Бастауыш сынып оқыту үдерісінде оқушыларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеудің педагогикалық негізі


МАЗМҰНЫ
Кіріспе
І тарау. Бастауыш сынып оқыту үдерісінде оқушыларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеудің педагогикалық негізі
- Еңбек тәрбиесі туралы түсінік
- Кіші мектеп жасындағы оқушыларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеудің мүмкіндіктері мен шарттары
ІІ тарау. 4-сынып еңбекке баулу сабақтарында оқушыларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу жолдары
2. 1. Бастауыш сыныптардағы еңбекке баулу сабақтарында оқытудың тәрбиелік функциясын жүзеге асыру ерекшеліктері
2. 2. 4-сыныптың еңбекке баулу сабақтарында оқушыларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері. Озық педагогикалық тәжірибе
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қоғам дамуының қазіргі нарықтық экономик кезеңінде кез келген адамның өз өмірінде жұмыс орнын, тіпті, кәсібін бірнеше рет ауыстыруға тура келеді. Осыдан келіп адам мүмкіндіктеріне, оның мүдделері мен ұмтылыстарына баса назар аудару, еңбекке баулу мәселесін жаңа талап тұрғысынан шешу, оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуына динамикалық үрдіс ретінде қарау қажет.
Қазақстан Республикасы Конституциясының ғылым мен мәдениеттің өрістеуін қамтамасыз ететін қағидалары да, еліміздің мәдени-әлеуметтік жағынан дамытуға бағытталған тұжырымдамасы да жастарға жалпы адамзаттық және ұлттық игіліктер негізінде еңбекке баулу мен мәдени білім беру ісін неғұрлым жоғары көтеруге ықпал етуде.
Мамандардың пікірінше, бүгінгі уақыттағы мектеп түлектері жаңа өндірістік және экономикалық қатынастарға енуге даяр, бәсекелік қабілетті, кәсіптік икемділік пен бейімділік, ауқымды политехникалық біліктілік сияқты тұлғалық қасиеттерге толығымен ие болуы қажет. Сонымен қатар, жалпы педагогикалық тәжірибені сараптауға сүйенсек, соңғы уақыттарда мектеп оқушыларын еңбекке баулу мен тәрбиелеуге беталды, бұрыс көзқарастар, еңбекке баулуға арналған сағаттарды қысқартудан жеке адамның дамуына еңбектің ықпалын түсінбеушілік, оның орнын тек жалпы теориялық қарастырулармен алмастыру, тіпті бүтіндей шет қалдырулары басымдылық алуда.
Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заңының 7-бабында «Еңбек міндеттерін адал орындауға, еңбек тәртібін сақтауға, қауіпсіздік және санитария жөніндегі ережелердің талаптарын орындауға міндетті» және «өзінің кәсіби біліктілігін арттыруға құқығы бар» делінген. (6-бет) осыған орай баланың қарапайым еңбектегі міндеттері мен құқығын, еңбек ережесін біліп өсуі еңбекке баулу мазмұнына тікелей байланысты.
Өскелең ұрпақты еңбекке баулуды болашағына бағыттап жүргізу бүгінгі күннің бірден-бір қажетті, кезек күттірмес мәселесі екендігін байқатады. Біздің қазіргі жағдайымызда еңбек әркімнің өзіне және қоғамға қызмет етудің басты формасы. Өйткені, тәрбиенің маңызды саласы - еңбек тәрбиесі шындап қолға алынбай, оның көп үрдістері көзден таса қалып келгені мәлім.
Балалар еңбегінің психологиялық аспектілері мен психологиялық ерекшеліктері, даму заңдылықтары А. А. Давыдов, Д. И. Фельдштейн, В. С. Мухина, А. Н. Леонтьев, Н. Л. Неполнящая, т. б. ғалымдар зерттеулерінде қарастырылған.
Республикамыздың белгілі психолог ғалымдары Т. Тәжібаев, М. Мұқанов, Қ. Жарықбаев, Ә. Алдамұратов, Х. Шериязданова және т. б. өз еңбектерінде осы мәселе жайында нақты ұсыныстар мен құнды пікірлер айтқан.
Педагог ғалымдар еңбекке баулуды арнайы білім, еңбекке біліктілігі, тәжірибелік қызмет дағдылары мен тәсілдерін қалыптастыруға бағытталған педагогикалық үрдіс ретінде қарастырады.
Кіші мектеп жасынан баланы еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, осы бағытта бастауыш сынып оқушыларымен еңбек тәрбиесін ұйымдастырудың тиімді жолдарын анықтау біздің зерттеуіміздің мәселесін құрайды және «4-сыныптың еңбекке баулу сабақтарында оқушыларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу» тақырыбын таңдап алуымызға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сыныптың еңбек сабақтарында оқушыларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу жолдарын көрсету.
Зерттеудің обьектісі: бастауыш сынып оқушыларын еңбекке баулу үдерісі.
Зерттеу пәні: бастауыш сыныптарда оқушыларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Зерттеу міндеттері:
- Бастауыш сынып оқыту үдерісінде оқушыларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу мүмкіндіктерін анықтау.
- Еңбекке баулу сабақтарында еңбексүйгіштікке тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін қарастыру.
Зерттеу әдістері: Педагогикалық, психологиялық әдебиеттерді талдау, қорыту, бақылау, оқушылардың іс-әрекет нәтижесіне талдау жасау.
І тарау. Бастауыш сынып оқыту үдерісінде оқушыларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеудің педагогикалық негізі
І. 1. Еңбек тәрбиесі туралы түсінік
Еңбек - өмірдің тұтқасы, тіршіліктің көзі. Қоғамдағы байлықтың бәрі адам еңбегімен жасалады. Адамзат мәдениетінің басты қайнар көзі еңбек болып табылады. Рухани игілікті еңбексіз тәрбиелеу мүмкін емес. Ол тәрбиенің басқа түрлерімен бірлестікте тұрақталынады, әсіресе ол ынталы еңбек етумен байланысты туады.
Еңбек тәрбиесі дегеніміз - бұл еңбекке жаңаша қарау, еңбек процесінде дұрыс қарым-қатынасқа (еңбек сүйгіштік) түсу, еңбек ете білушілік қабілеттерінің қалыптасуына психологиялық тұрғыдан даярлық жасау болып табылады (С. Қалиев және т. б. «Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі») .
Еңбек арқылы адамның денесі, көзқарасы, эстетикалық және ақыл-ой деңгейі дамып, жетіледі, еңбектің мәні және құндылығы артады.
Балалар мен жастардың еңбек тәрбиесі ежелден-ақ ата-ана парызы, бүкіл халық міндеті болды. Баланы еңбекке тәрбиелеу үйелменнің қасиетті борышы. Жас ұрпақтың еңбекке қатынасы халық ауыз әдебиетінің өзекті мәселесі ретінде жырланды. Халық: «Еңбек - адамның екінші анасы», «Еңбек түбі - береке», «Жалқаулық аздырады, еңбек оздырады», «Еңбексіз өмір - сөнген көмір», «Еңбегі қаттының ембегі тәтті» деген мақал-мәтелдер арқылы жастарды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеудің мәнісін, сондай-ақ еріншектік, жалқаулық - кісінің соры, жаман әдет, жат мінез екендігін жас буынға тәптіштеп түсіндірген.
Халық педагогикасынан орын алған еңбек және еңбекке тәрбиелеу көзқарастары қазіргі педагогика теориясындағы принциптермен ұштасып жатыр.
Қоғамның ең басты талаптарының бірі - әр азаматтың өмірде өз орнында толық күш-жігерін жұмсап, қоғамдық байлықты еселей түсуге еңбек үлесін қосуы, еңбекке адал, саналы қатынасу қоғамның өмір салтының алғы шарты болып табылады. Ол үшін адам еңбекке лайықты тәрбиеленуі керек. Мектепте еңбекке тәрбиелеу - тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі.
Еңбекке тәрбилеу, баулу, кәсіптік бағдар, мектеп оқушыларының қоғамға пайдалы, өнімді еңбекке тікелей қатысуы, оқуға деген саналы көзқарасты тәрбиелеудің, азамат болып өсудің, жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады. Бұл - еңбек тәрбиесінің мақсаты.
Мектепте еңбекке тәрбиелеудің басты міндеттері:
- еңбекке сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпен қарау;
- оқушыларды халық шаруашылығының салаларындағы еңбектің түрлерімен таныстыру, еңбек іс-әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру;
- мамандықты таңдауға дайындау.
Оқушыларды еңбекке тәрбиелеудің жалпы міндеттері бірнеше жеке міндеттерді орындау арқылы іске асырылады. Олар: балаларды еңбекке психологиялық және практикалық тұрғыдан даярлау: оқушылардың еңбек дағдыларын қалыптастыру; еңбек мәдениеті дағдыларын дарыту, оқушылардың ынтасын және қабілетін дамыту.
Балаларды еңбекке психологиялық және практикалық тұрғыдан дайындау - бұл қоғам үшін оқушылардың пайдалы еңбекке даярлығын және талаптануын тәрбиелеу, еңбекті өз бетімен, өз еркімен ынталанып орындауға үйрету. Бұл өте күрделі процесс - мұнда оқушылардың әдеті, сезімі қалыптасады. Мысалы, балалар адамдардың табысты еңбегіне масаттанады немесе адал еңбеккерлердің есебінен келген адамдарды жаны сүймейді, жек көреді, керек десе олармен күресуге де даяр тұрады. Бұл процесс екі фактордың ықпалымен жүзеге асырылады: объективтік фактор - қоғамның материалдық-техникалық базасын және жаңа қоғамдық қатынастарды жасау. Осының негізінде әдет, моральдық нормаларын бекітеді. Субъективті фактор - адамның еңбектің маңызына терең түсінуі және ішкі сезімнің әмірімен өзінің борышын орындауы.
Еңбек етуге әдеттену - бұл жай ғана еңбекке үйрену емес, бұл адамгершілікті адам тәрбиесінің жоғары деңгейі, еңбек процесіне құштарлық, еңбек етуге әзірлік, жұмыс істей білу, - деді Н. К. Крупская, - демек өз күшіңді және басқалардың күшін және жұмыстың барлық жағдайын есептей білу!
Ең бастысы балаларды еңбекке даярлауды 1-сыныптан, ал үйелменде балалық шақтан бастау, оларды еңбек түрлеріне қатыстыра отырып, еңбектің адамды қайратты және бақытты ететініне сенімін қалыптастыру.
Сонымен, оқыту және тәрбие жұмысының барлық жүйесі оқушыларды еңбекке психологиялық және практикалық тұрғыдан дайындау міндеттерін шешуге бағытталуы қажет. Оқушылардың ұжымдық еңбек дағдыларын қалыптастырудың маңызы өте зор. Ұжымдық еңбекте балалардың қабілеті, дарындылығы толық ашыла бастайды, ұжымдық өмірде тәртіп және мінез-құлықтық әдеттері, дағдылары қалыптасады. Еңбекте достық, жолдастық өзара көмек және жауапкершілік нығаяды. Әркімнің қылықтары ұжымдық өмір нормалары тұрғысынан бағаланады.
Балалардың ынтасын және қабілетін дамыту еңбек тәрбиесіндегі жеке міндеттердің бірі. Бірақ, ең басты еңбек тәрбиесінің мәні сен жасаған затта өзіндік қол таңбаның болу қажеттігін қалыптастыру, адамдарды, заттарды, дүниені өзгертуші ретінде еңбектің жасампаздық құдіретін бағалау екенін атап айтқан жөн.
Кез-келген халықта еңбектің бастауы олардың айналадағы адамдармен қарым-қатынас жасау стиліне негізделген. Соңғы жылдары түрлі әлеуметтік жағдайларға байланысты оқушылардың бойында жас кезінен еңбек етуге деген ынталылық жоғалды. Үлкендердің ойланбай және жауапсыз қарауы салдарынан көп жағдайда жастарды масылдыққа, жалқаулыққа және өмірге икемсіз болуға итермеледі. Өкінішке орай, еңбек тәрбиесі жайында көп айтқанымызбен, әдетте мектепте оқушыларды еңбекке, әсіресе өнімді еңбек етуге тартуға қажетті жағдай жасалмаған.
Сонымен қатар, еңбек тәрбиесін тек еңбек дағдыларын меңгертуге немесе еңбекті сүйе білу керек деген әңгіме маңына ғана жинақтауға болмайды. Еңбектің өзінің тәрбиелік қызметін ол өзінің бойына экономикалық ойды қорытқанда қандай да болмасын бір іс шығатынын, жай ғана дене күші болмайтынын ғалымдар дәлелдеп берді. Бұған қоса егер еңбек пайдасыз, нәтижесіз болса, онда ол адам бойында еңбекке деген жеккөрушілік сезім туғызады. Ең маңыздысы, мақсатты дұрыс ұйымдастырылған еңбек үдерісінде еңбектің бір түрі екіншісін байытып, адам бойында қалыптасқан бір қажеттілік екінші бір қажеттілікті туғызудың шарттары болатыны, сөйтіп жеке тұлғаны жан-жақты дамытуда оның алуан түрлі қажеттерін қарастыру көзделетіні байқалады.
Еңбек тәрбиесінің жолы - оны жоспарлау, ұйымдастыру, жүзеге асыру, бақылау жасау, бағалау сияқты барлық құрылымына оқушыларды қатыстыру көзделеді.
Төменгі сынып оқушылары еңбек қызметінің психологиялық ерекшеліктеріне тоқталсақ, төменгі сынып жасына тән екі формада- өзіне-өзі қызмет ету мен ұсақ-түйектер жасау формасында еңбекке ерекше роль беріледі.
Өзіне-өзі қызмет етуге балалар мектеп жасына дейін-ақ үйретіледі. Бастауыш сыныптарда өзіне-өзі қызмет етудің әдеттері мен дағдыларын дамыту мен бекіту - балалардың үлкендердің еңбегін құрметтеу, адамдардың өміріндегі еңбектің ролін түсіну сезімдерін тәрбиелеу, ұзақ дене еңбегіне даяр болу үшін жақсы психологиялық негіз. Жанұяда және мектепте бала өзіне-өзі қызмет ету жөніндегі міндеттерді терең толғанатындай жағдай жасау маңызды. Мысалы, таза және мұнтаздай бол деп талап қою бала өзінің киім қоятын жерін және басқа да мүліктерін өздігінен тәртіпке келтіретін жағдайлардың жасалуымен ұштастырылуы керек. Сынып жағдайында балаларға бүкіл ұжым үшін белгілі бір мәні бар (еден сыпыру, парталарды сүрту, гүлдерге су құю және т. б. ), ал кейде өздерінің қандай да бір қалаулары мен мүдделерін, ал кейде шаршағандығын да жеңе отырып орындауға тура келетін тапсырмаларды ұдайы беріп отырған дұрыс. Өзіне-өзі қызмет етуге тәрбиеленіп жүрген балаларға талап қойғыштық және оны жақсы ұйымдастыру - бастауыш сынып оқушыларын ұжымдық еңбекке қатысу, тікелей сырттан болатын ескертулерсіз-ақ оған қолдан келген үлесін қосу (еңбек сүйгіштіктің нышандары осыдан көрінеді) әдеттеріне үйретудің маңызды шарты. Бастауыш сыныптардан бастап тәрбиелейтін мұндай әдетсіз неғұрлым ересек жастағы балалардың еңбекке деген сүйіспенділігін қалыптастыру қиын болады, ал кейде мүмкін де емес.
Мектептегі өзіне-өзі қызмет ету жұмыстарын орындау барысында балалардың біріккен ұжымдық жұмысқа тартылатын түрлерінің де тәрбиелік мәні аз емес. Олар жолдастық қолдауға және өзара көмекке үйренеді, ұжымның жалпы міндеттеріне саналы түрде қарап, жұмыстың дер кезінде және адал орындалуы үшін өзінің жеке жауапкершілігін сезіне бастайды.
Бастауыш сынып оқушыларының көпшілігі, мысалы, материалды кесу кезінде тапқырлық, оны жапсырғанда ептілік көрсете алатын, тапсырманы орындау барысында іс-әрекеттердің бір түрі екіншісін ауыстырып отыратын еңбек сабақтарын ұнатады. Өз қолдарымен жасаған қажетті де пайдалы заттар балаларды терең қанағаттанғандық сезіміне бөлейді (еңбек сабақтарында жасалған шырша ойыншықтарын көрші балабақшаның бүлдіршіндеріне сыйға тартуға болады) . Осының бәрі еңбексүйгіштікті, істелген жұмыс үшін еңбек - жауапкершілік сезімін тәрбиелеуге ықпал етеді. Қолдан әр түрлі заттар дайындау бөлшектенген және үйлестірілген іс-әрекеттерді жетілдіру үшін оларды бұлшық еттің және сол сияқты көзбен көрудің негізінде бақылауды қалыптастыру үшін де елеулі.
Еңбек сабақтарының және бір елеулі психологиялық тиімділігі бар. Балалардың алдағы жұмысты жоспарлау, ал одан кейін оны іске асырудың жолдары мен құралдарын табу іскерлігін қалыптастыру үшін еңбек сабақтарын жүргізудің мейлінше жақсы жағдайлары бар. Әрине, бұл іскерлік басқа сабақтарда да дамиды, бірақ белгілі бір пәнді мақсатқа сай дайындауда бала мейлінше кең және сырттан болатын талаптар жүйесінде ғана әрекет етеді. Әуелі елеусіз операцияны орындамай кетуге немесе басқалармен бірдей қажетті құралды қолданбай кетуге болады, бұның бәрі жұмыс қорытындыларынан айқын көрініп тұрады. Сондықтан еңбек сабақтарында бала өзінің іс-әрекеттерін жоспарлау тәртібін және оларды іске асыруға қажетті құралдарды алдын-ала қарастыруды жедел меңгереді.
Балаларды сан қырлы іске баули отырып, балалық шақтың кейбір кезеңіне сай, психологиялық даму деңгейі, әр жас шағының жаңа құрылымдарына объективті жауап беретін іс-әрекеттердің жетекші типін тиімділікпен пайдалану жаңа құрылымды тұрақтандыру, күшейту, дамыту қажет.
Оқушылардың қоғамдық пайдалы еңбегінің психологиялық аспектілері - жеке адамды қалыптастырудың оптималды шарты мен құралы.
Әрбір жас кезеңіне тән жетекші іс-әрекетті қалыптастырудың күллі маңыздылығымен бірге, оқушыларды қоғамға пайдалы еңбегін ұйымдастыру үлкен орын алады. Ол өсіп келе жатқан адамның жеке басын қалыптастыруда белгілі бір шарт пен құрал болып табылады.
Қоғамдық пайдалы іс-әрекет - жеке адамның адамгершілік қасиеттерін белсенді дамытудың маңызды шарты, қоғамдық мінез-құлықтың тәжірибелерін жинақтау көзі. Сонымен бірге осы іс-әрекет үдерісінде нығайтылған адамгершілік қасиет қоғамдық пайдалы іс-әрекеттің өріс алуын қамтамасыз етеді. Іс-әрекет жүйесінде қарым-қатынастың алуан түрлі формалары туындайды да, оқушылар оны үйренеді. Өзара байланысты бұл үдеріс балалар ұжымын қалыптастырып, дамытуды, балалардың ұжым ісі үшін, қоғам ісі үшін жауапкершіліктерін шыңдайды. Кіші мектеп жасындағы балалардың қоғамдық пайдалы іс-әрекеттердің барлық түріне дұрыс қатынасы байқалады.
1. 2. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың еңбексүйгіштікке тәрбиелеудің мүмкіндіктері мен шарттары
Адамның жан-жақты және үйлесімді дамуында еңбек шешуші факторлардың бірі. Ал халық педагогикасында еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің күре тамыры деп қарастырады. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың еңбек тәрбиесін ұйымдастыру жолдары: оқу барысындағы еңбек, сыныптан тыс үйірме және жаппай жұмыстар, өзіне-өзі қызмет ету, қоғамдық пайдалы еңбек.
Еңбек тәрбиесі үшін өте маңыздысы - еңбек сабағы, онда оқушылар еңбек дағдыларына үйренеді, техникалық білімді игереді. Еңбек сабақтары барысында оқушылар жалпы және техникалық білімге сүйенеді. Білім еңбек сабақтарының ғылыми негізі болады, ал еңбек сабақтары мен тәрбие барысында оқушылар алған өмір тәжірибесіне теориялық білім жүйесі арқылы түсінеді.
Еңбек сабақтарының үдерісін жетілдіру оқушылардың еңбекке зерттеу және шығармашылық қатынасын қалыптастырады. Оқушылар мектепте алған білімдерін пайдаланып, әр түрлі өсімдіктерді өсіреді, тәжірибелер жасайды, практикалық дағдылар мен іскерлікті игереді. Қорыта айтқанда, еңбек сабақтарының педагогикалық тиімділігі, олардың білім және тәрбие беру мәнділігінде.
Оқу еңбегі бала үшін ойға толы, ұзақ, инемен құдық қазғандай, ақыл-ойдың кемелденуін талап ететін ең ауыр еңбек екенін К. Д. Ушинский ескерткен болатын. Оқу еңбегінің күрделілігі, оның нәтижесі бірден айқындалмауында, оқушыларға әрдайым көріне бермеуінде.
Еңбекке тәрбиелеу мен оқытудың міндеттері еңбек пәні сабақтарында шешіледі. Бастауыш сыныпта балалар қағаз қию, балшық пен пластилинмен бейне құру, өсімдіктерді күту, ағаш, пластмасса, қаңылтыр сыммен жұмыс істеуді үйреніп, мектеп жанындағы үлесті жер бөлшектерінде еңбек етеді.
Еңбекке баулу және бейнелеу өнері пәндерінің мазмұны бұрынғыдай тақырыптар бойынша емес, әр пәннің өзіне мазмұндық және іс-әрекеттік ұстанымдарға сай таңдалады. Мысалы, еңбек сабағында бұйым құрастырылса, бейнелеу өнерінде ол әшекейленіп, безендіріледі. Бұл екі пәннің мазмұнында халықтың қолданбалы қолөнеріне ерекше мән беріледі.
Еңбекке баулу пәнінде атадан балаға мұра ретінде қалыптасып келе жатқан кәсіп түрлері, онда орындалатын іс-әрекеттер жайында мағлұматтар беріліп, бұйымдарды жасаудың қарапайым элементтерін оқушыларға үйретуге ерекше мән беріледі. Еңбектің барлық түрлері, негізінен, практикалық жұмыс орындау барысында жүзеге асырылады. Атқарылатын жұмыстың түрлері, мысалы, ермексаз бен сазбалшықтан мүсіндеу, мата, ағаш, металл, теріні өңдеу, ою-өрнек сызу, қию тәсілдері сыныптан сыныпқа қарай біртіндеп күрделеніп отырады. Сонымен қатар, пән мазмұнында тоқу, өру, байлау тәсілдерін меңгеретін материалдар қағаздан, матадан, жүннен киіздің, түскиіздің, сырмақтың, халықтың ұлттық киімдерінің кішірейтілген моделдері мен макеттерін жасаудың техникалық негіздерін үйрететін және оқушылардың өзіне-өзі қызмет көрсету жұмыстары қамтылады. Бұл жұмыстар оқушылардың еңбек дағдысын қалыптастырып, ұлттық сана-сезімін оятатын, ата-баба дәстүрін жалғастыратын, ел экономикасын өркендетуге үлес қоса алатын еңбек адамын қалыптастыруға қызмет етеді.
Бастауыш сыныптың еңбек сабақтарында, сабақтан тыс уақытта пайдаланылатын ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптардың маңызын негіздеп, қажеттілігін көрсетуге талпындық. Мәселен, «еңбекке икемділігі», «еңбек дағдысы», «еңбек етуге ынтасы», «еңбекке қызығушылық», «іскерлік» түсініктерінің мәнін ашып көрейік.
Біздің ойымызша, еңбекке икемділігі - баланың еңбек қызметін орындау қабілеті; еңбек дағдысы - жиі қайталаулар арқылы автоматизмге дейін жеткізілген шеберліктер; еңбек етуге ынтасы өмір мен еңбекке дайындауда білімдерді, іскерліктер мен дағдыларды жүйелендіруге бағытталған.
Еңбекке баулу - бастауыш сынып оқушыларының тұлға ретінде қалыптасуының сапа қасиеттерін (құнттылық, іскерлік, жауапкершілік) сезіне білу, өмірдің ақиқат көріністерін тану, оны практикада ұстана білу үдерісі дейміз.
Еңбекке баулу принциптері дегеніміз оның мазмұны, ұйымдастырылуы мен әдістерін айқындайтын ереже, талап, қағидалар жиынтығы.
Еңбекке баулудың принциптері:
- еңбекке баулудың мақсаттылығы;
- еңбекке баулудың өмірмен, тәрбиемен, қоғамның даму заңдылығымен байланыстылығы;
- оқушылардың жас, дара және мінез-құлық ерекшеліктерін есепке алу;
- еңбекке баулуда мектеп, ата-ана, қоғамдық ұйымдардың бірлікте болуы.
Еңбек іс-әрекетінің әр түрінде бастауыш сынып жасындағы балалар бойында еңбек өнімдеріне, материалдық құндылықтарға және қоршаған ортаға деген саналы көзқарасты қалыптастыру қажет. Балаларды шаруашылық-тұрмыстық қызметке тікелей тарту жолымен қалыптастырылатын қожайындық сезім, мектеп мүлкін бүлдірмеуге, материалдық және табиғи қорларды тиімсіз пайдалануға жол бермеуді туғызады. Мұндағы негізгі жағдай өмірде болып жатқан өзгерістерді есепке ала отырып, іс-жүзінде оларды пайдалана білу.
Өзіне-өзі қызмет ету - еңбек тәрбиесінің қажетті элементтерінің бірі. Балалар өзіне-өзі қызмет ете отырып, әр түрлі еңбек іс-әрекеттерін орындаудың тәсілдеріне үйренеді, өздерінің жауапкершілігін сезеді, бұл менің адамгершілік борышым дейді, сонымен бірге олар үлкендердің еңбегін бағалайды, олардан үлгі алады.
Мектеп жағдайында өзіне-өзі қызмет ету - оқу құралдарын, мебельді, сынып бөлмесін, мектеп үйін тазалау, шеберханаларды, спорт алаңдарын жинау т. б.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz