Құстар класының сипаттамасы
Жоспар:
I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .. 2-бет
II.Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 3-бет
2.1. Құстар класының
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-7 бет
2.2. Құстар
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 7-8бет
2.3. Қырлы төсті құстар отрядының өкілдері ... ... ... ... ... ... ... ...
9-22 бет
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... . 23-бет
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .. 24-бет
Кіріспе
Құстар жоғарғы сатыдағы омыртқалылардың ұшуға бейімделген ерекше
маманданған бұтағы деуге болады. Құстар генетикалық жағынан рептилилерге
жақын, оның прогрессивті бұтағы. Құстарды рептилилерден ажыратуға болатын
белгілері: а) құстардың орталық нерв системалары жақсы жетілген, сондықтан
олар әртүрлі жағдайларға бейімделіп, мінез-қылықтарын өзгертеді. б)
денесінде зат алмасу процесінің жылдамдығы мен дене жылуының реттелуінің
дұрыс болуына байланысты температурасының жоғары және тұрақты болуына
әкеліп соққан. в) ауа кеңістігінде ұшу қабілеті көпшілігінің қозғалу, я
өрмелеу қабілетін жоймаған. г) көбею біршама жетілген (жұмыртқаларын басуы
және балапандарын қоректендіруі).
Құстардың көрсетілген прогрессивтік белгілері, кластың
жастығына қарамай олардың жер шарының алуан түрлі тіршілік орталықтарына
тарауына мүмкіндік туғызған. Қазіргі уақытта құстардың 31 отрядқа
топтасатын 8000-нан аса түрі бар.
Қазіргі кезде жер бетінде құстардың 9000-ға тарта түрлері,
бұрынғы КСРО-да шамамен 800-дей және Қазақстанда 498 түрі мекендейді. Осы
заманғы құстар 28 отрядқа топтастырылады. Жойылып кету қауіпі бар және,
сирек кездесетін құстардың 200 түрі мен 83 тұртармақтары ХТҚО-ның, 80 түрі
бұрынғы КСРО-ның және 56 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген.
Құс шаруашылығы — мал шаруалығының жоғары сапалы мол өнім беретін ұтымды
саласы. Қазіргі кезде үй құстарын өсіру кәсіптік негіз алып отыр. Осы
заманғы құс фабрикасы деп — орталықтан жылу берілетін, электр жарығы мен
жұзеге асырылатын жақсы жабдықталған үй-жай. Мұнда құстар арнаулы
үйшіктерде күтіледі. Үйшіктердің қабырғасымен едені торланған және бірнеше
қабатты болып келеді. Құстарды жемдеу күту кезеңдері толық
механикаландырылған. Балапандар белгілі температурамен ылғалдылық
сақталатын — инкубаторлардан шығады.
Ауылшаруашылығы құстарына тауықтар, курке тауықтар, үйректер,
қаздар, мысыр тауықтар жатады. Еліміздің құсшаруашылық өнеркәсібі үшін мәні
зор құстар: тауық, үйрек, күрке тауық және қаз болып саналады.
Ауылшаруашылығының басқадай жануарлары секілді құстар өзінің күрделі
құрылымы мен биологиялық ерекшеліктерімен, сыртқы пішіні мен өнімділігі
арқылы ерекше көзге түседі. Құстардың сырттай көрінісі біріне-бірі өте
ұқсас, ұшуға бейімделгендіктен, олардаң тұлғасы жинақы да, жұмыр болып
келеді. Қоректену тәсілі және қимыл түрлеріне байланысты олардың дене
мөлшері тұмсық пішіні мен басы, мойнының ұзын — қысқалылығы, қанаттары мен
құйрығының пішіні, аяқтарының ұзындығы, саусақтарының пішіні түрліше
нұсқаларда кездеседі. Құс шаруашылығы өнімдерінен яғни, етінен, меланж
жұмыртқадан ұлпа алу жолдары да жетілдірілу үстінде. Ғалымдармен
мамандардың ең басты мақсаты құс өнімдерін тұтынушыларға сапалы да
жеткілікті мөлшерде дайындау болып табылады. Осы мақсатта құс шаруашылығы
жоғарғы деңгейде дамиды деген сенімдемін.
Негізгі бөлім
Қазақстан құстарға өте бай. Елімізде 488 құс түрі тіркелген.
Олар еліміздің барлық бөлігіңде кездсседі. Әртүрлі алқаптарда мекендейді.
Құстардың маңызы өте зор. Олардың көпшілігі ауыл және орман шаруашылығына
әртүрлі өсімдіктер зиянкестерін жойып өте үлкен пайда келтіреді. Кейбір
түрлері әуесқой және кәсіптік аңшылық нысаналары болып келеді. Көптеген
құстардың этикалық және эстетикалық маңызы үлкен. Ал кейбір түрлері шектен
тыс пайдаланғандықтан сандары күрт кемуде. Сирек кездесетін және құрып кету
қаупі бар құстар Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген.
Құстардың Қазақстанның Қызыл Кітабындағы (1978, 1991, 1996)
санаттары.
1 санат — жойылып бара жатқандар (жойылып кету қаупі бар түрлер
мен түршелер, соның ішінде жойылып кеткендер болуы мүмкін, себебі олар
туралы бірнеше жылдар — 50 жылдан астам уақыт бойында ешқандай деректер
жоқ).
2 санат — саны азайып бара жатқандар (саны әлі де болса
салыстырмалы түрде жоғары, бірақ өте күрт төмендеп, жақын арада жойылып
кетушілер санатына қосылатын түрлер).
3 санат — сирек (қазіргі кезде жойылып кету қаупі жоқ, бірақ өте
аз кездесетін немесе аймақтары шектеліп табиғи және адам қызметінің
әсерінен тіршілік ортасының қолайсыз өзгеру нәтижесінде тез жойылып кететін
түрлер).
4 санат — белгісіздер (тіршілігі толық зерттелінбеген, ал саны мен
қауымдастық жағдайы алаңдатушылық туғызатын, бірақ мәліметтердің
жетіспеушілігінен оларды жоғарыда айтылған санатқа жатқызуға болмайтын
түрлер).
5 санат — қалпына келгендер (қорғау жұмыстарын қолға алу
нәтижесіңде енді қауіп туғызбайтын, бірақ оларды кәсіпшілік пайдалануға
болмайтын және қауымдастықтары тұрақты бағдарлауды қажет ететін түрлер).
1. Құстар класының сипаттамасы
Құстар класы — шыққан тегі бауырмен жорғалаушылардың көптеген
морфологиялық ерекшеліктерін сақтаған және сонымен бірге, бүкіл мүшелері
түгелімен дерлік майда морфологиялық өзгерістерге ұшыраған, жалпы тіршілігі
күрт өзгерген омыртқалы жануарлардың оқшауланған тобы.
Құстар — денесі қауырсындармен жабылған, алдыңғы аяқтары қанатқа
айналған, жылы қанды, жұмыртқалаушы, қағанақты, ұрпақтарына қамқорлық
жасайтын және сыртқы ортамен күрделі байланыстағы омыртқалы жануарлар.
Құстардың денесі сопақша келген жұмыртқа пішінді (4.1 сурет).
4.1 сурет. Құс денесінің және қауырсындарының бөлімдері:
1 — тамақ үсті; 2 — ауыз бұрышы (езу); 3 — тамақ асты, алқым; 4 маңдай; 5 —
төбе; 6 — шүйде; 7 — мойын; 8 — иық; 9 — бел; 10 бірінші дәрежелі желпуіш
қауырсындар; 11 — жамбас; 12 — жоғарғы құйрық жабындысы; 13 құйрық,
бағдарлаушы қауырсындар; 14 — бірінші дәрежелі желпуіш қауырсындар; 15
құйрық асты, төменгі құйрық жамылғысы; 16 — артқы саусақ; 17 — сыртқы
саусақ; 18 — ортаңғы саусақ; 19 — ішкі саусақ; 20 жіліншік; 21 - сирақ; 22
құрсақ; 23 — қанатты жабушы қауырсындар; 4 — төс, кеуде; 25 — иық
қауырсындары; 26 — кеңірдек, тамақ.
Тұлғасы ықшам, жұмыртқа тәрізді. Көптеген кұстардың мойыны жіңішке,
икемді. Басында алға қарай тұмсығы шығып тұрады, ол үстіңгі тұмсықтан және
астынғы тұмсықтан тұрады. Олар мүйізбен қапталған. Тістері жоқ. Алдыңғы
аяғы қанатқа айналған. Құстың аяғы жерде жүру, ағаштарға өремелеу, жемтігін
ұстау, суда жүзгенде және сүңгігенде қозғалу үшін қажет. Тілерсек сүйегі
мен толарсағының төменгі қатарының сүйектері қосылып ерекше сүйек —
жіліншікті құрайды. Жіліншікке саусақтар жалғасады. Әдетте құстардың
аяғында төрт саусағы бар, оның үшеуі алдына, ал біреуі артына қараған.
Бірақ, кейбір орман құстарының (мысалы, тоқылдақтардың) екі саусағы алдына,
екі саусағы артына қараған. Кейде саусағының бірі не алдына не артына
қарауы мүмкін (4.2. сурет).
4.2 сурет. Әртүрлі құстардың аяқтарының пішіні:
А — құзғынқарға; Б — бұлдырық; В — қасқалдақ; Г — сұқсыр үйрек; Д —
шағала; Е — суқұзғыны; Ж —шұбар тоқылдақ; 3 — ұзынқанат; И — айналма
саусақ.
Сол сияқты, көптеген сұр қарлығаштардың барлық саусақтары да алдына
қараған. Кейбірінің артқы саусағы болмайды немесе жойылған.
Құстардың құйрығы серпімді желпуіш қауырсындардан құралған
құйрықтың пішінікөбінесе маңызды жүйелік белгі болып саналады (4.3. сурет).
4.3 сурет. Құс құйрықтарының әртүрлі пішіні:
А — түзу; Б — томпақ; В - лиратәрізді; Г- сынатәрізді; Д — сатылы; Е -
ойықты; Ж — айырлы.
Құстар денесінің температурасы тұрақты: ол әртүрлі кұстарда 39°С-
тан 44°С-қа дейін жетеді. Құстардың денесі қауырсындармен жабылған. Ол
қауырсындар дененің ішкі жылуын сақтауда жәнс ұшуда маңызды рол атқарады.
Қауырсын қаламшадан, сояудан және пәріден тұрады.
Құстарда әртүрлі қауырсын типтері болады (4.4. сурет):
1. желпуіш қауырсындар — қанаттың негізгі қалқу бетін құрайтын ірі серпімді
қауырсындар; олар бірінші дәрежелі (қанаттың шашағында орналасқан) және
екінші дәрежелі сәл жұмсақтау (қанаттың білегіне жалғанған) болып бөлінеді;
2. бағыттауыш қауырсындар — құйрықты құрайтын ірі серпімді қауырсындар;
3. қанаттың жоғарғы жағын жабушы қауырсындар — желпуіш қауырсындардың
негізгі бөлігін жоғарғы жағынан жабатын онша үлкен емес, бірақ серпімді
қауырсындар;
4. қанаттың төменгі жағын жабушы қауырсындар — желпуіш қауырсындардың
негізгі бөлігін төменгі жағынан жабатын қауырсындар;
5. құйрықтың жоғары жағын жабушы қауырсындар — белдің артқы бөлігінде
орналасқан және құйрық қауырсындарының негізгі бөлігін жабушы қауырсындар;
6. құйрықтың төменгі жағын жабушы қауырсындар — құйрық қауырсындарын
төменгі жағынан жабушы қауырсындар;
7. қанат шашағын жабушы қауырсындар — қанат шашағын жабатын пәрлер;
8. нұсқалық қауырсындар — құстардың барлық денесін жабатын қауырсындар;
9. мамық қауырсындар — нұсқалық қауырсындардың астында орналасқан майда
қауырсындар.
4.4 сурет. Құс қанаты мен құйрығының қауырсындарының атаулары:
1 бірінші дәрежелі желпуіш қауырсындар; 2 екінші дәрежелі
желпуіш қауырсындар; 3 қанатшақауыр сындары; 4 қанаттың жоғарғы
жағын жабушы қауырсындар; 5 иық қау ырсындары; 6 қүйрық,
бағыттауыш қауырсындар; 7 жоғарғы қ уйрық жамылғысы; 8 төменгі құйрық ж амылғы
сы, құйрықасты.
Құстардың қаңқасы көптеген іші қуыс, ауаға толы сүйектерден
тұратындықтан жеңіл әрі берік. Бұлшық еттерден, әсіресе қанатты қозғайтын,
кеуде еттері жақсы дамыған; көптеген құстарда олар кеуде сүйегінің
қыртөсіне жалғасқан. Ас қорыту жүйесі ауыз қуысынан, өңештен, безді және
етті қарыннан, ащы және тоқ ішектен және айналшықтан тұрады. Айналшыққа зат
шығару және жыныс мүшелерінің түтіктері ашылады. Бауыры және ұйқы безі бар.
Құстардың өкпесі денесінің әртүрлі бөлігінде орналасқан әуе қапшықтары
жүйесімен жалғасқан. Олар тыныс алуға, дене жылуын реттеуте және құс
қаңқасының жеңілденуіне қатысады.
Екі қан айналу шеңбері бар. Жүрегі төрт қуысты, екі құлақшадан
жәнс екі қарыншадан тұрады. Құстарда сол жақ қарыншадан басталатын оң жақ
қолқа доғасы сақталады. Бүйрегі жамбасында орналасқан қуығы жоқ.
Құстар — дара жынысты: кейде еркегі мен ұрғашысы сыртқы түрі
бойынша өте жақсы ерекшеленеді. Құс мекиенінің аналық безі және тұқым жолы
біреу ғана, ол денесінің сол жағында орналасқан. Еркегінің жыныс мүшелері
(аталық безі, тұқым жолы ) екеу. Аталық безі дене қуысында орналасқан.
Құстар жұмыртқа салып көбейеді. Жұмыртқаларын әртүрлі
құрылысты ұяларға салады. Құстар жұмыртқаларынан шығатын алапандардың
ерекшеліктеріне байланысты екі топқа бөлінеді: ширақ балпан шығаратын
құстар; қызылшақа балапан шығаратын құстар. Құстар жануартектес те және
өсімдік тектес те азықтармен қоректенеді. Құстар елімізде болу мәртебесі
бойынша бірнеше топқа бөлінеді:
отырықшы, жергілікті құстар — өзінің бүкіл өмірін бір жерде
өткізетін құстар;
көшпенді құстар — көбею кезеңінен басқа кезде сол аумақта көшіп
жүретін құстар;
жыл құстары — көктемде біздің елімізге ұя салуға ұшып келетін,
күзде қысқа қарай жылы елдерге ұшып кететін құстар;
ұшып өтетін құстар — біздін еліміздің аумағынан көктемде
солтүстік жаққа, ал күзде жылы жаққа ұшып өтетін құстар;
ұялауға ұшып келетін, кейде қыстайтын құстар — көктемде ұялауға
ұшып келетін, кейбірі біздің оңтүстік аудандарымызда қыстайтын құстар;
кездейсоқ кұстар — біздің елімізге кездейсоқ ұшып келетін құстар.
2. Құстар жүйесі
Құстар екі класс тармағынан тұрады:
1) Көне немесе кесіртке құйрықты құстар (Аrсhаеоrnіthеs);
2) Қазіргі немесе айырқұйрықты құстар (Neornіthes).
Қазіргі құстарды үш топқа бөледі:
1) Жалпақтөстілер немесе жүрдектер (Rаtіtае);
2) Пингвиндер немесе жүзгіштер (Imреnnеs);
3) Қырлы төстілер немесе ұшқыштар (Саrіnаtае).
Жалпақтөсті құстар мына отрядтардан тұрады:
1) Түйеқұстәрізділер (Struthioniformes);
2) Нандутәрізділер (Rheiformes);
3) Қазуартәрізділер (Casuariiformes);
4) Кивитәрізділер (Aprerygiformes).
Бұл құстар Қазақстанды мекендемейді. Дегенмен, кейінгі кезде
елімізде түйеқұсты және эмуді қолда өсіруді қолға алуда.
Пингвиндер тек бір отрядтан тұрады: Пингвин тәрізділер (Sphenisciformes).
Бұл құстарда Қазақстанда мекендемейді.
Қырлы төсті құстардың Қазақстанда жиырма бір отрядының өкілдері
кездеседі:
1) Маймаққазтәрізділер (Gaviiformes);
2) Сұқсыр үйректәрізділер (Podicipediformes);
3) Түтікмұрындылар (Рrосеllаrіfоrmеs);
4) Ескекаяқтылар (Реlесаnіfоrmеs);
5) Лейлектер, немесе дегелектер (Сісоnііfоrmеs);
6) Қоқиқазтәрізділер (Рhоеnісорtеrіfоrmes);
7) Қазтәрізділер (Аnseriformes);
8) Күндізгі жыртқыштар не сұңқартәрізділер (Ғаlсоnіfоrmеs);
9) Тауықтәрізділер (Саllіfоrmes);
10) Тырнатәрізділер (Gruiformes);
11) Татреңтәрізділер (Сhаrаdriiformes);
12) Булдырықтәрізділер (Рtеrосlіdіformes);
13) Кептертәрізділер (Соlumbifоrmеs);
14) Көкектәрізділер (Сuсuliformes);
15) Жапалақтәрізділер (Sіrіgіfоrmes);
16) Тентекқұстәрізділер (Саріmulgiformes);
17) Ұзынқанаттәрізділер (Ароdіfоrmes);
18) Көгілдір құстар (Соrасііformes);
19) Бәбісектәрізділер (Uрuріformes);
20) Тоқылдақтәрізділер (Рісіformes);
21) Торғайтәрізділер (Раssеrіformes).
МАЙМАҚҚАЗТӘРІЗДІЛЕР ОТРЯДЫ
GAVIIFORMES
Үлкен суда жүзетін құстар. Бұлар солтүстік жартышардың тундралық
және тайгалық аймақтарында кең тараған. Бір түрі оңтүстікте Балқашта және
Ыстық көлде ұялайды. Бұл отрядқа жататын құстар ірі болып келеді: ең
кішкентайының салмағы (қызылжемсаулы маймаққаз) 2 кг, ал ақтұмсықты
маймаққаздың салмағы 4,5 кг асады.
Дене тұрқы ұзынша, аяқтары денелерінің артына қарай орналасқан. Ал
саусақтары толықтай жарғақпен біріккен. Сол себепті олардың жерде жүруі
қиын. Қанаттары жіңішке және үшкір, салыстырмалы түрде қысқа. Қауырсындануы
тығыз, денесіне тығыздалып орналасқан қатты қауырсындардан тұрады.
Құйрықтары қысқа, бірақ қатты қауырсындардан құралған. Тұмсығы ұзын, тік,
үшкір және езуіне қарай тегіс.
Күндізгі кұстар. Олардың тіршілігі сулы ортаға байланысты. Теңіздерде және
көлдерде мекендейді. Ұяларын су жағасына жақын орналастырады. Керемет
жүзеді және сүңгиді. Сүңгіген кезде көбінесе қанатын денесіне қысып
ұстайды, кейде жүзуге көмектеседі. Судың астында екі минуттан аса бола
алады. Тез бір түзу бойынша ұшады. Судан зорға жүгіріп барып көтеріледі.
Жағаға сирек шығады, жерден көтеріліп ұша алмайды. Құстар ұяларынан суға
түседі немесе сүңгиді, содан кейін ғана көтеріледі.
Тек балықтармен ғана қоректенеді. Егер балықсыз немесе балықтары аз су
қоймаларына қоныстанса, онда олар басқа көрші су қоймаларына ұшып барып
қоректенеді. Балықтардан басқа олар моллюскалармен, шаян тәрізділермен,
жәндіктермен жәнс басқа су омыртқасыздарымен қоректенеді. Бұл азықтар тек
қосымша болып саналады және олармен балапандары ғана қоректенеді.
Моногамдар. Тұрақты жұп құрмайтын сияқты. Жұмыртқа басуға және балапандарды
өргізуге екеуіде бірге қатысады. Әдетте, екі жұмыртқа салады. Жұмыртқалары
қоңырлау, қара, сүр, алабажақ. Жұмыртқаларын 25-30 күн басады. Ширақ
балапанды құстар. Балапандары жұмыртқадан шыққанда мамық жамылғысы бар және
аз уақыт ішінде жүзе алады. Балапандарының арқа жағы біртегіс қоңырлау.
Балапандарда түрлі екі мамық қауырсыны бар. Екінші мамық қауырсындары қыста
түлейді де, ересектерге ұқсайды. Қысқы жамылғыда құстар үш ай болады
желтоқсаннан науырыздың аяғына дейін. Толық түлеген кезінде желпуіш
қауырсындары да ауысады, мұндай кезде құстар қабілетінен айырылады.
Қораздарымен мекендерінің реңдері бірдей, бірақ қораздары ірілеу.
Маймаққаздардың онша көп маңызы жоқ. Балықтармен қоректеніп балық
шаруашылығына зиян келтіруі мүмкін, бірақ олардың саны аз болғандықтан іс
жүзінде зияны байқалмайды. Әуесқой аңшылық нысандары. Олар өте сақ және
жаралануға төзімді. Олардың терісі Құс терісі ретінде бас киім, жаға
тігуге, көйлектерді әсемдеуге пайдаланылады.
Маймаққазтәрізділерге тек бір ғана тұқымдас жәнс бір туыс жатады.
СҰҚСЫР ҮЙРЕКТӘРІЗДІЛЕР ОТРЯДЫ
РОDІСІРЕDFОRМЕS
Орташа жәнс майда су құстары. Ең ірілері — үлкен сұқсырдың салмағы 900-1200
г, ең майдасы — кішкене сұқсырдың салмағы 200 г жуық.
Антрактидадан басқа барлық құрлықтарда және аралдарда тараған.
Олардың сыртқы пішіні ерекше, басқа отряд өкілдеріне ұқсамайды.
Дене тұрқы ұршық тәрізді соғыңқы. Қанаттары қысқа. Жүзгенде және сүңгігенде
қанаттарыниденесіне қысады.
Аяқтары денесінің артына қарай орналасқан, қысқа, екі жағынан қатты
қысылған. Аяқтарының әр саусағы жеке жалпақ терілі өскіндермен қапталған,
олары тек саусақтың түбінде ғана бірігеді. Тырнақтары жалпақ.
Қауырсындануы тығыз, төменгі жағы жібектей жұмсақ. Бағыттауыш қауырсындары
жұмсақ, құйрықтың жамылғы қауырсындарына ұқсайды, сондықтан құйрықтары
байқалмайды.
Тұмсықтары тік, үшкір, конус тәрізді. Жақтың жиектері тегіс.
Сұқсыр үйректәрізділердің бүкіл тіршілігі сумен байланысты. Суда
қоректенеді және ұялайды. Жағаға шықпайды. Су беті өсімдіктері бай тұщы
және сәл тұздылау су қоймаларын маңайлайды.
Күндізгі құстар.
Жақсы жүзеді әрі сүңгиді. Ірілері су астында үш минутқа дейін бола алады.
Су астында аяғымен қозғалады. Субетімен сабалыпұзак ұзын бұрыш сызықпен
әуеге көтеріледі. Қанаттарын жиі қағып тік сызықпен ұшады.
Азықты суда сүңіп табады. Жемтікті тұмсығымен ұстайды. Майда кұстар, су
жәндіктері және олардың дернәсілдерімен, шаян тәрізділермен,
моллюскалармен, майда балықтармен қоректенеді. Кейбір үлкен құстар тек
балықтармен қоректенеді. Сұқсыр үйректердің қарындарында құстардың
қауырсындары әрдайым табылады. Олар өздерінің қауырсындарын жұлып жейтін
сияқты.
Моногамдар. Жұбымен өмір сүреді. Еркегі де ұрғашысы да жұмыртқа басуға және
балапан өргізуге бірдей қатысады. Ұяларын жүзінді су өсімдіктерінен
(көбінесе шіріген) жасалған аралдарға салады. Жеке жұптармен және
шоғырланып жүздеген жұптармен бірге ұялайды.
Құс ойнақтары күрделі.
Ұяға үштен сегізге дейін жұмыртқа салады. Жұмыртқалары сопақша, реңі
біркелкі көкшіл. Ұяда жұмыртқалар өте ылғалды ортада жатады, көбінесе суда.
Сондықтан жұмыртқалар өсімдіктермен былғанып сарғайып немесе сұрланып
кетеді. Сұқсыр үйректердің жұмыртқа басу алаңы жіңішке. Сондықтан олар
барлық жұмыртқаларын жаба алмайды. Жұмыртқа басу бірінші жұмыртқа туудан
басталып, жиырма-жиырма бес күнге созылады.
Балапандары жұмыртқадан шыққанда мамық жамылғысы бар және тез арада суға
жүзе алады. Бір ұядағы балапандар толық жетілгенше бөлінбейді.
Қазақстандағы сұқсыр үйректердің мамық қауырсынды балапандарының рендері
жолақты.
Балапандар мамықтарын жастық қауырсындарға ауыстырады. Бұл реңдері
ересектерден өзгеше. Жастық рең күзде қысқы реңге ауысады. Ыстық жердегі
сұқсыр үйректер жылына бір рет түлейді, ал ТМД елдеріндегі сұқсыр үйректер
— екі рет түлейді: көктемде майда қауырсындары, ал күзде бүкіл
қауырсындары. Желпуіш қауырсыңдары түгелімен түлейді жәнс ол кезде құстар
ұша алмай қалады.
Қазақстан сұқсыр үйректерінің қыстық реңінен өзгешс ерекше күйлік реңі бар.
Еркектерімен ұрғашыларының реңдері бірдей, бірақ еркектері ірілеу.
Сұқсыр үйректердің маңызы шамалы. Көпшілік жағдайда ірі сұқсыр үйректердің
балықтармен қоректену зияны білінбейді. Сұқсыр үйректердің еттері онша
дәмді емес, көпшілігін жеуге болмайды.
Сұқсыр үйрсктердің кәсіпшілік маңызы терілерінің Құс терісі ретінде
пайдаланылуы. Өңдеуге кеудесі мен саны жарайды. Өңделген соң ол әдемі
жібектей терігс ұлпанға айналады. Ол әйелдердің қалпағын әшекейлеуге
пайдаланылады.
Қазақстанда сұқсыр үйрек тәрізділердің тек бір түқымдасы — Роdiсереdidае
және бір ғана туысы — Роdісерs кездеседі.
ТҮТІКМҰРЫНДЫЛАР ОТРЯДЫ
РRОСЕLLАRІҒОRМES
Мөлшерлері әртүрлі (қараторғайдан аққуға дейін) теңіз құстары. Сыртқы
пішіндері шағалаға ұқсас. Теңіз жағалауларында көбінесе топтасып, ашық
жерлерде немесе шыңдардың жарықтарында, кейде індерде ұялайды.
Арктикада да, Андрактикада да, дегенмен көпшілік түрі қоңыржай аймақта
кездеседі.
Қауырсындануы қалың, тығыз. Қанаттары ұзын, жіңішке, үшкір.
Тұмсығында төменге қараған ілмегі бар. Бұл құстың ең бір ерекше белгісі
-тұмсығының жоғары бетіндегі танауынан шығып тұратын түтікшелер.
Алдыңғы үш саусағы жақсы дамыған және жарғақпен жалғанған.
Бұл отрядтың барлық өкілдері теңіздің ашық кеңістіктерінің құстары.
Құрлықпен байланысы тек көбею кезінде ғана. Көбеюден тыс кезінде, құстар
үлкен қашықтықта мұхиттарды кезіп жүреді.
Әдемі ұшады, жүзе алады, кейбірі сүңғи алады. Жерде жіліншегіне таянып әрең
жүреді. Көпшілік уақытын әуеде және суда өткізеді. Құстар кез келген ауа
райында да ұша алады.
Моногамдар. Бір ғана жұмыртқа салады. Жұмыртқадан шыққан балапандардың
мамық жамылғылары бар, бірақ көздері ашылмаған. Өсуі жай-екі айдан төрт
айға дейін. Ата-аналарымен қоректендірілген балапандар тез семіреді. Ұяда
олар ата-аналарының мөлшеріне жетеді. Ұяда, соңғы күңдері ата-аналары
оларға тамақ бермей қояды, ашыққан жас балапаңдар ұяны тастауға мәжбүр
болады және теңізге шығады. Алғашқы күндері олар тек жүзеді және сүңгиді,
кейіннен ұшып үтіренеді. Түтікмұрындылар төрт тұқымдасқа біріккен 23
туыстан 81 түрден тұрады. Қазақстанда соның бір тұқымдасы — дауылпаздар
(Буревестниковые — Рrосеllаrіdас, бір туысы-дауылпаз — Рuffinus Вrіssоn.
1760 және бір түрі кездеседі.
ЕСКЕКАЯҚТЫЛАР
(РELECANIFORMES);
Ескекаяқтылар — су сүтқоректілер отрядына жатады. Денесі ұршық
тәрізді сүйір, бес саусақты аяқтары ескекке айналған, құйрығы қысқа. Суда
өмір сүруге бейімделген, бірақ киттерден айырмашылығы мол, өйткені олар
құрғақта немесе мұзда ғана шағылысады, балаларын тауып, сүтпен
қоректендіреді, дем алады, түлейді.
Бұлардың қазба қалдықтары миоцен дәуірінен белгілі.
Ескекаяқтылар Атлант мұхиты, Тынық мұхит, Солтүстік Мұзды
мұхит жағалауларында, Балтық теңізі., Қара теңіз., Каспий
теңізінде, Байкал және Ладога көлдеріндекездеседі. Дене пішіні ұршық
тәрізді, бесбашпайлы аяқ-қолдары жарғақаяққа (ескекаяққа) айналған. Дене
тұрқы 1,2 – 6 м-дей, салмағы 40 – 3600 кг-ға дейін жетеді. Басы үлкен,
мойны қысқа және тұлғасымен бірігіп кеткен. Жүзген кезде танау тесіктері
терілі қатпар арқылы жабылады. Алдыңғы, артқы аяқтары ескекке ұқсас
болғандықтан, отрядтың аты осыдан шыққан. Тері астындағы қалың май қабаты
(10 см-ге дейін) дене температурасын реттеу қызметін атқарады әрі қоректік
зат қоры болып табылады. Тері сыртындағы жамылғы түгі – ересектерінде
біркелкі қалың қылшықты, ал күшіктерінде – үлпілдек мамықты болады. Көру,
есту, иіс сезу, тыныс алу мүшелері жақсы жетілген. Қорегі –
балықтар, моллюскілер, шаянтәрізділ ер. Аталықтары аналықтарынан ірі келеді.
Көбею кезінде бір орынға топталып жиналады. Көпшілік түрлері жеке жұп
құрады. Аналықтары 3 – 4 жаста, аталықтары 5 – 6 жаста жыныстық жағынан
жетіледі. Буаздық мерзімі 11 – 12 ай. Жылына бір рет көбіне бір ғана күшік
туады. Анасын 1 – 2 жылдай емеді. Ескекаяқтылар cуда тіршілік етуге
бейімделген, құрлыққа, не мұз үстіне тек шағылысу кезінде, күшіктегенде,
түлегенде, тыныққан кезде ғана шығады. Ескекаяқтылар қазіргі кезде 3
тұқымдасқа бөлінеді:
▪ морждар (лат. Оdobenus rosmarus) – сойдақ тістілер – оның өзі аттас 1
ғана түрі бар. Дене тұрқы 410 см-дей, салм. 2000 кг-дай. Құлақ қалқаны,
құйрығы жоқ. Жоғары сойдақ тістері өте ұзын әрі жуан (ұз. 60 – 80 см-
дей). Артқы ескек аяғы бауырына қарай бүгіліп, құрлықта қозғалуына
көмектеседі. Морждардың саны жылдан-жылға азаюына байланысты қорғауға
алынып, Халықар. табиғат қорғау одағының Қызыл кітабына енгізілген,
оларды жергілікті халыққа ғана аулауға рұқсат етілген.
▪ құлақты итбалық (лат. Оtarііdae) – оның 14 түрі бар. Бұлардың сыртқы
құлақ қалқаны айқын байқалады, тұқымдастың аты осыған байланысты
аталған. Тағы бір ерекшелігі – аталықтарының мойнындағы түгі (шашы) жал
сияқты ұзын болады. Бұлардың 3 түрі Халықар. табиғат қорғау одағының
Қызыл кітабына енгізілген;
▪ кәдімгі итбалықтар.
ЛӘЙЛЕКТЕР НЕМЕСЕ ДЕГЕЛЕКТЕР ОТРЯДЫ
СІСОNІҒОRМЕS
Сыртқы пішіндері, құрылыстары жәнс өмір сүру жағдайы әртүрлі
құстардың тобы. Бұл отрядқа жататын құстардың ұзын тұмсығы (басынан да
ұзын), ұзын мойыны жәнс ұзын аяғы бар. Мұның бәрі батпақта немесе тайыз
суда жемтігін табу үшін бейімделген мүшелер.
Аяқтарында төрт ұзын саусақтары бар. Ортаңғы және сыртқы саусақтардың түбі
жарғақпен жалғанған, кейде жарғақ алдыңғы үш саусақтың түбін жалғайды.
Жіліншігі жалаң, көпшілік өкілдерінде сирақтың төменгі жағы
қауырсынданбаған.
Тұмсық құрылыстары әртүрлі: ләйлектерде және құтандарда ол үшкір және тік
(кейбір ләйлектерде сәл жоғары иілген), көпшілігінде төменге иілген;
жалбағайларда — жалпайған, ұшына қарай кеңейген; китбастыларда — өте үлкен
қайық тәрізді.
Қанаттары ұзын, жалпақ ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz