Машина жасау өндірісінің салалары


Кіріспе
Машина дегеніміз-бұл басқарылатын мақсатты істер атқаратын немесе энергияны өңдейтін механизмдердің немесе механизмдер кешенінің жиынтығы. Жалпы машина немесе механизм бұрын атқарған жұмыстарды өзінің тетіктерімен орындайды. Машина біріншіден, қозғалысқа келу керек, екіншіден, қозғалыс күшін беруі тиіс, үшіншіден, еңбек нысанына әсер ететін құралы болуы керек. Соған сәйкес машина үш бөліктен тұрады: машина - қозғалтқыш, берілме тетіктері және машина - құралдан немесе жұмысшы машинадан тұрады.
Машинадағы негізгі бөлік - бұл жұмысшы машина.
Барлық машиналар екі топқа бөлінеді:
1. Машина қозғалтқышта - олар энергияның бір түрін екінші түріне айналдырады. Мысалы, су энергиясын механикалық энергияға, механикалық энергияны электр энергиясына немесе электр энергиясын механикалық энергияға айналдырады.
2. Машина - құралдар немесе жұмысшы машиналар. Олар шикізатқа әсер етіп, оның түрін, қасиетін, сапасын өзгертеді.
Жұмысшы машиналар қолданылу мақсаты бойынша төмендегі топтарға бөлінеді:
-технологиялық үдірістерде қолданылатын (құю балқыған металл, ұсталық) ;
-престеуші (жаншушы), пісіруші-дәнекерлеуші (сварка), металл кесуші, ағаш өңдеуші, тігін, тоқыма, тау-кен, есептеуші (ЭВМ), ауыл шаруашылығы т. б. ;
-тасымалдаушы (көліктік) - тепловоз, теплоход, автомобиль, ұшақтар, кемелер;
-жылжытушы (эскалатор, конвейер, крандар т. б. ) .
Әрбір жұмысшы машина қозғағыш бөлшектерден, берілгіш (передаточный), атқарушы (исполнительный) тетіктерден немесе механизмдерден тұрады.
Егер жұмысшы машина жұмыс істейтін қозғалыстармен қоса басқа да жұмыс атқармайтын қозғалыстарды адамның қатысуынсыз істесе- оны автомат деп атайды.
Машина жасау өндірісінің түрлері . Машина жасауда маманданған және бірлескен (кооперацияланған) кәсіпорындар өте көп, олар өз кезегінде машина жасау саласының орналасуына әсерін тигізеді.
Машина жасау өндірісінде жекелеген цехтар, өңдеуші өндіріс түрінде бөлектенген дайындаушы өндірістер бар. Оларда механикалық, термикалық (жылу мен өңдеу) электрохимиялық әдістермен әр түлі тетіктер өңделеді. Ал құрастырушы тетіктерден дайын өнімдерді құрастырады. Сонымен бірге машина жасау кәсіпорнында аспаптарды сақтайтын, дайындайтын, жөндеу механикалық, энергетикалық, көліктік және басқа да көмекші цехтар бар. Олар негізгі өндірістің жұмысын қамтамасыз етеді. Машина жасау зауыттары өндірген өнімдер көптеп немесе жекеленіп шығарылуы мүмкін. Жекелеген өндірісте өнім бір-ақ дана болып шығады.
Сериялы өндірісте көлемі конструкциясы бойынша біртектес өнімдер партияланып немесе серияланып шығарылуы мүмкін. Көп өндірісте біртектес өнімдер аса көптеп шығарылады. Әрбір станок тек бір-ақ операцияны атқарып өнімді шығаруда өз үлесін қосады.
Машиналар мен механизмдер бір-бірімен біріктірілген тетіктерден тұрады. Мақсаты бойынша машиналардың тетіктері корпустық қозғалысты беретін және бекітетін болып бөлінеді:
-корпустық тетіктерге рамалар, қораптар (коробкалар) т. б. ;
-қозғалысты беретін тетіктерге валдар, тісті дөңгелектер, муфталар (екі дискіден тұрады) ;
-бекітуші тетіктерге болттар, гайкалар, шуруптар т. б.
Снымен бірге ұстап тұратын тетіктерге кронштейндер, тіректер т. б. жатады.
Құю өндірісі. Құю өндірісі дегеніміз - бұл сұйық металды алдын ала дайындалған қалыптарға құю арқылы тетік алу. Алынған тетікті құйма дейді. Құймалар қажетті тетікке айналу үшін ары қарай өңделуі мүмкін. Құйма өндірісінде қалыптың үш түрі қолданылады:
1. Бір жолғы (құмды балшықты қоспадан жасайды) .
2. Жартылай тұрақты, көбінесе қыштан жасалып, 5-100 құйма алуға болады.
3. Тұрақты қалыптар - шойын мен болаттан жасалады.
Құюдың келесідей әдістерді де таралған:
А) металдық қалыптарға құю (кокили) . Металдың қалыпқа толуы, оның ауырлық күшінің әсерінен жүреді. Пайда болған құймалар қалыпқа өте сәйкес келеді;
Б) Қысыммен құю. Балқыған металл қалыпқа қысыммен толтырылып, қалып арасындағы ауа арнаулы әдіспен шығарылады. Пайда болған құйма көп жағдайда қосымша өңдеуді талап етпейді;
В) Орталықтан айналатын қалыптарға құю. Осы әдіспен қалыпқа құйылған металл қалып өз осінен немесе кіндігінен қатты айналған себепті құйма тығыз да сапалы болады.
Ұсталық - штамптық өндіріс. Тетіктерді өңдеу-жасау қысым арқылы да, ұсталық әдістермен де шынықтыру, тығыздау іске асырылады.
Тетіктерді еркін шынықтыру операцияларына жататындар:
-тұтықтыру - дайындалушы тетіктің ұзындығын қысқартып, бірақ көлденең қимасын үлкейтеді;
-созу - дайындалушы тетіктің көлденең қимасын азайту арқылы ұзындығын арттырады;
-тесу;
-кесу;
-майыстыру;
-штамповка (тығыздау) - осы әдісте дайындалатын тетіктің түрі жоғарғы және төменгі штамптарда дайындалған металл қысылғанда қажетті тетіктің бейнесі пайда болады. Штамптарда материалдар қыздырылады немесе салқындайды, өңделеді. Ұсталық және жаншушы құралдар балғадан және престерден тұрады.
Дәнекерлеуші өндіріс - бұл металл бұйымдарын қысып немесе біріктіру арқылы біртұтас зат алудың әдісі. Дәнекерлеуші әдістің бірнеше түрі бар:
1) тірей дәнекерлеу;
2) бір-біріне жабыстыра, жанама;
3) бұрыштап;
4) тіктеп.
а) электродоғалы дәнекерлеу;
б) газды дәнекерлеу;
в) аргонды доғалы әдістер бар.
Металдарды кесу арқылы өңдеу және металл кесуші станоктарды жіктеу:
А) токарлы станоктар. Тетіктердің бетін әр түрлі кесу, сүргілеу арқылы өңдейді;
Б) бұрғылаушы станоктар;
В) шлифовальды станоктар. Материалдардың бетін әр түрлі аспаптар арқылы өңдеп, біртекті жағдайға келтіреді;
Г) фрезерлі станоктар негізінен бұйымдардың қуыстарын, әр түрлі бейнелі беттерді өңдеуге арналған. Негізінен цилиндр, дискі аспаптарды қолданады.
7-сурет. Машина жасау зауытының өндірістік үрдістерінің реті.
Құрастырушы өндіріс . Өндірістік оралымын машиналарды әр түрлі тетіктерден арнаулы цехтарда құрастыру арқылы анықтайды.
Машина жасау салаларының жіктелуі мен орналасу ерекшеліктері . Машина жасау салалары кешенді түрде металлургия комбинаттарымен тығыз байланысты және өндірістің басқа салаларын да қамтиды. Машина жасау салаларының жіктелуі бойынша 37 саладан немесе бөлімнен тұрады (7-сурет) .
Орналасуы негізінен металл сыйымдылығына, еңбек сыйымдылығына және тасымалдауға тиімсіз машина түрлеріне байланысты. Металл сыйымдылығы жоғарғы машина жасау салаларына металлургия, цемент, тау-кен өнеркәсібіне құрал жабдықтаушы салалар жатады. Олар өз кезегінде білікті мамандары бар аймақтарда орналастырылады.
Үшінші, тасымалдануы тиімсіз машина түрлеріне жеңіл, тамақ, ауыл шаруашылығы салаларына қажетті құрал жабдықтар жатады. Тасымалдау күрделі де тиімсіз болған себепті оларды өз кезегінде тұтыну аймақтарында орналастырады.
1 Машина жасау кешені
1. 1 Машина жасау кешеніне жалпы сипаттама
Машина жасау және металл өңдеу - қазіргі кезде бұл дүниежүзі өнеркәсібінің ғылыми-техникалық прогресі мен қорғанысқа қабілеттілігінің деңгейін сипаттайтын өңдеу өнеркәсібінің негізгі саласы. Машина жасау кешенінің кәсіпорындары өнеркәсіптік, тұрмыстық және әскери мақсаттағы машиналар мен станоктар, аспаптар мен агрегаттар, алуан түрлі жабдық пен механизмдер шығарады. Қазіргі машина жасау шағын салалар мен өндірістердің көптеген салаларынан тұрады.
Жоғары дамыған елдерде аталған саланың өніміне өнеркәсіп өндірісінің құнының 35-40%-ына жуығы келеді. Дамушы елдердің көпшілігінде (“жаңа индустриялды елдер” тобын қоспағанда) машина жасау өндірісінің үлесі төмен.
Машина жасау кешені салаларының жіктемесі (классификациясы) . Сала кәсіпорындарын орналастыру факторларына қойылатын негізгі айырмашылықтарды анықтайтын, өндірістің техникалық-экономикалық ерекшеліктері бойынша металды, еңбекті және ғылымды көп қажет ететін машина жасау саласы ерекшеленеді. Сонымен қатар қолданылатын технологиялар бойынша аз шығынды (төмен технологиялы) және шағын шығынды (яғни орташа және жоғары технологиялы) салалары бар.
Машина жасау өндірісі шағын салалардың жіктемесі дүние-жүзінің әртүрлі елдерінде ерекшеленіп отырады. Кейбір елдерде машина жасау тікелей осы сала үшін және шаруашылықтың басқа салалары үшін өндірістік жабдық шығаруға маманданатын жалпы машина өндірісі болса, ал біздің елімізде машина жасау кешенінің құрамына әдетте: жабдық өндіру (станок жасау, энергетикалық жабдық өндіру және т. б. ), көліктік машина жасау (кеме жасау, автомобиль жасау, авиақұрылыс, теміржол машиналарын жасау), электротехникалық және электронды сала, трактор жасау және ауылшаруашылық машиналарын жасау, қару-жарақ пен әскери техника жасау және металл өнімдерінің алуан түрлерін өндіруді қоса отырып, бірқатар өзге салалар еді. Сондықтан “машина жасау және металл өңдеу” ұғымдарын қатар қолданылуда.
2-Сызба. Машина жасау өндірісінің технологиялық сатылары№
1. 2 Машина жасау кәсіпорындарын орналастырудың ерекшеліктері
Машина жасау кәсіпорындарын орналастыруға көптеген факторлар әсер етеді. Оның ішіндегі ең бастылары: өндірістің, еңбек ресурстары, көлік факторы (инфрақұрылымның дамыған деңгейі), тұтынушылық факторлары (сұраныс сипаты және өнім өткізу нарықтарының сыйымдылығы), сонымен қатар ғылымды қажет ететін технологияларды қолдану (ғылымды көп қажет ететін салалар, мысалға электроника үшін персоналдың біліктілік деңгейі) әсер етедіү Машина жасау өндірісінде металды көп қажет ететін салалар үшін шикізат факторы (шикізат - металл, яғни қара металлургия орталықтарына жақындық) маңызды рөл атқарады.
Қазіргі машина жасау өндірісіне кооперация тән. Ақырғы өнім шығаратын кәсіпорындардың жекелеген елдің ішінде де, шетелде де көптеген зауыттары бар. Өнеркәсіптегі маманданудың және халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдетілген үрдісі жағдайларында машина жасау кешенінің көптеген салаларының бұқаралық өнім шығаруы жинақтаушы бөлшектерді, агрегаттарды, тораптарды жеткізушілердің ел шегінде де, мемлекетаралық және аймақтық деңгейде де құрастыру кәсіпорындарымен өзара байланыстарының өсуіне себепкер болады. Бұл тенденция жаһандық деңгейде өндірісті ұйымдастыру тәсілдерінің (фордизм, постфордизм, “икемді” өндіріс) өзгеруімен, “дәл мерзімінде” жабдықтау жүйесін, әсіресе автомобиль жасау, тұрмыстық электроника шығару секілді салалары (әсіресе, құрастыру өндірісінің соңғы сатыларында) енгізумен күшейе түседі.
Машина жасаудағы маманданудың қандай да бір түрі (заттық, технологиялық, шығарылатын өнімнің сипатымен анықталады. Халықаралық еңбек бөлінісімен үйлесе отырып, сала кәсіпорындарының мамандануы жеке маманданған өнеркәсіп орталықтарының және тіптен аудандардың қалыптасуына алып келеді. Бұл процесс орасан зор дәрежеде бүгінгі танда өздерінің жоғары дәрежеде дамып отрыған трансұлттық корпорациялардың кызметіне ықпал етеді.
Сонымен қатар машина жасаудың көптеген салаларында өндірістің жоғары еңбек сыйымдылығы сақталған. Кей салаларда (мысалға, аспап жасауда, электроникада, электротехникада, авиация және аэроғарыш салаларында) жұмыс күшінің біліктілік деңгейіне жоғары талаптар қойылады. Сондықтан соңғы жылдары жұмысшы күші арзан елдер машина жасаудың еңбекті көп қажет ететін салаларын дамыту үшін қолайлырақ жағдайда болып отыр.
Ғылымның ең жаңа жетістіктерін пайдалануға негізделетін, ғылымды көп қажет ететін салаларды дамыту, сонымен қатар қолданылатын техниканың күрделене түсуі өндірістердің (әсіресе, тәжірибелі-өнеркәсіп) білікті кадрлары, зерттеу мен конструкторлық зерделеулердің ғылыми орталықтары, дамыған ақпараттық және көлік қарым-қатынасы ең жоғары болатын елдерде немесе аудандарда шоғырландырылуын ынталандырады. Осыған ұқсас өндірістер негізінен алғанда Батыс Еуропаның, Солтүстік Американың дамыған елдерінде және Жапонияда шоғырланған. Ал дамушы елдерде (арзан жұмысшы күші бар және балалар мен әйелдер еңбегін кең қолданатын мемлекеттерде) әдетте жинақтаушы бөлшектерді әлемнің өзге елдерінен алатын және жаппай өнім шығаратын құрастыру зауыттары орналастырылады. Бұл ретте мамандану және еларалық кооперациялану процестері дамиды.
Қазіргі заманғы өнеркәсіптік қатынастарды көп жағдайда машина өнеркәсібімен байланыстырудың бүгінгі өмір талабынан туындап отыр. Табиғи ортаны көркейту, өзгерту бағытында істеліп жатқан жұмыстар, адамдардың тұрмыс-жағдайларының жақсаруы алуан түрлі машиналар көмегінсіз жүзеге аспайды. Халық шаруашылығы жеке салаларының дамуы да машиналар өндірісімен тығыз байланысты.
Бұл саланың даму деңгейі жекеленген елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының, әсіресе, өнеркәсіп дамуы деңгейінің көрсеткіші бола алады.
Машина - энергияның бір түрін екіншісіне айналдыруға немесе қандай да болмасын бір ұтымды жұмысты атқаруға бағытталған белгілі бір қозғалыстарды жүзеге асыратын механизм немесе бірнеше механизмдердің үйлесуі.
Барлық машиналар екі үлкен топқа бөлінеді: оның біріншісі - энергияның бір түрін екіншісіне айналдыруды жүзеге асыратын машина - двигателдер болса, екіншісі - машина құрал немесе жұмыс машиналарының көмегімен еңбек нысанының формасын, қасиетін, жағдайын өзгертетін машиналар.
3-Сызба. Машина жасау кешенінің салалық құрамы
Машина құралдары өздерінің өндірістік қолдану сипатына қарай технологиялық, транспорттық және тасымалдық деп бөлінеді.
Технологиялық машиналарға белгілі технологиялық процеске қатысатын машиналар, айталық металл өңдеуші, ағаш өңдеуші немесе есептеуші машиналар т. б. жатады.
Транспорттық және тасымалдық машиналар адамдар мен еңбек құралдарының қозғалысымен байланысты болады. Бұл қозғалыс кезінде транспорттық машиналардың өзі де қозғалады (локоматив, автомобиль, кеме, ұшақтар, т. б. ), ал тасымалдық машиналар жүк пен адамдарды тасымалдай отырып, өзі сол жерде қалады немесе қозғалу радиусы шектеулі келеді (крандар, лифт, жүк көтергіш, т. б. ) .
Машиналарды автоматтандыру еңбек өнімділігін көтерудің өндірісті жеңілдету мен жетілдірудің ең озық формасы болып саналады, мұндай машиналарда адам ауыр қол еңбегінен босатылады. Екінші жағынан, мұндай автоматты линиялар өндіретін өнімнің жоғары сапасын, яғни олардың біртектілігін, дәлдігін жұмысшының қандай еңбек дағдысы болғанына қарамастан, қамтамасыз етеді.
Қазіргі ондаған, тіпті, жүздеген автоматты түрде басқарылатын жұмыс ұйымдарынан тұратын жұмыс орындарының маңызы зор.
Тахнологиялық операцияларды жоғары тәжірбиелі мамандардың қолмен істеуі жағдайында мүмкіндігі келмейтін жылдамдықта жүзеге асыратын машиналарды ҒТП-ның жетістіктеріне сүйеніп, онан ары жетілдіруде.
Машина жасау - әртүрлі болып келетін машиналардың түрлері мен олардың бөлшектерін, басқа да құрал-жабдықтар мен бақылау есептеу құралдарын жасаумен айналысатын өнеркәсіптің саласы.
40-тан астам ірі салалар мен 160-қа жуық кіші салаларды қамтитын бұл сала өзінің өте күрделілігімен ерекшеленеді. Соған қарамастан машина жасау зауыттарының технологиялық процестерінде ортақ ерекшеліктер сақталады. Ол ең алдымен, машина өндірісінің өзіндік сипатымен яғни көп жағдайда метал жеке бөлшектерінен жасалып, олардың машина құрастыруға қажетті агрегаттар мен тораптарға жиналуымен түсіндіріледі.
Машина жасау зауытының технологиялық процесі жабдықтар жасаудан, оны өңдеуден, машина құрастырудан және оны соңғы өңдеуден тұрады. Өндірістік процестің осындай кезектілігі барлық машина жасау зауыттарында сақталған. Машиналарға қажетті әртүрлі тетіктерді дайындауда материалдар мен дайындамаларды өңдеудің ортақ әдісі қолданылады. Машина құрастыру ісінде де ортақ ерекшеліктер сақталған, тек кей жағдайларда ғана осы әдістердің жетілдірілген түр өзгешелігі пайдаланылады.
Қазіргі машина жасау зауытының технологиялық процестері осындағы цехтардың атына сәйкес келеді: құйма, ұста-пресс, механикалық және құрастыру. Осы негізгі цехтардан бөлек машина жасау зауыттарында қосалқы цехтар да, атап айтқанда үлгілер жасау цехы, қосалқы материалдарды, шала фабрикаттар мен дайын өнімдерді сақтайтын қоймалар, аса ірі зауыттарда сонымен бірге өзіндік металлургиялық база - мартен пештері, прокаттау қондырғылары, т. б. болады.
Өндіріс көлеміне, басқа кәсіпорындармен құрамдастыру мүмкіндіктеріне және техникалық-экономикалық ерекшеліктеріне сай осындай зауыттар бір жағдайда технологиялық процестердің барлық сатысын бір өзі атқарады немесе басқа мамандандырылған кәсіпорындармен шартқа отырады. Осы тұрғыда дайындамалар мен көпшіліктік бөлшектер мен тетіктерді шығаруға маманданған кәсіпорындармен құрамдасқан тиімді, себебі мұндай кәсіпорындарда еңбек өнімділігі мен сапалы өнімнің үйлесуі жиі байқалады.
Ірі қара металлургия базасының жасалуы және әртүрлі түсті металдар өндірісінің қалыптасу құрылымы жөнінен күрделі машина жасау өнеркәсібін дамытуға мүмкіндік береді. Сондықтан машина жасау ауыр өнеркәсіптің маңызды саласы бола отырып, шаруашылықтың түрлі салалары үшін әртүрлі машина, құрал-жабдықтар шығарады. Атап айтқанда, ауыр және ауылшаруашылық машиналарын, жол -құрылыстық, цемент жасау техникасын, химиялық және электротехникалық машиналар, приборлар мен станоктар, тағы басқа өнімдер шығарады.
11-кесте
Машина жасау өндірісінің салалары
Ақмолаауылмаш
Қазақауылмаш
Павлодар
Астана
Макинск
Ақтөбе
Павлодар
12-кесте
Машина жасау өндірісінің салааралық
Байланыстары
Металлургия
Еңбек қоры
Химия
Ағаш өндірісі
Электр энергетикасы
Ауыл шаруашылығы
Машина жасау өндірісінің орналасу шарты:
Еңбек қорына
Тұтынушыға
Шикізатқа
Көлікке
Машина жасау өнеркәсібінің негізгі шикізат қара және түсті металдар қазіргі кезде металлургия өнеркәсібінің өзіне тән ерекшеліктері бар, жоғары температураға шыдамды, коррозияға берік болат пен шойынның да ерекше сорттарын шығарады. Сонымен бірге машина жасауда әртүрлі металдар, соның ішінде сирек металдар және олардың қоспа қорытпалары, шынының арнаулы түрлері, пластмасса қолданылады. Жаңа материалдар реактивті двигательдер, газ турбиналары, атом реакторларын, өлшеуші-бақылау приборлары және басқа машиналар жасауда қажет. Машина жасау салалары өңдеу үшін көп мөлшерде бояу мен лакты тұтынады.
Машина жасау зауыттары шикізатпен өңдеуші материалдардан басқа отын, ағаш (металл формаларын жасауға), форма жасайтын және басқа материалдарды қажет етеді.
Машина жасау кәсіпорындары, оның ішінде ауыр машина шикізатты, әсіресе, металды көп қажет ететіндіктен металлургиялық базаға бағдарланылып орналасады. Еліміздің аумақтарының ауыл шаруашылығының белгілі бір даму бағытына қарай ауылшаруашылық машиналарының кәсіпорындары тұтыну аудандарында салынады. Радиотехника, электроаппаратура, прбор, т. б. жасау көбінесе маманданған еңбек ресурсы бар аудандарға бағдарланады. Кей машина жасау кәсіпорындары қолайлы көлік жолдары бойында орналасуы тиіс.
Машина жасау өндірісінде қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың маңызды формалары, атап айтқанда, өндірістің мамандануы және кооперациялануы кеңінен дамуда.
Шығарылатын өнімдердің қолданылатын орнымен байланысты ауыр, электротехникалық және ауылшаруашылық машиналарын жасау, станок, өнеркәсіп және шаруашылықтың түрлі салалары үшін технологиялық құрал-жабдықтар шығару едәуір дамыған.
Машина жасау өнеркәсібі негізінен орташа немесе шағын машиналарды жасауға маманданған. Әсіресе, мұнай химиясы мен тоқыма, полиграфия, целлюлоза-қағаз, тамақ өнеркәсібіне қажетті жабдықтар шығарумен көзге түседі. Бұл саланың өнімінің жартысына жуығы экспортқа шығарылады. Ал дүниежүзілік нарықтағы матаға өрнек басатын машиналардың 50%-ы Нидерландияның үлесіне тиесілі. Машина жасау өнеркәсібінде қоршаған ортаны ластанудан тазартатын айрықша қондырғылар да жасалады.
Машина жасаудың сала ретінде бұдан 200 жыл бұрын Англиядағы өнеркәсіп революциясы кезінде шыққаны белгілі. Қазіргі кезде жұмыс істейтін адамдардың саны (80 млн. -нан астам адам) және өнімінің құны жөнінен ол дүниежүзілік өнеркәсіптің барлық салаларының ішінде бірінші орын алады. ҒТР дәуірінде машина жасайтын зауыттардың металға бағдары айтарлықтай төмендеді. Оның есесіне, олардың маман жұмыс күшіне, ал ғылымды неғұрлым көп қажет ететін салаларының - ғылыми-зерттеу орталықтарына, дамыған инфрақұрылымға бағдары күшейді. Машина жасау барған сайын барлық жерге орналастыруға болатын салаға айналуда.
1. 3 Машина жасаудың негізгі аудандары
мен орталықтары
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz