ҚАЗАҚМЫС КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ БАЛҚАШТҮСТІМЕТАЛ ӨНДІРІСТІК БІРЛЕСТІГІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ҚОРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУЫН ТАЛДАУ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 2

1 КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ өндірістік ҚОРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ 4
1.1 Негізгі өндірістік қордың экономикалық мәні мен құрамы 4
1.2 Айналым қорларының негізгі қорлардан айырмашылығы 7
1.3 Кәсіпорынның негізгі қорының қозғалысын бағалау көрсеткіштері мен
негізгі қорды қолданудың тиімділік көрсеткіштері 10

2 ҚАЗАҚМЫС КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ БАЛҚАШТҮСТІМЕТАЛ өндірістік бірлестігінің
құрылымдық бөлімшесінің НЕГІЗГІ ҚОРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУЫН ТАЛДАУ 16
2.1 Қазақмыс Корпорациясының өндірістік бірлестігінің құрылымдық бөлімшесі
Балқаштүстіметал жауапкершілігі шекетулі серіктестігінің негізгі
өндірістік қорын пайдалану тиімділігін, құрамы мен құрылымын талдау 16
2.2 Кәсіпорындағы қорлардың тиімді пайдалануын жоспарлау және бөлу 23

3. ИНДУСТРИАЛДЫ - ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЫН
ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ 28

ҚОРЫТЫНДЫ 34

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 36

КІРІСПЕ

Нарықтық қатынастар, нарықтық экономика жағдайында қол жеткізілген
ғылыми-техникалық прогресті, өндірістің шаруашылық етуі мен басқаруының
тиімді нысандарын игеру негізінде кәсіпорыннан іс әрекетсіздікті жоюды,
кәсіпкершілікті белсендіруді, өндіріс тиімділігін, өнім мен қызметтің
бәсекелестік қабілеттілігін жоғарылатуды талап етеді.
Бұл міндетті жүзеге асырудағы маңызды рөлді шаруашылық субъектілердің
қызметін экономикалық талдау алады. Оның көмегімен кәсіпорын дамуының
стратегиясы мен тактикасы пайда болады, жоспарлар мен басқару шешімдері
негізделеді, олардың орындалуына қадағалау жүргізіледі, өндіріс тиімділігін
жоғарылату резервтері анықталады, кәсіпорын, оның бөлімшелері мен
қызметкерлерінің қызмет нәтижесі бағаланады. Негізгі өндірістік қорлардың
өндірістік және технологиялық құрылымын білу аз шығындар жұмсаумен, жоғары
еңбек өнімділігіне жету мақсатында өндіріс пен жұмыс орындарын
ұйымдастыруды тиімді жобалауға мүмкіндік береді.
Болашақтың экономикасы секторларына жеке тоқталғым келеді. Нәтижелі
де тиімді қызмет ететін ұлттық инновациялық жүйе оның негізі болуы тиіс.
Бізде қазірдің өзінде бұл бағыттағы әзірліктер бар. Біз одан әрі ілгері
кетеміз. Жаңа Университеттің аясында Астанада үш жаңа ғылыми орталық
құрылатын болады.
Өмір туралы ғылымдар орталығы органдарды көшіру, жасанды жүрек және
өкпе, бағаналы жасуша және ұзақ жасау медицинасы саласында әлемдік жетекші
ғылыми орталықтармен бірлескен әзірліктер жүргізеді.
Энергетикалық зерттеулер орталығы қайталанба энергетика, жоғары
энергиялар физикасы мен техникасы мәселелерімен айналысатын болады.
Тақырыпаралық аспаптық орталық инжиниринг орталығы, зертханалық база
және конструкторлық бюро болып табылады.
Барлық үш орталық биылғы жылы құрылатын болады.
Үкіметке біздің индустрияның 2010 жылғы басымдықтарын ескере отырып,
елдің ғылыми технологиялық дамуының 2020 жылға дейінгі салааралық жоспарын
әзірлеуді тапсырамын.
Сондай-ақ, “Ғылым туралы” жаңа заңның әзірленуін жеделдету қажет.
Бұл біздің болашақ дамуымыз үшін маңызды- деген болатын ел Президенті
Н.Ә.Назарбаев өзінің биылғы жылғы халыққа жолдауында [1, 3б.].
Негізгі өндірістік қорлар – қандай да бір өндірістің бірден бір маңызды
факторы. Олардың жағдайы мен тиімді пайдалануы, кәсіпорынның шаруашылық
қызметінің соңғы нәтижесіне тікелей әсер етеді. Кәсіпорынның негізгі қоры
мен өндірістік қуаттарын тиімді пайдалану барлық технико-экономикалық
көрсеткіштерді жақсартуға мүмкіндік береді, оның ішінде өнім шығаруды
арттыруға, өзіндік құнды, дайындаудың еңбек сыйымдылығын төмендетуге.
Тақырыптың өзектілігі өндірістің барлық факторларын пайдалану
тиімділігін жоғарылату резервтерін үнемі іздестіруге байланысты, әсіресе
негізгі өндірістік қорды пайдалану тиімділігін арттыруда.
Аталмыш жұмыстың мақсаты – Кәсіпорын қорларын және оларды жоспарлау мен
бөлуді қарастыру болып табылады. Жоғарыда аталған мақсатқа жету үшін келесі
міндеттерді шешу қажет.
Кәсіпорындағы негізгі капиталдың жағдайы мен оны тиімді пайдалануды
талдау міндеттері келесідегілерді анықтау болып табылады:
- негізгі өндірістік қордың құрамы мен құрылымын өзгерту;
- негізгі қорды пайдалану деңгейі және оны анықтайтын факторлар;
- айналым қорларының негізгі қорлардан айырмашылығын анықтау;
- Қазақмыс Корпорациясының Балқаштүстіметал Өндірістік Бірлестігінің
құрылымдық бөлімшесінің (ӨБ ҚБ) негізгі өндірістік қорының тиімді
падалануын талдау.
Талдамалық зерттеу жүргізу үшін Қазақмыс Корпорациясының
Балқаштүстіметал ЖШС Өндірістік Бірлестігінің құрылымдық бөлімшесінің
2009-2010 жылдарға өндірістік-қаржылық қызметінің жоспарлық және есептік
көрсеткіштері және негізгі өндірістік қордың құрамы және оның қозғалысы
туралы есеп ретінде бастапқы деректер алынды.

1 КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ өндірістік ҚОРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ

1.1 Негізгі өндірістік қордың экономикалық мәні мен құрамы

Кәсіпкерліктің ең белсенді түрі - өндіріс: өнім, тауар, жұмысты
өндіру, әртүрлі қызметтер көрсету және белгілі бір рухани құндылықтарды
өңдеу.
Өндірістік кәсіпорынның тиімді қызмет етуі көбінесе өндірістік
факторларды, оның ішінде негізгі қорды тиімді пайдаланумен анықталады.
Негізгі қор (құндық бағада негізгі капитал) – бұл еңбек құралы ретінде
қолданылатын, өзінің табиғи қалпын сақтай отырып ұзақ мерзім бойы әрекет
ететін, өзінің құнын өндірген өнімге біртіндеп аударатын материалдық-заттық
құндылық.
Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметі тек қана материалды, еңбек
және қаржы қорларын пайдалану есебінен ғана қамтылмайды, мұндағы негізгі
қорлардың ролі айтарлықтай. Бұл еңбек құралдары және еңбек процесіндегі
материалды жағдайлар, міне соның арқасында өндіріс процесі (кәсіпорын
қызметі) жүзеге асырылады.
Еңбек құралдары – станоктар, жұмыс машиналары, беріліс құралдары,
құрал-саймандар мен сол тәрізділер, ал еңбек процесіндегі материалды
жағдайлар – өндірістік ғимараттар, көлік құралдары және өзгелер – ...бұл
зат немесе адам өзі мен еңбек заты арасында орналастыратын заттар жиынтығы,
және олар осы затқа әсер етуде жолбасшы ретінде қызмет етеді. Халық
шаруашылығының негізгі қоры дегеніміз Қазақстан Республикасының ұлттық
табысының айтарлықтай тез арттыратын және маңызды бөлігі. Негізгі қордың
көлемі іс әрекеттегі негізгі қорды қайта құру және жаңғырту есебінен жоғары
өндірісті машиналар және жабдықтармен үнемі толықтырылады. Негізгі қордың
ерекшелігі өндіріс барысында бірнеше рет қолдануда және ұзақ мерзім бойы
бастапқы сыртқы түрін (пішінін) сақтауда. Өндірістік процесс және сыртқы
ортаның әсер етуінен олар бірте-бірте тозады және өз құнын жасаған өнімге
өзінің тозуына қарай бірте-бірте бөлшектеп аударады
Негізгі қор дегеніміз материалдық өндіріс саласында, сондай-ақ
өндірістік емес салада әрекет ететін, материалды-заттық құндылықтардың
жиынтығы. Негізгі қор кәсіпорын мүлігі болып табылып, оның негізгі бөлігін
құрайды.
Негізгі қорға өнім өндіру, жұмыс орындау немесе қызмет көрсету кезінде
еңбек құралы ретінде, немесе құны қырық айлық есептік көрсеткіштен асатын
немесе он екі айдан асатын кезең бойы кәсіпорынның басқарушылық
қажеттілігіне пайдаланылатын материалды құндылықтар жатады. Пайдалы
пайдалану мерзімі дегеніміз негізгі қор объектісін пайдалану кезінде
кәсіпорынға табыс әкелетін немесе кәсіпорын қызметінің мақсатын орындауға
қызмет ететін мерзім [2, 75б.].
Есептеу және статистика тәжірибесінде негізгі қорға еңбек құралын
пайдалану мерзімі бір жылдан кем емес мүліктер жатады.
Негізгі қордың кеңейтілген ұдайы өндіріс процесіне қатысу сипатына
байланысты оларды өндірістік және өндірістік емес деп бөледі.
Негізгі өндірістік қор – материалдық өндіріс саласында тікелей қызмет
етеді, өндіріс процесіне бірнеше рет қатысады, біртіндеп тозады, ал оның
құны өндірілетін өнімге қолдану мөлшеріне байланысты біртіндеп ауысады.
Олар қаржы салымы есебінен толықтырылады.
Негізгі өндірістік емес қор – кәсіпорын балансындағы тұрғын үйлер,
бала-бақшалар және спорт мекемелері, мәдени-тұрмыстық бағыттағы басқа да
объектілер жатады. Негізгі өндірістік қорға қарағанда, олар өндіріс
процесіне тікелей қатыспайды, олардың құны пайдаланғанда жоғалады. Олар
ұлттық табыс есебінен қайта өндіріледі.
Өндірістік емес қор өндіріс көлеміне және еңбек өнімділігіне тікелей
әсер етпейді, бірақ олардың қызмет етуі кәсіпорын жұмысшыларының әл-ауқатын
жақсартумен, материалдық және мәдени өмір деңгейін көтерумен байланысты,
түбінде ол кәсіпорын қызметінің нәтижесіне әсер етеді.
Еңбек процесінде негізгі қордың рөлі мынандай жағдайда анықталады
яғни, өзінің жиынтығымен өндірістік-техникалық базаны құрайды, кәсіпорынның
өнімді шығару бойынша мүмкіндігін, еңбектің техникалық қарулану деңгейін
анықтайды. Жинақталған негізгі қор және еңбекті техникалық қаруландыруды
жоғарылату еңбек процесін жеделдетеді, еңбекке шығармашылық сипат береді,
қоғамның мәдени-техникалық деңгейін көтереді.
Қоғамның материалдық ресурстарының ең көп маңызды бөлігі негізгі қорда
біріктірілген. Ол елдің ұлттық байлығының басты бөлігін құрайды.
Негізгі өндірістік қор жүйелі түрде жаңартылуы тиіс. Негізгі қордың,
әсіресе еңбек құралының дамуы, олардың сапасын жаңа техникалық және ғылыми
жетістіктер негізінде жақсарту, еңбектің техникалық қарулануын
жоғарылатады, аз еңбек шығынын жұмсай отырып, жоғары сапалы өнім өндірудің
маңызды шарты болып табылады, сонымен қатар еңбек өнімділігін арттырып,
өнімнің өзіндік құнын төмендетеді.
Негізгі қордың жеке бөлшектері өндірістік процесте пайдалану мақсатына
және есептеу тәртібіне байланысты натуралдық көрсеткіште келесі топтарға
жіктеледі:
1) кәсіпорын меншігіндегі жер телімдері және табиғатты пайдалану
объектілері;
2) ғимараттар;
3) құрылғылар;
4) таратушы құрылғылар;
5) машиналар мен жабдықтар;
6) өлшеуіш және реттеуіш құралдар, қосалқы және лабораториялық
жабдықтар;
7) есептеуіш техникалар;
8) транспорттық құралдар;
9) пайдалану мерзімі 12 айдан асатын құрал-саймандар;
10) өндірістік - шаруашылық инвентарь;
11) ішкі шаруашылық жолдар;
12) негізгі қорға қатысты жабдықтарды, кеңселерді, жалға берілетін
ғимараттарды, жер телімдерін және басқа да объектілерді жақсартуға
салынған қаржы.
Өндірістік негізгі қордың құрылымы қордың әрбір тобының өнеркәсіптегі
жалпы құнымен сипатталады.
Негізгі қорды өндіріс процесіне қатысуына байланысты екі топқа
жіктейміз: активті және пассивті.
Меншік иесі үшін негізгі қордың топтарына қаржы салу маңызды болып
келеді. Ол негізгі қордың активті бөлігі болып саналатын машиналар мен
жабдықтардың үлес салмағының оңтайлы ұлғаюына көп көңіл бөледі.
Транспторттық құралдар, есептеуіш машиналар мен құрал-саймандарды активтік
бөлігіне жатқызуға болады. Негізгі қордың бұл элементтері технологиялық
процеске қатысады, тікелей өндіріс қуаты мен жұмыстың өнімділігіне ықпал
етеді. Негізгі қордың басқа топтары өндірістік процестер үшін қажетті
жағдай жасайды, бірақ олар пассивті бөлігіне жатады. Бұлар ғимараттар,
құрылғылар, таратушы құрылғылар, инвентарь.
Негізгі өндірістік қордың активті бөлігінің үлес салмағы неғұрлым
жоғары болса, соғұрлым өнім көлемі мен қорқайтарымдылық көрсеткіші артады.
Сондықтан негізгі қордың құрылымының жақсаруы өндірістің маңызды мәселесі,
яғни өнімнің өзіндік құнының төмендеуі, фирманың қаржы салымдарының өсуі
болып табылады [3, 38б.].
Негізгі өндірістік қордың құрылымын жақсарту мыналарға мүмкіндік
береді:
- жабдықты жаңарту және жаңғырту;
- жабдықтың құрылымын машина мен станоктың, әсіресе соңғы
операцияларды атқаратын станоктардың, автоматты және жартылай
автоматты станоктардың, әмбебап агрегатты станоктардың, автоматты
желілердің, сандық бағдарламалық басқару станоктарының прогрессивті
түрлерінің үлесін арттыру арқылы жетілдіру;
- ғимараттар мен құрылғыларды тиімді пайдалану, бос алаңдарға қосымша
жабдықтар орнату;
- құрылыс жобасын дұрыс өңдеу және кәсіпорын құрылысының жоспарын
жоғары сапада орындау;
- артық және аз қолданылатын құралдарды жою және оның басқа бөлек
топтармен дұрыс пропорциялық қарым-қатынасын қамтамасыз ететін
жабдықты құру.
Негізгі қорды тиімді басқаруда оның негізделген бағасы көп мағынаны
білідіреді. Негізгі қордың есептеу және талдау тәжірибесінде натуралдық
және ақшалай формасы қолданылады. Негізгі қордың натуралды түрін бағалауда
машина саны, олардың өнімділігі, қуаты, өндірістік алаңдардың мөлшері және
басқа да сандық өлшемдері анықталады. Бұл мәліметтер кәсіпорынның және оның
салаларының өндірістік қуатын есептеу, өндірістік бағдарламаны жоспарлау,
жабдық өнімділігінің резервін көбейту, жабдық балансын құру үшін қажет. Осы
мақсатпен жабдықты құжаттау және түгендеу, оның кіруі мен шығуын есепке алу
жүргізіледі.
Негізгі қордың ақшалай немесе құндық бағасы негізгі қордың кеңейтілген
ұдайы өндірісін жоспарлау мен амортизациялық аударымдардың өлшемін және
тозу дәрежесін анықтау үшін қажетті.
Негізгі қордың өндірістік процесте ұзақ қатысуы мен тозуы және осы
кезең ішінде ұдайы өндіріс шарттарының өзгеруіне байланысты негізгі қорды
бағалаудың бірнеше түрі бар, олар:
1) Негізгі өндірістік қордың бастапқы құны,
2) Негізгі өндірістік қордың қалпына келтіру құны
3) Негізгі өндірістік қордың қалдық құны.
Негізгі өндірістік қордың бастапқы құны – қорды дайындауға немесе
сатып алуға және оларды жеткізу мен монтаждауға кеткен шығын сомасынан
тұрады. Ол амортизация нормасы мен амортизациялық аударымдардың өлшемін,
кәсіпорын пайдасын, рентабелділігін және олардың көрсеткіштерінің
қолданылуын анықтау үшін қолданылады.[2, б.64].
Негізгі қордың ликвидтік құны – бұл негізгі қордың өндірістен алынып
тасталған және тозған құнын шегеруі (көп жағдайда бұл сыну құны).
Экономикалық көрсеткіштерді есептеуде негізгі қордың орташа жылдық
құны анықталады. Бұл есептеу бастапқы құн негізінде оларды енгізу және
шығару арқылы есептеледі және мына формуламен анықталады:
НҚор.жыл. = НҚб.қ. + (НҚен. * n1 ) 12 – (НҚшек. * n2 ) 12
(1)
мұндағы, НҚор.жыл. – негізгі қордың орташа жылдық құны;
НҚб.қ. - негізгі қордың жыл басындағы (баланстық) құны;
НҚен. – негізгі қордың енгізілген құны;
НҚшек. – қордың ликвидтік құны;
n1 – негізгі қорды енгізген бастап ай саны;
n2 – негізгі қордың шығуынан бастап ай саны.
Негізгі қорды тиімді пайдаланудың ұлттық экономика үшін маңызы зор.
Осы мәселені шешу қоғамға керекті өндірістің артуына, мемлекеттің жабдықтық
балансының өсуіне, өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне, өндіріс
рентабельділігінің өсуіне алып келеді.

1.2 Айналым қорларының негізгі қорлардан айырмашылығы

Кәсіпорынның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін негізгі құралдармен
бірге еңбек заты, материалдык ресурстар, яғни айналым, қорлары қажет.
Айналым қорлары - өндіріс үдерісінің басты элементі және өзіндік құнның
негізгі бөлігі болып табылады. Шикізатқа, материалдарға, отынға және
энергияға кеткен шығындар аз болса, ол сондықтан арзан болады.
Кәсіпорынның айналым қоры бұл өндірістік негізгі қордың бір бөлімі.
Онда әрбір өндірістік циклдар толығымен тұтынылады немесе қолданылады.
Өндіріс процесінде өзінің натуралдық түрін өзгертіп толық бағасын өндіретін
өнімге аударады.
Айналым өндірістік қорлары дегеніміз - еңбек үдерісінде негізгі
өндірістік қорларына қарағанда әр өндірістің циклінде жұмсалатын және
олардың құны еңбек өніміне бірден және тұтас көшетін өндіріс қаражаттарының
бөлігі заттық элементтер. Айналым қорларының заттық элементтері еңбек
үдерісінде өзінің натуралды формасы мен физикалық -химиялық қасиеттерін
өзгертеді. Олар өндірістің тұтынылу шамасы бойынша өз тұтыну құнын
жоғалтады. [3, 120б.]
Айналым қорларының жеке элементтерінің проценттер немесе олардың
құрамдас бөлшектері арасындағы өзара қатынасты айналым қорларының құрамы
деп атайды. Осыған байланысты айналымдылық белгісіне ие 2 ұғым бар:
1. Айналым қаражаттары
2. Айналым қорлары
Айналым қорлары дегеніміз - өндірісте бірақ рет қатысып өздерінің
құндарын өндіретін өнімге лезде және толығымен аударатын ресурстарды
айтамыз. Айналым қорларына шикізат негізгі және қосалқы материалдар,
қосалқы бұйымдар, аяқталмаған өндіріс, отын, тара және басқа да еңбек
заттары жатады. Категория ретінде айналым қаражаты айналым қорларынан
басымрақ (ірілеу) айналым қаражаты айналым қорларынан және айналымға
арналған қорлар (фонды обращения). Осыған орай айналым қаражаты дегеніміз -
өндіріс қорлары мен айналымға арналған қорларды жасау мақсатында
авансталған және ақша қаражатының үздіксіз қайта айналымын қамтамасыз
ететін ақша қаражаттарының жиынтығы.
Айналымға арналған қорлар - ол кәсіпорынның дайын өнім қорларына
жөнелтілген бірақ ақшасы төленбеген тауарларға кассадағы және есеп шоттағы
ақшалай қаражаттардан тұрады. Бұл қорлардың мақсаты өндірістік процестің
үздіксіздігін және өнімді өткізуді қамтамасыз ету. Бұл қорлар құнның пайда
болуына қатыспайды бірақ онын тасымалдаушысы болып табылады. Өндірістік
цикл аяқталғаннан кейін тұтынылған айналым қаражаттары өнімді өткізуден
түскен табыспен қайтарылады. Бұл өндіріс процесін қайтадан жалғастырып
кәсіпорынның қаражатының қайталама айналымын қамтамасыз етеді.
Жоспарлау, есеп және талдау тәжірибесінде айналым қаражаты келесі
белгілер бойынша жіктеледі:
- өндіріс процесінде функционалдық роліне байланысты: өндірістік
айналым қорлары және айналыс қорлары;
- бақылау, жоспарлау және басқару тәжірибесіне байланысты:
нормаланатын айналым қорлары және нормаланбайтын айналым қорлары;
- айналым қаражаттарының қалыптасу көздеріне байланысты: жеке меншік
айналым капиталы және қарыздық айналым капиталы;
- өтімділікке байланысты: абсолютті өтімді айналым капиталы: тез
өтімді айналым капиталы, баяу өтімді айналым капиталы;
- капитал салымының тәуекел деңгейіне байланысты: салымның минималды
деңгейімен айналым капиталы, салымның аз тәуекелімен айналым капиталы,
салымның орташа тәуекелімен айналым капиталы, салымның жоғары тәуекелімен
айналым капиталы;
- кәсіпорынның балансындағы көрінісі мен есеп стандарттарына
байланысты: қорлардағы айналым қорлары, есеп айырысулар және басқа да
активтер;
- материалды-заттық мазмұнына байланысты: еңбек заттары (шикізат,
материалдар, аяқталмаған өндіріс және т.б.), дайын өнім мен тауарлар, ақша
қаражаттары және есеп айырысу қорлары [4, 169б.].
Функционалдық белгісі бойынша айналым капиталдарын айналым қорлары мен
айналыс қорларына бөлу айналым каипталының өндіріс және айналыс процесінде
келу уақытын бөлек есептеу мен талдау үшін қажет (Қосымша).
Басқару деңгейіне қарай айналым капиталдары нормаланатын және
нормаланбайтын болып бөлінеді. Нормаланатын айналым капиталдарына барлық
өндірістік айналым қорлары жатады. Сонымен қатар кәсіпорын қоймасында
өткізілмеген дайын өнім қалдықтары түріндегі айналым қорларының бөлігі
жатады.
Нормаланбайтын айналым қорларында айналыс қорының қалған элементтері
жатады, яғни тұтынушыларға жіберілген, бірақ әлі де төленбеген өнімдер және
де ақша қаражаттары мен есеп айырысудың барлық түрлері.
Айналым капиталының жеке меншік қарыздық болып бөлінуі олардың
қалыптасу көзі мен кәсіпорындарға айналым капиталдарын тұрақты және уақытша
қолданысқа беру түрлерінен көрінеді.
Кәсіпорынның меншік айналым капиталына қажеттілігі жоспарлау объектісі
болып табылады және оның қаржылық жоспарында көрініс табады. Бұл қаражаттар
қорларды, яғни нормаланатын айналым қаражаттарын жабудың көзі ретінде
қызмет етеді. Олардың алғашқы қалыптасуы компанияның құрылуы кезінде және
оның жарғы капиталының жасалуы кезінде болады.
Қарыздық айналым капиталдарының қалыптасу көздеріндегі маңызды және
негізгі мән-мағынаға ие. Қарыз қаражаттары кәсіпорынның ақша қаражаттарына
уақытша қосымша қажеттілігін жабады. Қарыз қаражаттарын тарту өндіріс
сипатымен, нарықтық экономикаға өту кезінде пайда болған қиын есеп айырысу
қатынастарымен, меншікті айналым қаражаттарының жеткіліксіз мөлшерін
толтыру қажеттілігімен және басқа да объективті және субъективті
себептермен шарттасқан. Қарыздық айналым капиталдары банктік несие түрінде,
сонымен қатар кредиторлық қарыз ретінде қалыптасады. Олар кәсіпорынға
уақытша пайдалануға беріледі. Олардың бір бөлігі ақылы (несиелер мен
қарыздар), екінші бөлігі – ақысыз (кредиторлық қарыз). Кәсіпорынның
қарыздық айналым капиталдарына қажеттілігі де жоспарлау объектісі болып,
бизнес – жоспарда көрініс табады
Негізгі өндірістік құралдар мен айналым құралдары тығыз байланысты.
Бухгалтерлік есептеулерде жұмыс жасап тұрған негізгі қорлар баланстық құны
бойынша есептеледі.
Кәсіпорынның іс- әрекеттерін қамтамасыз етудегі міндетті шарт - қолда
бар айналым қаражаттарының болуы. Айналым қаражаты - бұл өндірістік айналым
қорларын құру, пайдалану және үздіксіз өндірістік процестер мен өнімді
өткізуді қамтамасыз ету үшін авансылаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы.
Айналым капиталының мәні - ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін
қамтамасыз етудегі экономикалық рөлімен анықталады. Айналым капиталы
өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын негізгі қорларға қарағандағы
айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезеңде қызмет етеді және
өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құнын тікелей дайын өнімге
апарады [9, 124б.].
Сонымен, айналым қорының заттық мазмұны - еңбек заттары. Негізгі
қордан айырмашылығы сол - айналым қор өндіріс процесінде бір рет қана
қатысады да, сол жолы түгелдей пайдаланылып кетеді және өзінің бүкіл құнын
пайда болған жаңа өнімге қосады.

1.3 Кәсіпорынның негізгі қорының қозғалысын бағалау көрсеткіштері мен
негізгі қорды қолданудың тиімділік көрсеткіштері

Негізгі қордың ерекшелігі - өндірістік процесте көпреттік қолданылуы
болып табылады. Бірақ олардың қызмет ету уақытының шегі болады, яғни
олардың тозуымен қалыптасады.
Негізгі өндірістік қордың қазіргі техникалық деңгейі мен құрылымында
өнім өндірудің артуы мен өзіндік құнының төмендеуі, кәсіпорын жинағының
өсуі, оны пайдалану дәрежесіне байланысты.
Негізгі қорды пайдалану көрсеткіштері үш топқа біріктіріледі:
- негізгі қорды пайдалану уақытының деңгейін көрсететін экстенсивті
көрсеткіш;
- негізгі қорды қуаттылығы бойынша пайдалану деңгейін көрсететін
интенсивті (өнімділік) көрсеткіш;
- негізгі қорға әсер ететін барлық факторлардың (экстенсивті және
интенсивті) жиынтығын ескеретін интегралды көрсеткіш.
Экстенсивті пайдалану көрсеткіші. Оған жататындар: құрал-жабдықты
экстенсивті пайдалану коэффициенті, жабдықтың қызмет етуінің ауысымдық
коэффициенті [5, 48б.].
Жабдықты экстенсивті пайдалану коэффициенті Кэкст. жабдықтың жоспар
бойынша жұмыс сағатының санының, оның нақты пайдалану уақытына бөлу арқылы
анықталады.

Кэкст. = tжаб.н. tжаб.жос.
(2)

мұндағы, tжаб.н. - жабдық жұмысының нақты уақыты, сағ;
tжаб.жос. - жабдық жұмысының жоспарланған уақыты, сағ.
Жабдықты экстенсивті пайдалану оның қызмет етуінің ауысымдық
коэффициентімен де сипатталады, яғни үлкен ауысымда жұмыс жасаған станоктар
санының, бір күндік станктық ауысымда жұмыс жасағандар санына қатынасымен
анықталады. Демек ауысым коэффициенті, жабдықтың бір данасы орташа есеппен
бір жыл ішінде неше ауысымда жұмыс жасағанын көрсетеді. Сондықтан да
кәсіпорындар ауысымдық коэффициентін арттыруға ұмтылуы қажет, ол қолдағы
бар қор есебінен өнім өндірісін арттырады.
Интенсивті пайдалану көрсеткіші. Негізгі қорды интенсивті пайдалану
оларды қуаты бойынша (өнімділік) пайдалану деңгейін көрсетеді. Оның ең
негізгі көрсеткіші болып жабдықты интенсивті пайдалану коэффициенті
саналады.
Жабдықты интенсивті пайдалану коэффициенті негізгі технологиялық
жабдықтың нормативті өнімділігінің оның нақты өнімділігіне, яғни өнімділігі
негізделген үдемелі техникаға қатынасымен анықталады. Бұл көрсеткішті
есептеу үшін мына формула қолданылады:

Кинт. = Ө нақты Өнорм.
(3)

мұндағы Ө нақты - уақыттың бір өлшемінде жабдықтың нақты өнім
өндіруі;
Өнорм - уақыттың бір өлшемінде жабдықтың техникалық негізделген өнім
өндіруі (жабдықтың паспорттық мәліміттері негізінде анықталады).
Интегральды пайдалану көрсеткіштері. Оған жабдықты интегральды
пайдалану коэффициенті, қор қайтарымы, қор сыйымдылығы және қор қарулануы
жатады.
Жабдықты интегральды пайдалану коэффициенті жабдықты пайдаланудың
экстенсивті және интенсивті коэффициенттерінің көбейтіндісі ретінде
анықталады және ол оның уақыт пен өнімділік (қуаттылық) бойынша пайдалануын
кешенді түрде сипаттайды.

Кинтегр = Кэкст. * Кинт.
(4)

Бұл көрсеткіштің нәтижесі алдыңғы көрсеткіштерге қарағанда
салыстырмалы төмен болады, өйткені бұл жабдықты пайдаланудың әрі
экстенсивті, әрі интенсивті кемшіліктерін бір мезгілде көрсетеді.
Негізгі өндірістік қорды қолдану тиімділігі жалпы және жеке
көрсеткіштердің көмегімен бағаланады. Жалпы көрсеткіштер негізгі қор
жиынтығының қолдануының соңғы нәтижесін көрсетеді. Оларға келесі
көрсеткіштер жатады:
1) Қор қайтарымы - бұл жыл ішіндегі негізгі өндірістік қордың орташа
жылдық құнының осы қорды қолданумен шығарылған өнім құнына қатынасы. Қор
қайтарымы негізгі құралдардың бір теңгесіне немесе бір данасына келтірілген
өнімнің көлемін көрсетеді.

Ққ = V Қорт
(5)

Мұндағы V – жыл ішінде өндірілген өнімнің құны, заттай немесе құн
есебімен;
Қорт – негізгі өндірістік қордың орташа жылдық құны.
Қор қайтарымы – қорды пайдаланудың негізгі жалпылама көрсеткіші. Бұл
көрсеткіштің мәні өндірістік ғимараттар, құрылғылар, жұмысшы және күш
машиналары мен жабдықтардың, яғни негізі қордың барлық топтарының
қаншалықты тиімді пайдаланып жатқанын көрсетеді. Қор қайтарымын арттыру –
кәсіпорынның негізгі міндеті. Сондықтан қор қайтарымын арттыру факторларын
қарастырайық (сурет 1).

Сурет 1. Қор қайтарымын арттыру жолдары

2) Қор сыйымдылығы – бұл қор қайтарымының кері көрсеткіші, яғни бұл
өнімнің бір теңгесін өндіруге қанша негізгі құрал қолданылғанын білдіреді.
Қс = Қорт V
(6)

3) Қор қарулануы – бұл кәсіпорын жұмыскерлер санының (N) негізгі
қордың орташа жылдық құнына қатынасы. Бұл бір жұмысшыға қанша негізгі
құралдан келетінін көрсетеді.

Ққар = Қорт N
(7)

Негізгі қордың қозғалыс процесін бағалау және олардың қозғалысын
сипаттау үшін бірқатар көрсеткіштер қолданылады.
Олардың бірі негізгі қорды жаңарту интенсивтілігін көрсетеді. Ол үшін
белгілі кезең ішіне негізгі қорды жаңарту коэффициенті есептеледі:

Кжаң = Қенг Қ ж.аяғ
(8)

мұндағы Кжаң – жаңарту коэффициенті;
Қенг – белгілі кезең ішінде қайтадан енгізілген (жаңадан түскен)
негізгі қордың құны;
Қж.аяғ – негізгі қор талданып жатқан кезеңнің жыл аяғына негізгі қор
құны.
Негізгі қорды жаңарту процесі олардың шығуын да зерттеуді талап етеді.
Бұл процесті белгілі бір кезеңге негізгі қордың шығу коэффициенті
бағалайды.

Кшығ = Қшығ Қ ж. бас
(9)

мұндағы Кшығ – шығу коэффициенті;
Қшығ – белгілі кезең ішінде өндірістен шығарылған негізгі қор құны;
Қж. басы – сол кезеңнің жыл басына негізгі қор құны.
Негізгі қордың жаңартылуы мен шығуы өзара бағалануы қажет. Ол үшін
негізгі қордың өсім коэффициенті есептеледі:

Көсім = (Қенг - Қшығ) : Қ ж. бас
(10)

мұндағы Көсім – негізгі қордың өсім коэффициенті;
Қж. басы – сол кезеңнің жыл басына негізгі қор құны.
Негізгі қордың жаңартылу, шығу және өсім коэффициенттеріне талдау
жасағанда оларды өзара байланыста қарастырылуы қажет. Қосымша ақпаратты
қолдана отырып, негізгі қор жаңа құрылыс немесе жаңғырту есебінен
жаңартылып жатыр ма, ескі сайманды анағұрлым жоғары өнімділікті жаңасына
ауыстыру жүргізіліп жатыр ма және негізгі қорды пайдалану процесі
қаншалықты тиімді жүргізіліп жатқанын анықтау қажет.
Негізгі қордың техникалық жағдайының жалпылама көрсеткіші болып
жарамдылық және тозу коэффициенті саналады.
Тозу коэффициентінің көлемі негізгі қордың әр түрлері немесе топтары
бойынша белгілі бір кезеңге мынадай түрде есептеледі:

Ктозу = Тқ Қ бас.қ
(11)

мұндағы Ктозу – негізгі қордың тозу коэффициенті;
Тқ – белгілі кезең ішіндегі негізгі қордың тозу құны;
Қ бас.қ - сол негізгі қордың бастапқы құны.
Жарамдылық коэффициенті негізгі қордың бастапқы құнының қалдық құнына
қатынасы арқылы анықталады:

Кжар = Ққалд.қ Қ бас.қ = 1 - Ктозу
(12)

мұндағы Кжар – негізгі қордың жарамдылық коэффициенті;
Ққалд.қ - негізгі қордың қалдық құны;
Қ бас.қ - негізгі қордың бастапқы құны.
Негізгі қордың жарамдылық және тозу коэффициентін кезеңнің басына және
аяғына есептеу қажет. Тозу коэффициенті неғұрлым төмен болған сайын,
негізгі қордың техникалық жағдайы соғұрлым жақсы.
Кәсіпорында негізгі қорды тиімді пайдалануды арттыру мына жолдармен
жүзеге асады:
- техникалық жетілдіру және құралдардың модернизациясы;
- өндіріс біркелкілігін арттыру;
- құрал – жабдықты жөндеу ұйымын жетілдіру;
- әртүрлі себептерге байланысты жабдықтардың бос тұрып қалуларын кемтіу;
- қызмет ету персоналының біліктілік деңгейін арттыру;
- жоғары сапалы және жоғары өнімділікті негізгі қорды пайдалануға
енгізу.
Негізгі қорды тиімді пайдалану жолын таңдау көрсеткіштерге талдау
жасаумен байланысты және кәсіпорын жұмысының нақты шарттарына тәуелді
болады. Негізгі қордың табысты қызметі оларды қолданудың экстенсивті және
интенсивті жақсару факторларының қаншалықты өндірілгеніне байланысты.
Негізгі қорды қолданудың экстенсивті жақсаруы, бір жағынан, күнтізбелік
мерзімінде жабдықтардың жұмыс уақытының артуын, ал екінші жағынан,
кәсіпорындағы барлық жабдықтардың үлес салмағының артуын көрсетеді.
Негізгі қорды тиімді қолдануын арттырудың басты жолы жабдықтар қалдық
санының төмендеуі және өндіріске тұрақталмаған жабдықтардың жедел еңгізілуі
болып табылады. Негізгі қорды қолданудың интенсивті жаңаруы бірлік
уақытындағы жабдықтардың жүктелу деңгейінің артуын білдіреді. Жабдықтың
интенсивті жүктелуінің артуы машиналар мен механизмдердің жаңғыртуына,
олардың жұмысының оптималды режимінің орнатылуына байланысты жүзеге асады.
Технологиялық процестің тиімді режиміндегі жұмысы негізгі қор құрамының
өзгеруінсіз және жұмыскерлер санының өсуінсіз шығарылған өнімнің артуын
қамтамасыз етеді [4, 16б.].
Негізгі қорды интенсивті қолдану мына жолдармен жүзеге асырылады:
еңбек құралдарын техникалық жетілдіру және өндіріс технологиясын жетілдіру;
техниканың жобалық өндірісінің жетілу мерзімін кеміту; өндірістік, басқару
және еңбек ұжымын ғылыми жетілдіру; жеделдету тәсілдерін қолдану;
жұмыскерлердің мамандықтарын арттыру.
Негізгі қорды тиімді қолдану жолдарының ішіндегі негізгісі –
экономикалық механизмді дұрыс қолдану болып табылады. Сонымен қатар
оперативтік жоспарлауды жетілдіру және еңбек құралдарын қолдануды талдау
негізгі қорды тиімді қолдану жолдарының негізгісі болып табылады.
Бір күндік бос тұрып қалуды қысқарту бір жыл ішіндегі бірліктің
әрқайсысындағы жұмыс істелген күндердің орташа санының артуына алып келеді.

2 ҚАЗАҚМЫС КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ БАЛҚАШТҮСТІМЕТАЛ өндірістік бірлестігінің
құрылымдық бөлімшесінің НЕГІЗГІ ҚОРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУЫН ТАЛДАУ

2.1 Қазақмыс Корпорациясының өндірістік бірлестігінің құрылымдық
бөлімшесі Балқаштүстіметал жауапкершілігі шекетулі серіктестігінің
негізгі өндірістік қорын пайдалану тиімділігін, құрамы мен құрылымын
талдау

Нарықтық қатынастар құру, нарыққа көшу шарттары еңбек ұжымын
өндірістің барлық факторларын пайдалану тиімділігін жоғарылату резервтерін,
әсіресе негізгі өндірістік қорды үнемі іздестіруге талқылайды. Бұл
резервтерді тек талдамалық зерттеулер негізінде анықтап, практикада
қолдануға болады.
ЖШС Қазақмыс Корпорациясының Балқаштүстіметал Өндірістік
Бірлестігінің құрылымдық бөлімшесі (ӨБ ҚБ) кәсіпорынын қарастырайық.
Балқаш маңында мыс өнеркәсібінің даму тарихы 1926 жылдардан басталды,
1929 жылдың 2 маусымында Еңбек және Қорғаныс Кеңесі Қазақстанда түсті
металлургияны дамыту туралы қаулы шығарды.
Бұл кезеңде Қоңырат кен орынында кен қоры бойынша бағдарлық мәліметтер
болды, кен денесінің пішіні жалпы түрде анықталған, бұл кен орынының
өнеркәсіптік қуаты туралы сөз қозғауға мүмкіндік берді.
Фабриканың шикізат базасы Қоңырат және Саяқ кен орындарындағы мыс-
молибден кендері және Солтүстік – Қоңырат кен орынындағы молибден кендері
болды, оларды фабрика өңдеді.
Қазіргі уақытта фабрика ЖШС Қазақмыс Корпорациясының
Балқаштүстіметал Өндірістік Бірлестігінің құрылымдық бөлімшесі болып
табылады. Кәсіпорынның шикізат базасы Саяқ, қоңырат, Шатыркөл кен орындары.
Кен байыту фабрикасының құрамына мыналар жатады:
1) Ұсақтау цехі;
2) Мыс кендерін байыту цехі;
3) Шағын байыту участогы;
Негізгі өндірістік қорды пайдалануды талдауды кәсіпорынның негізгі
қормен қамтылуын – қордың сәйкес шамасы, құрамы және техникалық деңгейі,
оған қажеттілігі; негізгі қордың жағдайын, әсіресе олардың актив бөлігінің
(машина мен жабдықтар) ерекшелігін анықтаудан бастаймыз.
1 және 2 кесте деректерінің негізінде 2009 және 2010 жылдарға негізгі
өндірістік қордың құрамы мен құрылымының өзгеруін анықтаймыз.
1-кесте деректері бойынша 2009 жылы негізгі өндірістік қор құны 34
244,7 мың теңгеге немесе 2,3%-ға өскен. Негізгі қордың, құрал-саймандар,
өндірістік және шаруашылық мүкәммалдан басқа, барлық түрлерінде шамалы ғана
арту байқалған.
2010 жылдың басында негізгі қордың құрылымындағы айтарлықтай үлес
салмақты машина мен жабдықтар – 59,4%, ғимараттар мен құрылғылар - 21,6%
алады. Айтарлықтай аз үлес салмақ құрал-саймандар, өндірістік және
шаруашылық мүкәммалға тиесілі – 0,3%. 2010 жылдың соңында негізгі қор
құрылымындағы машина мен жабдықтар 58,4%-ды құрады.

Кесте 1 - 2009 жылға ЖШС Қазақмыс Корпорациясының Балқаштүстіметал ӨБ
ҚБ негізгі құралдарының құрамы мен құрылымы

Негізгі қордың тобы 2009 жыл басына 2009 жыл соңына бар болуы
мың теңге үлес мың теңге үлес салмағы,
салмағы, % %
1 Негізгі өндірістік 1 497 130,3 100,0 1 531 375,0 100,0
қор
1.1 Ғимараттар мен 322 771,1 21,6 327 717,2 21,4
құрылғылар
1.2 Машина мен 889 456,0 59,4 894 323,0 58,4
жабдықтар
1.3 Көлік құралдары 151 247,2 10,1 168 451,2 11,0
1.4 Беріліс 92 005,0 6,1 98 008,0 6,4
қондырғы-лары
1.5 Өлшеу аспаптары 18 454,0 1,2 19 905,0 1,3
1.6 Есептеуіш техника 6 102,3 0,4 6 125,6 0,4
1.7 Құрал-саймандар, 4 875,2 0,3 4 594,1 0,3
өндірістік және
шаруашылық құрылғылар
1.8 Өзге негізгі қор 12 219,5 0,8 12 251,0 0,9

1-кесте деректері 2010 жылдың соңында да негізгі өндірістік қордың
1 531 375,0 мың теңгеден 1 565 299,0 мың теңгеге дейін өскенін көрсетеді.
Есепті жылы машина мен жабдықтар, беріліс құралдары мен өзге негізгі қордан
басқа негізгі қордың барлық түрлері өскен. 2009 және 2010 жылдарға негізгі
қордың жіктегіші олардың еңбек заттарына әсер ету деңгейі және өндіріс
процесіне қатысуына байланысты, сондай-ақ олардың құрылымы 2-кестеде
сипатталған.

Кесте 2 - 2010 жылға ЖШС Қазақмыс Корпорациясының Балқаштүстіметал
ӨБ ҚБ негізгі құралдарының құрамы мен құрылымы

Негізгі қор тобы 2010 жыл басына 2010 жыл соңына бар болуы
мың теңге үлес мың теңге үлес
сал-мағы, сал-мағы,
% %
1 Негізгі өндірістік1 531 375,0 100,0 1 565 299,0 100,0
қор
1.1 Ғимараттар мен 327 717,2 21,4 367 845,3 23,5
құрылғылар
1.2 Машина мен 894 323,0 58,4 887 524,5 56,7
жабдықтар
1.3 Көлік құралдары 168 451,2 11,0 173 748,2 5,9

1-кестенің жалғасы
1.4 Беріліс 98 008,0 6,4 92 353,6 1,4
қондырғылары
1.5 Өлшеу аспаптары 19 905,0 1,3 21 913,5 11,1
1.6 Есептеуіш 6 125,6 0,4 6 261,2 0,4
техника
1.7 Құрал-сайман, 4 594,1 0,3 4 695,9 0,3
өндірістік және
шаруашылық құрылғы
1.8 Өзге негізгі қор12 251,0 0,8 10 957,0 0,7

Әдетте негізгі құралдар өндіріс процесіне әсер ету деңгейіне
байланысты өндірістік және өндірістік емес негізгі қорға бөлінеді. Негізгі
өндірістік қордың шамасы 2 жыл ішінде төмендегідей өзгерді.
Өндіріс процесіне қатысатын негізгі өндірістік қор (ғимарат, құрылғы,
жабдықтар және өзгелері) 2009 жылдың соңында, сондай-ақ 2009 жылдың соңында
негізгі құралдар құрылымында жыл басындағы көрсеткіштермен салыстырғанда
шамалы кеміді және 2009 жылы 99,0%-ды, ал 2010 жылы 98,9%-ды құрады.
Өндірістік емес негізгі қор негізгі құралдар құрылымында 2009 жылы 1,0%-ды,
ал 2010 жылы 1,1%-ды құрады. Негізгі қор актив және пассив бөлімдеріне
бөлінеді. Негізгі құралдардың құрамы мен құрылымында негізгі қордың актив
бөлігін атап өткен жөн, оған күштік машина мен жабдықтар, жұмыс машиналары
мен жабдықтары, көлік құралдары, өлшеу, реттеу аспаптары, құрал-саймандар
жатады. Сонымен бірге негізгі қордың қалған топтарынан тұратын пассив
бөлігін де назардан тыс қалдырмау қажет.(3-кесте)

Кесте 3 - Негізгі қорды жіктеу
пайызбен, %
Жіктеу Жіктеу Мәні және қысқаша 2009 жыл 2010 жыл
белгісі белгісі сипаттамасы
бойынша бөлу
Жыл Жыл Жыл Жыл
басынасоңынабасынасоңын
а
Өндіріс 1) Өндіріс процесіне 99,98 98,96 98,96 98,87
процесіне Өндіріс-тік қатысады (ғимарат,
қатысуы 2) құрылғы, жабдықтар
Өндіріс-тік және өзгелері)
емес Жұмыс жасайтындар-дың 1,02 1,04 1,04 1,13
мәдени-тұрмыс-тық
қажеттілігін
қанағаттандырады
(тұрғын үйлер, емхана,
клуб)
Еңбек 1) Активті Еңбек құралдарының 72,9 72,2 72,2 70,6
құралдарын пішіні мен қасиетінің
а әсер ету өзгеруіне тікелей әсер
дәрежесі 2)Пассивті етеді
Кәсіпорынның 27,7 27,8 27,8 29,4
өндірістік қызметіне
жағдай туғызады

Негізгі өндірістік қор құрылымындағы айтарлықтай үлес салмақты 2009
жылы, сондай-ақ 2010 жылы да негізгі қордың актив бөлігі алады. Егер
негізгі қордың актив бөлігінің шамасы 2009 жылы 72,2%-ды құраса, онда оның
шамасы, машина мен жабдықтар сомасының кемуі есебінен қысқарып 70,6%-ды
құрады. Негізгі қордың пассив бөлігінің шамасы 27,8%-дан 29,4%-ға дейін
артты. Арту ғимараттар мен құрылғылардың өсу есебінен болды. Негізгі қордың
актив бөлігінің үлесі негізгі қордың жалпы құнынан 50%-ға артық болуы
керек, оны талданып отырған кәсіпорын бойынша есептеулерден көруге болады.
[7, 234б.]
Кәсіпорынның өндіріс процесіне қатысуына байланысты кәсіпорынның
негізгі өндірістік қорының 2009 жылғы қозғалысы қарастырылған. Яғни,
негізгі қордың барлығы жыл басына 1 515 314,1 мың теңгені құрады. Оның
ішінде негізгі өндірістік қорлар 1 497 130,3 мың теңге, үлес салмағы 98,8%
құраса, негізгі өндірістік емес қорлар 18 183,7 мың теңге, үлес салмағы
1,2% құрайды. Жыл ішіндегі негізгі қордың түскені 41 675,2 мың теңге, істен
шыққаны 7 430,5 мың теңге. Жыл соңына бары 1 547 436,0 мың теңге, оның
ішінде негізгі өндірістік қорлар 1 531 375,0 мың теңге, үлес салмағы 98,9%
тең, негізгі өндірістік емес қорлар 16 061,0 мың теңге, үлес салмағы 1,1%
тең болды. Яғни, негізгі өндірістік қор мен негізгі өндірістік емес қор жыл
басынан жыл соңына 0,1 % өсті. Сонымен негізгі қордың орташа жылдық мәні 1
531 375,0 мың теңгені құрады, оның ішінде негізгі өндірістік қор 1 514
252,6 мың теңге, негізгі өндірістік емес қор 17 122,8 мың теңге.
Кәсіпорынның 2010 жылғы негізгі құралдардың құрамы, құрылымы
талданған, яғни негізгі өндірістік қордың жыл басындағы құны 1 531 375,0
мың теңге құрады. Оның ішінде ғимараттар мен құрылғылар 327 717,2 мың
теңге, үлес салмағы 21,4%, машина мен жабдықтар 894 323,0 мың теңге, үлес
салмағы 58,4%, көлік құралдары 168 451,2 мың теңге, үлес салмағы 11,0%,
беріліс қондырғылары 98 008,0 мың теңге, үлес салмағы 6,4%, өлшеу аспаптары
19 905,0 мың теңге, үлес салмағы 1,3%, есептеуіш техника 6 125,6 мың теңге,
үлес салмағы 0,4%, құрал-саймандар, өндірістік және шаруашылық мүкәммал 4
594,1 мың теңге, үлес салмағы 0,3%, өзге негізгі қор 12 251,0 мың теңге
үлес салмағы 0,8% құрайды. Жыл ішіндегі қордың түскені 54 254,8 мың теңге,
істен шыққаны 20 330,8 мың теңгеге тең болды. Жыл соңына негізгі
өндірістік қор 1 565 299,0 мың тенгені құрады. Оның ішінде ғимараттар мен
құрылғылар 367 845,3 мың теңге, үлес салмағы 23,5%, яғни 2,1% өсті.
Кәсіпорынның еңбек заттарына әсер ету дәрежесіне байланысты
кәсіпорынның негізгі өндірістік қорының 2010 жылғы қозғалысы көрсетілген.
Мұнда жыл басына негізгі өндірістік қордың барлығы 1 531 375,0 мың теңге,
оның ішінде актив бөлігін 1 105 649,8 мың теңге, үлес салмағы 72,2% тең
болып, жыл ішінде түскені 13 281,8 мың теңге, істен шыққаны 13 831,4 мың
теңгені құрап, жыл соңына 1 105 100,1 мың теңгеге тең болды, үлес салмағы
70,6% құрады. Яғни, жыл соңында актив бөлігі жыл басынан 1,6% кеміді.
Орташа жылдық мәні 1 10574,9 мың теңге, үлес салмағы 71,4 % .
Пассив бөлігі 425 725,2 мың теңге, үлес салмағы 27,8% тең болып, жыл
ішінде түскені 40 943,0 мың теңге, істен шыққаны 6 499,4 мың теңгені құрап,
жыл соңына 460 198,9 мың теңгеге тең болды, үлес салмағы 29,4% құрады.
Яғни, жыл соңында актив бөлігі жыл басынан 1,6 % өсті.Орташа жылдық мәні
442 962,1 мың теңге, үлес салмағы 29,6% .
2009-2010 жылдарға бұл көрсеткіштерді жалпылау үшін келесі 4-5
кестелерін құру керек.

Кесте 4 - Кәсіпорынның негізгі өндірістік қор қозғалысының 2009 жылғы
көрсеткіштері

Негізгі қор 2009 жыл Түскені Істен 2009 жыл Коэффициентт
тобы басына шыққаны соңына ер
мың мың мың мың теңге ЖаңартІстен
теңге теңге теңге у шығу
1. Негізгі өндірістік 1497130,3 41675,2 7 430,5 1531 375,02,7 0,5
қор
1.1 Ғимарат пен 322 771,1 4946,1 - 327 717,2 1,5 -
құрылғы
1.2 Машина мен жабдық 889 456,0 5561,2 694,2 894323,0 0,6 0,1
1.3 Көлік құралдары 151247,2 19204,1 2 000,0 168 451,2 11,4 1,3
1.4 Беріліс 92 005,0 10010,0 4 007,0 98 008,0 10,2 4,4
қондырғылары
1.5Өлшеу аспабы 18 454, 1753,0 302,0 19 905,0 8,8 1,6
1.6 Есептеуіш техника 61 02,3 48,2 24,9 6 125,6 0,8 0,4
1.7 Құрал-сай-мандар, 4 875,2 100,0 381,1 4 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайы
Қазақмыс плс корпорациясының маркетингтік ортасын талдау
Академик Қ.И.Сәтбаевтың металлогендік болжамдық картасы-тәуелсіз еліміздін индустриялдық дамуының факторы
Корпорацияның қаржылық жағдайының экономикалық маңызы
Балқаш мыс байыту фабрикасының тарихы
Мыс кендерін байыту технологиясы
КӘСІПОРЫНДАҒЫ ПЕРСОНАЛДЫ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Балқаш мыс комбинаты
Қазақмыс корпорациясы ЖШС
Кәсіпорында еңбекақы төлеуді ұйымдастыру ерекшеліктері
Пәндер