Фразеологизм, тұрақты сөз тіркесі жайлы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Кіріспе
I Фразеологизм,тұрақты сөз тіркесі жайлы түсінік.
II Фразеологизмдердің өздеріне тән негізгі қасиеттері
III Фразеологизмдердің мағынасына қарай бөлінуі
IV Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің сөз табына қатыстылығы жағынан
топтарға бөлінуі.
Қорытынды

Кіріспе

Г. Смағұлова айтпақшы Тұрақты тіркестер қазақ лексикасының ең
өнімді бай қабатын құрайды. Осындай ұлан-ғайыр тілдік қордың ішінде
кездесетін фразеологиялық факторлар табиғи тіл дамуының ажырамас көрсеткіші
болуы керек. ...Жалпы фразеологизмдердің пайда болуы, жасалуы туралы сөз
қозғалғанда осындай образдылықтың адамның жан-дүниесіне әсері, одан шығатын
эмоциялық қорытынды үнемі тұрақты сөз тіркестерінің ерекшеліктерін
айқындайтын талаптар екенін ескерсек, онда синоним фразеологизмдердің
қатарларының өсуі мен кемуінің себептерін те іздеген жөн, – деп жазады.
Автор фразеологизмдердің тақырыптық семантикалық түрлерінің ерекшеліктерін
айта келіп, осылардың ішінде мағыналас фразеологизмдерді қалыптастыратын
көбінесе көңіл-күй, яғни эмоциясы жоғары фразеологизмдер екендігіне
тоқталады. Еңбекте ашулану, ұрсу, ұру, төбелесу, жек көру, қызғану, күлу,
жылау сияқты тақырыптық семантикалық түрлерінің алты жүзден асатынын
дәлелдейтін тілдік фактілердің бар екендігі айтылады. Тіліміздегі адамның
көңіл-күйіне қатысты фразеологизмдердің бай қабатының болуы ұлт тілінің
ерекшелігі емес, ұлт болмысының ерекшелігі. Қазақ ұлты тым әсерленгіш,
сыншыл. Түрлі теңеулер мен салыстыруларға келгенде қиыспайтын жерде
қиысатын логика, ауыспайтын жерде ауыс қолданылатын метафоралық
тіркестерден осындай ой түюге болады. Синоним фразеологизмдер арқылы
ойымызды дәл, анық жеткізу үшін кей жағдайда мағыналас фразеологизмдердің
көмегімен ситуация одан бетер айқындала түседі, айтайын дегенін сипаттау
барысындағы дәлдік, бейнелегіштік, эмоциялық әсер әрине, синоним
фразеологизмдердің үлесіне тиеді.
Жоба тақырыбы: Фразеологизмдердің өзіне тән негізгі қасиеттері
Жобаның мақсаты − Фразеологизмдерге тән негізгі қасиеттерді табу,ол
жайлы мәлімет қарастыру,фразеологизмдердің түрлерін анықтау.

Фразеологизм жайлы түсінік
Фразеология термині кең мағынада алғанда, белгілі бір тілдегі
тұрақты сөз тіркестерінің барлық түрлерінің жиынтығы деген ұғымды
білдіреді.Фразеология-грек тілінің phrasis-сөйлемше және ұғым,білім деген
сөздерінен алынған. Тілімізде қолданылатын жеке сөздермен бірге көптеген
ерекше қалыптасқан сөз тіркестері және сөйлемшелер бар.Ол сөз тіркестерінің
екі не одан да көп компоненттрі болады, бірақ сөз тіркестері семантикалық
бірлікте болып, тұтас бір ұғымды білдіреді.Мысалы: көз бояу, жүрегінің түгі
бар,т.б.Мұндай тұрақты сөз тіркестерінің мағынасы ғасырлар бойы қалыптасып,
ел аузында көп айтылып, жалпы халыққа түсінікті болып кеткен.Мағынасы
жалпыға белгілі, грамматикалық байланысы жағынан бір бүтін болып,
қолданылуы дәстүрге айналған тұрақты сөз тіркестерін тіл білімінде
фыразеологиялық орам немесе фразеологизмдер деп атайды.Фразеологизмдерге
идиома, фраза, мақал-мәтелдер жатады.Сонымен бірге қалыптасқан тиянақты
фразеологиялық топқа жататын сөздердің бір саласы-қос сөздер.Қазақ
тіліндегі қос сөздер форма жағынан да, семантика жағынан да түрлі-түрлі
болып келеді.Қос сөздер әдетте екі сөзді болады.Құрамында үш сөз бар қос
сөздер сирек кездеседі.Қос сөздердің сыртқы белгілері:
а) дефис арқылы жазылады: тәлім-тәрбие, бала-
шаға, үйме-жүйме, т.б.
ә) үтір: ұзын арқан, кең тұсау, ару, ардагер, тебінгіден тер
жауып, қабырғадан қан жауып т.б.
б) қос сөздер қатарына даусыз енгізілуге тиісті үлде мен бүлде
сияқты тізбектер мен жалғаулығымен туғандықтан сызықшаны да, үтірді де
керек етпейді.
Үтірмен бөліп жазылған қос сөздерді күрделі қос сөздер деп атауға
болады.Қос сөздердің фразеологизмге ұқсастық белгілері көп.Ол ұқсастықтар
жоғарыда аталған еңбекте толық көрсетілген.

Фразеологизмдердің негізгі қасиеттері

Фразеологизмдердің өзіне тән негізгі қасиеттері: 1.Дайын
тілдік единица ретінде жұмсалады; 2. Жалпыға бірдей
танылған қолдану заңы болады; 3. Мағына бірлігі
сақталады; 4. Екі сөзден кем
болмайды. Фразеологизмнің қай-қайсысы болмасын
бәріде ең алғаш халықтық сөйлеу тілі негізінде қалыптасқан.Сондықтан олар
өмірдің барлық саласын қамтып, ішкі мазмұны жағынан өте бай
келеді.Фразеологизмдер алдымен адамдардың ой-сезімін, ара қатынасын, өмір
тануын білдіреді.
Қазақ тілі фразеологизмдерінің біразы өткір сықаққа құрылған.Ол қасиет
әсіресе жағымсыз образдарды сипаттайтын идиом, мақал-мәтелдерде баса
сезіледі.Мысалы: түйе үстінен сирақ үйту, жүн қырыққан, ит екеш итке
де бір сүйек қарыздар, т.б.Фразеология-тұрақты сөз тіркестерінің жүйесін
зерттейтін тіл туралы ғылымның бір саласы.Фразеология-соңғы жылдары дамып,
қалыптаса бастаған жаңа линвистикалық пән.
Фразеология өз алдына бөлек лингвистикалық пән ретінде еліміздегі
фразеологизмдерді құрылысына, мағыналық ерекшелігіне қарай жіктеп
топтастырады және жасалу жолдарын, даму заңдылықтарын зерттейді.Тұрақты сөз
тіркестерінің мәселелері қазіргі таңда тіл ғылымында актуалды
проблемелердың бірі есебінде зерттеліп жүр.Өйткені фразеология-тіл
мәдениетін арттырып, шеберлікке үйрететін сөз өнерінің асылы.Сонымен қатар
ол бір тілден екінші бір тілге аудару техникасын жетілдіреді, социалистік
дәуірде жаңа фразеологизмдердің қалыптасуы мен баю жолын аңғартады.
Лингвистикалық пәндер сөйлемді дұрыс құрып, қалай жазуды, тыныс белгілерін
қоюды оқытып үйретеді.Ал тілдік тәсілдерді өткір, нақтылы, дәл және мәнерлі
қолдану, жалпы тіл мәдениетін арттыру сияқты мәселелер стилистиканың
үлесіне тиеді.Стилистика үшін фразеологизмдердің мәнерлеу тәсілі ретінде
маңызы зор.Сондықтан стилистика тұрақты сөз тіркестерінің тіліміздегі
атқаратын қызметіне, оның қолдану заңдылықтарына баса көңіл бөледі.

1.Фразеологизмдердің қолданылу тиянақтылығын сөйлеуде, айтылуда бұрыннан
қалыптасқан даяр қалпында жұмсалатын еркін сөз тіркестерімен салыстырғанда
анық байқалады. Мысалы, бет моншағы үзіліп —ұялу, итарқасы қиянда — қашық,
алыс жер. Еркін сөз тіркесі белгілі бір қалыптасқан грамматикалық жүйені
керек етеді.
2.Фразеологизмге тән мағына тұрақты тіркесті құрастырушы сөздердің жеке
мағыналарына үнемі сәйкес келе бермейді, тіркес ішіндегі сыңарлар тұтасып
барып, бір мағынаны білдіреді. Мысалы: қабырғасынан күн көріну (жүдеу,
арық), тас бауыр (мейрімсіз адам туралы) бұл тіркестердің құрылымы әр түрлі
болғанымен, әрқайсысы мағына тұтастығымен ерекшеленеді. Фразеологизмдердің
мағына тұтастығы жеке сөзбен бірдей емес. Сөз — лексикалық мағына,
номинативті атау болса, Фразеологизмдер — мағына тұтастығы мен сөзбен
бапамалық қатыста емес, жанамалық қатыста турады. Фразеологизмдерге тән
басты белгі — туынды мағынада жұмсалып, әрдайым бейнелі мән тудыруы.
Фразеологизмдер мағынасында жағымды немесе жағымсыз, әйтеуір эмоциялы-
экспрессивті реңк бар. Сондықтан, сөз дегенді көптеген зерттеушілер "бүтін
бітімді", ал Фразеологизмді "бөлек бітімді" деп есептейді.
3.Тұрақты тіркес тізбесіндегі сөздер айтушының қалауынша емес, қалыптасқан
белгілі жүйемен орналасады. Сол себепті де сөздердің жігі ажырамай тұрады.
Құрамындағы сөздер басқа сөзбен алмастыруға, сөздердің тұрақты орын
тәртібін ішінара өзгертуге келмейді, сөздердің орын тәртібі нық келеді.
Мысалы, пендешілік жасау дегеннің орнына адамшылық жасау десе, мағына
бүтіндей өзгереді. Немесе бүйрегі бүлк етпеу дегеннің орнына
жүрегі бүлк етпеді десе, мағына тұтастығы онша бузылмағанымен, стильдік
жағы солғындап, дыбыс үйлесімі кемиді, тіркес тұрақтылығына нұқсан келеді.
Фразеологизм дердегі осы
аталған тіркес тиянақтылығы, мағына тұтастығы, тіркес тұрақтылығы тілдің
басқа да категорияларымен ерекшеленіп, өзіндік тұлға, бітім бейнесімен
дербес турады. Бұл олардың тілдік бірлік (единица) ретінде танылуына
мүмкіндік береді. Фразеологизмдерді танып-білу үшін анықталған үш белгі
жеке-жеке саралану ына қарамастан, қазақ тіл білімінде, сол сияқты басқа да
түрік және орыс тілінде тұрақты сөз тіркесіне қандай тіркестерді жатқызу
туралы шешімін таппай келе жатқан әрқилы пікірлер бар. Фразеологизмдерді
зерттеу барысында тұрақты тіркестерді тар және кең мағынада түсіну деген
ғылыми ұғым қалыптасқан. Фразеологизмдерді тар мағынада түсінуді
жақтайтындар мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді Фразеологизмдер қатарына
енгізбейді. Ал кең мағынада түсінуді негізгі алатын зерттеушілер
терминдерді, күрделі сөздерді, қос сөздерді, нақыл сөздер мен мақал-
мәтелдерді, газет айдарларын (штамп) Фразеологизмдерге жатқызады. Орыс тіл
білімі мамандарының арасында да бұл туралы пікірлерде қайшылық бар. Алайда
орыс фразеологиясында соңғы кезде В. Виноградов бастаған зерттеушілер
бұрынғы классиканы зерттеу үлгілерін қайта қарауды ұсынады. Олар
Фразеологизмдерді тану үшін белек бітілуі мен даяр қалпында жүмыс істеу
белгісін басшылыққа алады. Тілдегі фразеологизм құрам — лексиканың ең бай
құнарлы кезі. Фразеологизмдердің жаңа үғым, түсініктермен көбейіп
қалыптасуы сол ұлт тілінің даму ерекшеліктерін және ұлт мәдениетінің
танымдылық қасиетін керсетеді.
Фразеологизмдердің көп мағыналығы - тұрақты тіркестердің екі я одан да көп
мағына беруі. Тілдегі жеке сөздер тәрізді тұрақты тіркестердің де
кейбіреулері көп мағыналы болып кездеседі. Алайда, фразеологизмдердің бәрі
бірдей емес, идиомалық түрлері әрдайым дара мағыналы болады
да, фразалық тіркестердің қайсыбіреулері көп мағыналы болып келеді. Мысалы,
Бой бермеді: а) айтқанға көнбеді, жеңістік бермеді, ә) ырық бермеді, күші
жетпеді.
Көзі шықты: а) соқыр болды, ә) көзі қанды, маманданды (Жылқы бағумен көзі
шықты).
Дымы құрыды: а) діңкеледі, шаршады, ә) лажы қалмады, не істерін білмеді.
Ат үсті: а) жол-жәнекей, жолшыбай, ә) жеңіл-желпі, үстіртін.
Сыңар езу: а) бір жағына бұра тартып жүретін жылқы, ат, ә) өз ырқы болмаса
көнбейтін бір бет адам.
Жүзіктің көзінен әткендей: а) сұлу, әдемі, мүсінді, ә) еті тірі пысық,
жылпос.
Аузымен құс тістеген: а) жүйрік, ұшқыр, ә) сезге шешен, ділмар адам.
Фразеологизмдерден туатын көп мағыналық, негізінен, екі түрлі жолмен
жасалады. Оның бірі — жалғаса туады, екіншісі — жарыса туады. Мысалы, ат
үсті деген тұрақты тіркестің ең алғашқы мағынасы, сөз жоқ, ат үстінде
жүрумен байланысты шыққан. Содан соң осы ұғымға жалғастырып қолдану
арқылы үстірт, үстіртін мағынасы пайда болған. Сол сияқты қартайған
бүркілің тұғырда орнығып отыра алмауын адамға ауыстырып, бейнелеп қолдану
арқылы соңғы мағыналары жарыса шыққандығын аңғару қиын емес. Кей
жағасырдайда жалғаспалы мағына мен жарыспалы мағына бір-біріне ұласып, үсті-
үстіне туынды мағына жамай беруі мүмкін. Мысалы, зәрі қайтты дегеннен: а)
уы қайтты, тарады, ә) жыли бастады, б)ашуы басылды деген үш түрлі мағына
туындаған. Бойдағы удың таралуын табиғат құбылысына, одан кейін адамның
мінез-құлқына бейнелеп қолдану арқылытуынды мағыналар бір-біріне ұласып
отырғандығы айтылған ойға айқын дәлел бола алады.
Фразеология термині белгілі бір тілдегі фразеологизмдердің
тұтас жиынтығы деген мағынамен қатар, тіл білімінің фразеологизмдерді
зерттейтін саласы деген ұғымда да қолданылады. Кеңесбаевтың авторлығымен
шыққан Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі қазақ фразеологиясына ғана
емес, қазақ тіл біліміне де қосылған елеулі үлес. Кеңесбаев аталған
сөздіктегі қазақ тілінің фразеологизмдері туралы жазған мақаласында
фразеология туралы: Тіл-тілдің өзіне тән ұлттық қасиеті оның барлық
тарауларынан (ярустарынан) байқалатыны мәлім. Сол қасиет, әрине, тиянақты
сөз тіркестерінен де анық көрінеді. Тіл байлығын сөз еткенде сөз байлығы
(лексикалық қор) деген топқа осы сөздікте қамтылған алуан түрлі
фразеологизмдерді жай, жалпылай жатқыза салуға болмайды. Басқаша айтқанда
сөз байлығын тексеретін тіл білімі саласын л е к с и к о л о г и я деп
атайтын болсақ, фразеологизм байлығын тексеретін тіл білімі саласын ф р а з
е о л о г и я деп атау әбден орынды, – деп жазады. Қазіргі қазақ
фразеологиясы – зерттелген қырына қарағанда зерттелмеген тұсы әлі де көп
тіл білімінің бір саласы. Автор аталған еңбегінде қазақ тіліндегі
фразеологизмдердің теориялық мәселелерін де жан-жақты қарастырып, болашақ
ғылыми-зерттеу жұмыстарына бағдар боларлық ғылыми пікірлер айтқан. Қазақ
тілінің фразеологиясын зерттеуші ғалымдардың қай-қайсысы болмасын өз
зерттеу жұмыстарында бұл еңбекті басшылыққа алады.Қазіргі қазақ тіл
білімінің бір саласы ретінде танылып отырған фразеология – құрылымы мен
құрамы тұрақты, даяр қалпында қолданылатын бейнелі тұрақты тіркестердің
қазіргі жай-күйін және тарихи қалыптасуын зерттейді. Фразеология жеке
лингвистикалық пән ретінде XX ғасырдың 40 жылдары қалыптасты.
Фразеологияның теориялық негізін қалаушылар ретінде француз ғалымы Ш.
Баллиді, Ресей академигі В. В. Виноградовты атауға болады. Ә. Болғанбайұлы
мен Ғ. Қалиев Қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы атты
еңбекте: Фразеологизмдердің өз алдына дербес лингвистика саласы екендігін
танытатын негізінен үш белгісі бар. Олар: 1) даяр қалпында жұмсалу белгісі,
2) мағына тұтастығы, 3) тіркес тиянақтылығы, – деп жазады.
Фразеологизмдерге тән бұл белгілер әркез бір-бірінен айқын ажыратыла
бермейді. Сондықтан фразеологизмдерді топтастыру тіл біліміндегі күрделі
мәселелердің бірі болып табылады. Қазіргі тілдік қорда қолданылып
жүрген фразеологизмдердің біразы адам эмоциясына қатысты. Адам эмоциясына
қатысты фразеологиздердің бір тобы жеке тұрып адамның түрлі көңіл-күйін
білдіретін болса, енді бір тобы контекс ыңғайына қарай эмоциялық реңкке ие
болады. Біреудің қорыққандығын айтқымыз келсе жүрегі ұшты, зәресі ұшты,
үрейі ұшты, иманы қашты, көзі шарасынан шықты, көзі алақандай болы, жүрегі
тас төбесіне шықты, зәресі зәр түбіне кетті, жаны мұрнының ұшына келді,
деген фразеологизмдерді, ал біреудің қатты таң қалғандығын аузын ашып,
көзін жұмды, рахаттанғанын айызы қанды, қуанғанын екі езуі екі құлағына
жетті, жерден жеті қоян тапқандай болды, құмартқанын аузының суы құрыды,
аузынан суы ақты, аузынан сілекейі шұбырды, ұялғанын кірерге тесік таппады,
бет моншағы үзілді, бетінен оты шықты, құлағының ұшына дейін қызарды, жүзі
шыдамады, жер шұқыды, үрейленгенін төбе шашы тік тұрды, өкінгенін санын
соғып қалды фразеологизмдері арқылы білдіреміз. Бұлардың барлығы ана
тілінің шексіз байлығын, фразеологизмдердің эмоциялық реңк жасаудағы
орамдылығын көрсетеді. Фразеологизмдер сөйлем ішінде қолданылғанда стильдік
ерекшелікті, эмоциялық реңкті айқын көрсетуге қызмет етеді. Мысалы, қуанды
деген сөз бен екі езуі екі құлағына жетті фразеологизмінің, қорықты деген
сөз бен жүрегі тас төбесіне шықты фразеологизмінің, арасында мағыналық
сәйкестік болғанымен, бұл сәйкестік толық балама бола алмайды себебі
қуанды, қорықты сөздерінде фразеологизмдердегідей экспрессивті реңк жоқ.
Бұл жөнінде І. Кеңесбаев өз ойын былай тұжырымдайды: Жеке сөз өздігінен
барлық жағдайда ауыс, бейнелі мағынада жұмсалуы міндетті емес (басқаша
айтқанда, сөздің бұл жерде факультатив қабілеті бар да, бірақ оның әрдайым
сырттай көрінуі басты шарт емес). Ал фразеологизмнің бейнелі (дәлірек
айтқанда, туынды) мағынада жұмсалуы – өн бойы кездесер қағида. ФЕ (ф.
түйдек те, ф. тіркес те) т у ы н д ы мағынаны білдіреді де, сөз т ү б і р
мағынаны білдіреді. Осыдан шығатын тағы бір түйін: ФЕ мен сөз бір-біріне
баламалық байланыста емес, жанамалық қатынаста болады деген топшылауды
қолдаймыз. Яғни белгілі бір ФЕ-нің ішіндегі сөздердің бірде-бірі дербес
мағынаның референті бола алмайды. Басқаша айтқанда ФЕ құрамындағы белгілі
бір компонент дербес мағынаны білдіре алмайды. Ал, жеке сөз өзінің
референттік қасиетін сақтамауы мүмкін емес. Осыдан келіп, біраз ғалымдар ФЕ-
нің мағынасын фразеологиялық мағына деп, сөз, еркін тіркес мағынасын
лексикалық мағына деп атауды лайық көреді. Бұған келтірер үлкен дәлел: ФЕ
тікелей мағынада емес, туынды мағынада ғана жұмсалады. Бұл
мәселе туралы С. Сатенова сөз бен оған мағыналас фразеологизмдердің
қолданыс ерекшелігіне қатысты білдірген пікірінде фразеологизмдердің ойдың
астарлы, бейнелі болуына ықпалын айта келіп: ...іші өлген, сырты сау қос
тағанды фразеологиялық тіркесін қайғылы, уайымды, шерлі тәрізді
лексикалық эквиваленттерімен ұйқасын, үйлесімін тауып ауыстырғанымызбен,
фразеологиялық тіркес қолданысындағыдай әсерлі, сазды болуы және жаны
күйзелген адамның сезім дүниесін соншалықты дәл жеткізуі екіталай болар
еді, – деп жазады. Тілдік қордағы фразеологизмдердің дәстүрлі қолданысынан
басқа, жекелеген авторлардың фразеологизмдерді, оның ішінде эмоционалды
реңкті фразеологизмдерді де құбылтып қолдануы жиі болмаса да шығарма
тілінде кездесіп қалатын құбылыс. Бұл жөнінде С. Сатенова: ...тұрақты сөз
оралымдарын автордың өңдеп, құбылтып, контекске сай орынды қолдануы ең
алдымен пайдаланып отырған фразеологиялық тіркеске өзгеше түр-сипат беріп,
микротекстің мәнділігін арттырып, экспрессивін күшейтеді. Кейде тіпті тың
бағытта қолданылып, мүлде жаңа мағына туындауы мүмкін, – деп, қос тағанды
фразеологизмдердің құрамындағы соңғы компоненттің басқа лексемамен
ауыстырылып берілуіне дастандар жинағынан: Сыртым – бүтін, ішім шоқ, –
деген мысал келтіреді. Автордың пікірінше, сырттай жайдары көрінгенмен, іші
толы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУ КЕЗЕҢДЕРІ, БАҒЫТТАРЫ
Фразеологизмнің сөз тіркесіне ену тәсілі
Тұрақты архетиптер фразеологиялық фразеологизмдер формалар
Ұлттық фразеологиялық қор
Ескі қазақ жазба ескерткіштері бойынша фразеологизмдер
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ МАҒЫНАЛЫҚ СИПАТЫ
Фразеологизмдердің мағыналық категориялары
Қазақ тілінде фразеологизмдердің зерттелуі
Тұрақты тіркестерді оқыту
М.Мақатаев поэзиясындағы анафора мен эпифора
Пәндер