Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні. Тұрмыстық салт - дәстүрлер
Жоспар
Кіріспе 3
1 Салт-дәстүр, оның түрлерін қарастыру 6
1.1 Бала тәрбиесіне байланысты дәстүрлер 6
1.2 Тұрмыстық салт-дәстүрлер 13
ІІ. Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні 15
2.1 Отбасы тәрбиесi, (ұл мен қыз тәрбиесiнiң ерекшелiктерi, жастарды
жұбайлық өмiрге даярлау). 15
2.2 Отбасы тәрбиесiнiң 8 түрi. 20
Қорытынды 22
Пайдаланылған әдебиеттер 23
Кіріспе
Қазақ халқы – рухани
зор байлықтың мұрагері. Ол өзінің өрісі биік сын сапасы өскелең
мәдениетке бір күнде жеткен жоқ. Осы мол зор қазынаның түп-төркіні сонау 6-
8 ғасырдағы Орхан Енесей ежелгі түрік жазбаларынан басталады. Қазіргі
Қазақстан территориясында жүргізілген археологиялық қазбалар біздің
ертедегі ата-бабаларымыздың тек мал баққан, жерін шет жаудан қорғаған батыр
жауынгер ғана емес, ақын, жыршы, шешен, сонымен қоса сәулетші, мүсінші,
ұста, зергерде болған екенін дәлелдеді.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат міндеттерінің ең
бастысы - өзінің ісін өмірін жалғастыратын салауатты саналы ұрпақ
тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам қамын ойлау болып табылады. Ал
ұрпақты жан-жақты келбетті етіп өсіруде халықтық салт-дәстүрлердің тәлім
тәрбиелік, білім танымдылық ролі орасан зор. Өзге халықтар сияқты қазақ
елінің ұрпақ тәрбиесі жөнінде атам заманнан бері жиып-терген мол тәжірибесі
бар. Аға буын өз бойындағы ізеттілікті, қайырымдылық, кішіпейілділік,
әдептілік, елін-жерін, Отанын сүюшілік ең асыл қасиеттерін жас ұрпаққа
күнделікті тұрмыста үнемі үйретіп, қаны мен жанына сіңіріп келеді.
Адамның жарық дүниеге келген күнінен бастап оның есейіп, о дүниеге
аттанып кеткенге дейінгі өмірі мен іс-әрекеті, басқалармен қарым-қатынас
атаулының барлығы салт-дәстүрден өзекті орын алып, адамның дүниеге
көзқарасын қалыптастыратын тәрбие мектебі.
Жер жүзінде екі мыңнан астам ұлт пен ұлыс тіршілік етеді десек,
солардың әрқайсысының өзіне ғана тән әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері
бар. Олар – халық мәдениетінің аса мәнді құрамдас бөлігі, одан ол халыққа
жататын адамдар мәдениетінің деңгейі, рухани байлығы, басқа ұлттар мен
ұлыстардан, халықтардан айырмашылығының барлық белгілері анық танылады.
Сонымен қатар салт-сана, дәстүр қатып-семген, мәңгі өзгермейтін нәрселер
емес. Елдің мәдениетіне, экономикасына ілесіп өркендеп отырады.
Дәстүрсіз халық жоқ. Ол тарихи негізінде қалыптасып ұрпақтан-ұрпаққа
берілетін әдет-ғұрып жалпыға бірдей әдеп, инабат нормасы болып табылады.
Дәстүрлердің жалпыға ортақ ең маңызды қызметі – адамдар арасындағы өркендеп
және өзгеріп отыратын тұрақтылықты ретке келтіріп отыру.
Тұрақтылық болмаса даму да болмайды. Соның нәтижесінде әрбір жаңа ұрпақ
өткен ғасырлар мұрасының әсеріне ұшырап, оған бойсұнуға әзір. Белгілі
француз социологі Э.Дюркгейм “Дәстүр – адамдардың қоғамнан дайын күйінде
табатын, өздерінің тәртіптерін жөнге түсіріп және әрекетке келтіріп
отыратын тетік. Дәстүрді бұзғаны үшін берілген жаза тайпалардың бірлігін
сақтауға көмектесетін қорғаушы құрал болып табылады” – дейді.
Бұл жерде әңгіме Бірлестіктің берік өмір сүруі үшін, оған кіретін
адамдарға дәстүр талаптарын орындаудың міндеттілігі жайында болып отыр.
Дәстүрдің тағы бір қызметі – жақындастыру. Мұның тарихтағы айқын
көрінісі – рулық қауымдастықтар, олардың ауызбірлігі, тұтастықтарын
сақтауға ұмтылушылық “Кімнің жерін жайласаң, соның жырын жырлайсың” деген
мақал осыған байланысты айтылған.
Дәстүр ақпараттық қызмет атқарады. Ақпарлар дәстүр арқылы екшеліп,
қорытылып, қоғам жадында сақталады, соның арқасында ғасырдан ғасырға
жетеді. Соған байланысты адамдардың дүниеге келген жаңа ұрпақтары өзара
қарым-қатынас нормаларын қайтадан жасап қалыптастырып әуреленбейді, яғни
бұрыннан қалған жол-жосынды басшылыққа алады.
Дәстүрде жиналған ақпарлар арқылы ата-бабадан қалған материалдық және
мәдениетке ие мұрагер болады. Мысалы халқымыздың “Ата салған жол бар, ене
пішкен тон бар”, “Ата көрген – оқ жонар, ана көрген – тон пішер” деуінің
мәні бұрынғыдан қалған жөн-жосық, әдеп-салттың басшылыққа алынуға
міндеттілігін білдіреді.
“Түбірлі мәселені шешерде, түп атадан келе жатқан жолды ұстар” дейтін
мақалдардың бір әулеттен келесі әулетке ұмытылмай жетіп келе жатуының өзі-
дәстүр. Халық осындай дәстүр жалғастығын зор мұрат санайды. “Атадан ұл
туса – игі, ата жолын қуса игі” деген ұлы арман соған меңзейді.
Сондықтан да жеткіншек ұрпақтың дәстүрге құрметпен, әрі ықтияттылықпен
қарауы, яғни оны түсінуі, дәстүрді бұзып алып, адамдардың көңіліне қаяу
салудан қатты сақтануы айрықша мәнді қастерлі қасиет саналады. Ондай жастар
“көргенді” деп бағаланады, көптің алғысына бөленеді, дәстүрмен сыйыспайтын
іс істегендер “тексіз”, “көргенсіз” деген өте жеккөрінішті атқа ие болып,
қауымдастық алдында абыройдан айырылып, ауыр айыпқа бұйырылады.
Сонымен қатар дәстүрден, ғұрып-салттан адамдар өзінің жеке басын
таниды. Мұнда адамдардың айналадағы заттар – нәрселер мен табиғат
құбылыстарына қатынасындағы жеке ұлттың және кәсіби өзгешеліктер көрініс
табады. Мысалы, Үндістанда сиыр мен маймылды ерекше құрметтеуі,
қытайлардың, жапондардың жыланның етін, италяндықтардың есектің етін аса
сый тағамға санауы, қазақта қойдың басын сыйлы қонақ ретінде ер адамға,
қырғызда әйелге ұсынуы тағы басқа сияқтылар сондай салт-ғұрыптар
өзгешеліктеріне жатады да, соларға байланысты әдептік талаптар келіп
шығады. Ел мен ел, ұлыс пен ұлыс шекаралас, аралас-құраласта өмір сүреді.
Сондықтан олардың ғұрып- салт ырымдарында ұқсастық та бар. Мысалы Иранда
жылдың ақырғы сәрсенбісін киелі күнге балап, ол күнгі барлық тілек қабыл
болып, ойлаған ой іске асады деп ырымдайды екен. Ирандықтар бұл сәрсенбіні
қызыл сәрсенбі деп атайды. Әсіресе ол күнді бойжеткен қыздар асыға
күтеді. Олар соңғы сәрсенбіге байланысты шартты орындар, түрлі жоралғы
–кәделер жақсы жасалса, тұрмысқа шығуымыздың сәті түседі деп сенеді.
Мұның бәрі әр түрлі халықтардың салт-дәстүрлерінде кейде әріден
жалғасатын сабақтастық та, діни наным бірлігінен бастау алған ұқсастық та,
тарихи аралас құраластық. Ұзақ уақыт іргелес шекаралас өмір кешуден болған
ауыс-түйістер де кездесетіні сондай-ақ өздеріне ғана тән, былайғы жұртқа
өрескел, ерсі көрінетіндері де болатыны дәлел.
Жұмыстың мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-
ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, оқушылардың бойына адамгершілік,
имандылық қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету.
Міндеті: Мәдениеті мен тілін, салт-дәстүрі мен дінін құрметтеуде
жастардың ұлттық интеллектуалдық мінез-құлқын қалыптастыру.
Қазақ халқының салт – дәстүрлері - бұл кітапта баланың дүниеге
келуінен жалын тартып, мініп, отау тігіп, азамат болуына дейінгі салт
дәстүрлер және қазақтың тұрмыстық салт – дәстүрі жайлы айтылады.
Әдептану - бұл кітаптың басты мақсаты: тұлғалық қатынастарды
адамгершілік талаптарына сәйкес ретке келтіру.
Еңбекке баулу хрестоматиясы кітабында қазақтың тұрмыс салт –
дәстүріндегі киіз үй, киіз үйдің бөліктері, жалпы айтқанда қазақтардың
өзіне ғана тән бұйымдарын қалай қолданып, қалай жасай білу керек екендігі
айтылады.
Қазақтың тәлім-тәрбиесі қазақ – баланы бесіктегі кезден басап
тәрбиелейді. Адам баласын сегіз түрлі тәрбие негізінде тәрбиелеу керек
екендігі жазылған. Оның біріншісі – баланың салауатты өмір салтына,
екіншісі – еңбекке сүйіспеншілікке, үшіншісі – адамгершілікке, төртінші –
ақыл ой тәрбиесіне, бесінші – қоғамның экономикалық саясатын,алтыншы –
сұлулыққа, жетіншісі – мәдениеттке және соңғысы баланы құқықтық санаға
үйрету.
1 Салт-дәстүр, оның түрлерін қарастыру
1.1 Бала тәрбиесіне байланысты дәстүрлер
Қазақ - дәстүрі бай және оны қатаң сақтайтын халық. Туған халқының
мінез-құлқы, наным-сенімін жете зерделеген ғұлама Ахмет Байтұрсынов
қазақтың құдайдан кейінгі қорқатыны дәстүр бұзушылық екенін айтады. Қазақ
дәстүрді білмегенді, сыйламағанды надан дейді. Бұл - өте ауыр сөз, ауыр
кінә, бірақ әбден орынды баға. Қазақтың туыстық, құда – жекжаттық, той-
томалақ өткізу, өлім жөнелту, аруақ сыйлау, үлкенді, ата-ананы құрметтеу,
қыз ұзатып, келін түсіру, жүйелі сөзге жығылу, тоқтау, обал-сауап,
дастархан, шаңырақ, қонақ сыйлау т.б салт-дәстүрлерінде қаншалық
адамгершілік, ізгілік, көргендік жатыр. Осындай дәстүрлерімізді ардақтап,
қадір тұтуға ақыл-парасаты, мәдениеті, білім-білігі жетпеген жетесіз надан,
көргенсіз болмағанда не болады? Рас, кешегі кеңес заманында халықты ұлттық
жадынан, тілінен, төлтума мәдениеті мен діни нанымынан қол үздіруге
бағытталған зымиян саясат жүргізілді. Соның салдарынан қазақтың бірнеше
ұрпағы, осы күнгі егде, қарт кісілеріміздің көпшілігі әдет-ғұрып, салт-
дәстүрлерімізден бейхабар болып қалады. Оқу-тәрбие орындары болмаса,
қазіргі отбасы, ата-аналар салт-дәстүр жөнінен ұл-қыздарына толымды тәрбие
беруде білімдері, тілі жағынан қиындық көруде. Қазақты қазақ етіп,
ұлтымызды ұлт етіп келген және солай болып қалуға тиісті ата салт, асыл
дәстүрімізді, шала, шалағай ортада кездесіп жүргендей, қолжаулық етіп, сөз
алдарға ғана қолданып, құнсыздандыруға немесе өңін айналдырып, рухына жат
“жаңа замандық” жамаулар жамап боямалауға, әрине болмайды.
Тарихқа көз жүгіртсек, халқымыз ата-бабаларының жинақтаған өмір
тәжірибесін, бай рухани қазынасын жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдаланған, бала
тәрбиесіне ерекше мән бере, үміт арта сергек қараған.
Салт-дәстүр ұлттық тәрбие. Ұлттық тәрбиені оқыту үшін мектепте мұғалім
баланың жас дара ерекшеліктеріне сай ұғымына байланысты ертегі, мақал-мәтел
және алуан түрлі салт-дәстүрлерді педагогикалық тұрғыдан іріктеп алу керек.
Балаға ұлттық тәрбиені дер кезінде меңгерту ұстаздың басты міндеті. Төменгі
сынып оқушыларына ізеттілікті, кішіпейілділікті, қайырымдылықты үйрету
тәрбиелеу. Оның бастамасы қазақ халқына тән үлкен бір ерекшелік “сәлемдесу”
дәстүрі. Сондықтанда қазақ халқында “Сәлем - сөздің атасы”- деген мақал
бар. [2.,11б]
Ендеше оқушының басты қарым-қатынас жасауының басты әліппесі
сәлемдесуден басталады.
Бұл дегеніміз – қазақ ауылында кіндігі кесіліп, туған халқының әдет-
ғұрпын тасындай қалап, дәстүрін жадына жылудай жинап, асыл тілін аманаттай
ардақтап, дінін дініне тұмардай тағып, салтын санасына сыбағадай сақтап
және олардың бәрін құрандай қастерлеп өскен ұрпақ екенін білдіру. Оның
мақсаты ата салтымыздың асыл мұрасы мен алтын қазынасын көпшілікке, кейінгі
жас ұрпаққа ұсынып, оны оқып үйренуді өмірге еңгізуді аманат деп тапсыру.
Тәрбиенің басы отбасынан басталады. Бала дүниеге келгеннен 5-6 жасқа
дейін ата-ана немесе ата, әже қарамағында болады.
Қазақ отбасындағы тәрбие ісі ғалым Ш. Ахметовтың 8 түрлі мәселені
зерттеулер негізінде қамтыған.
1. Тәрбие басы алдымен әдептілікті үйретуді көздеген.
2. Баланы қайырымды, иманды, мейірімді болуға тәрбиелеген.
3. Тіл алғыш елгезек болуға баулыған.
4. Адал сыншыл болу.
5. Өнегелі ұстаз бен көпті көрген қария сөзін тыңдап “ақпа құлақ
болмай, құйма құлақ бол” дегенді бойға сіңірген.
6. Үлкенді, ата-ананы сыйлауды үлкен және ең басты міндет етіп қойған.
7. Кісі айыбын бетіне баспайтын, біреуге орынсыз тіл тигізбейтін азамат
бол, қаріп-қасірлердің табиғи кемдігін бетіне баспа деген.
8. Ел қорғаған батыр бол, халық алдында қызмет ет, бар өнеріңді соған
жұмса деген
Сан ғасырдан бері жинақталған ойшылдардың, даналардың, шешендердің,
ұстаздардың педагогикалық идеялары халықтың өмір тіршілігімен, кәсібімен,
ұлттық тәрбие дәстүрімен қоғамнан қоғамға жалғасып, дамып, ұрпақтан-ұрпаққа
ауысып отырған.
Бұлардың бәрі тәрбиені жетілдіру талабынан туған еді.
Салт-дәстүр дегеніміз – халықтардың кәсібіне сенім нанымына,
тіршілігіне байланысты қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын
қоғамдық құбылыс. Ол отбасылық тәрбиеден қалыптасады. Жеке адам жаңа салтты
ойлап шығара алмайды. Бүкіл халық ел жұрт уақыт озған сайын салт-дәстүрге
жаңалық енгізіп, оны қоғамдық болмыс көріністеріне бейімдеп өзгертіп
отырады. Ал жаңа қоғамдық қатынастарға қайшы келетіндері жойылып өмірге
қажеттілері жаңа жағдайда ілгері дамиды. Ұлттық салт пен дәстүрдің тууы
ұлттың ұлт болып қалыптасуына байланысты. Қазіргі ғылыми дәлелдеулер
бойынша қазақ ұлтының алғаш пайда болуы ХІІІ-ХІV ғасырлардан басталады деп
жүрміз. Олай болса сол дәуірден бері қарай қазақтың көптеген әдет-ғұрып,
салт-дәстүрлері қалыптасып дамыды.
Ұлттық салт дәстүрлер – тарихи процесс. Көптеген дәстүрлер ұлттың ұлт
болып қалыптасуынан бұрын пайда болған. Сондықтан ол кейде бір талай
ұлттарға ортақ мәнді дәстүр болып келеді. Мысалы: асар-қырғыз, қазақ,
өзбек, тәжік, түркмен халықтарына ортақ өте ертеден пайда болған. Ал қазақ
халқында кейбір дәстүрлеріміз ұмыт болған. Мәселен қазақтың жаугершілік
заманында құрдас батыр жігіттердің ұлы жорыққа аттанар алдында ақ қой
сойып, қанына найзаларын малып “Өлсек бірге өлеміз, опасызды ант атсын” деп
тас түйістіріп анттау немесе әке-шешенің асырап алған баласы мен туған
балаларының саусақтарын ақ қойдың бауыздау қанына малғызып “қаны бір
бауырлық” деп ант ішкізеді екен. Ал қазіргі уақытта бұрын болмаған ақ шашты
қариялардың алтын, күміс неке тойларын жасау бүгінгі салт-дәстүрден тұрақты
орын алған.
Халық “Дәстүрдің озығы бар, дәурені өткен тозығы бар”, “Әдет - әдет
емес, жөн - әдет”- деп заман талабына сай дәстүрлерді дәріптеп тәлім
тәрбиенің пәрменді құрылысы ретінде пайдаланылып келген. Мысалы: көп
жылдары бойы “діни мейрам” деген жаңсақ көзқараспен Наурыз мейрамын еліміз
мүлде атаусыз қалдырып, қазіргі демократия кезінде ол қайта жанғыртылып
жалпы халық мейрамына айналды.
Әрбір ұрпақтың өмір тәжірибесінде екшеленген идеяларының, сұрыпталған
моральдық ережелері мен нормаларының жыл озған сайын үстемеленіп дамып
отыруында.
Қазақ халқының салт-дәстүрлерінің ерекшелігі мен қасиеті тәрбиелік әсер
ықпасында өміршеңдігінде, жаңа дәстүрдің туып, дамып, қалыптасып тәрбие
құралы ретінде кейінгі ұрпаққа мұра болып қала беруінде.
Қазақ халқының салт санасында ата-ананың арман тілегі ерекше көрініс
тапқан, бірақ бұл асыл қазыналар тоқырау кезінде нағыз тәрбие құралы бола
алған жоқ, қайта жыл озған сайын тәрбиеден шеттеп шығып қалып отырды.
Қазақ дәстүрінде баланы әлдилеу, жұбату, ойнату, тәрбиелеу үстінде оның
алдына неше алуан тілек - мақсат қою өлеңмен жырмен, әнмен көркем сөз
айшықтарымен айтылған.
Қазақ халқы жас ұрпақты ерлікке, отаншылдыққа, адамгершілікке, өткір
тілді шешендікке, еңбекке, өнерлі шебер болуға, өнерліні құрмет тұтуға,
туған жер табиғатын, ерлік дәстүрін сүюге тәрбиелеген.
Қазақ халқы – салт-дәстүрге өте бай. Салт-дәстүр халықтың белгілі бір
әдет-ғұрыптарына байланысты туған. Халық өз ұрпағының “Сегіз қырлы, бір
сырлы”, өнегелі өнерлі болып өсуін мақсат еткен ата-бабадан қалған бар асыл
қасиеттерін әлденеше ғасырлар бойы өлең жырмен насихаттады. Әсіресе “Өнер
алды – қызыл тіл”, “Жер астында жатқанды қазбай тіл табар”- деп саналы
сөзді сары алтыннан артық бағалаған халқымыз тілді тәрбиенің пәрменді
құралы, ақыл ойдың асыл қоймасы деп таныды. Қазақтың айтыс өлеңдерінде,
терме толғауларында, бесік жырларында, ертегі, аңыз-әңгімелерде, мақал-
мәтел, нақыл сөздерінде ел тағдыры, келер ұрпақ қамы, бас бостандығы,
адамгершілік ар-ождан мәселелері жан-жақты сөз болып, дидактикалық ақыл
өсиет, насихат түрінде айтылып, ол халықтың қыз ұзату, келін түсіру,
шілдехана, баланы бесікке салу, өлікті жөнелту сияқты дәстүрлері
жиындарында марапатталып келді. Сол арқылы көпшілік қауымға әсіресе
жастарға өнеге айту, тәлім-тәрбие беру, салт-дәстүрді оқыту көзделді.
Қазақ халқының осы салт дәстүрлерінің ерекшелігі мен қасиеті, тәрбиелік
әсер, қимылы да дәстүрдің дамып, қалыптасып тәрбие құралы ретінде кейінгі
ұрпаққа мұра болып қала беруінде.
Баланың тууы. Қазақ халқының көпшілік дәстүрлері баланың дүниеге
келуімен байланысты туған. Перзенттің шыр етіп дүниеге келуі ата-ананың
ғана емес бүкіл ауылдың қуанышы. Міне осы күндері “Шілдехана” немесе “Шілде
күзеті” өткізіледі.
Нәресте дүниеге келген күні қалжа үшін қой сойылады. Қойдың етін жеп,
сорпасын ішіп, босанған әйел 40 күн бойы қалжалатып, жел суға тигізбей
күтіледі. Тойға жиналғандар сәбиге ізгі тілектерін білдірісіп, ән айтып,
ойын ойнап көңіл көтереді. Шілдеханаға ауыл үлкендері қатыспайды. Жаңа
туған нәрестені әртүрлі жын-шайтан перілердің салқынынан қорғап, күзету
халық - сенімі бойынша тек жастардың міндеті. Қазақ халқының көбі мұны
әйелдің бойы бекігесін жасайды.
Ерте заманда бесіктегі нәрестені күзету Ұмай анаға жүктелген. Жаңа
туған баланы алғашқы күндері шырақ жағып күзетпесе оны перілер әкетеді
деген ұғым болған. Сондықтан баланы алғаш түні шырақ жағып күзеткен.
Сүйінші сұрау – немерелі болған әже жас балаларды немесе келіндерін
сүйінші сұратып жан-жаққа жібереді. Сүйінші сұраушылар кім? - деген сұраққа
ұл болса “тізгін ұстар” қыз болса “қырық жеті” деген сияқты тұспал
сөздермен жауап береді.
Сүйіншіге ең жақын адамдары мал атап, кейбіреулері ақшалай заттай мүлік
береді.
Нәрестелі болған үйлерге ізгі ниеттерін білдіруге келген ауыл адамдары
“бауы берік болсын” деген жақсы лебіз айтады. Нәрестені көрсетіп ауыл
адамдарынан әйелдер көрімдік сұрайды.
Әйелдің әл-қуатын жиып, белі бекіп кету үшін оған арнайы мал сояды.
Онда мойын омыртқаны опырмай етін тек үзіп жеп, төрге іліп қояды. Ел ішінде
жас баланың мойынының тез қатып кетуі осы омыртқамен байланысты.
Балаға ат қою. Халқымыз балаға ат қоюға ерекше мән береді. Осы ат қою
дәстүрінен де халықтық наным-түсінік, салт-санасы, арман мүддесі,
эстетикалық толғамы көрінеді. Әдетте ат қою құрметіне ауылдың ақсақалы
немесе көрші ауылдың шежіресі – қариясы ие болады.
Оның дәуіріндегі тарихи мұралардың көпшілігінде балаға ат қою дәстүріне
үнемі Қобызшы жырау, Қорқыт ата қатысып отырады. Сонымен қатар үлкен
қуаныштың үстіне келіп қалған “құтты аяқ” құдай қонақтарға да ат қойғызатын
дәстүр болған. Қазақ елінде қалыптасқан дәстүр бойынша, нәрестеге үш күннен
қалдырмай ат қойылады. Мұсылмандықтың енуіне байланысты көп жерлерде атты
молда азан шақырып, нәрестенің құлағына аузын таятып, сәбиге қойылатын атты
үш рет сыбырлап айтады. Осыған байланысты тілімізде азан шақырып ат қою
тіркесі қалыптасқан. Ат қойған адамға ақы ретінде арнайы сыйлық
дайындалады.
Жас баланың алғаш жүректілік көрсетіп, көзге түскен уақытта көрсеткен
ерлігіне сай өзіне ат алатындығы туралы көне түркілік қызықты деректер де
ғалымдарға мәлім.
Осы дәстүрдің жанғырығындай тілімізде “ат қойып, айдар тағу”- деген
бейнесі сөз сақтаған.
Айдар – жылқының құйрық жалынына алтындаған зер қосып жіңішке қылып
өрілген бау. Оны осы бір айтулы күні басқа жұрттан ата тегін айырып көрсету
үшін жігіттің кежегесін жағады.
Кежеге – түрік бабаларымыздың желкесіне түсірген жуан бір өрім шашы.
Егерде қазақта ұлы жоқ үйлерде қыз туылатын болса онда оған “Ұлтуған” деп
ат қойылады.
Бесікке салу – кіндігі түскен баланы бес күннен кейін бесікке салады.
Бұған ауылдың көрші қолан әйелдері жиналып баланы бесікке бөлеуден бұрын
“тыштыма” ырымы жасалады. Бесіктің түбегі арқылы бауырсақ, кәмпит және
басқа тәтті дәмдер жапа-тармағай астына тосылған қолдарға тасталады.
Басқарушы “тышты ма” деп сұрағанда жанкүйерлер іле шала “тышты”, “тышты”
деп шу ете түседі. Әрбір жақсылықты үнемі шашу шашумен қарсы алатын
халқымыздың бұл дәстүрі “балаға бесік құт дарысын” деген асыл ниетпен туған
рәсім. Тыштымаға қатысқан әйелдер түрлі сыйлықтар алады.
Бесік – нағыз халық мұрасы бабаларымыздың ғасырлар бойы тұтынып келген
ата мүлкі. Бесікті Орта Азия мен Кавказ, Үнді мен Қытай жерін мекендейтін
халықтардың басым көпшілігі пайдаланған, әлі де пайдаланып келеді. Қазақ
бесігі талдан, қайыңнан иіліп жасалады. Бесікті дүниеге әкелген “аттың
жалы, түйенің қомында” өткен көшпелі тұрмыс тіршілік.
Баланы бесікке салар алдында көп балалы ана бесіктің жабдығын тексеріп
шашу шашады. Бесіктің үстіне жеті зат: қамшы, жүген, тон, шапан, кебенек,
көрпе жауып қояды.
Оның мәні мынадай: жүген мен қамшы – ат үстінен түспейтін ер болсын
дегені, тон мен шапан – бала халықшыл көпшіл болсын дегені, кебенек – ер
мінезді өршіл болсын дегені. Қыз бала сұлу болсын деп жастығының астына
айна, тарақ қойса, ұл бала батыр батыл болсын деп, шошымасын деген ниетпен
жастығының астына қанжар, пышақ қойған. Баланы бесікке ауылдың үлкені,
беделді үлгісі әже салады. Баланы бесікке бөлеген әже баланы тербете отырып
ақырын ынылдап бесік жырын айтады:
Әлди-әлди ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем,
Астына терік салайын,
Үстіңе тоқым жабайын,
Ауылдан кеткен апаңды,
Қайдан іздеп табайын.
Жайлы бөленген, қарны тоқ сәби құрғақ күйінде ұйқысы әбден қанғанша
тал бесікте ұйықтай береді. Егерде нәресте мазасызданса үйдің кішкене
баласына тербетіп қояды, анасы өз шаруасын алаңсыз тындырады, тамақ іздесе
бауын босатып емізеді.
Әдетте бөленбеген бала қол-аяғы бос сәби кіші, үлкен дәретке былғанған,
ұйқысы бұзылып, жылауық болады. Түн ішінде анасы сан рет тұрып жиі-жиі
жаялығын ауыстырады.
Ал бесікке бөленген баланың кіші дәреті шүмек, ал үлкен дәреті бесік
тесігі арқылы түбекке жиналады. Түбектің түбіне күл салып жиі-жиі ауыстырып
отырады. Шүмек әдемі етіліп қойдың асық жілігінен жасалады, кейбіреулері
айрықша аппақ болуы үшін сүтке қайнатып та алады.
Қырық күн толғанша бөбекті бір күн сабынды, бір күн тұзбен, бір күн
жұпар иісті шөппен кезекпе-кезек шомылдырады. Тұзды суға шомылып тұзға
піскен сәби шымыр, әрі есейген соң денесі зақымданса денесінің жарасы тез
жазылады.
Қорқыныш шығару – сәби үшін ең бір елеулі кезең қауіп қатерлі 40 күн
өтіп нәрестенің мойыны қатып болған соң ата-анасы ауыл әйелдерін шақырады.
Ұл баланы қырық күнге жеткізбей 37-не 39 күнде, ал қыз баланы қырық
күннен асырып 42 және 44 күнде қырқынан шығарады. Ыдысқа су құйып 40 қасық
су құйып теңгелер салған суға баланы шомылдырып сонан соң шашы мен тырнағын
алады. Қарын шашын шүберекке түйіп баланың оң иығына қадайды, ал тырнағын
жерге көміп тастайды.
Тұсау кесер – сәби тәй-тәйлап жүре бастаған кезде ата-анасы баланы тез
жүріп кетсін деген оймен “тұсау кесер” тойын жасайды. Алдымен тұсау кесер
күні белгіленіп арнайы қонақтар шақырылады. Жиналған көпшілік арасынан
көбінесе жүрісі жылдам, қимылы ширақ, іске епті қасиеттері мен көзге
түсетін қағылкез пысық адам таңдалып алынып нәрестенің тұсау кесерін соған
тапсырады.
Әдетте қазақтар бала тұсауын ала жіппен, қылдан ескен шыжыммен немесе
ішекпен кескен. Тұсау кесер сәті алдында тәтті дәмді тағам салынған
дастархан жойылады. Дастархан жанына қазық қағып тұсаулы баланы арқандап
қояды. Бұдан соң “жүйрік бол”, “шауып кет” деп таңдалып алынған адам, екі
қолынан екі адам жетектеген баланың тұсауын кесіп жібереді. Тұсауы кесілген
соң сәбиді екі адам ортаға алып асығып тез-тез жүгіреді. Осы кезде “тұсау
кесер” жырын айтады.
Қаз-қаз балам, қаз балам
Қадам бассаң мәз болам.
Қаз-қаз балам қаз балам
Тақымыңды жаз балам.
Күрмеуіңді шешейін
Тұсауыңды кесейін.
Қадамыңа қарайық,
Басқаныңды санайық.
Қаз-қаз балам жүре ғой!
Ертеректе қазақтар ырымдап, сәбиге тұлымшақ пен кекіл қойған. Баласы
тұрмай жүрген кейбір ата-аналар ер баланың оң құлағын тесіп сырға таққан.
Баласы ер жеткен кезде ұлан-асыр той жасап, сырғасын алған. Мұны сырға тойы
деп атаған.
Сүндет тойы – қалыптасқан дәстүр бойынша ата-бабаларымыздың ер
балаларын 5-7 жасқа не 9 жасқа келгенде сүндетке отырғызатын болған.
Сүндет тойы өткізетін күнді алдын ала белгілеп алады. Бұл тойға тән
ерекшелік – тойға қонақтарды баланың өзі шақырады. Айшықты боз тарланға
мінген сүндет бала аттың құйрығын шорт түйіп жорғаға мінеді.
Сәрсенбінің сәтті күні ауыл молдасы баланы сүндетке отырғызады. Үйде
жалғыз қалған молда қолын үш рет сабындап жуып құрал-саймандарын отқа
ұстап, таза ақ шүберек, ұнның кебегі бар кесе дайындайды.
Молда бала көңілін аулайтын түрлі хикаялар айтып отырып шүметайының
артық терісін қаз майымен әбден уқалап жанын кетіреді, оның қалайша шорт
кесіліп қалғанын баланың өзі де аңғармай қалады. Ұнның кебегін сеуіп қанын
тоқтатады да, үстіне кесе төңкереді. Қарақотырланып жазылғанша балаға
көйлек кигізеді.
Атқа мінгізу. Қашанда тағдырын малға сүйейтін қазаққа малды бағу үшін
бала керек.
Ашамай – ердің қарапайым түрі, ағаштан жасалады. Кеңдігі баланың ауына
лайық. Алды-артына ердің қасы сықылды көпшігі болады. Үзеңгісі жоқ. Осыны
жуас атқа ерттеп үстіне баланы мінгізеді. Ауып қалмасын деп басында қол
аяғын байлайды.
Сонан соң тізгінді балаға ұстатып біреу атты алдымен арқан бойы жерге
онан соң алысқа жетектейді. Сөйте-сөйте атпен баланың өзі жүреді. Бұл тойды
әр әке-шеше шама-шарқына қарай жасайды.
Тоқым қағу. Ашамайға мінген соң, іле-шала жолаушылағанда әке-шешесі бір
малын сойып, оның тоқым қағарын өткізеді.
Қазақ халқы дәстүр бойынша баласын бес-алты жасқа толғанда аузы дуалы
шешендердің, ел бастаған көсемдердің, даналардың, мергендердің, батырлардың
соңынан ерте білген. Онысы балам халық дәстүрін, жоралғысын көңіліне тоқып
өссін дегені еді.
Қазақ халқы баланы жас кезінен есепке баулып, аз бен көпті айырып санай
білуге үйреткен. Санамақтар үйрете білген. Мысалы: “Оным –он, он бірім не,
соны тапшы, Ай күнім!” – деп әдейі бір санды әлденеше рет қайталап айтқызу
арқылы тез есте сақтап, жаттап алуға ыңғайлы етіп, сондай-ақ жұмбақтың
шешімін де осы сандар қайталанып айтатындай етіп асқан шеберлікпен, ұтымды
әдіспен құраған. Жас баланың әңгімеге әуестенуі тілі жаңа шыға бастаған
кезден басталады.
Халқымыз қыз баланы ерекше құрметтейді. Қыз – ел мен елді, бір ұлт пен
екінші бір ұлттың арасын жалғастырушы, достастырушы, табыстырушы дәнекер,
жаңа ұрпақты дүниеге әкелетін және оны тәрбиелеп өсіретін болашақ ана.
Сондықтан қызды гүлге, нұрға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz