Бұлғынның биологиясы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

Систематикалық
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 5

I Бұлғынның
биологиясы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..6

1.1Сусартектестердің биологиялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ..6

1.2 Бұлғынның биологиялық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...

Тәжірибелік бөлім

2.1 Бұлғындардың тіршілігін
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Қосымшалар

Кіріспе

Бұлғын (лат. Martes zibellina) – сусар тұқымдасына жататын жыртқыш аң.
Дене тұрқы 40 – 55 см, құйрығы – 20 см-дей, салмағы 0,4–1,6 кг. Қазақстанда
Алтайдың қылқан жапырақты ормандарында кездеседі. Құлақ  қалқаны жалпақ,
дөңгеленген ұшы үшбұрышты. Денесіндегі жүндері қалың қою жібектей, түсі –
бурыл, сарғыш, қара қоңыр, алқымында кішкене ақшыл дағы болады. Сирағы
қысқа, қимылы икемді келеді. Ұсақ жәндіктермен, самырсын жаңғағымен,
жидекпен қоректенеді. Кейде жабайы бал арасының балын да жейді. Шыршалы,
майқарағайлы ормандардағы ағаш діңдері мен тас қуыстарды мекендейді.
Мекендейтін жерлерінен көп ұзамайды, азығы азайған жылдары орманның бір
жерінен екінші жеріне қоныс аударады. Табиғи жағдайда 1 жыл 3 айда жыныстық
жағынан жетіледі. Бұлар 2 рет ( наурыз - мамырда және тамыз - қарашада )
түлейді. Бұлғын маусым – тамызда шағылысып, 245 – 300 күннен кейін
наурыздың аяғында, 2 - 6 соқыр күшіктен туады. Күшіктерінің салмағы 30 г-
дай, дене тұрқы 11 – 12 см. 30 – 36 күнде олардың көздері ашылып, тістері
шыға бастайды, ал 3,5 айда тұрақты тістері қалыптасады. Бұлғын – терісі өте
бағалы аң. Терісінен бас киім тігіледі. Сібір тайгасының маржаны –
бұлғындарды осылай айтады- Ресейдің ұлттық мақтанышы болып табылады. Бұлғын
ымыртта түнде белсенді, бірақ жиі күндізде аулайды. Бұлғынның жеке аулайтын
телімі 150-200 га-дан 1500-2000 га-ға дейін, кейде оданда көп.
Өсімдіктермен сүйсіп азықтанады.

Курстық жұмыстың мақсаты: Жыртқыштар отрядының биологиялық ерекшелігін
анықтау.

Курстық жұмыстың міндеті:

• Жыртқыштар отрядының биологиялық ерекшеліктерін зерттеу;

• Бұлғынның биологиялық ерекшеліктерін анықтау;

• Сусартектестердің тіршілігін бақалау;

Курстық жұмыстың зерттеу әдістері: бақылау, зерттеу.

Курстық жұмыстың зерттеу обьектісі: бұлғын;

Систематикалық орны

Тип: Хордалылар – Chordata

Тип тармағы: Омыртқалылар – Vertebrata

Класс: Сүтқоректілер - Mammalia

Отряд: Жыртқыштар - Carnivora

Тұқымдас: Сусартектестер - Mustelidae

Өкілі: Бұлғын – Martes zibelidae

IБұлғынның биологиясы

• Сусартектестердің биологиялық ерекшеліктері

Отрядқа 7 тұқымдаспен 240-тан аса түр жатады, олар жер шарында кең
тараған, тек Антрактида да ғана кездеспейді. Жыртқыштардың тегі қарапайым
бор насекомқоректілер. Зволюциялық жағынан отряд қарапайым эщцен
жыртқыштары Credonta, турасын айтсақ Miacidae тұқымдасының өкілі.
Жыртқыштар отрядының алғашқы майда өкілдері жоғары эоценда пайда болды, ал
олигоценде басым топқа айналды. Дене тұрқы 14 см-ден 300 см-ге дейін
жетеді. Тері жамылғысы әдетте қалың әрі жұмсақ, сирек әрі қылшықты болуы аз
кездеседі. Әдетте теріде май және тер бездері орналасады. Иіс бездері де
бар. Вибристерді жақсы дамыған. Құлақ қалқандарының формалары мен
мөлшерлері әртүрлі: үлкен үшкірден қысқа дөңгелегенге дейін. Құйрық
ұзындығы әртүрлі, әр кақытта жүн басқан. Саусақтары әдетте 5, сирек – 4,
олар тырнақтармен жабдықталған. Табанмен, жартылай табанмен немесе саусағын
басып жүретіндер. Күрек тістері үлкен емес, шошақ тістері үшкір, күшті
жетілген. Ұрт тістері, көпбұдырлы, қырлы. Соңғы үстіңгі жалған азу тіс пен
бірнеше астыңғы азу тіс жыртқыш тістер деп аталады. Олар әдетте өте үлкен
және ұшы үшкір болады. Бұғана жоқ немесе рудиментті. Әр түрлі ландшафтар
мен биотоптарды мекендейді. Басым көпшілік үрлері жерді тіршілік етеді,
көптеген түрлері ағаш бойымен жақсы өрмелейді, кейбіреулері жақсы жүзеді
әрі сүңгиді,. Баспанасын көзге түспейтін жерлерге саладынемесе өздері
қазған індерде тұрады. Әдетте жеке не жұп құрып, кейде топтанып тіршілік
етеді. Алакеуімді және түнде белсенділігі басым. Кейбір түрлері
(жанаттәрізді ит) суық және салқын ендіктерде қысқы ұйқыға кетеді.
Жануартектес азықпен қоректенуге бейімделген, кейде қорек талғамайды.
Моногамдар. Көпшілік түрлері тек көбею кезінде ғана жұп құрайды. Аталық
тұқым безі ұмада не тері астында орналасады. Жатыры жұп не қосмүйізді.
Күшіктері 1-2-ден 20-ға дейін болады. Жаңа туылғандар соқыр, құлақ
саңылаулары жабық.

Сусартектес тұқымдасы ( Mustelidae )Австралиядан басқа барлық
материктердің әртүрлі ландшафтарында мекендейтін 64 түрді біріктіреді.
Тұқымдас олигоценде қарапайым иттектестерден пайда болуы мүмкін. Дене тұрқы
15 см-ден (аққалақ) 150 см-ге дейін (кәмшат) жетеді. Сусарлардың құлағы
дөңгеленген, аяқтары қысқа, саусақпен жүретіндер. Бірінше азу тістері өте
кішкентай. Орман биотоптарын мекендеушілер. Қорегі – тышқантектес
кеміргіштер, тиіндер, насекомдар, жемістер мен жидектер. 3-7 күшік туады,
олардың денесін сирек түбіт басқан, көздері және құлақ тесіктері жабық.
Қазақстанда 3 түрі – бұлғын, орман сусары және тас сусары мекендейді. Соңғы
екеуі Қазақстанның Қызыл кітабына (2010) тіркелген.

Аққалақтар мен күзендер саусақпен жүретіндер, аяқтары қысқа, табандары
жалпақ. Кішірек құлағы бір-бірінен алыс орналасқан. Көздері үлкен.
Тундрадан бастап далалы және шөлді жерлердің әртүрлі биотоптарын
мекендейді. Қоректену сипатты бойынша барлығы дерлік нағыз жартқыштар.
Қорегі - тышқантәрізді кеміргіштер, саршұнақтар, шақылдақтар, сирек
насекомдар. 4-7 күшік туады, олардың көзі ашылмаған, денесін сирек түбіт
басқан.

Кәмшат (лат. Lutra lutra) — жыртқыштар отрядының күзендер тұқымдасына
жататын, терісі өте құнды аң. Кәмшат Автралиядан  басқа материктің бәрінде
кездеседі. Тіршілігінің көбісі суда өтетіндіктен дене пішіні соған
бейімделген. Камшаттың негізгі қорегі — балықтар мен бақалар. Кәмшатты
кейде қазақша құндыз немесе қама деп те атайды. Мұның бірнеше түрлері бар,
олардан жиі кездесетіндері: кәмшат құндызы, өзен кәмшаты.

Қазақстанның  орманды, таулы аймақтарында кәдімгі кәмшат және  Орта
Азия кәмшаты кездеседі. Дене тұрқы  65 — 70, құйрығы 41 — 44 см, салмағы 5
— 8 кг. Денесі ұршықша жұмырланып келген , басы біршама кішілеу , мойны
айқын байқалмайды; түксіз жалпақтау келген, денесінің артқы бөлігі
ескектәрізді құйрыққы жалғасады. Аяқтары қысқа. Артқы аяқтарының
башайлары арасы жүзу жарғағымен көмкерілген. Тырнағы өткір, артқы аяғының
екінші башайы айыр сияқты (жүнін қасу үшін қажет). Жүні тығыз, су
өтпейді.Кәмшаттың арқасы мен құйрығының түсі жылтыраған қара қоңыр. Бауыры
ақшыл, төсі сарғыш қоңыр келеді.. Қазақстанның оңтүстік-шығысында
таралған.Іле  өзеніне құятын Шілік, Үсек, Құндызды сияқты таулы өзендерінің
сағаларын және Көксу, Қара,  Тенетек өзендерінің жоғарғы жағалауларын
мекендейді. Көбіне шабақтар мен балықтармен қоректенеді. Сондай-ақ,
құстарды, сүтқоректілерден — қоян, су тышқаны мен ұсақ кеміргіштерді ұстап
жейді. Кәмшат көбіне өзеннің тік жағасынан ін қазып, сонда паналайды.
Інінің аузы су астында болады. Жатағын қыста қатпайтын, балығы бар ағын су
бойына салады. Жылына 1 рет түлейді. Аналығы 2 - 4 құнай табады.
Көпаулануына байланысты саны күрт азайып кеткен. Осы кезде тек кәдімгі
кәмшатты ғана аулауға рұқсат етіледі. Орта Азия кәмшаты өте сирек
кездесетін болғандықтан Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Бұл аң
Кирсанов қорықшасында арнайы қорғалып, өсіріледі. Жылына 100 — 150 кәмшат
елтірісі  дайындалады .Сонымен қоса кәмшаттан парфюмерияда қолданылатын
кәмшат жұпары алынады( жүнінің жоғарғы қабатының астында иіс шығаратын
қылшықтары болады).

Аққалақ  (лат. Mustela nivalis) - сусарлар тұқымдасына жататын
сүтқоректі. Аққалақты кейде ақ қия немесе ақ құлақ деп те атайды. Дене
ұзындығы 11 ден 26 см дейін, құйрығы 1,3—4 см, салмағы 43-250 г келеді.
Денесі жіңішке, икемді. Сыртынан қараганда ақкістен айнымайды.Жазда
арқасының жүні қызыл қоңыр не қара бурыл, бүйірі қоңыр, бауыры ақ тартады,
қыста жүні аппақ болады.Негізінен Еуразия мен Солтүстік Америкада
таралған. ТМД—да барлық аймақтарда кездеседі. Әртүрлі табиғи жағдайларда
тіршілік етеді. Қазақстанның орман - тоғайларыңда, өзен-көл жағаларында,
сай-салаларында, тау алқаптарында, шөл-шөлейтті жерлерінде кездеседі.
Жыртқыш, ұсақ кемірушілермен қоректенеді. 3-10-ға дейін, негізінде 4-7
күшігі болады. Кәсіпшілік маңызы шамалы. Аққалақ - пайдалы аң. Оның
әрбіреуі жылына ауыл және орман шаруашылықтарына орасан зор зиян келтіретін
2,5-3 мыңдай ұсақ кеміргіштерді құртады.

Орман сусары (лат.Martes martes) —  сүтқоректілер отряды, сусарлар
тұқымдасына жататын жыртқыш. Дене тұрқы 43-58 см. Салмағы 1,8 кг. Иілгіш
денелі, қысқа аяқты аң; терісі қара, омырауында ақ дағы бар. Жайық бойында
және оның төменгі ағысында кездеседі. Түн мен кеште ғана шығады.
Сәуірде күшіктейді. Тышқан тәрізділер мен кішігірім құстары жеп
қоректенеді. Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.

Сирек Жайық өзенінің жайылмалары мен Солтүстік Қазақстан ормандарында
таралған; жапырақты және қылқан жапырақты ормандарда мекендейді.
Қазақстанда  жалпы саны 200 бастың шамасындай; санының азаюының негізгі
себептері - орман алқабының қысқаруы және қасақылық. Қолда ойдағындой өсіп-
өнеді. Үш қорықшада қорғалады. Жайық өзенінің жайылмасы мен Солтүстік
Қазақстан ормандарында мекендеуге жарайтын учаскелерді сақтау қажет.

Сирек түр, десе де Жайық өзенінің суалабы мен Солтүстік
Қазақстанда қоныстану тығыздығы біршама жоғары. Қазақстанда түрдің таралу
аймағының шеткі бөлігі жатыр.

Генофондысын сақтау үшін таксонның маңызы - Қазақстанда бұл түрдің
белгілі бес түршесінің өте әлсіз жіктелген екі түршесі –
M.m.uralensisKuznetsov, 1941 (Жайық өзенінің суалабы)
жәнM.m.sabaneeviJurgenson, 1947 (Солтүстік Қазақстан ормандары) -мекендейді

Таралуы – Жайық өзенінің  суалабындағы жайылма тоғайлары мен Солтүстік
Қазақстан ормандарында кездеседі. 1938 жыл Гурьев (Атырау) қаласынан 6 км
жерде ауланған, мұнда кездесоқ келуі мүмкін. 1986 жыл Екі сусар Калмыков
ауылының маңынан ұсталды. 1948 жыл шілде - тамызда Солтүстік Қазақстан
облысындағы Ленин ауданынан, ал 1978 жыл щілде де еркек орман сусары
Көкшетау облысының Зеренді ауданынан ұсталған. Егер соңғы екі кездесуді
кездейсок деп есептесек, ХХ ғасырдың аяғы мен ХХI-ғасырдың басында
Солтүстік Қазақстанда ол тұрақты түрде кездеседі.

Мекендейтін жерлері - Жайық өзенінің суалабында негізгі биоттоптары
– көк терек, ақ терек, емен, тал өскен ормандар. Солтүстік Қазақстанда –
шөптесін өсімдіктері мен бұталары сирек ескі қарағайлы ормандар, таза
қайыңды ормандарда да кездеседі.

Саны - 1977 жыл Жайық өзенінің жайылмасында 1000 г-ға 1.7 сусардан
келді: бұл жерде оның жалпы саны 110-120 болды. 1978 жыл қараша-желтоқсанда
саны 150-160-қа жетті , яғни бір жылдың ішінде саны 35%-ға өсті. Ескертетін
жағдай 1978 және 1979 жылдар сусарлар үшін бұл аймақта өте қолайлы болды:
үлкен су тасқындары болмады, қорек мол – жануартектесте, өсімдіктектесте.
Солтүстік Қазақстанда  ХХІ-ғасырдың басында орман сусарының жалпы саны 160-
тай болды, олардың жартысынан көбі Бурабай мен Көкшетау ұлттық
парктерінде мекендеді.

Негізгі шектеуші факторлар - қорек қорының азаюы, әсересетымқантәрізді
кеміргіштердің, ұялауға қолайлы (ескі қуысы көп ағаштар) орындардың азаюы,
және қаскерлік.

Биологиялық ерекшеліктері - шілде-тамызда ұйығады, 236-275 күн буаз
болады, ұяда 1-8, жиі 3 күшік бар, олардың көзі 34-ші күні ашылады. 2-3
жылда жыныстық жағынан жетіледі. Жамының ұзақтығы – 15 жыл. Қорегінің
негізін тышқантәрізді кеміргіштер құрайды, өсімдіктектес қорек 25%-ға
жетеді. Жыртқыштардың оба ауруымен ауырады. Денесінен 19 түрлі гельминт
табылған, әсіресе скрябингилез қауыпты. Жауына түлкі, қасқыр, қаршыға мен
үкіні жатқызуға болады. Бәсекелестері – сол жерде мекендейтін барлық
жыртқыш аңдар мен құстар.

Қабылданған қорғау шаралары - аулауға мүлдем тиым салынған. Батыс
Қазақстан облысында Кирсанов қорықшасы құрылған. Қорғауды керек ететін
шаралар. Ормандағы ұялауға жарайтын учаскелерді сақтау, жасанды ұяшықтар
жасау, қорегі тапшы жылдары қосымша қоректендіруді ұйымдастыру.

Зерттеу үшін ұсыныстар - сусарлар қоныстанған территорияларды қатал
бақылауды қолға алу, тұрақты санын есептеу. Қолда өсіруді зерттеу.

Тас сусары  (лат.Martes foina) — жыртқыштар отряды, сусар тұқымдасына
жататын жануар. Жетісу (Жоңғар), Іле Алатауларының , сондай-ақ
Тарбағатай,Сауыр  тауының және оңтүстік Алтайдың ормансыз беткейлерінде,
тастақты жерлерінде тіршілік етеді. Үлпілдек жүнді, жылтыр, қара қоңыр
түсті. Төсі ақ, бірден көзге түседі. Дене тұрқы 39-50 см, құйрығының
ұзындығы 23-29 см, салмағы 1,5 кг. Қорегі — тышқан тәрізді кемірушілер,
ұсақ құстар, жазда — жәндіктер. Қыста жеміс-жидектермен қоректенеді.
Қорегін түнде, кейде күндіз аулайды. Маусым - шілдеде ұйығады. 236-275
күннен кейін 2-5 соқыр, саңырау шақалық туады. Олар 30-36 күннен кейін
көзін ашады және естиді. Жыныстық жағынан 15 - 16 айда жетіледі. Терісі өте
бағалы. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген

Аса сирек түр емес, десе де бір қатар аудандарда оның саны азаюда.

Генофондысын сақтау үшін таксонның маңызы – Қазақстанда
ТМД фаунасындағы тас сусардың бес түршесінің біреуі – M.f.intermedia
мекендейді .

Таралуы

Республикада Қырғыз жоталарда, Қаржантау, Қаратау, Шу , Кіндіктас, Іле
және Күнгей Алатауларында, Кетмен Жоңғар Алатауының сілемдерінде,
Тарбағатай мен Саурда кездеседі. Сиректе болса Оңтүстік Алтайда Қамбы және
Нарым жоталарында, Марқакөл көлінің суалабында және Бұқтырма өзенінің
аңғарында да есепке алынған.

Мекендейтін жерлері - тау бөктерлерінен альпі белдеуіне дейінгі (теңіз
деңгейінен 800-3400 м биіктікте) барлық биотоптарда кездеседі.

Саны - ХХ-ғасырдың 60-шы жылдарында біршама көп болған. Солтүстік Тянь
- Шань мен Жоңғар Алатауында сол жылдары оның саны шамамен 3 мыңдай болды,
оның өзінде Іле Алатауында 1968 жылы ақпан-наурызда 1000 га жерде 6.6
бастан келді. 1968-1969 жылдардағы өте қатал қалың қарлы қыстан соң бұл
аймақта саны 500-ге дейін кеміді, ал Іле Алатауында 1969 жылы қыркүйекте
1000 га-да бар – жоғы 1.7 бастан келді. Соңғы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аңдар биологиясы
Мамық жүнді аң терілерінің географиялық және мезгілдік өзгергіштігі
Бағалы терілі аңдар физиологиясы және тауартану. Тері бағалауда пайдаланылатын жаңа әдістер
Аңшылық өнімдерін өңдеу
Тері мен үлбірінің тауарлық көрсеткіші
Терісі бағалы аңдар
Аңдар терісі мен үлбірінің тауарлық көрсеткіші
Терінің жүн-жабындысына сипаттама
Былғары және үлбір тауартануы
Үлбір және тондық терілерінің жартылай фабрикаттарының көрсеткіштері және оларды анықтау және сұрыптау әдістері
Пәндер