Дара жарнақтылар класына және өкілдеріне сипаттама беру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
І КІРІСПЕ
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

2.1. Дара жарнақтылар класына және өкілдеріне сипаттама беру.. ... ... ... .4
2.2.
Құртқашаштар (ирисовые — Iridaceae)
тұқымдасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... .17
2. 3. Лалагүлдер тұқымдасы (лилейные —
Liliaceаe) ... ... ... ... ... ... . ... ... .. 27
ІІІ Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 30
IV Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31

І КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Дара жарнақтылар класына (лилиопсиды или
однодольные – Liliopsida или Monocotyledones)104 тұқымдас, 63000-дай түр
жатады. Бұлар бiр   жылдық, екi жылдық, көп жылдық шөптесiн өсiмдiктер,
сиректеу ағаштар, бұталар, лианалар. Дара жарнақтылардың қос жарақтылардан
басты айырмасы бұлардың тұқым жарнағы бiреу болады.Тамыры шашақты немесе
пиязшықты. Дара жарнақтылардың сабағының алғашқы құрылысы өсiмдiктiң
тiршiлiгiнiң соңына дейiн сақталады. Сабақтың  көлденең кесiндiсiнде
өткiзгiш шоқтары ретсiз, шашыраңқы орналасады. Жапырақтары параллель немесе
доға тәрiздi жүйкеленедi. Құртқашаштар (ирисовые — Iridaceae) тұқымдасы.
Құртқашатардың жалпы сипаттамасы. Құртқашаш (касатик — Iris), гладиолус
(шпажник — Gladiolus), бәйшешек (шафран — Crocus) секiлдi сәндiк
өсiмдiктердi сендер жақсы бiлесiңдер. Олардың барлығы құртқашаштар
тұқымдасына жатады. Сонымен бiрге бұл тұқымдасқа басқа да көптеген сән
болып гүлдейтiн өсiмдiктер жатады. Құртқашаштар үлкен тұқымдас. Оған 75-80-
дей туыс, 1800-дей түр жатады. Қазақстанда 6 туысы, 35 түрi өседi. Бұл
тұқымдастың өкiлдерiнiң таралу аймағы аса кең. Олар жершарының салқын,
кейбiр шөлдi және ылғалды тропикалық ормандарынан басқа кеңiстiктердiң
барлығында кездеседi. Бiрақ құрқашаштардың түрлiк саны мен өсу жилiгi
барлық жерде бiрдей емес. Олардың аса қалың өсетiн аймағы Африканың
оңтүстiгi, орталық және оңтүстiк Америка. Құртқашаштардың көпшiлiгi
шөптесiн өсiмдiктер. Әсiресе тамырсабақты, пиязшықты, түйнектi пиязшықты
формалары көп кездеседi. Тропикалық аймақтарда бұталары да кездеседi.
Жапырақтары қылыш немесе таспа тәрiздi болып келедi. Гүлдерi iрi қосжынысты
дұрыс, кейде бұрыс гүлдер болады. Мысалы, гладиолустың гүлдерi бiржақты
масақ тәрiздi гүлшоғырын түзедi. Гүлдерi бiр түрлерiнде жалғыздан болса,
екiншiлерiнде бiрнешеуден жиналып гүлшоғырын түзедi. Гүлсерiгi қарапайым
алты күлте жапырақшадан тұрады.
Гүлiнiң формуласын былай жазуға болады: ♀♂ Гс  3+3 А3 Ж(3)

Курстық жұмыстың мақсаты. Дара жарнақтылар класына және өкілдеріне
сипаттама беру
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Құртқашаштар (ирисовые — Iridaceae) тұқымдасына анықтама беру
- Лалагүлдер тұқымдасы (лилейные — Liliaceаe) тұқымдасына сипаттама беру
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Дара жарнақтылар класына және өкілдеріне сипаттама беру.
Олар үштен шеңбер түзiп орналасады. Сыртқы шеңбердi түзетiн
желектердiң, iшкi шеңбердiң желектерiнен айқын айырмасы болады. Аталықтары
мен аналықтарының саны үшеуден, төменгi жатынды. Жемiстi үш ұялы қауашақ.
Басты туыстарының бiрi құртқашаш (касатик — Iris). Оның Қазақстанда 21 түрi
кездеседi. Құртқашаштың көптеген түрлерiмен бұдандастыру арқылы алынған
(гибридний) сорттарын барлық жерде сәндiк өсiмдiк ретiнде отырғызады.
Әсiресе герман құртқашашы (касатик германский – Iris germaniana) деген
түрдi жұпар иiстi тамырсабағы үшiн үлкен алқапқа отырғызады. Оны парфюмерия
өнеркәсiбiнде және қақырық түсiретiн дәрi ретiнде медицинада қолданады.
Құртқашаштың 2 түрi: Альберт құртқашашы (ирис Альберта – Iris alberti) және
Людвиг құртқашашы (ирис Людвига – Iris ludwigii) сирек кездесетiн және
жойылуға жақын өсiмдiктер ретiнде қазақстан қызыл кiтабында тiркелген.
Бәйшешек туысы (шафран — Crocus). Бәйшешек түйнектi пиязшықты өсiмдiк.
Жасыл таспа тәрiздi жапырақтары жапырақ қынапшасынан топтасып шығады.
Гүлдерi үлкен болады. Көп жағдайда жалғыздан немесе қосарланып жапырақ
қынапшасын жарып шығады. Гүлдерi қосжынысты, күлте жапырақшалары сары
немесе ашық көк түстi болып келедi. Қазақстанда бәйшешектiң мынадай екi
түрi кездеседi: Корольков бәйшешегi (шафран королькова – Crocus korolkovii)
және Алатау бәйшешегi (шафран Алатавский – Crocus alatavicus). Оның
бiрiншiсi сирек кездесетiн, жойылуға жақын өсiмдiк ретiнде қазақстан қызыл
кiтабына тiркелген.
Гладиолус туысы (шпажник — Gladiolus). Гладиолустар
сән болып гүлдейтiн түйнектi пиязшықты өсiмдiктер. Күлте жапырақшалары ашық
түске (ақ, қызыл, сары) боялған болады. Дүние жүзi бойынша 250 түрi
белгiлi. Ал қазақстанда 2 түрi кезедеседi: қатпар гладиолусы (шпажник
черопитчатый – Gladiolus imbricatum) және будан гладиолусы (шпажник
гибридный – Gladiolus hibiridus). Оның бiрiншiсi сирек кезедесетiн түр
ретiнде Қазақстан қызыл кiтабына енген.
Шиқылдақ туысы (юнона — Juno). Шиқылдақтар биiктiгi 15-
20 см шамасында болатын көпжылдық пиязшықты өсiмдiктер. Қысқа сабағын орақ
тәрiздi иiлген жапырақтары тұтас жауып тұрады. Гүлдерi бiреуден (сиректеу 2-
3-тен) болады. Гүлдерi сарғыштау-көк, ашық-көк немесе көкшiлдеу түстi болып
келедi. Сәндiк өсiмдiктер. әсiресе көктемде айналаға ерекше көрiк бередi.
Шиқылдақ туысының Қазақстанда 8 түрi өседi. Оның үшеуi сирек кездесетiн
өсiмдiк ретiнде қазақстан қызыл кiтабына енген. Олар Алматы шиқылдағы
(юнона Алма-Атинская-Juno almatensis), көкшiл шиқылдақ (юнона голубая –
Juno coerulea). Кушакевич шиқылдағы (юнона кушаковича – Juno
kuschakewiczii). Сонымен бiрге бұл тұқымдасқа Калпаковский придодиктиумы
(иридодиктиум Калпаковского – Iridodictyum kalpakowskianum) деп аталынатын
түр жатады. Ол биiктiгi 15-20 см болатын, кiшiрек шар тәрiздi түйнектi
пиязшықты өсiмдiк. Пиязшығын өткен жылғы жапырақ қынапшасының тор тәрiздi
қалдықтары жауып тұрады. Әдетте тор жiңiшке таспа тәрiздi жапырағы болады.
Олар гүлсидамы секiлдi жапырақ қынапшасын жарып шығады. Гүлдерi күлгiн-көк
түстi. Гүлдерiнiң түп жағында ақ түстi дағы, ал жоғарғы жағында ашық-сары
түстi айдары болады. Сәндiк өсiмдiк. Ол сирек кездесетiн өсiмдiк ретiнде
Қазақстан қызыл кiтабына тiркелген.
Лалагүлдер тұқымдасы (лилейные — Liliaceаe)
Лалагүлдер тұқымдасының (лилейные — Liliaceаe) жалпы
сипаттамасы. Лалагүлдер тұқымдасының өкiлдерi дара жарнақтылар класына тән
өсiмдiктер. Бұл тұкымдастың өкiлдерi бiржылдық, екiжылдык жөне көпжылдық
шөптесiн өсiмдiктер. Бұл тұкымдаста 10 туыс, 470-тей түр бар. Олардың
көпшiлiгi тамырсабақты немесе баданалы (пиязшықты) көп жылдық шөптесiн
өсiмдiктер. Жапырақтары қандауырша тәрiздi, таспалы пiшiндi болып келедi.
Жапырақтары әдетте отырмалы болып кезектесiп орналасады. Көптеген
түрлерiнiң гүлдерi жиналып гүл шоғырын түзедi. Аздаған түрлерiнiң ғана
гүлдерi жалғыздан болады.

1 (сурет) Лалагүл
Гүл серiгi қарапайым, жай күлте жапырақшалар түрiнде берiлген, қос
жынысты,  дұрыс гүл. Аталығы екi шеңбер түзiп орналасады (А. 3+3). Аналығы
3, сиректеу 4 жемiс жапырақшаларынан тұрады. Жоғарғы жатынды, жемiсi
қауашақ немесе жидек. Осы тұкымдастың бiрқатар түрлерiмен танысамыз.
Қызғалдақ туысы (тюльпан — Tulipa). Туыста шамамен 100-дей түр
бар. Қазақстанда 32 түрi кездеседi. Қызғалдақтар  шөлдi, жартылай шөлдi
және далалы аймактарда кең таралған өсiмдiктер. Кейбiр түрлерi сиректеу
орманды жерлерде де кездеседi. Қызғалдақ гүлдерi жалғыздан болады. Гүл 
серiгi қарапайым, бос орналасады. Күлте жапырақшалары екi шеңбер түзiп
орналасады. Сырткы шеңбердi 3 күлте, iшкi шеңбердi 3 күлте құрайды. Олардың
барлығының  мөлшерi бiрдей және қанық боялған. Аталықтарының саны 6, ол екi
шеңбер түзiп орналасады. Гүлдiң ортасын үлкен аналық алып тұрады. Ол мойны
қысқа, үш телiмдi аналықтың аузымен аяқталады. Қызғалдақ жемiстерi —
құрғақ,  көп тұкымды қауашақтар. Тұқымының эндоспермi ұрықты қоршап тұрады.
Гүлiнiң формуласы: *♀♂ К3+3 А3+3  Ж(3)
Қазақстанда кездесетiн 32 түрдiң бiреуi Регел қызғалдағы (тюльпан Регеля –
Tulipa regelii)  жойылуға жақын түр ретiнде және 6 түрi сирек кездесетiн
өсiмдiктер ретiнде Қызыл Кiтапқа енген. Қызғалдақтарды сәндiк өсiмдiктер
ретiнде өсiредi. Қазiргi кезде қызғалдақтардың 800-дей сорттары белгiлi.
Лалагүл туысына (36 сурет) қоныржай климатты аймақтарда өсетiн 80-100 түр
жатады. Қазақстанда бұйра лалагүл (лилия кудряватая, царские кудри – Lilium
martagon) деп аталынатын жалғыз түр өседi. Лалагүл пиязшықты және
тамырсабақты өсiмдiк. Гүлдерi iрi шашақты гүл шығарын түзедi немесе жеке
болады. Гүл серiгi қарапайым, күлте жапырақшылар түрiнде болады және қанық
боялған. Күлте жапырақшыларының түсi арқылы: қызыл, сары, ақ түстi тағы
басқаша болады. Ақ лалагүлдiң (лилия белая – Lilium candidum) шыққан жерi
Кавказ. Күлте жапырақшыларының саны 6, олар 3-тен екi шеңбер түзiп
орналасады. Аталықтарының да саны 6, оларда 3-тен екi шеңбер түзiп
орналасады. Аналығы 3 бiрiккен жемiс жапырақшасынан тұрады, жоғарғы жатынды
гүл. Сонымен лалагүлдiң гүлiнiң құрлысы қазғалдақпен бiрдей. Лалагүлдердiң
көпшiлiгi сәндiк өсiмдiктер. Оған Король лалагүлi(лилия королевская —
Lilium regale) жатады. Қазiрiгi кезде бұл түрдiң 2000-дай сорттары бар.
Шығыс Азияда лалагүлдi жеуге жарайтын пиязшығы үшiн, көкөнiс дақылы ретiнде
де өсiредi.
Қазжуа туысы (гусиный лук — Gagea). Туыста шамамен 70-тей түр бар. Олар өте
ұсақ көпжылдық  шөптесiн өсiмдiктер. Жапырақтары  жiңiшке, гүлдерi ұсақ,
негiзiнен сары түст болады. Қазжуалар ерте көктемде гүлдеп, жемiс берiп,
вегетациялық кезеңiн қысқа уақыттың iшiнде аяқтайды. Бiрақ олардың жер асты
пиязшықтары сақталады. Келесi жылы көктемде осы пиязшықтардан қайтадан жаңа
өсiмдiктер жетiледi. Жаңа өсiмдiктер шашылған тұқымдарынан да пайда болады.
Қазақстанда 38 түрi кездеседi, олардың барлығы дерлiк шөлдi және далалы
аймақтың өсiмдiктерi. Сепкiлгүл туысында (рябчик — Fritillaria) 100
түр бар. Қазақстанда 5 түрi өседi. Олар сәндiк және дәрiлiк өсiмдiктер.
Көптеген түрлерiнiң құрамында алколоидтар бар, сондықтан да олар улы
өсiмдiктер. Аздаған түрлерiнiң, мысалы Камчатка сепкiлгүлiнiң (рябчик
камчатский – Fritilaria kamtschatkensis), кавказ сепкiлгүлiнiң (рябчик
кавказский – Fritillaria kaucasica)  пиязшығын қышқылдығына қарамастан
тамаққа пайдаланады. Кандық туысында (кандык — Erythronium) 24 түрi
бар. Қазақстанда сiбiр қандығы (кандык сибирский – Erythronium sibiricum)
деп аталатын бiр ғана түр өседi. Қандықтың барлығы көктемгi сәндiк
өсiмдiктер. Бiрқатар түрлерiнiң пиязшықтарын тамаққа және дәрi-дәрмек
ретiнде пайдаланады. Ллойдия туысында (ллойдия — Lloydia) 20 түр
бар. Қазақстанда кеш ллойдия деген бiр түрi өседi.

Қос Жарнақтылар магнолиопсидтер (Magnolіopsіda)
Қос Жарнақтылар – гүлді өсімдіктердің екі класының бірі. Жер
шарында (Антарктидадан басқа) құрлықтарда кеңінен таралған. Ағаштар немесе
шөптесін өсімдіктер, кейде қайта сүректенген жартылай бұта, бұталар.
Құрамында 8 класс тармағы, 429 тұқымдасы, 10 мыңға жуық туысы және 190
мыңнан аса түрі бар. Ұрығы 2, кейде 1 ғана жарнақты, өте сирек 3 – 4
жарнақтылары да кездеседі. Жапырақтары қауырсынды, кейде саусақ салалы
жүйкеленген. Жүйкеленуі ашық тұйықталмаған; айқын сағақты. Сабақтың
өткізгіш жүйесі бір шеңберлі камбийлі (өсу клеткаларының жұқа қабаты)
өткізгіш шоқтардан тұрады. Флоэмасында (органик. затты өткізетін күрделі
ұлпа) әдетте паренхима бар. Сабақтың қабығы мен өзегі өте айқын
ажыратылады. Алғашқы (ұрықтық) тамырша негізгі тамырға айналады. Тамырдың
оймақшасы мен эпидермасының онтогенездік жеке дамуы бірдей. Көпшілігінде
гүлдері 5 немесе 4 мүшелі, кейбір алғашқы қарапайым таксондарда 3 мүшелі.
Тозаң түйіршіктерінің сыртқы қабығының түсі алуан түрлі; қ. Гүлді
өсімдіктер. Дара жарнақтылардың көпшілік түрінің (бидай, қарабидай, күріш,
қант қамысы, пальма, т.б. сондай-ақ әсемдік үшін егілетін қызғалдақ,
лалагүл, т.б.) шаруашылық маңызы өте зор. Дара жарнақтылар Қазақстанның
барлық жерінде кездеседі. Бұршақтар тұқымдасында 12 мыңдай түр, 490 туыс
бар. Бұл тұқымдасқа бiр жылдык, көп жылдық шөптесiн өсiмдiктер, бұталар
және ағаштар жатады. Жапырақтары мен гүлшоғыры әртүрлi. Бiрқатар түрлерiнiң
жапырақтарының түп жағында бөбешiк жапырқтары болады. Ал кейбiр
өсiмдiктерде, мысалы, асбұршағында(горох - Pisum) ол кәдiмгi жапырақтардан
көп үлкен. Бұршақтар тұқымдасына негiзiнен күрделi жапырақтар тән.
Олар жершарының солтүстiк бөлiгiнде, әсiресе субтропикалық және қоңыржай
климатты аймақтарында көптен кездеседi. Жапырақтары кезектесiп орналасады,
шеттерi тiлiмделген болып келедi. Сабағында қауашағында морфин, кодеин тағы
басқа, апиыны бар сүттi шырындар жиналады. Гүлдерi үлкен, қос жынысты,
дұрыс гүл. Тостағанша жапырақшаларының саны 2, олар гүл ашылысымен түсiп
қалады. Күлте жапырақшасының да саны 4, олар екi қатар шеңбер түзiп
орналасады. Күлте жапырақшаларының түсi қызыл, сары, ақшыл болып келедi.
Аталығы көп, аналығы да көп. Аналығы көптеген жемiс жапырақшаларынан
тұрады. Жатыны екi немесе көп ұялы және жоғарғы болып келедi. Аналығының
мойны жоқ, отырмалы болып келедi. Жемiсi қауашақ. Тұқымдары ұсақ, түсi
қара, эндоспермi майлы болып келедi. Тұқымдастың өкiлдерi насекомдармен,
жел арқылы да тозаңданады. Көкнәр туысы (мак - Papaver). Тұқымдастың ең
үлкен туысы, оған 120-дай түр жатады.
Қазақстанда 11 түрi кезедеседi. Көпжылдық және
бiржылдық шөптесiн өсiмдiктер. Олардың аса кең тарағаны апиын көкнәрi (мак
снатворный – Papaver comniferum). Бұл түрдiң дәнiнде 45-50% дейiн май
болады. Соған байланысты оны май алынатын дақыл ретiнде себедi. Көкнәрдiң
майын тамаққа және бояу алуға пайдаланады. Сонымен бiрге одан медицинада
кеңiнен қолданылатын апиын алынады. Апиыннан пантонан алынады, оның
құрамында морфин, наркотин, паповерин, кодеин секiлдi алкалоидтат бар.
Көкнәрдiң апиын алынатын сорттарын азияның көптеген елдерiнде (Иранда,
Авганистанда, Жапонияда, Қытайда және Индонезияда) арнайы себедi. ТМД-
елдерiнде көкнәрдiң мұндай сорттарын Қырғызстанда, Өзбекстанда,
Тәжiкстанда, аздап Қазақстанда да себедi. Шығыс көкнәрi (мак восточный –
Papaver orientalis) деген түрiн үлкен ашық – қызыл түстi гүлдерi үшiн
бақтарда отырғызады. Көкнәрдiң жабайы түрлерi де аса сәндiк өсiмдiктер.
Әсiресе, сеппе көкнәр (мак самосейка – Papaver rhoeas) көктемде шөлдi
аймақтарда, тау етектерiнде қалың болып жайқалып өседi. Гүлдеген кездерiнде
далаға ерекше көрiк беретiн, егiстiктiң бiржылдық арамшөбi. Жiңiшке көкнәр
(мак тоненький – Papaver lenellum) деген түрi сирек кездесетiн өсiмдiк
ретiнде қазақстан қызыл кiтабына тiркелген. Бұл тұқымдасқа жататын басқа да
туыстар бар.

1 (кесте)

Солардың бiрi қызылтаңдай (роемерия – Roemeria) туысы. Оған 2 түр
жатады. Бұлардың да гүлдерi қанық боялған, сәндiк өсiмдiктер. Дәрiлiк
қасиеттерi де бар. Тағы бiр туысы мүйiзкөкнәр (глауциум - Glaucium). Оның 4
түрi бар. Ал үлкен сүйелшөп (гистотель большой – Chelidonium majus) деген
түрi аса улы өсiмдiк. Оны халық медицинасында әр түрлi терi ауруларын
емдеуге, сүйелдi кетiруге пайдаланып келген. Бұл өсiмдiктiң сүйелшөп
аталуы да соған байланысты болса керек. Жалпы көкнәрлер тұқымдасының
барлығы сәндiк өсiмдiктер. Оларды мал жемейдi, егiстiктiң арамшөптерi,
бiрақ дәрiлi қасиеттерi бар. Кейбiр түрлерiнен тамаққа және техникалық
мақсатта пайдалынатын май алынады [2].

Алабұталар тұқымдасы (семейство Маревые - Сhenopodiacede).

Дүние жүзi бойынша алаботалар тұкымдасына 1600түр, 105- туыс жатады.
Қазақстанда алаботалар тұқымдасының 225 түрi кездеседi. Олар негiзiнен
субтропикалық, климаты құрғақ және топырағы тұзды келетiн шөлдi аймақтарда
кең таралған. Алабұталар тұқымдасының өкiлдерi Орта Азияда, Солтүстiк және
Оңтүстiк Америкада, Австралияның орталық аудандарында көптеп кездеседi.
Алабұталар тұқымдасына жататын өсiмдiктердiң iшiнде қос жынысты және дара
жынысты өкiлдерi бар. Олардың барлығының гүлдерi ұсақ, көрiксiз, дұрыс
гүлдер. Мұндай гүлдердiң гүл серiгi қарапайым, тек 5 тостағанша
жапырақшадан тұрады. Қос жынысты гүлдердiң 5 аталығы тостағанша
жапырақшаларына қарама- қарсы орналасады. Аналықтары өзара бiрiккен 2 жемiс
жапырақшасынан тұрады. Жоғары жатынды гүл. Алабұталар тұқымдасының
өкiлдерiнiң басым көпшiлiгi бiржылдық, екiжылдық, көпжылдық шөптесiн
өсiмдiктер. Жартылай бұталары, бұталары, аздап ағаштары да кездеседi.

Алабұта туысы (марь - Chenopodium).

Оған бiржылдық, екiжылдық, көпжылдық шөптесiн өсiмдiктер мен
бұталар жатады. Жапырақтары сабаққа кезектесiп орналасады. Гүлдерi
қосжынысты, топтасып жиналып масақ немесе сыпырғы тәрiздi гүлшоғырын
түзедi. Гүл серiгi қарапайым 5 тостағанша жапырақшадан тұрады. Аталығының
да саны 5, аналығы 2. Жемiсi тұқымша. Сиректеу шырынды жемiстiлерi де
болады. Алабұта гүлiнiң формуласын былай жазуға болады: * ♀ ♂ ГС·5 А5
Ж(2) . Аса кең
тараған өкiлiнiң бiрi ақ алабота (марь белая – Chenopodium album). Ол
бiржылдық өсiмдiк. Жапырағы сопақтау – ромба тәрiздi, шетiнде ойыстау
тiсшелерi болады. Сабағын және жапырақ тақтасының астыңғы бетiн ақ ұнтақ
тұтып тұрады. Ақ алабұта жаз бойы гүлдейдi және көп мөлшерде дән байлайды.
Бiр өсiмдiк жылына шамамен 20 мыңға дейiн тұқым бередi. Олардың бiразы
мәдени өсiмдiктерден өнiм жинағанға дейiн жерге шашылып үлгередi. Келесi
жылы көктемде, әсiресе айдалған жерлерде ақ алабота қаптап өседi. Осылайша
егiстiктi арамшөп басады. Ақ алабұта топырақтан тамырлары арқылы азот,
калий, фосфор секiлдi заттарды көп мөлшерде сiңiредi. Нәтижесiнде топырақ
құнарсызданады. Мұның өзi мәдени өсiмдiктердiң түсiмдiлiгiнiң едәуiр
төмендеуiне әкелiп соқтырады. Сонымен бiрге ақ алабота зиянкес
насекомдардың мекендейтiн орны болып табылады. Көкпек туысы (лебеда -
Atriplex). Туыстың өкiлдерi алаботаға көп ұқсайды. Олардан гүлдерiнiң дара
жынысты болуымен ажыратылады. Көкпектер бiр үйлi, сиректеу екi үйлi
өсiмдiктер. Аналық гүлiнiң гүлсерiгi болмайды, оны бiрiккен жабындық
жапырақтары алмастырады. Көкпектер өзен жағасында, сүдiгерге жыртылған
жерлерде, қара-қоқыстың айналасында қаптап өседi. Сонымен бiрге олар шөлдi
және жартылай шөлдi аймақтардың сор және сортаң топырақтарында көптеп
кездеседi. Туыстың кең тараған өкiлiнiң бiрi жылтыр көкпек (лебеда лоснящая
– Atriplex nitans). Ол егiстiктiң бiржылдық арамшөбi. Үш бұрышты жапырағы
сабаққа кезектесiп орналасады. Жапырағының түп жағы сүңгi тәрiздi болып
келедi. Жылтыр көкпектiң гүлiнiң формуласын былай жазуға болады: Аналық
гүлiнiң формуласы: * ♀ Гс· 0 А0 Ж(2); аталық гүлiнiң формуласы: * ♂
Гс(5) А5 Ж0. Жемiстерi жаңғақша, кеибiреулерiнде - тұқымша [3].
Алабұталар тұқымдасына жататын жабайы өсiмдiктердiң маңыздыларының
бiрi сексеуiл (саксаул - Haloxylon) оның қазақстанда мынадай 3 түрi
кездеседi: ақ сексеуiл (саксаул персидский – Haloxylon persicum), қара
сексеуiл (саксаул безлистный – Haloxylon aphyllum) және зайсан сексеуiлi
(саксаул зайсанский – Haloxylon ammodendrom). Оның биiктiгi 8 метрге дейiн
жететiн ағаш. Бұталары да кездеседi. Тамырлары 10—12 м тереңдiкке дейiн
жетедi. Жапырақтары редукияға ұшыраған, тек қабыршақ түрiнде болады. Соған
байланысты сексеуiлде фотосинтез процесiн олардың жасыл өркендерi жүзеге
асырады. Сексеуiл Орта Азияның құмды шөлдерiнде, өзен алқабындағы тақырлау
сор топырақтарда, тастақты жерлерде кездеседi. Олар құмды шөлдерде сирек
орман түзедi. Сексеуiл ағашынан тұратын сирек орманның Қазақстанда жер
көлемi 4561,1 мың гектарға тең. Сексеуiлдiң халық шаруашылығында маңызы аса
зор. Ол құмды шөлдердi эрозиядан сақтайды. Құнды отын болып табылады.
Сонымен бiрге сексеуiлдiң малазықтык мәнi де бар. Алайда соңғы жылдары
қазақстанда сексеуiл орманы сиреп кеттi. Оның басты себебi жергiлiктi халық
сексеуiлдi отынға дайындағанды техниканы пайдаланатын болды. Тiптен iрi
қалаларға сексеуiлдi машинамен тасып сатып, оны табыс көзiне айналдыруда.
Сондықтан сексеуiлдi қорғау шараларын республика көлемiнде қолға алу қажет.
Сексуiл тұқымынан жақсы өседi, агротехникасы да жолға қойылған. Сондықтан
да оны қолдан өсiру шараларын жүзеге асыру кезек күттiрмейтiн мәселе. Егер
бұл мәселе шешiмiн таппаса, онда сексеуiлдiң жойылып кету қаупi бар [4].
Бұл тұқымдасқа
Қазақстанда кездесетiн тағыда көптеген жабайы өсiмдiктер жатады. Аса кең
тараған туыстарына тас бұйырғын (нанофитон - Nanophyton), бұйырғын (ежовник
- Anabasis), сораң (солянка - Salsola), климакоптера (климакоптера -
Climacoptera), ақсора (сведа - Suaeda), бұзаубас сораң (солерос -
Saliconia), қараматау (камфоросма - Camphorosma), изен (кохия - kochia),
терiскен (терескен - Kracheninnikovia), ебелек (рогач - Сeratocarpus), т.б.
жатады. Бұлардың басым көпшiлiгi аса құнды малазықтық өсiмдiктер. Олардың
iшiнде бұйрығын туысының алатын орны ерекше. Бұйрығының қазақстанда 17 түрi
кездеседi. Олар негiзiнен шөлдi және жартылай шөлдi аймақтарда өседi.
Маңызды түрiнiң бiрi сортаң бұйрығын (ежовник соланчаковый – Anabasis
salsa). Оны түйелер өте жақсы жейдi. Ал итсигек (ежовик безлистый –
Anabasis aphylla) деген түрi өте улы, оның жас өркендерiнде құнды аколоид
анабазин болады. Анабазиннен бiрнеше дәрiлiк және ауылшаруашылығы
зиянкестерiне қарсы қолданылатын препараттар алынады. Оңтүстiк қазақстан
облысының орталығын Шымкент қаласында итсигектен дәрi-дәрмек жасайтын
арнайы зауыт бар. Алабұталар тұқымдасының изен (кохия простертая – kochia
prostrata), терiскен (терескен серый – Kracheninnikovia ceratoides),
күйреуiк (солянка восточная – Salsola orientalis) секiлдi түрлерi
Республикамыздың жем-шөп қорын арттыру мақсатында мәдени жағдайда өсiредi
[5]. Алабұталар
тұқымдасына жататын мәдени өсiмдiктер де бар. Олардың аса маңыздысы қант
қызылшасы (свекла обыкновенная – Beta vulgaris). Қызылша - екi жылдық
өсiмдiк. Бiрiншi жылы өсiмдiк тамыр мойнынан кететiн жапырақтар бередi және
тамыр жемiстер түзедi. Екiншi жылы тамыр жемiстен сабақ кетедi. Оның
басында күрделi гүлшоғыры шашақ жетiледi. Қызылшаны өндiрiстiк мақсатта
қант өндiру үшiн себедi. Сонымен бiрге қызылшаны көкөнiстiк және малазықтық
дақыл ретiнде де көптеп өсiредi. Қант қызылшасының тамыр жемiсiнде 16-22%
дейiн, кейде одан да көп сахароза болады. Зауытта өңдеген қант қызылшасынан
қантпен қатар , патока және сығынды алынады. Патока - крахмалдың, қантка
айналмаған түрi. Патоканың құрғақ салмағының 15% азотсыз экскреторлық
заттар, 60% қант, 8—9% күл (зола) құрайды. .Патокадан спирт және глицерин
алынады. Маңызды көкенiстiк өсiмдiктiң бiрi шпинат (шпинат - Spinacia).
Оның қазақстанда екi түрi өседi: бақша шпинаты (шпинат огородный – Spinacia
oleracca) және түркiстан шпинаты (шпинат туркестанский – Spinacia
turkestanica). Бақша шпинатын тамаққа пайдаланады. Құрамындағы белоктың
мөлшерi жағынан еттен кейiнгi екiншi орынды алады. Шпинаттың құрамында
витаминдер көп болады: А1, В1, В2, С және РР. Сондықтан да оны тамаққа қосу
өте пайдалы.

Асқабақтар (тыквенные - Cucurbitaceae) тұқымдасы

Асқабақтар тұқымдасының жалпы сипаттамасы. Асқабақтар тұқымдасына
1 мыңдай түр, 120 туыс жатады. Олар тропикалық және субтропикалық
аймақтарда кең таралған өсiмдiктер, қоңыржай климатты облыстарда аздап
өседi. Түрлерiнiң шыққан жерi Гималайдың шығыс бөлiгi, Азияның Оңтүстiк
шығысы және Оңтүстiк Америка. Түрлерiнiң басым көпшiлiгi өрмелеп, сиректеу
ұзын өркендерi арқылы жерге төселiп өсетiн бiржылдық өсiмдiктер. Көп
жағайда пальмалардың арасында өседi, сабақтарының сыртын қатты, қалың
түктер жауып тұады. Жапырақтары үлкен, бөбешiк жапырақтары болмайды.
Жапырақ тақталары жүрек тәрiздi, шеттерi саусақ салалы тiлiмделген, сабаққа
кезектесiп орналасады. Қарапайым немесе бұтақталған мұртшалары болады. [6].
Дұрыс гүлдi өсiмдiктер. Гүлдерi 5 мүшелi, әдетте
дара жынысты болады. Гүлдерi жапырақтың қолтығында бiреуден немесе
бiрнешеуден орналасады. Бiр үйлi немесе екi үйлi өсiмдiктер. Гүл серiгi
қосарланған, түп жағынан түтiкке қоңырау тәрiздi бiрiккен. Өзара бiрiккен 5
тостағаншасы, 5 күлте жапыракшасы болады, желектерi ашық-сары түстi. Аталық
гүлдерiнде 5 аталық болады, олардың төртеуi екеу-екеуден қосарланып
бiрiгедi де, бiреуi бос орналасады. Тозаң қабы екi ұялы. Аналық гүлдерiнде
гүл серiктерiнен өзара бiрiккен үш аналығы болады. Төменгi жатынды үш ұялы.
Жемiсi жидек тәрiздi-аскабақ жемiс. Мұндай жемiстердiң үлкен болатындығы
сонша, кейде олардың салмағы 100 кг астам болады. Сиректеу жемiсi жидек
болып келетiн түрлерi де болады (итжүзiм). Тұқымдары көп, эндоспермi жоқ,
тұқым жарнағы жалпақ болып келедi. Гүлдерiнiң формуласын былай жазуға
болады: Аталық гүл: *♂Т(5)К(5)А(2)+(2)+1Ж0; Аналық гүл: : ♀*Т(5) К(5) А0
Ж(3) Негiзгi туыстарына қияр (огурец – Cucumis), қауын (дыня - Melo),
қарбыз (арбуз - Citullus), асқабақ (тыква - Cucurbita) жатады. Қияр
бұтақталмайтын мұртшалары бар бiржылдық өсiмдiк. Гүл түйiнi цилиндр
тәрiздi, тiкенектi түктерi болады. Африка мен Азияда таралған 30-дай түрi
бар. Көкөнiстiк өсiмдiк ретiнде екпе қиярды (огурец посевной – Сucumis
sativus) өсiредi. Жабайы түрi белгiсiз, қазiргi кезде көптеген
аудандастырылған сорттары бар. Қауын бiржылдық өсiмдiк. Қоңыржай климатты
аудандарда кең таралған 10 түрi бар. Өркендерi жерге төселiп өседi. Гүл
түйiнi сопақтау немесе шар тәрiздi келедi, сыртын түктер жауып тұрады. Екпе
қауынды Орта Азия республикалары мен Казакстанда көптеп өсiредi.
Қазақстанда қауынның 22 аудандастырылған сорттары егiледi. Олардың үшеуi:
жергiлiктi әңгелек, шекер-пәлек554 және отызкүндiк сорттары ерте
пiседi. Бұл сорттарда өскiн пайда болған уақыттан алғашқы өнiм жиналғанға
дейiн 65-80 күн өтедi (көп жағдайда 70-75 күн). Ерте пiсетiн сорттардың
жемiстерi ұзақ сақталмайды және тасмалдауға келмейдi. Сондықтан олардың
жемiстерiн пiсiсiмен тағам ретiнде пайдаланып отырған жөн. Пiсу уақыты
орташа қауындардың 14 сорты аудандастырылған. Олардан алғашқы өнiм 80-95
күнде жиналады (көп жағдайда 85-90 күнде). Кейде пiсу уақыты орташа
сорттардың жемiсiнiң толық жетiлуi 100 күнге дейiн созылады. 6 сорты кеш
пiсетiн қауындар. Бұлардың жемiстерi 100-115 күнде, кейде одан да кештеу
пiседi. Қауынның Қазақстан селекционерлерi шығарған жергiлiктi сортарына
мыналар жатады: Жергiлiктi әңгелек, Жергiлiктi қара-Гулябы, Жергiлiктi
Сары-Гулябы, Жергiлiктi торлама. Қарбыз туысының 3 түрi бар. Бiржылдық
және көпжылдық өсiмдiк. Олар Оңтүстiк Африканың Колахара шөлiнде өседi.
Кәдiмгi карбыздың көптеген сорттары себiледi. Қоректiк қарбызды малдарды
семiрту мақсатында арнайы өсiредi. Қазақстанда қарбыздың 14 сорты
аудандастырылған. Қарбыздың құрамындағы 12% дейiн жеңiл қорытылатын қант
бар. Сонымен бiрге қарбызда витамин А, В, С болады. Қарбыздан бал алынады,
оның құрамында 65% дейiн қант болады.
Асқабақтар туысының өкiлдерi бiржылдық немесе көпжылдық шөптектi
өсiмдiктер. Туыстың табиғи жағдайда 18 түрi кездеседi, 5 түрi мәдени
жағдайда өсiрiледi. Табиғи түрлерi Мексикада, Гватемалада, Гондураста
кездеседi. Iрi асқабақ деп аталынатын түрiн ТМД елдерiнiң европалық
бөлiгiнiң орталық аудандарында (Украина) және Приморский аймағында өсiредi.
Мускатты асқабактың жемiсiнде 13% қант, 16% крахмал, 25% ақуыз (белок)
болады. Пiсiп жетiлген тұқымында 52% дейiн май болады. Қазақстанда
асқабақтар тұқымдасынан итжүзiмнiң (преступень - Bryonia) үш түрiн, aтпа
қиярдың (бешенный огурец - Ecbollium) бiр түрiн оңтүстiк аудандардан
кездестiруге болады. Өз атына сәкес атпа қиярдың жемiсiнде қысымның жоғары
болуына байланысты, тұқымдарын сыртқа шашады. Тұқымдастың тағы бiр маңызды
өкiлi ожау қабақ (горлянка обыкновенная – Lagenaria vuegaris). Ол
Қазақстанда тек мәдени жағдайда өсiрiледi. Асқабақтар тұқымдасының халық
шруашылығындағы маңызы. Бiрiншiден қауын, қарбыз, қияр, асқабақтар
диетикалық тағамдар. Екiншiден олардың төртеуi де дәрiлк өсiмдiктер.
Шикiзат ретiнде осы өсiмдiктердiң жемiстерiнiң етжендi жұмсағы, тұқымы,
шырындары пайдаланылады. Олар әртүрлi ауыруларға ем. Әсiресе қарбыздың
несiп айдайтын, өттi тазартатын, iштi жүргiзетiн қасиеттерi бар. Осы
қасиеттер қауын, қияр, асқабақтан да тбылады. Сонымен бiрге асқабақтың
тұқымы iшек құрт ауыруына бiрден-бiр ем. Iшек – қарынның жұмысын жақсартады
және зат алмасуды реттейдi. Асқабақтар тұқымдасының көпшiлiгiнiң дәнiнде
май болады, оны тамаққа да, технекалық мақсаттарда да пайдаланады. Колоцинт
және итжүзiм туыстарының түрлерi де дәрiлiк өсiмдiктер болып табылады.
Кейбiр түрлерiн сәндiк өсiмдiктер ретiнде өсiредi. Ожау қабақтың жемiсiн
ыстық күлге кептiрiп су құятын ыдыс ретiнде пайдаланады.

ОРАМЖАПЫРАҚТАР ТҰҚЫМДАСЫ (семейство капустные - Brassicaceae)

Орамжапырақтар құрлықтардың барлығында, әсiресе қоңыржай және суық
климатты аймақтарда кең таралған. Олар тiптен климаты қатал Арктикада
кездеседi.Түрлерiнiң саны 3000 – дай болады. Қазақстанда 79 туысы және 300
– дей түрi өседi. Негiзiнен бiр жылдық, екi жылдық және көп жылдық
шөптесiн өсiмдiктер. Орамжапырақтар насекомдармен айқас тозаңданады.
Көпшiлiгiнiң шiрнелiктерi болады және жағымды иiс шығарады.

Орамжапырақтар тұқымдасына жататын өсiмдiктердiң барлығына тән
ортақ белгiлерi бар.

Бұл тұқымдасқа жататын өсiмдiктердiң бәрiнiң гүлдерiнiң құрылысы
бiрдей, күлте жапырақшалары крест тәрiздi орналасады. Гүлдерiнiң екi шеңбер
түзiп орналасқан, 4 тостағанша жапырақшасы, 4 күлте жапырақшасы болады.
Аталығы 6 – ау, оның 2 – уi қысқа және 4 – уi ұзын. Аналығы екi бiрiккен
жемiсжапырақшасынан тұрады. Сонымен Орамжапырақтар тұқымдасы гүлiнiң
формуласын былай көрсете аламыз: *♀♂ Т2+2 К4А2+4 Ж(2). Гүлшоғыры шашақ
немесе сыпыртқы тәрiздi. Жемiстерi бұршаққын немесе бұршаққынша, екi
жақтауы арқылы қақырап ашылады. Бұршаққыншаларының ұзындығы енiнен 2 – 3
еседен артық болмайды. Орамжапырақтардың жапырақтары сабаққа кезектесiп
орналасады немесе тамырдың мойнына жақын жиналып, жертаған түзедi. Тамыр
жүйесi кiндiк тамырлы, кейбiр түрлерi тамыр жемiс түзедi. Орамжапырақтар
тұқымдасының күзде гүлдейтiн арамшөп ретiнде кең тараған өкiлiне жабайы
шомыр (редькая дикая – Raphanus raphanistrum) жатады. Бұл өсiмдiктен қос
жарнақтылар класына тән белгiлердiң барлығы табылады. Жабайы шомырдың
сабағы тiк өсiп, төменгi бөлiгi қалың түктермен қапталады. Жапырағының
формасы лира тәрiздi кезектесiп орналасады. Күлте жапырақшаларының түсi
сары және құрылысы жағынан капуста гүлдiлер тұқымдасына тән болып келедi.
Гүлдерi бiршама үлкен және шашақ гүл шоғырына жиналады. Маусым айында
жабайы шомыр егiстiктiң шөп басқан жерлерiнде молынан гүлдейдi. Күзде
гүлдеп тұрған өсiмдiктер онша көп болмайды, бiрақ олар алыстан жақсы
байқалады. Жабайы шомырдың жемiсi – бұршаққын, ол көлденең перделерi
арқылы, iшiнде бiр – бiрден тұқымдары бар жекелеген бөлiктерге ыдырайды.
Жабайы шомырдың өскiндерi келесi жылы көктемде пайда болады. Жабайы
шомырдан басқа тұқымдастың аса кең таралған өкiлдерiне кәдiмгi қышабас
(сурепка обыкновенная – Barbarea vulgaris), егiстiк қанатжемiс (ярутка
полевая - Thlaspi arvense), кәдiмгi жұмыршақ (пастушья сумка обыкновенная –
Capsella bursa - pastoris), шығыс мейiрбикесi (свербига восточная - Bunias
orientalis), т.б. жатады [6].

Кәдiмгi қышабас (сурепка обыкновенная – Barbarea vulgaries) жабайы шомырға
ұқсас.

Қышабастың жағымды иiстi, сары түстi гүлдерi жабайы шомырдың
гүлдерiне қарағанда ұсақтау. Қышабастың жемiсi бұршаққын, оның екi
жақтауының арасын тiкесiнен бөлiп тұратын пердесi болады. Осы пердеде
тұқымдары жетiледi. Қышабас – арамшөп. Көкек айының соңында және мамыр
айында шалғындарда, жолдың жағасында және егiстiк жерлерде гүлдейдi. Жерге
түскен дәндерi күзде өсiп, қысқа сабақты жертаған түзетiн жапырақтар
бередi. Келесi жылы көктемде буынаралықтары, ұзын сабақтары жетiлiп өсiмдiк
гүлдейдi. Кәдiмгi жұмыршақтың (пастушья сумка обыкновенная – Capsella
bursa - pastoris) ұсақ ақ гүлдерi болады (24-сурет), жемiстерi қалта
тәрiздi үшбұрышты бұршаққыншалар. Жемiсi тез пiсiп жетiледi, әрi жерге
түскен дәндерi бiрден өседi. Тұқымынан сол жаздың өзiне тағы да жаңа
өсiмдiктер пайда болып жемiс бередi. Бiр жаздың өзiнде кәдiмгi жұмыршақ 3 –
4 ұрпақ бередi. Сондықтан күзде жертаған жапырақтары бар көптеген жас
өсiмдiктердi кездестiруге болады. Кәдiмгi жұмыршақ мал жүрген жерлерде,
қора – қоқыстың айналасына, жолдың бойында және егiстiкте өседi. Сондықтан
кәдiмгi жұмыршақ бүкiл жер бетiне түгел дерлiк таралған. Ал кейбiр түрлерi
өте көп мөлшерде тұқым байлайды. Мысалы сарбасқурайдың бiр түбi жылына
6000-нан 110000 дейiн, аса үлкен болып өскендерi тiптен 770000 дейiн, тұқым
бередi. Сондықтан да орамжапырақтар тұқымдасының өкiлдерi егiстiктiң
күресуге қиын арамшөптерi.

Орамжапырақтар тұқымдасына төмендегiдей мәдени өсiмдiктер жатады:

- орамжапырақ (капуста - Brassica),

- тарна (брюква - Brassica napobrassica),

- бақша шомыры (редька огородная – Raphanus sativus),

- шалғам (редис – Raphanus sativus var. radicula),

- шалқан (асханалық сорт - репа – Brassica rapa),

- мал азықтық шалқан (жемшөптiк сорт) (турнипс – Brassica rapa),

- далалық қыша (сарептская горчица – Brassica juncea),

- ақжелке(хрен обыкновенный - Armoraia rusticana) және т.б.

Орамжапырақтарға жататын өсiмдiктер жақсы бал жинайды. Кейбiр
орамжапырақтарға жататын өсiмдiктерден тамақа немесе техникалық мақсатта
пайдаланылатын май алынады.Май алу мақсатында қышан немесе арыш өсiрiледi.
Егер сендер гүлiнiң құрылысы жағынан орамжапырақтар тұқымдасына сәйкес
келетiн, таныс емес өсiмдiктi кездестiресiңдер, оның атын өсiмдiктi
анықтауға арналған кесте бойынша анықтаңдар. Орамжапырақтар тұқымдасына
жататын кейбiр өсiмдiктердi, осында келтiрiлген карточкалар бойынша
анықтауға болады, бiрақ сендер өсiмдiктi анықтауға арналған кестемен
бәрiбiр танысуға тиiссiңдер. Өсiмдiктi анықтауға арналған кесте – тезадан
және аттитезадан тұрады. Теза цифрмен, ал антитеза 0 – мен белгiленген.
Өсiмдiктi анықтау үшiн алдымен тезаны содан соң антитезаны түгелiмен оқып
шығып бiр – бiрiмен салыстырады, содан соң олардың анықтап отырған
өсiмдiкке белгiлерi сәйкес келетiнiн таңдап алады. Егер таңдап алған
тезаның немесе антитезаның соңында цифр тұрса, онда анықтаудың одан әрi
жалғастыру қажет. Ол үшiн цифрмен көрсетiлген сiлтеме арқылы келесi тезаға
көшедi. Осылайша таңдап алынған тезаның немесе антитезаның соңында туыстың
аты берiлгенше анықтау жалғастырыла бередi. Түрдi анықтауда сол жоғарыда
көрсетiлген тәсiлмен жүргiзiледi. Түрдiң атынан кейiн оны ғылымға алғаш рет
таныстырып, сипатап жазған ғалымның аты жөнi жазылады. Соның нәтижесiнде
тұқымдастың, туыстың, түрдiң ғылыми (латын тiлiндегi) атын және олардың
орысша (мүмкiндiгiнше қазақша) баламаларын табады. Төменде орамжапырақтар
тұқымдасының бiр қатар түрлерiн анықтауға арналған кестенi келтiремiз.
Ондағы мақсатымыз, өсiмдiктердi анықтауға арналған кестенiң қалай
құрастырылғанымен және оны пайдаланудың жолдарымен таныстыру [8].

2.2. Құртқашаштар (ирисовые — Iridaceae) тұқымдасы.
Құртқашатардың жалпы сипаттамасы. Құртқашаш (касатик — Iris),
гладиолус (шпажник — Gladiolus), бәйшешек (шафран — Crocus) секiлдi сәндiк
өсiмдiктердi сендер жақсы бiлесiңдер. Олардың барлығы құртқашаштар
тұқымдасына жатады. Сонымен бiрге бұл тұқымдасқа басқа да көптеген сән
болып гүлдейтiн өсiмдiктер жатады. Құртқашаштар үлкен тұқымдас. Оған 75-80-
дей туыс, 1800-дей түр жатады. Қазақстанда 6 туысы, 35 түрi өседi. Бұл
тұқымдастың өкiлдерiнiң таралу аймағы аса кең. Олар жершарының салқын,
кейбiр шөлдi және ылғалды тропикалық ормандарынан басқа кеңiстiктердiң
барлығында кездеседi. Бiрақ құрқашаштардың түрлiк саны мен өсу жилiгi
барлық жерде бiрдей емес. Олардың аса қалың өсетiн аймағы Африканың
оңтүстiгi, орталық және оңтүстiк Америка. Құртқашаштардың көпшiлiгi
шөптесiн өсiмдiктер. Әсiресе тамырсабақты, пиязшықты, түйнектi пиязшықты
формалары көп кездеседi. Тропикалық аймақтарда бұталары да кездеседi.
Жапырақтары қылыш немесе таспа тәрiздi болып келедi. Гүлдерi iрi қосжынысты
дұрыс, кейде бұрыс гүлдер болады. Мысалы, гладиолустың гүлдерi бiржақты
масақ тәрiздi гүлшоғырын түзедi. Гүлдерi бiр түрлерiнде жалғыздан болса,
екiншiлерiнде бiрнешеуден жиналып гүлшоғырын түзедi. Гүлсерiгi қарапайым
алты күлте жапырақшадан тұрады. Олар үштен шеңбер түзiп орналасады. Сыртқы
шеңбердi түзетiн желектердiң, iшкi шеңбердiң желектерiнен айқын айырмасы
болады. Аталықтары мен аналықтарының саны үшеуден, төменгi жатынды. Жемiстi
үш ұялы қауашақ. Гүлiнiң формуласын былай жазуға болады: ♀♂ Гс  ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қос жарнақтылардың сан алуандылығы
Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы
Ұрықтану. Жеміс және тұқымның жіктелуі. Гүлді өсімдіктердің негізгі систематикасы
Жабық тұқымдылар немесе гүлді өсімдіктерге сипаттама
Желектілер қатарлар тобы - Corolliflorae
«Балдыршөптер, құртқашаштар тұқымдастарының өкілдері»
Гүлді өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
Алғашқы жабық тұқымдылардың шығу тегі және дәлелдері
Қос жарнақтылар классы, магнолия тұқымдасы
Гүлдің құрылысы және оның қызметтері
Пәндер