ЕРТЕ ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ ТЕАТР ӨНЕРІ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3-4

I - ТАРАУ. ЕРТЕ ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ ТЕАТР ӨНЕРІ . . . 5-16

  1. Театр өнерінің ерекшеліктері . . . 5-7
  2. Театр өнері дамуының алғышарттары . . . 7-9
  3. Батыс еуропалық театрдың бастаулары . . . 9-10
  4. Театр өнерінің бағыттары . . . 10-16

II - ТАРАУ. ҚАЙТА ӨРЛЕУ ДӘУІРІНДЕГІ ТЕАТР ӨНЕРІ . . . 17-24

2. 1. Қайта өрлеу дәуірі мәдениетінің ерекшелігі . . . 17-19

2. 2. Ағылшынның әлемге әйгілі драматургы - Уильям Шекспир . . . 19-24

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 25-26

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 27

ҚОСЫМШАЛАР . . . 28-37

КІРІСПЕ.

Өзектілігі: Театр - табиғатынан көпшілік қауымға ғана арналған, қоғамдық-мәдени мән-маңызы үлкен өнердің бірі. Ол көрерменсіз, жеке өз алдына өмір сүре алмайды. Сол себепті зерттеліп отырған бұл тақырыптың маңызы зор. Ерте кезеңдегі театр түрлерінде жеке, бір адамға тән мінез даралығын емес, жалпы адамдарға ортақ мінез-кескіндерді көрсету принципі үстемдік алды да бұл тұрақты маска-типтердің тууына себепші болды. Мұндай принцип орта ғасырдағы халық театры сауықтарына да тән болатын. Орта ғасырда Батыс Еуропадағы театрдың дамуы реалистік-демократиялық ағымдағы халық өнерінің шіркеу мен феодал діни-мистикалық идеологиясына қарсы күресі үстінде өтті. Халық театры қала мен ауыл бұқарасының әуесқойлар шығармашылық түрінде өмірге келді.

Қалалардың өсуімен байланысты 11 ғасырдан бастап орындаушылық өнердің мамандануы басталады. Мысалы, кезбе актерлер: жонглерлер, гистриондар мен скоморохтар пайда болды. Орта ғасыр театрындағы ең ірі жанр болып табылатын миракль мен мистерия сауықтарының (14 - 15 ғасырлар) діни мазмұнынан өмір әуендері кең көрініс тапты және әуесқой актерлердің өнері арқылы келген шіркеуге қарсы белгілер, тұрмыстық реализм мен стихиялы халықтық бояулар да бой көрсетіп отырды. 15 - 16 ғасырлардағы аллегориялық драма сауығы - моралите өсиет пен мораль айтушылықтан аспады. 14 - 16 ғасырларда бірқатар елдерде (Италияда, Францияда, Германияда, т. б. ) фарс секілді орта ғасыр театрының ең демократиялық бір түрі өркен жайды. Қайта өркендеу дәуіріндегі алғашқы еуропалық кәсіби театр болып саналатын итальянның дель арте комедиясының (16 - 17 ғасырлар) спектаклі тұрақты маска образдар мен сценарийлерге негізделген ұжымды актерлік шығармашылық бойынша жасалды. Бұл спектакльдер актерлердің көрермен-көпшілікпен емін-еркін қарым-қатынас жасап отыруына құрылды әрі олар жарқылдаған буффонада, гипербола, гротескіге құрылған өткір сатираға, нәрлі юморға, динамика мен жарқын бояуға толы болды. Қайта өркендеу дәуірінде әдеби драма өмірге келді; осыған орай Т. әдебиеттік негізге құрылып, бұдан былай ол қаланың мәдени орталықтарына, тұрақты мекенжайларға қарай ойысты. Жалпы мәдениеттің даму процесінде театрдың шығармашылық міндеттерінің ұлғайып өсуі оның алуан түрлерінің жіктеліп, әрқайсысының жеке, өз алдына дамуына себепкер болды.

Жұмыстың мақсаты:

  • Орта ғасырдағы жалпы театр өнерінің ерекшеліктерін қарастыра отырып, негізгі кезеңдерін, бағыттарын айқындап деректер және тарихи зерттеулер негізінде ашу.
  • Сол заманғы адамзат өміріне, саяси, экономикалық тұрғыдан алғанда театр өнерінің әсерін айқындау.

Жұмыстың міндеті: V - XVII ғасырлардағы театр өнерінің қалыптасуы мен дамуын деректер мен зерттеулер бойынша талдап көрсету; Жекелеген елдердегі театр өнерін сипаттап, талдау жасау; әлемге белгілі туындылардан мысал келтіре отырып, театр ерекшелігін қарастыру.

Тарихнамасы: Орта ғасырдағы театр өнерінің ерекшелігін қарастырып, зерттегенде көптеген әдебиеттер қолданылды. Соның ішінде басты қарастырылған Дживелегов А., Бояджиев Г. «История западноевропейского театра от возникновения до 1789 года» еңбегі болды. Бұл еңбекті қолдана отырып орта ғасырлық театрдың жалпы ерекшеліктері мен жекелеген еуропалық елдердің театр өнерімен таныстым.

Орта ғасырлар - бұл феодалдық, шаруалар қатынастардың өктемдiлiгiнiң дәуiрi. Ол ерте феодализмның мерзiмi, оның құлпыра гүлденуі және феодалдық формацияның жiктелуі себепшi болған бастапқы мерзімі болды. Бұл еңбекте театр тарихының үш тарихи мерзiмдерiмен сәйкес келесi бөлiмдер бойынша бөлiнген: ерте орта ғасырдың театры, қайта өрлеу театры, бiлiм беру дәуiрі театры. Iшiнде екiншi және үшiншi материал бөлiмдерi жеке елдер бойынша қарастырылған: Италия театры, Германия, Франция, Англия, Испания. Оқулық театрдың барлығына ортақ тарихи бөлімдерінің негізі болып табылады, өйткенi оған көне театрдың тарихи оқулығы тiкелей хронологиялық себепші болады. Опералық және балет театрларын сипатталды, сахнаның техникасының тарихы бойынша қарастырылған.

Тиандер К. Ф., «Очерк истории театра в Западной Европе и России» атты еңбегі де қарастырылып, қажетті материалдар алынды. Курс жұмысында арнайы пьессалардан мысал келтірілгендіктен сәйкесінше «Шекспир в переводе» А. Радлова («Ромео», «Гамлет», «Отелло», «Макбет», «Ричард III», «Антоний и Клеопатра») ; «Гете, Собрание сочинений» Н. В. Гербеля; «Шиллер, Полное собрание сочинений» С. А. Венгерова еңбектері қолданылды.

Зерттеу объектісі: V - XVII ғасырлардағы театр өнері. Негізгі бағыттары. Орта ғасырлық театр өнерінің өкілдері.

Хронологиялық шеңбері: V-XVII ғасырларды қамтиды.

Зерттеу әдісі: Курс жұмысын жазу барысында жинау, жүйелеу, сараптама жасау, талдау, ізденіс әдістері қолданылды.

Жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мақсат-міндеттері, тарихнамасы, зерттеу объектісі, зерттеу әдісі, хронологиялық шеңбері берілген. Бірінші тарау төрт бөлімнен тұрады. Осы тарауда театр дегеніміз не, оның ерекшеліктері мен тарихи алғы шарттары, бағыттары қарастырылды. Екінші тарау екі бөлімнен тұрады. Бұл тарауда негізі қарастырылған тақырыпшалар: сол кезең мәдениетінің ерекшелігі, орта ғасырдағы Англиядағы театр өнерінің негізін салушы Уильям Шекспирдің өмірі мен шығармашылығы толығымен қарастырылды.

I. ЕРТЕ ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ ТЕАТР ӨНЕРІ.

  1. Театр өнерінің ерекшеліктері.

Театр (грекше theatron - ойын-сауық орны; ойын-сауық) - сахналық өнердің өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендердің көз алдында актерлер күшімен бейнелейтін бір түрі; ойын-сауық немесе спектакль; түрлі сахналық ойын-сауықтар, сонымен қатар жалпы мәдени шаралар өткізілетін орын-жай. Театрдың тарихи жағынан қалыптасып, даму, өсіп-өркендеу жолы әрбір ұлттың, әр халықтың өмір-тұрмысымен, олардың жалпы тарихымен және тұрлаулы мәдениетімен тығыз байланысты. Басқа өнер түрлері сияқты театр өнері де қоғамдық ой-сананың негізгі бір формасы болып табылады.

Театр әдетте өз заманының озық идеяларын бойына сіңіре отырып, ізгілік мұраттарын паш еткенде, ең бастысы адамның өмірлік және рухани ой-мақсаттары мен оның күрделі ішкі жан дүниесін терең де шынайы ашып бейнелегенде ғана ол өзінің жоғары көркемдік сатысына көтерілумен қатар қоғамдық-әлеум. міндеттерін орындай алады. Театрдың да өнердің өзге салалары секілді өзіне тән ерекшеліктері бар. Ол - әдебиет, музыка, кескіндеме, архитектура, би және кинематографияның мәнерлі амал-тәсілдерін бойына жинақтаған синтездік өнер. Мұның өзі сахна мен көрермендердің рухани ой-сезім күйлерінің бір-бірімен өзара ұштасуын, оған қоса спектакльді жасаушылар мен көпшілік қауымның арасындағы жалпы мақсаттың ортақ болып, бір арнадан шығуын талап етеді. [2; 435]

Театр - халықты эстетикалық адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеудің аса маңызды құралы. Оның өзгеше бір қасиеті, яғни әрекетке құрылған табиғаты сахналық ойын-сауықтың мазмұн-желісі мен идеялық-эстетика негізін құрайтын драма арқылы ашылады. Театр әдеби шығарманы сахналық әрекетпен, өзіне тән бейнелі театрлық бояу-өрнекпен жаңа күйге түсіреді де драмадағы мінез-кейіптерді, олардың өзара қарым-қатынастарынан, қақтығыстарынан туатын талас-тартыс пен іс-қарекеттеріне жан бітіріп, тірілтіп жібереді. Осыған орай көрермендер де театр сахнасында өтіп жатқан оқиға әрекет пен оған қатысушы-қаһармандардың ой-арманына, шат күлкісі мен сезім діріліне, күйінішіне, жалпы тіршілік-тынысына бейжай, немқұрайлы емес, қайта бар ынта-зейінімен, ынтызар көңілімен қарайды, яғни олар осы сәтте сахналық өмір көріністерінің жай бейтарап, салқынқанды бақылаушысынан гөрі тікелей қатысушысы ретінде бой көрсетеді. Түптеп келгенде театрдың қоғамдық-тәрбиелік қызметі мен идеялық-эмоциялық және көркемдік-эстетикалық әсер күші де осыған саяды. театрдағы басты тұлға, пьесадағы берілген жағдайға байланысты әрекет етіп, сахналық қаһарманның характерін жасайтын - актер. Ол сахнада шығармалық процесс кезінде пьеса материалын өзінің болмыс шындық туралы ой-түсінігімен, өмірде көріп-байқағандарымен, эстетикалық сезім-түйсігімен үнемі байытып, толықтырып отырады. Бұл тұста актердің бойынан орындаушылық өнерге қоса ойшыл суреткерлік қасиет те айқын аңғарылады. Актер образы пьеса және спектакльді қоюшы-режиссердің (қара Режиссерлік өнер) түсінік-шешімі мен түсіндірмесі негізінде өмірге келеді. Өнердің өзге түрлеріндей театр да өмір шындығын көркем образдар жүйесі арқылы бейнелейді. Ал мұның өзі спектакль бойынша жүзеге асады. [2; 441]

Театр - ұжымдық өнер, өйткені қазіргі театр спектакльі драматург, актерлер, қоюшы-режиссер, сценограф (декоратор-суретші; қара Театр декорация өнері), композитор (қара Театр музыкасы) мен хореографиялық өнерінің және киім-кешек жасаушылар, гримшілер, жарық берушілер секілді, театрдағы т. б. көптеген қызметкерлер еңбегінің өзара тоғысуы нәтижесінде туады. Театр өнерінің синтездік табиғаты оның тарихи даму сатысымен тығыз байланысты. Әсіресе, театрдың өзіне тән мұндай ерекшелігі драмалық әрекет, музыка, ән мен бидің бір-бірінен бөлінбей тұрған кезіндегі кең таралған халық ойын-сауықтарынан айқын көрініс тапты. Кейінгі дәуірлерде өнер түрлерінің жіктеліп шығуымен және олардың одан әрі ілгері дамуымен байланысты театр өнері өзінің синтездік қасиетінен айрылды. Сөйтіп, театр негізінде драма, опера және балет секілді 3 түрі қалыптасты. Енші алып, отау тігіп, өз алдына жекеленіп шыққанымен музыкалық театр өзінің драмалық негізінен айрылған жоқ, тек мұндағы уақиға-әрекет музыкалық драматургияның тәсілдерімен, музыка-поэзиялық образдар арқылы ашылды. Театр - табиғатынан көпшілік қауымға ғана арналған, қоғамдық-мәдени мән-маңызы үлкен өнердің бірі. Ол көрерменсіз, жеке өз алдына өмір сүре алмайды. Осыған байланысты сахна мен көрермен бірігіп отырып шынайы өмір құбылысына ой жүгіртеді, оған өз тұрғысынан баға береді; театр көрермендердің ішкі жан сезіміне әсер етіп, терең толғандырған жағдайда ғана өзінің қоғамдық-әлеуметтік қызметін атқарып, эстетикалық мақсат-мұратына жетеді. [2; 445]

Театр өнері көрерменнің өзгелерге деген, басқа халықтар өмірі мен қоғам тіршілігіне деген ынта-ықыласын арттырумен қатар, достық сезімін де күшейте түсуге игі әсер етеді. Дүние жүзіндегі түрлі халықтардың географиялық-тарихи даму өзгешелігі мен олардың өмір-тұрмысы, әдет-ғұрпы, психикалық хал-жайы әр алуан театр жүйелерінің туып, қалыптасуына ықпал жасады. Осыған орай еуропалық театрларды және Шығыс елдерінің (Жапония, Қытай, Yндістан, т. б. ) театр мәдениетін, Америка, Африка, Мұхит аралдары халықтарының өзіндік сипаты бар театр өнерін де атауға болады. Театрдың әрекет пен сауыққа негізделген мән-мағынасы тарихи тұрғыда, оның өмірге алғаш келуімен байланысты айқындалады. Адамзат тарихымен қоса жасасып келе жатқан театрдың қайнар көзі ежелгі замандағы аңшылық пен ауыл шаруашылық ойын-сауықтарына, халық мерекелері мен салт-жораларына саяды. Осы негізде пайда болған алғашқы трагедиялық және комедиялық сипаттағы дәстүрлі ойын-сауықтар мазмұнынан драмалық тартыстар мен сюжеттердің нышандары, сондай-ақ хор әндері, билер, диалогтар, киім киіп, сән-салтанат құру, маскамен бет-әлпетін өзгерту бой көрсетті. Ойын-сауық әрекетінің діни-салттық негізден бірте-бірте арылып бөлінуі, хор тобынан алдыңғы қатарға шығуы және көпшілік мейрамдарын арнайы ұйымдастырылған ойын-сауыққа айналдыру әдеби драмалардың тууына қолайлы жағдай жасады. Актерлер мен көрермендерге жіктеліп бөліну Т-дың аса маңызды қоғамдық қызметін айқындай түсті. Бұл процесс еуропалық театр өнерінің өркен жаюына зор ықпал жасаған Ежелгі Грекия театрында айқын көрініс тапты. Біздің заманымыздан бұрын 5 ғасырдың өзінде-ақ ежелгі гректердің мемлекет-қалаларында театр қоғамдық өмірдің орталығына айналды. Бұларда ойын-сауықтар бүкіл халық мерекесі саналды. Аспан аясында, төбесі ашық алып амфитеатрларға он мыңдаған көрермендер жиналып, ойын-сауықты тамашалап отырды. Ал мұндай ойын-сауықтар маман актерлерден басқа хорға қатысатын барлық көрермен-азаматтардың өздерін де қамтитын болған. Ежелгі грек драматургтері Эсхил, Софокл мен Еврипид трагедияларында аңыз құдайлары мен қаһармандарының тұлғасы жасалды, ал Аристофан комедияларында ежелгі дәуірдің саяси және әлеуметтік күресі бейнеленіп, қоғамда орын тепкен кемшіліктер мен орынсыз жайлар өткір күлкі отына ұшырады. Грек театр мәдениетінің дәстүрі жаңа қоғамдық өмірдің ерекшелігіне орай Ежелгі Рим театрында өзінің жаңа даму жолын тапты. Рим театрында (драматургтер Плавт, Сенека, Теренций, т. б. ) спектакльді қою мен театр техникасы едәуір дамып, сахна түрлері өзгерді; ойын-сауықтың жаңа түрлері, оның ішінде мифологиялық сюжетке құрылған музыка-би сауығы - пантомима пайда болды. Ойын-сауықтың көптеген алуан түрлері Ежелгі Шығыс елдерінде де, соның ішінде Жапонияда, Индонезияда, Қытайда, Yндістанда, т. б. елдерде туып, өрістей бастады.

  1. Театр өнері дамуының алғышарттары.

Айтарлықтай мыңжылдық дерлiк ерте орта ғасыр театрының тарихын қамтиды. Оның бастаулары соңғы кезең iзiнше Рим империясының құлап, батыс еуропалық ұлттық мемлекеттердiң пайда болу дәуiрмен дәл келедi.

Батыста V ғасырлар мен XV ғасырға толық жоғары деңгейге жеткен феодалдық формация қалыптасады. Адам баласы бұл мыңжылдық ағымында өз тарихын қайтадан құрады: ол патриархальдық шаруашылықтың қарапайым қатынастарынан басыбайлы тәуелдiлiктiң күрделi жүйесiне және тауарлық қатынастарды қамтыды; жергiлiктi өресiздiктен - ұлы географиялық ашулардан - орта ғасырлық оқиғалардың жоғарғы формаларын. Шаруашылық, саяси және мәдени өмiр барлық облыстарындағы бұл мыңжылдықта iс жүзiнде барлығы қайтадан жасалды.

Орта ғасырлық театрдың тарихы театр көркемөнерінiң ақырын бiлiмiнiң тарихы болып табылады. Алғашқы қауымдық дәстүрге сай ойындары, өте еуропалық театрдың тарихындағы ерте драматургиялық жанрлары, аңқау шiркеу мессасының, мистерияны және фарс тудыратын орта ғасырлық оқиғалардың осындай бастапқы түрлерi, қарапайым гистриондардың қарапайым ұсыныстары. Ғасыр сахналық өнердiң эволюциялары айғақтарда орташа еуропалық театрдың жасауын өзi процесс болып ашылады, халық өнерi бар театр ұсыныстарының өзара байланысы айқындалады және театрдың әсерлi табиғатының заңдары байқалды. Мистериялардағы, моралитэ және фарстар көркем бейненi бастапқы құрастыруда әсер етті, аудан бойынша спектакльлерде актер көркемөнерi жекеленедi, өнердiң ерекше түрi сияқты жасалды. [1; 235]

Ерте орта ғасырдың театры, халық әлеуметтік өмірінің ерекшелігіне қарамастан халықтың ұлттық өзiндiк ерекшелiгін көрсететiн өнер болып табылды. Бұл мерзiмнiң еуропалық театрының ұлттық екi ұштылығы өз тарихи заңдылығын қалыптастырды.

Ерте орта ғасырдың театр оқиғалары, тәуелсiз қай еуропалық елдерде болса да, ұқсастықтары болған. Бiрiншiден, бiртұтас өндiрiстiк негiзінде шаруалардың дiни ырымдарының ортақтығымен ұғындырылды, екiншiден католик дiнiнiң өз ықпалы бiртiндеп артып, барлық еуропалық елдерді бағындырғанымен сипатталады. Гистриондардың ұсыныстары ылғи бiр озат қабылдаулардан тұрды, литургиялық драма iнжiлдiк сюжеттер және бiртұтас латынша тiлдiң бәрiне ортақ католик елдерiн алды (XIII ғасыр) . [1; 237] Сахнаға күнделiктi тақырыптың енуiмен, бiркелкi орта ғасырлық оқиғалар тек қана кешiрегiрек жергiлiктi түске бояуларды алды. Театрдың оқшау бөлiгi керiсiнше бұл халық өнерiнiң ұлттық өзiндiк ерекшелiгi айқындалмады. Өнерде жалпы ұлттық ой өрiсi кеңейді. Тұрмыстық фарс сахналары, тар шектелген жергiлiктi мүдделермен қалалық және ауылшаруашылық өмiрдiң әрi алып бере қалады. Орта ғасырлардың көркемөнерi сол бiр үлгiдегi жалпылауларды құрады, ол бос адамгершiлiкке үйрететiн абстракциялардың саласында қиялданады. Гармония бұл екi бағытта бастады - әлеуметтiк жалпылау және тұрмыстық дәлдiк - тек қана ренессанстың ұлттық данышпандарының реалистiк өнерiнде iс жүзiне асты. Орта ғасырлық театр көркемөнер ұлттық тұрғыдағы қатал дифференциацияны ерiксiз көнбейдi, онда ол екiншi айырмашылық iшкi шектеудiң меншiктi қағидалары, көрсетілетiн өздік бағынылатын феодалдық дүниетану және христиандық бастады. Әлемнiң тағылықтың алыс ғасырларында өз түбiр кететiн пұтқа тадынушылық, тән түсiнуi дiни ырым өз үлгi нысанымен алды. Бұл дүние танулар ендiгәрi гистриондардың қызметiнiң ортақ түрiн анықтады және фарс актерлерiнiң жарқын ұсыныстарында айқындалды. Кенет қарама-қарсы гистриондар және фарсқа жандарды әлемге христиандық көзқарастары қалыптасты, театр соңыра бастайтын болды миракль және мистерияны католик храмында бiрiншi литургиялық драма жасалды. Бұл орта ғасырлық театрдың екi бағыттары - тән, бұқара және аскеттiк, дiни - қарама-қайшылықталарда әрдайым болды, бiрақ бұл оларға сол театр ұсынысын қатар өмiр сүруге қарама-қайшылық жасамады.

Бұл екi бағыттарға орта ғасырдың екi негiзгi сыныптары тұрды: дiн басшысы және ортасынан қалалық буржуазияның өкілдеріне кешiрек шығатын шаруашылық.

  1. Батыс еуропалық театрдың бастаулары.

Эллиндық бостандықпен бiрге ұлы көне көркемөнер де құлдырау шағында болды. Айрылған өз азаматтық мазмұны, грек театры эсхилдың деңгейi және софоклге дейiн ендi ешқашан жоғары көтерiлмедi. Римдiк аристократтық республика батырлық халық трагедиясының жасауына ұмтылмады. Римдiк плебс азаматтардың белсендi құқықтарымен бiлмедi және елдiң қоғамдық өмiрiнен алыстатқан. Римдiк театрында сондықтан тар шектелген тұрмыстық тақырыппен тек қана комедиясы және таза қалжыңбастан мақсат алған салтанатты оқиғалар кең дамытуларын алды. Халық самсап тұр көбiрек цезарьлердiң өкiметiмен басым болған сайын және қоғамдық өнерпаздық айрылып қалған сайын бәрiнен алыс немен құлиеленушiлiк формация дамыды және, сол ұдайырақ Римдiк империяның соңғы жүз жылдықтарында өз мүлде жойған театр көркемөнердiң құлауында болды. Трагедия көрсетілім үшін жазылмады, ашық ұсыныстар үшiн емес, камералық оқуы үшiн болды. Театр көркемөнердiң iшкi жiктеуi түрiнiң сөздiк және майысқақ бiрлiгi толып қалды және бiр сахналық кейiпкердiң суретi үшiн екi орындаушы қажет болды: біреуі өлеңдер оқып отырып, екiншiсі тиiстi ымдар және трагедияның қозғалысын өндiрiп алды пантомимаға тұру керек болды. Театр ерекше өнер ретінде бар болмады. Қаусаған көне заман халық өнерi, ол үшiн қоректендiргiш топырақпен қызмет көрсете алмады өз соңғы жүз жылдығына жеттi. Iшкiсi империяны ыдыратты мейiрiмсiз сыртқы ұтылулармен жарысады. Және Рим құлады. [1; 243]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Театр өнерінің ерекшелігі
Өнер және эстетикалық дәстүрлер
Орта ғасырдағы Италияның өнері
Орта ғасырлардағы Италия мәдениеті
Қытайдағы театр өнерінің қалыптасуы және дамуы
Шетелдерде балалар музыкалық тәрбиесінің дамуындағы негізгі бағыттар мен беталысы (тенденциялары) (Австрия, Венгрия, Болгария, Германия, Жапония, АҚШ және т.б)
Бирманың XVI-XIX ғғ әлеуметтік-экономикалық дамуы
Италияның басқа
Антикалық дәуір музыкасы. қайта өрлеу дәуіріндегі музыкасы. 18-ғасырдағы музыка
«Өнер» баспасы өнімдерінің ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz