықтардың топтастырылуы

Талшықтарды топтастыру, олардың тегіне қалай алынуына және химиялық ққрамына байланысты жасалынады.

Барлық талшықтар таза (табиғи) және химиялық болып үлкен екі топқа бөлінеді. Табиғатта кездесетін талшықтарды тaбиғи деп, ал завод жағдайында алынатындарды- химиялық дейді. Өсімдік тектес (циллюлозалық - мақта, зығыр, кендір, т. б. ) мал тектес (белоктың- жүн, таза жібек) және минерал тектестер (асбест) табиғи талшықтарға жатады. Химиялық талшықтар жасанды және синтетикалық болып бөлінеді. Жасанды талшықтар да өсімдік, мал және минерал тектес болып келеді, сондықтан олар таза табиғи талшықтар сияқты целлюлозалық (вискозды, ацетатты, триацетатты, мысаммиакты және баскалар), белокты (казеинді), минералды (шынылық және металдык) болып бөлінеді. Жәй заттардың молекулаларын синтездеу (қосу) арқылы алынған талшықтарды синтетикалық деп атайды. Оған жататындар - капрон, лавсан, нитрон, хлорин, винол, полиэтилен, полипропилен және баскалар.

Талшықтардың химиялық құрамы

Минералдық талшықтардың негізі бейорганикалык заттар.

Өсімдік талшықтарының негізі күрделі органикалық қосынды - целлюлоза, яғни кеміртегі, оттегі, және сутегінен құрылған клетчаткалар. Мал талшықтарының негізі одан да күрделі органикалық қосындылар - аминоқышқылдан тұратын белоктар. Белоктың құрамына кеміртегі, оттегі, сутегі, азот сияқты элементтер міндетті түрде кіреді. Жүнді құрайтын белоктық қосынды керотиннің құрамында сонымен қатар күкірт те бар. Таза жібектің, яғни жібек құрты жібінің құрамында фибрион және сер ицин деген екі белок бар. Синтетикалық талшықтардың негізінде де күрделі орга-никалық косындылар - полимерлер бар. Олар қарапайым молекулаларды синтездеу аркылы алынады[12, 26-б] .

Талшықтардың негізгі қасиеті

Талшықтардың негізгі қасиетіне олардың сызықтық тығыздығы, үзындығы, мықтылығы, созылғыштығы, иілгіштігі, жабысқақтығы, гигиеналық қасиеттері, сыртқы ортаның әсеріне түрақтылығы жатады. Талшық дегеніміз көлденен қиындысы 2 ден 100 мкм дейін болатын ете жіңішке дене. Тоқыма өнеркәсібінде диаметрі 60 мкм-ге дейінгі талшықтар пайдаланылады. Талшықтың жуандығы (жіңішкелігін) тікелей өлшеу киын болғандықтан, жуандығының өлшем бірлігіне сызықтық тығыздығы алынады.

1. 2 Синтетикалық талшықтар

Синтетикалық талшықтар, өздері жасалған полимерлердін түріне қарай топтасады

Полиамидты талшық. Ресейдегі кең қолданылатын полиамидты талшық - капрон, Германияда оны дедерон деп атайды, Чехияда - силон, Польшада -стилон, АҚШ-та - нейлон, Италияда - лилион. АҚШ-тағы нейлон талшығы Ресейде анид деп аталады.

Капрон алудағы бастапқы шикізат - бензол мен фенол (тас көмірден алынатын өнім) - химиялық заводтарда капролактамға өңделеді.

Синтетикалық талшықтар заводында капролактанан капрон шайырын алады, ол балқыған қалпында фильерден жіңішке ағын болып шығады да желдеткеі ауада қатады. Жаңа қалыптасқан талшық созылады, бүралады, құрылымын бекіту үшін ыстық сумен, бумен өнделеді.

Жылу өткізбейтін қасиеті жоғары іші қуыс капрон талшықтарын, кескінделген және қатты отыратын (30-35%) талшықтарды алу әдістері жасалған[15] .

Анид (нейлон) және энанталу процестерінің капрон алу процесінен өзгешелігі аз.

Полиамид талшықтарының формасы цилиндр кейіптес, көзге көрінбес саңылаулары мен жарықтары бар. Көлденең қимасы дөңгелек немесе ұшқырлы (кескінделген) болып келуі мүмкін. Полиамидты талшықтары жеңіл, серпімді созғанда мықты, тозбайды және бүктегенге көнгіш, химия әсеріне, суыққа, микроорганизмдер мен енезге төзімді.

Созған кезде капронның мықтылығы болаттан 2, 5 есе артық. Капрон талшықтар концентрацияланған қыш-қылдар мен фенолда ериді. Жанғанда жалыны көкшіл, ұшында қоңыр түйіршік пайда болады. Талшықтың кемшілігі - гигроскопиялық қасиеті төмен, ыстыққа шыдамсыз. Анид пен энанттың қасиеттері капронға ұқсас[5] .

Талшықтардың қасиетінің негізгі керсеткіштері 1-кестеде келтірілген.

Капрон - құрама жіптер, штапельдік, жеке талшықтар түрінде шығарылады. Ол маталар, шұлық-ұйық, тоқыма бүйымдар, тігін жіптерін, шілтер, арқан, балық ауларын, т. б. жасағанда кең қолданылады. Анид пен энант негізінен техникалық мақсатқа жүмсалады, бірақ халық түтынатын товарларды өндіруге де пайдаланы-лады. Жеңіл көйлектік және блузалық маталарды шығару ушін шелон деп аталатын жетілдірілген полиамид-ты талшық қолданылады.

1 - кесте

Талшықтардың қасиетінің негізгі керсеткіштері.

Полиэфирлі талшықтар. Лавсан мұнай өнімдерінен алынады. Сондай талшық Германияда - ланон, АҚШ-та - дакрон, Польшада - элана, Англия мен Канадада -терилен деп аталады[8] .

Құрылымы және физико-химиялық қасиеттері жағынан лавсан капронға ұқсас: салыстырмалы үзу салмағы 40-55 сН/текс, үзілер кездегі созылуы 20-25%. Талшықтар дымқыл кезінде өз қасиетін жоғалтпайды, олар жеңіл, серпімді, суыққа төзімді, күйе түспейді, шірімейді. Қапроннан ерекшелігі лавсан концентрациялы қыш-қыл мен сілтінің әсерінен бұзылады. Лавсанның гигроскопиялық қасиеті өте төмен - 0, 4%. Сондықтан матаға колданғанда лавсанның штапель талшықтарын таза (натураль) және вискозаныц штапель талшықтарымен араластырады[14] .

Лавсан таза күйінде тігін жіптерін, шілтер полотноларын, техникалық мақсаттағы маталарды, жасанды мех пен кілемдердін түгін дайындауға пайдаланылады Әсіресе жүнге араластыру үшін қолданылады. Жылуға төзімділігі жағынан лавсан капроннан асып түседі: жұмсару температурасы 235°С, бірақ термофиксация (арнайы өңдеу) өтпеген лавсан матаны ылғал жылумен өндегенде және қатты ылғалданғанда 140°С температурада жылудан отырып түсін өзгертеді. Соның салдарымен мата бетінде кетпейтін дақ пайда болады.

Жалынға ұстағанда лавсан еріп, сары жалынмен түтіндеп жанады.

Полиакрилонитрильді талшықтар. Нитрон тас көмір, мұнай, газды еңдегенде шығатын өнімнен алынады, Сондай талшықтарды Германияда -ветрелон, Польшада - анилан, Швеция мен Швейцарияда - акрил, Жапонияда - беслон, экслан, кашмилон, боннель деп атайды.

Капрон мен лавсанға карағанда нитрон талшықтары қолға жұмсақ және жібектей болып тұрады. Нитроннын үзілу беріктігі капрон мен лавсанға қарағанда екі есе кем, үзілердегі үзаруы 16-22%. Гигроскопиялық қасиеті өте төмен - 1, 5%. Нитронньщ бірнеше бағалы қасиеттері бар: киімді химиялық тазартудан өткізгенде сілтілер, органикалық минералды қышқылдар, бактериялар еңез, күйенің әсеріне төзімді.

Нитроннын, жылу сақтау қасиеті жүннен артык.

Нитронның жұмсару температурасы 200-250°С. Ниронды жалынға ұстасақ балқиды және түтіндегеи сгр жалын болып лапылдап жанады.

Таза күйінде нитрон сырт киімдік трикотажга. a жүнмен, мақтамен, вискоза талшықтармен араластырып көйлек және костюмдік маталар шығаруда пайдаланылады[18] .

Поливинилхлоридті талшықтар. Xлорин этилен не ацетиленнен алынады. Поливинилхлоридті талшыктар Францияда ровиль, термовиль деп, Германияда - ПЦ, Жапонияда - толон деп аталады.

Хлорин серпімді, судың, қышкылдар, сілтілер, тотықтырғыштардың әсеріне шыдамды, шірімейді, өнезге бүлінбейді. Хлориннің жылу сақтау қасиеті жүннен кем емес. Ұзаруы 18-24%, гигроскопиялық қасиеті өте төмен - 0, 1% жарықтың, ауа райының әсеріне онша төзімді емес.

Хлориннің негізгі кемшілігі - жылуға осалдығы. 60°С-де хлорин жылудан отырады, ал 90°С-де бүлінеді. Киімді қүрғақтай химиялық тазалаудан өткізгенде три-хлорэтилен және перхлорэтиленде ериді.

Хлорин жанбайды, жанғанға қосылмайды, Жалынға үстасақ талшықтары жидіп, дустың иісі келеді.

Үйкелуден туған электр зарядын бойына жинайтың қабілетіне байланысты оны емдік іш киім дайындауға пайдаланады. Поливинил-хлоридті талшықтар бедерлі жібек маталарды, техникалық маталарды, кілем түкте-рі, жасанды мех шығаруға пайдаланылады[4] .

Поливинилспиртті талшықтар. Поливинилспиртті талшықтарға жататындар: винол, летилан (Ресеи), винол, винилон, винилан, вулон, т. б. (Жапония), мевлон (АҚШ) . Винол поливинилді спирттен алынады. Бұл барлық синтетикалық талшықтардын, ішіндегі ең арзаны.

Гигроскопиялық қасиеті жағынан (5-8%) винол мақтаға жақын. Салыстырмалы ұзу салмағы 30-40 сН/ текс, ұзаруы 30-35%, дымданғанда мықтылығыньщ кемуі - 15-25%. Жұмсару температурасы 220-230°С, 200°С-де жылудан отырады. Жарыққа төзімділігі жақсы, үйкеліске шыдамдылығы матаға қарағанда 2 есе артық. Жалынға ұстағанда жылудан отырады, балқиды және одан соң жайлап сары жалын болып жанады. Өнеркәсіп суда еритін винол деген талшықтарды да шығарады.

Винол таза күйінде немесе мақта, жүн, вискоздық штапель талшықтармен қоса тұрмыстык, мақсатқа қажот маталар шығаруда пайдаланылады.

Летилан - суда ерімейтін сары түсті поливинил-спиртті талшық. Антимикробтық қасиеті бар. Медицинада және жеке гигиеналық заттарды жасағанда қолданылады.

2-кесте

Полиолефинді талшықтардьщ негізгі көрсеткіштері

Полиолефиндік талшықтар. Полиолефинді талшықтарға полиэтиленнен және полипропиленчен алынған талшықтар жатады.

Полиолефиндерді синтездеуде бастапқы шикізат болып мұнайды өңдеген-дегі өнім - пропилен мен этилен алынады[14] .

Талшықтардын, жылу мен жарыққа төзімділігін арт-тыру үшін полимерге ингибитор деп аталатын арнайы заттар енгізеді. Полипропиленнен комплексті жіптер, кв-лемді бұралаң жіптер, штапельді талшықтар, даратал-шық, полиэтиленнен - тоқыма жіптер мен дараталшық алынады. Полиолефинді талшықтардьщ негізгі көрсеткіштері 2-кестеде берілген.

Физико-механикалық қасиеттері жоғарғы болғандықтан полиолефинді талшықтардың химия және микроорганизмдер әсеріне төзімділігі жоғары. Гигроскопиялық қасиеті жоқ (0%), барлық белгілі талшықтармен салыс-тырғанда беттік тығыздығы төмен. Сондықтан да, полио-лефинді талшықтар батпайтын әрі шірімейтін арқандар жасауға пайдаланылады. Полиолефинді талшықтардан плащтық және сәнді маталар, кілем түктері, механикалық мақсаттағы материалдар жасалынады.

Полиуретанды талшықтар. Сызықтық тығыздығы 2 ден 125 текске дейін спандекс деп аталатын полиуретанды құрама жіптер шығарылады. Спандекс талшығы басқа синтетикалық талшықтармен ұқсас, бірақ өзінің физико-механикалық қасиеттері жағынан эластомерлерге жатады, яғни иілгіштік қалпына келу көрсеткіштері жоғары. Спандекс жібінін. салыстырмалы үзу салмағы 6-8 сН/текс (резеңкеге қарағанды екі есе көп), үзілердегі ұзаруы 600-800%, жүктен босатқаннан кейінгі иілгіштіктен калпына келуі 90%, ал 1 минуттан кейін 95%-ке тең. Спандекс жібінің гигроскопиялык қасиеті темен (1 - 1, 5%), үйкелгенге, жылуға төзімді, жақсы боялады. Мата, трикотаж дайындауға, спорт, емдеу бұйымдарын жасағанда пайдаланылады.

Басқа талшықтар араласқан жасанды жіптерден тоқылған маталар.

Басқа талшықтар араласқан жасанды жіптерден тоқылған маталардың негізіне вискоздық немесе ацетаттық жіптер, ал арқауына мақта немесе штапель жіптер пайдаланылады. Кейбір жағдайларда жасанды жіптерге синтетикалық талшықтарды да араластырады.

П о п л и н - дәстүрлі жатықбоялған, арқауына мақта немесе штапель жіптер, негізіне вискоза жіптері пайдаланып тоқылады, баспа суретпен немесе ағартылған. Арқауына жуан жіп пайдаланғандықтан және де жалған репсті (полотнолық) айқаспамен токылғандықтан матаның бетінде өзіне тән бедерлі жолақтары болады.

«Рамунеле» матасы - баспалық суреті бар, қаттылау, тығыздығы төмен, беті жылт-жылт етеді. Негізі арқауына бірдей аумақгы жіп пайдаланылады: 22 текс ацетаттық, 1, 67 тексХ2 капронмен қоса ширатылған жіптер.

«С и г і т е» матасы - тығыз, серпімді, суреті бар, айқаспасы саржалық негізінде 16, 67 текс триацетаттық жіптер, ал аркауында 22 текс триацетаттық жіптер мен 1, 67 тексХ2 капрон жіптердің ширатпасы.

«С у з д а л ь» матасы - суреті бар, майда өрнек-Іі айқаспамен тоқылған. Негізі мен арқауындағы шиыршық жіптердің құрамында 16, 67 тексХ2 триацетаттық жіптер мен 5 текс капрон жіптер.

Арт. 42670 көйлектік мата - бір түсті, жатық-боялған ацетаттық жіптерге қүрама капрон жіптерін жаластырғандықтан беті жылт-жылт етіп тұрады. Айқаспасының сипаты жағынан «Гедра» матасына ұқсайдь, Арт. 42634 матa - тығыз, капрон араласқан трң. ацетат жіптерінен тоқылған бояуы жұмсақ, майдаер. некті айқаспамен қисық төртбұрыш (ромба) түрінде сурет салынған[14, 68-б] .

1. 3 Синтетикалық жіптерден тоқылған маталар

Жібек маталар ассортиментінде синтетикальіқ маталардың өзіндік салмағы жыл асқан сайын артуда. Синтетикалық маталардың басым көпшілігі сызыктық тығыздығы 3, 8-6, 5 текс жіптерден токылады; ен жұқа әрі жеңіл маталар 1, 7-2, 2 текс дара талшықтардан тоқылады. Текстурленген немесе бұл жіптердің тегіс, жатық жіптермен кұрамасын пайдаланып тоқылатын ма-таларды шығару да кең өріс алуда. Матаға жылтырақ түр беру үшін жіптерге кескінделген капрон жіптерін араластырады.

Синтетикалық маталар пішіп-тіккенге киындау. Капрон жіптерінің сызылғыштығының және серпілгіштігінің салдарынан тіккен кезде тігісте іркіліс пайда болады, майдаланып жиналып қалады. Тігіс жүргізу қарқыны өте жоғары болған жағдайда кызған инеден жіп тал-шықтарының балкуы да мүмкін. Сондықтан не тігу жылдамдығын азайту керек, немесе инені салқындатып түратын арнаулы қүрал пайдалануға тура келеді. Кейде арнаулы инелер де колданылады. Мата тарқатылғыш болғандықтаи оны екі қайырып тігеді, немесе торлайды, не жиегін күйдіреді. Матаның бетінің жылтырлығы жә-не қию кезінде күрделігі пішу жүмысын қиындатады. Жылтыр синтетикалық маталар пішкен кезде төсемнп үстінен сусып, жылжып кетеді. Пішетін электр машинл-ларының пышағының жүзі тез қайтады, кесу қарқыны жоғары болса мата балқиды да, тесемдегі кабат-қабат маталар кесілген жиегі бойынша бірімен-бірі жабысып қалады.

Негізі мен арқауы 100% капроннан көйлектік, блуз-калық, жейделік, плащтык, асгарлық маталар шығары-лады. Бұлар, көбіне, полотнолық немесе саржалық айқаспамен тоқылған жатық бояулы, ағартылған маталар, не баспалық суреті, бар маталар. Плащтық маталардын, не еңінде, не ішкі бетінде су өткізбейтін үлпек қабаты болады. 1 м 2 капрон маталардың массасы 15- 95 г, ені 80, 90, 95, 100 және 105 см, кейде 120 см. Ең жүқа әр жеңіл маталары мөлдір[20] .

Текстурленген полиэфир жіптерінен немесе олардың капрон жіптерімен косындысынан әртүрлі айқаспамек қалын, жумсақ немесе тығыз маталар токылады. Олар көйлекке, костюмге, жаздық пальтоларға пайдаланылады.

Көйлектік-костюмдік маталар - крептік айқаспамен токылған ауыр, ірі мата. Негізіне қатты ширатылған полиэфирлік кұрама жіптер, аркауына қат-ты созылғыш текстурленген полиэфир жіптерін пайда-ланған.

Арт. 53034 «3 е ф и р» матасы - жылт-жылт ететін, алатоқылған өрнегі ірі, негізінде жіңішке кескіндел-ген капрон жіптері, арқауында шелон жіптер мен текс-тірленген полиэфирлік жіптердін қосындысы.

Көйлектік маталар - марокена типтес полотнолық айқаспамен тоқылған. Негізіне бос ширатылған полиэфирлік қүрама жіптер, арқауына қатты созылғыш полиэфирлік текстурленген жіптерді пайдаланады.

Аумақты маталарды өңдеу күрделі - олар пиллинг береді, тіккенде іркіліп, жиналып қалады, өтектеу кезінде қиыншылық тудырады.

Астарлық маталар капронның тегіс, бос ширатылған және муслиндік жіптерінен полотнолық, саржалық және майда ернекті айқаспамен тоқылады. Матаның ені 100 және 151 см (арт. 52203), 1 м 2 нің массасы 30-57 г.

Курткаларға, плащтар мен пальтоларға кей жағдайда апшымайтын негізгі материалдарды астар ретінде пайдаланады.

Капрондық астарлық маталардьщ мықтылығы жоғары, тез тозбайды, апшымайды, бірақ жылу сақтағыштық қасиеті мен гигиеналық көрсеткіштері төмен.

100% шелоннан баспалық суреті бар, көптеген жеңіл маталар тоқылады, олар: арт. 52273 «Люпин», арт. 52214 «Мраморная», арт. 52256 «Отрадная» сияқты әртүрлі майда өрнекті айқаспамен; арт. 52262 «Нежность» және арт. 52245 «Опал» маталары атластық айқаспамен; арт. 52221 «Гранат» матасы крептік айқаспамен тоқылады.

Басқа талшықтар араласқан синтетикалық жіптерден тоқылған маталар

Бұл топқа кіретіндер: жасанды жіптер қосылған жұқа, тегіс капрон маталар; вискоза және капрон жіп-терден тоқылған құрылымы бедерлі аумақты маталар; иілгіш немесе аумақты капрон жіптерінен тоқылған маталар; майдаөрнекті, іріернекті айқаспалармен әртүрлі[20, 84-б] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Синтетикалық талшықтар өндірісі
Табиғи және синтетикалық талшықтар
Тоқыма талшықтары
Тоқыма материалдарды өңдеу
Полиамидті талшықтарды алу технологиясы
Поливинилхлоридті талшығының құрамы мен құрылысы
Жасанды талшықтар
Металдар мен қорытпаларды беттік беріктендіру. Химия-термиялық өңдеу
Химиялық талшықтардың классификациясы
Тарақты иірімжіптің сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz