СӨЗДІК ҚҰРАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
І СӨЗДІК ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
1. Сөздік түсінігі және оның түрлері 5
1.2 Сөздік құрылымы 9
ІІ СӨЗДІК ҚҰРАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1 Сөздікке енгізілетін лексикалық бірліктерді таңдау
12
2.2 Ұғымдардың мағыналарын ұйғару және бекіту
15
2.3 Жазбалардың орналасуы және иллюстрациялық мысалдар 18
2.4 Сөздерді енгізуді реттеу және сәйкес баламаларын таңдау
21
ҚОРЫТЫНДЫ 25
Пайдаланылған әдебиеттер
27
КІРІСПЕ
Сөздік құрастыру үрдісі – сөздерді тарихи естелік ретінде сақтап
қалудың бірден-бір тәсілі. Сөздіктердің көптеген түрлері мен нысандары бар
әрі олар лексикографиялық сипаттау тілін байыту мен жақсартуда маңызды рөл
атқарады. Олар сөздік құрастырудың кейбір мәселелері болып табылады.
Сөздікті алғашқы рет жинауда тап болатын мәселелерді білу үшін біз
жалпы сөздік құрастырудағы мәселелерді біліп алуымыз қажет. Осылайша,
сөздік құрастыру дегеніміз кітап (сөздік) жазу, түрлі ақпарат пен оның
бөліктерін қолдануды және т. б. білдіреді. Сөздік құрастыру жұмысы шын
мәнінде, едәуір және оны жинау үшін өте көп уақыт жұмсалады. Бұл үрдіс
мынадай басты кезеңдерден тұрады:
▪ материал жинақтау;
▪ жазбаларды таңдау және оларды үйлестіру;
▪ әр сөзді енгізуді реттеу.
Лексикограф өзінің жұмысын атқару барысында түрлі проблемалармен
кездеседі. Олардың кейбіреулері сөздіктердің барлық түрлеріне, ал
кейбіреулері тек белгілі бір түріне немесе бірнеше түрлеріне тән болып
келеді. Гинзбург Р. С. теориясы бойынша сөздіктердің көптеген нысандарының
басты проблемалары болып мыналар табылады:
1) сөздік құрамына енгізу үшін лексикалық бірліктерді таңдау;
2) олардың үйлесімділігі;
3) жазбаларды реттеу;
4) сөздердің мағыналарын таңдау және оларды үйлестіру (топтастыру);
5) ұғымдардың мағыналарын ашу;
6) иллюстрациялық материал;
7) қосымша материал.
Сөздікті жасаушылардың мақсаты – қазақ тілінің сөздік құрамын
мүмкіндігінше түгел қамтитын көп томдық академиялық түсіндірме сөздік
жасап, тіліміздің лексика-грамматикалық, фразеологиялық, семантикалық
байлығын көрсету, оның қолданылу мүмкіншілігін, жұмсалу орнын айқындау.
Бұл, әрине, оңай міндет емес. Ол үшін, ең алдымен, тіліміздегі барлық
сөздерді жинастырып, олардың құрамын анықтау, алфавиттік ретке түсіру,
лексикалық мағыналарын саралап, жүйелеу, оларға дұрыс та дәл анықтама беру,
фразеологиялық тұрақты тіркестерді бөліп шығарып, олардың мағыналарын ашу,
ең соңында, жаңағы аталған сипаттамаларды дәлелдей түсу үшін, әр түрлі
әдебиеттерден алынған мысал-цитаталар беру қажет.
Бұл тұрғыда аталып отырған сөздіктің ерекшелігі – сөздікте қазақ әдеби
тілінің лексика-фразеологиялық жүйесіндегі жұртшылыққа кеңірек тараған
сөздер, тұрақты тіркестер молынан кездеседі. Сонымен қатар тарихи
еңбектерде, мәдени, көркем шығармаларда жиі ұшырайтын атаулар, көркем
әдебиет тілінде жиірек кездесетін жергілікті сөздер мен кейбір көне сөздер,
көптеген ғылымның саласына ортақ терминдер мен пәнаралық атаулар біршама
қамтылған. Алдыңғы сөздіктерде мысалдарға көбінесе көркем әдебиет
үлгілерінен алынатын болса, бұл жолы мысалдардың бұқаралық-ақпарат
құралдарда орын алатындығы да қамтылған. Әсіресе ескеретін жайт – кезінде
белгілі себептермен алғашқы сөздіктерде орын алмай келген алаш
қаламгерлерінің шығармаларынан алынған мысалдар молынан орын тапқан.
Сонымен қатар сөздіктің басты құндылығы – сөзтізбедегі сөздердің
көптігі, барынша қамтылғаны ғана емес, ондағы сөз қатысатын тұрақты
тіркестерді де түгел тіркеп көрсетуі. Бұлар бұрын әліпби тәртібімен, бірақ
мәтіндегі орны бөлектенбей, жалғастырып берілсе, бұл жолы әліпби тәртібімен
жаңа жолдан теріліп берілген, бұл керек сөз тіркесін тез тауып алуға
көмектеседі.
Сөздіктің сапасын арттыру барысында істелген және бір сәтті
тұстарының бірі – әр алуан шартты белгілермен жабдықталуы. Олардың ішінде
бұрынғы сөздіктерде орын алмағандары да бар. Мысалға, шетелдік сөздердің
сол тілдегі графикалық түрі берілген. Сол сияқты биологиялық атаулардың,
яғни аң-құс, жан-жануар, өсімдік атауларының дүниежүзілік стандартты
латынша түрі де көрсетіліп отырады. Сөздікте орын алған 200-ге жуық шартты
белгілер оны тағы мәрте асқақтата түсіп, жоғары сатысын танытады. Араб-
парсы сөздері араб әріптерімен, Еуропа тілдерінен енген сөздердің латын
графикасымен көрсетілуі өте сәтті амал екені даусыз.
І СӨЗДІК ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
1. Сөздік түсінігі және оның түрлері
Сөздік –
1. жеке тілдің сөздік құрамының, әлеуметтік топ диалектісінің, жазушы
шығармаларының лексикалық жиынтығы;
2. тілдегі сөздерді, сөз тіркестерін, идиомдарды әліпби негізінде я
тақырыптық тұрғыдан жүйеге түсіріп, олардың мағынасын ашатын,
аудармасын түсіндіретін анықтамалық құралмасы; сөздік кітап болып,
басылып шығуы да, қолжазба ретінде көшіріліп, тарауы да мүмкін. Алайда
компьютер мен интернеттің пайда болуымен электронды сөздіктердің
басымдылығы айқын болып келеді.
Сөздік тарихы. Алғашқы сөздік өзге тілдер сөздерін түсіндіру мақсатында
ерте заманда жасалды. Грекияда б.з.б. 5 ғасырда, Үндістанда б.з. 12
ғасырнда (“Хемачандра”), Ресейде 13 ғасырдан бастап сөздіктер құрастырылды.
Түркі халықтарының алғашқы сөздікі 11 ғасырда жазылған Махмұт Қашқаридың
“Диуани лұғат-ит-түрк” еңбегі саналады. Кейінірек екі тілді немесе көп
тілді сөздіктер жасалды. Мысалы, араб-парсы, түрік-моңғол сөздерін
салыстыру тұрғысынан Замахшаридың “Мұқаддимат әл-адаб” сөздігі (12 ғасыр),
Әбу Хайянның “Китаб әл-идрак Ли-Лисан әл-атрак” атты қыпшақ тілінің
грамматикасы мен сөздерінің жинағы (14 ғасыр), Жамал әд-Диннің араб-қыпшақ
сөздігі ретінде құрастырылған “Бұғат әл-мұштақ” (15 ғасыр) еңбектері. Қазақ
тілінің сөздіктері 1860 жылдардан бастап жарық көре бастады. Сөздіктің
әлеуметтік қызметінің маңызы ерекше: дереккөзі ретінде жылдам ақпарат алуға
болады; сөздердің мағынасы мен дұрыс қолданылуы туралы нормативтік бағыт
береді, т.б. Сөздік жасаудың әдісін, теориясы мен тәжірибесін,
технологиясын лексикография саласы зерттейді.
Сөздіктердің түрлері. Сөздіктердің түрлері өте көп, шартты түрде оларды
лингвистиқалық, филологиялық және анықтама сипатындағы энциклопедиялық
Сөздіктер деп бөледі. Энциклопедиялық сөздіктерде белгілі бір салаға
қатысты ұғым, дерек, зат, құбылыстар сипатталса, лингвистикалық Сөздіктер
әліпбилік тәртіппен белгілі бір тілдің лексикасы мен фразеологиясын
түсіндіруді мақсат тұтады. Мұндай сөздіктер әдеби тілдің әбден қалыптасып,
халықтың тіл мәдениеті кемелденген тұста, сөз байлығын нормалық тұрғыдан
сипаттау қажеттілігі туындаған жағдайда жасалады. Лингвистикалық
сөздіктердің бірнеше түрлері бар: екі тілді не көп тілді аударма сөздіктер,
т.б. Аударма сөздіктер бір тілдегі сөздерді басқа тілдің балама сөздерімен
беріп, ұлттар арасында сөз алмасу үрдісін, өзара қарым-қатынас жасауды
дамытса, түсіндірме сөздіктер сөздердің лексика-грамматикалық сипатын,
экспрессивті-эмоционалды бояуын танытып, маңызды ақпараттық дереккөзін
сақтаған рухани қазына ретінде қабылданады.
Қазақ лексикографиясы қазақ тілі білімінің өзге салалары тәрізді
негізінен соңғы 50-60 жыл ішінде туып қалыптасты. Революсияға дейін бізде
не бары екі тілді шағын сөздіктер ғана болса, онан бергі кезеңде 10-15
түрлі сөздік түрлері пайда болды. Солардың ішінде ең көп шыққан түрі- екі
тілді аударма сөздіктер.
Сөздіктердің тіл-тілде бірнеше түрі бар. Олардың әрқайсысы әр түрлі
мәдени қажеттілікті өтеу үшін жасалады. Лингвистикалық сөздіктер жасалу
мақсатына қарай бірнеше түрге бөлінеді.
1) Сөздіктердің ішінде тілдің лексикасының шығуын дамуын және оның
бірнеше дәуірін қамтитын түрі бар. Мұндай сөздіктер тарихи сөздіктер деп
аталады. Керісінше сөздіктердің кейбір түрі қазіргі тілдің сөздіктері деп
аталады.
2) Сөздіктердің белгілі бір түрі тілдегі күллі сөздерді түгел қамтып
сипсттауды мақсат етеді. Мұндай сөздік толық сөздік деп аталады.
Сөздіктердің енді бір түрі тілдің енді бір дәуірдегі сөздерін немесе
лексиканың белгілі бір саласын қамтитын сөздік түрінде жасалады. Мұндай
сөздік толық емес сөздік деп аталады.
3) Сөздердің ана тілінде түсіндірілуі немесе басқа тілге аударылып
түсіндірілуіне қарац сөздіктер екі түрге бөлінеді: бір тілдік түсіндірме
сөздіктер және екі немесе көп тілдік түсіндірме сөздіктер.
4) Берілген сөздердің алфавит тәртібімен көрсетілуіне немесе сөздермен
берілетін ұғымдардың топтпрының рет- ретімен көрсетілуіне қарай екі түрге
бөлінеді: 1. дыбыстық немесе алфавиттік сөздіктер; 2. идеологиялық
сөздіктер немесе ұғымдар сөздігі.
Сонымен, сөздіктерді төрт түрлі топқа бөліп қарауға болады.
1. Сөздердің шығу тегі мен олардың семантикасының дамуы туралы мағлұмат
беретін сөздіктер. Тарихи сөздіктер.
2. Қазіргі тілдегі сөздердің мағыналарын түсіндіріп, олардың қолданылуы
жайлы мағлұмат беретін сөздіктер. Бұларға кіретіндер: Түсіндірме сөздік.
Аударма сөздік. Терминалогиялық сөздік. Диалектологиялық сөздік.
Фразеологиялық сөздік. Стнонимдер сөздігі.
3. Сөздердің дыбыстық құрылысы мен олардың жазылуы туралы мағлұмат
беретін сөздіктер. Бұлар: Фонетикалық сөздік. Орфографиялық сөздік.
4. Заттар мен құбылыстардың ұғымдарын айқындап түсіндіретін сөздіктер.
Олар: Энциклопедиялық сөздік. Иллюстративтік сөздік.
Аударма сөздік — лингвистикалық (тілдік) сөздіктің бір түрі. Аударма
сөздік екітілді немесе көптілді (ағылшынша-орысша-қазақша) болып келеді.
Аударма сқздіктің негізгі объектісі белгілі бір тілдегі сөздер мен тұрақты
сөз тіркестерін екінші тілге тәржімалау. Тұңғыш Аударма сөздік үлгілері
еткен ғасырдың II жартысынан бастап жарық көре бастады(Алекторов A. Е.,
Краткий казахско-русский словарь, Приложение к книге "К мудрости
ступенька", М., 1891; БокинТ., Русско-киргизский словарь, Верный, 1913;
Катаринский В. В. Краткий русско-киргизский словарь, Оренбург, 1897; Радлов
В. В. Опыт словаря тюркских наречии, 4-изд., СПб., 1888-1905). Осы ғасырдың
20-ж. бастап орысша-қазақша сөздіктер жасауға айырықша мән берілді. 1925-26
ж. бірнеше Аударма сөздіктер (Казахско-русский словарь, Қызылорда, 1925;
Орысша-қазақша әскерлік атаулары, Қызылорда, 1926), ал 1936 ж. латын
әліпбиі негізінде "Қазақша-орысша сөздіктер" ұдайы шығарылып тұрды. Аударма
сөздіктің бірнеше түрлері бар: бір тілдің сөздік құрамына, лексикалық
байлығына негізделіп, сөздің негізгі мағынасы, семантикалық құрылымы,
сөздің грамматикалық тұлғалымар арқылы түрленуі, стильдік ерекшеліктері,
сөзтіркесімділік қабілеті, осы сөз дәйек болатын тұрақты тіркестер жан-
жақты қамтылатын екітілді сөздіктер; ғылымның белгілі бір саласына қатысты
терминдік атаулардың екінші тілдегі баламасы көрсетілетін сапалық
терминологиялық сөздіктер\ сөздік құрамының белгілі бір шектеулі бөлігі
ғана қамтылатын, арнайы бір топқа (Мысалы , мектеп оқушыларына, тілді жаңа
үйренушілерге) арналған тілашар сөздіктер және т. б. Аударма сөздік
лексикография ғылымының принциптеріне сәйкес жасалады. Сөздер әліпби
тәртібімен беріліп, оның тұсына стильдік белгілер (көне, тарихи, эмоциялық
экспрессия) қойылады немесе түсініктемелер жазылады, сондай-ақ техникалық
әдістер (таңба-белгілер, курсив, қалың бояулы жазу) пайдаланылады.
Көздеген мақсаты мен ғылым мазмұны жағынан маңызды, әрі елеулі
сөздіктердің бірі 1954 ж. шыққан 50000 сөзді қамтитын "Орысша-қазақша
сездік" (жалпы редакция басшысы — Н. Сауранбаев). Аударма сөздіктің тағы
бір түрі — әр түрлі ғылымдар саласында қолданылатын аталымдар тізілімінен
тұратын екітілді (көптілді) салалық терминологиялық сөздіктер. Алғашқы
терминологиялық сөздік 1931 жарық керді (Атаулар сөздігі, Қызылорда, 1931).
1952 жылдан бастап салалық аударма терминологиялық сөздік ұдайы шығарыла
бастады. Шет тілден қазақ тіліне тәржімалануы негізінде жасалған екітілді
Аударма сөздіктің де практикалық маңызы үлкен. Лексикография сапасында
"Арабша-қазақша түсіндірме сөздік" (Н. Оңдасынов, А., 1989); "Парсыша-
қазақша сөздік" (Н. Оңдасынов, А„ 1974); "Ағылшын-қазақ сөздігі"
(С.Ахметова, М.-А., 1960); "Қазақша-ағылшынша сөйлесу" (Ж. Қалиев, Ә.
Есентемірова, А., 1966); "Немісше-қазақша сөздік" (М. Тәттімбаева, А.,
1977) типтес сөздіктер бар. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуына
байланысты 1989—1990 ж. арасында көптеген екітілдік, көптілдік,
терминологиялық, екітілді фразеологиялық, түсіндірме сөздіктер жарық көрді.
Аударма сөздіктер екінші тілді оқып-үйренуге, тілдерді оқыту, үйрету
процесінің тиімді жолға қойылуына, сондай-ақ тәржіманың ғылым -практикалық
жұмыстарының жоғары деңгейде қалыптасуына игілікті ықпап етеді.
1.2 Сөздік құрылымы
Сөздіктің жалпы құрылымына келер болсақ, алдымен сөздікке алынған
сөздер әліпби тәртібімен беріледі. Лұғаттық мақалада тақырыпқа алынған
сөздің мағынасы жан-жақты ашылып, сипаттама, түсінік жазылады. Тақырыпқа
алынатын сөз азатжолдан басталып, қоюлатылған әріппен беріледі. Одан кейін
грамматикалық мағынасы, яғни қай сөз табына жататыны көрсетіледі; уақыт
тұрғысынан көне болса, көне (к ө н е.); территориялық жақтан шектеулі
болса, жергілікті (ж е р г.); стильдік қызметі шектеулі болса, кітаби (к і
т.), сөйлеу (с ө й л.), эмоционалды (э м о ц.), экспрессивті (э к с п р.),
алғыс (а л ғ ы с.), қарғыс (қ а р ғ.) т.б.; қолданылу аясы шектеулі болса,
лингвистикалық (л и н г в.), техникалық (т е х.), биологиялық (б и о л.),
этнографизм (э т н.) т.б. белгілер қойылған.
Лексикография сөздіктерді құрастырудың ғылыми методикасы дегенді
білдіреді. Сөздіктерді жасау үшін, тілдегі сөздер мен фразеологиялық
оралымдарды жинау және оларды жүйеге келтіру жұмыстары жүргізіледі. Сөздік
жасау жұмысы лексикографиялық жұмыс деп аталады.
Лексикография теориясы әр түрлі сөздіктерді жасау жұмыстарының
тәжірибелерін ғылыми тұрғыдан қорытындылаудың негізінде және
лексикологиялық зерттеулер мен олардың жетістіктерін таяныш етудің
негізінде жасалады. Сөздіктің сапасы лексикография теориясының дәрежесі
неғұрлым жоғары болса, сөздіктер де соғұрлым мазмұнды, соғұрлым сапалы
болмақ. Сөздіктердің сапасын арттыру сөздік жасау жұмысына қатысты көптеген
теориялық және практикалық мәселелер жайында зерттеу жұмыстарын жүргізуді
қажет етеді. Олардың ішінде назар аударатын мәселелер мыналар: сөздің
лексикалық мағыналарының типтері, мағына мен қолданылып, сөз мағыналарының
сөздікте берілу тәртібі, полисемия құбылысы мен омонимия құбылысының
айырмашылығы, фразеологиялық сөз тіркестерінің сөздікте берілу принциптері
және т.б
Түсіндірме сөздік әдеби тілдегі жалпылама және жиі қолданылатын
сөздерді қамтып, олардың мағыналарын талдап түсіндіруі әдеби тілдің
лексикалық, семантикалық нормаларын көрсетуді мақсат етеді.
Орыс тілінде түсіндірме сөздік жасаудың мол тәжірибесі бар. Словарь
Академии Россиской деп аталатын сөздік алғаш рет 1783- 1794 жылдары
жасалды. Аталған сөздіктің алғашқы тәжірибесі ретінде үлкен мәні болды.
Мұнан кейін де бірнеше сөздік жасалды. Осы сөздіктердің ішінен В.И. Даль
құрастырған Толковый словарь живого велико- русскогк языка деген сөздік
айрықша орын алады.
Кеңес өкіметінің алғашқы он жылының өзінде жаңа социололистік
мәдениеттің жасалып дамуына жағдайлар жасалды.
В.И.Лениннің идеясымен орыс тілінің кеңес дәуіріндегі түсіндірмесөздігі
жасалып, бірнеше жылдан кейін профессор Д.Н.Ушаковтың редакциясымен басылып
шықты.
Түркі тілдердің әрқайсысының алғашқылары кейінгі жылдары жарық көре
бастады. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінің бір томы 1959 жылы, ал
екінші томы 1961 жылы жарыққа шықты. Бұл Сөздік- қазақ тілінде түсіндірме
сөздік жасаудың ең алғашқы тәжірибесі.
Түсіндірме сөздікте сөздер семантикалық, грамматикалық және
стилистикалық тұрғыдан түсіндіріледі. Мұнымен бірге, онда әдеби тілдегі
сөздердің дұрыс жазылуы мен айтылуы да көрсетіледі.
Сөздікте енгізіліп, мағынасы түсіндірілетін сөз реестр сөз деп аталады.
Әрбір реестр сөзден кейін ол сөздің қай сөз табына қатысты екенін
көрсететін белгілер қойылады. Мысалы: зат (зат есім), сын (сын есім), ес
(есімдік), үс (үстеу),т.б Архаизмдер мен историзмдерден кейін осы сөздердің
бірінші буынынан құралған белгілер қойылады.
Егер сөз белгілі бір стильге тән болса, оған стилистикалық мінездеме
беріліп, тиісті белгі қойылады. Мысалы профессор Д.Н.Ушаковтың
редакциясымен шыққан Орыс тілінің түсіндірме сөздігінде көптеген
сөздердің тұсына олардың қай стильге тән сөздер екендігі егер шет
тілдерінен енген сөз болса, қай тілден енгендігі туралы белгілер қойылған.
Негізінен сөздіктер көздейтін мақсатына, қолданысына, белгілі бір
тақырыбына байланысты көптеген түрлерге жіктелсе, аталып отырған сөздік
солардың арасындағы Түсіндірме сөздік деген түріне жатады. Бұл да екі, үш
не көп тілдік, терминологиялық сөздер сияқты ең зәру, ең көп қолданылатын
құрал болуымен қатар тілдегі әр сөздің білдіретін мағынасын түсіндіріп,
қолданылатын орнын, мақсатын, тұп-төркінін, т.б. баяндап береді.
Мұндай сөздіктер жасалынып жатқан кезде де, жасалынып біткеннен кейін
де үлкен мән беріліп, аса ыждағаттылықпен қолға алынуға тиісті зор еңбек
болып саналады. Сондықтан да сөздік жасау оңай дүние емес. Кейбір
ғалымдардың тілдің лексикалық қорын білсе болды, сөздік жасауға болады
деген ұғымын А.Ысқақов, Ә.Болғанбаев, Б.Қалиев сияқты тіл білімінің
өкілдері жаңсақ пікірге балап, жақсы сөздік жасау үшін тілдің лексикалық
байлығын білу аз, сонымен бірге сөздікті жасаушы адам лексикографияның
теориялық жағымен де жақсы қарулануы керек, - деп есептейді. (3, 4-бет)
Бүгінгі әңгіме өзегі болып отырған сөздіктің авторлары да зор еңбекке
жұмылған зор тұлғалар болса керек. Бұл үлкен жұмыстың бастамасы мен әрі
қарайғы орындалу барысы 10 жылға жуық жоспарланып келген. Алдымен,
сөздіктің түзіліп, жарыққа шығуына бір емес бірнеше жандардың еңбегі
сіңіргенін ғалым Р.Сыздықованың ел газеті Егемен Қазақстанда жарияланған
Асыл қазынамыздың алтын кілті атты мақаласында: Үлкен сөздіктің бірінші
томы 2006 жылы жарық көргенмен, оны дайындау жұмысы бұдан біраз бұрын
басталған. Сондай-ақ сөздіктің жоспарлануынан бастап, жарық көргенге
дейінгі жұмыстарына тікелей араласып, қолжетімді таралымын басып шығаруды
жүзеге асырған бұрынғы Мәдениет министрі, бүгінгі Мемлекеттік хатшы М.Құл-
Мұхаммед пен Тіл комитетінің төрағасы Ш.Құрманбайұлының да еңбектері
өлшеусіз. Бұл өте көп материалды көзден өткізген бас редакция алқасының
мүшелері Әбдуәли Қайдар, Рәбиға Сыздық, Шора Сарыбаев, Өмірзақ Айтбаев,
Ерден Қажыбек, Ғарифолла Әнес сияқты тұлғалар, сонымен бірге редакциялау
жұмыстарының қызметкерлері қатарынан А.Жаңабекова, О.Жұбаева, Қ.Күдеринова,
А.Үдербаев, А.Фазылжанова, Р.Шойбеков есімдері ерекше көзге түседі,- деп
атап көрсетілген болатын.

Сөздіктер барлығын қамти алатын үлкен академиялық сөздіктер және
біршама қысқа – өзінің негізінен біраз қысқартылған қарапайым сөздіктер
болып бөлінеді деп ойлау қате болар еді. Негізінде, тек өлі тіл сөздіктер
немесе кез келген автордың тілін көрсете алатын глоссарийлер (сөздіктер)
ғана лексикалық бірліктерді белгілей алатындай толық болуы мүмкін. Ұдайы
пайда бола беретін жаңа мәтіндері бар, ауызекі айтылуының сан жетпес
нысандары бар өмір сүруші тілдерге қатысты, ақылға қонымды көлемдегі бірде-
бір сөздік лексикалық бірліктің барлық кездейсоқ өтініштерін рұқсат етілген
тіркеуден өткізе алмады және бұл жағдайда барлық шынайы лексикалық
бекеттерді де енгізу мүмкін емес. Барлық техникалық терминдерді жазу мүмкін
емес, себебі олардың саны шексіз әрі ол сан шын мәнінде, күн сайын өсе
береді. Осылайша, лексикалық бірліктерді таңдау сөздіктердің барлық түрлері
үшін маңызды екені айқын.
Лексикограф тап болатын алғашқы мәселелердің бірі құрылып жатқан
сөздікке енгізу үшін лексикалық бірліктерді таңдау болып табылады.
Біріншіден, сөздікке енгізу үшін таңдалатын лексикалық бірліктердің типі
шешілуі керек. Олай болса лексикалық бекеттердің саны анықталуы қажет.
Осыдан кейін біз нені таңдап алу, ал нені сөздікте ескермеу басты мәселе
екендігін көреміз. Сөздік тілдің қай түрін – ауызекі әлде, жазба, әлде
екеуін де айқындауы тиіс? Сөздікті көнерген және архаикалық бірліктер,
техникалық терминдер, диалектизмдер немесе коллоквиализмдер құрау тиіс?
Бұл сұрақтардың біреуіне де ешбір бірегей жауап жоқ. Орындауға
жарайтын жауаптардың ішінен біреуін таңдау оның сөздіктің қай типіне, оның
көлеміне, сөздікті өндірушінің лингвистикалық концепцияларына, сөздіктің
болашақ қолданушысына және басқа да кейбір аспектілерге тікелей тәуелді.
Түсіндірме және аударма сөздіктерде әдетте, фразеологизм мен сөз бірліктері
болады және олардың кейбіреулерінде жеке жазба ретінде аффикстер де
кездеседі. Хабарландыру, этимологиялық және кейбір басқа да сөздіктер тек
қана сөздермен ғана жұмыс істейді. Олардың көпшілігі графикалық бірліктерге
кіреді, осылайша, олар омонимдерді ажырата алмайды. Мысалы:
Зат есім
Үстеу арт(қа) (back)
Етістік
Басқа сөздер әдеттегі лексикографиялық тәжірибеге сәйкес енгізіледі,
бірақ олар әлі де морфемдар мен сөз тіркестерінің жазбаларын жасайды.
Сөздік құрастырушының мақсатына сәйкес сөздікке енгізілетін бірліктер басқа
сөздіктерден немесе ауызекі сөйлесуден де алынуы мүмкін.
Р. Түсіпқалиеваның еңбегінде басты сұрыптау ұстанымдары туралы
төмендегідей тұжырымдар келтіріледі:
1. Сұрыптаудың басты ұстанымы – статистикалық ұстаным (Ең алдымен
тілдік бірліктің қолданым жиілігі ескеріледі).
2. Сөздің тіркесімдік қабілеті (тіркесімге көп түсетін сөз – тілүйренім
тұрғысынан маңызды сөз. Сондықтан ортақ минимумға синтаксистік және
лексикалық тіркесімдік әлеуеті мол сөз алынады).
3. Тілдік бірліктің сөзжасамдық мүмкіндіктері, яғни сөз түбірінің
тарамдану қабілеті мол сөз. Бір сөзді білсең, біртекті сөздерді тану қиын
емес.
4. Сөздің семантикалық құндылығы. Бұл ұстаным бойынша, минимумға
көпмағыналы сөздер алынуы керек. Барлық мағыналары бірдей актив меңгерілуге
жатпайтындықтан, минимумға ол сөздің негізгі, басты мағынасы алынады. Бұл
ұстаным тілдік қатардан синонимдерді таңдап алуға, антонимдерді тауып
алуға, т.т. жағдай жасайды. Осы ұстаным арқылы интернационалдық лексиканың
минимум сөздігіне сұрыптау жасалады.
5. Сөздің стилдік бейтараптығы. Бұл ұстаным бойынша, ұлттық мектепке
(жоғарғы, орта) арналған минимум-сөздікке стильдік тұрғыдан бейтарап әдеби
тіл сөздерін алуға жағдай жасайды.
6. Жағдаяттық-тақырыптық ұстаным. Бұл ұстаным қолданым жиілігі төмен
болса да, тілде сөйлеушінің әрқайсысына да қажетті нақты сөздермен
минимумды толықтыруға мүмкіндік береді. Лексиканы сұрыптаудың жағдаяттық-
тақырыптық ұстанымның қолданылуы минимум сөздікке алынуға тиісті тақырыптар
мен жағдаяттың нақты көлемі белгіленген жағдайда ғана мүмкін болмақ.
7. Сөздің методикалық тұрғыдан оқыту мақсатына сәйкестігі. Бұл ұстаным
лексикалық минимумды үйренілетін тілдің грамматикасымен, сөзжасамымен,
фонетикасымен, орфографиясымен, әдебиетімен, жалпы тілүйренім процесін
ұйымдастырумен үйлестіруге мүмкіндік береді [8].
Біз ғалым тарапынан келтірілген ұстанымдардың саны мен мазмұны туралы
тұжырымдарды қолдаймыз. Біртілді оқу сөздігінің сөзтізбесін түзуде осы
аталған ұстанымдарды басшылыққа алған жөн болмақ. Дегенмен, базалық
лексиканы қамтитын біртілді оқу сөздігінің құрылымына арналып отырған
зерттеуімізде өте-мөте маңызды екі мәселеге кеңірек тоқталған дұрыс болады
деп ойлаймыз. Олар: сөздікке алынатын лексикалық бірліктердің қолданым
жиілігі мен тақырыптық таралымы туралы мәселелер.
Біртілді оқу сөздігіне алынатын лексикалық бірліктердің қолданым
жиілігі. Мамандардың пікірі бойынша, бір мыңнан бастап төрт мың сөздік
көлемге дейінгі минимум сөздіктер тіл негіздерін белсенді, пәрменді түрде
меңгеруге бағдарланған актив сөздіктер болып саналады. Олардың ішіндегі
1500 бірлікке дейін қамтитын аса шағын көлемді туындылар тілді меңгерудің
бастапқы сатысына арналған элементар сөздіктер қатарын құрайды. Демек,
қазақ тілін үйренудің, меңгерудің бастапқы, элементарлық курсына лайықталып
жасалатын шағын минимум сөздіктің сөзтізбесі әдетте 1500 сөзге дейінгі
көлемді қамтиды. Р.Түсіпқалиева сұрыптаудың жеті ұстанымын қолдану
негізінде сараланып, сарапталып алынған 1300 бірлікті қамтитын ортақ
лексикалық минимум құрамын ұсынады. Бұл – жоғарыда сөз болғандай, тілді
үйренудің бастапқы сатысы үшін арнайы жасалған тізбе. Ал біздің еңбегімізде
сөз болатын 1500 бірліктен 4000 бірлікке дейінгі көлемдегі, тілдегі
базистік лексиканы қамтитын сөздіктер келесі сатыға, тілді базистік
деңгейде меңгеруге бағдарланады.

білдіреді. Сөздіктерді жасау үшін, тілдегі сөздер мен фразиологиялық

Сөздіктерде сөздерге әр ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz