Басқарудың теориясы мен практикасының дамуы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе
9
Кіріспе:

1 Менеджменттің түбірі мен дамуы

1. 1 Менеджменттің тарихи алғы шарттары

1. 2 «Менеджмент» пәнінің пайда болуы

9:

10

13

Кіріспе:

2 Басқарудың теориясы мен практикасының дамуы

2. 1 Басқару - адамдардың кәсіптік қызметі

2. 1 Басқару ғылымының зерделеу заты

9:

15

21

Кіріспе:

3 Әртүрлі мектептердің негізінде қалыптасқан басқару әдістері

3. 1 Ғылыми басқару мектебі (1885-1920 жылдар)

3. 2 Басқарудағы классикалық немесе әкімшілік мектебі (1920-1950 жылдар)

3. 3 Адамдық қатынастар (1930-1950 жылдар) және тәртіптік ғылымдар (1930 жылдан осы уақытқа дейін) мектебі

3. 4 Басқару ғылымы мектебі немесе мөлшерлік амал (1950 жылдан осы күнге дейін)

9:

27

30

33

35

Кіріспе: Қорытынды
9: 37
Кіріспе: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
9: 38
Кіріспе:
9:

Кіріспе

Басқару - өте ежелгі тәжірбие болып табылады. Адамдар топтар мен ұйымдарға бірігіп өмір сүре бастаған кезден басқару қажеттілігі пайда болды. Ерте кездегі Вавилонды, Египет пирамидаларын, Македонияны, Римді еске алатын болсақ, соның барлығы да үлкен үйлестіру, ұйымдастыру қызметтері арқылы жүзеге асырылып келеді.

Дегенмен басқару - қызмет пен тәжірбие ретінде өте ежелгі сипатқа ие болғанымен, ғылым және зерттеу саласы түрінде салыстырмалы түрде алғанда жаңа болып табылады. Өйткені көп басқару қызметті орындайтын орта буын басшыларының болмауы, басқару қызметтерінің нақты және деректі түрде бөлінбеуі, басшылықтың мұрагерлік және тартып алу арқылы берілу әдісі осыған түрткі болады.

Қорыта айтқанда, ХХ ғасырға дейінгі кезең де жүйелі, жан-жақты түрде басқару ғылымы жайлы ешкім терең ойлана қоймайды. Мәселен, ХХ ғасырдың басындағы Нью-Ланардегі Роберт Оуэннің батыл да тамаша әлеуметтік сипаттағы тәжірбиесін ешбір басшы өз тәжірбиесіндегі қолданған емес.

Басқаша айтқанда, соңғы ғасырға дейін басқарудың ғылыми әдістемелік маңызы айтарлықтай дамымай келді.

Өндірісті шоғырландыру мен жаратылыстану - техникалық білімдері жетістіктері нәтижесінде басқаруға ғылыми жүйе ретінде қызығып көңіл бөлу ХХ ғасырдың басынан орын алды. 1911 жылы жарияланған Фредерик У. Тейлордың Ғылыми басқару қағидалары атты еңбегі осы үлкен ғылыми бастаманың ұйытқысы еді. Тейлрдың піірінше, тиіді ғылыми басқару ұдайы, бақылау тәжірбие жасау және ой-саналық, топшылау арқылы анықталған көрсеткіштер көмегімен бизнесті жандандыратын қызмет саласы болып саналады. Тейлор өз теориясын тұжырымдай отырыпы, мынадай тоқтамға келді: дәстүрлі әдістің орнына - ғылым, қарама-қарсылықтың орнына - үйлесімділік, дербес жұмыстың орнына-ынтымақтастық еңбек өнімділігі арттыру, өте қажетті барынша қолайлы жағдай жасау.

1 Менеджменттің түбірі мен дамуы

1. 1 Менеджменттің тарихи алғы шарттары

Ерте заманның философтары қажетті басқарушылықтың жоқтығын кезіндегі қоғамның қайыршылық күйінің немесе адамдар арасында үлкен-кішіліктің сақталмауынан болар деп түсінді. Әділ және тиімді басқарудың табиғаты мен принциптері туралы сұрақтар көптеген ұлы ойшылдарды толғандырған тақырыпқа айналып, бағзы заманда-ақ "басқару адамдардың ортақ мақсаттарға жетуі үшін бірлесіп жасалатын тіршіліктерінен туындайтын процесс" деп есептеу басқаруға реалистік көзқарастың негіздері болып қаланған.

Платон, мысалға, басқаруды жалпы адамдарды тамақтандыру ғылымы ретінде қарастырып, басқару қызметі қауым өмірін қамтамасыздандыру жүйесіндегі маңызды элемент екенін дәлелдеген. Оның пікірінше, даналық пен басқару жалпы және ақылға сиятын заңдарға сүйенуі тиіс, бірақ олардың негізінде әрбір нақты жағдайда дұрыс шешім табу үшін бұл заңдардың өзі тым үстіртін және тар. Қоғамды іс жүзінде басқарудың өзі өнердің түрі болып табылатындықтан, билік құзыреттері заңдардың тура өздерінде емес, қоғамдық істері ақылға негізделген, басқару өнерін игерген, осы заңдарды дұрыс талқылауға және қолдануға қабілеті бар белгілі бір саясаткердің қолында болғаны мақсатқа сәйкес келеді. Патша адамдар тобырына күтім және бақылау жасайтын бақташыдай. Бұнда Платон қамқорлықтың екі түрін айырды: күшке негізделген (тирандық) және жұмсақ (саяси) . Мемлекеттің өркендеуіне барлық азаматтар өз үлестерін қоса отырып, әр кімге тән өз құлқынын белгілі бір тиісті өлшемдерге бағындыру үшін заңдармен жүгендеп отыру керек. Егер азаматтар қоғамда өздерінің қатаң белгіленген міндеттерін орындап отырса, әкімнің жұмысы олардың әоқайсысына араласпай, көптеген түрлі іс-әрекеттерді мәнерлі қиылысқан және мақсатты құрауға - тоқымаға біріктіру ғана.

Ұлы ойшыл Аристотель үй шаруашылығы ілімінің негізін қалап, соның негізінде құл иеленушілердің құлдармен айналысу тәртібіне, оларды басқарудың өнеріне үйрететін "қожайындар ғылымын" ойластырудың қажеттілігіне көңіл аударады. Бұл іс Аристотелые әжептәуір әбігерлі, "сондықтан кімде-кімнің осындай машақаттан аулақ болуға мүмкіндігі жетсе, бүл міндетті басқарушы өзіне алып, олардың өздері саясатпен немесе фәлсапамен айналысуына болады". Осыдан мың жылдан аса ғұлама ғалым Әбу Насыр әль-Фараби (870-950) өзінің "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактатыңда" қайырымды басшылықтың және топас басшылықтың диалектикасын толық баяндайды. Оның пікірінше, "халық үшін шын бақытқа сай шегіне жеткенше бақытты мақсаттамасын басқарушы . . . қайырымды емес". Әль-Фарабише, әкімшіліктің түрлері халықтың өз таңдауына байланысты.

Жалпы құл иеленушілік дәуірі еңбек етуге талпындырудың басты құралдары ретінде тікелей көндіру және жазамен қорқыту тәсілдерінің басымдылығымен сипатталады.

Осыған байланысты К. Маркс: "Тікелей күштеумен істейтін еңбек - міне, ерте заманның негізі; қоғам, бұл жерде, бұрыннан келе жатқан іргетас ретінде күштеумен істелетін жұмыста жатыр" деп белгілеген. Кейін, қоғамдық өндірістің дамуына байланысты, күштеумен істелетін еңбек өзіне ортаникалық тән тиімсіздігін байқады да, жаңа туындап келе жатқан буржуазия дәуірі, оны ауыстырған жасанды еңбек жүйесі, материалдық ынталандыру мен экономикалық тетіктерді кеңінен қолдану арқылы орындалатын мүлделі басқа - әлеуметтік көндіру механизміне негізделеді.

Батыс Еуропаның біраз елдерінде 250 жыл бұрын тұсауын кескен сауда капитализмі өзінің қайнар көзі қылып алдындағы өндірістің феодалдық әдісіне тән жерге материалды және заңды түрде шаруаларды байлаған сол жерге меншілікті емес, мүлдем басқа негізді - ақша капиталын тапты. Бұрынғы сеньордың немесе оның мүлдесі үшін еңбекке мәжбүр етудің тікелей және дөрекі түрлерінің орнына капитализм әрбір қадам сайын нарықтық механизмді, әр нәрсенің өзіндік айырбастаудағы құнына жүгініп, айырбас жасаушылар бір-біріне тәуелсіз және тең деп есептеді.

1. 2 «Менеджмент» пәнінің пайда болуы

XIX ғасырдың бірінші жартысында капитализм жаңадан туындап келе жатқан көбірек дамыған елдерде (алғаш Англияда, сосын АҚШ-та) "менеджмент" деген атау алған пәннің негізі қалана бастады.

Ал 80-ші жылдары АҚШ-та, Ескі құрлықпен салыстырғанда, оларды тез алдыңғы шепке шығарған бұрын-соңды болып көрмеген экономикалық "дүмпу" басталды. Өнеркәсіптік революция Солтүстік Американы қаулап алды, содан жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтардай көбейіп, жаңа индустриялдық компаниялар қарамағындағы кәсіпорындарының шаңырақ астыңда істейтін жүздеген, мыңдаған жұмысшыларын басқаруда, үйлестіруде және ұйымдастыруда бұрын кездесіп көрмеген мәселелермен көзбе-көз кезіге бастады.

1860 жылы АҚШ өндіріс өнімдерінің көлемі бойынша әлемде үшінші орында болатын (Англия мен Франциядан кейін) . 1861-1865 жылдардағы азамат соғысынан, яғни капиталистік Солтүстіктің құл иеленуші Оңтүстікті жеңгенінен кейін индустриялизациялау қарқыны бірден өсті. Өнеркәсіпке капитал жұмсау өткен 10 жылдыққа (1880-1898) қарағанда үш есе көтерілді. Осы кезеңде өнеркәсіпке 1, 5 млн. жаңа жүмысшылар келіп кірген. Бұған бірнеше факторлар ықпал етті: жақсы табиғи жағдайлар және бай ресурстар (көмір, мүнай, руда, су энергиясы), оларды елде тиімді орналастыру, бос жерлердің үлкен қорының болуы, жұмысшылар кадрларын толықтыратын иммигранттардың көптеп келуі, ішкі нарықтың кеңеюі, Еуропа капиталын пайдалану мүмкіндігін және ғылыми-техникалық тәжірибені қолдану.

Өнеркәсіптің өсуімен ірі өнеркәсіптік корпорациялардың белсенді қызметі басталды (Вендербилттің, Карнегидің, Рокфеллердің, Мортанның) . Капиталистік шоғырландыру процесі 70-жылдарда бірден күшейді. Ғасырдың аяғында елдің өнімінің 2/3 бөлігін трестік кәсіпорындар шығара бастады. Ал бұл уақытта темір жолдың 50 %-ін ірі компаниялар өздеріне алды. Соның нәтижесінде темекі, қант және ет консервілеу өндірістері біріктірілді. "Стаңдарт Ойл" мұнай компаниясы мұнай өндірісінің 90 %-ін монополияландырды. 90-жылдарда бұларға көмір, темір, газ, мыс және басқалардың өндірісі қосылды.

XIX ғасырдың аяғында АҚШ университеті елдердің санатынан нық орын алды. Гарвард университетінің қатарына енді Йель, Чикаго, Мичиган және басқа университеттер қосылды. Ғылыми мекемелер желісі кеңейді. 1848 жылы ғылымды дамытудың Американдық ассоциациясы, 1863 жылы Ұлттық ғылым академиясы, 1902 жылы Карнеги институты ашылды.

АҚШ-та XIX ғасырдың аяғынан бастап ірі университеттер жанынан бизнес мектептері ашыла бастады. Бұл мектептер әртүрлі деңгейдегі менеджер мамандарын дайындаудың негізі болып саналады.

Басқару туралы идеяның тамыры тереңде жатыр. Клод Ст. Кіші Джорждың (басқару саласының американдық теоретигі) «Басқару ойларының тарихы» атты кітабындағы «Басқару континуумы» тарауында біздің дэуірге дейінгі 5000 ж. бастап менедж. менттің дамуы суреттелген. Ол туралы бірқатар мәліметтер (қысқартылып алынды) төмендегідей.

Жылдары: Жылдары
Жеке тұлға немесе этникалық топ: Жеке тұлға немесе этникалық топ
Менеджменттің дамуына қосқан негізгі үлестері: Менеджменттің дамуына қосқан негізгі үлестері
Жылдары: Біздің дәуірге дейінгі 5000 ж
Жеке тұлға немесе этникалық топ: Шумерлер
Менеджменттің дамуына қосқан негізгі үлестері: Жазу; фактілерді тіркеу
Жылдары: 4000
Жеке тұлға немесе этникалық топ: Мысырлықтар
Менеджменттің дамуына қосқан негізгі үлестері: Жоспарлаудың, ұйымдастырудың және бақылаудың керек екендігін мойындайды
Жылдары: 2600
Жеке тұлға немесе этникалық топ: Мысырлықтар
Менеджменттің дамуына қосқан негізгі үлестері: Басқаруды орталықсыздандыру
Жылдары: 1100
Жеке тұлға немесе этникалық топ: Қытайлар
Менеджменттің дамуына қосқан негізгі үлестері: Ұйымдастырудың, жоспарлаудың, басшылықтың және бақылаудың қажеттілігін мойындайды
Жылдары: 400
Жеке тұлға немесе этникалық топ: Соқрат
Менеджменттің дамуына қосқан негізгі үлестері: Менеджмент әмбебаптығының (универсальность менеджмента) принциптерін қалыптастырады
Жылдары: 900
Жеке тұлға немесе этникалық топ: Әл-Фараби
Менеджменттің дамуына қосқан негізгі үлестері: Басшылыққа талап қояды
Жылдары: 1832
Жеке тұлға немесе этникалық топ: Чарльз Баббедж
Менеджменттің дамуына қосқан негізгі үлестері: Ғылыми тәсілдемеге ерекше мән береді; мамандандырудың айрықша маңыздылығын мойындайды; еңбекті болу; еңбек қозғалысы мен уақыт шығынын зерттеу; өзіндік құндарды есептеу

Менеджмент теориясының одан әрі дамуы ғылыми менеджмент жасалған XX ғасырдың басында жалғасын тапты. Дамудың бұл кезеңінде көптеген ғылыми бағыттар пайда болды. Бұл бағыттардың көрнекті өкілдері: Фредерик У. Тейлор, Анри Файоль. Мэри Р. Фоллет, Макс Вебер. Норберт Винер, Игорь Анеофф, Майқл Портер және т. б.

Басқару ғылымының эволюциясын дәлірек әрі терең түсіну үшін басқару ойларының негізгі даму бағьптары туралы нақты ұғымға ие болу керек.

2 Басқарудың теориясы мен практикасының дамуы

2. 1 Басқару - адамдардың кәсіптік қызметі

Басқару - бұл ұжымдағы адамдарға және жекелеген адамдарға, олардың бірлескен (еңбек) жұмыс процесінде мақсатты жүйелі ықпал ету.

Басқару ісіне жетілдіруге мындаған жылдар бойы қажырлы еңбек, оны тиімді ұйымдастыру кажет болды, бұған өз уақытында ең озық акыл-ой жетістіктері жұмсалды. Біздің заманымызға дейінгі үшінші мың жылдықта сазбалшыктан істелген табличкаларда көне жүйелердің коммерциялык келісімдері мен заңдар туралы деректер жазылған. Мұның өзі оларда басқару практикасының болғандығын дәлелдейді.

Көне египеттіктер (мысырлықтар) бізге жазбаша ескерткіштер қалдырады. Онда әңгіме баскару туралы болады. Осыдан 4 мың жылдай бұрын жазылған «Птаххотепа үйретуі» кітабында казіргі басқарушылар үшін әлі күнге мәнін жоғалтпаған мынадай ойлар айтылады: «Егер сен басшы болсан байсалды бол. Өтініш айта келген адам саған ойдағысын айтып біткенше сөзін бөлме. Бакытсыздықка тап болған адам, өз мәселесін дұрыс шешкеннен гөрі, ақтарыла сөйлеп, іштегі шерін тарқатқанды жөн санайды».

Еңбекті басқару проблемасына көне гректер де көңіл бөлді. Платон еңбек бөлінісінің, жұмыс түрлеріне қарай маманданды, рудың қажеттілігі туралы пікір айтты. Сократ баскаруды іс-әрекеттің (мемлекетті, еңбекті, сауданы, әскерлерді баскару) ерекше саласы ретінде қарастырып, ол да осындай пікірді кажетті адамды өз орнына коюды, сөйтіп оларға берілген тапсырманың орындалуын талап етуді жақтайды.

Көне Үнді ғалымдары «Аргхамастра» трактатында (IV- III ғасыр) шаруашылык және басқару туралы бірқатар қызықты ой-пікірлер айтады. Басқаруға қатысты дұрыс және дұрыс емес заңды және заңсыз, пайда және зиян ұғымдары зерттеледі. Шығыс ғалымдары басқаруды күш колданумен байланыстырады: санекритте (ежелгі және орта ғасырдағы үнділердің әдеби тілі ) басқару өнері «данданити» ден аталады, мұны дәлме дәл аударғанда «таяқпем (данда) төпелеп басқару» болады.

Дегенмен, шығыс ойшылдары бағыныштыларды көтермелеуге де зор көңіл бөледі .

Ресейде елді және өндірісті басқарудың бірқатар маңызды идеясы Б. Петр заманына байланысты. Ол мемлекеттік біліктің және терең экономикалық өзгерістің бірқатар реформасын жүзеге асырды. Петр самодержавиелік басқарудың бас идеясын ұсынды. «Государь өз ісі туралы жарық дүниеде ешкімге жауап беруге тиіс емес». Төрешілдікті қалыптасыруда Габелидің, рангтар туралы пікірі ерекше орын алады.

Өндірісті басқаруды дамытуға XVIII ғасырдағы ірі кәсіпорынға ауысқан өнеркәсіптік революция күшті қозғау салды, қолөнершінің бармағынан бал тамған шеберлердің орнына көбінесе жөнді мамандығы жоқ жалдамалы жұмысшылар келді.

Саяси экономияның басты кезіңнің бірі - А. Смит пен Д. Рикардо бастаған ағылшын саяси экономикасы - жаңа жағдайда (фабрикалық еңбек бөлісу, өндірістік бақылауды ұйымдастыру т. б. ) басқару мәселесіне ерекше көңіл бөлді.

Оуэн еңбек өнімділігін арттыру үшін моральдық ыкпалды да пайдаланған, адамдардың басқалардан кем түскісі келмейтінін білетін, ол өндірісте жарыс ұйымдастырды, таңдаулы жұмысшылардың станоктарында кызыл лента, орташасында көк, нашарында сары лента пайда болды.

Басқарудың теориясы мен практикасының дамуын қарастыра отырып, бірнеше тарихи кезеңдерді атап өтуге болады.

1. Ерте кезең б. д. д. 9-7 мың жылдан XVIII ғ.

2. Индустриялық кезең ( 1776-1890 ж. ) .

3. Жүйелеу кезеңі (1856-1960 ж. ) .

4. Акпараттық кезең (19б0ж. -казіргі кезгс дсйін) .

Басқару - өте ежелгі тәжірбие болып табылады. Адамдар топтар мен ұйымдарға бірігіп өмір сүре бастаған кезден басқару қажеттігі пайда болды. Дегенменен, басқару- қызмет пен тәжірибе ретінде өте ежелгі сипатқа ие болғанымен, ғылым және зерттеу саласы түрінде салыстырмалы түрде
алғанда жаңа болып табылады. ХХ ғасырға дейінгі кезеңдерде жүйелі, жан-жақты түрде басқару ғылымы жайлы ешкім терең ойлана коймады. Мәселен , 20 ғ-ды ң басындағы Нью-Ланардегі Роберт Оуэнің батыл да тамаша әлеуметгік сипаттағы тәжірбиесі ешбір басшы өз тәжірбиесінде қолданған
емес.

Қазіргі кездегі басқару теориясының дамуы ғылыми басқару мектебінің өкілдері Ф. Тейлор және X. Гилберт, Г. Гант, Г. Эмерсон және Г. Фордтың еңбектерімен тығыз байланыстырылады.

Ф. Тейлор ғылыми басқаруды көрсеткіштер уақыт пен міндетті зерттеу, ұдайы сұрыптау және баулу, ақшалай ынталандыру салаларында дамытты. Тейлордың ғылыми басқару жүйесіндегі қағидалары мынадай:

-қызметкерлерді ғылыми түрде сұрыптау және баулу;

енбекке мамандандыру; .

еңбекақыда ынталандыру жүйесін қолдану

-жауапкершіліктің әділетті арттырылуы.

Л. Гилбреттер микрохрономерт ойлап тауып, еңбек өнімділігін арттыру мақсатында әрбір операцияға жұмсалған еңбек қозғалысы мен уақыт шығынын зерттеді.

Г. Эмерсон өз еңбегінде «Өнімділіктің 12 кағидасы» деп аталатын кәсіпорынды басқаруды төмендегідей белгіледі:

-әрбір басшы мен қызметкер ұмтылатын дәл тұжырымдалған максат;

-болашақ мақсатты ескере отырып, әр бір жаңа процесті талдауға шынайы көңіл бөлу;

-білікті кеңес беру, арнайы білімділік беделінің маңызы;

-нақты белгіленген ереже мен тартіпке бағыну; кызметкерлерге әділ көңіл бөлу; дер кезінде әрі сенімді есеп беру;

-ұйым қызметін мұқият және жедел басқару;

-көрсеткіштер мен жұмыс кестелері;

-уақыт, күш-қуат пен шығындарды үйлесімді үштастыра білу;

-операциялар көрсеткішін жасау;

-ереже мен жазбаша нұсқауларды колдану;

-еңбек өнімділігіне арттыру үшін сыйақы төлеу.

Г. Эмерсон алғашқы болып өндіріс пен басқаруды үйымдастырудағы күрделі міндеттерді шешуде әрекеттер қажеттілігін және рационалдау (ұтымды ету) ұғымын енгізді.

Г. Форд өндірісті ұйымдастырудағы «Тейлор жүйесін» жетілдіре отырып, төмендегідей басқару қағидаларын атап өтті:

өндіріс процессі мен оның сатыларын байланыстыра отырып дәл есептеу, жоспарлау;

- қажетті жұмыс пен басқа да ресурстарды әзірлеу;

-стаңдартты технология, механизмдерді колдану;

-өңдірісті жеітлдіру жолдарын үнемі іздестіру.

Аталған ғылыми- практиктер және басқалардың еңбектері нәтижесінде басқарудағы «ғылыми қағидалар» тұжырымдамасы осылайша калыптасып дамыды.

Ғылыми басқару мектебінің өкілдері көп жағдайда төменгі буындағы қызметтерді атқаруы себепті, олар еңбек өнімділігін арттырумен ғана шұғылданды, әкімшілік мектептері пайда болғаннан кейін мамандар басқаруды ұдайы жетілдірумен, әкімшілік кызметті ұйымдастыру қағидасымен айналысты. Бұл мектеп өкілдерінің ұйғарымы бойынша, басқару- белгілі бір мақсатқа жетуге орын ашатын қатаң әкімшілік қағида әдістерінің жиынтығы. Мәселен, осы бағыттың көрнекті өкілі А. Файольдың пікірінше, әкімшілік ету жан-жақты ауқымын белгілейтін баскарудың бір бөлігі және де техникалық, корғаныстық, бухгалтерлік, әкімшілік салаларын қамтиды. Осы кызметтер арасында әкімшілік әрекет ең маңызды есептелініп, оның элементтері: жоспарлау, басшылық ету, үйлестіру және бақылау анықталған. Сонымен катар, А. Файоль тәжірбиесінде кең колданыс тапқан басқарудың 14 қағидасын жасап шығарды. Оларға енетіндер: жауапкершілік, жеке дара, басшылық, иерархиялық басқару, жеке және жалпы мүдделер үйлесімділігі, мамандандыру, тәртіп, әділеттілік, ынта-ықылас, лауазымға сәйкестілік, кызметкерлер тұрақтылығы, орталықтандыру және т. б.

Классикалық мектептің өкілі Л. Урвик Файольдің негізгі кағидаларын одан әрі дамыта отырып, әкімшілік кызметтің негізгі элементтері ретінде: жоспарлау мен ұйымдастыруды, басшылық пен үйлестіру, есеп беруді және бюджет жасауды атап көрсетті. Аталған элементтер күні бүгінге дейін бірқатар ғылыми зерттеулердің түп қазығы ретінде пайдаланып келеді. Сонымен қатар, Л. Урвик өз еңбегінде ресми ұйым құрудың қағидаларын жасауға ерекше көңіл бөліп оларды тереңірек тұжырымдады. Оның пайымдауынша, ұйым қызметінің тиімділігіне қол жеткізуде бақылау өрісі мен құрылымының сәйкестілігі, мамандандыру мен қызмет айкындылығы, кұрылымды мұқият ойластыру мен жауапкершілік шегін белгілеудін маңыздылығ ы өте зор.

Ұйымдағы басшылық, билік және құрылым құру проблеммаларына көңіл бөліп зерттеудс әкімшілік мектептің келесі өкілі М. Вебер ерекше орын алады. Ол әр түрлі ұйымдарды талдай отырып , басшы ие болатын билік сипатына карай ұйымдастырудын негізгі үш кезеңін, яғни дәстүрлі, идеялды кезеңдерді ажыратып берді. М. Вебер ұйымдатырудың аталган түрлерін зерттей келе, үшінші кезеңге үлкен көңіл бөле отырып, «бюрократтык жүйе қағидаларын» шығарды. Оларға:

1. нақтылы еңбек бөлінісі;

2. басқару деңгейлерінің жіктелуі (иерархиясы) ;

3. міндетер бірыңғайлылығымен үйлестіле кажетті ресми ережелер және стандарттар жүйесін жасау ;

- «әлеуметтік аралық» пен әділеттілік;

- жұмысқа кабылдауда қатаң талаптардын орын алуы жатқызылады.

«Басқару - бұл адамның, әлеуметтік топтардың және қауымдастықтардың әртүрлі объекттерге және қоршаған дүниеде өтіп жатқан үрдістерге, соларға қатысып жатқан адамдарға және адамдар арасындағы қарым-қатынастарға үрдістерге белгілі бір бағыт беру және қаланылған, талап етілетін, белгіленіп койылған нәтижелерді алу мақсатымен саналы түрде ықпал ету» (Райзберг Б. А., 2003) . Американдық ғалым П. Друкердің пікірі бойынша «басқару - бұл қызмет етудің ұйымда сатырылмаған жұртты тиімді белгілі бір мақсатқа бағытталған және өнімді топқа айналдыратын айрықша бір түрі».

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Менеджменттің бастапқы теориялары
Менеджменттің атқару қызметтері
Педагогика және психология мамандығына арналған Психологиялық менеджмент
Аймақтық басқарудың концепциялық негіздері
Мемлекеттік басқарудың теориялық негіздері
Қазіргі кездегі адам ресурстарын басқарудың ерекшеліктері
Муниципалды басқару
Менеджменттің даму тарихы, атқаратын қызметтері
Ұйымдық құрылымға қойылатын талаптар
Менеджменттің қазіргі мектебі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz