Сот жүйесін реформалау және сот органдары қызметі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 Сот жүйесін реформалау және сот органдары қызметі

2 Құқық қорғау жүйесін реформалау біздің азаматтарымыздың құқығын

әділ және шынайы қорғауды қамтамасыз ету

3 Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің
тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы

3.1 Құқықтық және сот реформасы саласындағы тұрақты даму

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Қолданылып жүрген заңдарда құқық қорғау органдары деген ұғым жоқ.
Практикада қалыптасқан және нормативтік құжаттар мен нормативтік емес
сипаттағы әртүрлі құжаттарда қолданылатын бұл ұғым әдетте қылмыстарға және
өзге де құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жүргізетін мемлекеттік органдар
үшін жалпылама болып табылады.
Құқық қорғау қызметін құқық қатынастары субъектілерінің санасы мен мінез-
құлқына заң жүзінде ықпал ету шараларының көмегімен құқықтық нормаларды
сақтау және дұрыс қолдану жағдайларын қамтамасыз ету жөнінде заңға және
белгіленген рәсімге сәйкес жүзеге асырылатын қоғамдық-пайдалы қызмет деп
сипаттауға болады.
Құқық қорғау қызметіне тән белгілер:
құқық қорғау міндетінің болуы;
құқық қатынастарының субъектілеріне ықпал етудің арнаулы заңдық шараларын
қолдану;
заңмен қатаң түрде регламенттеу;
белгіленген рәсім-іс жүргізу тәртібі болып табылады.
Белгілерін негізге ала отырып, құқық қорғау қызметін басқа қызмет
түрлерінен ажыратуға болады. Мысалы, республикалық Барлау қызметінің
негізгі міндеті - еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сыртқы
барлауды ұйымдастыру мен жүргізу, сондықтан оның құқық қорғау қызметінің
бірқатар белгілері (заң негізінде қызметті қатаң регламенттеу, билік
сипатындағы өкілеттік беру) болғанымен де, ол құқық қорғау органы емес.
Құқық қорғау қызметінің мақсаты - құқықпен міндетті қорғау олардың
қолданылу пәрменділігін қамтамасыз ету, нормаларды сақтау және олардың
сақталмағаны үшін жауапкершілік шараларын қолдану. Міндеттер айқындалған
соң оның негізгі бағыттары (нысандары):
конституциялық бақылау;
сот төрелігі;
прокурорлық қадағалау; 
әділет органдарының қызметі;
қылмыстық қудалау; 
адвокатура органдарының қызметі болып бөлінеді.
Конституциялық бақылау елдің бүкіл аумағында Қазақстан Республикасы
Конституциясының барлық заңдардан, заңдарға тәуелді және өзге де
нормативтік құқықтық актілерден үстемдігін қамтамасыз ету болып табылады.
Оны Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі жүзеге асырады.
Сот төрелігі құқық қорғау қызметі жүйесіндегі іргелі негіз болып табылады.
Ол құқық туралы даулардың көпшілігін шешуді, көптеген заңдық мәселелерді
анықтауды қамтамасыз етеді, көбінесе заң жүзіндегі жауапкершілік шараларын
қолдауға байланысты мәселелерде соңғы саты болады. Мысалы, алдын ала тергеу
органдарының қылмыс жасаған адамды қылмыстық жауапқа тартуы тек сот
органдарында ғана қисынды аяқталады. Лауазымды адамдар мен заңды
тұлғалардың әрекеттеріне сотқа шағым беріліп, дау айтылуы мүмкін.
Прокурорлық қадағалау да құқық қорғау қызметінің маңызды нысаны, өйткені ол
Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті
жарлықтарының және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің дәл әрі бірыңғай
қолданылуына, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен алдын ала тергеудің,
әкімшілік және атқарушы іс жүргізудің заңдылығына жоғары дәрежеде
қадағалауды жүзеге асыру болып табылады.
Әділет органдарының қызметін, сөз жоқ, құқық қорғау қызметіне жатқызу
керек, өйткені бұл органдар құқықтық нормалардың қалыпты.

1 Сот жүйесін реформалау және сот органдары қызметі
Қазақстан Республикасының сот жүйесін Қазақстан Республикасының Жоғарғы
Соты және Қазақстан Республикасының Конститутциясына және осы
Конститутциялық заңға сәйкес құрылатын жергілікті соттар құрайды. 
Жергілікті соттарға мыналар жатады: 
1) облыстық және оларға теңестірілген соттар (Республика астанасының
қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары,
мамандандырылған сот-Қазақстан Республикасы Әскерлерінің Әскери соты және
басқалар ); 
2) аудандық және оларға теңестірілген соттар (қалалық , ауданаралық ,
мамандандырылған сот-гарнизонның әскери соты және басқалар ): 
3.Қазақстан Республикасында мамандандырылған (әскери, экономикалық,
әкімшілік, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі және басқа) соттар
құрылуы мүмкін. 
4. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергілікті соттардың
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы мен өзінің атауы
бейнеленген мөрі болады. 

Сот жүйесінің бірлігі
Қазақстан Республикасының сот жүйесінің бірлігі: 
1) Конститутцияда , осы Конститутциялық заңда, іс жүргізу және өзге де
заңдарда белгіленген, барлық соттар мен судьялар үшін ортақ және бірыңғай
сот төрелігі мен принциптерімен; 
2) сот билігін барлық соттар үшін сот ісін жүргізудің заңдарға белгіленген
бірыңғай нысандары арқылы жүзеге асырумен; 
3) Қазақстан Республикасының барлық соттарының қолданыстағы құқықты
қолданумен; 
4) заңдарда судьялардың бірыңғай мәртебесін баянды етумен; 
5) заңды күшіне енген сот актілерін Қазақстан Республикасының бүкіл
аумағында орындаудың міндеттілігімен; 
6) барлық соттарды тек қана Республикалық бюджет есебінен қаржыландырумен
қамтамасыз етіледі. 
Қазақстан Республикасындағы соттар қызметінің тәртібін және судьялардың
мәртебесін белгілейтін заңдар 
Қазақстан Республикасындағы сот құрылысы мен судьялар мәртебесі , сондай-ақ
сот төрелігін іске асыру тәртібі Қазақстан Республикасының
Конститутциясымен , осы Конститутциялық заңмен жне басқа да заң актілерімен
белгіленеді. 
2010 жылдың 17 тамызында Ақордада Қазақстан Республикасының
Президенті Н.А. Назарбаев Қазақстанның құқық қорғау жүйесін реформалау
мәселелері бойынша кеңес өткізді. Кеңеске Қарағанды облыстық сотының
төрағасы Е.Қ. Серікбаев қатысып қайтты.Елбасы өзінің Халыққа Жолдауында,
құқық қорғау саласының қызметін реформалау бағытында, ауқымды тапсырмалар
мен міндеттер жүктеген болатын. Яғни, құқық қорғау жүйесін жаңарту міндетін
алға тартқан. Құқық тәртібі мен қоғамдық қауіпсіздік қамтамасыз етіп,
қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрған мемлекеттік органдар жүйесі
үшін біздің елімізде барлық жағдайлар жасалғандығын тілге тиек етті.
         Осы аталған мақсатты жүзеге толығымен асыру үшін Елбасының
тапсырмасымен Құқық қорғау жүйесін  реформалау жөніндегі  мемлекеттік
комиссия құрылды. Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының құзыретін
айқын шектеу және олардлы сай емес қызметтерден босату, қылмыстық істерді
тергеу жүйесін оңтайландыру және құқық қорғау органдарының тиімділігін
арттыру жөніндегі мәселелерді ортаға салды.
         Күш құрлымдарының қызметіне функционалдық талдау жасалды,
проблемалар мен кемшіліктер анықталды. Ауқымды әлемдік тәжірбие зерттелді.
Қордаланған мәселелерге байланысты Елбасының шешімімен арнайы Комиссия
құрамы жасақталды және осыған байланысты мәтін  Қазақстан Республикасында 
құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі
шаралары туралы 2010 жылғы 17 тамыздағы №1039 Қазақстан Республикасы
Президентінің Жарлығында көрніс тапты.
          Сонымен қатар, игі бастамада Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Сотының Төрағасы Мұсабек Әлімбеков сөз алып,  жүргізілген кешенді шараларды
сот корпусы толығымен қолдайтындығын және жедел арада ауқымды істерді
жүзеге асырылатындығын баяндады.
Қазақстан Республикасында  құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің
тиімділігін арттыру жөніндегі шаралары туралы 2010 жылғы 17 тамыздағы
№1039 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
 Қазақстан Республикасы Конституциясының 40-бабының 1-тармағына, 44-бабының
3) және 5) тармақшаларына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа соттардың қызметін
ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі
уәкілетті орган ретінде облыстарда, астанада және республикалық маңызы бар
қалаларда аумақтық бөлімшелері (соттардың кеңселері) бар Жоғарғы Сот
жанынан Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі
жөніндегі комитет:
атқарушылық құжаттарды орындау, жекелеген негіздер бойынша республикалық
меншікке айналған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан
әрі пайдалану жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан
Республикасының Әділет министрлігіне;
облыстық, аудандық және оларға теңестірілген соттардың қызметін
ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз ету, сот
приставтарының қызметіне ұйымдастырушылық және әдістемелік басшылық ету
жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері Жоғарғы Сот жанынан жаңадан
құрылған Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментіне (Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратына) беріле отырып, таратылсын.        
3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі:
- мынадай:
қоғамдық тәртіпті бұзушыларды медициналық айықтырғыштарға жеткізу жөніндегі
функцияларын қоспағанда, медициналық айықтырғыштардың қызметіне байланысты
функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлігінің қарамағына;
кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту
орталықтарының қызметіне байланысты функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағына;
- Ішкі істер министрлігінде мемлекеттік техникалық тексеруден уақтылы өтуді
бақылау функциясын сақтай отырып, көлік құралдарына мемлекеттік техникалық
тексерудің жүргізілуін бақылау жөніндегі өкілеттіктері Қазақстан
Республикасының Көлік және коммуникация министрлігіне, көрсетілген
техникалық тексеру жүргізу жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері бәсекелі
ортаға беріле отырып;
- аса маңызды стратегиялық объектілерді күзету жөніндегі функцияларды
қоспағанда, күзет қызметі жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері бәсекелі
ортаға беріле отырып, қайта ұйымдастырылсын.
4. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы көлік прокуратурасы жүйесін
өңірлік үш көлік прокуратурасын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
жанындағы біреуіне біріктіру жолымен оңтайландырсын.
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) мыналарды:
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тергеу комитеті мен
Криминалдық полиция комитетін Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігінің Тергеу комитетіне біріктіру арқылы қайта ұйымдастыруды;
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесіне қарсы
күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті қызметінің тиімділігін
арттыру жөніндегі шараларды, оның ішінде ішкі істер органдарының есірткі
бизнесіне қарсы күресті жүзеге асыратын аумақтық бөлімшелерін оның тікелей
бағыныстылығына бере отырып  қабылдауды;
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы
комитетін құруды;
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнаулы қабылдау
орындарында әкімшілік қамауға алу түрінде әкiмшiлiк жазаны орындау және осы
мекемелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі функциялары мен
өкілеттіктерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қарамағына
кезең-кезеңімен беру жөніндегі шаралар жүйесін әзірлеуді қамтамасыз етсін;
2) Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының штат санын қысқарту
жөнінде ұсыныстар енгізсін;
3) тиісті мемлекеттік органдардың орталық және облыстық буынының басқарушы
аппаратын қысқарту және өзге де шаралар есебінен құқық қорғау және арнайы
органдардың қалалық және аудандық бөлімшелерін кадрмен және материалдық-
техникалық нығайтуды қамтамасыз етсін;
4) көліктегі ішкі істер органдары жүйесін көліктегі өңірлік үш
департаментті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жанындағы
бір бөлімшеге біріктіру жолымен оңтайландырсын;
5) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволық оқу
орындарының жүйесін оңтайландырсын;
6) сот сарапшыларын кәсіби даярлау жүйесін жетілдіру мен сараптамалық
зерттеулердің материалдық-техникалық және ғылыми-әдістемелік базасын
жақсарту арқылы сот ісін жүргізуді сот-сараптамалық қамтамасыз ету сапасын
арттыру жөніндегі шараларды қабылдасын;
7) 2010 жылдың соңына дейін осы Жарлықтың талаптарынан туындайтын, сондай-
ақ:
қолданыстағы заңнаманы 1984 жылғы 10 желтоқсанда қабылданғанБҰҰ-ның
Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын және ар-
намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiне қарсы конвенциясының
талаптарына сәйкес келтіруге;
қылмыстық заңнаманы ырықтандыруға және қоғамға үлкен қауіп туғызбайтын
қылмыстарды, оның ішінде экономика саласындағы қылмыстарды әкімшілік құқық
бұзушылықтар санатына ауыстырып және оларды жасағаны үшін әкімшілік
жауапкершілікті, оның ішінде әкімшілік преюдицияны енгізу жолымен күшейте
отырып қылмыстық сипаттан арылтуға, сондай-ақ жазаларды жұмсарту арқылы
жекелеген қылмыстардың ауырлық дәрежесін қайта бағалауға;
шетелдік озық тәжірибенің негізінде құқық тәртібі мен қоғамдық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруге;
қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалтуды
ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі функцияларды жергілікті атқарушы
органдардың қарамағына беруге;
бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаларды, оның ішінде айыппұл,
қоғамдық жұмыстар және бас бостандығын шектеу, сондай-ақ қамауға алуға
балама ретінде жолын кесу шаралары жазаларын қолдану саласын кеңейтуге;
қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді одан әрі оңайлатуға,
оның жеделдігін, оның ішінде тергеумен ынтымақтастықтағы айыпталушыларға
қатысты ынталандыру нормаларын енгізу арқылы арттыруға;
қылмыстық сот ісін жүргізуде бітімгерлік рәсімдерді кеңейтуге, оның ішінде
медиация институтын дамытуға, сондай-ақ жеке және жеке-ашық айыптаудың
қылмыстық істерінің санатын кеңейтуге;
мемлекетке зиян келген жағдайда, тараптардың бітімге келуіне байланысты
адамдарды қылмыстық жауапкершіліктен босату тәртібін реттеуге әрі онша ауыр
емес және ауырлығы орташа экономикалық қылмыс жасаған адамдарға қамауға алу
түрінде жолын кесу шараларын қолдану үшін шектеулер белгілеуге, сондай-ақ
келтірілген зиянды өз еркімен өтеген жағдайда оларды қылмыстық
жауапкершіліктен босатуға;
жолын кесу шаралары ретінде үйде қамау немесе ешқайда кетпеу туралы қолхат
таңдалған айыпталушылардың жүріп-тұруын және бас бостандығын шектеуге
сотталғандардың, шартты түрде сотталғандардың, шартты-мерзімінен бұрын
босатылғандардың тиісінше жүріп-тұруын, оның ішінде қадағалаудың
электрондық құралдарын кеңінен пайдалана отырып бақылаудың нысандары мен
әдістерін жетілдіруге;
прокуратура органдарының құқық қорғау қызметіне қатысты үйлестіруші
функциясын күшейтуге; прокурорға қылмыстық қудалаудың заңдылығын, оның
ішінде қылмыстық істің қозғалуын қадағалау жөніндегі қосымша міндеттер
жүктеу арқылы оның сотқа дейінгі іс жүргізудегі рөлі мен жауапкершілігін
арттыруға;
құқық қорғау органдары қызметкерлерінің және судьялардың қызметтік жағдайын
пайдалана отырып қылмыс жасау фактісін қылмыстық жауапкершілік пен
жазалауды ауырлататын жағдай деп тануға;
балама тергеу нұсқаларын барынша азайтуға, қылмыстық істер бойынша бұл
әрекеттер ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеуіне жататын басқа
қылмыстармен жиынтығында жасалған жағдайларда ғана ұлттық қауіпсіздік
органдарымен балама тергеуді сақтай отырып, оның ішінде Қазақстан
Республикасы Ішкі істер министрлігінің айрықша тергеуіне есірткі
құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына
байланысты қылмыстар туралы қылмыстық істерді жатқызуға, ал қаржы полициясы
органдарының айрықша тергеуіне  экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар
мен сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істерді жатқызуға;
құқық қорғау органдарының шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметіне
негізсіз араласу фактілерін, оның ішінде шаруашылық жүргізуші субъектілерді
тексеруді жүзеге асыруға құқығы бар мемлекеттік органдардың тізбесін одан
әрі қысқарту арқылы болдырмауға;
бизнес пен меншікті заңсыз тартып алуға (рейдерлікке) қарсы іс-қимыл
жасауға;
құқық қорғау, өзге де әлеуетті және арнайы органдардың негізгі және
қамтамасыз етуші функцияларын айқындауға;
құқық қорғау, әлеуетті және арнайы органдардың негізгі міндеттер мен
функцияларды орындайтын  қызметкерлерінде әскери және арнайы атақтарды,
сыныптық шендерді, погоны бар нысанды киімді кию құқығын, осы   органдардың
көрсетілген атрибуттардан айырылатын қызметкерлеріне бұрын белгіленген
үстемеақыларды ескере отырып және қазіргіден төмен емес лауазымдық жалақы
тағайындай отырып, сақтауға;
осы Жарлықтың қолданылу аясына түсетін адамдар үшін зейнеткерлікке шығу
кезінде әлеуметтік қамсыздандыруды, барлық жеңілдіктер мен артықшылықтарды,
ал кемінде 20 жыл қызмет өткерген адамдар үшін қызметін аттестатталған
лауазымдарда өткеруін аяқтау мүмкіндігін сақтауға;
тиісті әскери және арнайы атақтар, сыныптық шендер үшін объективті түрде
салыстырмалы үстемеақылар белгілеуге, олардың құқық қорғау, өзге де
әлеуетті және арнайы органдардағы сәйкестік деңгейін айқындауға;
құқық қорғау және арнайы органдардың орталық және аумақтық бөлімшелеріндегі
аға басшы құрамның лауазымдары мен оларға сай шекті әскери және арнайы
атақтардың, сыныптық шендердің тізбесін оңтайландыруға;
құқық қорғау қызметін өткерудің бірыңғай құқықтық стандарттары мен
нормаларын, құқық қорғау органдары қызметкерлерін әлеуметтік және құқықтық
қорғаудың бірыңғай ұстанымдарын енгізуге;
құқық қорғау органдарының басшы құрамын жүйелі кадрлық ротациялау арқылы
құқық қорғау органдарының дербес құрамын қалыптастыруға;
қылмыстың алдын алу, азаматтардың конституциялық құқықтары мен
бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғау, халықтың тарапынан
сенім артуына мәселелеріне басымдықпен, өкілді органдар мен жұртшылық
тарапынан берілетін сыртқы бағалау тетіктерін айқындай отырып, құқық қорғау
органдарындағы және соттардағы сыбайлас жемқорлық деңгейін рейтингтік
бағалауды енгізе отырып, құқық қорғау органдарының есептілігі мен олардың
қызметін бағалау жүйесін жетілдіруге;
құқық қорғау органдарының азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастығының
түрлі нысандарын белгілеуге;
азаматтардың және ұйымдардың, сондай-ақ мемлекеттің құқықтары мен заңды
мүдделерін жедел және әділ қорғауды қамтамасыз ету мақсатында  сот ісін
жүргізуді жетілдіру мен оңайлатуға; сотқа дейінгі іс жүргізуде соттың
бақылау шегін кеңейтуге;
сот төрелігін іске асырудың негізгі принциптерін сақтай отырып, соттарға
сот талқылауының дайындық сатыларында сотқа дейінгі іс жүргізудің
олқылықтарын толтыру жөніндегі қосымша өкілеттіктер беруге;
азаматтық-құқықтық дауларды сотқа дейін реттеу саласын және оларды шешудің
балама тәсілдерін кеңейтуге;
судьялар мен судья лауазымына кандидаттар үшін көтеріңкі өлшемдер мен
стандарттар енгізуге бағытталған заңдардың жобаларын әзірлеп, Қазақстан
 Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізсін;
8) облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қалалардың
әкімдерімен бірлесіп:
құқық тәртібі мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, қылмыс жасауға
және құқық бұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтаудың
қазіргі заманғы әдістерін көздей отырып, құқық бұзушылықтар
профилактикасының салалық және өңірлік бағдарламаларын 2010 жылдың соңына
дейін қабылдауды қамтамасыз етсін;
құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету
саласында жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін арттыру жөніндегі
шараларды, оның ішінде тиісті деңгейдегі әкімдердің есептерін Қазақстан
Республикасы Үкіметінің және әкімдіктердің отырыстарында тұрақты қарау
арқылы қабылдасын;
9) құқық қорғау органдары мен соттар қызметінің қолжетімділігін және
ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында олардың қызметіне инновациялық
технологияларға негізделген озық әлемдік тәжірибені енгізуді қамтамасыз
етсін;
10) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп Республикада жеке детективтік
қызмет институтын енгізу туралы ұсыныстар берсін;
11) Қазақстан Республикасының таратылатын және қайта ұйымдастырылатын
мемлекеттік органдарының штат санын қайта бөлуді қамтамасыз етсін.
6. Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі
қосымша шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 22
сәуірдегі № 793 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 19,
166-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
5-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын.
7. Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі әлеуетті органдардың
жұмысын үйлестіруді жүзеге асырсын.
8. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің
Әкімшілігімен бірлесіп, осы Жарлықты іске асыру жөніндегі іс-шаралар
жоспарын бір ай мерзімде әзірлеп, бекітсін және оның орындалуы жөнінде
егжей-тегжейлі шаралар қабылдасын.
9. Қазақстан  Республикасында  әкімшілік  реформа  жүргізу  жөніндегі
ведомствоаралық комиссия  құқық қорғау  және сот жүйелерін жаңғыртумен
байланысты жұмысты жалғастырсын.
10. Осы Жарлық, қажетті заңнамалық базаны мүмкіндігінше қалыптастыру   және
оның  практикада сынақтан өткізілуіне қарай, бірақ 2012 жылғы 1 қаңтардан
кешіктірілмей қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігінің Тергеу комитетін құру туралы ережесін қоспағанда, қол
қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілді.

2 Құқық қорғау жүйесін реформалау біздің азаматтарымыздың құқығын әділ
және шынайы қорғауды қамтамасыз ету

Елбасы ел халқына Жолдауында құқық қорғау жүйесін жаңғырту міндетін
қойғандығын атап өтті. Құқық тәртібі мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз
етіп, қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрған мемлекеттік органдар
жүйесі үшін біздің елімізде барлық қажетті жағдайлар жасалған. Соңғы бес
жылда ғана құқық қорғау органдарына 160 миллиард теңгеден астам қаржы
бөлініп, олардың әлеуметтік қамтамасыз етілуі екі есе өскен. Қабылданған
мемлекеттік шаралардың арқасында құқық қорғау жүйесі үздіксіз және тұрақты
жұмыс істеп, осы заманғы, жедел өзгеріс үстіндегі жағдайға бейімделе алуда.

Бірінші. Реформаның шешуші мәселелерінің бірі құқық қорғау органдарының
құзыретін айқын шектеу және оларды сай емес қызметтерден босату, қылмыстық
істерді тергеу жүйесін оңтайландыру және құқық қорғау органдарының
тиімділігін арттыру болып табылады. Осыған орай ІІМ-нің медициналық
айықтырғыштарға қатысты қызметтер мен өкілеттіктері Денсаулық сақтау
министрлігіне, кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және
оңалту орталықтары Білім және ғылым министрлігіне, көлік құралдарын
техникалық тексеру жүргізу бәсекелестік ортаға, ал оны өткізуді бақылау
жөніндегі өкілеттіктер Көлік және коммуникация министрлігіне, ІІМ-нің күзет
қызметі саласындағы өкілеттігі, айрықша маңызды стратегиялық нысандарды
күзеттен басқалары, бәсекелестік ортаға беріледі. Ішкі істер министрлігі
мен Бас прокуратура олардағы бар үш өңірлік көлік құрылымдарын осы
органдардың орталық аппаратына кіретін бір құрылымға біріктіргендері жөн.
Үкімет көші-қон үдерістерін мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыру, көші-
қон ағымдарын бақылауды қатаңдандыру үшін ІІМ құрылымында Көші-қон
полициясы комитетін құруы тиіс. Есірткіге салынушылықпен және есірткі
бизнесімен күресті күшейту үшін ІІМ-нің Есірткі бизнесімен күрес жөніндегі
комитетіне осы мәселені жүзеге асыратын өңірлік бөлімшелер тікелей
бағыныстылығына беріледі. Ішкі істер министрлігі әкімшілік тұтқындауды
атқару жөніндегі қызметті кезең-кезеңмен Әділет министрлігіне өткізеді.
Осылайша ішкі істер органдары оларға тән емес қызметтерді атқарудан
босатылады.
Бізге аса маңызды жүйелік қадам жасауға – Криминалдық полиция комитеті мен
Тергеу комитетін қосу арқылы ІІМ-нің Тергеу жөніндегі комитетін құруға тура
келеді, деді Елбасы. Осындай біріктірудің нәтижесінде қылмысты тергеу
тиімділігі артуы тиіс. Осының бәрін атқармастан бұрын облыстардың бірінде
қанатқақты жобаны іске асыруға болады. Алайда мұны жасауға тиіспіз, өйткені
бұл – әлемдік тәжірибе.
Трансұлттық есірткі қылмыстарынан басқа барлық есірткі қылмыстарын тергеу
ІІМ-ге беріледі, ал экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарды
толықтай Қаржы полициясы тергейтін болады. Ұлттық қауіпсіздік комитеті
тікелей ұлттық қауіпсіздікке байланысты қатерлер мен қылмыстарды тергеуге
шоғырландырылады. Жоғарғы Сот жанындағы Сот әкімшілігі комитеті жойылып,
оның негізінде Жоғарғы Сот жанындағы Сот қызметін қамтамасыз ету жөніндегі
департамент құрылады.
Екінші. Құқық қорғау реформасының басқа бір маңызды бағыты құқық қорғау
органдарының аппараттарын оңтайландыру болып табылады. Бұл міндетті шешу
үшін Үкіметке штаттық бірліктердің оңтайланған санын есептеп, оңтайландыру
жөнінде нақты ұсыныстар енгізу қажет. Орталық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мелекеттік билік органдарға жататындар
Н.Ә.Назарбаевтың әлеуметтік экономикалық жаңғырту
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ ЖҮЙЕСІНДЕ ОРЫН АЛҒАН РЕФОРМАЛАР
Республикасының қылмыстық саясатын ізгілендіру бағыттары
ҚР құқық қорғау органдарындағы реформалардың ерекшелігі
Қазақстан Республикасындағы басқарудың билік түрлері және қызметтері
Мемлекеттік және жергілікті басқару жүйесінің теориялық негіздері
Мемлекеттік органдар
Құқықтық мемлекетті нығайтудағы президент жолдауларының маңызы және тиімділігі
Қaзaқстaн Республикaсындaғы сот реформaсы:теңденциялaры және aлғышaрттaры
Пәндер