Қазақстанның мұнай және газ өнеркәсібіне жалпы сипаттама


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І ТАРАУ Қазақстанның мұнай өнеркәсібіне жалпы сипаттама . . . 5
1. 1. Мұнай өнеркәсібінің шығу тарихы . . . 5
1. 2. Мұнайдың элементтік құрамы мен гетероатомдық компоненттері . . . 8
1. 3. Мұнайды тұрмыста қолдану мен маңызы . . . 10
1. 4. Қазақстандағы мұнай өнеркәсібінің даму болашағы . . . 12
ІІ ТАРАУ Қазақстанның газ өнеркәсібіне жалпы сипаттама . . . 15
2. 1. Газ өнеркәсібінің даму тарихы . . . 15
2. 2. Қазақстандағы газ өнеркәсібінің қалыптасуы мен дамуы . . . 17
2. 3. Қазақстандағы газ кен орындарына жалпы шолу . . . 19
2. 4. ҚР отын-энергетикалық балансындағы газ үлесін арттыру . . . 21
2. 5. 2013 жылға арналған жоспарлар . . . 23
2. 6. Мұнай-газ саласының серпінді дамуы . . . 25
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 30
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі.
Қазақстан Республикасының мұнай өнеркәсібіне талдау жасау қазіргі кездегі өзекті мәселелердің біріне жатады, өйткені тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі жылдары еліміздің экономикасы төмен құлдырап, тек 1995 жылдан бастап қана ол бірте-бірте көтеріле бастады, ал 2005 жылы еліміздегі жалпы ішкі өнім көлемі 1995 жылмен салыстарғанда екі есе өсті. Экономикамыздың өсуінде мұнай өнеркәсібінің ролі зор. Республиканың Энергетика және минералды ресурстар министрлігі «Республиканың отын өнеркәсібінің 2015 жылғы дейінгі даму стратегиясын» қабылдады. Міне, осындай дәрежеге жету үшін қандай жұмыстар жүргізілді және экономикамыздың дамуының басты бағыттары қандай болды, ел экономикасындағы мұнай өнеркәсібінің ролі қандай деген сұраққа жауап беру үшін осы жұмыста көптеген статистикалық мәліметтерге талдау жасалынып, ел экономикасы дамуының басты себептерін айқындау қазіргі уақытта өте қажет.
2000 жылдың ақпан айында «ҚазТрансОйл» ұлттық газ тасымалдау компаниясы «ҚазТрансГаз» еншілес құрылымын құрды, ол «Интергаз Орталық Азия» компаниясы акцияларының 100%-іне ие. «ҚазТрансГаз»-ға еліміз бен әлемде мемлекеттің газ рыногының мүдделерін білдіру міндеті артылған. Компания магистралды газ құбырлары бойынша табиғи газды тасымалдауды басқарады, ішкі және сыртқы рыноктарда газды сатумен айналысады, құбырлары мен газ қоймаларын әзірлейді, қаржыландырады, салады және пайдаланады. Еліміздің газ нарығында болған үш жылдың ішінде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді.
Мұнай-газ саласының серпінді дамуы Қазақстанның бүкіл экономикасы үшін өте маңызды. Бүгінгі таңда мұнай-газ саласы Қазақстан Республикасы экономикасының құрылымында айқындаушы роль атқарады. Статистика органдарының оперативтік деректері бойынша 2009 жылы ІЖӨ-дегі мұнай-газ саласының үлесі 20, 8 %-ды, ал 2008 жылғы ресми есеп бойынша - 21, 8%-ды құрады.
Зерттеудің мақсаты: Республика экономикасының дамуындағы мұнай мен газ өнеркәсібінің ролін айқындау.
Зерттеудің міндеті:
• Республика экономикасына жалпы сипаттама беру;
• Республикадағы өнеркәсіптің, соның ішінде мұнай мен газ өнеркәсібінің дамуына талдау жасау;
• Республиканың мұнай мен газ өнеркәсібінің келешекте даму бағыттарын айқындау;
• Республиканың табиғи ресурстарын, мұнай мен газ ресурстарын тиімді пайдаланудың жолын айқындау.
Зерттеудің пәні:
Қазақстанның экономикалық географиясы пәні арқылы елімізде өндірілетін мұнай мен газ сапасын анықтап, баға беру.
Қазақстанда реформа жасау жылдарында, нарықтық экономикаға көшуде орасан зор көп жұмыстар атқарылды:
Жұмыс құрылымы мен көлемі:
Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған ғылыми әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі негізделеді, ғылыми аппаратқа (зерттеудің көкейкестілігі, зерттеудің мақсаты, пәні, нысаны, әдістері) сипаттама беріледі.
«Қазақстанның мұнай өнеркәсібіне жалпы сипаттама» атты бірінші бөлімде мұнайдың шығу тарихы, Қазақстанның мұнай кен орындары, алатын орны жайлы түсініктер талқыланады.
«Қазақстанның газ өнеркәсібіне жалпы сипаттама» атты екінші бөлімде газ өнеркәсібінің дамуы, мұнай-газ саласы мен елімізде газ, мұнай өндірудің болашағы сипатталады.
«Қорытындыда» зерттеудің нәтижелері, негізгі қорытындылар және ғылыми-әдістемелік тұжырымдар беріледі.
І ТАРАУ Қазақстанның мұнай өнеркәсібіне жалпы сипаттама
1. 1. Мұнай өнеркәсібінің шығу тарихы
Мұнай - көмірсутектер қоспасы болатын, жанатын майлы сұйықтық; қызыл-қоңыр, кейде қара түске жақын немесе әлсіз жасыл-сары, тіпті түссіз түрі де кездеседі; өзіндік иісі бар; жерде тұнбалық қабатында орналасады; пайдалы қазбалардың ең маңызды түрі. Мұнай - майлы, қоймалжың, сұйық зат. Ол көбінесе қоңыр, қара көк, кейде қызғылт, сары, тіпті ақ түсті де бола береді. Мұнайдың иісі кәдімгі өздеріңе таныс өздеріңе таныс жермайдың иісіндей болады.
Адам баласы мұнайдың бар екенін бағзы заманда-ақ білген. Кейде құдық қазған жерден су орнын өткір иісті қарақошқыл майлы зат шығатын болған. Оның бір тамаша қасиеті болды: яғни, ол өзімен бірге бөлініп шығатын газдар сияқты өте жақсы жанды. Мұнайды шығарғандарға құйған, өртейтін жебелердің ұшына оралған жанғыш заттарды мұнайға батырып алатын болған, доңғалақ біліктерін майлаған. Одан әр түрлі кеселдерді емдейтін шипалы майлар да дайындаған.
Алайда іштен жанатын двигательдер ойлап шығарылғанға дейін мұнайды қатты қажетсіну бола қойған жоқ. ХІХ ғасырдың орта шенінде мұнайдан керосин бөліп алынды. Ол жарық беру ісіне көп пайдаланыла бастады. Ал мұнайдан керосинмен бірге алынған бензинді пайдасыз нәрсе санап, оны теңізге төгіп отырған. Қазір болса істің жайы басқаша.
Мұнайды терең скважиналар бұрғылау арқылы алады. Ол үшін бұрғылау мұнараларын орнатады. Жер астынан шыққан мұнайды құбыр арқылы мұнай қоймасына, темір жол цистерналарына немесе мұнай құбырларына жөнелтеді. Мұхиттар мен теңіздер арқылы орасан зор мұнай құятын кеме-танкерлермен тасымалданады. Алайда ең қолайлысы оны жер немесе су астымен жүргізілген құбырлармен ағызу (айдау) болып табылады.
Мұнай біздің елімізге көптеп өндіріледі. Ол «Достық» («Дружба») мұнай құбыры арқылы бірқатар елдерге жеткізіледі.
Мұнай жанғанда қызуды көп береді. Ол күл қалдырмай, түгел жанып кетеді.
Көмір сияқты, мұнай да түрлі ағзаларадың қалдықтарынан пайда болған. Мұндай қалдықтар әсіресе теңіздер мен мұхиттарда өмір сүрген жәндіктер мен өсімдіктердің шірінділерінен жиналып түзіледі. Алғашқы қатты күйдегі қалдықтар жер қабатына ұзақ жатқан. Қызудың және үстін басып жатқан қабаттардың орасан зор қысымының нәтижесінде сұйық затқа және газға айналған. Содан кейін барып мұнай тамшылар түрінде тау жыныстарының кеуек қуыстарына жиналып, оны жайлап алған.
Түрлері:Мұнай былай жіктеледі: газ, бензин, лигроин, жермай, газойль, соляр, крекинг шикізаты, мазут.
Құрамы: Ғалымдар мұнайдың көмірсутектерден, күкірт, азот және оттектен тұратынын анықтады.
Мұнай өндіру. Білмейтін адам мұнайды жер астында көлкіп жатады деп ойлайды. Шынында олай емес. Мұнай жердің терең қабатындағы тау жыныстарының қуыстарына іркіліп жиналады. Оны өндіру үшін мұнайлы қабатқа дейін бұрғылау керек. Бұрғылаудан пайда болған жіңішке құдыққа құбыр салынады. Жоғарғы қабаттардың қысымымен мұнай жылжып құбарға келеді. Бұл жерде оны қуатты сораппен тартып алады.
Негізінен алғанда көмірсутектерінен (
85 % -ға дейін
) тұратын бұл заттар дербес үйірімдер шоғыры түрінде жекеленеді: метанды, нафтенді және ароматты (хош иісті) тізбектер. Оның құрамында оттегі, азот, күкірт, асфальтты шайыр қосындылары да кездеседі.
Мұнайдың түсі қызғылт, қоңыр қошқыл, кейде ол ашық сарғыш түсті, ақшыл болып та келеді. Мысалы, Әзірбайжанның Сурахана алақында ақшыл түсті мұнай өндіріледі. Мұнай судан жеңіл , оның меншікті салмағы 0, 65-0, 95 г/см 3 . Мұнай өз бойынан электр тоғын өткізбейді. Сондықтан ол электроникада изолятор (айырушы) ретінде қолданылады. Осы кезеңде мұнай құрамынан екі мыңнан астам халық шаруашылығына керекті заттар алынып отыр: бензин, керосин, лигроин, парафин, көптеген иіссу түрлері, кремдер, парфюмериялық жұмсақ майлар, дәрі-дәрмектер, пластмасса, машина дөңгелектері тағы басқа. Ол қуатты әрі арзан отын - бір тонна мұнай үш тонна көмірдің, 1, 3 тонна антрациттың, 3, 3 тонна шымтезектің қызуына тең.
Қазір " Қара алтын " деп бағаланатын мұнайдың өзіндік мол тарихы бар. 1539 жылы ол тұңғыш рет Америка құрлығынан Еуропаға тасылатын тауарлардың тізіміне кіріпті. Сол жылыВенесуэладан Испанияға жөнелтілген мұнай тасымалының алғашқы легі бірнеше темір құтыға ғана құйылған жүк екен. Ол кезде дәрігерлер оны тек артрит ауруын емдеуге ғана пайдаланатын болған.
Мұнайдың, ал ертеректе оны «тас майы» деп атаған, болашағы зор екенін болжаған орыс ғалымы М. В. Ломоносов, Пенсильванияда ең алғаш рет мұнай ұңғымасы бұрғыланғанға дейін жүз жыл бұрын, мұнайдың шығуы жайлы өзінің бірегей теориясын ұсынған еді. «Жер қойнауында тереңнен орналасқан шымтезекті шөгінділерден жерасты ыстығымен қою, майлы материя шығарылып, саңылаулар арқылы ағады . . . Бұл дегеніміз - сирек, әртүрлі сұрыпты, жанатын және құрғақ, қатты материялардың пайда болуы, бұл тас майы - мұнайдың негізі . . . », - деп жазады 1763 жылы М. В. Ломоносов. Мұнайды қыздыру кезінде мұнайға біраз ұқсайтын қарамайларды беретін көмір мен тақтатастардан шығу теориясы да орыс ғалымдары - академиктер Паллас пен Абихтікі болған еді. Алайда ол кезде олардың қорытындыларының мұнайды іздестіруде практикалық мағынасы аз еді. Ең жемісті болғаны өткен ғасырдың соңында Д. И. Менделеев ұсынған мұнайдың бейорганикалық шығу теориясы еді. Ұлы орыс химигінің айтуы бойынша, жер шарының орталық ядросы темір және құрамдарында көміртегі бар басқа металдардың қоспаларынан құралады. Жер қыртысындағы жарықтардан өткен сулардың әсерінен бұл ядро жеңіл көмірсуларды -ацетилен, этилен және т. б. түзеді. Жер жарықтары арқылы жоғары жер қыртысының суық бөліктеріне көтеріле бере олар мұнайдың негізгі құраушы бөліктері болып табылатын ауыр көмірсулар қоспасына айналады.
Харичков және басқа да орыс ғалымдары мұндай әдіспен табиғи мұнайға ұқсас сұйық - жасанды мұнайды алды. Д. И. Менделеев теориясы бойынша мұнай қарқынды тау түзілу орындарында кездеседі. Мұны жиі бақылауға болады, сондықтан Д. И. Менделев қорытындыларын барлаушылар мұнайды іздеуде көп уақыт қолданды. Мұнай өнеркәсібінің дамуы барысында, әдетте, мұнай кездесуі тау түзілу процестері қосымша фактор болып табылатын жағдайларда кездесетініне көз жетті. Мұнай көбінесе теңіздің түбінде, соның ішінде жағажайлық шөгінділерде жиі табылады. Сірә, теңіз өсімдіктері мен жануарлары қалдықтары судың түбіне жинақтала беруінен болар. Өйткені онда су ағысы болмайды, ол тыныштықта тұратындықтан, оған ауаның келуі қиындай түседі. Ауаның әсерінен бұл қалдықтар тотығар еді, ал ауа болмағандықтан, бактериялардың әсерінен бұл қалдықтар құрамы бойынша мұнайға ұқсас, бірақ оларда толығымен мұнайға айналмайтын процестер өтеді. Мұндағы түсініксіз жайт: осы қалдықтардан мұнай қалайша түзіледі? Әңгіме мынада: онда хлорофилдің, яғни өсімдіктердің жасыл түсі негізінің және басқа да екі жүз градустан жоғары температурада тұрақсыз болатын заттардың қалдықтары табылған. Ал барлық мұнайға жақын өнімдерді алатын белгілі химиялық реакциялар тек жоғары температураларда өтеді.
Ақыры 1930 жылы ірі кеңес ғалымы - академик Н. Д. Зелинский бұл жерде катализ, яғни өздері аз өзгеріске ұшырайтын заттардың әсерінен химиялық өзгерістерді тездететін құбылыс орын алатынын дәлелдеді. Катализаторлармен өсімдіктерге, бактериялық әсердің өнімдеріне жақын орналасқан заттарға әсер етіп, ол жасанды мұнайды екі жүз градустан төмен температурада алды. Осылайша сұрақтың жауабы шешілді, бірақ түпкілікті емес: ол тәжірибесінде қолданған катализаторлар табиғатта болуы мүмкін емес, олар өте тұрақсыз еді. Табиғатта мұнай түзілуді іске асыратын заттарды ұзақ іздегеннен кейін химия ғылымдарының докторы, профессор Андрей Владимирович Фрост бұл, әдетте, мұнай қыртыстарын жауып тұратын кейбір сазбалшықтардың қатысымен болатынын анықтады. Өсімдіктер және жануарлар қалдықтарымен бірге тұнып, сазбалшықтар, жануарлар сүйектері мен микроағзалар кейін мұнай түзетін фактор болып табылатын материалдың негізін түзеді. Лай - бұл сазбалшық, өсімдік және басқа да қалдықтардың түр өзгерген қоспасы - бактериялардың әсерінен құмды және басқа да кеуекті тау жыныстарымен қапталады. Олар, өз кезегінде, мұнай мен су өтпейтін сазбалшық және басқа да тау жыныстарының қабаттарымен қапталып, температурасы шамамен жүз градустай қабаттарға дейін түседі. Мұнда мұнай түзілу процесі аяқталады; құрамында лай болатын мұнай біртіндеп қабаттасады да, біз мұнай кенорындарынан табатын кеуекті тау жынысына енеді.
Мұнайдың шығуының жаңа теориясының зор тәжірибелік маңызы бар. Ол мұнайшы-геологтарды мұнайдың түзілу жағдайларын анықтау әдісімен таныстырады. Мұнай қалай пайда болатынын білетін кен барлаушылары оны іздеу орындарын тез анықтайды. Геологиялық жағдайларға байланысты мұнайдың болатын жерлерін және оның мүмкін орын ауыстыру жолдарын анықтауға болады.
1. 2. Мұнайдың элементтік құрамы мен гетероатомдық компоненттері
Көмірсутектермен қатар мұнай құрамында тағы басқа заттар да бар. Мырышы бар - H2S, меркаптандар, моно- және дисульфидтер, тиофендер мен тиофандар полициклдіктермен бірге т. б. (70-90% қалдық өнімдерде шоғырланады) ; азотты заттар негізінен пиридин, хинолин, индол, карбазол, пиррол және порфириндер (үлкен бөлігі ауыр фракциялар мен қалдықтарда шоғырланады) гомологтары; қышқылды заттар - нафтен қышқылы, фенолдар, смолалы-асфальтты т. б. заттар (әдетте жоғары қайнайтын фракциларында кездесетін) . Элементтік құрамы (%) : С - 82-87, Н - 11-14. 5, S - 0. 01-6 (сирек - 8-ге дейін), N - 0, 001-1, 8, O - 0, 005-0, 35 (сирек - 1. 2-ге дейін) және т. б. Барлығы мұнай құрамында 50-ден аса элементтер табылған. Мысалы, жоғарыдағылармен қоса V(10-5 - 10-2%), Ni(10-4-10-3%), Cl (іздерінен бастап 2•10-2%-ға дейін) т. с. с. Әр зат әр кен орнында әр мөлшерде кездесетіндіктен орташа химиялық қасиетттер жайлы тек шартты түрде ған аайтуға болады.
Пайдасы: Мұнай дүние жүзілік жанар-жағар май-энергетикалық балансында орасан зор үлеске ие: оның адамзат пайдаланатын қуат көздері ішінде 48% алады. Болашақта бұл көрсеткіш мұнай өндірудің қиындай беруінен, және атом және басқа қуат көздерін пайдалануының өсуінен кеми береді.
Химия мен мұнай-химия өнеркәсіптерінің қарқынды дамуына байланысты мұнайға деген сұраныс жанар-жағар майлар үшін ғана емес, синтетикалық каучук, синтетикалық талшықтар, пластмасс, жуу құралдарын, пластификатор, бояғыштар т. б. (әлемдік өндірістің 8%-нан астамы) өндіру шикізат көздері үшін өсуде. Осыларды шығаруға бастапқы заттар ретінде көп қолданылатындар: парафиндік көміртектер - метан, этан, пропан, бутан, пентан, гексан, және жоғарымолекулярлықтар (10-20 атомды молекулалы көміртектер), циклогексан; ароматты көміртектер - этилен, пропилен, бутадиен; ацетилен.
Мұнай-газ кендері - бірыңғай құрылымдық элементтермен сипатталатын жеке алаң қойнауында орналасқан мұнай мен газ иірімдері шоғырларының жиынтығы. Мұнай-газ кендері мұнай немесе газ түрінде және аралас мұнайлы-газды, газды-мұнайлы кендер түрінде ұшырасады.
Оқшауланған жеке кендер өте сирек, көбінесе топталған иірімдердің жиынтығы түрінде жатады. Қазақстанның мұнай-газ кендері геологиялық құрылысы мен геотектоникалық дамуы әр түрлі болатын үш мұнайлы-газды аймақта орналасқан. Ең көне мұнайлы-газды аймақтың кендері Солтүстік Каспий синеклизасымен байланысты. Мұнда өндіруге тұрарлық мұнай мен газ жүздеген м-ден 5000 м-ге дейінгі тереңдікте жатқан жоғарғы палеозойдан төменгі борға дейінгі шөгінділерде орналасқан.
Эпигерциндік платформа құрамына кіретін Маңғыстау мұнайлы-газды облысының қабатты кендері - 300 метрден 3000 метрге дейін тереңдіктегі құнарлы горизонттар төменгі бордан төменгі юраға дейінгі шөгінділерде орналасқан. Үшінші мұнайлы-газды аймақ герцин және каледон қатпарлы құрылымдарының арасынан орын алған Шу - Сарысу синеклизасында. Мұнда жанғыш және азот-гелий газдарының қоры шағын кендері ашылған.
Мұнай өнімдері - көмірсутектер мен олардың туындыларының қоспасы; мұнай мен мұнай газдарынан алынатын жеке химиялық қосылыстар. Мұнай өнімдері отын, майлар, битумдар, ауыр көмірсутектер және әр түрлі мұнай өнімдері сияқты негізгі топтарға бөлінеді. Отын негізіндегі мұнай өнімдеріне көмірсутекті газдар мен бензин, лигроин, керосин, дизель отыны, мазут, т. б. жатады. Мұнайға серік газдар пайда болуы жөнінен табиғи газдарға жатады. Олардың бұлай ерекше аталуы мұнай кенімен бірге кездесуіне байланысты - олар мұнайда еріген күйде болады немесе мұнай кенінің үстін "бүркеп" жатады. Мұнай жоғары көтерілгенде, қысым кенет төмендейді, газдар сұйық мұнайдан бөлініп шығады. Ертерек кезде мұнайға серік газдар пайдаланылмайтын, мұнай өндіретін жерде оны жағып жіберетін. Қазір ондай газдарды жинап алады, өйткені олар, табиғи газ сияқты жақсы отын және бағалы химиялық шикізат болып табылады. Құрамында метанмен бірге басқа да көмірсутектер: этан, пропан, бутан, пентанның едәуір мөлшері болғандықтан, серік газды пайдалану мүмкіндігі табиғи газға қарағанда тіпті едәуір кең. Сондықтан табиғи газға қарағанда химиялық өңдеу жолымен серік газдан заттарды көп мөлшерде алуға болады. Серік газдарды тиімді пайдалану үшін оларды құрамдары жақын қоспаларға бөледі. Пентан, гексан және басқа көмірсутектердің қалыпты жағдайда сұйық күйде болатын қоспалары газды бензин түзеді(олар мұнайдан ішінара газбен бірге ұшып шығады) . Одан кейін пропан мен бутанның қоспасы бөлінеді. Газды бензин мен пропанбутан қоспасын бөліп алғаннан кейін құрғақ газ қалады, оның басым көпшілігі метан мен этан қоспасынан құралады. Газды бензин құрамында өте ұшқыш сұйық көмірсутектер бар, сондықтан оны двигательдерді от алдырған кезде тез тұтандыру үшін бензинге қосады. Пропан мен бутан сұйылтылған газ түрінде, жанармай ретінде тұрмыста пайдаланылады. Құрамы жөнінде табиғи газға ұқсас құрғақ газ ацетилен, сутегі және басқа да заттар алу үшін, сол сияқты отын ретінде пайдаланылады. Мұнайға серік газдар химиялық өңдеуге арналған және жеке көмірсутектер - этан, пропан, н-бутан, т. б. бөлініп алынады. Ал олардын қанықпаған көмірсутектер алады. Мұнай - молекулалық массалары әр түрлі, қайнау температуралары да бірдей емес көмірсутектердің қоспасы болғандықтан, айдау арқылы оны жеке фракцияларға(дистиляттарға бөледі, мұнайдың құрамында С5 - Сn көмірсутектері бар және 40-200°С аралығында қайнайтын бензин құрамында С8-С14 көмірсутектері болатын 150-200°С аралығында қайнайтын лигроин, құрамында С12-С18 көмірсутектері болатын және 180-300°С аралығында қайнайтын керосин алады, бұлардан кейін газойль алынады. Бұның бәрі - ашық түсті мұнай өнімдері. Бензин ұшақ пен көліктердің поршенді двигательдері үшін жанармай ретінде қолданылады. Сол сияқты бензин майды, каучукты еріткіш ретінде, матаны тазартуға, т. б. қолданылады. Лигроин трактор үшін жанармай болады. Керосин - трактор, реактивті ұшақтар мен зымырандардың жанармайы. Ал газойльден дизель жанармайы өндіріледі. Мұнайдан ашық түсті өнімдерді бөліп алғаннан кейін қара түсті тұтқыр да қоймалжың сұйықтық қалады, ол - мазут. Қосымша айдау арқылы мазуттан автотрактор майы, авиация майы, дизель майы, т. б. жағармайлар алады. Мазутты өңдеп жағрмай алумен қатар оны химиялық әдіспен өңдеу арқылы бензинге айналдыруға болады, бу қазаны қондырғыларында сұйық отын ретінде пайдаланылады. Мұнайдың кейбір сорттарынан қатты көмірсутектер қоспасы - парафиндер алынады; Қатты және сұйық көмірсутектерді араластырып вазелин алады. Табиғи газ - жер қойнауында анаэробты органикалық заттарндың ыдырауынан пайда болған газдар қоспасы.
Майлар - мұнайдың қалдық фракциялары мен ауыр дистилляттарын арнайы тазартудан алынады.
Ауыр көмірсутектерге парафиндер, церезиндер, озокериттер және олардың майлармен қоспасы жатады. Битумдер - гудронды ауамен тотықтыру арқылы немесе гудронды тереңдетіп айдау арқылы алынған май фракцияларынан кейін қалатын жартылай қатты және сұйық күйдегі өнімдер.
Әр түрлі мұнай өнімдеріне мұнай коксы, күйе, мұнай пиролизінің әр алуан өнімдері(бензол, толуол, ксилол, т. б. ), асидолдар, деэмульгаторлар,
хлорпарафиндер, т. б. жатады. Мұнай өнімдерінің сапасы физикалық және химиялық қасиеттеріне байланысты бағаланады.
1. 3. Мұнайдың тұрмыста қолданылуы мен маңызы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz