Қазақстанның көрікті жерлерінің - туризм саласындағы сапа менеджмент жүйесінің ерекшіліктері


Мазмұны
Кіріспе
Қазіргі туризм - бұл әлемдік экономиканың құлдырауды білмейтін саласы. Бүгінгі таңда туризм жоғары табысты және қарқынды түрде дамып келе жатқан сала болып табылады. Әлемдік туристік ұйымның мәліметтері бойынша дүниежүзілік өндірістік-сервистік нарық айналымының 10%, әлемдік жиынтық ұлттық табыстың 6%, дүниежүзілік инвестицияның 7%, әрбір 16 жұмыс орнын, дүниежүзі бойынша тұтынушылар шығындарының 11% және барлық салық түсімдерінің 5% туризм саласы камтиды. Бұл мәліметтер туризм индустриясының жоғарғы экономикалық тиімділігінің айғағы болып табылады және таза экономикалық тиімділікке енетін туризмді дамыту арқылы кол жеткізуге болады.
Туризм - дүниежүзілік экономиканың ең жақсы дамыған саласы болып отыр. Соңғы жылдары кейбір мемлекеттер, мысалға алғанда Малайзия, Тайланд және Қытай өз мемлекеттерінің экономикаларының қарқынды дамуына, шет ел туристерін тартуға бағытталған реформалардың көмегімен қол жеткізіп отыр. Егер жылдардың статистикалық ақпараттарына жүгінетін болсақ, туризм экономиканың ең тиімді деп саналып келген салаларынан да жоғары табысқа ие екенін көре аламыз. Қазіргі кезде туристік бизнестен түскен табыс, мұнай мен автокөлік экспортынан да тиімді болып отыр. Көптеген елдерде туризм халықтың жұмыспен қамтылу мәселесін шешуде, осылайша бұл салада жұмыс істейтін адамдардың саны пайыздық өлшемде жер шарының жұмысқа жарамды халқының 10 % жақындай түсуде.
Туризм - әлемдік экономикада басты рөлдердің бірін атқарады. ДТҰ-ның деректері бойынша ол әлемдік жалпы ұлттық өнімнің бір бөлігін, халықаралық инвестициялардың 11 пайызынан астамын, әлемдік өндірістегі әрбір 9 жұмысшының орнын қамтамасыз етеді. Қазіргі туризм индустриясы ірі жоғары табысты және жоғары деңгейде дамып жатқан халықаралық саудадағы қызмет көрсетулердің бірі. Халықаралық туризм әлемдік экспорт табысының 8 пайызын, экспорттағы қызмет көрсетулердің 37 пайызын алады.
Статистикалық зерттеулерге сүйенетін болсақ, дүние жүзінің орташа саяхатшысы өзіне демалу үшін маршрут таңдаған кезінде бірінші орынға қызмет сапасы, ойын-сауық қызметтеріне, тарихи-мәдени ерекшеліктерін зерттеуді емес, территорияның табиғи ескерткіштерін қояды екен. Алматы қаласында 1989 жылы мықты қызмет құру инфрақұрылымы болмаса да жыл сайын 1, 5 миллион туристерді қабылдап отырғандығы кездейсоқтық емес. Жақын болашақта Алматы қаласы мен Алматы облысының туризмнен түсетін пайдасы жүздеген миллион долларларға тең болу мүмкіншілігі айқын екенін көрсете аламыз.
Демалушылардың саяхат жасау ауданы мен демалыс аумағын таңдаудағы негізгі көрсеткіштерге табиғи қордың атқаратын орны ерекше болып табылады. Туристер негізінен демалыс территориясының ландшафт пен климатының ерекшеліктеріне, табиғат әлемінің әртүрлілігіне және жануарлар әлемінің байлығына, спортпен, аңшылық пен балық аулаудың табиғи жағдайларына көп көңіл бөледі. Территория қандай ресурстарға бай болуына байланысты, онда жүргізуге болатын рекреациялық әрекеттердің түрлері мен формаларын анықтауға болады. Қазақстан табиғатының шексіз әр түрлілігі, үлгі сияқты, өзіне тән географиялық аймақ, Жетісу деп аталатын географиялық орынға ықпал еткен. Жетісу бірегей табиғи қарама-қайшылықтарға толы, өте бай жан-жануарлар мен өсімдік дүниесімен туризмге арналған ерекше назарға баяғыдан ие болған, сирек кездесетін колоритпен, табиғи көріністермен әйгілі болған. Сол себепті бұл жерге әлемнің түпкір-түпкірінен ғалымдар мен саяхатшылар өз өмірлерін қатерге тігіп, үлкен қашықтықтарды өтулері кездейсоқтық емес. Жетісудың атақты зерттеушісі Р. И. Аболин өңірді сібір казактарымен қоныстандыруды суреттеген кезінде, қоныстанушылардың бұл аумақтың су ресурстарымен жақсы көрсете отырып, Жоңғар Алатауының етегінің жақсы суғарылғанын айтып, оның Сібір мен Орта Азияның арасындағы өтпелі болып табылатынын айтқан [1, 56 б. ] .
Ауа-райының тұрақты болуы мен жазықтардың, асулар мен шыңдардың, рельефтің әр-алуандылығы Жетісу мен оның орталығы Алматыны белсенді демалыстың, танымдық, спорттық, археологиялық туризм және тағы басқа туризм орталығына айналдырды. Шөлдердің құмдары, тау шыңдары, құмды бархандар мен мұздықтар, сексеуіл шоғырлары мен эдельвейстер бәрі де бірнеше күндік жерде орналасқан. Бұндай көршілестік тек Алматы облысында кездеседі. Бұл жерде алты климаттық белдеулермен танысуға болады. Қазіргі кезде жергілікті жердің тұрғындары мен шет ел азаматтарына көптеген табиғи-танымдық турлар құрылған. Алайда көптеген турлар өзінің бағасының жоғары болуы мен рентабельсіздігіне байланысты туристік нарықта сұранысқа ие болмай отыр.
1 Өндіріс сапа менеджменті жүйесіндегі басқару негіздері
1. 1 Басқару нысаны - сапаны құрастыру анықтамалар мен факторлар
Қазіргі кезде адам қызметінің әр түрлі формалары бар, олар жалпы жағдай жасауға және әлемді тануға бағытталған. Халық тұрмысының жақсаруы жаңа әлемді ашуға адамның қажеттілігін, соның ішінде саяхатқа құштарлығын арттырады. Саяхат дегеніміз - туризм. Туризм тек орын ауыстыру емес, ол көптеген экономикалық және әлеуметтік аспектілерді құрайды. Соңғы он жылда туризм мықты дербес индустрияға айналды. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның мәліметтері бойынша туризм әлемнің өндірістік-сервистік нарық айналымының 10 пайызын қамтамасыз етеді. Туризм сферасына әлемдік ұлттық жиынтық өнімнің 6%, әлемдік инвестицияның 7%, әр 16-шы жұмыс орны, әлемдік тұтынушы шығындарының 11%, барлық салық түсімінің 5% келеді. Бұл сандар туризм индустриясының экономикаға тікелей әсерін көрсетеді.
Туризм түсінігіне теориялық және практикалық тұрғыдан нақты анықтама берілуі керек [1, 50 б. ] .
Көптеген авторлар туризмге толық анықтама беруге тырысты. Әр пікір өзгеше болып табылады және бұл терминнің көптеген өлшемін көрсетеді. Алайда туризмнің әр түрлі түсіндірмесін жинақтап қорыту, белгілі бір «оптимум» таңдау өте қиын.
1980ж. Манила декларациясы «Туризм - халықтар өмірінде маңызды орын алатын әлеуметтік, мәдени, білім және экономика ауданына, мемлекет өміріне және оның халықаралық қатынастарына тікелей әсер ететін қызмет түрі» (Филиппин, қазан 1980 ж. ) деп жариялады. 1993 жылы БҰҰ-ның статистикалық комиссиясы туризмге кең анықтама берді: «Туризм - бұл өзінің тұрғылықты жерінен басқа жерде болатын, 1 жылдан аспайтын уақытта демалу, іскерлік және басқа да мақсаттарда саяхаттайтын тұлға қызметі».
Халықаралық туристік Академия баспасында берілген анықтамада (Монте Карло) : туризм - көңіл көтеру, демалу немесе емделу үшін жаяу немесе қандай да бір транспорт түрімен жасалатын саяхат.
П. Г. Олдактың пікірінше, қазіргі ғылыммен жинақтап айтқанда: «Туризм - бұл өмір сүрумен және жұмыс орнын ауыстырумен байланыссыз халықтың қозғалысы, демалу, емделу, ғылыми іскерлік және мәдени кездесулер мақсатында саяхаттау» - дейді [2, 25 б. ] .
Қазіргі күнге дейін «туризм» түсінігінің көпшілік қабылдаған нақты анықтамасы жоқ. Жоғарыда келтірілген анықтамалар оның тек кейбір жақтарын қамтиды. Бірінші анықтамада әлеуметтік және экономикалық жақтары, ал екіншісінде - әлеуметтік және құқықтық жақтары (адам уақытын есептеуге арналған туризмнің шектелген уақыты) көрсетілген. Туризмнің әлеуметтік жақтарының басым болуы бақыланып отыр, бұл адамдардың қоғамдық-экономикалық өмірін әлеуметтендіру тенденциясымен түсіндіріледі. Бұрынғы кезінде тіршілік деңгейінде барлық әрекеттің әлеуметтік аспектісі алдыңғы орында болды. Туризмде бұл мағына айтпаса да түсінікті. Профсоюз жолдаманы өзі төлеп немесе арзан бағамен және көрсетілген қызметті тегін ұсынып отырды.
Қазір «туризм» терминін кең және терең түрде түсіндіру керек. Біздің ойымызша туризм анықтамасы 2 бағытта беріледі: географиялық және экономикалық. Туризм географиялық тұрғыдан сұраныс және ұсыныстың кеңістік-территориялық қолданылу негізін білдіреді. Экономикалық тұрғыдан туризм сұраныс және ұсыныстың тұтынушылық шаруашылық негізі [3, 64 б. ] .
Туризмге экономикалық тұрғыдан бірнеше анықтама берілген:
Г. А. Папирян, туризм ол қызметтер жиынтығы, оларды тұтыну барысында ғана байқауға болады және ол өндірістік өнім сияқты жүйелі түрде ұдайы өндірілмейді.
П. В. Шульгиннің ойынша, қазіргі туризм анықтамасы 2 көзқарасты көрсетеді. Оның бірі туризм индустриясы - халық шаруашылығы құрылымында ерекше саланың қалыптасуы. Ол барлық келушілерге сұраныстарын қанағаттандыру үшін маманданған бірқатар өндірістік қызметтер мен қызмет көрсету мекемелерінің жиынтығы. Екіншісі, туризмді дербес салаға бөлу. Егер туристік мекемелерге қатысты туризмнің өзіне тән еңбек ұсынысының ортасы болса, онда бұл қызмет туризмді дамыту және ұйымдастыру ерекшеліктеріне байланысты болады [4, 12б. ] .
Біздің ойымызша, туризмнің экономикалық мәніне нақты анықтама «қазіргі туризмнің экономикасы» жұмысында берілген: «Туризм қызмет және тауар нарығының бөлігі болып табылады және оны сұраныс пен ұсыныс жағынан қарастыруға болады. Сұранысқа ішкі және халықаралық туристік нарық жатады, ал ұсынысқа транспорт, туристік көрікті жерлер және бос уақыт түрі, туристік объектілер, қызмет көрсету жүйесі және инфрақұрылымы, сондай-ақ жарнамалық анықтамалық қызмет жатады.
Біздің ойымызша, туризм дегеніміз - рекреация, емдік, танып білу және әр түрлі қызметпен айналысу мақсатында келген елінде тұрғылықты жерін ауыстыру немесе жұмыс істеуге байланысты емес адамдардың уақытта және кеңістіктегі қозғалысы. Бұл анықтама географиялық мәнге ие.
Туризмнің негізгі түсініктерін анықтай отырып оның дамуына себепші болатын және әсер ететін факторларға тоқтаймыз. Схема бойынша олар: экономикалық - әлеуметтік - географиялық - демографиялық - саяси - этникалық - құқықтық. Аталған факторлар біздің мемлекетке тән және Қазақстанның әлемдік туристік бірлестікте орнын айқындайды.
Туризмнің дамуына әсер ететін негізгі факторлар статикалық және динамикалық болып бөлінеді. Статикалық факторларға табиғи-географиялық факторлар жиынтығы кіреді. Олардың өзгермейтін және қалпына келмейтін мағынасы бар. Динамикалық факторларға демографиялық, әлеуметтік-экономикалық, материалды-техникалық және саяси факторлар жатады. Олар уақытта және кеңістікте өзгеретін әр түрлі бағасы, мағынасы болады.
Бұл факторлар жалпыланып айтылған және туризмнің негізгі аспектілерін көрсетпейді. Туризмге әсер ететін факторлар тағы да сыртқы (экзогенді) және ішкі (эндогенді) болып бөлінеді. Сыртқы факторлар туризмге демографиялық және әлеуметтік өзгерістер арқылы әсер етеді. Бұл факторлар тобына: тұрғындар жасы, жұмыс істейтін әйелдер санының өсуі және әр жанұяға кірістің өзгеруі, тұрмысты және жанұяны кеш құру, тұрғындар құрамында баласыз жанұяның көбеюі, иммиграциялық шектеулердің азаюы, төленетін іс-сапардың өсуі және жұмыс уақытының қолайлы графигі, зейнетке ерте шығу, туризмге жағдайлардың өсуі жатады [5, 23б. ] .
Аталған көрсеткіштер тура немесе жанама түрде адамның бос уақыт құрылымына әсер етеді. Бұл туризмнің дамуына объективті әлеуметтік демографиялық жағдай туғызады. Сондықтан туризмді дамыту бағдарламасын құрғанда бос уақыт бюджетін және тұрғындардың уақыт құрылымын анықтау керек [6, 22 б. ] .
Сыртқы факторларға экономикалық және қаржылық факторлар да жатады. Алайда біздің ойымызша бұл факторлар ерекшеленіп тұрады және оларды бөлек қарастыру керек, өйткені олар туризмнің дамуын көбірек анықтайтын факторлар болып табылады.
Сонымен қатар сыртқы факторларға саяси және құқықтық бақылаудың өзгеруі, технологиялық өзгерістер, транспорт инфрақұрылымының және сауданың дамуы, сондай-ақ саяхаттың қауіпсіздік жағдайының өзгеруі жатады.
Ішкі факторлар - бұл факторлар туризм сферасына тікелей әсер етеді. Ең алдымен оларға материалды техникалық факторлар жатады. Бұл жерде біз ішкі факторлар туризмге ғана емес, туризм индустриясына да қатысты деп көрсеткіміз келеді. Себебі олар таза экономикалық көрсеткіштерге ие. Мысалы, орналастыру орындарының, транспорт, тамақтану орындары, рекреациялық сфера, жекеше сауда және т. б. өсуі.
Қазақстан Евразия құрлығының орталық бөлігінде орналасқан. Республика жері батыстан шығысқа қарай 3000 км-ге, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1800 км-ге созылған. Қоңыржай белдеудің негізінен орталық және оңтүстік ендіктерін, ал қиыр оңтүстігі субтропикаға өтпелі белдеуді қамтиды. Сондықтан да Қазақстан жерінде орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары қалыптасқан. Батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде республика РСФСР-мен, оңтүстігінде және оңтүстік-батысында Түркменстанмен, Өзбекстанмен және Қырғызстанмен шектеседі. Оңтүстік шығыс шекарасы Қытай шекарасымен шектеседі, құрлықтағы шекарасы 11 587 км, ал теңіздегі шекарасы 600 км, Ресей, Әзербайжан, Иран, Түркменстан. Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы 15 000 км-ден астам, оның 3 000 км-ден астамы су айдындарымен Каспий және Арал теңіздерімен өтеді. Қазақстан екі саға белдеуде орналасқан. Қазақстан және аумағы жөнінен РСФСР-ден кейінгі 2 орында. Ал дүние жүзі бойынша 9-шы орынды алады. Жері 2724. 9 мың км 14, 9 млн. Халқының орналасу - тығыздығы 1 км - 6 адамнан. Бұл әлем бойынша орташа көрсеткіштен 6 есе аз. Мұнда туысқан халықтардың біртұтас семьясындә 120 ұлт пен халықтың өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, еңбек етуде. Әкімшілік-территориялық жағынан Қазақстан 14 облысқа, 5 әлеуметтік-экономикалық ауданға бөлінеді. 83 қала бар. Астанасы - Астана қаласы. Қазақстан индустриялы аграрлық республика. Өз тәуелсіздігін жариялағаннан кейін Қазақстанды 100-ден аса мемлекет мойындады. Қазіргі уақытта Қазақстан түрлі халықаралық ұйымның мүшесі болып [7, 29 б. ] .
Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасында президенттік басқару формасы белгіленген. Мемлекеттік тіл - қазақ тілі, ал орыс тілі - ұлтаралық қарым-қатынас тілі. Ақша бірлігі - теңге. Қазақстан Республикасының кең байтақ территориясы түрлі табиғат байлықтарына бай. Геологтарының арқасында Қазақстан жер асты байлықтар сандықтарының біріне айналды. Жер қойнауында барлық пайдалы қазбалар анықталды. Барлық осы байлықтар үлкен қарқынмен игерілуде. Басқа елдермен салыстырғанда Қазақстан Республикасының экономикасының құрылымы және оның табиғи-ресурстық потенциалы, оның геополитикалық орналасуы - Ресеймен, Қытаймен, мұсылман әлемімен және Үндімен көрші болуы үлкен мүмкіндіктер туғызады.
Дұрыс политика жүргізе отырып, Қазақстан өзінің табиғи ресурстары арқылы елдің үлкен жылдамдықпен дамуына мүмкіндік береді. Республиканың пайдалы қазбаларының әр түрлілігі, мөлшері мен сапасы өнеркәсіптің түрлі саласын дамытуға мүмкіндік береді.
Кең байтақ территориялық жер ресурстары мен ауыл шаруашылыққа жарамды жерлер көп салалы ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптік комплексінің дамуының негізі болып келеді. Жер ауданы мен ауыл шаруашылығына жарамды жер көлемі бойынша тек Ресейге орын береді. Ал жайымдылық жер бойынша ең алдыңғы орында. Қазақстан иелік ететін шикізат ресурстарының дұрыс экспорты экономикамыздың дамуының негізгі күші болуы керек.
ЮНЕСКО ғалымдарының қорытындысы бойынша Қазақстан жері дұрыс қолданған жағдайда миллиардтан артық адамды асырай алады. Табиғат ресурстарына бай тәуелсіз Қазақстан Республикасының пайда болуы шетел мемлекеттермен ғылыми, мәдени және т. б. облыстарда экономикалық тура және жақын қатынас орнатуға мүмкіндіктер береді.
Қазақстан әртүрлі және қызықты ландшафтқа бай. Ландшафтта табиғат жағдайының қолайлы мүмкіншілігі байқалады. Алайда бүгінгі күні осы керемет табиғи ресурстарсыз антропогендік жолмен экологиямызға әсерін тигізуде. Сондықтан да Қазақстанның көрікті жерлері тартымдылығын арттыру үшін экологиялық туризм түрін басты үш өнім қатарына қосып отыр.
Туристік-рекреациялық мақсатқа бағытталған мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, республикалық маңызы бар - табиғат ескерткіштері, қорықшалар бар. Қорғалатын территорияның ең таралған формасы - қорық. Қазақстандағы қорықтар алып жатқан жалпы алаң-ауданы бойынша ең ірісі - Қорғалжын (237, 1 мың га. ) және ең кішісі Барсакелмес қорығы (18, 3 мың га. ) . Әрбір қорық үлкен рекреациялық қызығушылық тудырады [8, 11б. ] .
Ақсу -Жабағылы мемлекеттік қорығы Баыс Тянь-Шаньда орналасқан. Жалпы қорық ауданы -77, 7 мың га. бұл қорық несімен тартымды, 3000 м. жоғары биіктікте қорық көріктіліг і- «сурет галереясы» орналасқан. Мұнда қара порфиритті таста стилі бойынша әртүрлі тау ешкісі, арқар, марал, ат үстіндегі аңшы суреттерінің көрінісі бейнеленген. Тіпті тау жануары деп сипаттауға келмейтін - түйе және тасбақа көріністері бар. Көптеген ғалымдар оларды біздің эрамызға дейінгі 7-5 ғасырларға жатқызады. Мұнда сонымен қатар 60 түрлі өсімдік, 100 түрлі жәндіктер, молюскалар, шаянтәрізділер т. б. жануарлар түрлері таңбасы, табылған. Ерекше қызығушылықты 120 млн. жыл бұрын өмір сүрген динозавр сүйектерінің табылуы таң қалдырады. Бұл кереметтер қорықтың Қарабастау және Әулие (жалпы ауданы 220 га. ) палеонтологиялық аймағында жайғасқан.
Ақсу-Жабағылы қорығы танымдық және кейбір аймақтарында белсенді туризм түрін дамытуға мүмкіндік береді.
Барсакелмес қорығы-Арал теңізінің солтүстік бөлігінде, Барсакелмес шөлді аралында шоғырланған. Арал теңізінің тартылуынан Қызыл Кітапқа енген құлан, жейрандар 2 - 3 жылда қайта оралуы мүмкін. Өйткені жасанды жолмен Кіші аралды толтырып, балықтар өсіруі келешекте Аралдың толығымен өз қалпына келуі қорық жұмысын жандандыруы тиіс.
Қорғалжын қорығы - 237, 1 мың га. территорияны алып жатыр және Ақмола облысына қарайтын Теңіз-Қорғалжын ойпатында орын тепкен. Бұл аймақ «көлді өлке» деп аталады, өйткені шағын ғана сұлу ұсақ көлдер - Сұлтанкелді, Есей, Жаманкөл сияқты көлдер өте көп. Қорғалжын көлінің өзінде 40 арал бар.
Теңіз көлі әлемдегі сирек кездесетін солтүстік құстар ұялайтын орын. Оның ішінде - қызғылт фламинго. Жыл сайын фламинго бірнеше аралдарда калониялармен мыңдаған ұялар салады.
Теңіз - Қорғалжын көлдері - көктем құстар маусымдық алмасуында үлкен аумақтағы су құстары шоғырланатын орын, сондықтан Қорғалжын қорығы әлемдік танымдылыққа ие болды. Ол ерекше қорғалатын батпақты-көлді жайылымдықтар ландшафтысы көрікті жері ретінде ЮНЕСКО тізіміне кіреді.
Марқакөл қорығы территориясында 5 биіктік белдеулері анық байқалады. Флорасы емдік қасиетке ие, соның ішінде моралит, алтынтамыр, тағы басқалары.
Жалпы бұл өңірді «екінші Швейцария» деп атағандықтан, бұндағы көрікті жерлер туралы жұмыс барысында айтылады. Қорық маңызды белсенділік сапаға ие.
Наурызым - 87, 7 мың га. алып жатыр, оның 39, 6 мың га. аумағын орман алады. Қостанай облысындағы Наурызым ауданында шоғырланған. Қорық ормандары 3 аумақ: Наурызым-Қарағай, Терсек борлары және Сыпсың ағаш ақ қайыңдары болып бөлінеді. Негізгі көрікті орын - Наурызым-Қарағай боры.
Құстары ұя салатын су, ұшып - қонатын жолда орналасқан далалы көлдер өлкесі. Әр қорықтың өз флорасы мен фаунасы ерекшелігі болады. Наурызым қорығы халықаралық маңыздылыққа ие болған сулы - батпақты жерлер қорғауға алынған.
Бұл аталған қорықтар табиғи қалыпты сақталған көрікті жерлер саны экологиялық туризмді дамытуда жаңа орындармен толықтырары анық. Аталмаған қорықтар қаншама, тек бұл табиғи орындар көріктілігін арттыру мақсатында ештеңенің керегі емес. Тек ұйымдасқан туристік сапарлар болғаны [9, 45 б. ] .
Үлкен рекреациялық маңыздылыққа ие - ұлттық табиғи парктер. Қазақстанда ең бірінші болып 1977 жылы «Баянауыл» ұлттық паркі ашылған. Кейіннен Қарқаралы, Бурабай, Алтын Емел ұлттық парктері ашылды. Оның әрқайсысы бай флора және фауна жайымен керемет ландшафтымен ерекшелінеді [10, 29 б. ] .
«Алтынемел» - Қапшағай суқоймасының солтүстік жағалауында орналасқан. Ұлттық парк құрамына Үлкен және Кіші Қалқан, «Әнші құм», Ақтау және Қызылтау, Бесшатыр қорғандары туристік объект ретінде кіреді.
Іле-Алатау ұлттық паркі - Іле Алатауы солтүстік баурайын қамтиды. Ұлттық паркте биіктік зоналығы байқалады. Тау және тау-шаңғы туризмі үшін үлкен қызығушылық танытады.
«Шарын» табиғи паркі Шарын өзені аңғарында орналасқан. Ол-өзінің фантастикалық ландшафтысы, фауна, флорасымен ерекшелінетін ерекше экожүйе. Шарынның орта ағысында Шарын табиғат ескерткіші «Ясеновая роща». Бұл әлемдік маңыздылығы бар табиғи паркі.
Қазақстанда табиғат ескерткіштері де өте көп. Олардың көпшілігі мемлекеттік маңыздылығы бар табиғат ескерткіштері ретінде қорғауға алынған. Қазіргі таңда елімізде 24 табиғи ескерткіштер бар. Олар туризм үшін үлкен қызығушылық тудырады. Экзотикалық жартастар, мұздықтар, үңгірлер, сарқырамалар, сирек кездесетін фауна және флора өлкелері қайталанбас тартымдылық қасиеттерімен ерекшеленеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz