ЖШС Қазақстан Ұны қазіргі кезіндегі қаржылық жағдайы


МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1 Кәсіпорын экономикасында қаржының мәні мен рөлінің теориялық негіздері
1. 1 Қаржының мәні мен рөлі
1. 2 Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы қорлары
1. 3 Шетел мен қазақстандағы кәсіпорын экономикасын айырмашылығы
2 ЖШС “Қазақстан ұның” мысалында кәсіпорын экономикасындағы қаржылық жағдайы
2. 1 Кәсіпорының қысқаша мінездемесі
2. 2 ЖШС «Қазақстан ұның» технологиялық тізбегі
2. 3 ЖШС “Қазақстан Ұны” қазіргі кезіндегі қаржылық жағдайы
3 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен іскерлік
белсенділігін арттыру
3. 1 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау
3. 2 Кәсіпорынның табыстылығын арттыру
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттердің тізімі
Кіріспе
Елімізде өтіп жатқан нарқтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігінің 10 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа нақыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сыйып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтан бұған дейін ынта - ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігіні, қайта артта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.
Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қа-жеттілік салдарынан туыңдады: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргіз-бей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.
Қай уақытта да болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік -әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде оның мәнділігі одан әрі арта түседі. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік («иесіз») меншік жағдайында кеңінен орын алған ұқыпсыздық пен жауапкерсіздікті іскерлік, бас-қарушылық, қатаң орындаушылық тәртіп, ұқыптылық және үнемділікпен ал-мастыру - нарықтық экономиканың өзіне тән ерекшеліктері.
Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесі мен өз-геше іс-әрекетті талап етеді. Ол зауыт қоймалары мен ашық алаңдарда, ма-териалдар мен шикізаттың қисапсыз қорларының көгеріп, тот басып жатуына, яғни миллиондаған теңгенің доғарылып, бекерге ысырап болуына жол бере ал-майды.
Кәсіпорын мүлкіне салынған әрбір теңге жаңа табыс әкелу үшін осы қорлар-ды қозғалысқа келтіреді. Жасанды көрсеткіш пен жоспар үшін жұмыс істеу келмеске кетеді.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың ша-руашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі кө-бінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғарғы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т. б. ) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады.
Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз тандауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып, оны ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады. Басқаша сөзбен айтқанда, шаруашылықты жүргізуші субъектілердің қызметінің жетістікте-рі басқару деңгейіне, қабылданған шешімдердің объективтілігі, нақтылығы, шұ-ғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді шешімдердің қа-былдануы, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланып, еліміздің экономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.
Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қа-ражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негіздел-ген үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсеңділігін арт-тыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.
1 Кәсіпорын экономикасында қаржының мәні мен рөлінің теориялық негіздері
1. 1 Қаржының мәні мен рөлі
Қаржы - ақша қаражатын, қаржы ресурстарын олардың жасалуы мен қозғалысы, бөлiнiсi мен қайта бөлiнiсi тұрғысынан алып қарайтын, сондай-ақ шаруашылық жүргiзушi субъектiлер арасындағы өзара есеп айырысуларға, ақша айналысына байланысты туындайтын экономикалық қатынастарды бiлдiретiн қорытындылаушы экономикалық термин.
Қаржы - ақша құралдарының қорларын бөлу және пайдалану туралы қатынастар жүйесi.
Қаржы «қолма-қол ақша», «табыс» ұғымын бiлдiретiн орта ғасырдағы латын тiлiнiң . financia сөзiне пайда болған француздың finance
сөзiне шыққан.
Қаржы қоғамда нақты өмiр сүретiн, объективтi сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндiрiстiк қатынастарды бiлдiретiн ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесiндегi экономикалық қатынастарды қамтып көрсететiн тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бiрi болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелi тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттiң және оның ресурстарға қажеттiлiктерiнiң дамуымен тығыз байланысты болады.
Қаржының мәнi, iс-әрекет механизмi және рөлi оның функцияларынан айқын көрiнедi. Қаржының мәнiн толық ашу оның ұғымы мен қажеттiгiн ғана емес, сонымен бiрге қаржының қоғамдық арналымын, яғни оның функцияларын анықтауды да талап етедi.
Қаржыға қатысты функция осы экономикалық категорияға тән қызмет тобын, мәннiң iс-қимылдығы көрiнiсiн, сапасының өзiне тән категориялары кескiнiң айрықшылықты әдiстерiн бiлдiредi. Функцияда категорияның қоғамдық арналымы қамтып көрсетiледi, оның экономикалық табиғаты ашылады.
Қазiргi уақытта қаржының бөлгiштiк және ұдайы өндiрiстiк тәрiздi екi тұжырымдамасы танылып отыр. Бiрiншi тұжырымдаманың жақтаушылары қаржы қоғамдық өндiрiстiң, екiншi стадиясында - ақша нысанындағы қоғамдық өнiмнiң құнын бөлу процесiнде пайда болады, қаржының бөлгiштiк сипаты оның iс-әрекет етуiнiң ерекшелiгiн көрсетедi деп санайды. Бұл тұжырымдамаға сәйкес қаржы екi функцияны орындайды: бөлу және бақылау.
Бөлгiштiк қатынастардың ерекше сферасы ретiнде қаржының мәнi ең алдымен бөлгiштiк функцияның көмегi арқылы көрiнедi. Тап осы функция арқылы қаржының қоғамдық арналымы - шаруашылық жүргiзудiң әрбiр субъектiсiн оған қажет арнаулы мақсатты ақша қорлары нысанында пайдаланылатын қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету жүзеге асырылады.
Жалпы қоғамдық өнiмнiң құны, сонымен бiрге ақша нысанында тұлғанатын ұлттық байлықтың бiр бөлiгi қаржының бөлгiштiк функциясының iс-әрекетiнiң объектiлерi болып табылады.
Қаржының көмегiмен бөлгiштiк процесс қоғамдық өмiрдiң барлық сфераларында - материалдық өндiрiсте, айналыс және тұтыну сфераларында өтедi. Бөлудiң қаржылық бөлiнiске бөлiнудiң әр түрлi түрлерiн - iшкi шарушылық, iшкi салалық, сала аралық, аумақ аралық бөлiнiстi тудыратын көпсатылық тән.
Бөлу функциясы қаржы құралдарын қоғамдық жалпы өнiм мен оның маңызды бөлiгi - ұлттық табысты, сондай-ақ ұлттық байлықтың бiр бөлiгiн бөлу және қайта бөлу процесiнде пайдаланған кезде көрiнедi. бұл функцияны қаржы өнiмдi өздiгiнше бөле бередi деген мағынада емес, қаржы тек жасалған өнiмдi бөлудi ғана ортақтастырып, жүзеге асырады.
Қаржының бөлгiштiк функциясының iс-әрекетi оның мәнiнен:жиынтық қоғамдық өнiмдi, ұлттық табысты және таза табысты бөлумен және қайта бөлумен байланысты қатынастарды қамтамасыз етуден; табыстар мен қорланымдарды қалыптастырудан; ақша қорларын жасаудан туындайды.
Қоғамдық өнiмдi бөлу алғашқы және кейiнгi, немесе қайта бөлу болып ажыратылады.
Қаржы көмегiмен жететiн нәтижелердi бағалауға жалпы тәсiлдеме қаржының рөлiн 3 бағытта атқаруға мүмкiндiк жасайды:
-ұлғаймалы ұдайы өндiрiстiң қажеттiлiктерiн қажеттi қаржы көздерiмен қамтамасыз ету тұрғысынан;
-қаржыны қоғамдық өндiрiстiң құндық құрлымын реттеу үшiн пайдалану тұрғысынан;
-қаржының әлеуметтiк-экономикалық дамудың ынталандырмасы ретiнде пайдалану тұрғысынан.
Қаржы қоғамда нақты өмiр сүретiн, объективтi сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндiрiстiк қатынастарды бiлдiре отырып, тарихи қалыптасқан экономикалық категория ретiнде көрiнедi.
Қаржы ұғымы мемлекетпен бiрге бiр уақытта қоғамның таптарға жiктелуi кезiнде, мемлекеттiң дамуы мен оның ресурстарға деген қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға байланысты жүйелi тауар-ақша айырбасы жағдайында пайда болып, дамыды және ол ақша нысанындағы қоғамдық өнiмдi бөлумен байланысты болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Тауар-ақша қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық экономика жағдайындағы қаржы нақтылы және үздiксiз болып жататын ақша айналымын - ақша ағынын бейнелеп көрсетедi.
Қаржының мәнi, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту сферасымен қоғамдық ұдайы өндiрiс процесiндегi рөлi қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттiң табиғатымен және функциялармен айқындалады.
Экономикалық өмiрде қаржының сыртқы көрiнiсi қоғамдық өндiрiстегi әр түрлi қатысушылар қаражаттарының қозғалысы түрiнде болып жатады. Құбылыстар бетiнде бұл қозғалыс ақшалай сомманы қолма-қолсыз немесе қолма-қол ақшамен есеп айырысу түрiнде бiр иеленушiден басқа иеленушiге беруi болып табылады.
Қаржы - ақша қатынастарының ажырағысыз бөлiгi, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберiндегi қоғамдық ұдайы өндiрiстiң түрлi субъектiлерi арасындағы бүкiл ақша қатынастарын емес, тек айырықша ақша қатынастарын бiлдiредi, сондықтан оның рөлi мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.
Жалпы қоғамдық өнiм мен ұлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу процесiнде қалыптаса отырып, қаржы қоғамның түпкiлiктi материалдық ресурстар бөлiгiнiң ақшалай көрiнiсi болып табылады.
Қаржы қатынастарының пайда болуы өзi жайында әрқашан ақшаның нақты қозғалысымен аңғартып отырады.
Қаржы қатынастары өзiнiң негiзiнде бөлгiштiк қатынастар болып табылады. Қаржының арқасында экономиканың барлық құрылымдық бөлiктерiнде және фирманың түрлi деңгейлерiнде қоғамдық өнiм құнын қайта бөлудiң сан алуан процестерi жүзегет асады. Қаржы қатынастарының бөлгiштiк сипаты экономикалық категория ретiнде олардың айрықша белгiсi болып табылады.
Қаржының түрлi мақсатты ақша қорларының қозғалысында көрiнуi оның маңызды ерекше белгiсi болып табылады. Ақша қорлары, iстiң шын мәнiнде, қаржы қатынастарының объектiлерi болып табылады.
Ақша қаражаттары экономикалық өмiрде, әдеттегiдей, баламалы, яғни тауар және ақша нысандарындағы құнның тең қозғалысы негiзiнде пайдаланылады. Баламалылық белгiсi басқа экономикалық категориялардың - бағаның, еңбекақының, несиенiң iс-қимылына тән. Ақша қорларыыының бүкiл ақша қаражаттарынан бөлiнiп тұратын ерекшелiгi сол, олар экономиканы басқарудың барлық деңгейлерiнде ақша нысанындағы құнның бiр жақты қозғалысының негiзiнде жасалынады.
Қаржы - бұл қоғамдық өнiмдi бөлу және қайта бөлу процесiнде пайда болатын айрықша экономикалық қатынастардың жиынтығы., мұның нәтижесiнде ұдайы өндiрiс қатысушыларының сан алуан қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн олардың ақшалай табыстары, қорланымдары мен қорлары жасалып, пайдаланылады. Қаржының қажеттiгi объективтi мән-жайдан - тауар-ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттiлiктерiнен туындайды. Қаржының басты арналымы - табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржы ресурстарына деген қажеттiлiктерiн қанағаттандырып отыру және бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау. Қаржы ресурстары болмаса, қаржы механизмi арқылы барлық жағдайда ықпал етудiң кең мүмкiндiктерiн пайдалана алмаса, мемлекет өзiнiң iшкi және сыртқы саясатын жүзеге асыра алмайды, өзiнiң әлеуметтiк-экономикалық бағдарламаларын, қорғаныс және елдiң қауiпсiздiгi функцияларын қамтамасыз ете алмайды. Қаржының мәнi ақша нысанындағы құн қозғалысынан туындайды. Бұл қозғалыстың шарты тауар-ақша қатынастарының болуы және экономикалық заңдардың, соның iшiнде құн заңының iс-әрекетi болып табылады. Экономиканың жұмыс iстеуiнiң нарық жағдайында мемлекет тауар-ақша қатынастарын әлдеқайда аз дәрежеде реттейдi, негiзгi реттеушi тауарлардың, жұмыстардың және қызметтер көрсетудiң сұранымы мен ұсынымы болып табылады.
Қаржы ғылыми қаржыны тек экономикалық категория, яғни айырықшалықты өндiрiстiк қатынастардың жиынтығы ретiнде ғана қарастырып қоймайды, сонымен бiрге мақсатты ақша қорлары түрiндегi олардың материалдық iске асуын баса көрсетедi.
Қаржы ресурстарында негiзгi орынды таза табыс және амортизациялық аударымдар алады.
Қаржы ресурстарының қаржы қорларының айырмашылығы бар.
Қаржы ресурстары деп ақша қаражаттарының көздерiн, шарушылық органның немесе шаруашылық жүргiзушi субъектiсiнiң мұндай қаражаттарды жасау мүмкiндiктерiн түсiнедi. Қаржы ресурстары - бұл қорлардағы, яғни ақша қаражаттарының мақсатты босалқы қорларындағы «байланылған» қаражаттар, сондай-ақ әлi мақсатты белгiлi бiр бағыттылығы жоқ қорлар бойынша қалыптаспаған ақша қаражаттары.
Қаржы ресурстарын пайдалану негiзiнен арнаулы мақсатты арналымның ақша қорлары арқылы жүзеге асырылады. Қаржы ресурстарын пайдаланудың бүкiл жүйесiнiң құрамды бөлiгi.
Қаржы және қаржы ресурстары - бара-бар ұғымдар емес. Қаржы ресурстары өзiнше қаржының мәнiн анықтамайды, оның iшкi мазмұны мен қоғамдық арналымын ашпайды. Қаржы ғылымы тап мұндай ресурстарды жасау, бөлу және пайдалану негiзiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды зерделейдi, ол қаржы қатынастары заңдылықтарын зерттейдi.
Қаржы ресурстары жалпы қоғамдық өнiмнiң жартысын құра отырып, мемлекеттiң қаржылық қуатының көрсеткiшi болып табылады. Қоғамдық өнiм мен ұлттық табысты өндiру, бөлу және қайта бөлу процесiнде қалыптаса отырып, олар түпкiлiктi пайдалануға, яғни негiзгi құрал-жабдықтарды толтыруға, ұлғаймалы ұдайы өндiрiстi қамтамасыз етуге және жалпы мемлекеттiк қажеттердi қанағаттандыруға қоғам жұмсайтын материалдық ресурстардың бiр бөлiгiнiң ақша көрiнiсi болыр табылады.
Қаржы ресурстарының қозғалысы жиынтық қаржы балансында да қамтып көрсетiледi.
Қаржы ресурстарының құрамында олардың аса маңызды екi бөлiгiн бөлiп көрсетуге болады:
мемлекеттiң кiрiстерi
бюджеттен тыс қаражаттарды
Қаржы ресурстарының өсуiне сонымен қатар жалпы алғанда қоғамдық өндiрiстiң, сондай-ақ өнеркәсiп өндiрiсiнiң материалдық-заттық құрылымы да әсер етедi.
Мемлекеттiң қаржы ресурстары көлемiнiң динамикасы мен құрылымының тенденциялары нарықтық қатынастарға көшу бағдарламаларын жүзеге асырудың нәтижесiнде тиiмдiлiгiн айтарлықтай арттыру қаржы ресурстарын қалыптастырудың қарқынын тездетуге және өсуi интенсивтi факторлармен шарттасылған көздердiң үлес салмағын көбейту бағытындағы олардың құрылымын жақсартуға жеткiзетiндiгiн дәлелдейдi.
1. 2 Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы қорлары
Шаруашылық-қаржы қызметi процесiнде кәсiпорын мен ұйымдар қаржы қорларын - белгiлi бiр мақсаттарға арналған ақша қаражаттарын қалыптастырып, пайдаланады. Қорлардағы ақша қаражаттары үнемi қозғалыста болады:түседi, қордаланады, жұмсалады.
Кәсiпорындар мен ұйымдардың қаржы тәжiрибесiнде кәсiпорындардың, жеке саланың немесе бүкiл ұлттық шарушылықтың өндiрiстiк, шарушылық және әлеуметтiк қызметiндегi мақсат-мiндеттерiне қарай әр түрлi қорлар жойылса, кейбiрi өзгерiп, тқайсы бiреулерi жеке бөлiнiп шықты.
Қаржы қорларында ксiпорындар мен ұйымдар мүлкiнiң қозғалысы бұл ақпаратты өндiрiс, шаруашылық-қаржы және әлеуметтiк қызметтi басқаруда пайдалану үшiн толық немесе iшiнара түрде бейнеленедi.
Кәсiпорындар мен ұйымдардың жұмыс iстеуi үшiн неғұрлым елеулiлерi мен маңыздылары мына қорлар болып табылады:жарғылық, резервтiк капиталдар, қорлану қорлары, тұтыну қоры, еңбек ақы төлеу қоры, валюталық, жөндеу қорлары.
Жарғылық капиталдың мөлшерi шаруашылық қызмет процесiнде өзгерiп отырады: негiзгi капиталға жұмсалатын инвестициялар, таза табыс есебiнен болатын айналым капиталының өсiмi, тауар-материалдық құндылықтарды бағалауға дейiнгi және капиталдың басқс молықтырылуы нәтижесiнде көбейедi, негiзгi құралдарды шығару немесе беру, оның тозығын есептеу, зияндарды шығару, тауар-материалдық игiлiктердiң бағасын түсiру есебiнен кемидi.
Тұтыну қоры мыналарды кiрiктiредi:
бүкiл қызметкердiң еңбегiне ақы төлеу шығындары
ақшалай төлемдер, соның iшiнде жылдың қорытындысы бойынша сыйлықтар
еңбегi үшiн ынталандырудың басқа түрлерiне жiберiлетiн ақша және натуралдық нысандардағы қаражаттар
Қорлану қоры:
-кәсiпорынның қарамағында қалатын табыс;
-негiзгi капиталды қалпына келтiруге жұмсалатын амортизациялық аударымдар;
-шығып қалған мүлiктi өткiзуден түскен түсiм-ақша;
-банктердiң несиелерi;
-басқа да көздер.
Кәсiпорындар мен ұйымдардың валюта қорлары валюта қорлары қаражаттарының есебiнен мына көздерден қалыптасады:
-экспорттық валюталық түсiм-ақшадан;
-жарғылық капиталға түсетiн жарналардан;
-iшкi валюта нарығында өкiлеттi банктер мен айыцрбастау пунктерi арқылы валюта сатып алу.
1. 3 Шетел мен қазақстандағы кәсіпорын экономикасын айырмашылығы
Әдетте америкалық фирмалардың көлемі жұмысшылардың санымен бағаланады: өте ұсақ фирмалар - 20 адамға дейін жұмысшылары бар, шағын 20-дан 99 адамға дейін, орташа 100-ден 499-ға дейін, ірі 500 адамнан көп (2 сурет) . Көрсеткіштерді салалар бойынша құрады: бөлшек саудада 100 жұмысшысы бар, өңдеу саласында 500-ге дейін жұмысшылары бар фирмалар шағынға жатады.
2 - сурет. АҚШ-ғы әртүрлі деңгейдегі фирмалардың саны
АҚШ тәжірибесі көрсетіп отырғандай, шағын бизнес ортаның өзгерісіне тез бейімделгіш. Шағын кәсіпорындардың жаппай ликвидациясы кәсіпкерлерге кері әсерін тигізбейді. Жұмысшы күшінің және капиталдың территориялық және саналық ағымы жақсарады, тұтынушы сұранысының және жоғары өндіріс шағындарының өзгеруіне өндіріс қимылының жеделдігі жоғарылайды. Бір шағын кәсіпорындар жабылса, екінші біреулері ашылады.
Қазіргі уақытта АҚШ халқының 53 % шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейді 11 . АҚШ тәжірибесі шағын бизнес ірі өндірістің өзгерістерге, жаңа міндеттемелерге бейімделуін және икемділігін көтеретіндігін көрсетіп отыр.
Енді АҚШ-та шағын кәсіпорындарға мемлекет тарапынан көмекке келейік. Шағын кәсіпорындардың қызметі арнайы ұйымының - 1953ж АҚШ Конгресі құрған шағын бизнес әкімшілігінің құзырына кіреді. Сол жеке сектордың құқықтық негізгі болып табылатын шағын бизнес туралы Заң қабылданды. 1953ж Эйзенхаур президент болған кезде елде жұмыссыздық және инфляция болатын. Экономиканы жандандыру үшін - шағын бизнес әкімшілігін (ШБӘ) құрды. Ол өз қызметтерін дұрыс атқарды. Қазіргі уақытта АҚШ-та шағын бизнесте 22 млн кәсіпорын бар, онда елдегі барлық жұмысбастылардың 54 % қызмет етеді. Шағын бизнес кәсіпорындарының өндіріс және сату көлемі жалпы мемлекеттегі сату көлемінің 52 % құрайды, және 99, 7 % кәсіпкерлер - бұл шағын бизнес басшылары. Шағын бизнес әкімшілігі - шағын кәсіпорындарға қаржылық және кеңестік көмек көрсетеді. Басты міндеті - шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру, қолдау және өмір сүруін қамтамасыз ету. ШБӘ өз қызметін басқа агенттіктер мен комитеттер, соның ішінде қаржы, білім, кәсіби ассоциациялар мен бірігіп отырып жүзеге асырады. Мемлекет өнімнің ірі тұтынушыларының бірі болғандықтан шағын бизнес әкімшілігі шағын кәсіпорындарға мемлекетпен мәміле орнатуға көмектеседі. Әйел, мүгедек, ардагер - кәсіпкерлерге ерекше назар аударады. шағын бизнес әкімшілігі 5 мың адам жұмыс істейді, оның 4 мыңы Вашингтоннан тыс жерлерде. Ұйымның 10 аймақтық орталығы және 66 территориялық бөлімшелері бар. Олардың арасындағы байлаиыс аудан - аймақ - орталық тізбегі бойынша жүзеге асады. АҚШ-ғы шағын бизнес қоғамдағы ресми белсенділікті сақтау үшін маңызды болып табылады.
Америкалық тәжірибе көрсетіп отырғанындай кәсіпкерлік еркіндігін шектейтін кез келген үкіметтік немесе басқа да шектеулер ресми белсенділікті төмендетеді. Сондықтан шағын бизнестің барлық мүдделері АҚШ конгресінің бақылауында. Сонда да ерекше ролді шағын бизнес әкімшілігі шеңберіндегі жобалар ойнайды. Мысалы, шағын бизнеспен айналысқысы келетіндер үшін арнайы қызмет қарастырылған, олар тегін кеңестер береді, конференциялар ұйымдастырады, кездесу және семинарлар өткізеді. Оның үстіне, шағын бизнес бизнес - инкубатордың бастауымен ақпарат беру, кәсіпкерлерді оқыту және оларға әр түрлі сұрақтар бойынша кеңес берумен айналысатын орталықтар ұйымдастырылған.
Бұдан басқа, 1976 ж. арнайы шағын бизнес мүдделер қорғайтын Адвокаттық кеңсе құрылды, ол тікелей Президент пен Сенатқа бағынады. Адвокаттық кеңсе негізгі міндеттері:
... жалғасымемлекеттік заңдардың, жобалардың, ережелер мен салықтардың шағын бизнестің дамуына әсерін зерттеу.
Шағын бизнеске әсер ететін факторларға экономикалық және статистикалық зерттеулер жүргізу, шағын бизнес потенциалын бағалау, шағын бизнес мәселелері мен қажеттіліктерін зерттеу т. б.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz