Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу мемлекеттік қызмет көрсету



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

h3Жоспар

Кіріспе 3

1 Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын анықтау үшін модельдік
методикалық нұсқаулар 4

1.1 Мемлекеттік қызмет көрсету 4

1.2 Мемлекеттік қызметтер стандарттарын (нормативтік көрсеткіштерді)
анықтау 12

2. Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек беру үшін оларға құжаттарды
ресімдеу мемлекеттік қызмет көрсету 21

Қортынды 24

Пайдаланылған әдебиеттер 28

Қосымша 30

h3

h4Кіріспе

Мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы оларға әлеуметтік, медициналық және
әлеуметтік, кәсіби жарамдылығын арттыру, білім беру сияқты бағыттағы
қоғамдық өмірге оралтуға байланысты өткізілетін шаралармен жүзеге асады.
Сонымен бірге, еңбекке жарамсыз болған жағдайдағы міндетті сақтандыру
төлемдері заңмен қарастырылған.
Ауру, жарақат алу, мертігу салдарынан болған әлсіздікті жою бағытында
диагностикалық, емдеу және қалыпқа келтіру сияқты медициналық сауықтыру
шаралар жүргізіледі.h4
Мүгедектерді әлеуметтік сауықтыру мүгедектердің әлеуметтік статусын,
олардың әлеуметтік-тұрмыс және әлеуметтік-орталыққа үйрету мақсатында
жүргізіледі. Оған мүгедектерді әлеуметтік, техникалық көмек құралдарымен,
көлік және рекреакциялық құрылымдармен, ақпараттық ортамен қамтамасыз
етілуін және материалдық, әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету кіреді.
Қосымша көмек қажет ететін мүгедектердің әлеуметтік қамтамасыз етілу
жүйесіне республикада мед-әлеуметтік мекемелердің, әлеуметтік қорғаудағы
территориялық орталықтардың және үйде жеке көмек көрсету сияқты
мүмкіндіктері кіреді. Интернат-үйлерінде тұратын мүгедектер мен қарттарға
медициналық, әлеуметтік-тұрмыс жағынан, әлеуметтік адаптация, еңбекке
жарамдылығын арттыру, білім беру сияқты көмектер көрсетіледі.
Республикамызда мүгедектер мен қарттарға әлеуметтік көмек көрсететін,
медициналық, әлеуметтік және кәсіби даму, мүгедек-балаларға білім беру
бағдарламасын жасау, моральды-психологиялық жағынан қолдау көрсету, олардың
хұқықтары туралы ақпарат беретін 13 территориялық орталықтар бар.

h41 Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын анықтау үшін модельдік
методикалық нұсқаулар

1.1 Мемлекеттік қызмет көрсету

ҚР заңында мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызмет көрсету,
мемлекеттік қызметтердің тұтынушылары деген терминдерге анықтама
берілген.
Мемлекеттік қызмет дегеніміз: мемлекеттік тапсырысты орындайтын,
тұтынушының заңды құқығын және мүддесін қанағаттандыруға бағытталған,
мемлекеттік органдардың, мекемелердің, немесе ұйымдардың қызығушылық
білдірткен азаматтармен және мекемелермен бірге істескен жұмыстың нәтижесі
[1].
Мемлекеттік қызметпен жабдықтаушылар дегеніміз мемлекеттік тапсырыс
бойынша белгілі қызметтер көрсететін мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар.
Мемлекеттік қызметтердің тұтынушылары дегеніміз көрсетілетін
қызметтерді алу үшін келген, ҚР азаматтары, шетел азаматтары, елімізде
тұратын азаматтылығы жоқ адамдар немесе мекемелер болып табылады.h4
Кәсіпкерлерге көрсетілетін қызметтер мен халыққа көрсетілетін
қызметтерд арасында айырмашылықтары бар. Олар спецификасымен, жұмыстың
көлемімен, төлем ақысымен т.б. ерекшеліктермен ажыратылады.
Көрсетілетін қызметтердің тізімін жасау үшін, ең алдымен мемлекеттік
органдар мемлекеттік қызметтердің инвентаризациясын жасау керек. Содан
соң, әр түрлі объектілерді белгілі бір қасиеттерімен жинақтап, олардың
классификациясын жасау керек.
75.11 Әлеуметтік-экономикалық қауым саясаты және мемлекеттік басқару
саласындағы көрсетілетін қызметтер ГК 04-2003 деп аталатын бөлімде
мемлекеттік қызметтердің тізімі өнімдер классификаторы арқылы еңгізілген.
Бастапқы анализдердің мәліметтеріне қарай ең маңызды қызметтердің
тізімі анықталады. Стандарттарды өңдеу үшін приоритеттік қызметтердің
тізімін анықтау барысында қойылатын негізгі талаптар мынадай:
- көрсетілетін қызметтің әлеуметтік және экономикалық маңыздылығы;
- көрсетілетін қызметтің бұқаралықтығы;
- мемлекеттің азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ
тұлғалар үшін міндетті қызметтер;
- коррупциогендік қызметтер.
Әлеуметтік маңызы бар қызметтер. Әлеуметтік маңызы зор қызметтер
дегеніміз, заңға қайшы келмейтін, азаматтардың әлеуметтік, экономикалық
құқықтарын қамсыздандыратын қызметтер. Бұл топқа әл ауқаты нашар адамдарға,
немесе жанұяларға, жұмыссыздарға және т.б. жәрдемақы беру қызметтері
кіреді. Сондай-ақ бұл категорияға кәсіпкерлерді тіркеу қызметі де кіреді.
Денсаулық сақтау жүйесіндегі мұндай қызметтердің ішіне тегін медициналық
көмек көрсету кіреді.
Бұқаралық қызметтер. Көрсетілетін қызметтердің бұқаралықтығы дегеніміз,
біршама айтарлықтай азаматтардың және мекемемлердің осы қызметтерді талап
етуі. Бұл топқа басқа да қызметтер кіреді, мысал үшін қысқа мерзім ішінде
(бір айда, бір тоқсанда) көрсетілетін қызметтер.
Сондай-ақ бұл қызметтердің ішіне заңға сәйкес міндетті түрде
көрсетілетін қызметтер (мысал үшін төлқұжат алу, куәлік алу, есептік салық
нөмірін алу) кіреді.
Міндетті қызметтер. Бұл қызметтерге жеке күәліктерді, салық төлеушінің
тіркеу номерін, белгілі қызметке заңда қарастырылған лицензияны алу,
азаматтарды тұрақты мекен жайы бойынша тіркеу және басқа да қызметтер
жатады.
Коррупциогендік қызметтер. Коррупциогендік дегеніміз административтік
жүйедегі сыбайластық пен жемқорлыққа көбінесе шалдығатын қызметтер.
Бұл топқа мемлекеттік органдардың бақылау және қадағалау, рұқсат беру
мен фискальдік функциялары кіреді.
Манызы зор қызметтер жайында ақпарат алу үшін уәкілетті органдардың
қызметкерлерінен және халық арасында сауалдама жүргізу керек. Бұл
жағдайдағы ең басты принцип – ол ақпарат көздерінің құпиялығы. Басқа сөзбен
айтқанда, сауалдама жауап берген адамдар туралы мәлімет құпия түрінде
сақталады.
Бастапқы кезеңде сауалдаманы арнайы сауалдама жүргізетін мекеме арқылы
өткізу керек. Сауалдаманың қорытындыларын мемлекеттік емес ұйымдардың
уәкілетті қызметкерлерімен және жұмыс тобымен талқыға салыну керек. Кейін
сауалдама уәкілетті органның қызметкерлерімен жүргізілсе болады.
Таңдалған қызмет үшін нормативті және мақсатты көрсеткіштер анықталады,
сол себептен, таңдалған қызмет айтылған талаптарға сай болу керек. Маңызды
қызметтердің тізімі жайында ақпарат Қосымшаның мемлекеттік қызметтердің
тізімі 1-ші Формасына жазылу керек.
1-ші тармақ (No.) – қызметтің реттік саны көрсетіледі
2-ші тармақ (мемлекеттік қызметтің атауы) – мемлекеттік қызметтің
нормативтік актілерге сай толық аталуы көрсетіледі;
3-ші тармақ (соңғы нәтиже) – көрсетілген қызметтің формасы көрсетіледі
(мысал: туу туралы куәлікті беру, лицензия беру, рұқсат қағаз беру, жанұя
құрамы жайында анықтама беру, т.б.)
4 -ші тармақ (тұтынушылар саны) - тұтынушылар саны туралы мәлімет
немесе көрсетілген қызметтердің саны ( әр жыл сайын).
Тұтынушылар саны статистика жүргізетін мекеменің мәліметтеріне сүйене
анықталады. Осындай мәліметтерді жинауға мүмкідік болмаса, оны ұйымадстыру
қажет.
5-ші тармақ (қызмет көрсетуді бақылайтын құқықты-нормативтік акт) –
барлық құқықты-нормативтік актілердің толық аталуы және қызмет көрсететін
мекеменің деңгейі, қызмет көрсету тәртібі (күні, нөмірі) көрсетіледі.
6-ші тармақ (басқарма деңгейі) – мемлекеттік басқарманың деңгейі
(республикалық областық райондық) көрсетіледі..

Мемлекеттік қызметтердің құрамын анықтау

Заңда көрсетілгендей мемлекеттік қызметтердің көрсеткіштері және
қолайлығы жайында мынадай анықтама берілген көрсетілетін мемлекеттік
қызметтерді өлшейтін, қадағалайтын, баға беретін сандық және сапалық
жиынтық параметрлері [1].
Мемлекеттік қызметтердің стандарттарды өңдеу үшін олар белгілі
тәртіптер мен ережелерге сәйкес болу керек.
Көрсетілітін қызметтер мынадай талаптарға сәйкес болу керкек:
- релеванттық;
- қарапайым және түсінікті тұжұрым;
- өлшемділік.
Релеванттық. Релевантты болу үшін қызмет көрсеткіштері, тұтынушының
көзқарасы бойынша, мемлекеттік қызмет көрсету процесінде пайда болатын ең
проблемалы мәселелердің шешіміне бағытталу керек.
Қарапайым және түсінікті анықталуы. Мемлекеттік органдар мен
мекемелердің жұмысының өлшенетін қорытындылары бойынша, көрсеткіштер,
қарапайым және түсінікті тілмен жазылу қажет.
Өлшемділік. Таңдалған көрсеткіштер статистикалық бақылау әдістер
бойынша, мәліметтердің өңделуі және тіркелуі өлшемге келу керек, немесе
тұтынушылар арасында көрсетілетін қызметтер жайында әртүрлі сауалдама
өткізу арқылы өлшену керек.
Қызмет көрсету процессінің нәтижелі болуы үшін, көрсеткіштердің құрамын
анықтайтын талғамдар релеванттық талаптарына сай болу керек. Бұл дегеніміз
осы жүйе тұтынушылар үшін мекемелермен қарым қатынас жасаған кезде ең
маңызды мәселелерді шешуге бағытталған болу керек.
Шетелдік және отандық зертеулердің қорытындындылары бойынша,
тұтынушылардың (шамамен 40%) мынадай нәрселерге қанағаттанбаған:
көрсетілетін қызметтердің мерзімдеріне; көрсетілетін қызметтердің сапасына;
қолайлығына; шағымдану тәртібіне; қызметкерлердің сыпайылығына. Осыған
байланысты, мемлекеттік қызметтерінің көрсеткіштер құрамы мынадай:
- сапа;
- қолайлық;
- шағымдану процессі;
- сыпайылық.
Бұл талаптар тұтынушылардың көбінесе шалдығатын проблемаларына қарай
іріктелген. Азаматтардың кәсіпкерлердің арасында жүргізілген сауалдаманың
нәтижесіне сүйенсек, құжаттардың сапасы өте төмен екені анықталған [2].
Айтылған талаптар, тұтынушылармен мемлекеттік органның қарым-қатынасын
реттейтін сұрақтар, заңда келтірілген [3, 4].

Сапалықты және қолайлықты анықтайтын көрсеткіштер екі топқа бөлінеді:

-жалпы;
-нақты.
Жалпы көрсеткіштердің құрамы барлық көрсетілетін қызметтерге тиісті
болу керек, өйткені, олар тұтынушылардың кездестіретін негізгі
проблемаларын айқындайды.
Мерзімділік дегеніміз, мемлекеттік органның немесе мекеменің өздеріне
жүктелген қызметтерді, құқықты-нормативтік актілерінің мерзіміне сәйкес
орындау керектігі.
Жалпы көрсеткіштердің құрамы:
- Құжаттар тапсырған уақыттан бастап уақытылы қызмет көрсету жағдайлар
пайызы;
- Қызмет алу барысында кезекте 40 минутқа дейін күткен тұтынушылар
пайызы.
Әлемдік тәжірибеде қолданылатын нақты көрсеткіштердің мысалдары:
Зейнетақысын анықтап беру туралы өтініштердің 60 күннің ішінде қаралған
жағдайлардың үлесі %;
Тұтынушылар (клиенттер) 20 минуттың ішінде қабылданған жағдайлар үлесі
%;
Өтініштің қабылданған сәтінен бастап төлемдер 10 жұмыс күннің ішінде
берілген жағдайлар үлесі %
Жедел медициналық көмектің шақырған сәттен бастап 15 минуттың ішінде
келген жағдайлардың үлесі %
Қызметтің спецификасына байланысты, көрсетіліп жатқан қызметтердің
деңгейін анықтау үшін, көрсеткіштердің әр-түрлі формалары мен методтары
қолданылады.
Мемлекеттік қызметтердің сапасы
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы дегеніміз тұтынушылардың
көрсетілген қызметке және оның нәтижесіне деген канағаттанғандығы.
Сапа көрсеткіштері құрамында мынадай көрсеткіштер де орын алған:
мәліметтерді дәлелді өңдеу көрсеткіші, құжаттардың дұрыс дайындалғандығының
көрсеткіші, қызмет көрсету процессінің сапалығы көрсеткіші және т.б.
Жалпы көрсеткіштердің құрамы:
- Қызмет көрсету процессіне қанағаттанған тұтынушылар пайызы (үлесі);
- Дұрыс толтырылған құжаттардың (жасалған есептердің т.б.) пайызы
(үлесі).
Әлемдік тәжірибеде қоланылатын нақты көрсеткіштердің мысалдары:
Зейнетақыны дұрыс есептеу жағдайларының үлесі %;
Паспорттарды дұрыс дайындау жағдайларының үлесі %;
Тұтынушылардың күту тәртібіне қанағаттанған үлесі %;
Санитарлық нормативтерінің талаптарын орындау үлесі %.
Мемлекеттік қызметтердің қолайлығы
Қолайлық дегеніміз қызмет көрсету процедурасының тәртібін түсіндіретін
ақпараттың сапалығын және қаншалықты түсініктілігін, қызмет көрсету
процессінің рационалдығын әрі оңайлығын бағалау.
Қолайлықты анықтайтын негізгі көрсеткіштер мынадай: қызмет көрсету
пункттерінің саны және арақашықтығы, жұмыс уақыттары. Бұған қоса
мүмкіндіктері шектелген азаматтарға жасалған қолайлықтар бағасы да бар.
Жалпы көрсеткіштердің құрамы:
- Көрсетілетін қызметтердің тәртібі жайында ақпаратқа қанағаттанған
тұтынушылар үлесі (пайызы);
- Тұтынушылардың құжаттарды бірінші реттен дұрыс толтырып тапсырған
жағдайлар үлесі (пайызы);
- ИНТЕРНЕТ желісі арқылы қызмет көрсету туралы ақпараттың үлесі
(пайызы);
- Тұтынушылардың қызмет көрсету орнынан орташа қашықтығы.
Әлемдік тәжірибеде қоланылатын нақты көрсеткіштердің мысалдары:
Тұтынушылардың құжаттарды бірінші реттен дұрыс толтырып тапсырылған
жағдайларының үлесі %;
Интернет немесе пошта арқылы қызмет көрсету жағдайларының үлесі %;
Тұтынушылардың қызмет көрсету орнынан орташа қашықтығы.
Шағымдану процессі
Шағымдану процессінде халыққа қызмет көрсетумен айналысатын
қызметкерлердің жұмыстарын жауапты және белесенді атқару керектігінің
маңызы зор.
Шағымдану процесін бағалау үшін мынадай көрсеткіштерді назардан тыс
шығармау керек: шағымды нәтижелі және шапшан қарастыру, шағымдарды
қарастыру процессінің тәртібіне және мерзіміне тұтынушылардың
қанағаттанған деңгейі.
Жалпы көрсеткіштердің құрамы:
- Көрсетілетін бір қызмет бойынша түскен шағымдардың жалпы қызмет
көрсетілген тұтынушылардың санына деген үлесі (пайызы);
- Белгіленген мерзімде қарастырылған және қанағаттандырылған шағымдар
үлесі (%);
- Шағымдардың шешіміне қанағаттанған тұтынушылар үлесі (%);
- Шағымдану процессінің тәртібіне қанағаттанған тұтынушылар үлесі (%);
- Шағымдану мерзімі бойынша қанағаттанған тұтынушылар үлесі (%).
Әлемдік тәжірибеде қоланылатын нақты көрсеткіштердің мысалдары:
Шағымдардың 10 жұмыс күннің ішінде қарастырылып қанағаттандырылған
жағдайлар үлесі %;
Шағымдар бойынша қабылданған шешімдер және ақпараттанған тұтынушылардың
үлесі %;
Қанаңаттандырылмаған шағымдар үлесі %.
Сыпайлық дегеніміз қызметкерлердің тұтынушыға деген көңілі, дер
кезінде көмек көрсетуге дайындығы.
Жалпы көрсеткіштердің құрамы:
Қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылар үлесі (%);
Жоғарыда айтылған тізім ұлттық жұмыс группасының мүшелерімен
талқыланған. Бұл тізімді нақты мәселелердің шешіміне байланысты өзгертіп,
толықтыруға болады.

h41.2 Мемлекеттік қызметтер стандарттарын (нормативтік көрсеткіштерді)
анықтау

Мақсатты көрсеткіштер дегеніміз тұтынушылардың қалаулары мен
мемлекеттік органдардың мүмкіндіктер арасындағы ортақ келісім. Мақсатты
көрсеткіштерге ұйым белгілі мерзімде жете алатын болу керек. Бұл
көрсеткіштер бюджеттік жоспарлаумен сәйкестендіру керек және олар жыл сайын
қайта қарастырылу керек.h4
Мақсатты көрсеткіштерге қойылатын талаптар стандартарға қойылатын
талаптармен бір, және олар 7.1 бөлімінде келтірілген.
Мақсатты көрсеткіштер деңгейі өткен мерзімде пайда болған қиындықтар
толығымен шешіледі деген тұжырымға және проблемаларды шешу жөнінде
перспективті жоспарларға негізделеді.
Мақсатты көрсеткіштер анықталу кезінде өткен мерзімнің көрсеткіштері
және басқа мемлекеттердегі ұқсас көрсеткіштер есепке алынады.
Нақты мүмкіндіктер анықтау үшін және көрсеткіштер деңгейін арттыру үшін
ұйымдастыру техникалық шараларды және қажетті қаржы ресурстарын айқындап,
тиісті органдармен келісу қажет.
Есеп нәтижесінде айқындалған көрсеткіштер қызмет көрсету үшін жауапты
қызметкерлермен талқылану керек. Бұл талқылаулар көрсеткіштерді өңдеу
кезеңінде өте маңызды.
Мақсатты көрсеткіштерді талқылау кезінде қосымша ресурстарды қажет
етпейтін мәселелерді бюджеттік қаражат талап ететін мәселелерден айыру
керек.
Қызметкерлермен талқылау формаларына жауапты мамандармен жиналыс
өткізу, сауалдама, жұмыс орындарында жеке сұхбаттасу жатады.
Мақсатты көрсеткіштерді мемлекеттік орган өзі анықтап, жоғары органмен
және белгілі топтардың мүддесін қорғайтын мемлекеттік емес ұйымдармен
келістіріледі. Анықталған мақсатты көрсеткіштер 8 формаға еңгізіледі.
Мемлекеттік органдар көрсететін қызметтердің құрамы мен мазмұнын
зерттеу олардың түрлілігін анықтайды. Оларды өлшеу белгілі қиындықтар
тұғызады, өйткені әр қызмет үшін параметрлер жеке анықтау керек.
Дүниежүзілік тәжірибеге сүйінсек, мұндай жұмыстар күрделі болып
табылады және арнайы білім, тиісті әдістемелік негізді талап етеді..
Мемлекеттік қызметтер стандарттарын өңдеу және еңгізу қазақстандық
мамандар үшін күрделі және жаңа жұмыс.
Сондықтан әр мемлекеттік орган жауапты қызметкерлерді анықтап, оларға
тұрақты түрде келесі функцияларды жүктеу керек:
- стандарттар өңдеу үшін басымдық мемлекеттік қызметтерді анықтау;
- әр қызмет үшін потенциалды тұтынушылардың санын анықтау;
- әр қызмет бойынша тұтынушылардың сапасы мен қолайлығымен қанағаттану
ағымды деңгейін анықтау;
- мемлекеттік қызмет көрсеткіштеріның құрамын және олардың ағымды,
нормативтік және мақсатты деңгейлерін анықтау.
- жетілдіру ұсыныстарын жасау мақсатымен мемлекеттік қызметті, оны
жариялау, шағымдану тәртібін реттейтін нормативтік заң актілерінің мазмұнын
талдау;
Қазіргі жағдайды зерттеу нәтижелері мемлекеттік ұйымдардың материалды-
техникалық қамтамасыз ету деңгейін көтеру және қызмет көрсетілетін
жерлердің санитарлық гигиена жағдайын жақсарту керектігін көрсетеді.
Осыған байланысты қазіргі кезеңде мынадай шараларды жоспарлау жүзеге
асырылады:
- қызметтің сапасын арттыру үшін қажетті ұсыныстарын дайындау;
- жоспарланған шараларды жүзеге асыру үшін қажетті мерзім;
- жоспарланған шараларды жүзеге асыру үшін қажетті материалды және
қаржы ресурстары;
- өзгерістер мен толықтыруды қажет ететін нормативтік заң актілері.
Аталған мақсаттарға жету үшін арнайы бағдарлама өңдеп, осы шараларды
біріктіріп, еңгізген дұрыс.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету
- медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тірек-қимыл аппараты
бұзылған балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету
• Анықталған үлгідегі өтініш
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы нотариалдық куәландырылған
куәліктің көшірмесі
• Жарлықтың нотариалды куәландырылған көшірмесі
• Өтініш берушінің салық органдарында есепке алынғандығы туралы
нотариалдық куәландырылған куәліктің көшірмесі
• Қызметтің жекелеген түрімен шұғылдануға құқықтың лицензияланған
бюджеттің жиынтығын бекітетін төлем құжаты
• Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балалар үшін арнаулы әлеуметтік
қызметтер көрсету үшін жарамды мүлік құқындағы немесе жалға алу шарты
негізіндегі ғимараттың немесе бөлменің бар болуы
• Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балалар үшін тамақтандыру
объектісінің бар болуы
• Өтініш берушінің меншік құқында бар жабдықтардың, аппаратураның саны
мен сапасы туралы мәліметтермен расталған көрсетілетін арнаулы
әлеуметтік қызметтердің тиісті сапасын қамтамасыз ететін материалдық-
техникалық базаның бар болуы
• Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балалардың физикалық, сенсорлық,
моторлық және жеке басын дамыту үшін, өтініш берушінің мәліметтерімен
расталған ойын материалының бар болуы
• Қызметкерлер туралы мәліметтермен расталған, әлеуметтік қызмет көрсету
стандартымен белгіленген, штаттық нормативтермен ескерілген
қызметкерлер штатының бар болуы (кәсіби білім, біліктілік, сертификат
(қажет болғанда)
• Медициналық және дәрігерлік қызметке лицензияның нотариалдық
куәландырылған көшірмесінің бар болуы
• Өтініш берушінің білім беру қызметімен айналысу құқына лицензиясының
нотариалдық куәландырылған көшірмесінің бар болуы
• Жеке кәсіпкерлер үшін жеке кәсіпкер сапасында өтініш берушіні
мемлекеттік тіркеулер туралы нотариалдық куәландырылған куәліктің
көшірмесі
• Тұлғаны куәландыратын құжаттардың көшірмесі
- мүгедектерге, оның ішінде психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек
балаларға психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде
(ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету
- Анықталған үлгідегі өтініш
- Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы нотариалдық
куәландырылған куәліктің көшірмесі
- Жарлықтың нотариалды куәландырылған көшірмесі
- Өтініш берушінің салық органдарында есепке алынғандығы туралы
нотариалдық куәландырылған куәліктің көшірмесі
- Қызметтің жекелеген түрімен шұғылдануға құқықтың лицензияланған
бюджеттің жиынтығын бекітетін төлем құжаты
- Медициналық және дәрігерлік қызметке лицензияның нотариалдық
куәландырылған көшірмесінің бар болуы
- Мүлік құқығындағы немесе жалға алу шарты негізіндегі, мүгедектерге,
соның ішінде психоневрологиялық патологиялары бар мүгедек-балаларға
арнаулы әлеуметтік көмек қызметтер көрсету үшін жарамды ғимараттың
немесе бөлменің бар болуы
- Мүгедектерге, соның ішінде психоневрологиялық патологиялары бар
мүгедек-балаларға тамақтандыру объектісінің бар болуы
- Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер
көрсетудің белгіленген стандартына сәйкес ұйықтайтын алаңның бар
болуы
- Өтініш берушінің меншік құқында бар жабдықтардың, аппаратураның саны
мен сапасы туралы мәліметтермен расталған көрсетілетін арнаулы
әлеуметтік қызметтердің тиісті сапасын қамтамасыз ететін материалдық-
техникалық базаның бар болуы
- Психоневрологиялық патологиялары бар мүгедек-балаларды физикалық,
сенсорлық, моторлық және жеке басын дамыту үшін ойын материалының
бар болуы
- Әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету
стандартымен және әлеуметтік қызмет көрсету стандартымен белгіленген
штаттық нормативтерде ескерілген қызметкерлер штатының бар болуы
- Өтініш берушінің білім беру қызметімен айналысу құқына лицензиясының
нотариалдық куәландырылған көшірмесінің бар болуы
- Жеке кәсіпкерлер үшін жеке кәсіпкер сапасында өтініш берушіні
мемлекеттік тіркеулер туралы нотариалдық куәландырылған куәліктің
көшірмесі
- Тұлғаны куәландыратын құжаттардың көшірмесі
- қарттар мен мүгедектерге жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік
мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету
- Анықталған үлгідегі өтініш
- Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы нотариалдық
куәландырылған куәліктің көшірмесі
- Жарлықтың нотариалды куәландырылған көшірмесі
- Өтініш берушінің салық органдарында есепке алынғандығы туралы
нотариалдық куәландырылған куәліктің көшірмесі
- Қызметтің жекелеген түрімен шұғылдануға құқықтың лицензияланған
бюджеттің жиынтығын бекітетін төлем құжаты
- Қызметкерлер туралы мәліметтермен расталған, әлеуметтік қызмет
көрсету стандартымен белгіленген, штаттық нормативтермен ескерілген
қызметкерлер штатының бар болуы (кәсіби білім, біліктілік,
сертификат (қажет болғанда)
- Медициналық және дәрігерлік қызметке лицензияның нотариалдық
куәландырылған көшірмесінің бар болуы
- Өтініш берушінің меншік құқында бар жабдықтардың, аппаратураның саны
мен сапасы туралы мәліметтермен расталған көрсетілетін арнаулы
әлеуметтік қызметтердің тиісті сапасын қамтамасыз ететін материалдық-
техникалық базаның бар болуы
- Қарттар мен мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін
жарамды мүлік құқындағы немесе жалға алу шарты негізіндегі
ғимараттың немесе бөлменің бар болуы
- Қарттар мен мүгедектерге тамақтандыру объектісінің бар болуы
- Жеке кәсіпкерлер үшін жеке кәсіпкер сапасында өтініш берушіні
мемлекеттік тіркеулер туралы нотариалдық куәландырылған куәліктің
көшірмесі
- Тұлғаны куәландыратын құжаттардың көшірмесі
-қарттарға, мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға күндіз
емделетін аумақтық орталықтарда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету
• Анықталған үлгідегі өтініш
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы нотариалдық куәландырылған
куәліктің көшірмесі
• Жарлықтың нотариалды куәландырылған көшірмесі
• Өтініш берушінің салық органдарында есепке алынғандығы туралы
нотариалдық куәландырылған куәліктің көшірмесі
• Қызметтің жекелеген түрімен шұғылдануға құқықтың лицензияланған
бюджеттің жиынтығын бекітетін төлем құжаты
• Қарттар мен мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін
жарамды мүлік құқындағы немесе жалға алу шарты негізіндегі ғимараттың
немесе бөлменің бар болуы
• Өтініш берушінің меншік құқында бар жабдықтардың, аппаратураның саны
мен сапасы туралы мәліметтермен расталған көрсетілетін арнаулы
әлеуметтік қызметтердің тиісті сапасын қамтамасыз ететін материалдық-
техникалық базаның бар болуы
• Өтініш берушінің мәліметтерімен расталған мүгедек-балалардың
физикалық, сенсорлық, моторлық және жеке басын дамыту үшін ойын
материалдарының бар болуы (мүгедек-балаларға арнаулы әлеуметтік
қызметтер көрсету жөніндегі қызметпен айналысушы тұлғалар үшін)
• Қызметкерлер туралы мәліметтермен расталған, арнаулы әлеуметтік
қызметтер көрсетуге жеткілікті қызметкерлер штатының бар болуы (кәсіби
білім, біліктілік, сертификат (қажет болғанда)
• Медициналық және дәрігерлік қызметке лицензияның нотариалдық
куәландырылған көшірмесінің бар болуы
• Өтініш берушінің білім беру қызметімен айналысу құқына лицензиясының
нотариалдық куәландырылған көшірмесінің бар болуы
• Жеке кәсіпкерлер үшін жеке кәсіпкер сапасында өтініш берушіні
мемлекеттік тіркеулер туралы нотариалдық куәландырылған куәліктің
көшірмесі
• Тұлғаны куәландыратын құжаттардың көшірмесі
- қарттарға, мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға оңалту
орталықтарында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету
- Анықталған үлгідегі өтініш
- Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы нотариалдық
куәландырылған куәліктің көшірмесі
- Жарлықтың нотариалды куәландырылған көшірмесі
- Өтініш берушінің салық органдарында есепке алынғандығы туралы
нотариалдық куәландырылған куәліктің көшірмесі
- Қызметтің жекелеген түрімен шұғылдануға құқықтың лицензияланған
бюджеттің жиынтығын бекітетін төлем құжаты
- Қарттар мен мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін
жарамды мүлік құқындағы немесе жалға алу шарты негізіндегі
ғимараттың немесе бөлменің бар болуы
- Өтініш берушінің меншік құқында бар жабдықтардың, аппаратураның саны
мен сапасы туралы мәліметтермен расталған көрсетілетін арнаулы
әлеуметтік қызметтердің тиісті сапасын қамтамасыз ететін материалдық-
техникалық базаның бар болуы
- Мүгедектерге әлеуметтік арнайы қызмет көрседі ұсыну бойынша
қызметтерді жүзеге асыру тұлғалар үшін -мүгедектердің физикалық
өзіндік жағдайына нығайту үшін емдеу-денетәрбие кабинеттері бар
болуы
- Қызметкерлер туралы мәліметтермен расталған, арнаулы әлеуметтік
қызметтер көрсетуге жеткілікті қызметкерлер штатының бар болуы
(кәсіби білім, біліктілік, сертификат (қажет болғанда)
- Медициналық және дәрігерлік қызметке лицензияның нотариалдық
куәландырылған көшірмесінің бар болуы
- Өтініш берушінің білім беру қызметімен айналысу құқына лицензиясының
нотариалдық куәландырылған көшірмесінің бар болуы
- Өтініш берушінің білім беру қызметімен айналысу құқына лицензиясының
нотариалдық куәландырылған көшірмесінің бар болуы (мүгедек-балаларға
арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге
асырушы тұлғалар үшін)
- Жеке кәсіпкерлер үшін жеке кәсіпкер сапасында өтініш берушіні
мемлекеттік тіркеулер туралы нотариалдық куәландырылған куәліктің
көшірмесі
- Тұлғаны куәландыратын құжаттардың көшірмесі
- қарттарға, мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға үйде күндіз
күтім жасалатын арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету
- Анықталған үлгідегі өтініш
- Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы нотариалдық
куәландырылған куәліктің көшірмесі
- Жарлықтың нотариалды куәландырылған көшірмесі
- Өтініш берушінің салық органдарында есепке алынғандығы туралы
нотариалдық куәландырылған куәліктің көшірмесі
- Қызметтің жекелеген түрімен шұғылдануға құқықтың лицензияланған
бюджеттің жиынтығын бекітетін төлем құжаты
- Қарттар мен мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін
жарамды мүлік құқындағы немесе жалға алу шарты негізіндегі
ғимараттың немесе бөлменің бар болуы
- Материалдық технтиалвқ база,арнайы әлеуметтік қызметтердің сапасын
көлік құралының бар болуы туралы өтініш берушінің мәліметі,
әлеуметтік қызметкерлерүшін әдістемелік әдебиеттің бар болуы.

h42. Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек беру үшін оларға
құжаттарды ресімдеу мемлекеттік қызмет көрсету

Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек беру үшін оларға құжаттарды
ресімдеу - мүгедектерді протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету
жөніндегі медициналық-техникалық көмектің мамандырылған түрі және оларды
пайдалануды үйрету үшін құжаттарды ресімдеу.
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.
Мемлекеттік қызмет:
1) Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы
Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы;
2) Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысымен бекітілген
мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекші
(қалпына келтіруші) құралдармен қамтамасыз ету Ережелерінің
9, 10, 11-тармақтары негізінде көрсетіледі.
5. Мемлекеттік қызмет аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың)
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері
(бұдан әрі - Бөлімдер) арқылы көрсетіледі. Бөлімдердің толық атауы
осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
6. Өтініш беруші алатын мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу
нысаны (нәтижесі): мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек
беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу (ресімдеуден бас тарту) туралы
хабардар ету болып табылады.
7. Мелекеттік қызмет көрсету кезінде уақытты шектеу мерзімі мемлекеттік
қызмет көрсету Стандартымен белгіленеді.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне мынадай мемлекеттік органдар
және өзге де субъектілер кіргізілді:h4
Өтініш берушілердің тұрғылықты жеріндегі Бөлімдер (протездік-
ортопедиялық көмек көрсету үшін өтініш берушіден құжаттарды қабылдау және
қызметті көрсету нәтижесі туралы ескерту хат жіберу);
қызметтерді жеткізуші – мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек беру
бойынша қызметтерді көрсету.
Әлеуметтік қызмет көрсетуге жолдама алу үшін өтініш беруші өтінішпен
тұрғылықты жеріндегі Бөлімге өтініш беру қажет. Өтініш Бөлімнің
ведомстволық автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі - ААЖ)
тіркеледі. ААЖ болмаған жағдайда өтініш жеке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мүгедектергетерге жүріп-тұру техникасың протездік-ортопедиялық қызмет көртесу
Студенттің өндірістік тәжірибе кезіндегі міндеттері
Облыстағы мүгедектіктің және мүгедектерді оңалтудың қазіргі жай-күйі
Мүгедектермен әлеуметтік жұмыс
Облыс әкімі
Жұмыспен қамту бөлімі
МҮГЕДЕКТЕРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы
Әлемдегі мүгедектермен әлеуметтік жұмыс жағдайын талдау
Басқарманың функциялары
Пәндер