Қытай халқының мәдениеті мен ғылымы


МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1 Қытай халқының мәдениеті мен ғылымы
1. 1 Қытай халқының әдебиеті мен өнері
1. 2 Қытай халқының музыкасы
1. 3 Ежелгі Қытай театры
1. 4 Қала, қолөнер және сауда
1. 5 Қытай тілі
1. 6 Қытай жазуы
1. 7 Ұлы Қытай қорғаны
2. ҚХР тарихы және қазіргі заман
2. 1 Қытайдың сыртқы саясаты
2. 2 Суй империясы
2. 3 Тан империясы
2. 4 Юань империясы
2. 5 Цзинь империясы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
5
6
10
12
14
16
17
17
18
20
23
24
25
27
28
31
32
Кіріспе
Қытай Халық Республикасы
- Азия құрлығында орналасқан мемлекет. Халық саны бойынша, әлемдегі 1 - мемлекет (1, 3 млрд санынан астам, халық көпшілігі - этникалық қытайлықтар, өз атауы - хән) ; жер аумағы бойынша Ресей және Канададан кейінгі 3 - орында. 1949 жылы Қытай Халық Республикасы жарияланғаннан бері елді Қытай Коммунистік партиясы билеуде. Ресми түрде сегіз партия болса да, ҚХР - сын бір партиялы, авторитарлық елдер қатарына жатқызады. 14 мемлекетпен шектеседі: Ауғанстан, Бутан, Мианма, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Лаос, Моңғолия, Непал, ҚХДР, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Виетнам.
Біздің ұлы көршіміз Қытай мемлекетінің тарихының ең бір күрделі де қызық оқиғаларға толы кезеңі - оның орта ғасырлардағы тарихы болып табылады. Осы тарихи кезеңде Қытай мемлекеті мен халқы өте ірі тарихи оқиғаларды бастан кешіріп, мәдениет пен ғылымның тамаша жетістіктеріне қол жеткізді. Дәл осы кезеңнен бастап, Қытай өзінің осыған дейін өзін қоршаған елдер туралы ежелгі заманда қалыптастырған дәстүрлі өркөкірек саясатына өзгерістер енгізіп, өзінен де күшті елдер мен халықтардың өмір сүретіндігін, олармен тең дәрежедегі, тіпті кейде оларға тәуелділікті мойындайтын саясат ұстануға мәжбүр болады.
Қытай орта ғасырлар заманында, өзімен көрші жатқан көшпелі тайпалардың шабуылына ұшырап, тіпті Қытай мемлекетінің территорияларын жат жерліктерден бөлшектеп, оны өз иеліктеріне айналдырған кезеңін де бастан кешірді. Қытай көшпелілердің басқыншылығы салдарынан осы кезеңнен бастап екі үлкен аймаққа - Солтүстік Қытай және Оңтүстік Қытай деп бөлініп, біртұтас қытай халқының тілі мен мәдениеті, өмір сүру тіршілігі, тұрмыс салты мен шаруашылығы жағынан бір - бірінен айырмашылығы бар екі аймақтың өзіндік сипатқа ие халқы болып екіге бөлінді. Солтүстік Қытай жері көшпелілердің ғасырлар бойғы шабуылдары мен басқыншылық ошағына айналғандықтан және орта ғасырда, бұл жерде көшпелілердің бірнеше мемлекеттері өмір сүргендіктен, тіпті, жергілікті халқының антропологиялық түр сипаты да өзгеріске ұшырап, олардың тілі де мәдени лингвистикалық жағынан бұрынғы көне қытай тілінен, әрине, Оңтүстік қытайлықтардың тілінен көп айырмашылыққа ұшыраған. Жат жерліктердің Қытай жеріндегі үстемдігі кезінде, қытай халқы көшпелілердің мәдениетінен көптеген жетістіктерді өздеріне қабылдап, ежелгі өркениеттің ірі ошағы саналған қытайлық мәдениетті одан әрі байыта түсті.
1. Қытай халқының мәдениеті мен ғылымы
V - VI ғасырларда Қытай мемлекетінде өнер, әдебиет және ғылым дами бастады. Адамдардың табиғат жөніндегі танымы кеңейіп, халық емшілігі, аспан әлемі туралы көптеген ғылыми жаңалықтар ашылды. Жоғарыда айтқанымыздай, Ежелгі Қытайда кағаз жасау, кітап шығару, шөптердің құрамын біліп, дәрілер әзірлеу ерте дамыды. Халық емшілігі ғылымы дүние жүзіне әйгілі бола бастады.
Қытай этносы қытай халқының басқа халықтардан өзгеше мәдениетінің қалыптасуына ерекше ықпал жасады. Қытайлықтар болмыс құпияларымен өмір мен өлім мәселелерінен гөрі жарылқаушыларға бас иіп, оларға еліктеуді өздерінің қасиетті парызы деп санады. Қытай елінде о дүниедегі рахат өмірді уағыздаушылардан гөрі, осы нақты өмірдің мән - мағынасын терең түсіне отырып, «өмір үшін өмір сүруге үйретушілерді ұлылар қатарына жатқызып, олардың даналық қағидаларына бас иген». Дәстүрлі қытай мәдениетінің өзіндік бет - бейнесінің қалыптасуына діннен гөрі, этиканың ерекше әсер етуі де осы жағдайға тікелей байланысты болса керек.
Ежелгі Қытай мәдениетінің қалыптасуына даосизм мен Конфуций ілімдері өте үлкен ықпал берген. Даосизм жергілікті дін ретінде б. э. д. 7 ғасырда пайда болады. Даосизмнің негізін қалаушы - Лао - Цзы өз заманында «кәрі дана» деген атаққа ие болған. Бұл діни жүйе діннен гөрі философияға жақындау болып келеді. Лао - Цзының өмірі туралы мәліметтер өте аз, әрі жұмбақ жақтары да аз емес.
Лао - Цзының негізгі еңбегі - «Дао дэ цзин» («Дао және дэ туралы кітап») . Даосизм ілімі «дао» («жол») ұғымына негізделген. «Дао» - алғашқы бастама, алғашқы түпнегіз және Қытайдағы, Жердегі және Әлемдегі барлық құбылыстардың, денелердің бірлігі, соңғы сатысы. «Даоның» алғашқы түпнегіз екенін мынандай сөздерден байқаймыз: «дао - барлық заттардың анасы», «дао - барлық заттардың түпатасы», даоны аспан аясындағы империяның (Қытайдың) анасы деп есептеуге болады.
Лао - Цзының тұжырымдауынша, халық даоны негізге алуы қажет, өйткені даосизм ілімінің негізі табиғатпен байланысты. Дао - адамзат баласының тіршілігі мен бізді қоршаған жарық дүниенің дәнекершісі болып табылады. Дао - жер бетіндегі тіршілік атаулының негізі, бүкіл заттық дүние мен табиғат құбылыстарының қайнар көзі.
Қытай мәдениетінің екінші бір қайнар бұлағы - Конфуций ілімі болып саналады. Оның негізін қалаушы - Кун Фу - цзы, яғни Кун - ұстаз. Конфуций б. э. д. 551 ж. шамасында өмірге келген. Ата - анасынан ерте айырылған ол, тек 15 жасында ғана білімге құштарлық танытады, ал 50 жасында өз мектебін қалыптастырады. Оның көптеген ізбасарлары болған. Олар ұстазының және өздерінің ой - пікірлерін, қағидалары мен тұжырымдарын жинақтап, «Әңгімелер мен пікірлер» («Лунь юй») деген конфуцийшылдық ілімнің негізгі шығармасын дүниеге келтірді. Қытайлықтардың көптеген ұрпақтары бұл кітапты үлгі тұтып, басшылыққа алған.
Кун - фу - цзының ілімінше, ең жоғары жаратушы күш - аспан. Ол жерде әділеттілік болуын қадағалап, отырады. Ал қоғамдағы теңсіздік, әртүрлі сатыдағы топтардың болуы, ол - әділеттілік. Олай болса, аспан осы теңсіздікті қорғайды. Кун - фу - цзы өзінің ілімін аспан денелерінің заңдылықтарын немесе бабалар рухын зерттеуге арнамайды. «Өмірдің не екенін білмей жатып, өлімнің, рухтың не екенін қайдан білеміз», - деуінің өзі осыған айғақ.
Керісінше, оның қарастыратын негізгі мәселесі - адамдар арасындағы қарым - қатынас, тәрбие мәселелері. Осыған орай ол мынадай ұғымдарға көбірек көңіл бөледі. Олар: «тең орта», «адамгершілік», «өзара сүйіспеншілік». Осы үш ұғым бірігіп, «дао» («дұрыс жол») құрайды. Әр адам осы даоның жолымен өмір сүруі қажет.
Конфуцийдың ілімі бойынша, әрбір адам өзінің қоғамда алатын орнын жете білуі керек. Адамдар өз құқын, өзіне тиісті орнын, қандай жағдайда не істеу қажет екендігін толық білгенде ғана қоғамда тәртіп орнап, тыныштық жағдай қалыптасады. Мұндай қоғамдық - әлеуметтік тәртіпті Конфуций және оның жолын қуушылар мәңгілік, әрі мүлде өзгермейді деп есептеді.
Конфуцийдің ілімінің негізінде өткенге құрметпен қарау, үлкендерді сыйлау сияқты адамгершілік ізгі қасиеттер жатады.
Адамгершіліктің негізі - «жәнь» - «ата - анасын құрметтеу және үлкен ағаларын сыйлау». Кімде кім шын жүректен адамгершілікке ұмтылса, ол еш уақытта жамандық жасамайды. Ал «өзара сүйіспеншілік» арқылы қарым - қатынас, конфуцийшылдық әдептілік туралы ілімнің өзекті ұғымы. Бұл әдептілік қағидасы, бір сөзбен айтқанда: «Өзің қаламайтын нәрсені басқа біреуге жасама», - дегенге сайып келеді. Бұл Конфуций ілімінің гуманизмін әбден білдіреді.
Қытай мәдениеті, қытай өнері даналық өмірлік қағидалар мен терең философиялық идеяларды өз бойына сіңіре білген өзіндік бет - бейнесі бар ерекше мәдениет. Қытай халқының мәдени туындыларында адамзатты қоршаған дүние әсемдігі мен табиғат үйлесімділігі тамаша көрініс тапқан. Адамзат баласы мен табиғаттың біртұтастығы, олардың өзара үйлесімділік жағдайында болуы - қытай өнерінің негізгі арнасы болды. Бұл салада қытайлықтардың жазу өнеріне иероглифтерді, каллиграфиялық белгіні айтып кету қажет. Себебі, бұл өнер Шығыс Азия мемлекеттеріне үлкен ықпал етті.
Адамды қоршаған дүниенің сан қырлы құпиялары, табиғаттың әсем көріністері пейзаждық кескіндемеде де жан - жақты бейнеленеді. Суретшілер табиғат сұлулығын көрсетуде әсем көріністерді адам бейнелерімен толықтырып отырған. Мұндай суреттерден күннің батуын, таң шапағын және тағы да басқа табиғаттың таңғажайып көріністерін тамашалап тұрған адамдарды көруге болады.
Қытай ғалымдары ғылым мен техника саласында қомақты табыстарға жеткен. Тіпті Конфуций өмір сүрген кезеңнен бір мың жыл бұрын Хуанхэ жазығының байырғы тұрғындары күнтізбені, иероглифтерді және тағы басқаларын білген. Одан кейін олар компасты, оқ дәріні ойлап тапқан, фарфор және жібек жасауды меңгерген, қағаз және керамика жасау технологияларын ашқан.
Математика Қытайда Хань әулеті тұсында - ақ дами бастаған. Ең көне жұлдыздар каталогін (807 жұлдыз) б. з. б. 4 ғасырда Ши - Шэн құрастырған. Күннің тұтылуы туралы ең алғашқы мәлімет Қытайда б. з. б. 720 жылы жазылған. Б. з. б. 138 - 126 жылы Чжан Цяньның Орта Азияға саяхат жасауы қытайлықтардың елдің батыс жағындағы халықтарды зерттеуіне мүмкіндік туғызды және «Ұлы Жібек жолы» арқылы керуен жүргізіп, сауда жасауына жол ашты. Сун дәуірінде (960 - 1279) Қытай араб елдерімен, Кореямен, Үнді - қытаймен және оңтүстік аралдармен теңіз арқылы сауда жасауды күшейтті. Осыған байланысты Қытайда кеме жасау, теңіз қатынасы өрістей бастады.
Медицина тарихы Қытайда 3000 жылға созылады. Медицинадағы ең көне кітап - «Нэйцзин» Қытай медицинасының дамуында үлкен рөл атқарды. Тұңғыш «фармакология» кітабы Қытайда жазылды. Инемен емдеу әдісі Қытай медецина әдебиетінде Сун дәуірі деректерінде кездеседі. Қытай дүние жүзінде бірінші болып селитраны оқ - дәрі жасауға пайдаланды. 16 ғасырда Қытайда оқ - дәрі шығарыла бастады. 3 - 5 ғасырларда фарфор өндіру игерілді. Б. з. б. 6 ғасырда дүние жүзіндегі ең үлкен канал салу жұмысы басталып, ол 13 ғасырда Пекин мен Ханчжоуды су жолымен жалғастырды. Екінші бір үлкен құрылыс - Қытай қорғаны.
Қытай халқының дүниежүзілік өркениетке қосқан аса зор үлесі - қағаз жасау (2 ғ. ) . Кітап шығару тарихы Қытайда 5 - 6 ғасырларға жатады. Қытайда кітапты 2 түсті баяумен басу 1340 жылы жүзеге асырылды. 20 ғасырдың басына дейін Қытайда оқу жүйесі ертедегі классик конфуцийшілдік діни кітаптарды оқытуға негізделіп келді. 1902 - 1903 жылдары оқу жүйесінде тұңғыш реформа жасалып, еуропалық үлгідегі мектеп жүйесі қалыптасты.
1953 жылдан негізгі ғылыми бағыттардың бірі ядролық физика мен энергетика саласындағы зерттеулер болды. 1964 жылы қазанда Қытайда тұңғыш рет ядролық құрылғы жер бетінде сыналды. Ал 1967 жылы маусымда бірінші рет термоядролық құрылғы сыналды. 1966 жылы кезекті атомдық сынау кезінде басқару тетігі бар ракета қолданылып, ол бірнеше жүз километр қашықтыққа ұшты. 1970 жылы Қытай бірінші рет Жердің жасанды серігін, ал 1971 жылы екінші Жердің жасанды серігін ұшырды.
Қытай кескіндемешілері VIII гасырдың өзінде мөлдір әрі дымқыл минералды бояулармен қатар әр түрлі реңкке бай қара тушьты да пайдалана бастады. Жазудың түрлі әдістері де осы кезеңде өріс алды: Бойына ылғалды тушьпен бояуды жеңіл сіңіріп алатын картинаның жібектен жасалған бетін кескіндемешілер - бірде ауа кеңістігі деп, бірде өзеннің тұнық түсі деп, кейде тұманды көкжиек деп қабылдады. Қытайдың пейзажды картиналары еш уақытта тікелей натурадан салынған емес. Олар тек есте сакталатын табиғаттың ең сенімді деген, нанымды деген құбылыстарын, жаратылысқа тән қасиеттерін ғана көрсетуге тырысады. Осыдан келіп орта ғасырдағы пейзаждарға берілген атаулар шығады - " шань-шуй " яғни " таулар-сулар ". Тау көне дәуірлердің өзінде жаратылыстағы алып күш - " яньмен " байланыстырылса, су нәзік өрі жұмсақ, баяу әйел затының негізі - " иньмен " шендестірілді. Осылайша пейзаж атауының өзіне көнедегі натурфилософиялық ілімнің аса маңызды түсініктері мен ұғымдары негіз болды.
Ең көне кезеңнен бізге жеткен суретші Гу Кайчжидің орамалары (шамамен 340-406 жылдары) қытай кескіндемесіне жаңа поэтикалық ноталардың енгенін көрсетеді. Оның " Сарай бикештеріне арналған өсиеттер " картинасы көп жайдан хабардар етеді. Ұзынша орама формасында орындалған бұл жұмыс әр түрлі тоғыз сахналық көріністен тұрады. Чжан Хуаның поэмаға арналған иллюстрациялары сарай аксүйектерінің тұрмыс - тіршілігімен таныстырады. Әрбір сахна бір - біріне ұқсамайтын өлең құрылыстарымен ерекшеленетін дербес жанрлық композиция. Гу Кайчжи іс - әрекет өтіп жатқан жерді, мекенді мүлдем көрсетпейді десе де болады. Оның тұлғалары алтындатылған жібек фонда еркін орналасқан. Мұндай әдіс - тәсіл көне қытай дәуірінде - ақ қалыптасып үлгерген еді.
Феодалдық қытай өнерінің бар ерекшелігі келесі кезеңде елдің ортағасырлық өркениетінің барынша дамыған тұсында ажарлана түсті. Бұл тарихта мәдени жетістіктерінің ізін қалдырып кеткен екі бірдей ірі мемлекет Таң (618-907) және Сұң (960-1279) империяларының бірігуімен байланысты еді. Қытайдың рухани өмірі үш ғасыр бойында айтарлықтай шырқау биікке көтерілді. Өнердің, шығармашылықтың түрлі салалары - сәулет өнері мен кескіндеме, мүсін мен қолданбалы өнер, поэзия мен проза кемелденіп, гүлдене түсті.
Пейзаждың ірі шебері атанған Го Сидің (шамамен 1020-1100) "Ерте көктемі" де жаратылыс сұлулығын терең сезіне білуге негізделген. Ұзак қысқы ұйқыдан оянып келе жатқан әлем әрекетке толы. Картинадағы ырғақ тым белсенді, сабырсыз. Таулардың күңгірт сұлбасы тұманды бұлттардан әрең байқалады, ал ағаштар кәрі бұтақтарын керіле жайып келеді. Кеңістіктің шексіздік әсерін, таулардың алыптығын көрсетуге ораманың тіке формасы көмектеседі.
1. 1 Қытай халқының әдебиеті мен өнері
Қытай әдебиет өнеріне келетін болсақ, онда көптеген әдебиетшілердің аттары еске келеді - Цюй Юань, Ян -Чжу, Ван Чун, Мо - цзы және тағы басқалары.
Үш мың жылдық тарихы бар Қытай әдебиетінің алғашқы поэтикалық ірі туындысы - «Шицзин» («Жыр кітабы», б. з. б. 11 - 6 ғасырлар) халық жырларының жиынтығы. Көркем прозадан «Гоюй» («Патшалықтар тарихы»), «Чуньцю» («Жылнама»), филосафиялық трактаттардан «Чжуан - цзы», «Сюнь - цзы», тағы басқа шығармаларды атауға болады. Тан дәуірінде поэзия мен новелла дамыды. Юань әулеті (1289 - 1368) дәуірінде қытай драмасы өркен жайды. Жаңа Қытай әдебиетінің негізін қалаушы Лу Синь (1881 - 1936) болды. 1921 - 1922 жылы реалистік және романтикалық бағыттағы әдеби топтар құрылды. Қазақ тіліне бірқатар шығармалары аударылып, жеке кітап болып басылды. (Лу Синь, «Әңгімелер», 1951, 1958; Го Можо «Әңгімелер», 1958; Лао Шэн «Рикша», 1960; тағы басқа) . Қытай өнерінің ежелгі ескерткіштері б. з. б. 3 - мыңжылдықта пайда болды. Неолит дәуірінде жасалған керамикалық бұйымдар сақталған. Инь мемлекеті тұсында айналасы дуалмен қоршалған қалалар пайда болды. Цинь мемлекеті (б. з. б. 221 - 207) кезінде Қытайдың ұлы қорғанының негізгі бөліктері салына бастады. Тан (618 - 907) және Сун (960 - 1279) мемлекеті дәуірлеп тұрған кезде қытай мәдениеті жан - жақты өркен жайды. Қытай музыкасы дүние жүзіндегі ең көне мәдени мұралардың бірін болып саналады. Б. з. б. 11 - 6 ғасырлардағы жазбаларда кездесетін «юэ» (музыка) сөзі поэзия, би, бейнелеу өнері деген ұғымдарды да қамтыған. Ежелгі қытай философы Конфуций тамаша музыканың мемлекеттік құрылысқа игі әсері тиетіндіктен оның арнайы құрылымдық сипаты болу керек деп тұжырымдаған. Дәстүрлі қытай оркестрінде 100 - ге тарта музыкалық аспаптар қолданылады. Олардың негізгілері: шекті - сэ, цинь, пипа, ху (эрху, сыху, баньху) ; үрмелі - сяо, пайсяо, шэн; соқпалы - барабан, шылдырмақ қоңыраулар, тағы басқа Қытайдың театр өнері «байси» («жүз ойын - сауық») ойын түрінде пайда болған. Б. з. б. 2 - 1-мыңжылдықтың жазба ескерткіштерінде «чан - ю» («әнші актер»), «пай - ю» («қуақы», «комик») деген терминдер кездеседі. Тан дәуірінде (7 - 10 ғасырлар) ән мен бидің сахналық жаңа түрі - дацюй пайда болды. 8 ғасырдың орта шенінде Тан императоры Сюань - цзунь сарайының жанынан музыканттар мен бишілер, әншілер дайындайтын «Алмұрт бағы» («Лиюань») атты театр мектебі құрылды. 17 - 19 ғасырларда көптеген жергілікті театрлар: банцзы, цинь - цян, юэцзюй, тағы басқа құрылды. 19 ғасырдың орта шенінде осы театрлар негізінде пекиндік музыкалық драма (цзинси) театры дүниеге келді. Қытай театрының негізгі сипаттары осы цзинсида толық қамтылған.
Қытайдың ағаштан жасалған сәулеттік өнері өзінің пропорцияларының жеңілдігімен, айқындылығымен, өрнекті оюларының әсемдігімен және иілген қанаттарының ырғақтылығымен қызықтырады. Қытай кескіндемесіндегі анық байқалатын құбылыс - лиризм, аса қатты көзге түспейтін тұнық бояу түстеріндегі үйлесімділік. Ал Будда мүсіндері күшейтілген динамикаға мүлдем жуықтамайтын сызықтардың жұмсақтығымен, дене қимылдары мен бет пішінінің құндылығымен, дене құрылысының калыпты салмақтылығымен ерекшеленеді.
Елдегі феодалдық құрылым өте ертеде, II жән IV ғасырлар ширегінде қалыптасты. Шығыс елдерінің бірқатары ортағасырлық өркениетке енді ғана ене бастаған кездің өзінде, ондағы көркем өнер гүлденудің биік шыңына қол жеткізіп үлгерді. Орта ғасырлар Қытай тарихындағы барынша ұзақ мерзім ғана емес, бұл елдің рухани деңгейінің мүмкіндігінше көтерілген тұсы. Аса үлкен калалар мен зәулім сарайлардың, бақтар мен храмдар, яғни көптеген құрылыстардың гүлденген кезеңі болды.
Орта ғасырлар - Шығыс елдерінің өзара үздіксіз тәжірибе алмасу кезеңі болып табылады. Орта ғасырдың басында - ақ дамыған көркемдік дәстүрлерге қол жеткізген Қытай өнері, жазу үлгілерін таныту жағынан көршілес Жапония, Корея, Вьетнам елдеріне негіз болды. Өз кезегінде Қытай елі де Үндістан, Иран, Ауғанстан секілді көне мемлекеттерден үйреніп отырды. Орта ғасырлар ширегінде қытайлықтар Үндістаннан буддизм ілімін алып кірген буддалық пластикалардың бейнесін қабылдады. Ал Ираннан ою-өрнектің алуан түрі келді. Оларды Таң дәуірі кезеңіндегі мата өрнектері мен керамика формаларынан оңай байқауға болады. Қытайдағы феодализм дәуірінің ауқымдылығын, сан алуандығын көптеген ірі оқиғалар мен құбылыстар арқылы түсіндіруге болады. Елдің феодалдық мәдениетінің дамуында өнердің қалыптасуының бірнеше маңызды кезеңдері бар. Бұлар - алғашқы кезеңі (IV - VI ғғ. ), гүлдену кезеңі (VII - XIII ғғ. ) және ортағасырлық кезең, яғни Қытайдың ұзақ тарихын тамамдайтын соңғы кезең (XIV - XIX ғғ. ) .
Басқа феодалдық мемлекеттер секілді Қытай өнері де ондағы өpic алған діни ұғымдармен тығыз байланысты болды. Негізгі ілім ретінде өте ертеде негізі қаланған конфуцизм мен даосизм, сондай - ақ оларды біздің заманымыздағы алғашқы ғасырында толықтырған буддизм діні өмір сүрді.
Қытай суретшілері мен сәулетшілері өздерінің дүниетаным заңдылықтары туралы түсініктері мен көзқарастарын кеңейту мақсатымен, бірде Мүсін өнері рельефке бет бұрса, бірде каллиграфия мен кескіндемеге жүгінді. Мәселен, орта ғасырлардың алғашқы кезеңдерінде дүниенің құрылымы туралы түсінік, көбінесе буддалық пластикамен және аспан әлемінің тұрғындары деп саналатын музыканттармен, бишілермен, енқыршылармен байланыстырылды. Буддизм табиғаттағы көне мәдениет дәрежесіне еніп, өзінің жетекші рөлін жоғалта бастаған кезеңнен бастап, Будда образы дүниетаным мен санадан ығысып шықты. Ал қытай өнеріндегі жаратылыстың сұлулығы мен заңдылықтарын поэтикалық жағынан барынша көрнекті формада жеткізуге мүмкіндік берген кескіндеме атқарушы рөлге ие болды. Ортағасырлық қытай өнерінің нағыз пісіп - жетілген шағы да осы кескіндемемен тығыз байланысты болды.
1. 2 Қытай халқының музыкасы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz