Үндістан, Қытай, Жапонияның саяси феодалдық құқықтық институтарының негізгі және қайнар көздері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
М А З М Ұ Н Ы

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 4-5

І. Үндістан, Қытай, Жапония елдерінің тарихы

1.1. Үндістан
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..6-7

1.2. Қытай
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..7-10

1.3. Жапония
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .10-14

ІІ. Үндістан, Қытай, Жапонияның саяси феодалдық құқықтық институтарының
негізгі және қайнар көздері

2.1. Үндістанда феодалдық қатынастың орнауы. Гупта
мемлекеті ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .14 -21
2.2. Қытайда феодалдық қатынастың пен құқықтық институттардың
орнауы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 21-25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...26-28

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 28-29

Кіріспе

Халықаралық қатынастар тарихын және сыртқы саясатты тұтастай меңгеру
үшін пән мазмұны ірі аймақтардың, әлемнің жетекші мемлекеттерінің сыртқы
саяси тарихындағы негізгі оқиғаларға ерекше мән беріп, осы көпғасырлық
үрдістің даму заңдылықтары мен негізгі кезеңдерін қамтиды. Әсіресе басты
көңіл дипломатияның рөліне, оның ерекшеліктеріне, әдістеріне және сыртқы
саясатты жүргізу құралдарына бөлінеді.
Шешім қабылдау үрдістері және оларды саяси жетекшілер мен сыртқысаяси
мекеме басшыларының жүзеге асыруын қарастыру да аса маңызды болып табылады.
Сонымен бірге жиналған нақтылы деректерге теоретикалық тұрғыдан талдауға
аса мән беріледі. Материалды беруде жүйелік, хронологиялық, жағрапиялық
және маңызды мәселелік қағидалар пайдаланылған.
Көрсетілген мамандықтың типтік оқу жоспарының мақсаты мен міндеттерін
ескере отырып, бұл бағдарлама студенттердің халықаралық қатынастар жүйесін
және қазіргі сыртқысаяси мәселелерді толықтай түсінуін дамытуға көңіл
бөледі.
Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiнiң жариялауы дүниелiк бiрлестiкке
бiздің елiміздiң кiруiн бiлдiрдi. Өз сыртқы саяси функцияларының жүзеге
асырулары үшiн егемендi республикаға халықаралық қатынастарға арналған
мамандар керек. Олар халықаралық қатынастар тарихы білуі керек. Қазақстан
Республикасы халықаралық аренаға шықты. Шетел елдерімен өзара әрекеттесуді
оның саласы едәуір кеңіді.
Құқық дегеніміз мемлекетте қолданылатын барлық құқықтық нормалардың:
құқықтық ғұрыптардың, әділеттілік үлгілердің, мемлекеттің құқықтық
ережелерінің жиынтығы болып табылады. Құқықта заңдар ерекше орын алады.
Мемлекеттік өкімет билігінің жоғарғы органдары қабылдаған нормативтік
актілер заң деп есептелінелді. Заң ең жоғарғы юрисдикциялық күш болып
табылады. Мұның мәнісі – мемлекеттік органдар қабылдаған нормативтік
актілер заңда негізделуге және заңға қайшы келмеуге тиіс деген сөз.
Заңдар адамның құқықтық дәрежесін анықтайды. Құқық тек заңдардан ғана
тұрмайды. Құқық дегеніміз – белгілі бір мемлекетте қабылданған және
қолданылып жүрген барлық құқықтық нормалардың белгілі нормативтік құқықтық
актілерді де көрсетеледі. Конституцияда, заңдарда мемлекеттік органдарға
нормативтік құқықтық актілер қабылдау жөнінде өкілдік беріледі. Президент –
нормативтік жарлықтар, Үкімет – нормативтік қаулылар, Министрліктер –
нориативтік буйрықтар, жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік шешімдер
т.б. қабылдайды.
Сөйтіп құқық туралы сөз қозғалғанда, нақты мемлекеттегі қолданылып
жүрген нормативтік актілердің барлығы еске алынады. Мұның өзі – объективтік
мағынадағы, яғни дербес біртұтас құбылыс ретінде өмір сүреді деген
мағынадағы құқық. Құқықты субъектілердің (адамдардың) өз игілігі үшін
мемлекет тарапынан кепілдік берілген белгілі бір қимыл-әрекеттерді істеу
жөніндегі заңдық мүмкіндігі ретінде қолданылады. Мысалы, өмір сүру құқығы,
денсаулығын сақтау құқығы, білім алу құқығы т.т.
Құқықтың алғашқы элементі – құқық нормасы. Құқық нормасы дегеніміз –
мінез-құлық, тәртіп ережесі, тіршілік процесіндегі тәртіп пен мінез-құлық,
ережелерінің үлгісі. Ал мінез-құлық дегеніміз – жеке алып қарағандағы әрбір
адам емес, тұтас адамдар ұжымына да тән жағдай. Жеке адаи ғана емес,
бірнеше адамнан құрылған ұжымдар да бір-бірімен қатынасқа келеді. Демек,
құқық нормаларымен реттелетін қатынастарға түсе отырып, адамдар, олардың
ұйымдары өздерінің мінез-құлқымен сол нормаларды бұзбайтын болуға тиіс.
Құқықтық нормалардың жиынығы ретіндегі құқық, қоғам тіршілігінде
маңызды рөл атқара отырып, өмірдің қай саласында болса да адамдар
арасындағы қарым-қатынастарда тәртіп болуына бағытталады. Адамдар бір-
бірімен экономикалық қатынаста, яғни материалдық игіліктерді өндіру
жөніндегі қатынастарда болады. Мысалы, заводтарда, фабрикаларда нормативтік
құқық актілері аоқылы белгілі бір реттілік, еңбек тәртібі орнатылады.
Материалдық игіліктерді бөлу мәселесінде де экономикалық қатынастар пайда
болады. Қызметкерлер өздерінің еңбегі үшін сияпат ақы алуға тиіс. Бұл да
тиісті нормативтік актілермен реттеледі. Адамдар бір-бірімен неше түрлі
шарттық қатынастарға түсіп жатады. Олардың арасындағы сату-сатып алу,
айырбас, жоралғы, қарыз т.б. әрекеттер құқық нормаларының шеңберінде ғана
хатталуға тиіс.
Құқық қоғамның саяси өмірінде маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік
органдардың құрылымы, оларды жасақтау тәсілдері (сайлау, тағайындау,
олардың билік аясы (өкілеттілігі), іс-әрекеттерінің түрлері мен әдістері
т.т. құқықтық нормалар арқылы анықталады.
Қоғамдық тәртәп (демократиялық немесе халыққа қарсы бағытталған) тек
қана құқықтық актілер арқылы орнатылады, оны тәртіп органдары қамтамасыз
етеді. Азаматтардың мемлекеттік басқару ісіне қатынасу үшін пайдаланатын
саяси құқықтары мен бостандықтары тек қана нақ осы құқықтық актілер арқылы
белгіленеді.
Құқық қоғамның әлеуметтік өмірінде де зор рөл атқарады. Құқықтық
нормалар білім алудың, денсаулық сақтаудың, отбасын құрып, оны нығайтудың
т.б. қажеттіктердің заңдық шарттарын белгілейді.
Сөйтіп, құқық дегеніміз адамдардың өміріне қалыпты жағдайлар туғызуға,
қоғамның барлық бағыттарда дамуын заңдық жағынан қамтамасыз етуге тиісті
мемлекеттік қуатты құрал болып табылады. Құқық тек жұртты жазалау үшін,
оларға күштеу шараларын қолдану т.с. үшін қажет деп ойлау дұрыс емес.
Азаматтар өздеріне берілген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланғанда,
құқық нормаларының талаптарын орындағанда, мемлекеттік органдар құқық
нормаларының талаптарын бұзған адамдарға шара қолданып, тиісінше жазалап
отырғанда, құқық нақты іс жүзіне асқан болып табылады.
Тақырыптың өзектілігі: Үндістан, Қытай және Жапония өте беделді әрі
ұлы державалар болып саналатын мемлекеттер қатарына енеді. Әрине, әр кезде
әр мемлекеттің дамуы әр түрлі жағдайда болды. Десек те, Қытай елі мен
Үндістан, Жапония жер көлемі, адам саны мен экономикалық жағынан қай елден
асып түсетін мемлекеттер. Ал олардың бұл деңгейге жету тарихы қандай,
рулық, тайпалық кезеңдер, феодализм, коммунизмге өткен уақыттары мен
бүгінгі жағдайларына қысқаша шолу жасауды ұйғардық.

Курстық жұмыстың міндетері:

- Үндістанның саяси феодалдық құқықтық институтарының негізгі және
қайнар көздерін анықтап, сараптама жасау;
- Қытай елінің саяси феодалдық құқықтық институтарының негіздеріне
сараптама жасау;
- Жапонияның жалпы тарихы және феодалдық құқықтық сипаты.

Курстық жұмыстың зерттелу объектісі: Үнді, Қытай, Жапония елдерінің
феодалдық құқықтық тұрақтану тарихы.

Курстық жұмыстың құрылымы: Бұл курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. Үндістан, Қытай, Жапония елдерінің тарихы

І.І. Үндістан тарихы

Азияның оңтүстігіндегі елдердің көбі Англияның отары болды. Олардың
ішіндегі ең ауқымдысы Британдық Үндістан еді. Ол ХХ ғасыр басында артта
қалған қоғам өмірінде касталар жүйесімен феодалдық қатынастар үстемдік
еткен еді. Саяси билік ағылшын королінің қолында болды. І ші дүниежүзілік
соғыс жылдарында халық тұрмысы нашарлады. Салық төлемі күрт өссе, ақша құны
төмендеп, елде құнсыздану жайлады. Өндіріс заттары, тамақ қымбаттап, қала
тұрғындары мен шаруалар күйзеліске ұшырады. Миллиондаған шаруалар уақытында
салық төйлей алмай, жерден айырылып, қаңғып қалды. Кедейленген бұқара халық
қалаларға қарай жылжыды. Жұмысшылардың жұмыс уақыты 14 сағаттан асты. 1917-
1918 жылдары аралығында Ганди және ҰЧК халықты үкіметке бағынбауға шақырды.
Ұлтазаттық күрес ағылшын тауарларына байкот жариялаумен ұласты. Ағылшын
тауарларын сатып алмау жұмысқа, мектепке бармау, сайлауға қатыспау, салық
төйлемеу секілді қадамдар жасау жоспарланды. Ганди бастамасымен Бомбей,
Мадрас, Ахмад-Абад, Камкурд қалаларында жаппай ереуілге шығу
ұйымдастырылды. 1 апта өткенде амрицар қаласындағы бейбіт митинг күні
оларды оқ астына алды, мыңдаған адам өліп, жарақаттанды. Бұл оқиға бүкіл
елді алаңдатты. Пенджаптан басталған толқын Үндістан шығысына, оңтүстігіне,
батысына тарап миллиондаған шаруалар қала тұрғындары ереуілдер мен
шерулерге қатысты. Отаршылдардың билеу жүйесіне қауіп төнді. Кейбір
аудандарда халық қарулана бастады. 1927-1934 жылдары шаруашылық күйзеліске
ұшырады. Әлемдік экономикалық дағдарыс 1929 жылы елдің жағдайын қатты
қиындатты, дағдарыс кезеңіндегі халық наразылығы ұлт-азаттық көтерілістің
өршуіне апарды. Германияның КСРО-ға қарсы шабуылы Үнді солшыл күштер
арасында жаңа көзқарас туғызды. Енді олар Англияны қолдады. Соған орай 1942
жылы тамызда ағылшын үкіметі Үнді компартиясына ашық қызмет атқаруға рұқсат
берді. Ереуілдер, толқулар, ашаршылық, қымбаттау, ел жағдайын әбден
нашарлатты. Аштыққа қарамастан Үндістан 1 миллионнан астам астықты шетке
жіберді. Азық-түлік бағалары 10 есе қымбаттады. Азиядағы соғыс қимылдары
Үндістан шекарасына жақындады. Тамыз, қыркүйек айларында елде стихиялар мен
харталар жайлады. Жастар теміржолдарды бұзуға, станцияларды басып алып,
көпірлерді қиратуға кірісті. Ағылшындар бұл жолы да күш қолданып, оларды
басып тастады. 2000-дай адам оқ құшты. 60000-ға жуық адам абақтыға қамалды.
Сайман комиссиясы Үндістан компартиясының концеспциясын, жобасын дайындап,
оны бекіту үшін Үнді саяси күштерімен Лондонда дөңгелек үстел келіссөздері
өтті. Бірақ Үндістан Ұлттық конгресі оған бармады. Англия үкіметі
Үндістанды басқару туралы жаңа заң қабылдауды өз қолына алды. [2,147 б]

І.ІІ. Қытай елінің тарихы
Қытай Халық Республикасы‎ — Жұңxуа Халық Республикасы; жеңіл. қытайша:
пинйін: Zhōnghuá Rénmín Gònghéguó) — Азия құрылығында орналасқан мемлекет.
Халық саны бойынша, әлемдегі 1-ші мемлекет (1,3 млрд санынан астам, халық
көпшілігі — этникалық қытайлықтар, өз атауы — хән); жер аумағы бойынша
Ресей және Канададан кейінгі 3-ші орында. 1949 жылы Қытай Халық
Республикасы жарияланғаннан бері елді Қытай Коммунистік партиясы билеуде.
Ресми түрде сегіз партия болса да, ҚХР-сын бір партиялы, авторитарлық елдер
қатарына жатқызады.
14 мемлекетпен шектеседі: Ауғанстан, Бутан, Мианма, Үндістан,
Қазақстан, Қырғызстан, Лаос, Моңғолия, Непал, ҚХДР, Пәкістан, Ресей,
Тәжікстан және Виетнам.
Қытай тарихы археологиялық мәліметтермен қатар, ерте заманнан бергі
саяси өмір мен әлеуметтік қозғалыстарды зерттеуге мүмкіндік беретін, жазба
көздерінің көпшілігі және түрлігімен ерекшеленеді. Діни-философиялық және
тарихи мазмұны бар канондалған ежелгі қытай мәтіндері, әсіресе Конфуцийдің
оқуы жазылғаны — өз кезегінде, қытай өркениетінің дамуына, қытай
халықтарының көзқарасына әсер етті.
Қытай өркениетіне Конфуций заманынан бері әрбір адамның жердегі
өміріндегі бақыт пен аман-саулығына бағытталған жоғары әлеуметтік-саяси
белсенділік тән болды — адамның тағдыры құдайдың салғаны емес, өз еңбегінің
арқасы. Қытай тарихындағы үлкен халық қозғалыстары менен Қытайға тән жоғары
әлеуметтік көшпенділіктің мәнісі осында жатыр. Қытай өркениеті — әлемдегі
ең ежелгілердің бірі. Қытай ғалымдарының айтуы бойынша, оның жасы бес мың
жылға жуық, оның үстіне жазба көздері 3500 жылғы мерзімді қамтиды.
Династиялар ауысқан сайын түрлі даму кезеңдерінен өткен ежелгі әкімшілік
басқарудың баршылығы, өзге өркениеттен кейін қалып қойған көшпенді көршілер
мен тау халықтарына қарағанда, жер өңдеу саласы дамыған экономикасының
баршылығы анық артықшылық болды. Қытай өркениетін одан әрі конфуцийлік
(б.з.д. 1 ғ.) және бірегей жазу жүйесінің енгізілуі күшейтті. [6,187 б]
Саяси көзқарас бойынша, Қытай бірнеше мыңдаған жылдар бойы, цикликалық
түрде қайталанатын саяси бірлік пен шашыраңқылық мерзімдерінен өткен. Қытай
аумағы басқыншылардың шабуылына жиі ұшырады, бірақ басқыншылардың көбі
ертелі-кешті қытайланып, қытай этносымен араласып кетті. Қазіргі қытай
мемлекеті мен қоғамы көптеген ғасыр бойы қоршаған азия халықтарымен мәдени
және саяси араласуы менен енгізілуінің нәтижесі. Қытай этносының аса ірі
демографиялық потенциалының көрші халықтарға тигізетін әсерін жоққа
шығаруға болмайды.
Қытай Халық Республикасы құрылған 1949 жылдан Кеңес Одағыны
құрамындағы Қазақстан мен Қытайдың Шыңжаң өлкесі арасында өзара байланыстар
әртүрлі жолмен жалғасып отырды. 60-шы жылдарынын басына дейінгі ҚХР-ның
сыртқы саясаты мен сыртқы саясат ұстанымының социалистік принциптері, Қытай-
Кеңес Одағы байланыстары, олардың қатарында Кеңес Одағының Қытайға
көрсеткен экономикалық көмегі кеңестік зерттеушілер М.С. Капицаның, Б.
Колосковтың, О. Владимировтың, Г.В. Астафьев пен A.M. Дубинскийдің
еңбектерінде орын алған.
Қытай-Кеңес қатынастарындағы шекара мәселесі, екі ел арасындағы шекара
мәселесінің даулы тұстары мен онын әскери қақтығыстарға әкелуі, оған
әлемдік геосаяси күштердің ықпалы сияқты мәселелер А. Прохоровтың, B.C.
Мясников пен Е.Д. Степановтың, Г.В. Васильевтың, В.Ф. Бутурлиновтың
еңбектерінде талдау жасалынған. Бірақ бұл еңбектерге тән ортақ, кемшілік -
олар кеңестік идеологияға сай империялық тұрғыдан ашылып, Қытай-Қазақстан
қарым-қатынастарын арнайы қарастырмаған.
КСРО ыдырағаннан кейінгі кезеңде, ресейлік зерттеушілер бұрынғы Қытай-
Кеңес қарым-қатынастарына жаңа көзқараспен талдау жасап, екі мемлекет
арасында беймәлім болып келген оқиғаларды жаңа мәліметтермен толықтыра
бастады. Олардың қатарында А.А. Брежневті, А.В. Панцовты, Д.В.
Дубровскаяны, А.Б. Широкорадты, Ю.М. Галеновичті және т.б. зерттеушілерді
атауға болады.
Бүгінгі Қытай тарихнамасындағы біздің тақырыбымызға қатысты, яғни ҚХР-
ның Орталық Азияға қатысты жүргізген дипломатиялық саясаттарының кейбір
түстары Ян Фучаңның Қытайдың қазіргі заман дипломатиялық тарихы, Ma
Дачжэн мен Фэн Чишыдың Орталык Азиядағы бес мемлекеттің Очеркі, Чжао
Чаньсиньнің Орталық Азиядағы бес мемлекет және Қытайдың батыс бөлікті
қауырт игеруі, Сунь Чжанчжыдың Орталық Азиядағы бес мемлекеттің сыртқы
қатынастары, Син Гуанчэннің Қытай және Орталық Азия атты еңбектерінен
кездестіреміз. Ал ҚХР мен Орталық Азия мемлекеттерінің Шанхай бестігінің,
артынша Шанхай ынтымақтастық ұйымының шеңберіндегі ынтымақтастық
мәселелерінің негізгі тұстары Чэн Миншань мен Хэ Сицюаньнің Аймактық
кауіпсіздікті, тұрақтылықты қамтамасыздандыру - Шанхай бестігіндегі
ынтымақтастыққа баға беру, Дин Пэйхуаның Шанхай бестігінің даму негіздері
туралы теория, Ван Цзиньцунның Шанхай бестігінен Шанхай ынтымақтастық
ұйымына дейінгі өтпелі кезеңнің тарихи маңыздылығы сияқты ғылыми
мақалаларында қарастырылған. Аталмыш еңбектердегі қытайлық зерттеушілердің
Орталык Азия өңіріндегі қауіпсіздікті қамтамасыздандыру саласындағы
мемлекетаралық ынтымақтастықтың жаңа түрлеріне, Қытай және Орталық Азия
мемлекеттерінің экономикаларының өзара үйлесімді дамуы мен олардың
арасындағы көлік қатынасының дамуына назар аударғандығы, аймақтағы алпауыт
мемлекеттер арасындағы алауыздықтарға баса көңіл бөлген Батыс
зерттеушілерінің еңбектерінен ерекшелендіре түседі.
Қытай Халық Республикасының Орталық Азия елдерімен ынтымақтастык
мәселелері АҚШ-ның, Германияның, Францияның, Ұлыбританияның бірқатар
зерттеушілерінің еңбектерінде де қарастырылған. Олардың арасында 3.
Бжезинскийдің, Г. Кисинджердің, Р. Легволдтың, С. Хантигтонның, М.Б.
Олкоттың, Р. Оливьенің еңбектерін атауға болады.
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының қалыптасуы, оны жүзеге
асыру барысындағы кездескен қиыншылықтары мен жетістіктерінің бір қатар
тұстары Ж.У. Ибрашевтың, Қ.Е. Байзақованың, К.Қ. Қожахметовтың, Ф.Т.
Кукееваның және т.б. еңбектерінде қарастырылған. Қытайдың елімізге
ұстанатын сыртқы саясатының принциптері, стратегиялық басымдылықтары және
олардың екі ел қарым-қатынастарына тигізетін әсері туралы қызықты да
маңызды мағлұматтар саясаи ғылымдарының докторы, қоғам кайраткері, дипломат
Қ.С. Сұлтановтың еңбектерінен кездестіреміз.
Орталық Азиядағы Қытайдың дәстүрлі дипломатиясын, Цинь империясының
қазақ хандықтарымен қарым-қатынасын, оның сыртқы саясатындағы әдет-
ғұрыптарын зерттеуге алғашқылардың бірі болып өз үлесін қосқан қазақстандық
қытайтанушы-ғалым К.Ш. Хафизованың еңбектері мен кептеген мақалалары саяси,
әскери, қауіпсіздік, сауда-экономикалық және мәдени ынтымақтастык
саласындағы Қытай-Қазақстан қарым-қатынастарын жаңа көзқарас тұрғысынан
зерделегенін атап айтуға тұрады.
Қытайда қазақ қауымының қалыптасуының тарихи динамикасы, қазақ
халқының атамекен ұғымы, олардың дәстүрлі шаруашылығы мен рухани мәдениеті,
Абылай ханның ұлттық мемлекеттік территорияны қалпына келтіру әрекеті,
Қазақ-Қытай сауда байланыстарын ҚХР-ның реформа ұстанымдарының эволюциясын
және Батыс бөлікті игеру стратегиясынын көздеген мақсатын зерттеуді Н.
Мұқаметханұлының бір қатар еңбектерінен көреміз, Шыңжаң өлкесіндегі
державалардың күресі, Қытайдың осы өлкеде жүргізген ресми саясатын жан-
жақтылы зерттеулерді Н.А. Алдабектін монографиясынан және басқа
еңбектерінен көруге болады. Бұл еңбектер тақырыбымызды ашуға өзіндік үлес
қосты.
Қытай-Қазақстан қарым-қатынастар мәселесін тереңінен зерттеуге өзіндік
үлес қосушы қазақстандық саясаттанушы К.Л. Сыроежкин. Автордың соңғы үлкен
еңбектерінің бірі алдыңғы кезеңдердегі жасалынған ғылыми зерттеу
жұмыстарының қорытындысы ретінде даярланып, тарих, әлеуметтік-экономика,
саясаттану және халықаралық қатынастар мәселелерінің маңызды салалары
бойынша зерттеулері жинақталған.
Орталық Азиядағы Қытай факторын талдауға арналған өзбек зерттеушісі А.
Ходжаевтың монографиясы да өзіндік үлес қосты. Автор ғылыми еңбегінде ҚХР
кұрылғанға дейінгі Орталық Азияның тарихына тигізген ықпалын баяндап,
аймақтың бүгінгі дамуына әсер ететін Қытайдың кейбір факторларының
мағынасын ашып көрсеткен.
Аймақтағы қауіпсіздікті қамтамсыздандырудың ең негізгі факторларының
бірі ол шекара аймағын нығайту болып табылады. Бұл тұрғыда Қытай-Қазақстан
арасындағы мемлекеттік шекараның қалыптасу және айқындалу барысы, геосаяси
өзгерістердің екі көрші мемлекеттің арасындағы мемлекеттік шекара шебін
анықтауға тигізген өсері, Кеңес-Қытай қатынастарындағы шекара мәселесінің
негізгі тұстары тақырыбына қалам тартқан зерттеушілер С.Ж. Сапановтың, Н.Б.
Сейдіннің, Ч. Ибраевтың, Б. Тұрарбековтың еңбектерін зерттеу жұмыстарында
кеңінен пайдаландық. Ал ҚХР мен ҚР арасындағы трансшекаралық өзендер
мәселесі Б. Темірболаттың мақаласында қарастырылған.

І.ІІІ. Жапония елінің тарихы.

Жер аумағы, шекаралары, жағдайы: күн-шығыс елі. Аумағы жағынан
Жапонияны Батыс Еуропадағы ең ірі елдермен және АҚШ-тың штаттарымен
салыстыруға болады. Алайда, ол құрамы мен кескін – келбеті жағынан олардан
мүлде өзгеше. Жапония төрт ірі және төрт мыңдай ұсақ аралға қоныстанған
аралдар елі. Бұл тұтасымен аралдар әлемі! Жапония салыстырмалы түрде табиғи
ресурстарға кедей де, жағалауға бай. Жағалау сызығының ұзындығы (30 мың км)
жағынан ол АҚШ сияқты үлкен елді басып озады және бүкіл Африкамен
теңестіруге болады.
Жапонияның экономикалық – географиялық жағдайы (ЭГЖ-ы) ең алдымен,
былайша айқындалады: Еуразия құрылығы мен Тынық мұхиттың түйіскен жеріндегі
және Азия – Тынық мұхиты аймағының дәл ортасындағы Жапония орналасқан
аралдар тізбегінің (доғасының) ұзындығы 3,5 мың км-ге созылады. Бұл
Жапонияның халықаралық географиялық еңбек бөлінісіне қатысуы үшін өте үлкен
мүмкіндік береді.
Азияның ең шығысында Жапонияның орны оның Күншығыс елі дейтін
атауынан да бейнелі көрініс тапқан.
Халқы: табиғи өсу ерекшелігі, ұлттық құрамы, орналасуы. Жапония
халқының саны жағынан дүние жүзі елдерінің алғашқы ондығын аяқтайды.
Алайда соңғы онжылдықтарда халқының табиғи өсу сипаты күрт өзгерді. Жапония
өсудің екінші түрінен бірінші түріне өткен Азиядағы мемлекетке айналды.
Бұл демографиялық революция өте қысқа мерзімге өтті. Ол жапон
қоғамының аса ірі әлеуметтік – экономикалық қайта құрылуының, білім беру
мен денсаулық сақтау саласында үлкен жетістіктерге жетуінің нәтижесінде
іске асты. Жапония – дүние жүзінде балалар өлімінің көрсеткішінен ең
төмендігімен және өмір сүру орта жасы бойынша көрсеткішінің ең
жоғарылығымен танылған салауатты адамдар елі. Сондай-ақ оған мемлекеттік
демографиялық саясат үлкен әсер етті. Онда отбасының мәселелерін жоспарлау
жөніндегі сабақтар мектептің жоғары сыныптарында-ақ өткізіледі. Неғұрлым
кеш некелесу қатты насихатталады.
Жапония халқының ұлттық құрамы мүлде бірыңғай. Бұл – типтік бір ұлтты
ел, мұнда жапондықтар халықтың 99% -ынан астамын құрайды. Жапон тілі қте
ерекше және басқа тілдік топтардың бірде-біреуіне қосылмайды. Әрі иероглиф,
әрі буындық әліппе ретінде пайдаланылатын қазіргі жапон жазуының жүйесі де
өте күрделі. [5,44 б]
Елде ерте феодалдық кезеңнің өзінде енген екі негізгі дін бар:
синтоизм және буддизм. Дінге сенушілер бір мезетте қатар өмір сүріп жатқан
осы екі дінді де тұтынады; қайсысының әсері басым болса, соған көбірек ден
қояды.
Жапония – балаларды ең ерте жастан бастап оқытып, тәрбиелеуге үлкен
көңіл бөлетін бірден-бір жоғары мәдениетті, жаппай сауатты ел. Жапонияда
университеттердің саны бүкіл Батыс Еуропадағыдан көп. Бұл ел – байырғы
мәдениетті, әсемдікті және тұрмыс дәстүрін берік сақтаған, жапондық өмір
салты дейтін түсініктің құрамына енетін ежелден келе жатқан мәдениеттті ел.

Жапондардың ұлттық дәстүрлерінің бірі – қоршаған ортаны , ағаштар мен
гүлдерді, жануарларды аялап, қорғау дәстүрі адамдардың бойына бала жастан
сіңіп, қалыптасады. Сондықтан Жапонияда әрбір маусым бойынша табиғатта
серуендеу кең өріс алған, мысалы: көктемде жабайы шиенің (сакура) гүлдеуін,
күзде үйеңкі орманын тамашалау ұлттық мекерелердің біріне айналған. Қазір
осылардың бәрі батыстан елес бере бастады.
Халық тығыздығының орта есебі бойынша (1 км2 –ге 340 адамнан) Жапония
дүние жүзінде алдыңғы орындардың бірін иеленеді. Шын мәнінде мұнда халықтың
тығыздығы едәуір жоғары, өйткені елдегі халық түгел дерлік жағалық ойпаттар
мен өзен аңғарларында шоғырланған.
Жапония соңғы онжылдықтарда урбанизация қарқынының өте жоғарлығымен
ерекшеленеді. Осы көрсеткіштің нәтижесінде ол дүние жүзінде алғашқы
орындардың біріне шықты. Елде екі жүзден астам үлкен қала бар.
Қаланың жапондық үлгісінің көптеген өзіне тән сипаттары бар.
Қалалардың көбі орта ғасырларда феодалдық сарайлардың, монастырьлардың,
пошта жолдарының төңірегінде пайда болған. Олар өзінің құрылымдық формасы
мен бір және екі қабатты құрылысын әлі күнге дейін сақтап келеді. Екінші
дүниежүзілік соғыстан кейін көптеген үлкен қалалар американдыруға
ұшырады: олардың орнына банкілер, монополиялардың штаб – пәтерлері
орналасатын көп қабатты үйлер пайда болды. Алайда, бір ерекшелігі – жапон
қалаларында бірыңғай іскерлік орталығы жоқ.
Атап айтқанда, қазір халықтың негізгі бөлігі үлкен қалалар мен қалалық
агломерацияларға шоғырлануда. Олардың ірілері Хонсюдың оңтүстік жағалауын
бойлап үзіліссіз тізбек түрінде созылып жатыр. Олардың ішінде Токио, Осаки
және Нагой қалаларының айналасына шоғырланған үлкен үштік агломерациясы
ерекше көзге түседі. Қалай болғанда да, Жапония Токиодан басталады деп
тегін айтпайды.
Токио – Жапон аралдарының ішіндегі ең үлкен Канто жазығында орналасқан
дүние жүзіндегі аса ірі қала. Ол 1869 жылы елдің астанасы болды және Шығыс
астана дегенді білдіретін осы атауына сол кезде ие болған. Өзінің тым
ретсіз салынуымен ерекшеленетін Токио - дүние жүзіндегі ең халқы көп
қалалардың бірі. Ол жоғарыға да (жер сілкінісіне төтеп берерлік 50-60
қабатты үйлер), төменге де (жер асты сауда орталықтары), жан – жағына қарай
да өсіп барады.
Осаки мен Нагой агломерациялары қасындағы Токионың басқа да
агломерацияларымен тұтасып, бұрынғылардан да ірі галактиканы - жағалауды
бойлау 600-700 км-ге созылып жатқан Токайдо мегаполисін дүниеге әкелді.
Мұндағы халықтың орташа тығыздығы 1 км2 –ге 800-1000 адамнан келеді, ал
ондағы адамның жалпы саны 55 млн-ға жетеді, бұл, мысалы, Италияның бүкіл
халқының санымен салыстыруға болады.
Шаруашылығы: XXI ғ-ға барар жолда. 50 – жылдардан бастап ширек ғасыр
бойы жапон экономикасы өте жоғары қарқынмен өсуде болды. Ел қысқа мерзім
ішінде ғылымда, техникада, білім беруде, өнеркәсіп пен саудада үлкен
жетістіктерге жетіп, қарыштап алға басты. Жапония дүние жүзіндегі ең басты
несие беруші елге айналды. Елде экономикалық өмірдің барлық саласында
түбегейлі қайта құрулар елеулі дәрежеде жүзеге асырылды, постиндустриялы
қоғамның негіздері жасалды.
Жапонияның өнеркәсібі алғашында негізінен эволюциялық жолмен дамыды.
Энергетика, металлургия, автомобиль және кеме жасау, химия, мұнай-химия,
құрылыс өнеркәсібі сияқты базалық салалар импорттық шикізат арқылы қайта
құрылған болатын. Бұлардың бәрі техника мен технологияның ең жаңа
жетістіктерімен жабдықталды, бұл кезде көптеген патенттер мен лицензиялар
шетелден, әсіресе АҚШ пен ГФР-ден сатып алынып, жергілікті жағдайға
бейімделіп құрылды.
Қуат және шикізат көздерінің дағдарысынан кейін, яғни 70-жылдардың
ортасында өнеркәсіп дамудың революциялық жолына түсті. Ел импортқа тәуелді
отын мен шикізатты қажет ететін өндірістерді (қуат көзі мен металға қатысты
болып келетін) барынша азайып, ал ең жаңа ғылымға тікелей қатысатын
салаларды барынша көбейте бастады. Ғылым электроника, жұмыс техникасы,
биотехнология салаларында жетекші орынға ие болып, дәстүрлі қуат көздерін
пайдалануға кірісті. Жапония ғылымды қаржыландыру үлесі жағынан дамыған
елдердің ішінде бірінші орын алады, ал ғылыми қызметкерлірдің саны жағынан
ГФР, Ұлыбритания және Францияны қосып есептегендегіден асып түседі.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ауыл шаруашылығын да түбірімен
қайта құруға тура келді. 1929 жылы Н.И. Вавилов осы елге жасаған сапарынан
кейін өзінің Пять контингентов дейтін кітабында былай деп жазды:
Жапониядағы егіншілік өзінің өнімділігімен таң қалдырады. Орталық және
Оңтүстік Жапонияда жердің әрбір кішкентай пұштағы жете пайдаланылған.
Әрине, қазір дәстүрлі шаруашылықтағы өнімді еңбек әлі сақталып отыр. 40-
жылдардың аяғындағы аграрлық реформадан кейін помещиктік жер иеленушілік
жойылып, жер шаруалардың меншігіне берілді де, негізгі өнім өндірушілер
фермерлер болып шықты.
Ауыл шаруашылығының құрылымы да өзгерді. Жапония әрқашан да таза
егінші ел болатын. Егістік жердің тең жартысын алып жататын күріш
бұрынғысынша дәнді дақылдардың ішіндегі жапондардың негізгі наны болып қала
берді. Бау – бақшамен айналысу, мүйізді ірі қара мал (сиыр), шошқа, құс
өсіру жақсы дамыды. Жапондардың тамақтану рационы еуропалық және
американдық рационға жақындай түсті.
Жапондық шаруашылықтың тағы бір дәстүрлі саласы – балықшылық. Балық
аулау жөнінде Жапония алғашқы орындардың бірінде тұр. Елде 3 мыңнан астам
балық аулау аймағы бар. Теңіз жағалауының жануарлар дүниесі мол және әр
алуан болуы тек балықшылық қан емес, теңіз өнімдерін дайындауды дамытуға да
мүмкіндік берді. Балық пен теңіз өнімдері жапондардың азықтық рационында
үлкен орын алады. Сондай-ақ онда інжу-маржан кәсібі дамыған.
Жапонияда өзен қатынасы мен құбыр тартудан басқа көлік түрлерінің бәре
де жақсы дамыған. Өзінің көлік-жол торабы бойынша бұл ел Батыс Еуропа
елдерін еске түсіреді, бірақ жүк, әсіресе жолаушылар тасымалдауда олардың
кез келгенінен асып түседі. Ал, жолаушылар тасымалдайтын темір жолдарының
молдығы жөнінен дүние жүзінде бірінші орын алады. Жапония сондай-ақ аса ірі
және ең жаңа теңіз сауда кемелеріне ие болып отыр. Олар кеңінен қолданылады
және өзінің ¾ салмағындай жүк көтеріп жүзетін арзан көлік.
Жапония шаруашылығының аса маңызды ерекшелігі – оның халықаралық
экономикалық байланысқа айрықша кеңінен тартылуында. Елдің нашар қамтамасыз
етілуі - өз отыны мен шикізатының жетіспеуінде, сондықтан оның 910 бөлігін
сырттан алады. Екінші жағынан, елдің экономикасы дайын өнімдерді
экспорттауға төтенше тәуелді. Жапония белсенді сауда балансына ие. Дүние
жүзінің көптеген елдері жапон фотоаппараты, бейне үнтаспалары,
калькуляторы, сағатың автомобилі мен мотоциклін сатып алады. Жапония –
барлық Азия – Тынық мұхит аймағы елдерінің басты сауда серігі. Жапон
бизнесмендерінің айтатын сөзі – сауда жасау немесе өлу. Соңғы кезде бұл
ел тауар экспорттаудан капатал экспорттауға көбірек ойысып барады. Жапондық
тікелей инвестиция негізінен Солтүстік Америкаға, Еуропаға, Азияның басқа
да елдеріне бағытталған.
Шаруашылығының жер аумақтық құрылымы: екі жақты ел. Жапония
алдыңғы және артқы (немесе күнгей және теріскей) дейтін мүлде әр
басқа екі бөліктің өзара сәйкестенуімен ерекшеленеді. Жапонияның алдыңғы
бетін ең алдымен Хонсю аралының жағалау – ойпаты бойынша өтетін аса кең
емес (15-65 км) Тынық мұхит белдеуі құрайды. Құрылыс аландарының жетіспеуі
салдарынан көптеген, оның ішінде аса ірі кәсіпорындар бүкіл жағалауды
бойлай созылып жатқан теңізден жаулап алынған учаскелерге салынған.
Тынық мұхит белдеуі Жапонияның өнеркәсіп белдеуі деген атқа ие болды,
бірақ бұл мүлде осылай деп кесіп айтуға келмейді. Оның маңында өнімді ауыл
шаруашылығының көптеген басты аудандары, басты-басты көлік магистральдары
және елдің аса маңызды аймақтары орналасқан. Жапонияның негізгі көлік
қатынасының күретамырын бүкіл Тынық мұхит белдеуін ұзынынан басып өтетін
Синкансен жүрдек темір жол магистралі құрайды.
Жапонияның артқы бөлінгін, ең алдымен шеткі аймақ деп аталатын таулы
– орманды Хонсю құрайды. Бұл жерде ағаш дайындалады, мал өсіріледі. Мұнда,
әсіресе курорттық демалыс пен туризм жақсы дамыған. Жапонияда адамдардың
орын ауыстыруға құмарлығы сонша – үлкендер де, мектеп оқушылары да
көпшілік болып туристік сапармен бір жерден екінші жерге үздіксіз ағылып
жатады. Соңғы кезде Жапонияның мемлекеттік аймақтық саясаты бұл экологиялық
жағынан таза шеткі аймақты игеруге қатты мән беріп отыр. Тынық мұхит
белдеуінің жүгін жеңілдету мақсатымен барлық технополистердің жартысы –
ғылым мен ғылым тікелей қатысатын өндірістердің жаңа орталықтары шеткі зона
– Хонсю аралында құрылуда. Таяу уақытқа дейін шеткері қалып келген Хоккайдо
аралын игеру дүние жүзіндегі ең ұзын Сейкан темір жол туннелін салуға
мүмкіндік береді. Алайда, тұтастай алғандағы жер аумағының сәйкессіздіктері
баяу шешілуде.

ІІ. Үндістан, Қытай, Жапонияның саяси феодалдық құқықтық
институтарының негізгі және қайнар көздері.

ІІ.І. Үндістанда феодалдық қатынастың орнауы. Гупта мемлекеті.
VI-VII ғасырларда Үндістанда феодалдық қатынас толық үстемдік ала
бастады. Үндістан жеріндегі Ганг және Үнді өзендерінің жағасында тұратын
тайпалар бірігіп, мемлекет құруға бет алды. Біртұтас халық болып
қалыптасуға ортақ мәдениет және ортақ тіл негіз болды. Ертеден келе жатқан
индуизм мен санскрит тілдері халықтардың ортақ тіліне айналды. IV-VI
ғасырларда Магадхи жерінде сол кездегі ең ірі Гупта империясы құрылды.
Гупта әулетінің билігі Чапдрагуптаның (320-340) қолына тиеді. Оның баласы
Самудрагупта (340-380) тұсында Гупта мемлекеті күшейіп, Батыс Бенгалиядан
Пенджабқа дейінгі аралықтағы Солтүстік Үндістанды биледі.
Үндістан феодалдық қоғамының өзге елдерден ерекшелігі - әлеуметтік каста
жүйесінің болуы. Әлеуметтік касталар брахман,кшатрий, вайший, шудра деп
аталады. Сонымен қатар касталарға кірмеген қоғамның ең бір қорғансыз бөлігі
кесапаттылар деп аталған. Дүниеге келген әрбір үнділік абыздар, ақсүйек
жауынгерлер, егіншілер, қызметшілер топтарының біріне жататын болды.
Абыздар мен ақсүйектер елдің саяси биліғі тізгінін ұстады, қызметшілер ең
кедей топқа жатты. Қызметші касталарымен сөйлесу, жақындап бірге жүру
немесе бір үйде отыру абыздар мен ақсүйектер касталарында жиіркеніш
туғызатын.
VII-XII ғасырларда Үнді жерінде феодалдьщ қатынас тереңдей түсті. Мүлік
теңсіздігі күшейіп, феодалдық тап қалыптасты. Ірі феодалдық жер иеліктері
үлғая түсті. Жер патша иелігіндегі мемлекеттік меншік болып саналды. Патша
бүкіл жерді 4 иелікке бөлді:
1) мемлекеттік мүддеге пайдаланылатын жер;
2) патша қызметкерлеріне арналған;
3) аскан қабілетімен көзге түскен адамдарға сыйға тартылатын жер;
4) дін қызметкерлеріне берілетін жер.
Ірі феодалдық жерлер кейіннен мұрагерлікке берілетін болды. Ол жерде
феодалдар отбасымен тұрды. Әскери адамдар қызметі үшін алған шаруалардың
қауымдық жерін тартып алу арқылы өз иеліктерін кеңейтіп отырды. Сөйтіп
шаруалар кедейлене берді. Олар қауымда түрғанымен феодалдарға қызмет
атқаруға міндетті болды. Шаруалар қауымы мүшелеріне өте ауыр салықтар
салынды. Салықты төлей алмаған шаруа қауымнан қуып жіберілді. Кей уақытта
патша жарлығымен храмға қауымдық жер онда тұратын шаруаларымен қоса
берілді. Шаруалар қауымдық жерінен айырылып, кіріптарлыққа душар болып
отырды. Қауымдық жер иелігінің көбі мемлекеттікі болды. Сондыктан үнді
шаруасы феодалдық мемлекетке кіріптарлықта өмір сүрді.
Ұлан-ғайыр Гупта державасын басқару үшін күшті әкімшілік және әскери
аппарат құрылды. V ғасырдың ортасында халықтың тұрмыс жағдайы төмендеп,
салықтың шексіз көптігі халық наразы- лығын туғызды. Ішкі саяси тұраксыздык
кезінде, V ғасырдың аяғында Гупта мемлекетіне ғүн-эфталиттер жойқын шабуыл
жасап, батыстағы Мальва, Гуджарат аймағын басып алады. Ұзақ уақытқа
созылған эфталиттер шабуылы мемлекетті қатты әлсіретті. Ішкі талас-
тартыстар да тоқтамады. Осының әсерінен VI ғасырдың аяғында Гупта мемлекеті
кұлады.
Хариш мемлекеті
VII ғасырдың бас кезінде Хариш(606-647) билік басына келіп, ірі
мемлекет құрды. Хариш мемлекеті Солтүстік Үндістан жерін, Ганг өзенінің
бойын, Шығыс Пенджаб және Бенгал шығанағына дейінгі жерлерді бағындырады.
Харши өлгеннен кейін мемлекет әлсіреп, елде тұрақсыздық күшейеді.
Нәтижесінде мемлекет бірнеше кіщігірім кінәздіктерге бөлініп кетеді. Үнді
жеріне көрші мемлекеттердің шабуылы басталды
VII ғасырдың аяғында Үндістан мен Ауғанстанды арабтар жау- лап алып,
ислам дінін енгізеді. Арабтардың жаулауы XIII ғасырға дейін созылады. 1206
жылы Кутб-уд-дин-Айбек Солтүстік Үндістанда Дели қаласын астана етіп, жаңа
мемлекет құрады. Мемлекет Дели сұлтандығы деп аталды.
Айбек сұлтан кезінде (1206-1210) Дели сұлтандығы күшті, біртұтас
мемлекетке айналды. Бірақ 1221 жылы Шыңгысхан бастаған монғол әскері
Пенджабты талқандайды. Монғол шапқыншылығына жергілікті халық қатты
карсылық көрсетеді.
1398 жылы Дели сұлтандығы әлсіреп, феодалдық бытыраңқылықты бастан
өткізіп жаткан кезде, 120 мың қолымен Әмір Темір шабуыл жасайды. Ол 1366-
1405 ж. аралығындағы Орта Азияның құдіретті билеушісі болған. Пенджаб
қаласын жаулап алып, Дели сұлтандығын құлатып, Үндістанда Әмір Темір билігі
орнайды. Бұл орта ғасырлар тарихындағы ең жойкын кезең болды. Әмір Темір
заманында Үндістанның солтүстігінде мұсылман діні толық орнығады. 1526 жылы
Әмір Темірдің шөбересі Бабыр Ауғанстан арқылы Үндістанға шабуыл жасап, Дели
қаласын өзіне бағындырады. Дели қаласын жаулап алғаннан кейін Бабыр шах
(император) деген атақ алады.Солтүстік Үндістан жерінен 100 мың әскер
жинап, Бихар және Бенгал жерін бағындырып, Ұлы Могол империясын құрады.
[2,78 б]
Ұлы Моғол империясы Бабырдың немересі Акбар(1556-1605) т9сында ірі
мемлекетке айналды. Акбар Үндістан жеріндегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықтың маньчжур үстемдігіне наразылығы өршіді
Мемлекет туралы түсініктер
ХҮІІ ғ. - ХХІ ғ. аралығындағы Азия елдері
Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы. Оку-әдістемелік құрал
Қазақстанның сыртқы саясатындағы Жапония рөлі
Ежелгі Жапонияда мемлекет пен құқықтың пайда болуы
Орта ғасырлардағы Азия, Африка елдерінің тарихы пәні бойынша семинар сабақтарына арналған оқу әдістемелік құрал
«Азия және Африка елдерінің жаңа тарихы» пәнінен лекция жинағы
Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы
Цинь империясының сыртқы саясатының кезеңдері
Пәндер